Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 154.04 Kb.
Pdf просмотр
бет4/18
Дата14.05.2017
өлшемі154.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

  
46
  
Жаңалықты  оқуға  деген  тәуелділік  сезімі  мен  адамның 
өзінің  қатысы  аудитория  үшін  оң  көрсеткіш  және  бұл 
тележаңалықтардағы  жағымды  фактор  болып  есептеледі. 
Дегенмен,  басты  мақсат  –  ақпаратты  тарату.  Басылым-
дар мен веб-сайттарда жаңалықтарды оқырманның соңына 
дейін  оқитынына  немесе  мақаланы  басынан  аяғына  дейін 
қарап  шығатынына  кепілдік  жоқ.  Автор  мұны  ескеруі  ке-
рек.  Басылымды  немесе  веб-сайттағы  материалды  оқып 
отырған  адамды  сыртынан  бақылап  көріңіз.  Бұл  жердегі 
принцип  кітап  оқығандағыдан  ерекше.  Басылымды  қолына 
алған оқырман бетті, мақалалардың тақырыбын және өзіне 
ұнаған  жаңалықтың  алғашқы  сөйлемін  тез  қарап  шығады. 
Оқырман  басылымды  бірінші  бетінен  бастап  соңғысына 
дейін  қарап  отырып,  өзін  қызықтырған  мақалалардың  бірін 
соңына дейін оқиды. Немесе көз жүгіртіп қарап шығады. Ба-
сылымда немесе веб-сайттарда оқырманның көзіне түсетін, 
оның  назарын  аудартатын  мақалалар  көп  болады.  Деген-
мен,  басылымдардың  саны  көп  екенін,  ал  веб-сайттардың 
санында  есеп  жоқ  екенін  де  естен  шығармаған  жөн.  Он-
лайн  мақалаларды  көз  жүгірте  жылдам-жылдам  қарап 
шығуды меңзейтін «серфинг» деген сөз тегіннен-тегін айты-
ла салмаған. 
Оқырмандардың  назарын  аудару  деген  міндеттің  үдесінен 
шығу үшін мақаланың құрылымына қатысты ережені сақтау 
керек.  Халықаралық  журналистиканың  жазылмаған  заңы 
бойынша, ең маңызды нәрсе – кульминация, яғни шарықтау 
шегі. Ол мақаланың ең басында немесе кіріспеде көрсетілуі 
керек. Мұны «мақаланың кіріспе сөйлемі» деп те атайды. Ең 
Жаңалық жазудың 
басты мақсаты – 
ақпарат тарату
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
47
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
маңызды деректер алғашқы абзацта қысқа әрі нұсқа түрде, 
түсінікті  тілмен  баяндалады.  Осыдан  кейін  ғана  материал-
ды баяндау басталады. Ол жерде автор азат жолдарға бөлу 
арқылы тақырыпты ашып, маңыздылығына қарай дәйектерді 
орын-орнымен хабарлайды.
 
Төңкерілген пирамида
Жаңалықты  баяндаудың  танымал  формасы  «төңкерілген 
пирамида»  деген  атаумен  белгілі.  Олай  деп  аталатын  се-
бебі,  сызбаға  түсірген  уақытта  төңкерілген  пирамидаға 
ұқсайтынын көресіз, яғни маңызды ақпарат жоғарыда болып, 
маңыздылығы одан кейінгі жайттар ретімен төменге түседі. 
Мұндай принцип оқырманның да, редактордың да талабына 
сәйкес келеді. Бұл стиль оқырмандардың уақытын үнемдейді. 
Ақпараттың  басына  көз  жүгірте  отырып,  оқырман  оны  ары 
қарай оқу қажет пе, жоқ па, соны түсінеді. Кіріспе сөйлемде ең 
маңызды мәселе айтылады. Сәтті шыққан кіріспе сөйлем 25-
40 сөзден тұрады, ол мақаладағы негізгі оймен таныстырып, 
оқырмандардың  қызығушылығын  тудыруға  арналады.  Егер 
бұл сөйлем өзіндік жаңалығы бар ақпарат болған жағдайда 
оны сәтті деп есептеуге болады. Қысқаша баяндаудан кейін 
журналист  мақаладағы  негізгі  деректерді  келтіріп,  көтеріліп 
отырған мәселеге қатысы бар тұлғалар мен ұйымдар туралы 
мәлімет беріп, түпкілікті ойын түсіндіруге кіріседі. Талқылау 
тудыратын сұрақтарын қояды. 
Мақалаға үңілген сайын журналист түпкі мүдделерді тереңі-
рек  қарастырып,  мәселенің  мән-жайын  барынша  ашып, 
алғашқы перспективаны егжей-тегжейлі екшейді. Мақаланың 
салмағын арттыру үшін қатысушылардың ойларын кеңейтіп 
келтіреді.

  
48
  
Баяндаудың түрлі тізбектері жинақтала келіп, мақала қоры-
тындыланады.  Көп  жағдайда  мақала  белгілі  бір  адамның 
айтқанын сөзбе-сөз келтіре отырып, екіұшты сұрақ тастаумен 
тәмамдалады. Алайда, қорытынды сөйлем жаңа ақпарат не-
месе жаңа тақырыпқа кіріспе болып кетпеуі керек. Қысқасы, 
соңғы сөйлемде қорытынды ой жеңіл ғана жеткізілуі тиіс. Де-
генмен, көп жағдайда соңғы сөйлемнің қысқартуға душар бо-
латынын,  кейде  тіпті  тұтасымен  алынып  тасталатынын  да 
естен шығаруға болмайды. 
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
49
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Мақаланың құрылымы
Газет мақаласын 
қысқаша баяндау
Түсіндіру
Күшейту
Қоры-
тынды
Мақала құрылымының бұл түрі формальды түрде мақаланың 
мақсаты  оқырманға  жұмбақ  жасыру  еместігін  мойындай-
ды.  Керісінше,  деректерді  жылдам,  объективті,  нақты  және 
жеңіл түрде жеткізуді көздейді. Тәжірибелік тұрғыдан қарас-
тыратын  болсақ,  мақала  құрылымының  бұл  түрі  редакция-
лауды жеңілдетіп, мақалаға берілген орын шектеулі болған 
жағдайда оны қысқартуға да мұрсат береді. Қысқасы, мұндай 
мақала кез келген жағдайға бейімдеуге ыңғайлы болады.

  
50
  
Алты сұраққа 
толыққанды жауап 
берген журналистика – 
жақсы журналистика 
Редактор  сізге  800  сөзден  тұратын  материал  дайындауға 
тапсырма берді делік. Алайда, тосыннан күтпеген жағдай бо-
лып  қалды.  Мәселен,  мемлекет  басшысына  қастандық  жа-
салды немесе үлкен жарылыс болды. Редактор мұндай аты-
шулы  оқиғаны  тез  арада  нөмірге  дайындау  үшін  жылдам 
әрекет етеді. Ал бұл сол нөмірде шығатын басқа материал-
дар үшін басылым бетінде орын аз болатынын білдіреді (кей-
де мүлдем болмай қалуы да мүмкін). 
Егер баяндау төңкерілген пирамида әдісімен берілген болса, 
онда мақаланы соңынан жоғары қарай қысқарту қиындық ту-
дырмайды. Тұтас бір абзац қысқарып кетсе де, одан мәтінге 
зиян тимейді. Қанша қысқарса да, материал түсінікті болады 
және мазмұнын жоғалтпайды. 
Мәтіннің дұрыс құралғанына көз жеткізгіңіз келе ме? Ондай 
мәтін алты сұраққа жауап беруі керек.
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
51
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Алты сұрақ
Туындаған сұрақтарға анық-қанық жауап берілсе, журналис-
тиканың  жақсы  болғаны.  Сұрақтың  қойылып,  бірақ  жауап-
сыз  қалуынан  асқан  қателік  жоқ.  Материалдың  қысқаша 
мазмұнын  баяндайтын  абзацта  барлық  сұрақты  түсінікті 
тілмен  қойып  кетуге  үнемі  мүмкіндік  бола  бермейді.  Бірақ, 
журналистиканың  міндеттері  бар  емес  пе?  Расында  да, 
шын  мәнінде  басты  сұрақтар  ең  алғашқы  бірнеше  абзацта 
көрсетілуі керек. Қысқаша баяндаудың сәтті үлгісі әдетте 25-
40 сөзден аспайды.
 
Кім, не, Қайда, Қашан, неге, Қалай?
Жоғарыда қойылып отырған сұрақтардың белсенділігіне на-
зар аударыңыздар. Қалай болғанда да, журналистика әлемде 
болып  жатқан  оқиғаларды  аудиторияға  жеткізумен  айналы-
сады.  Айрықша  жайттар  бола  ма,  қалыпты  тенденциялар 
бола ма, журналистің міндеті-болған жағдайды аудиторияға 
жеңіл әрі түсінікті етіп жеткізу. 

  
52
  
Мысалды мұқият оқып шығыңыз:
ОППОЗИЦИЯ МЕН ҮКІМЕТ ЧЕРНОГОРИЯНЫ 
ДҮР СІЛКІНДІРГЕН КІСІ ӨЛІМІНЕ 
ҚАТЫСТЫ БІР-БІРІНЕ АЙЫП ТАҒУДА
 
Авторы: Неделко Рудович, Подгорица
Көрнекті  журналистің  өліміне  қатысты  екі  күдікті 
тұтқындалғанына қарамастан, бұл осы оқиғаға орай Чер-
ногория  үкіметі  мен  оппозицияның  арасында  туындаған 
ақпараттық қақтығысқа нүкте қоя алмады. 27 мамыр күні 
болған Дуско Йовановичтың өлімі ел ішінде қорқыныш пен 
қорғансыздық  сезімін  ұялатып,  оппозициялық  партиялар 
мен үкімет арасындағы жікті тереңдете түсті. Оқиғаны 
тергеп-тексеру  барысында  өткен  түні  жекпе-жектен 
әлемге аты мәшһүр спортшы Дамир Мандич пен оның ба-
уыры Альмир қамауға алынды. 
40  жастағы  Йованович  Подгорицадағы  ДАН  апталық 
газетінің редакторы. Тәуелсіздікті қолдайтын коалицияны 
сынға алып жүрген журналист түн жарымда өз кеңсесінің 
алдында өлтірілген. 
Йованович өзінің көлігіне отыра бергенде терезелері қараң-
ғыланған бір көлік алдын кес-кестеп, көлік ішіндегі белгісіз 
біреу журналистке оқ жаудырған. Бұл көлік кейін із жасы-
рып үлгерген.
 
Журналистің өлімі ел премьер-министрі Мило Джуканичтің 
мазасын  қашырып  отыр.  Себебі,  оппозиция  журналистің 
арнайы тапсырыспен өлтірілгенін алға тарта келіп, мұны 
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
53
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
премьердің адамдарды жасаған деген мәлімдеме таратты. 
Оппозиция  бұған  үкімет  мүшелерінің  қатысы  бар  екенін 
айтуда.  29  мамыр  күні  оппозицияның  ұйымдастыруымен 
Йовановичті еске алуға арналған қаралы шеру өтті. Ше-
руге қатысушылар Подгорицадағы үкімет үйінің жанынан 
өтіп бара жатып, «Мило – қанішер!» деп ұрандатты. 
Басқарушы  коалиция  болса,  журналистің  өлімі  биліктің 
тұрақтылығын  шайқалту  үшін  арнайы  тапсырыспен 
жасалғанын айтады. 
Көпшілік көкейіндегі «үкімет кісі өлтірді ме?» деген күмән-
ді қайткенде де сейілтпек болған елдің ішкі істер министрі 
Драган  Джурович  қылмыстық  іс  ашылмайтын  болса, 
отставкаға  кететінін  мәлімдеді.  Сондай-ақ,  кісі  өліміне 
тапсырыс берген және қылмысты жасаған адамдар тура-
лы ақпарат бергендерге 1 миллион еуро көлемінде сыйақы 
берілетінін жеткізді. 
Джуканович  кісі  өлімін  «Черногориедегі  бейбітшілік  пен 
тұрақтылыққа шабуыл» деп бағалады. «Мұны қылмысты 
жасап  алып,  жауапкершілікті  басқаларға  аударғысы 
келгендердің  әрекеті  деп  бағалау  керек.  Бұлай  болғаны 
кімге тиімді? Осы мәселені таразылап алған жөн» деді ол. 
Ішкі  істер  министрі  Франция,  Британия,  Германия  және 
Америка полициясына осы істі ашу үшін арнайы сарапшы-
лар жіберу жөнінде өтініш жасады. 
(Бұл мақаланың қысқартылған түрі)

  
54
  
Бұл  «жаңалық»  та,  «көңіл  көтеретін»  мақала  да  емес,  түн 
ішіндегі  өлімге  қатысты  екі  күдіктінің  қамауға  алынуы  тура-
лы жаңалықтарға жасалған анализ ғана. Бірақ, соның өзі де 
нақты құрылымды қажет етеді. Осы мақаланы мысалға ала 
отырып,  төңкерілген  пирамида  ережелерінің  қаншалықты 
орындалғанын  сарапқа  салып  көрейік.  Оқиға  болған  орын 
алғашқы  абзацта  көрсетілген.  Кейін  баяндау  кеңейтіліп, 
мақалада аты-жөні аталған азаматтардың лауазымы көрсе-
тілген, ақпаратта тепе-теңдікті қамтамасыз ету принципі сақ-
талған.  Байқасаңыздар,  қысқаша  баяндаудан  мақаланың 
қысқаша мазмұны көрініп тұр. 
Қысқаша баяндаманың басқа түрлері
Қысқаша баяндау қарапайым және қауіпсіз болса да, кейде 
мақалаңызды түрлендіріп, жаңалық енгізгіңіз келеді. Мұндағы 
мақсат  –  назар  аударту  немесе  еліктіру.  Ал  алты  сұрақтың 
жауабы кейіннен беріледі. Таза жаңалықтың кіріспе сөйлемі 
очерк  немесе  көркем-публицистикалық  мақала  үшін  онша 
қолайлы болмауы мүмкін. Бірақ, солай екен деп шешіміңізді 
көп  соза  берсеңіз,  аудиториядан  айырылып  қаласыз.  Бұл 
тәсіл кейде «шегерілген соққы» деп аталады. 
Мысалы: 
Соңғы бес жылда Ослабскінің халқы үрей құшағында өмір 
сүрген  еді.  Ақырында  үкімет  аймақтың  халқын  қорғауға 
бағытталған әрекеттерді қолға алды. 
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
55
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
«Үрей»  деген  сөз  аудиторияны  елітуі  мүмкін.  Бірақ,  алты 
негізгі сұрақ жауап беруді қажет етіп отыр. Демек, жаңағыдан 
кейін мынадай сөйлем құрауға болады: 
Алғашқы  эвакуациялау  кезінде  бес  жүздей  ауыл  тұрғыны 
қауіпсіз аймаққа көшірілген болатын. Кеше әскери бөлімше 
жарты  жыл  бұрынғы  қақтығыстан  кейін  жарылмай 
қалған миналар мен снарядтарды жойды.
 
Мұндай авторлық жаңалықты да орнымен пайдаланған жөн. 
Онда да қысқаша баяндаудан гөрі әлдеқайда қызықты бол-
са ғана. 
Кейде  қалыпты  жағдайды  өзгертіп,  қысқаша  баяндауға  бө-
лекше  атмосфера  бергіңіз  келуі  мүмкін.  Ондайда  мынадай 
сөйлем құрауыңызға болады:  
Қирап қалған көшелерден өлім иісі сезіледі, қою қара түтін 
де сейілмеген. Түндегі жаппай атыстан қалған көрініс бұл. 
Өткен  түні  басталған  қарулы  қақтығыс  үздіксіз  он  екі 
сағатқа созылды. 
Кейде елдің назарын аударта түскіңіз келеді: 
«Бұлай  болуы  мүмкін  емес»,  –  деді  генерал  айдың-күннің 
аманында болған бүліншіліктен ес жия алмаған күйі.
Ол  жау  снарядының  соққысынан  аман  қалған  қаланың 
қирандысын  аралап  шығып,  жүздеген  адамның  жарала-
нып, оншақтысының қаза болғанын өз көзімен көрді. Қала 
орталығындағы  қирап  қалған  ғимараттарға  да  назарын 
аударды.  

  
56
  
Кез келген жағдайда ақпарат тез және түсінікті түрде тара-
тылуы керек, ал балама кіріспе сөйлемнің құрылымы қысқа 
және тайға таңба басқандай болғаны дұрыс. Қысқа жаза білу 
– үлкен талант. 
Мәселенің  мән-жайын  аша  түскен  сайын  мақала  шынайы 
әрі  шындыққа  жанасымды  болып  шығады.  Бірақ,  бұл  ұсақ-
түйектің бәрін тергіштей беру керек дегенді білдірмейді. Егер 
ерекше бірдеңені түсіндіру қажет болмаса, әншейін әдемі су-
реттеу үшін ғана анықтама берудің қажеті жоқ. Оқиғаны су-
реттеуден гөрі іс-әрекеттің негізінде жазған әсерлі. Кейде мі-
нездеме  беріп,  сипаттау  әдісі  объективтілік  пен  бейтарап-
тықты тасада қалдырып қояды. 
Төмендегі екі сөйлемді салыстырыңыз: 
Делегаттардың айқай-шуы намысына тиген төраға ашу-
ызаға мініп, дереу бұйрық беріп, залды босатты.
  
Төраға қолындағы балғасымен үстелді қойып қалды да, де-
легаттардан  айқайды  доғарып,  мәжіліс  залынан  шығып 
кетуді талап етті. 
Екінші  сөйлем  шын  мәнінде  мәселенің  қалай  болғанын  ай-
тып беріп тұр. 
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
57
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Егер сенімсіз 
болсаңыз, бәрін 
басынан бастап, 
сұрақты қайтадан 
қойып көріңіз
Анықтама  бермес  бұрын  ойланыңыз.  Шынымен  қажет  пе, 
әлде  жеке  пікіріңізді  білдіру  үшін  керек  пе?  Материалды 
жазу  барысында  шектен  тыс  толықтырулар  жасамаңыз. 
Ереже  бойынша,  материалды  түсінікті  және  қызықты  етіп 
дайындаған  дұрыс.  Аздап  драматизмді  де  қосуға  болады, 
бірақ  аудитория  әңгіменің  не  туралы  болып  жатқанынан 
жаңылып қалмауы үшін тым беріліп кетпеу керек. Егер титтей 
күмәніңіз болса, мақаланың салмағын арттыра түседі-ау де-
ген жайттарды енгізіңіз. Қажет деп таппаған жағдайда неме-
се қысқарту қажет болса, редактор оны алып тастауы мүмкін. 
Ал егер жоқ болса, редактор оны өз ойынан қоса алмайды. 
Бекграунд (Тарихи анықтама)
Журналист  мақаланы  түсініп  жазу  үшін  жеткілікті  матери-
алы  бар  екеніне  сенімді  болуы  керек.  Егер  өзіңіз  бірдеңені 
түсінбей  қалсаңыз,  оны  аудиторияның  түсінуі  тіптен  мүмкін 
емес. Егер күмәнданып тұрсаңыз, сұрақты қайтадан қойыңыз.
 
Аудитория  да  автордың  өзі  сияқты  мәселенің  мән-жайын 
жете түсіне бермеуі мүмкін екенін репортер әрдайым есінде 
сақтауы  керек.  Сол  себепті  аудиторияға  контекст  түсінікті 
болу үшін әңгімеде жеткілікті ақпарат бар екеніне көз жеткізу 
керек.
Адамдардың аты-жөнін толығымен көрсетіңіз және мүмкіндік 
болған  жағдайда  барлық  акронимдердің  толық  атауын 
беріңіз. Белгілі бір мемлекетте жұмыс істейтін болғандықтан, 
репортер  ел  премьер-министрінің  аты-жөнін  жатқа  білуге 
міндетті.  Бірақ,  мақаланы  интернеттен  немесе  бұқаралық 
ақпарат құралынан (тарату немесе газет қосымшасын сату) 
оқуға  кіріскен  басқа  мемлекеттің  оқырманы  оны  білмеуі 

  
58
  
мүмкін. Қандай да бір тұлғаның белгілі бір партияның мүшесі 
екенін  де  оқырман  шатаспай  білуі  керек.  Ол  үшін  алғашқы 
сөйлемдерден-ақ  партияның  толық  атауы,  оның  оңшыл  не 
солшыл екені, діни немесе этникалық бағыттағы ұйым екені, 
социал-демократиялық немесе консервативтік бағытты ұста-
натыны анық-қанық көрсетілуі керек.
Мұндай нақтылық аудиторияның Али Бегтің қалаға сырттан 
келген тігінші емес, ерлер көйлегін сататын саудагер екенін 
тап  басып  білуге;  оның  бизнесмен  екенін  немесе  біреуге 
қызмет  жасайтынын  түсінуге  көмектеседі.  Оның  жас  шама-
сы қаншалық? Отбасы бар ма? Осының барлығы жеткілікті 
ме немесе оқырманға мақаланы жақсы түсінуіне көмектесе 
ме? Мүмкін аудиторияның есіне кейбір жайттарды салып от-
ыру  керек  шығар.  Мысалы,  «сол  қолымен  соққы  жасаудың 
шебері,  атақты  баскетболист...»,  «полиция  қызметкерін  ұр-
ғаны  үшін  сотталып,  түрмеден  бір  жыл  бұрын  ғана  босап 
шыққан депутат» деген сияқты. 
Кез келген сұрақтың алдыңыздан шығуы мүмкін екенін біліп, 
оларға  жауап  беруге  дайын  болыңыз.  Бір  мақаладағы  екі 
адамның аты-жөні бірдей болса, олардың арасында туыстық 
қатынас бар ма, жоқ па, оны көрсетіңіз. Егер оқиға ауылдық 
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
59
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
«Қайткенде аудиторияға 
түсінікті етіп 
жасаймын?» деген 
сұрақтың жауабы –
мақсатқа жетудің кілті 
жерде болса, астанадан қаншалықты алыс екенін көрсетуге, 
солтүстікте, оңтүстікте немесе батыста орналасқаны туралы 
да  мәлімет  беруге  тырысыңыз.  Егер  оппозициялық  партия 
мәлімдеме жасаса, оппозициялық партияның ықпалды саяси 
партия екенін немесе ұсақ топтардың бірі екенін ескертіңіз. 
Кейде мақала жазу барысында «шөлде орналасқан қалашық» 
(көпшілік  оның  қайда  орналасқанын  білмеуі  мүмкін),  «өнер-
кәсіптік қалашық» немесе «оңтүстіктегі қала» деп көрсеткеннің 
артықтығы  жоқ.  «Қайткенде  аудиторияға  түсінікті  етіп  жа-
саймын?»  деген  сұрақтың  жауабы  –  мақсатқа  жетудің  кілті. 
Қызықсыз немесе қажетсіз толықтырулардан аулақ болыңыз. 
Бірақ,  оқырманға  сюжеттің  дамуын  бақылауына  мүмкіндік 
беріңіз. Ақпаратты аз да емес, көп те емес, бастысы оқырманға 
қажет мөлшерде толығымен беріңіз. 
ЖАТТЫҒУЛАР
Газетті оқып шығып, мақалалардың қысқаша баяндауын қарап 
шығыңыз да, түрлі бағыттағы мақалаларға қатысты төмендегі 
сұрақтарға жауап беріңіз: 
 

Журналист мақаланы бастап-аяқ жазып шығу үшін қанша 
сөз немесе абзац пайдаланған?

  
60
  
 

Бұл  жаңалық  кіріспесінің  классикалық  үлгісі  ме,  болған 
жағдайды суреттейтін кіріспе сөйлем бе, әлде басқа ма? 
 

Кіріспе сөйлемде алты негізгі сұраққа жауап бар ма?
Интернеттен өзіңіз қызмет ететін басылымды және өзіңіздің 
мақалаңызды бақылап отырыңыз. Түрлі мақалаларды не үшін 
оқитыныңызды  саралап  көріңіз.  Неліктен  қайсыбір  мақала 
сізді қатты қызықтырғаны соншалық, соңына дейін оқып шы-
ғасыз  да,  ал  енді  бірін  көз  жүгірте  қарай  саласыз?  Қандай 
жағдайда ұсақ-түйек детальдар мақаланы қызғылықты етеді 
немесе керісінше, қай кезде олар жалықтырып жібереді? 
Өзіңіз  жасаған  қорытынды  мен  әріптестеріңіздің  қорытын-
дысын  салыстырыңыз.  Ойларыңыз  бір  жерден  шықты  ма, 
жоқ па, соны анықтаңыз.
3-тарау: Мақаланың құрылымы

  
61
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР 
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Пойнтер институтының сайтында мақаланы жазу, дұрыс құ-
рау және редакциялауға қатысты көптеген «көмекші» мате-
риалдар бар: 
www.pointer.org/subject/asp?id=2

  
62
  
4-тарау
Ақпарат көздері
Жақсы ақпарат 
көзін тапсаңыз, мақала 
өзінен-өзі жазылады
а
қпарат
 
көзі
 
дегеніміз
 
– мақалаңызды құру элементтері. Жақ-
сы ақпарат көзін тапсаңыз, мақала өзінен-өзі жазылады. 
Ал  егер  жақсы  ақпарат  көзін  жоғалтып  алсаңыз,  мате-
риалыңыздың  қалай  баяндалғанына,  тақырыптың  маңыз-
дылығына немесе батыл берілуіне қарамастан, жариялауға 
жарамсыз болып қалады. 
Ақпарат  көзін  бағалау  кезінде  аса  сергек  болыңыз  әрі  өз-
өзіңізге  сын  көзімен  қарауды  да  ұмытпаңыз.  Сізге  беріп 
отырған ақпараттың анық-қанығын жақсы білетіндей ақпарат 
көзі лауазымды қызмет атқара ма, сенімді ме, әлде әншейін 
қауесетке сүйеніп жүргендер ме? Сіздің оқиғаны баяндау ба-
рысында  келтірген  дәлелдеріңіз  қатал  тексерістен  немесе 
тәуелсіз  тексеруден  өте  ме?  Нақтылайтын  ақпарат  көздері 
бір-бірінен  тәуелсіз  бе?  Егер  сіздің  мақалаңыз  белгілі  бір 
құжаттарға  негізделіп  жазылса,  ол  құжаттар  сізде  бар  ма? 
әлде ауызша естігеніңізге сүйеніп жаздыңыз ба? 
Ақпарат  көзінің  сенімді  болуы  өз  алдына,  жақсы  журна-
лист  ақпарат  көздерінің  ашықтығына  да  иек  арта  алады. 
Ақпарат  көздеріне  сүйене  отырып  салмақты  материал  жа-
зып  шығатын  болсаңыз,  аудитория  оның  сенімділігі  мен 
объективтілігі  жөнінде  өзіндік  пікір  қалыптастыра  алатын 
болады.  Қақтығыстар,  дау-дамай  және  айтыс-тартыс  тура-
лы материал дайындағанда ақпарат көзіне нақты анықтама 
беру  өте  маңызды.  Журналист  басынан  бастап-ақ  матери-
алды барынша сенімді етіп дайындап, өзін «бейтараптықты 
сақтамады» деген айыптан қорғауы тиіс. 

  
63
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Ақпарат көздерін 
орнымен көрсете білудің 
маңызы үлкен, басқаша 
айтсақ, оқырман өзінше 
түйін жасай алатындай 
болуы керек 
Ақпарат көзін анықтау үшін «Оны біз қайдан білеміз?» деген са-
уал туындайтыны заңдылық. Осы сауалды қою арқылы қарсы 
тарап ақпараттың сенімді екенін дәлелдеуді талап ете алады. 
Мысалы, біз «төбелес кезінде 12 адамның қайтыс болғанын» 
білеміз, оны бізге біреу айтты немесе өзіміз мүрделерді са-
нап  шықтық  дейік.  Ал  егер  ақпарат  көзі  қарсыласушы  екі 
тараптың  бірі  болса,  біз  оның  шынайылығына  қалай  көз 
жеткіземіз?  Үкіметтің  есебіне  сүйенсек,  биылғы  жылы  пісте 
өндірісі өскен. Алайда, үкіметтің есебіне құлай сенуге бола 
ма?  әлде  басқа  да  ақпарат  көздерімен  салыстыру  керек 
пе? Ең басты міндет – ақпарат көздерін оқырман өзі шешім 
қабылдай алатындай етіп көрсету.  
Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция

жүктеу 154.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет