Өзгерістер жолындағы репортаждар: Дағдарыс аймақтарындағы жергілікті



жүктеу 154.04 Kb.
Pdf просмотр
бет18/18
Дата14.05.2017
өлшемі154.04 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

  
267
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Мықты азаматтық 
қоғам шынайы 
пікірталасқа зәру, 
ал мұндайда сіздің 
репортажыңыз қоғамдық 
диалогты қамтамасыз 
етеді
Мықты азаматтық қоғам шынайы пікірталастарға мүдделі, ал 
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институт  сіздің 
репортажыңызды  осындай  талқылаудың  негізіне  айналды-
рып, әлемдегі түйткілді мәселелер мен демократия жағдайын 
жергілікті деңгейде талқылауға жұмыс істейді. Ол аймақтық 
конференция,  бұқаралық  ақпарат  құралдарымен  тығыз 
жұмыс  немесе  Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі 
институттың  өкілдіктерінде    жергілікті  билік  өкілдерімен, 
ҮЕҰ  өкілдерімен,  журналистермен  және  редакторлармен 
өткізілетін семинар болуы мүмкін.  
Сіздің жұмысыңызды бағалау өткен сабақтарды бекіте түседі, 
кез  келген  қателікті  немесе  түсінбеушілікті  (Соғыс  пен  бей-
бітшілікті жариялау жөніндегі институт тарапынан), сондай-
ақ жарияланымның салдарын анықтайды. Бұл бағалау редак-
тордың қысқа жазбасы немесе сіздің жаттықтырушыңызбен 
немесе  тағайындалған  редакторыңызбен  әңгімелесу  ре-
тінде  болуы  мүмкін.  Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау 
жөніндегі  институттың  академиясы  арқылы  қашықтықтан 
оқытуға арналған Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі 
институттың баяндамалары қатысушы журналистерге он-лайн 
режимінде редакциялық нұсқаларды қайта қарастыруды, кері 
байланыс  орнатуды  және  ортақ  даму  курстарын  белгілеуді 
ұсынады (Баға беру екіжақты болуы керек, егер сіз Соғыс пен 
бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың жұмысы туралы 
әлдене  айтқыңыз келсе, оған жол ашық).
Мықты  азаматтық  қоғам  табиғи  пікірталастарға  мүдделі,  ал 
сіздің  репортажыңыз  осы  қоғамдық  сұхбатты  қамтамасыз 
етеді. 

  
268
  
Соғыс пен бейбітшілікті 
жариялау жөніндегі 
институтпен жұмыс 
істеудің негізгі кілті 
репортаждар 
жасау кезінде нақтылы 
фактілерге сүйеніп, оны 
үйлесімді жеткізу 
білуге негізделеді 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі ин-
ститутпен жұмыс істеуге арналған кеңестер
Жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  редакторлық  жұмыс  –  өте 
күрделі процесс. Кейде тез және оңай, кей уақытта күрделі де 
азапты болуы мүмкін. Осы жұмысты неғұрлым жиі орындаған 
сайын, мақсатқа жету соғұрлым оңайырақ болады. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институтпен жұ-
мыс істеудің негізгі кілті репортаждар жасау кезінде нақтылы 
фактілерге сүйеніп, оны үйлесімді жеткізу білуге негізделеді. 
Егер  сіздің  материалыңыз  кіріспе  жазбаға  сәйкес  келіп, 
түзетілген  қысқаша  мазмұнды  қамтып,  репортаждар  мен 
журналистиканың басқа да қағидаларын басшылыққа алса, 
онда айтарлықтай проблема туындамауы тиіс. 
Сіз  өз  қалаңыздан,  еліңізден  немесе  аймағыңыздан  да 
ауқымды, кең аудитория үшін жазатыныңызды естен шығар-
маңыз.  Негізгі  фактілерді  суреттеңіз,  ә  дегеннен  тұлғалар 
мен тараптарды белгілеңіз, оқырманға жай уағыз оқып қана 
қоймай,  оқуға  қызықты  болатындай  етіп  жазыңыз.  әділетті 
және  ізетті  болыңыз,  сабырлы  қалыпты  ұстаныңыз.  Редак-
торлар мәтінді түсінікті және үйлесімді жасауға тырысып, көп 
уақыт жұмсайды. Ал сіз мұны өз бетіңізше жасауды үйренген 
жағдайда, материалыңыз әлдеқайда жақсы шығады. 

  
269
  
Cоғыс пен бейбітшілікті жариялау Институты
Редакторлардың  бір  ғана  материалмен  жұмыс  істемейтінін 
түсіну қажет. Олар өз жұмысын қолдарынан келгенше тез жа-
сайды.  Сондықтан,  жазған  мәтініңіз  неғұрлым  жақсы  және 
анық болса, соғұрлым редакторлардың жұмысы азаяды. 
Өкінішке  қарай,  кез  келген  материал  сәтті  шықпайды.  Тә-
жірибелі  журналист  уақыт  өте  келе  материалдың  «жа-
рамсыз»  (қолданусыз)  болатынын    түсінеді.  әлбетте,  бұл 
жағымсыз  жайт,  бірақ  ол  да  мамандықтың  бір  қыры.  Кей 
уақытта бұл материалдың жақсы өңделмеуі салдарынан бо-
лады.  Алайда,  көбінесе  материал  келіп  түскен  кезде  басқа 
бір    жаңа  оқиғалар  өрбіп,  алдыңғы  материалдың  ескіруі 
себебінен де болады.  
Егер  мақала  пайдаланылмаса,  онда  сіз  тағайындалған  ре-
дактордан  ол  үшін  төлемақы  берілетінін  не  берілмейтінін 
сұрауыңыз қажет. Егер материалдың сапасы нашар болуы-
нан,  кеш  дайындалуынан  емес,  редакциялық  шешім  неме-
се жаңалықтар шешімі салдарынан басылмай қалса, ол үшін 
негізінде жартылай ақы төленеді.  
Алайда, осының өзінен сабақ алыңыз, ал кейіннен оны естен 
шығарыңыз. Сіз поэзиямен емес, журналистикамен айналы-
сасыз; ертеңгі күн де, ол күннің жаңалығы да басқа болады.  

  
270
  
Соғыс пен бейбітшілікті 
жариялау жөніндегі 
институттың 
қоры майдан дала-
лары мен дағдарыс 
аймақтарындағы 
жергілікті журналистер-
ге жәрдем 
жасауға жұмсалады 
Қорлар
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың 
қоры  майдан  далалары  мен  дағдарыс  аймақтарындағы 
жергілікті журналистерге жәрдем жасауға жұмсалады. 
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың 
оқыту бағдарламаларына далалық тәжірибе сабақтары мен 
семинарлар, репортаждар жүргізу туралы бірлескен жобалар 
негізінде жұмыс орнында оқытудың жан-жақты стилі, он-лайн 
режимдегі  оқыту  жұмыстары,  қолдарыңыздағы  нұсқаулық 
секілді  жарыққа  шыққан  материал,  сондай-ақ  Соғыс  пен 
бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  инстиуттың  он-лайн 
қашықтықтан оқыту жүйесі жатады (
www.iwpr.net қараңыз).
Веб-сайт  басқа  да  салалардың  кең  диапазоны  мен  негізгі 
дағдылардан бастап қоршаған орта мен әскери қылмыстар 
туралы оқиғаларды суреттеуге дейінгіні қамтитын оқыту веб-
сайттарына  сілтеме  береді.  Бұл  –  түрлі  мамандықтар  мен 
негізгі оқыту анықтамалықтарының ауқымды библиография-
сы, олардың көпшілігі он-лайн режимінде беріледі.  
Негізгі  және  мамандандырылған  оқыту  бойынша  семинар-
ларды жергілікті және халықаралық жаттықтырушылар мұқ-
таждықтарға  сәйкес  жүргізеді;  біз  кері  байланыс  пен  біздің 
жергілікті қатысушылардың және серіктестердің идеяларын 
қуана  қабыл  аламыз.  Сондай-ақ,  аталған  нұсқаулықтың 
жаңа шығарылымдарын дайындаймыз және бағдарламала-
рымыздың  пайдалы  болуы  үшін  қатысушылардың  олармен 
танысуын асыға күтеміз. 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың жо-
балары  мүмкіндігінше  жергілікті  бұқаралық  ақпарат  құрал-
дары мен медиа ұйымдарды нығайтуға бағытталған. Мейлі 
ол  оқытушы  ұйым  болсын,  сөз  бостандығын  қолдаушы  топ 
немесе жергілікті газет пен ақпарат агенттігі болсын, бәрібір. 
Соғыс  пен  бейбітшілікті  жариялау  жөніндегі  институттың 
бағдарламалары  туралы  толық  ақпарат  алу  үшін,  сондай-
ақ,  бізбен  бірге  қалай  жұмыс  істеуге  болатынын  білі  үшін 
Соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институттың веб-
сайтын қараңыз. 

Қосымша мәліметтер үшін

Каталог: sites -> default -> files -> download -> publication
files -> Тіркеу кеңсесі отдел-офис регистрации
files -> Алпысбай Мұсаев Әдебиеттанушы ғалым библиографиялық
files -> Аға оқытушы Мағжан жаны сыршыл ақын
files -> Тасимова Айслу Педагог ғалым
files -> Сборник материалов международной научно-практической конференции
publication -> Бюллетень «Орта Азия мемлекеттеріндегі құқыққорғау білімі мен адам құқығын бақ арқылы қорғау»
publication -> Бюллетень мамыр маусым 2010 жыл 1 Сіздердің назарларыңызға Орталық Азия елдеріндегі
publication -> Олар жер сілкінулері, су тасқындары, вулкан атылуы, ре- волюция

жүктеу 154.04 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет