Өзін өзі тану пәнінің ғылыми әдістемелік негіздері



жүктеу 73.85 Kb.

Дата01.04.2017
өлшемі73.85 Kb.

Өзін - өзі тану пәнінің ғылыми әдістемелік негіздері 

 

Жұмабекова Ф.Н п.ғ.к., доцент 

    Қазақстан  үшін  жаңа  мыңжылдықтың  сұраныстары  мен  критерийлеріне 

(өлшемдеріне)  сай  келетін  тұлғалық  универсумды    қалыптастыру  мәселесі 

ерекше  өзектілікке ие болуда, өйткені ел  Шығыс пен Батыстың, Еуропа мен 

Азияның мәдениетін сіңіруде, көптеген халықтардың  тарихи тағдырларының 

торабында  жатыр, қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің  тұрақты, қуатты өзегі 

бар көп мәдениетті, көп конфессиялы мемлекет болып  табылады. Қазақстан 

жаңа  мың  жылдықтағы  білім  беру  міндеттерін  шеше    отырып,  бір  уақытта 

қазақстан  халқының  діліне  және  уақыттың  рухына  сай  келер  ұлттық  білім 

беру  үлгілерін  іздестіруде.  Шет  елдік  білім  беру  бағдарламалары  мен  жаңа 

технологиялар, білім берудің ұлттық үлгісі, өзіне әлемдік тәжірибені сіңіріп, 

әлемдік стандарттар мен нормативтерге жауап бере отырып, қазақ халқының 

ұлттық  мінезін,  оның  сан  ғасырлы  еуразиялық  бауырластығынан  туған 

мәдени-тарихи ерекшелігін таныта отырып меңгерілуі, өңделуі тиіс.  

Қазақстан  «базалық  білім»  ұғымын  түбегейлі  өзгертетін  бала  құқығы 

жайлы  Конвенцияның  және  білім  жөніндегі  Бүкіл  әлемдік  декларацияның  

бағдарламалық  тұрғыларына  сүйенеді.  Ертеректе  ең  алдымен  ғылым 

негіздерін  меңгеру  мен  сауаттылыққа  көңіл  бөлінсе,  қазіргі  базалық  білім  - 

мейірімділік, әділдік, махаббат, зорлық көрсетпеу, бақыт, дұрыс мінез-құлық 

сияқты адами құндылықтарды білу және соларға оқытуды болжалдайды.  

Жоғарыда  аталғандардың  аспектісінде    «Өзін-өзі  тану»  сияқты  бірегей  

курстың шүбәсіз өзектілігі мен бірінші кезектілігі ашыла түседі. Оның аясында 

рационализм мен еуропаға орталықтануды жеңу міндеттері ғана емес, сондай-

ақ    қазақстан  халқының  көп  мәденилік,  полиэтникалық  кескініне  сай  білім 

берудің ерекше қазақстандық үлгісін жасау қарастырылады.  

Рухани-адамгершіліктік  бағдарларын  жоғалтқан  қазіргі  замандағы  

технократиялық өркениетті тажалдан  - тек адамның рухани көзінің ашылуы, 

оның  өзінің  жоғарғы  рухани  субстанцияға  бастапқы  қатынасын  сезінуі  ғана 

құтқара  алуы  мүмкін.  Білім  беру  -  адамды  жасанды  коммуникативті  

тораптардың мекендеушісіне айналуына, тоқтаусыз технологиялық жарысты 

тоқтата  алатын,  әлемдік  тарихтың  барысын  өзгерте  алатын  қоғамдық 

өндірістің    негізгі  сферасы.  «Өзін-өзі  тану»  адамзатқа  ортақ,  планетарлы 

импульс  пен    бір  уақытта  ұлттың  жалпы  қазақстандық  мүддесін  қамтитын 

білім беру жобаларының түріне жатады. 

     «Өзін-өзі  тану»  курсының    мақсаты  -  біртұтас,  рухани,  білімді  адамды, 

Ғаламшар Азаматын, Жаһандану ғасырында өмір сүре алатын және бақытты 

бола алатын  адамды қалыптастыру, ол қоршаған әлемді қорғап және сақтай  

алатын,  өмір  сүру  бейнесі  басқа  адамдарды  түсініп,  әртүрлі  елдердің 

мәдениетін  және  өмірлік  тәжірибесіне  құрмет  көрсетіп,  өзінің  ұлттық  әлем 

үлгісін дамытып, қорғай алатын болуы керек.  

      Бұл мақсат келесі күрделі міндеттерді  шешуді   ұйғарады:  


♦ Қазақстан Республикасындағы педагогикалық парадигманы зерттеуге 

мүмкіндік  туғызу,  еуропа  орталықтандырылған  және  онымен  байланысты 

рационализмді жеңіп руханилықтың басымдылығына бағытталу;  

♦ 

Гуманитарлық 

және 

жаратылыс 



ғылымдық 

білімдердің 

интеграциялық  қағидасын  жүзеге  асыру  барлық  оқытылатын  пәндерді  адам 

тұлғасына түйіндеп, яғни адам тұлғасы секілді шартсыз Орталыққа негізделе 

отырып,  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламаларын  қайта  құрып  және 

топтастыру (барлық білім – адам үшін және адам арқылы);  

♦  Оқу  бағдарламаларын  адам  тұлғасының  «рухтанған  жанды» 

мақұлдайтын  қазіргі  түсінігіне  бағдарлау,  адамның  рухани  субстанция  мен 

және де басқа адамдармен тікелей шүбәсіз байланысы;  

♦  Адам  мен  әлемнің  ізделінетін  үйлесімділігінің  қалыптасуына  

рухтануды  тереңнен  сезінуге,  табиғаттың  өзіндік  құндылығын,  оның 

құдіреттілік  шығу  тегі  мен  адамның   құдай  алдындағы  тек өз  тағдыры  ғана 

емес,  сонымен  қатар  жер  бетіндегі  барлық  тіршіліктің  тағдырына  да 

жауапкершілігін қалыптастыруға, мүмкіндік туғызу.  

♦ Адами қасиеттер мен рақымшылықтың үйлесімділігін  қалыптастыру: 

интеллектілі сыни ойлауға қабілеттілік; құмарлық (әуестік), шығармашылық  

ізденіс,  проблема  қойып  және  шеше  білу,  жаңа  теориялар  мен  

тұжырымдамалар жасау, қазіргі заманғы қоғам ақпараттарының тілін игерген   

сауатты  маман  болу,  әлеуметтік  (біреуді  тыңдай  және  түсіне  білу),  өзінің  

ұстанымын  жақтай  отырып,  қарсы  пікірлер  мен  көзқарастардың  болатынын 

мойындау, өзінің әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігін түсіне отырып  

шешім  қабылдауға  қабілетті  болу;  кикілжіңнің  шешілу  әдістері  мен 

амалдарын  таба  білу;  серіктестік  пен  бірлескен  қызметкерлікке  қабілетті 

болу; Өмірдің бар салаларындағы демократияны енгізуге бағытталған мінез-

құлықтың  демократиялық  стилін  игеру,  сайып  келгенде,  өзін  Қазақстан 

Республикасының және бір мезгілде дүниежүзінің азаматы екенін де түсіну; 

Рухани  –  адамгершілік.  Бұл  сфера  негіздейтін  жетекші  мәнді  сапасымен 

ерекшеленеді;  махаббатқа  қабілеттілік,  өмірге  сүйіспеншілікпен  қарау; 

зорлық пен қатыгездіктен бас тарту; мейірімділік пен  жан ашу стратегиясын  

бекіту;  табиғат  пен  әлеуметтік  ортаны  рухтандыру;  рухани  жетілгендіктің 

айғағы ретіндегі жалған емес шынайы бақытқа кенелу; ізгіліктік мінез-құлық;  

♦  Қазіргі  көп  нұсқалы  жеке  тұлғаға  әсіресе  қажетті  қасиеттерді  

тәрбиелеу;  планетарлық  мәдени  тұрғының  бірлігі  мен  тұтастығын  сақтай 

отырып  әртүрлілікке  бағдарлау.  Қазіргі  жағдай  мәдениеттің,  экономиканың, 

әлеуметтік құрылымдар мен кодтардың децентризациясымен ұлттық мәдени 

түрлілікті  қалпына  келтірумен  сипатталады.  «Өзін-өзі  тану»  ұлттық,  туған 

мәдениетке  тереңдеп  енуге  мүмкіндік  береді.  Өйткені  тек  өз  туған  анасын 

сыйлайтын адам ғана, басқа адамдарды сыйлап және бағалай алады.  

♦  Түрлілікті  сақтауға  бағдарланғанда  (этникалық,  жыныстық,  жас 

ерекшелік),  рухани-адамгершілік  бірлікпен,  жалпыадамзаттық  махаббат  пен 

игілік  құндылықтарына  негізделген  адамзаттық  біртұтастықты  ұғынуға  

мүмкіндік туғызу.  



«Өзін-өзі тану» курсы, демек, анық түсініктен бастау алуы керек: Әлем 

деген не? Адамның мәні неде? Біз нені және қандай мақсатпен танимыз? Нені 

бекітеміз,  тәрбиелейміз,  дамытамыз,  жетілдіреміз,  өзектілейміз?  Әрине, 

«Өзін-өзі  тануды»  материалистік  психология  рухында  түсінуге  де  болады.  

Сонда, ол өзінің мінезін, әдеттерін, қабілеттерін, темпераментін қоғамда өзін 

бекіту  үшін    және  көрсету  үшін  және  де  кикілжіңдерден  қашып,  кәсіптік 

жетістіктер  мен  қызметтік  серіктестік  «бағытында  өзін  жетілдірудегі»  

прагматикалық білім маңызды міндет пе? Сөзсіз. Бірақ шабыттандырмайтын  

жеткіліксіз  міндет.  «Өзін-өзі  тануды»  философия  ұстанымы  тұрғысында, 

рухани шыңға шығу, рухани іс-әрекет тәжірибесі ретінде талқылауға  болады. 

Сонда  адам  ішкі  өмірге  тереңдеу,  іштей  тазалану  арқылы,  үйреншікті 

сананың  таптауырындарынан  босатылып,  болмыс  пен  болмыстың 

Мағынасына, руханилықтың жарығы мен аспанына көтеріледі.  

Психологияның  өзгеру  қажеттілігін  айтқанда,  біз,  педагогиканың  да 

тереңдік  өзгеруін,  яғни  бүткіл  оқу  процесінің  өзгеруі  туралы  да  айтамыз.  

Философиялық  парадигманың  ауысуы  міндетті  түрде  өзімен  бірге  

педагогикалық  парадигманың  алмасуын  да  көрсетеді,  мәнділіктің  терең  

ұғынылуын,  білім  мақсаты  мен  міндеттерін,  тек  соларды  ғылыми  ретінде 

және  зиялы  мемлекет  сипатында  деп  түсінетін,  әлі  де  философиялық 

материализм  қағидаларына бағытталады.  

Қазақстандағы  білім,  педагогика,  психология  сырттай  көріністер  мен 

жаңа    технологиялар,  инновацияларды  үндеумен  ғана  шектелмеуі  керек.  Ең 

басты маңызды инновация іске асырылуы қажет Осы орайда аталған  – курс, 

қазіргі  замандық  бағдар  беруші,  бүкіл  Қазақстан  Республикасының  білім 

беру процесіне дүниетанымдық көзқарасты орнатушы, міне – негізгі идеясы  

осындай  болып  табылады.  «Өзін-өзі  тану»  алғашқы  сенімді  қадамдарын 

жасап,  білім  беру  құрылымдарын  түпкілікті  өзгерістерге    әкелуді  талап  ете 

отырып,  ең  алдымен  мұғалімдердің  өзіндік  өзгеруін  шамалайды,  жаңа  оқу 

бағдарламаларын  және  барлық  пәндердің  ғылыми-әдістемелік  кешендерін 

құрып,  тек  қана  гуманитарикалық  емес,  сонымен  қатар  математика  және  

табиғат туралы ғылым корпусын да өзгертуді талап етеді. Шығыстың бірінші 

ұстазы  әл-Фараби  айтқандай,  қайырымды  қала,  универсумның  қажетті 

құрушысы,  сондықтан  да  мінсіз  және  бақытты  қоғам  құруға  қажетті  

қағидаларды  білу  үшін,  осы  қоғам  енетін  тұтастықтың  қағидалары  мен 

заңдарын білу қажет.  

Курсты іске асырудың маңызды ұстанымында психология ғылымы тұр. 

“Өзін-өзі  тану”  курсы,  бастапқы  құндылық,  жоғарғы  рухани  болмыспен 

тікелей  байланысты “адам жаны” феноменін сөзсіз тануға негізделеді.  

“Өзін-өзі  тану”  курсының  жетекші  психологиялық  қағидасы  –  адам 

жанына үңілу, жеке тұлғалық белсенділікті ояту қағидасы болып табылады. 

Адам  жаны  –  бастапқы  құндылық,  ол  махаббат  пен  мейірімділік  сәулесіне 

бөленген,  сол  сәулені  қоршаған  әлемге  төге  отырып,  агрессиялық,  қанды 

қақтығыстар,  лаңкестікті,  күш  көрсету,  жек  көрушілікті  тоқтатуға 

бағытталған.  



Өзіндік  сана-сезім  әрқашанда  этникалық  аспектіні  көрсетеді, 

сондықтан  да  адамның  адамгершіліктік-рухани  қалыптасуы  тәрбиенің  этно-

әлеуметтік-рөлдік тұрғысында іске асырылуы керек.  

Әрбір  адам  өз  дамуында  этнос  өкілі  ретінде  этникаланудың  бірнеше 

деңгейінен  өтеді.  Тұлғаның  этнос  субъекті  ретіндегі  үйлесімді  дамуының 

көрсеткіші – оның өз жасы мен жынысына сәйкесті, диалектикалық бірлікте  

этноәлеуметтік 

рөлдерді 

игеруі 

болып 


табылады. 

Руханилықтың  

басымдылығы  оқытудың  мазмұнын,  әдістері  мен  тәсілдерін  таңдауды  да 

анықтайды.  Дәстүрлі    білім  беру  жүйесінде  -  білім  беру,  оның  игерілуін 

бақылау  негізгісі  еді.  Ал  “Өзін-өзі  тану”  курсында  біртұтас  адамдық  мән, 

оның  психикалық  күйлері  мен  олардың  көріністері:  интеллект,  жүрек, 

сезімдер,  құмарлықтар,  интуиция,  саналылық,  санасыздық  санадан 

жоғарылық - өзектілене түседі. 

    Өмірдің  даму  барысын  дұрыс  түсініп  бағдарлап  отыруды  адамзаттың 

жинақталған  материалдық  байлықтары  қандай  ұшан-    теңіз  болса,  оның 

рухани  қоры  да  сондай  көп.  Бұлардың  бәрі  баршаға  ортақ  қазына.  Сол 

мәдени  мұраны  талдап,  іріктей  білу,  оны  қастерлей  білу,  болашақ  ұрпаққа 

жеткізу  педагогтардың  абройлы  міндеті.  Бұл  міндеттер  мүддесінен  шығуда 

ұлы, ғұлама ойшылдарымыздың тұжырымдарын басшылыққа алу көзделеді. 

Атап  айтқанда:  Қожа  Ахмет  Яссауидің  «Кемел  адам»  ілімі,  Әл  Фарабидің 

«Жан  қуаты»  ілімі,  Ж.Баласағұнның  «Ізгілік» ілімі,  Абайдың  «Толық  адам» 

ілімі,  Шәкәрімнің  «Шын  адам»,  «Ар»  ілімдерін  ұрпақ  тәрбиесі  туралы  идея 

тұрғысынан  қарағанда  шыдамдылық  пен  төзімділік,  саналы  тоқтам, 

ұстамдылық, шүкіршілік пен қанағатшылдық (тойымсыздар мен ашкөздерге 

қарсы) сияқты тұлғаның сапаларына тәрбиелеу қызығушылық тудырады.     

    «Өзін-өзі тану» курсының қойып отырған міндеттері мен одан да  жоғары 

міндеттері  бір  пәннің  аумағынан  асып  түседі.  «Өзін-өзі  тану»    Қазақстан 

Республикасындағы  білім  беру  процесін  дүниетанымдық  өзгертудің  нақты 

бастамасы,  деп  анық  тұжырымдауға  болады.  Бірақ  та  осындай  күрделі  де, 

бірінші  дәржедегі  міндетті  сәтті  түрде  жүзеге  асыру  үшін,  философия, 

психология,  педагогика,  мәдениеттану,  гендерлік  пәндер,  саясаттану, 

әлеуметтану,  жаратылыстану  аумағындағы  зерттеулермен  нығайту  және  де 

оның  пәндік-бағдарламалық,  оқу-әдістемелік  қамтылуын  жасау  керек.  Тек 

бастырмалатқан  ғылыми  зерттеулер  ғана  айтылған  парадигманың  берік 

теориялық  базасын  қамтамасыз  етеді.  (Еркін  қазақстандық  философия  мен 

психология  және  педагогиканың  өзіндік  ұстанымдары  мен  негіздерін  қайта 

қарастыру туралы айтылып отыр). Бұл теориялар өзін - өзі тану курсын жаңа 

педагогикалық технология тұрғысынан қарауға негіз болды. 

 



Себебі:  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  қалыптастыру  тұрғысынан 

алға қойған мақсаты жаңа; 

 

Мақсатты жүзеге асырудағы негізгі қадамдар, яғни міндеттері жаңа; 



 

Ұсынылған  білім  мазмұны  жалпыадамзаттық  құндылықтармен  қатар 



рухани құндылықтармен байытылып, тәрбиеге негізделгендігімен жаңа; 

 



Арнайы ұйымдастырылатын тәрбиелеу мен білім беру формасы, әдіс  - 

тәсілдері жаңа; 



 

Сабақтарды ұйымдастыру құрылымы мен қолданылатын құралдары да 



жаңа; 

  Жоғарыда  аталған  теорияларға  сүйене  отырып  жаңа  технологияны 

тәжірибеге енгізуде Астана қаласының эксперимент алаңдарында атқарылған 

бірқатар іс – шараларға тоқталып кетуді жөн көрдік: 

-

 

өзін - өзі тану пәнін өткізетін мамандар Астана қалалық білім жетілдіру 



институтында арнайы курстардан өткізілді; (мектепке дейінгі ұйымдар, 

бастауыш мектеп мұғалімдері, мектеп директорлары т.б); 

-

 

эксперимент  алаңдарында  арнайы  тәжірибелік  жұмыстар  тұрақты 



өткізілді; (№29, 50 балабақшалар,38 мектеп) 

-

 



өзін-өзі  тану  пәнін  өткізетін  тәрбиешінің  бейнесі,  оған  қойылатын 

талаптар айқындалып, Мейірімділік Ережесі ұсынылды; 

-

 

озық  іс  -  тәжірибелер  насихатталып,  әдістемелік  көмекші  құралдар 



дайындалды; 

-

 



педагогтарға,  психологтарға  арналған  арнайы  семинарлар,  жеке 

кеңестер мен тренингтер ұйымдастырылды; 

-

 

ата - аналарға арналған дәстүрден тыс бірнеше дүркін жиналыстар  мен 



конференциялар өткізілді; 

-

 



қалалық конкурстарға жаңа технология ретінде насихатталуда; 

-

 



педагогикалық  бағыттағы  кеңестер,  бейнетаспалар  түсіріліп,  қабырға 

газеттері тұрақты шығарылды; 

-

 

Республикалық  ғылыми  тәжірибелік  конференцияларға  баяндамалар 



оқылып, педагогикалық басылымдарға мақалалар дайындалып баспадан 

жарияланды; т,б 

-

 

өзін - өзі тану пәнін жүзеге асыру жолдары айқындалып, тәрбиелеу мен 



білім беруді ұйымдастыруда арнайы кабинетті жабдықтауға қойылатын 

талаптар қарастырылды;  



 Өзін – өзі тану кабинетіне қойылатын талаптар: 

 



Әр  түрлі  жас  топтарына  арналған  кабинеттер  болуы  (мектепалды, 

бастауыш сынып, негізгі мектеп және жоғарғы сыныптар); 

 

Болашақтың  азаматтарын  тәрбиелеуде 



адами  құндылықтарды 

қалыптастыруға сәйкес болуы; 

 

Оқу  кабинеттерінің  бүгінгі  күн  талаптарына  сай  болуы  (кітапхана, 



аудиобейне таспалар, дидактикалық материалдар, кеңсе заттары,, т.б.); 

 



Өзін – өзі тану кабинеті арнайы жабдықталған бөлмеден, онда бірнеше 

зоналар болуы, 10-15 баладан, 36 кв/м кем болмауы керек. 

           Кабинетте: 

 



 Әр жас ерекшелігіне сәйкес мебель болуы; 

 



Мұғалімнің орны анықталуы керек; 

 



Кабинет  2-3  арнайы  зонаға  бөлінеді:  белсенді  жұмыс  жасайтын  және 

әңгіме  жүргізуге  арналған  орын,  сол  сияқты  жобалау  жұмыстарын 

жасауға арналған орын (жазуға, сызбаларға, т.б.). Жұмсақ жиһаз  және 

жасыл желең болуы. 



 

Әрбір  кабинетте  орталық  бөлігінде  еліміздің  мемлекеттік  рәміздері, 



елбасының портреті болуы шарт; 

 



Аталған  жобаның  авторы  жайында  арнайы  мәліметтер  болуы  (стенд, 

уголок, т.б.); 

 

Табиғат көріністерінің суреттері туған өлке жайында, рухани ұстаздар 



портреті; 

 



Кабинеттің бір қабырғасы тақырыптық безендірулерге арналған болуы 

керек, жас ерекшеліктеріне сай өзгертіп тұру қажет. 

Өзін өзі тану пәнін жаппай тәжірибеге енгізуде жақын мерзімде шешілетін 

төмендегідей ұсыныстарды атап өтуді жөн көрдік: 

 

Өзін  -  өзі  тану  пәнінің  жаппай  тәжірибеге  енгізілуіне  байланысты 



жергілікті  ұйымдарды  ОӘК  -  мен  қамтамасыз  ету  мәселесіне  білім 

басқармасы тарапынан бақылау мен басшылық жасалса; 

 

Шығармашылық  бағыттағы  озық  іс-тәжірибелер  насихатталып, 



конкурстар ұйымдастару негізінде әдістемелік еңбектер дайындалса; 

 



Балабақшалардың  өзін  -  өзі  тану  пәнін  жаппай  тәжірибеге  енгізуге 

дайындықты  пысықтап,  материалдық  -  техникалық  базасын  нығайтып, 

арнайы кабинеттер жабдықтау  мәселесі шешілсе; 

 



Бұқаралық  ақпарат  құралдары  негізінде  дұрыс  насихатталу  жолдарын 

қамтамасыз  ету  бағытында  радио,  теле  бағдарламалардың  тұрақты 

айдарлары  беріліп,  Бөбек  орталығындағы  арнаулы  мамандармен 

«Алматы - Астана» телекөпірін ұйымдастырылуы ескерілсе; 

 

Осы пәнді өткізетін мамандар дайындау мәселесі, үш сатылы бакалавр, 



магистр  және  Phd  докторлар  және  педагогикалық  институттарда 

арнаулы өзін - өзі тану пәнін өткізетін мұғалімдер дайындалса; 

 

Әдебиеттер 



1.  «Өзін-өзі  тану»    рухани-адамгершілік    білім  беру    Жобасының  авторы  – 

«Бөбек»  қорының  президенті С.А.Назарбаева 

2.  «Өзін-өзі  тану»    пәніне    кіріспе.  Оқу  құралы  Құрастырғандар: 

У.И.Ауталипова, 

И.Ә.Әбеуова, 

М.Қ.Бапаева, 

Г.М. 

Касымова,  



К.Ж.Қожахметова, Х.Т. Шерьязданова.  

3.  Рухани-адамгершілік  білімнің  философиялық  тұрғысы  (А.Н.Нысанбаев 



және Г.Г.Соловьеваның тұжырымдамасы) 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал