Қп-аəиу-09-2016 Сапа менеджменті жүйесі Құжатталған процедура Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы 217 беттің 1-беті 1



жүктеу 9.9 Kb.
Pdf просмотр
бет10/32
Дата28.04.2017
өлшемі9.9 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32

 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 62-беті 
 
62 
 
11)  білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  əрі  -  БӨЖ)  -  өз  бетінше  оқуға 
берілген,  оқу-əдістемелік  əдебиеттермен  жəне  ұсынымдармен  қамтамасыз  етілген,  тест, 
бақылау  жұмыстары,  коллоквиумдар,  рефераттар,  шығармалар  мен  есеп  берулер  түрінде 
ақыланатын  тақырыптардың  нақты  тізбесі  бойынша  жасалатын  жұмыс;  білім  алушының 
санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан əрі  - СӨЖ), магистранттың өзіндік 
жұмыстары  (бұдан  əрі  -  МӨЖ)  жəне  докторанттың  өзіндік  жұмыстары  (бұдан  əрі  -  ДӨЖ) 
болып  бөлінеді;  БӨЖ-дің  барлық  көлемі  білім  алушылардан  күнсайын  өзіндік  жұмыстарды 
талап ететін тапсырмалармен расталады; 
12)  білім  алушылардың  үлгеріміне  ағымдық  бақылау  -  академиялық  кезең  ішінде, 
оқытушымен  өткізілетін  аудиториялық  жəне  аудиториялардан  тыс  сабақтарда  білім 
алушылардың білімін оқу бағдарламасына сəйкес жүйелі түрде тексеру; 
13)  білім  алушының  академиялық  рейтингі  (Rating)  -  аралық  аттестаттау  нəтижелері 
бойынша  жасалатын  білім  алушының  оқу  бағдарлама  пəнін  игеру  деңгейінің  сандық 
көрсеткіші; 
14)  білім  беру  бағдарламаларын  модульдік  негізде  құрастыру  -  білім  беру 
бағдарламасының  мазмұны  мен  құрылымын  оқытудың  мақсатына  сай  білім  алушының 
кəсіби  құзыреттілігінің  жиынтығы  болатын  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  тұжырымдамасы 
негізінде кəсіптік оқыту мақсатына қол жеткізу құралы; 
15)  екі  дипломдық  білім  –  екі  тең  бағалы  диплом  немесе  бір  негізгі  жəне  екінші 
қосымша диплом алу мақсатында білім беру бағдарламалары жəне оқу жоспарлары бойынша 
параллель оқу мүмкіндігі; 
16Еуропалық трансферт (аударым) жəне несиелік жинақтау жүйесі (ECTS)білім беру 
траекториясы,  оқу  орны  жəне  оқыту  елі  ауысқан  жағдайда  білім  алушылардың  игерген  оқу 
пəндерін  (кредит  мен  бағаларын  қоса  алғанда)  салыстыру  жəне  қайта  сынақтан  өткізуде 
пайдаланылатын  білім  беру  бағдарламалары  компоненттеріне  сынақ  бірліктерін  (несие) 
белгілеу əдісі; 
17)  жеке  оқу  жоспары  (бұдан  əрі  -  ЖОЖ)  -  білім  алушымен  ҮОЖ  жəне  элективті 
пəндердің каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен əрбір оқу жылына дербес жасалатын оқу 
жоспары; 
18)  кредит  (Credit,  Credit-hour)  -  білім  алушының/оқытушының  оқу  жұмысы  көлемін 
өлшейтін сəйкестендірілген бірлігі; 
19)  кредиттік  оқыту  технологиясы  -  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу  жұмысы 
көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану  арқылы, білім алушының 
пəндерді таңдауы жəне реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту; 
20)  қорытынды  бақылау  -  емтихан  түріндегі  аралық  аттестаттау  кезеңінде  жүргізілген 
оқу  пəні  бағдарламасын  бағалау  сапасының  мақсатын  игеру,  білім  алушылардың  оқудағы 
жетістігін  бақылау;  егер  бірнеше  академиялық  кезеңдер  барысында  пəндер  оқытылатын 
болса, онда оқытылған нақты академиялық кезеңде, пəндерге бөлімдер бойынша, қорытынды 
бақылау жүргізіледі; 
21)  межелік  бақылау  -  бір  оқу  пəнінің  ірі  бөлімін  (модулін)  аяқтағанда  білім 
алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; 
22)  модуль  –  білім  алушылардың  білімі,  білігі,  дағдысы  жəне  құзыреттілігі  бағалау 
критерийлеріне  сəйкес  келетін  нақты  тұжырымдалған,  дербес,  білім  беру  нəтижелері 
тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі; 
23)  модульдік  білім  беру  бағдарламасы  -  білім  алушылардың  қандай  да  бір  дəреже 
жəне/немесе  біліктілік  алуы  үшін  қажетті  негізгі  құзыреттіліктерді  меңгеруіне  бағытталған 
оқу модульдерінің жиынтығын қамтитын оқыту бағдарламасы; 
24)  модульдік  оқыту  -  білім  беру  бағдарламаларын,  оқу  жоспары  мен  оқу  пəндерін 
модульдік негізде құрастыратын оқу үдерісін ұйымдастыру тəсілі; 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 63-беті 
 
63 
 
25)  оқу  жетістіктерін  бағалаудың  балдық  рейтингтік  əріптік  жүйесі  -  халықаралық 
тəжірибеде  қабылданған  əріптік  жүйедегі  сандық  эквивалентіне  сəйкес  келетін  жəне  білім 
алушылардың  рейтінгін  белгілеуге  мүмкіндік  беретін  балл  түріндегі  оқу  жетістіктерінің 
деңгейін бағалау жүйесі; 
26) оқу жұмыс жоспары (бұдан əрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ жəне білім алушының 
жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес əзірлейтін құжат; 
27)  оқу  модулі  -  білім  алушылардың  құзыреттіліктері  тұтас  немесе  жартылай 
қалыптасатын  олардың  нақты  оқыту  нəтижелерін  меңгеруіне  бағытталған  білім  беру 
бағдарламасының құрылымдық элементі; 
28)  оқу  пəніне  жазылу  (Enrollment)  -  білім  алушылардың  оқу  пəніне  белгілі  бір 
тəртіппен алдын ала жазу рəсімі; 
29)  оқу  үлгерімінің  орташа  балы  (Grade  Point  Average  -  GPA)  -  (ағымдық  оқу  кезеңі 
бойынша  кредиттердің  жалпы  санына  қарай  аралық  аттестаттау  пəндерінің  балдық 
бағасының  сандық  эквиваленті  мен  кредиттер  сомасының  қатынасы)  білім  алушының 
таңдаған  бағдарлама  бойынша  бір  оқу  жылындағы  қол  жеткізген  оқу  үлгерімінің 
таразыланған орташа бағасы; 
30) оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан 
əрі  -  ОБӨЖ)  -  бекітілген  кесте  бойынша  оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  білім 
алушының  аудиториядан  тыс  жұмысы;  білім  алушының  санатына  қарай  ол:  оқытушының 
басшылығымен  жүргізілетін  студенттің  өзіндік  жұмысы  (бұдан  əрі  -  ОСӨЖ),  оқытушының 
басшылығымен  жүргізілетін  магистранттың  өзіндік  жұмысы  (бұдан  əрі  -  ОМӨЖ)  жəне 
оқытушының  басшылығымен  жүргізілетін  докторанттардың  өзіндік  жұмысы  (бұдан  əрі  - 
ОДӨЖ) болып бөлінеді; 
31)  Офис  регистратор  -  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерінің  барлық  тарихын 
тіркеумен  айналысатын  жəне  білімін  бақылаудың  барлық  түрлерін  жəне  оның  академиялық 
рейтингісіне есеп жасауды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет; 
32)  пəндер  бағдарламасы  (Syllаbus)  -  оқитын  пəннің  сипаттамасын,  мақсаттары  мен 
міндеттерін,  оның  қысқаша  мазмұнын,  оның  үйренуі  тақырыбы  мен  ұзақтығын,  өзіндік 
жұмыс  тапсырмаларын,  кеңес  беру  уақытын,  білім  алушылардың  білімін  тексеру  кестесін, 
оқытушы  талаптарын,  бағалау  өлшемдерін  қамтитын  оқу  бағдарламасы  жəне  əдебиеттер 
тізімі; 
33)  пəннің  сипаттамасы  (Curse  Description)  -  пəннің  мазмұнын,  мақсаттары  мен 
міндеттерін,  қысқаша  нысанды  қамтитын  пəннің  қысқаша  сипаттамасы  (5-8  сөйлемнен 
тұрады); 
34)  постреквизиттер (Роstreguisite)  -  аталған  пəнді  оқыту  аяқталғанда  оларды  зерделеу 
үшін меңгерілген білім, икемділіктер мен дағдыларды қажет ететін пəндер; 
35)  пререквизиттер  (Рrereguisite)  -  оқылатын  пəнді  игеру  үшін  қажетті  білім, 
икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пəндер; 
36)  транскрипт (Тrаnsсrірt)  -  білімді  бағалаудың  сандық  жəне  əріптік  жүйесі  бойынша 
кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пəндердің тізбесі бар құжат; 
37)  тьютор  -  студенттің  нақты  пəнді  игеруі  бойынша  академиялық  кеңесші  рөлін 
атқаратын оқытушы; 
38)  үлгілік  оқу  жоспары  –  білім  беру  бағдарламасының  оқу  пəндерінің  тізбесі  мен 
көлемін, оларды оқытудың тəртібін жəне бақылау нысандарын реттейтін құжат; 
39)  эдвайзер  (Аdvisor)  -  тиісті  мамандық  бойынша  білім  алушының  академиялық 
тəлімгерінің  қызметін  атқаратын,  оқу  траекториясын  таңдауына  (жеке  оқу  жоспарының 
қалыптасуына)  жəне  оқу  кезеңінде  білім  беру  бағдарламаларын  игеруіне  ықпал  ететін 
оқытушы; 
40) элективтік пəндер - белгіленген кредит шеңберінде жəне білім беру ұйымы енгізетін 
таңдау бойынша, білім алушылардың жеке дайындығын көрсететін əлеуметтік-экономикалық 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 64-беті 
 
64 
 
дамытудың  ерекшеліктерін  жəне  нақты  өңірдің,  жоғары  оқу  орындарында  ғылыми  мектеп 
пайда  болатын  қажеттіліктерін  есепке  алатын  компонентке  кіретін  оқу  пəндері. 
 
2  Оқытудың  кредиттік  технологиясындағы  білім  беру  бағдарламалары  мен  оқу 
жоспарлары 
7.  Білім  беру  бағдарламаларының  мазмұны  тиісті  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім 
беру  стандарттарымен  белгіленеді  жəне  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары  арқылы  іске 
асырылады. 
8. Оқу жоспарлары үш нысанда əзірленеді: 
1) үлгілік оқу жоспарлары; 
2) оқу жұмыс жоспарлары; 
3) жеке оқу жоспарлары. 
9.  Оқу  жоспарларының  барлық  нысандарында  əрбір  оқу  пəніне  əріптік  жəне  сандық 
белгілердегі  тиісті  кодты  беруді  қарастыратын  пəндерін  кодтаудың  бірыңғай  жүйесі 
пайдаланылады. 
10.ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітеді. 
ҮОЖ-да  міндетті  компоненттегі  əрбір  оқу  пəнінің  еңбексыйымдылығы  кредиттермен 
анықталады, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі. 
11.  ОЖЖ-да  əрбір  оқу  пəнінің  тізбесі  жəне  міндетті  компонент  пен  таңдау  бойынша 
компоненттегі 
еңбексыйымдылығы 
кредиттермен, 
оларды 
оқыту 
тəртібімен, 
оқу 
сабақтарының түрі жəне бақылау нысандарымен анықталады. 
12.  ОЖЖ  оқу  жылына  əзірленеді  жəне  ғылыми  (педагогикалық)  кеңестің  шешімі 
негізінде университет ректоры бекітеді. 
ОЖЖ  оқытушының  оқу  жұмысының  еңбексыйымдылығын  есептеу  үшін  негіз  болып 
табылады. 
13.  ОЖЖ-ның  жəне  ЖОЖ-ның  нысанын,  құрылымын  жəне  əзірлеу  тəртібін 
университет дербес айқындайды. 
14. ЖОЖ əрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды. 
15.  ЖОЖ-ды  үш  данада  факультет  деканы  (бөлім  басшысы)  бекітеді:  бірі  -  деканатта 
(бөлімде)  сақталады  жəне  ол  білім  алушының  білім  беру  бағдарламасын  орындауына  жəне 
меңгеруіне  бақылауды  жүзеге  асыру  үшін  негіз  болады,  екіншісі  -  аралық  аттестаттауды 
ұйымдастыру үшін офис Регистраторға, үшіншісі - білім алушыға тапсырылады. 
16.  Үлгілік  оқу  жоспарын  толықтыру  үшін  таңдау  бойынша  енетін  барлық  оқу 
пəндерінің  жүйелі  қысқаша  сипатталған  тізбесін  көрсететін  элективті  пəндердің  каталогы 
(ЭПК)  əзірленеді,  оның  ішінде  оқытудың  мақсаты,  қысқаша  мазмұны  (негізгі  тараулары) 
жəне күтілетін нəтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, жəне 
біліктіліктері) көрсетілген пəнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі. 
Аталған  каталогта  əрбір  оқу  пəндерінің  пререквизиттері  мен  постреквизиттерін 
көрсетіледі.  ЭОК  білім  алушыларға  элективті  оқу  пəндерді  баламалы  таңдау  мүмкіндігін 
қамтамасыз етеді. 
17.  Университет  оқу  үдерісін  ақпараттық  көздермен  толық  көлемде  қамтамасыз  етеді: 
оқулықтар,  оқу  құралдары,  оқу  пəндері  бойынша  əдістемелік  құралдар  жəне  əзірленімдер, 
көп  таратылатын  материалдар  жəне  өзіндік  жұмыстар  жөніндегі  нұсқаулықтар,  электронды 
оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік. 
Əрбір  білім  алушы  оқудың  барлық  кезеңінде  анықтамалық-жолсілтегіштермен
 
қамтамасыз етіледі. 
 
 
 
3 Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 65-беті 
 
65 
 
18.  Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 
негізгі міндеттері: 
1) білім көлемін біріздендіру; 
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 
4)  білім  алушының  оқудағы  шынайы  жетістіктерін  оларды  тиімді  бақылау  рəсімдері 
негізінде анықтау болып табылады. 
19. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді: 
1)  білім  алушылар  мен  оқытушылардың  əрбір  пəн  бойынша  еңбек  шығынын  бағалау 
үшін кредиттер жүйесін енгізу; 
2)  білім  алушылардың  жеке  оқу  жоспарын  қалыптастыруға  тікелей  қатысуын 
қамтамасыз  ететін  элективтік  пəндердің  каталогына  енгізілген  таңдауы  бойынша  пəндерді 
олардың таңдау еркіндігі; 
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 
4)  білім  алушылардың  білім  траекториясын  таңдауына  ықпал  ететін  эдвайзерлерді  оқу 
үдерісіне тарту; 
5) оқытудың интерактивті əдістерін пайдалану; 
6)  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруде  білім  алушылардың  өзіндік  жұмыстарын 
жандандыру; 
7) оқу  үдерісін  ұйымдастыруда  факультетке  (бөлімге)  жəне  кафедраларға  академиялық 
еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру; 
8)  оқу  үдерісін  қағазды  жəне  электронды  тасымалдағыштардағы  барлық  қажетті  оқу 
жəне əдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; 
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді əдістері; 
10)  əрбір  оқу  пəні  бойынша  білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  бағалаудың 
балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. 
20.  Бір  оқу  жылының  шеңберіндегі  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  университет  ректоры 
бекітетін, академиялық күнтізбе Ғылыми кеңестің шешімі негізінде іске асырылады. 
21.  Оқу  жылы  академиялық  кезеңдерден,  аралық  аттестаттау  кезеңдерінен, 
демалыстардан жəне практикалардан тұрады. 
Академиялық  кезең  ұзақтығы  15  аптаны  құрайтын  семестрдеп  тұрады. Аралық 
аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта. 
Білім  алушыларға  əр  бір  академиялық  кезеңнен  каникулдар  беріледі,  оқу  жылындағы 
каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек. 
22.  Ұзақтығы  кемінде  6  аптаны  құрайтын  қосымша  оқыту  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, 
оқу  пəндерін  оқу  жəне  студенттердің  өз  жоғары  оқу  орнында  міндетті  түрде  қайта  сынақ 
тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) 
көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол беріледі. 
23.Профессорлық-оқытушылық  құрамның  педагогикалық  жүктемесін  жоспарлау 
академиялық  сағат  немесе  кредит  көлемінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте  аудиториялық 
сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының лекпен, топпен, кіші топпен байланысты 
жұмыс  уақыты  бойынша  есептеледі.  Əрбір  білім  алушымен  жеке  жұмыс  түрлеріне 
жұмсалатын  уақыт  шығыны  (СӨЖ  тапсырмаларын,  курстық  жұмыстарды  (жобаларды), 
емтихан  қабылдау,  оның  ішінде  МАК  құрамында,  бітіруші  курс  жұмыстарына  жетекшілік 
ету) университеттің дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі. 
Бір  академиялық  сағат  дəрісханалық  сағаттың  50  минутына  тең.  Студиялық  жəне 
зертханалық  сабақтар,  сондай-ақ  дене  тəрбиесінің  сабақтары,  студиялық  сабақтар  үшін 
академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тəрбиесі 
сабақтары үшін 100 минут. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 66-беті 
 
66 
 
Білім 
алушылардың 
практикасының 
барлық 
түрлерінің, 
ғылыми-зерттеу 
жұмыстарының  бір  академиялық  сағаты,  қорытынды  мемлекеттік  аттестаттау  50  минутқа 
тең. 
24.Оқу  жұмысының  көлемін  жоспарлау  кезінде  бір  кредит  төмендегідей  оқу 
жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең: 
-  аптасына  1  сағат  бойынша  тең  бөлінген  семестр  түріндегі  академиялық  кезең 
бойында білім алушының дəрісханалық жұмысы; 
-  білім  алушылардың  кəсiби  жəне  зерттеу  практикасы  кезеңдерінде  оқытушымен 
жұмыстары; 
-  білім  алушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары  кезеңдерінде  оқытушымен 
жұмыстары; 
-  білім  алушылардың  дипломдық  (жобалар),  магистрлік  диссертация  жұмыстарын 
жазу жəне қорғау жұмыстары; 
-  білім алушылардың дайындық жəне мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарын 
(кешендік емтихан) дайындау жəне тапсыру жұмыстары.
 
25. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен жəне оқу 
жұмыстарының  əр  түрлері  үшін  академиялық  сағатпен  жүретін  оқу  сағаттарының 
көлемдерімен (50 минуттан) анықталады. 
Аудиториялық  жұмыстың  бір  сағаты  50,  75  немесе  100  минутқа  тең  болғандықтан, 
білім  алушылардың  аудиториялық  жұмысының  академиялық  сағаттары  тиісінше  БӨЖ 
сағаттарымен  толығады,  осылайша  білім  алушының  семестр  түріндегі  академиялық 
кезеңінің  бір  аптасындағы  бір  кредит  жиынтық  оқу  жүктемесі  бакалавриатта  3  сағатқа  тең 
болады. 
БӨЖ-дің дене тəрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді. 
Əрбір  практиканың  академиялық  сағаты  (оқудан  басқа)  білім  алушылардың  қосымша 
жұмыстарының  оқу  сағаттарына  сəйкес  жүргізіледі:  педагогикалық  практикаға  –  1  сағат, 
өндірістік практикаға – 4 сағат жəне зерттеу практикасы үшін – 7 сағат. 
Əрбір 
академиялық 
сағат 
магистранттың 
ғылыми-зерттеу 
(зерттеу-тəжірибе) 
жұмыстарының, магистрлік диссертациялардың орындалуын қоса алғанда, БӨЖ-ы 7 сағатқа 
жүргізіледі. 
Қорытынды  аттестаттаудың  əр  академиялық  сағаты  білім  алушының  диплом  жұмысы 
(жобасы),  магистрлік  диссертация  кезіндегі  оқытушымен  байланысу  жұмыстарын  немесе 
білім  алушы  мен  оқытушының  мемлекеттік  емтихан  тапсыруға  дайындығы  не  тапсыру 
кезіндегі  оқытушымен  жұмысының  оқу  сағаттарын  білдіреді.  Білім  алушының  қорытынды 
аттестаттаудың əрбір академиялық сағаты БӨЖ 6 сағатқа жүргізіледі. 
26.  Кəсіби  практика  жоғары  білімнің  міндетті  кешендік  оқу  бағдарламасы  болып 
табылады.  Олар  оқу,  педагогикалық,  өндірістік  жəне  диплом  алдындағы  болып  бөлінеді. 
Кəсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредит құрайды. 
27. Магистратурада зерттеу практикасы жүргізіледі. 
28. Практиканың ұзақтықтығы жұмысы білім алушының аптадағы нормативтік уақыты 
практикаға  бір  апта  ішінде  30  сағатқа (жұмыс аптасының  5  күнінде  6  сағаттан)  тең  екендігі 
бойынша  анықталады.  Апта  санын  есептеу  үшін  кредиттегі  практика  көлемі  оқу 
сағаттарындағы  пратиканың  тиiстi  түрiнiң  еңбек  сыйымдылығына  көбейтіледі  жəне  білім 
алушының апта iшiндегі практика жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді. 
Практиканың 1 кредитінің ұзақтығы 15 сағатты құрайтын болғандықтан (50 минуттан), 
оқу  практикасына  30  сағат  (50  минуттан)  педагогикалық  практикаға  75  сағат (50  минуттан) 
өндірістік  практикаға  жəне  зерттеу  практикасына  120  сағат  (50  минуттан),  онда  практика 
ұзақтығына  сəйкес  аптасына  1  кредитті:  0,5  апта  оқу  практикасына,  педагогикалық 
практикаға – 1 апта, 2,5 апта өндірістік практикаға жəне зерттеу практикасына 4 апта. 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
 
ҚП-АƏИУ-09-2016 
Сапа менеджменті жүйесі 
Құжатталған процедура 
Нормативтік- құқықтық құжаттар жиынтығы  
 217
 беттің 67-беті 
 
67 
 
29.  Білім  алушыларды  қорытынды  аттестаттауды  жоспарлау  жəне  магистранттардың 
аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тəжірибе) жұмысы білім алушылардың 54 сағатқа (күніне 
9  сағат,  БӨЖ-ді  қосқанда  жұмыс  аптасының  6  күні)  тең  апта  ішіндегі  нормативтік  жұмыс 
уақытына байланысты анықталды. 
30.  Білім  алушылардың  120  (15x8)  сағаты  магистранттың  ғылыми  зерттеу  жұмысы 
(бұдан əрі – МҒЗЖ), магистранттың эксперименттік зерттеу жұмысы бір кредитіне, яғни 2,2 
аптаға сəйкес келеді. 
Қорытынды  аттестаттаудың  1  кредиті  105  (15х7)  сағатқа,  яғни  2  аптаға  сəйкес  келеді. 
Олардың  ішінде  білім  алушылардың  оқытушымен жұмысы  15  байланыс  сағаты  жəне  БӨЖ-
дің 90 сағаты. 
Мамандық  бойынша  мемлекеттік  емтиханға  (кешендік  емтиханға)  дайындыққа  жəне 
тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі. 
Дипломдық  жұмысты  (жобаны),  магистрлік  диссертацияны  қорғауға  жəне  жазуға  2,  3 
жəне 4 кредит, тиісінше 4, 6 жəне 8 апта беріледі. 
31. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-
стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар). 
32.  Кредиттік  технологияны  оқыту  кезінде  оқу  сабақтарының  кестесін,  оқу  пəнін 
оқытушы  құрайды,  жеке  бiлiм  беру  траекториясын  қамтамасыз  етуде  жəне  оқытушыларды 
таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды. 
Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады: 
1) күндізгі  бөлімде  білім  алушылар  үшін  –  бір  немесе  екі  ауысымда  сағат  8.00-ден 
18.30-ға дейін; 
2) кешкі білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін; 
3) сырттай  білім  алушылар  үшін  –  бос  дəрісханаға  байланысты  бір  күн  ішінде  сағат 
8.00-ден 20.00-ге дейін. 
33.  Академиялық  лектер  жəне  топтар  аталған  пəнге  жəне  аталған  оқытушысына 
жазылған  білім  алушылардың  саны  жеткілікті  жəне  жеткілікті  деңгейге  жетістіктер  оның 
табыстылығының болу қағидасы бойынша қалыптасады. 
Академиялық лектердің жəне топтардың толығуы университетпен дербес анықталады. 
34. Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: 
оқытушының  жетекшілігімен  орындалатын  өзіндік  жұмыс  (ОБӨЖ)  жəне  бірыңғай  өзі 
орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ). 
БӨЖ-дің  барлық  көлемі  білім  алушылардан  күнделікті  өзіндік  жұмысты  талап  ететін 
тапсырмалармен расталады. 
35.  Жалпы  көлемде  БОӨЖ  (СОӨЖ,  МОӨЖ)  БӨЖ-дің  үлесі  университеттің  өзіндік 
білім беруі арқылы анықталады. 
ОБӨЖ  білім  алушылардың  оқытушымен  байланыстылығы  дəрісханадан  тыс  жұмыс 
түрі  болып  табылады.  ОБӨЖ  оқу  сабақтарының  жалпы  кестесіне  кірмей,  жеке  кесте 
бойынша орындалады. 
Оқу  бағдарламаларына  ең  қиын  сұрақтар,  үй  тапсырмаларының  орындалуы,  курстық 
жобалар  (жұмыс),  семестрлік  жұмысты  бақылау,  есептер  жəне  БӨЖ-дің  басқа  да 
тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді. 
36.  Пəнді  оқуға  білім  алушыларды  тіркеуді  (Еnrоllmеnt)  Офис  регистратор 
ұйымдастырады. 
Сонымен 
қатар, 
əдістемелік-ұйымдастыру 
жəне 
консультациялық 
жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады. 
37.  Кредиттік  технология  бойынша оқу  білім  алушылардың  білім  беру  бағдарламасын 
дербес  жоспарлауына,  оқудың  жеке  траекториясын  таңдауына,  өздігінен  білім  алу  деңгейін 
арттыру уəждемесіне негізделген. 
Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында: 

Аймақтық əлеуметтік-инновациялық университеті 
Каталог: files -> Docs
Docs -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі қ. ЖҦбанов атындағЫ
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кəкішев, Ө. Əбдіманұлы, А. Қыраубаев
Docs -> Сабақ беру қызмет ұйғарылады;мәдени-ағарту; лекциялар оқу, өнер жөнінде әңгіме өткізу, мұражай
Docs -> А. Нұрмағамбетовтың Жоғары білім беру көшбасшыларының 2014 Еуразиялық
Docs -> Образовательная программа основного общего образования
Docs -> Педагогтың ҥздіксіз білім беру жҥйесіндегі кәсіптік қалыптасуы мен дамуы
Docs -> Сборник содержит материалы избранных докладов участников международной
Docs -> Халықаралық электронды ғылыми конференция материалдары
Docs -> 5В011900Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық дәрежесі: 5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша білім бакалавры Сипаттама
Docs -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы

жүктеу 9.9 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет