Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 154.04 Kb.
Pdf просмотр
бет3/18
Дата14.05.2017
өлшемі154.04 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

  
31
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Кез  келген  журналист  дерекке  сүйенеді  және  деректердің 
сенімділігіне  назар  аударады.  Кейде  журналистің  жақсы 
мақала  жазуына  оның  алаңдаушылығын  тудырған  не-
месе  ашуына  тиген  мәселелер  ықпал  етуі  мүмкін.  Соған 
қарамастан, журналист мақаласын негіздейтін ақпарат іздеу 
барысында  өте  әділ  болуы  керек.  Деректерді  жинау  және 
оны  бейнелеп  суреттеу  тәсілдері  объективті  екені  көрініп 
тұруы керек. Басқаша айтсақ, тым болмағанда журналистің 
объективті жазуға тырысқаны байқалуы маңызды. 
3. Әділдік 
Сұхбат беруші адамға қатысты адал көзқарас дегеннің аста-
рында ақпарат жинау кезінде де және оны беру барысында 
да адамгершіліктен аттамау жатады.  
Сізбен әңгімелесетін адамдар мақаланың немесе бағдарла-
маның не туралы болатынын, олардың қатысуынан не өзге 
ретінін; радио немесе телехабардың алдын ала жазылаты-
нын немесе тікелей эфирде жүретінін; оның қандай негізде ре-
дакцияланатынын білуге құқылы. Олар өздерін бейнетаспаға 
түсіріп жатқанын да білуге хақылы, егер түсіріп жатқан бол-
са, өзгерту енгізуге де мүмкіндіктері бар. Алайда, тараптар 
арасындағы әділдік пен адамгершілік принципі және оқиғаны 
баяндаудағы  әділдік  пен  адамгершілік  ең  негізгі  қағида  бо-
луы тиіс. 
Халықаралық  Журналистер  федерациясының  баянда-
уы  бойынша,  «журналист  жаңалықтарды,  суреттерді  және 
құжаттарды  алуда  тек  әділ  тәсілдерге  жүгінуі  керек».  Бұл 
сіздің  өзіңізді  журналист  ретінде  таныстыруыңызды  талап 
етеді  және  ақпаратты  қорқыту,  күш  қолдану  әдісімен  алуға 
болмайтынын білдіреді. 

  
32
  
Бір нәрсені біледі 
екенмін деп, жазып 
отырған мақалаңызда 
пайдалануға 
міндетті емессіз 
Бір нәрсені біледі екенмін деп, жазып отырған мақалаңызда 
пайдалануға міндетті емессіз. Жариялайтын ақпаратыңызға 
сенімді  болмасаңыз,  қолыңызда  ешқандай  да  ақпарат  жоқ 
деп есептеңіз. Немесе әділ әрі таза жолмен алған дерек көзі 
болмаса да, «жазуға болатын» мәліметіңіз жоқ деген сөз. Тек 
айрықша жағдайларда ғана, оның өзінде де таразы басын-
да  қоғам  мүддесі  тұрып,  басқа  амалыңыз  болмағанда  ғана 
ақпаратты  алу  үшін  заңсыз  тәсілдерге  жүгінуіңізге  рұқсат 
етіледі. 
әділдік  өзіңіз  сынап  отырған  кез  келген  тұлғаның  коммен-
тарийге  жауап  беруіне,  өз  пікірін  білдіруіне  мүмкіншілік 
жасасаңыз, содан көрінеді. Кез келген адам өзі туралы сыни 
материалды  оқыған  уақытта  ренжуі  мүмкін,  бірақ  ол  сыни 
мақала  дәл  сол  тұлға  үшін  күтпеген  жағдай  болмауы  тиіс. 
Олай болатыны, мақаланы жарияламас бұрын онда аты ата-
латын  және  мақалаға  қатысы  бар  тараптардың  барлығын 
дерлік сыни пікірмен таныстыру журналистің міндеті (Ескер-
ту: бұл ол адамға мақаланы тұтас оқып беру керек дегенді 
білдірмейді,  бірақ  сол  тұлғаның  атына  айтылып  отырған 
сынның түпкі мәнін ескертуге міндеттісіз). 
Егер  сыни  мәселені  мақала  субъектісімен  талқылауды 
ыңғайсыз  деп  тапсаңыз,  ол  материал  жарыққа  шыққаннан 
кейін де өзіңізді дәл солай сезінетініңізді ұмытпаңыз. Қандай 
да бір тұлғаның атына сын айтатын болсаңыз, мақалаңыздың 
салмағы  арта  түседі.  Ал  егер  сыналып  отырған  азаматтың 
қарсы  дәйектерін  келтіріп,  оған  қоса  артықшылықтарын  да 
көрсететін  болсаңыз,  мақалаңыз  жан-жақты  болып  шығады 
әрі сыныңыз да әлдеқайда салмақтана түседі.  
2-тарау: Халықаралық стандарттар

  
33
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
4. Шыншылдық пен әдептілік
Журналистердің  өз  жұмысын  орындауы  мен  оның  қоры-
тындысын көрсетуі қоғамдық сенімді қалыптастыруда өмірлік 
мәнге  ие.  Ал  журналист  жұмысын  орындаудың  негізінде 
этикалық  нормалар  мен  тәжірибе  жатады.  Журналистердің 
тасқа  басылған  ар-намыс  кодекстері  де,  жазылмаған  заң-
дары  да  ақпаратты  жинау,  тексеру  және  тарату  кезінде 
ойын  ережесін  бұзбауға  үндейді.  Қазіргі  кезде  журналисти-
ка тәжірибесінде бар қиындықтар мен дилеммаларды ескере 
отырып, рұқсат етілген шеңберден шықпау керек және жеке 
этиканы да сақтаған жөн. 
Жаңалықтарды  жазу  барысында  нақтылық  пен  әділдік 
керектігі  түсінікті.  Ал  кодекстердің  көпшілігі  жаңалық  жазу 
кезінде  шыншылдық,  ашықтық  және  парасаттылық  та 
маңызды  деп  есептейді.  Қандай  жолмен  болса  да  ақпарат 
алу  деген  әдептен  аттауға  болатынын  білдірмейді.  Мыса-
лы,  репортерлер  жұмыс  барысында  табандылығымен  та-
нылады,  бірақ  олардың  адамның  ар-намысына  тиюіне  не-
месе  қорқытуына  жол  жоқ.  Журналист  ақпаратты  ашық 
түрде  жинауы  керек,  тек  шарасыз  болғанда  ғана  (онда  да 
редактордың  рұқсатымен)  жасырын  жазба  жасауына  бола-
ды. Баспасөз бетінде сыналған кез келген адамның оған жа-
уап беруге құқығы бар. 
Журналистер рұқсат етілмеген жағдайда түрлі жарақат неме-
се  зақым  алған,  әртүрлі  жағдайлардың  әсерінен  шок  алған 
адамдардың  өміріне  араласа  алмайды.  Олар  әр  адамның 
жеке өміріне қол сұғуға болмайтынын білуге міндетті. Зәбір 
көрген  балаларға  және  сексуалдық  қылмыстың  құрбаны 

  
34
  
болғандарға  барынша  мұқият  қарау  керек,  көптеген  мем-
лекеттердің заңнамасы ондай құрбандарды суретке түсіруге, 
есімдерін  атауға  рұқсат  етпейді.  Бизнеске  қызмет  ететін 
журналистер  өздерінің  қаржылық  мүддесін  жасырмауы 
тиіс, мысалы, қандай да бір компанияда акциялары болған 
жағдайда, оны жария түрде мәлімдеуі тиіс. Көптеген медиа 
ұйымдардың  бағалы  қағаздар  мен  сауда  операцияларына 
жекеменшік құқықтарын реттейтін нақты ережелері бар. 
Этикалық  мәселелердің  күрделілігіне  орай,  журналистердің 
ар-намыс  және  мінез-құлық  ережелерін  реттейтін  көптеген 
кодекстер  толып  жатқан  абсолютті  ережелерді  ресми  мә-
лімдеуден  бас  тартып  отыр.  Айрықша  немесе  төтенше 
жағдайларда, мәселен, қоғамның қызығушылығы күрт артқан 
жағдайларда  тәжірибелік  жаңалықтар  журналистикасының 
нақтылы белгіленген ережелері қайта қарауға жататын кез-
дер болады. Журналистердің кәсіби кодекстері әдетте оларға 
өздерінің  орнын  білуді  үйретеді.  Егер  өзі  таза  болмаса,  ол 
журналист  өтіріктің  бетін  қалай  ашады?  Дегенмен  де,  кей 
жағдайларда шенеуніктердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы 
бар екенін анықтап, оларды тұзаққа түсіру үшін қулыққа не-
месе  айлаға  баруға  тура  келетінін  де  жасыруға  болмайды. 
Мұндай  жағдайда  редактормен  немесе  өзге  журналистер-
мен  ақылдасқан  маңызды.  әлбетте,  өзінің  жеке  этикалық 
принциптеріне жүгінген де дұрыс. 
2-тарау: Халықаралық стандарттар

  
35
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Этикалық  ереженің  тағы  бірі  –  ешқашан  плагиаттықпен 
шұғылданбау.  әрине,  әрбір  жаңа  мақала  бұрын  жазылған 
жарияланымдардың негізінде  құрылады. Бірақ, әріптестері-
ңіздің немесе бәсекелестеріңіздің материалдарынан қандай 
да бір мәліметтерді алатын болсаңыз, оған сілтеме жасауға 
міндеттісіз.  Өзге  авторлардың  жұмысын  ұрлап,  оны  өзіңдікі 
етіп көрсетуге үзілді-кесілді болмайды. Мұндай жағдайда өз 
мансабыңызға өзіңіз балта шабасыз. 
Этикалық  мәселеге  қатысты  екіұшты  болған  уақытта  әрда-
йым төмендегі сауалдарға жауап іздеп көріңіз: 
 

Дәл осындай ақпаратты алудың басқа амалы не тәсілі 
бар ма?
 

Өзіңіз зиян келтірген адамның алдында арыңыз таза ма, 
басқаша айтсақ өзіңіздің әрекетіңізді түсіндіріп бере ала-
сыз ба?
 

Егер  осыған  ұқсас  жағдай  тағы  да  туындаса,  алдыңғы 
әрекетіңізді қайталар ма едіңіз?
 

Егер  репортер  болмасаңыз,  керісінше  кейіпкеріңіздің  ор-
нында болсаңыз, не істер едіңіз?
 

Нақтылықты қамтамасыз ету үшін және әділетті болу үшін 
қолыңыздан келгеннің бәрін істедіңіз бе?
 

Мақаланың  барлық  маңызды  аспектілерін  ашуға  талпы-
ныс жасадыңыз ба?
 

Сіздің  шешіміңіз  сыртқы  және  өзіңіздің  ішкі  жеке  ықпа-
лыңыздан азат па?

  
36
  
5. Ақпарат көздерін қорғау
Журналистердің  ар-намыс  кодексі  ақпарат  көздерін  қорғау-
ға  ерекше  мән  береді.  Тіпті,  кей  сәттерде  заңға  ашық 
қайшы  келетін  болса  да,  осындай  қадамға  барып  жата-
ды.  Енді  біреулер  ақпарат  көзін  ашпау  үшін    «моральдық 
міндеттемелерге» сілтеме жасайды.
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  институты  да  ақпарат 
көздерінің  қорғанысын  журналистің  басты  міндеті  деп 
есептейді.  Бірақ,  мұндай  құпиялық  дүниежүзі  бойынша 
халықаралық стандарт ретінде қабылданды деп айту өте қиын. 
Кейде мұндай құпияны ашуға тура келіп, соның салдарынан 
көп жағдайда журналист пен ақпарат беруші зиян шегіп жата-
ды.  Журналистік ұйымдар, соның ішінде Халықаралық жур-
налистер федерациясы, АҚШ-та орналасқан Журналистерді 
қорғау комитеті және Парижде орналасқан «Шекарасыз ре-
портерлер» ұйымы көптеген сот процестеріне қатысып, жур-
налистерге  ақпарат  берушінің  аты-жөнін  айту  үшін  үлкен 
қысым жасалатынына куә болды.
 
Тәжірибе  жүзінде  журналистердің  ақпарат  көзін  құпия 
сақтаймын  деп  алып,  жеме-жемге  келгенде  оны  жариялап 
жіберетін жағдайлары көп кездеседі. Бұл ақпарат көздерінің 
журналистерге  деген  сеніміне  селкеу  түсіреді.  Бұқаралық 
ақпарат  құралдарына  қандай  да  бір  мәлімет  берген  ақпа-
рат  көзі  немесе  саяси  оппонент  батыл  әрі  әшкерелеуші 
2-тарау: Халықаралық стандарттар

  
37
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
мәлімдеме жасаған жағдайда, қарсы тарап ақпарат берушіні 
анықтауға күш салады. Сол арқылы олар әлгі адамнан өшін 
алады немесе басқаларға келешекте сабақ болуы үшін сес 
көрсетеді.  
Көп  жағдайда  мәселе  заң  шарттарымен  шектеледі.  Егер 
журналист  анонимді  дерек  көзінен  қандай  да  бір  мәлімет 
алып,  оны  көпшілікке  тарататын  болса,  үкімет  ақпарат 
берушіні сотқа беруі мүмкін. Бұл әрекетін үкімет ақпараттың 
қолдан  шығып  кетуі  құпия  ақпараттар  туралы  заңнаманың 
бұзылуына алып келді деп түсіндіруі ықтимал.
  
Мәселенің  негізгі  мәні  ақпарат  бостандығына  қатысты 
дауға  алып  келеді.  Оның  үстіне,  көптеген  мемлекеттер-
де  журналистердің  ақпарат  көзін  қорғау  құқығына  кепілдік 
берілмейді,  кейде  осындай  жағдайлардың  салдарынан 
журналистердің  бас  бостандығынан  айырылу  оқиғалары 
да  кездеседі  (мысалы,  Америка  Құрама  Штаттары  мен  Ав-
стралияда). Кейбір судьялар адамгершілікке салып, ақпарат 
көзін қорғау барысындағы қоғамдық мүддеге жүгінеді. Мыса-
лы,  Еуропалық  сот  журналистерге  көмек  көрсететін  кейбір 
шешімдерді қабылдады. 

  
38
  
Шындықты 
монополиялап 
алуға ешкімнің 
хақысы жоқ 
Төмендегі жайттарға әрдайым назар аударыңыз:
  
 

Процеске  қатысушылардың  бәрінің  пікірін  жариялау. 
Дау туған жағдайда екі жақпен де сөйлескен жөн. Кейде 
соның өзі жеткіліксіз болуы мүмкін. Қақтығыста «мәмілеге 
келмейтін  топтар»  да  болады.  Ресми  халықаралық  ба-
қылаушылар  немесе  дипломаттар,  тәуелсіз  үкіметтік 
емес тараптар және жекелеген азаматтар болуы мүмкін. 
Шындыққа  монополия  жасауға  ешкімнің  хақысы  жоқ. 
Ешқандай да мүддесі жоқ топтың ақпараты, ережеге сай, 
ең сенімді ақпарат болып табылады.
  
 

Қандай  да  бір  азаматқа  айып тағылған  кезде,  мәселенің 
әділетті  қойылып  отырғанына  көз  жеткізіңіз.  Мұндайда 
барлық тараптың өз пікірін білдіруіне хақысы бар. Сондай-
ақ, кез келген айыпты жоққа шығаруға болатынын да естен 
шығармаған жөн.  
 

Журналистік жұмысты ашық жүргізу. Қоғамға қызмет етуші 
журналист  болғаннан  кейін  өз  ісіңіздің  ішінде  болуыңыз 
керек.  Істеп  жүрген  тірлігіңіздің  жай-жапсарын  неғұрлым 
анық-қанық  білсеңіз,  соғұрлым  ақпарат  көзінен  барынша 
қажетті мәлімет алуда табысты боласыз.  
 

Мүдделер  қақтығысынан  немесе  қақтығыс  жағдайын 
туғызатын  жағдайлардан  аулақ  жүру.  Объективті  журна-
лист  өз  қызметін  атқара  жүріп  мемлекеттік  қызмет  істей 
алмайды, сондай-ақ, саяси партияларда үлкен лауазым-
ды қызмет атқаруына, қоғамдық шерулерге қатысып, сол 
2-тарау: Халықаралық стандарттар

  
39
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
туралы  репортаждар  дайындауына  болмайды.  Қоғам 
журналистердің қызметі осы оқиғалардың ықпалымен бо-
лады деп ойламауы тиіс.
  
 

Қаржылық  қақтығыстардан  аулақ  болу.  Қандай  да  бір 
мақаланың жарыққа шығуына қаламақыдан басқа ешқан-
дай сыйақы себепкер болмауы тиіс. Қандай да бір оқиғаны 
жазуға  ықпал  етіп,  сол  үшін  ақы  алу  этикалық  тұрғыдан 
дұрыс емес. Журналистің жеке мүддесі бар компания тура-
лы материал жазуы да этикаға қайшы. Соған қарамастан, 
фуршеттерге  қатысуға  ешқандай  кедергі  жоқ.  Қандай  да 
бір компанияның түскі асқа шақыруын қабыл алу ол компа-
ния туралы тек қана жағымды нәрселер жарияланады не-
месе сын мүлдем болмайды дегенді білдірмейді. Сондай-
ақ,  айрықша  жағдайлардан  бөлек  уақытта  ақпарат  үшін 
ақы төлемеген жөн. Ақы төлеген күннің өзінде де мұны ре-
дактормен алдын ала келісіп алу керек. 
 

Журналистерге  күрделі  сұрақтар  қою  керек  бола-
ды.  Журналист  қоғамды  ақпаратпен  қамтамасыз  ету-
ге  және  қоғамдық  құқықтың  сақталуына  қызмет  етеді, 
сол  себепті  ол  зерттеу  қорытындысына  жауапты.  Бірақ, 
бұл  журналистің  дөрекі  мінез  танытып,  тәрбиесіздігін 
көрсетуіне  мүмкіндік  бермейді.  ВВС-дің  редакциялық 
шарттарында  «ізденімпаз,  күмәншіл,  байсалды  әрі  мер-
ген» болу керек, бірақ «дөрекі болуға, эмоцияға берілуге, 
қандай  да  бір  тараптың  дәйектеріне  құлай  сенуге»  бол-
майды деп көрсетілген. 

  
40
  
Өзіңіздің жеке 
пікіріңізге қарамастан, 
ақпарат көзіне 
құрметпен қарауды 
ұмытпаңыз  
 

Адамдар  өздерінің  сөздері  немесе  суреті  қалай  қол-
данылатынын  білуі  керек  (дегенмен,  құпия  тапсырмалар 
мен  журналистік  зерттеу  кезінде  жасырып  қалуға  да  бо-
лады). Сұхбаттың негізгі ережелерін мұқият сақтаңыз, су-
ретке  және  бейнетаспаға  түсіргенде  алдын  ала  рұқсат 
сұраңыз. Бұл, әсіресе қарулы қақтығыстар туралы жария-
лағанда маңызды болуы мүмкін. Өкінішке қарай, әскерилер 
мұндай жағдайларда өздерінің ережелерін бекітеді. Жеке 
пікіріңізге қарамастан, ақпарат көзіне құрметпен қараңыз.
 

Аты аталмаған ақпарат көздерін аса сақтықпен пайдала-
ныңыз.  Кейде  журналистер  «жетекші  дипломаттардың» 
және  «жоғары  лауазымды  шенеуніктердің»  немесе  бас-
қа  да  жасырын  куәгерлердің  ақпараттарына  сүйенуі 
мүмкін,  бірақ  олар  аты-жөнін  көрсетпеуді  сұрайды. 
Мұндай тәсіл негізсіз айыптауға жол бермейді, сондай-ақ, 
журналистің ақпарат көзін ойдан шығаруына да болмай-
ды (бұл да қызметіне балта шабудың бір түрі). Аты-жөні 
көрсетілмеген күннің өзінде де ақпарат көзіне сенуге бо-
латынын  дәлелдеу  үшін  барынша  жан-жақты  сипаттауға 
тырысыңыз. Барлық жағдайларда ашық болыңыз, әсіресе 
редактордың алдында ашық болу аса маңызды. 
2-тарау: Халықаралық стандарттар

  
41
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Егер сіз жариялағалы отырған ақпарат шындыққа үйлеспей-
тіндей болып көрінсе, онда оған күмәнмен қарауыңызға негіз 
бар. Мұндайда төмендегі сауалдарға жауап алып көріңіз: 
 

Ақпаратты сенімді жолмен алдыңыз ба, адамгершіліктен 
аттап кеткен жоқсыз ба? 
 

Барынша  нақты  болуы  үшін  қолдан  келгеннің  бәрін 
жасадыңыз ба? Келтіріп отырған деректеріңізді дәлелдей 
аласыз ба? 
 

Сіздің  қабылдаған  шешіміңіз  әділетсіз  ықпалдан  және 
теріс ұғымнан ада ма? 
 

Мақалаңызда  сынға  алынған  адамдарға  жауап  беру-
ге  және  түсініктеме  беруіне  мүмкіншілік  жасадыңыз  ба? 
Басқаша  айтсақ,  тепе-теңдік  принципін  қаншалықты 
сақтадыңыз? 
 

Ақпарат алудың басқа көзі жоқ па? әсіресе, ақпарат көзі 
аты-жөнін айтуды құп көрмеген жағдайда? 
 

Сіз сүйенген ақпарат көздері сенімді ме және мақалаңызға 
қатысы бар адамдармен сөйлестіңіз бе?
 

Мақала  қаншалықты  сенімді  және  оның  маңызы  қан-
шалық? 
 

Ең бастысы, өз мақалаңыз үшін жауап бере аласыз ба?

  
42
  
ЖАТТЫҒУЛАР
Бұл тарауда төмендегі мәселелер туралы сөз болды:
 

Бейтараптықтың,  нақтылықтың  және  объективтіліктің 
жалпыға ортақ тұжырымдамасы. 
 

Журналистің ақпарат көзін қорғауға міндетті екендігі. 
 

Ар-намыс  кодекстері  мен  кәсіби  қызметтің  жалпы 
принциптері.
 

Оқиғаны баяндау кезінде және мақаланы жазу кезінде на-
зар аударатын кей мәселелер. 
1-жаттығу
Сізге  полициядан  хабарласып,  қайырымдылық  шарала-
рымен  және  қоғамдық  жұмыспен  айналысатын  беделді 
жергілікті  бизнесменді  қамауға  алғалы  жатқандарын  айта-
ды. Бірақ, «жазу үшін емес». Полиция қызметкерлерінің ай-
туына қарағанда,  бизнесменнің алаяқтыққа және пара алу 
оқиғасына қатысы бар не жоқ екені тексерілмек. Кешкі мезгіл, 
ешқандай да ресми мәлімет жоқ.
 
Сіз дереу бизнесменге хабарластыңыз. Ол ауызша тағылған 
айып  бар  екенін  айтып,  қамауға  ертең  алынатынын 
мәлімдейді. Тағылып отырған айыпқа қатысты нақтылы жауап 
беруден бас тартады. Отбасына ескертуі үшін мақалаңызды 
бір  күн  кешіктіріп  жариялауды  өтінеді.  Егер  мақаланың 
жарыққа  шықпауына  ықпал  етсеңіз,  сізді  ренжітпейтінін  яки 
«қамқорлығына алатынын» айтады.  
2-тарау: Халықаралық стандарттар

  
43
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
 

Мұнда этикалық дилемма неге негізделген?
 

Бұл жағдайда іс жүзінде өзге проблемалар бар ма?
 

Бұл  мәселе  туралы  басқалармен  ақылдасудың  қанша-
лықты қажеті бар? 
 

Сізге бұдан гөрі көбірек мәлімет қажет пе?
 

Ақпаратты басуға дайындаған дұрыс па?
 

Қолыңызда  дерек аз,  ақпаратты  қалай  жазар  едіңіз?  Ба-
рынша толыққанды материал дайындау үшін сізге тағы не 
қажет?
2-жаттығу
Сіз  әскери  қылмыс  туралы  материал  дайындап,  маңызды 
ақпаратты  жарияладыңыз.  Сол  арқылы  қоғамдық  пікірді 
зұлымдыққа  аударттыңыз.  Бұндай  қадамға  бармас  бұрын 
журналистік  этиканың  барлық  классикалық  ережелерін 
сақтадыңыз:  ақпарат  көздеріне  барынша  құрметпен  қара-
дыңыз, жазбаларды мұқият сақтап қойдыңыз. Тек қана өзіңіз 
дәлелдей алатын нәрселерді ғана жарияладыңыз. 
Арада  бірнеше  жыл  өткенде  халықаралық  трибунал  сізді 
куәгер  ретінде  сотта  жауап  беруге  шақырып  отыр.  Сіздің 
қойын  кітапшаңыз  да  сотта  көрсетілуі  тиіс.  Сізден  журна-
лист  ретінде  ант  еткен  уәдеңізді  бұзып,  ақпарат  көздерінің 
аты-жөнін  атауды  және  журналист  ретінде  кезінде  жасы-
рып  қалған  мәліметтерді  жария  түрде  айтуды  сұрап  отыр. 
Сіз  жобаланған  әскери  қылмысқа  қатысты  айыпты  қолдап, 
трибуналдың жұмысына қатысасыз ба? әлде одан бас тар-
тып, журналистің ар-намыс кодексін қорғап қаласыз ба? Егер 
бұл жағдай жеке өміріңізге қауіп төндірсе ше? 

  
44
  
ОҚУҒА АРнАЛҒАн ҚОСЫМША МАТЕРиАЛДАР 
МЕн АнЫҚТАМАЛЫҚ МАТЕРиАЛДАР
Көптеген веб-сайттарда журналистердің ар-намыс кодексіне 
байланысты анықтамалық материалдар бар. Мысалы:
www.uta.fi/ethicnet
www.presswise.org.uk
www.ifj.org
Сонымен қатар, Журналистік үздік сапа жобасына да назар 
аударыңыз:  
www.journalism.org
Тізім үшін және мәтіндер үшін журналистика кодекстері:
www.asne.org/index.cfm?id=387
Қосымша: 
www.poynter.org/column.asp?id-32&aid=16997
Нью-Йорк Таймс үшін: 
www.nytco.com/pdf/NYT_Ethical_Journalism_042904.pdf
Ассошиэйтед Пресс үшін:  
www.apme.com/index.shtml
Рейтер үшін:
 about/reuters.com/aboutus/editorial
2-тарау: Халықаралық стандарттар

  
45
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
3-тарау
Мақаланың құрылымы
Газет жинақталғанға 
дейін (біздегідей, 
яғни Кабулдағыдай) 
мақалалар өте мұқият 
жинақталуы тиіс
К
әсіби
 
мақалалар
 
жазғанда
 
әдетте
 
жалпыға
 
ортақ
 халықаралық 
стандарттар  негізіндегі  құрылымдар  пайдаланылады.  Ол 
ақпаратты ашық, қысқа және түсінікті етіп ұсыну үшін қажет. 
әр  мемлекеттің  дәстүрі  әртүрлі,  сол  себепті  қандай  да  бір 
стильді  екіншісіне  қарағанда  жақсырақ  деудің  қисыны  жоқ. 
Бірақ,  төменде  көрсетілген  жаңалық  жазу  стилі  жалпыға 
ортақ халықаралық масштабта, соның ішінде ағылшын тілді 
мемлекеттерде кеңінен қолданылады. 
Негізгі  принцип  –  оқырманға  артықшылық  берілуі.  Яғни, 
ақпарат жазылған уақытта оны халықтың оқитыны ескерілуі 
тиіс дегенді білдіреді. Болған оқиғаны ашық баяндау керек, 
жазылған жайт қоғамның назарын аудартып, сол ақпаратты 
оқуға деген ынталарын оятуы тиіс. Жақсы жазылған жаңалық 
сонысымен ерекшеленеді. Оқырман нені оқығысы келеді не-
месе олар нені білуі керек? Неге олар дәл осы жаңалықты 
оқып жатыр?
әдебиет пен кинода көпшілік көңілдерінің көтеріңкі болғанын 
қалайды.  Жазушы  оқырманның  көңілін  көтеру  үшін  жазу 
шеберлігін  пайдалана  отырып,  сюжет  құрады.  Біртіндеп 
дамып,  оқырманды  еліте  түсетін  сюжеттің  міндетті  түрде 
шарықтау  шегі  болады.  Аудитория  туындының  сапасын 
бағалау  үшін  арнайы  уақытын  сарп  етеді.  Ал  жаңалықтың 
жөні бөлек. Мұнда адам ақпарат алғысы келеді және негізгі 
ойды бірден білгісі келеді.  
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет