Өзбекстан республикасы халықҚа білім беру министрлігі республикалық білім орталығЫ



жүктеу 171.48 Kb.

Дата09.01.2017
өлшемі171.48 Kb.

 

 



ӨЗБЕКСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛЫҚҚА 

БІЛІМ БЕРУ МИНИСТРЛІГІ

 

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІЛІМ 

 

ОРТАЛЫҒЫ

 

 

 

 

 



 

 

Қазақ

 тілі мен әдебиет пәнінен 4, 5, 7- сынып үшін 

басқышты,

 9 – сыныптар бітірушілері үшін 

қорытынды

 емтихан материалдары 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Ташкент 



– 2016 

 

 



 

 

 

АЛҒЫ  



   СӨЗ 

 

2015-2016  оқу  жылында  жалпы  орта  білім  беретін  мектептердің  

бастауыш  басқыш  4-сыныбын  бiтiрушi  оқушылар  басқышты  бақылау 

емтиханын диктант түрiнде тапсырады.           

Оқушылар  жазған  мәтiннiң  мазмұны  олардың  төрт  жыл  бойы 

меңгерген  бiлiм,  дағды  және  бiлiктерiн  өз  iшiне  қамтып,  оқушылардың 

сауаттылғын  арттырумен  бiрге,  бiлiм  деңгейiн  асыруға,  логикалық  ойын, 

ауызша және жазбаша тiл мәдениетiн жетiлдiруi қажет.   

Бұл мақсатта 4- сыныптың оқушыларына жалпы көлемi 85-95 сөзден  

аспаған диктанттың үлгiлерi дайындалады да методбiрлестiкте талқыланып, 

бекiтiледi

Мұғалiм  диктантты  жоғарыдағы  пункт  бойынша  тексеруi  қажет. 



Мұнда  оқушыдан төмендегi шарттарға сүйенуi талап етiледi. 

 

 



 

Сыныптан-сыныпқа  көшіру  диктанттарын  өткізу  үшін  дайындалған 

диктант  үлгілері  салынған  конверттердің  бірі  оқушы  тарапынан  таңдап 

алынады  және  сол  тақырып  тақтаға  жазып  қойылады.  Диктантты  жазуда 

емле  ережелеріне,  буынға  бөлу  ережелеріне  сүйенгендігі,  сөз,  сөзжасам 

және фразеологиялық терминдерді дұрыс қолданғандығына көңіл бөлінеді. 

Диктант  материалдарын  бағалау  төмендегі  бағалау  мөлшері 

бойынша амалға асырылады. 



Диктантты 

бағалауда 

оқушылардың 

БДБ

-рі 



балмен 

бағаланады.

 

Жазба жұмыс төмендегі БДБ элементтері негізінде тексеріледі: 

1.

 

Емлелік қателерге жол қойылмағандығы; 



2.

 

Сөз  және  сөйлемдер,  фразеологиялық  түсініктер  орынды 



қолданылған болса; 

3.

 



Буынға дұрыс бөлуі; 

4.

 



Тыныс белгілерін дұрыс қолданғандығы; 

5.

 



Тыныс белгілерінің дұрыс қойылғандығы; 

6.

 



Көркем жазуының талап дәрежесінде екендігі. 

Диктант төмендегі бағалау жүйесі бойынша тексеріледі:

 

1.

 



Диктант  қатесіз  жазылған  болса,  тыныс  белгілерін  дұрыс 

пайдаланған болса,  емлелік және 1 тыныс белгісі қатесі болса — 5 балл; 

2.

 

Диктантта  2  емле,  2  тыныс  белгісі  немесе  1  емлелік,  3  тыныс 



белгісі немесе жалпы 4 тыныс белгісі қатесі болса – 4 балл; 

3.

 



Диктантта  4  емле  және  4  тыныс  белгісі  қатесі  болса  немесе  3 

емле, 5 -7 тыныс белгісі қатесі болса – 3 балл; 



 

4.



 

Диктантта  7  емле,  7  тыныс  белгісі  қатесі  болса  яки  6  емле,  8 

тыныс  белгісі  немесе  5  емле,  9  тыныс  белгісі,  сол  сияқты 8  емле,  6  тыныс 

белгісі қатесі болса — 2 балл; 

5.

 

Егер  қателердің  саны  жоғарыдағы  екі  балда  көрсетілген 



қателерден көп болса — 1 балл. 

Төменде диктант мәтіндерінен үлгілер ұсынылып отыр 



 

ҚАМЫСТАҒЫ  ҮЙ

 

Жолбарыс  балаға  қараған  да  жоқ.  Аспанды  тітірете  гүр  еткен  де,  бұл 

кезде  есік  пен  төрдей  келіп  қалған  әйелдің  басына  бір-ақ  қарғыған.  Ажар 

үнсіз,  тілсіз,  бүктетіле  құлады.  Құтырына  тарпынған  жолбарыстың  азу 

тістері ақ қарға шағылыса ырсиды да,сұлық денені желкесінен алып көтере 

бере  қарш  еткізіп  жалғыз-ақ  шайнады.  Жалғыз-ақ  шайнап,  мойнын  үзген 

соң,  езуінен  қан  шаша  арылдап,  басын  кегжите  Шақанға  қарады.  Таяқ 

тастам  жерге  келген,  бар  сұмдықты  көз  алдынан  Шақан өткізді.  Содан  соң 

шегіншектей  тағандады.  Үлкен,  доп-домалақ,  шегір  көздері  от  ұшқындай 

шапыраштанып,арқа  жүндері  кірпі  түктене  тікірейтіп,  жер  бауырлай 

құнысты.  Болмашы ғана иірілген құйрығының ұшы дір-дір етеді. 

(Мұхтар Мағауин .«Шақан шері»  95 сөз) 



 

АБАЙДЫҢ ЖАСТЫҚ ШАҒЫ

 

Биыл Абайдың жасы он үшке толған еді. Денесі де бір аралық кейіпте. 

Бойы  өскен.  Қол-аяғы  ұзарған.  Бұрын  мұрны  шолақтау  болушы  еді,  биыл 

біраз  ұзарып  қалыпты.  Бет  бейнесі  баладан  гөрі  ірілеңкілеп,  бала  - 

бозбалалық  қалпына  бейімделген.  Бірақ  әлі  сол  мүсінде  үлкендігі  жоқ. 

Толық  балғын    емес.  Сидиып,  арықтап,  құр  созылған  сияқты.  Күн  көрмей 

өскен, реңі солғын, бойшаң ғана өсімдік бейнелес. 

Ол атқа мініп жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Өзге баладан 

гөрі, басқа бір ермек, бөлек бір дос тапты.  Онысы, әсіресе, әжесі. Одан қала 

берсе, шешесі.

 

Бұның әжесі  бір  түрлі шебер әңгімеші екен. Қызық сөйлейді... 



(М. Әуезов. Абайдың жастық шағы. 91 сөз).   

 

 

 

 

 

ШЫН  ДОСТЫҚ



 

 

Досымбек  екеуміз  ылғи  бір  жатып,  бір  тұрамыз.  Бір  үзім  нанға  шейін 



бөліп жейміз. Бір анадан егіз туғандаймыз. «Дос болса, осылардай болсын»- 

дейді жұрт.  

Досымбек  бір  күні  кенеттен  сырқаттанып,  ауруханаға  түсті.  Науқасы 

өте  ауыр.  Ішкенім  ас  болмай,  ұйқым  қашып,  уайым  жедім.  Күнде  барып 

халін біліп тұрамын.  

-

 



Бір ғана дауа- таза қан құю,-деді дәрігер. Дереу өз қанымды сарапқа 

салдым. «Қаным іске жарап, Досымбектің жаны қалса» деген бір ғана тілек 

болды.Қанымды  алып,  Досымбекке  құйғанда,  бір  жақсылықты  сезгендей  

жүрегім лүпілдеді. 

Тілегім  орындалып,  Досымбектің  беті  бері  қарады.  Досымбек 

науқасынан әбден айығып, ауруханадан шықты. 

 («Оқулықтан»90 сөз). 

 

5 – СЫНЫП 

 

ӘДЕБИЕТ

  

 

5-сыныпта  басқышты  бақылау  әдебиет  пәнінен  ауызша  түрде 

өткізіледі.  Бақылау  Мемлекеттік  білім  беру  стандарты  талаптары  негізінде 

дайындалады.  

Ауызша емтихан үшін дайындалған сұрақтар оқушылар оқып үйренген 

туындылар,  жаттап  алған  шығармалары  бойынша  екі  бөлімнен  құралған. 

Оқушы өзі таңдап алған билет бойынша жауап береді. 

Мемлекеттік  білім  беру  стандартында  5-сынып  оқушылары  игеруі 

қажет болған білім, дағды мен біліктерде бағдарламада белгіленген 26 қазақ 

ақын-жазушыларының 

өмірбаяны, 

олардың 


шығармалары; 

туысқан 


халықтар  әдебиетінен  6  ақын-жазушының  өмірбаяны  мен  шығармалары; 

халық  ауыз  әдебиеті  шығармаларынан  үлгілер  және  алғашқы  теориялық 

мәліметтер жайлы білімге ие болу, мәтінді мәнерлеп оқу, мәтін мазмұнын өз 

сөздерімен  баяндай  алу,  шығарма  кейіпкерлеріне  еркін  пікір  білдіру 

дағдысын  қалыптастыру,  көркем  шығармада  бейнеленген  негізгі  оқиғаны, 

хикая, әңгіме туралы алғашқы түсініктерді білу, бағдарламада ұсынылған 6-

7 өлеңді жаттап алу білігіне ие болу белгіленген. 

Ауызша емтихан үшін дайындалған сұрақтар оқушылар оқып үйренген 

туындылар,  жаттап  алған  шығармалары  бойынша  екі  бөлімнен  құралады. 


 

Оқушы өзі таңдап алған билет бойынша сұрақтар мен тапсырмаларға жауап 



береді. 

Ауызша  емтиханды  бағалау  үшін  төмендегі  БДБ  элементтерінен 

пайдаланылады: 

1.

 



Сұраққа дұрыс жауап беруі; 

2.

 



Пікірлерін мысалдармен дәлелдей алуы; 

3.

 



Ауызша тіл мәдениеті; 

4.

 



Шығарма және оның кейіпкерлеріне өз беттерінше пікір білдіруі; 

5.

 



Мәнерлеп оқу дағдыларын иелеген болуы. 

 

Ауызша емтихан төмендегідей бағаланады



1.

 



Билетте  берілген  сұрақтарға  толық  және  тиянақты  жауап  берсе, 

теориялық  білімді  әрекетке  ендіре  алса,  әдеби  тіл  өлшемдеріне  сүйеніп,  өз 

пікірін  еркін  баяндаса,  шығарма  немесе  оның  кейіпкерлері  жөніндегі 

пікірлерін шығармадан үзінділер келтіре дәлелдей алса  - 5 балл; 

2.

 

Билеттегі  сұрақтарға  толық  жауап  берсе,  бірақ  теориялық  білімді 



әрекетке  ендіруде біраз  қиналса,  әдеби  тіл  өлшемдеріне  сүйеніп,  өз  пікірін 

еркін баяндауда қиналса - 4 балл; 

3.

 

Билет сұрақтарына  жарым-жартылай  жауап  берсе, бірақ теориялық 



білімді  әрекетке  ендіруде  қиналса,  шығарма  немесе  оның  кейіпкерлері 

туралы  пікірлерін  шығармадан  үзінділер  келтіре  дәлелдей  алуда  қиналса, 

әдеби  тіл  өлшемдеріне  сүйенбестен,  өз  пікірін  еркін  баяндауда  қиналса  -                     

3 балл; 


4.

 

Билет сұрақтарына  жарым-жартылай  жауап  беріп, бірақ  теориялық 



білімді  әрекетке  ендіре  алмастан  қосымша  сұрақтарға  жауап  бермесе, 

шығарма  немесе  оның  кейіпкерлері  жөніндегі  пікірлерін  шығармадан 

үзінділер келтіре дәлелдемесе, әдеби тіл өлшемдеріне сүйенбесе,  өз пікірін 

баяндауда қиналса - 2 балл; 

5.

 

Билет  сұрақтарына  мүлде  жауап  бермесе,  қосымша  сұрақтарға  да 



жарым-жартылай жауап бере алса, өз пікірін баяндауда қиналса - 1 балл; 

6.

 



Билет  сұрақтарына  мүлде  жауап  бермесе,  қосымша  сұрақтарға  да 

жауап бере алмаса, өз пікірін баяндауда қиналса онда балл қойылмайды. 

 

 

Әдебиет

 бойынша  5-сынып емтихан билеттері 

 

1-билет 

1.

 



Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік. 

2.

 



Шыңғыс Айтматов шығармаларының қайсысын білесің? 

 

2-билет 

1.

 

Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар? 



2.

 

Айбектің «Қыр елінде» повесіндегі қазақ ауылы қалай сипатталған? 



3-билет 

1.

 



«Наурыз»  жайлы не білесің? 

2.

 



Фариза  Оңғарсынованың  қандай  шығармаларын  білесің,  бір  өлеңін 

жатқа айтып бер.  



4-билет 

1.

 



Төрт түлік мал жайлы не білесің? 

2.

 



Сәкен  Жүнісовтың  «Ақан  сері»  романынан  («Ақырғы  байтерек» 

бөлімі) келтірілген үзінді мазмұнын айтып бер. 

 

5-билет 

1.

 



Мақал мен мәтелдер туралы қандай мәліметке иесің? 

2.

 



Сырбай  Мәуленовтың  «Менің  Республикам»  өлеңін  жатқа  айтып 

бер. 


 

6-билет 

1.

 



Ауыз  әдебиетінен  ерекше  орын  алатын  халық  мұраларының  бірі- 

«Жұмбақтар» жайлы не білесің?  

2.

 

Қасым Аманжолов өлеңдерінің мазмұнын айтып бер.  



 

7- билет 

1.

 



«Қырық өтірік» әңгімесінің қысқаша мазмұнын айтып бер. 

2.

 



  Иса Байзақов  кім болған? 

 

8-билет 

1.

 

Ертегілер туралы не білесің? 



2.

 

Ғабит  Мүсіреповтың  «Қазақ  солдаты»  романындағы  «Жаңа 



достар» бөлімінен үзінді мазмұнын айтып бер. 

9-билет 

1.  Асан қайғы деп неге  атанған? 

2.  Мұхтар  Әуезов шығармашылығы жайлы өз пікіріңді айт. 

10-билет 

1.  Шешендік сөздерден үзінділер білесіз бе? Мысал келтіріңдер. 

2.  Жүсіп  Баласұғұн қай ғасырларда өмір сүрген? 

 


 

 



11-билет 

1.

 



Жүсіп 

 

Баласағұнның“Құдатғу-біліг” 



атты 

шығармасының 

мазмұнын айтып бер. 

2.

 



Портрет дегеніміз не? 

 

12-билет 

1.

 

Жүсіп    Баласағұнның“Құдатғу-біліг”  атты  шығармасы  қай 



жылдары және неше айлар ішінде жазылған? 

2.

 



Отан туралы қандай жаттау білесің? 

 

13-билет 

1.

 

«Қызғыш құс»  өлеңін жатқа айтып бер. 



2.

 

Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы жайлы айтып бер. 



 

14-билет 

1.

 



«Әсемпаз болма  әрнеге» өлеңін жатқа айтып бер. 

2.

 



«Толағай»    атты  аңыздың  мазмұнын  білесің  бе  және  оның  авторы  

кім? 


 

13-билет 

1.

 



Ыбырай Алтынсарин қай жылдары өмір сүрген? 

2.

 



«Өзен» өлеңін жатқа айтып, мазмұнына көңіл бөліңдер. 

 

14-билет 

1.

 

ХІХ ғасыр әдебиетшілерінен кімдерді білесің? 



2.

 

Ақыл, білім туралы мақал-мәтел жатқа айтып бер. 



 

15-билет 

1.

 



Абай   Құнанбаев кім? 

2.

 



Ахмет Байтұрсынұлы  шығармашылығы жайлы айт. 

16-билет 

1.

 



Шәкәрім Құдайбердіұлын кім деп білеміз? 

2.

 



«Әсемпаз болма  әрнеге» өлеңін жатқа айтып бер. 

 

 



17-билет 

1.

 



Жамбыл  Жабаев шығармашылығы жайлы айтып бер. 

 

2.



 

Еңбек туралы мақал-мәтелдерді  жатқа айтып бер. 

 

18-билет 

1.

 



ХХ ғасыр әдебиетшілерінен кімдерді білесің? 

2.

 



“Қасқыр, түлкі, бөдене” атты мысал өлеңінің мазмұнын айтып бер. 

 

19-билет 

1.

 

Сұлтанмахмұт Торайғаров еңбегі жайлы айтып бер. 



2.

 

Кейіптеу дегеніміз не? 



 

20-билет 

1.

 



Мағжан Жұмабаевтың қандай өлеңдерін білесің? 

2.

 



Махамбет  Өтемісұлы өмірі мен шығармашылы жайлы. 

 

21-билет 

1.

 

Қазақ халқының аса талантты ақандарының бірі-Ілияс Жансүгіров 



поэмалары жайлы не білесің? 

2.

 



Оқу-білім туралы мақалдарды жатқа айтып бер. 

 

22-билет 

1.

 

Бейімбет  Майлин шығармалары  туралы  айт. 



2.

 

Қандай  аңыз әңгімелерді  білесің? 



 

23-билет 

1.

 



Сәбит Мұқанов шығармашылығы туралы айт. 

2.

 



Қайсы ертегі саған ұнайды? Айтып бер. 

24-билет 

1.

 



Сапарғали  Бегалин  шығармаларынан қайсыларын білесің? 

2.

 



Тазша баланы неге ақыл иесі дейміз? 

25-билет 

1.

 



Қалмақан Әбдіқадыров  шығармалары жайлы  айт. 

2.

 



«Жаңылтпаштар» дегенде нені түсінесің? 

26-билет 

1.

 



Жұбан  Молдағалиев  қай  жылдары  өмір  сүрген  және  оның  қайсы 

шығармаларын білесің? 



 

2.



 

Отан, достық, еңбек және оқу, білім, өнер туралы мақалдар айтып 

бер. 

27-билет 

1.

 



Мұқағали  Мақатаев жайлы не білесің? 

2.

 



Тұрмыс-салт жырларының бірі-«Жар-жар»  туралы сөйлеп бер де, 

бір үзінді келтір. 



28-билет 

1.

 



Тұманбай Молдағалиев шығармашылығы жайлы айт. 

2.

 



«Тұсау кесер» жырынан үзінді  келтір. 

29-билет 

1.

 



Мұхтар Шахановтың «Отырар» поэмасы мазмұнын білесің бе? 

2.

 



Бесік жырынан бір үзінді жатқа айтып бер? 

 

30-билет 

1.

 

 Жазушы Ғафур Ғулам жайлы не білесің? 



2.

 

Тұрмыс-салт жырларынан бір өлең жатқа айтып бер.  



 

 

7 – СЫНЫП 

 

ҚАЗАҚ  ТІЛІ

 

 

Қазақ тіл білімінің алдына қойылған әлеуметтік міндет оқушыны еркін 

пікірлей  алатын,  ана  тілі  білімінің  алдына  әлеуметтік  тұрғыдан  толық 

қалыптасқан,  тәуелсіз  пікірлей  алатын,  сөйлеу  және  пікірлеу  мәдениеті 

дамыған, сауатты адамды қалыптастыру мақсаты қойылады. 

Қазақ  тіл  білімі  арқылы  оқушылар  меңгерген  білім,  дағды  және 

біліктер  үш  параметрлі  стандарт  көрсеткіштер  негізінде  тексеріледі  және 

анықталады: 

1.

 

Оқу техникасы; 



2.

 

Басқалар пікірін және мәтін мазмұнын анықтау білігі; 



3.

 

Пікірін жазбаша түрде баяндау білігі. 



7-сыныпта қазақ тілінен басқышты бақылау емтиханы диктант түрінде 

өткізіледі.  Диктант  оқушылардың  сауаттылығын  тексеру  және  асыру, 

білімдерін  пысықтау  мақсаттарына қызмет етеді.   


10 

 

Оқушылар  жазатын  диктант  мәтнінің  мазмұны  олардың  жыл  бойында 



меңгерген  білім,  дағды  мен  біліктерін  толық  қамтып,  оқушылардың 

сауаттылығын  арттырумен  бірге  білім  деңгейін  асыруға,  логикалық  ойын, 

ауызша және жазбаша тіл мәдениетін жетілдіруі қажет. 

Осы  мақсатта  7-сыныптар  үшін  120-150  сөзден  аспаған  диктанттың 

үлгілері дайындалады да методбірлестікте талқыланып, бекітіледі. 

Сыныптан  сыныпқа  көшіру  диктанттарын  өткізу  үшін  дайындалған 

диктант  үлгілері  салынған  конверттердің  бірі  оқушы  тарапынан  таңдап 

алынады да, сол тақырып тақтаға жазып қойылады. Диктант материалдарын 

бағалауда төмендегілерге көңіл бөлінуі қажет.  

Диктантты жазуда емле мен буынға бөлу ережелеріне сүйенгендігі, сөз, 

сөзжасам  және  фразеологиялық  терминдерді  дұрыс  қолданғандығы 

ескеріледі. 

         Диктант  мәтні  3  вариантта  дайындалады.  Әр  бір  вариант  3  конвертке 

салынады.  Бір  оқушы  3  конверттен  біреуін  таңдап  алады.  Конвертке 

салынған  мәтін  тақырыбы  тақтаға  жазып  қойылады.  Мұғалім  тарапынан 

диктант мәтні бір рет оқып беріледі. Мәтіндегі күрделі сөздер тақтаға жазып 

қойылады.  Диктант  мәтні  мұғалім  тарапынан  оқылып,  (диктовка  тәсілінде) 

жаздырып барылады. 

          Сондай-ақ,  мұғалім  диктантты  компьютер  құралымен  де  өткізсе 

мақсатқа  сай  болады.  Мұнда  да  мұғалім  мәтінді  диктовкамен  жаздырып 

барады.  Диктант  мәтні  жазып  болынғаннан  соң,  слайд  арқылы    компьютер 

жадына  енгізілген  диктант  мәтні  көрсетіледі.  Оқушылар  өз  қателерін 

белгілеп  алады.  Мұғалім  оқушылар  тарапынан  жазылған  диктантты  жиып 

алады да тексереді. 

Диктант төмендегі бағалау жүйесі бойынша тексеріледі: 

«5»    балл

:  а)  мүлде  қатесіз  жазылған,  ә)  дөрекі  (қопал)  болмаған  1 

емлелік немесе 1 тыныс белгісі қатесі болған диктантқа қойылады; 

«4»балл:  2  емле  және  2  тыныс  белгісі  болған  диктантқа  қойылады. 

Қателер саны өзеруі мүмкін, бірақ олардың жалпы саны 4-ден, емлелік қате 

болса 2-ден аспауы керек; 



«3»балл:4  емле  және  4  тыныс  белгісі  қатесі  болған  диктантқа 

қойылады.  Қателер мөлшері 3  емле, 5 тыныс  белгісі     және  басқа  көріністе 

де болуы мүмкін. Бірақ емлелік қателер 4-тен аспауы шарт; 

«2»    балл:  7-ге  дейін  емлелік  және  7  тыныс  белгісі  қатесі  болған 

диктантқа қойылады.  Қателер мөлшері 15-тен артса, «1» балл қойылады. 



Ескерту:

 

1.  Диктанттағы  қателер  саны  түрлі  көріністе  болуына  қарамай, 



бағалауда емлелік қателер мөлшері негізгі шегара саналады. 

11 

 

2.  Егер  диктанттағы  түзетулер  саны  бесеуден  артық  болса,  баға  бір 



балға төмендейді. 

3.  Егер  диктантта  үш  және  одан  артық    түзетулер  болса,  «5»  балл 

қойылады. 

      Диктант жазу үшін 1 астрономиялық сағат (60 минут) беріледі. 

 

Диктант мәтіндерінен үлгілер

 

 

КЕНЖЕ ШЕШЕННІҢ ӘҢГІМЕСІ

 

 

Қарқаралы  елінде  сараңдығымен  аты  шыққан  Тасырбай  деген  сараң 

өмір  сүріпті.  Тасырбайдың  әдісі  кеш  батқан  соң,  келген  кісіге  есігін 

ашпайды  екен.  Азынаған  боранда  келген  талай  жолаушы  бұл  үйден  дәм 

татпақ  түгіл,  табалдырығын  аттай  алмай,  суыққа  ұшыраған  күндері  де 

болған екен. Мұны естіген Кенже шешен жанына Әбжан деген атқосшысын 

ертіп  Тасырбайдікіне  аттанады.  Келген  бойда  шешенді  байқаған  Тасырбай 

есігін  ішінен  іліп  алып  ашпай  қояды.  Сонда  шешен  ойланып,  жанындағы 

Әбжанға;  

-

 



Елге  хабарла,  Кенже  Тасырбайдың  күресінің  үстінде  жатып  қайтыс 

болды деп, бауырымда!- деп қоя береді. 

Аздан  соң  суық  хабарды  естіп  ел  жиналыпты.  Сараңның  есігінің 

алдында  жатқан  Кенжені  көріп  Тасырбайдың  есігін  аштырады.  Үйге  енген 

соң, Кенже басын көтеріп; 

-Бұл Кенженің бір өлгені, Тасырбайдың екі өлгені, - депті. 

Сасқалақтап  ұялған  Тасырбай  сараң  елден  кешірім  сұрап,  әлгі    өзінің 

жаман әдетін тастаған екен. 

( «Ел аузынан» кітабынан. 123 сөз ) 

 

ҚАЙТҚАНДА



 

 

Бұның  бәрі  «Құнанбай  аулы»  деп  аталады.  Өзінің  аулы  мен  жақын 

туысқандарының ауылдары. 

Көлемі  аз  бұлақтың  айналасына  жиі  қонған  ауылдардың  үйлері  де, 

шұбыртқан малы да, адамдары да кешкі мезгілде ыю-қию араласып жатқан 

сияқты.  Жер  ошақтардан  шыққан  түтіндері  де  біріне-бірі  қосылып  ұласып, 

тұтасқан  көкшіл  мұнардай  тарайды.  Үрген  иттер,  мал  қайырған  айқайлар, 

маңыраған  қой,  қозы  шулары  араласып  жатыр.  Кешкі  суға  келе  жатқан 

қалың  жылқының  кісіней  шапқан  дүбірі,  шаң-тозаңы  болсын  немесе  оқта-


12 

 

текте  азынай  кисеніп,  үйірін  іздеп  шапқан,  мінуден  босаған  жас  айғырлар 



дауыстары  болсын-барлығы  да  осы  отырған  ауылдардың  осы  кештегі 

тіршілік  тынысын  білдірген  сияқты.  Баланың  барынша  сағынған  көрінісі. 

Қазір  жүрегін  аттай  тулатып,  соншалық  қуантып  еркін  алған  көрінісі. 

Жүргіншілер  бұлақтың  дәл  қасына  ең  жақын  қонған  ауылға  асығып  келе 

жатыр.  Ортасында  бес  үлкен  ақ  үйлер  бар,  көп  үйлі  ауыл-Абайдың  екі 

шешесі Ұлжан мен Айғыздың ауылы.  

(“Абай жолы”. М. Әуезов. 130 сөз) 

 

ЖОЛДА

 

 

Әлі шам жағылған жоқ, жұрттың көбі тыста мал жайлап жүр. Кең үйдің 



іші  құлазығандай.  Дағдыдан  тыс  оңаша.  Шыңғыс  жаққа  қараған  терезенің 

алдында  қос  тізерлеп,  екі  шынтағын  терезенің  алдына  салып,  иегін 

қолдарының  үстіне  қойып  Абай  отыр.  Бұдан  басқа  оң  жақта,  жер  төсектің 

үстіне бала уатқан Зере бар. Тізесімен тербетіп отырғаны – Айғыздан туған 

немере  қызы,  үш  жасар  Кәмшат.  Кәрі  әже  күндегі  машығы  бойынша  бесік 

жырын  айтады.  Өте  бір  өзгеше,  ескі  жыр.  Абайдың  өз  әжесінен  басқа 

ешкімнен  естімеген  жыры  бар.  Бірақ  кәрі  әжесінің  өзіндей,  соншалық, 

жақын, ыстық, сүйікті жыры. Кішкентай күнінде Абай өзі де кеш сайын осы 

жырдың тербеуімен ұйықтайтын. Сол күндерден бір ырғағы ауыспаған, бір 

сөзі  де  өзгермеген.  Ана  жүрегіндей  айнымас  жыр.  Осындай  қоңыр  кештің 

қоңыр күйі. Бейуағына жеткен әженің өмірлік гөй-гөйі. Сырт қарап отырған 

Абай  әженің  кейде  шерлі,  кейде  мейірбан  рақым  күйін  өзін  тербетіп 

отырғандай сезеді. Аяқталмай созыла түссе екен дейді. 

(“Абай жолы”. М. Әуезов. 140 сөз) 



 

9-СЫНЫП 

 

Оқушының  ана  тіл  білімі  бойынша  меңгерген  дағды  мен  біліктер 



жазылған  мәтінде  беріледі.  9-сыныпта  негізгі  көрсеткіш  пікірді  логикалық 

жүйелілікте ана тілінің кең мүмкіндіктерінен пайдаланған түрде анық және 

дұрыс  баяндай  алу  білігі,  пікір  баяндалып  жатқан  сала  бойынша  оқушы 

білімінің  көлемдігі  мен  тереңдігі,  құраған  мәтіннің  емлелік,  стильдік 

сауаттылық  дәрежесімен  белгіленеді.  Сондықтан  9-сынып  бітірушілері  ана 

тілі пәнінен қорытынды аттестацияда шығармашылық мазмұндама жазады. 



Шығармашылық  мазмұндама

  жазба  жұмыстың  күрделі  түрі 

саналады. Бастап беру жолымен жазылатын шығармашылық мазмұндаманы 


13 

 

жазуда  берілген  әңгімені  оқушылар  өз  алдына  шығармашылықпен 



жалғастырып оны толық әңгіме қалпына келтіреді. 

Жазбаша  мазмұндау  кезінде  әңгіменің  мазмұнын  ашумен  бірге, 

орфографиялық  жағынан  сауатты  жазылуы,  тыныс  белгілерінің  де  дұрыс 

қойылуы қосымша талап етіледі. 

Оқушылар 

мазмұндаманың 

төмендегі 

түрлерінен 

пайдаланып 

шығармашылық мазмұндама

 жазады. 

 

мәтінге  көркем  бейнелеу  құралдарынан  енгізу  арқылы  мазмұндама 



жазу; 

 



бастап берілген мәтінді өз пікір-бақылаулар негізінде жалғастыру; 

 



грамматикалық тапсырмалы шығармашылық мазмұндама. 

Шығармашылық 

мазмұндаманы 

жазу 


барысында 

оқушылар 

төмендегілерге көңіл бөлулері қажет: 

 



мәтіннің  мән-мазмұнын  терең  түсініп  алуы,  не  жайлы  жазу 

керектігін білуі; 

 

мәтін тақырыбына тиісті мәліметтерді еске сақтап қалуы; 



 

мәтін жоспарын (жай жоспар) түзуі; 



 

жоспар  негізінде  негізгі  пікірлерді  ашық,  кетпе-кет  баяндалуына 



назар аударуы; 

 



мазмұндама  білдірілген  оқиғаларды  терең  талқылаған  түрде 

баяндауы; 

 

тақырыпқа сай өзінің еркін пікір-ойларын жазуға көңіл бөлу; 



 

сөйлемдері  құрастыруда  жүйелілікке,  емле  сауаттылығына  көңіл 



бөлуі; 

 



шығармашылық  мазмұндаманың  қаралама  нұсқасы  дайын  болған 

соң, оны қайта оқып шығу; 

 

дайын болған жазба жұмысты аққа көшіру. 



Мазмұндама  мәтіндері  3  вариантта  дайындалады.  Әрбір  вариантта 

біреуден  мәтін  болып,  шығармашылық  мазмұндама  жазудың  бір  түрі 

негізіндегі тапсырма беріледі. 

Оқушылар  арасынан  біреуі  шығып,  3  варианттың  (конверттен)  біреуін 

таңдап  алады.  Таңдап  алынған  конверттегі  мәтін  тақырыбы  тақтаға 

жазылады. Шығармашылық мазмұндама үшін берілген тапсырма да тақтаға 

жазып  қойылады.  Мұғалім  тарапынан  шығармашылық  мазмұндама  мәтіні 

бір  (қажет  болса  екі)  рет  оқып  беріледі.  Оқушылар  тыңдаған  мәтіндері 

бойынша  берілген  тапсырмалар  негізінде  шығармашылық  мазмұндама 

жазады. Шығармашылық мазмұндама кемінде 3,5 бет болуы керек. 



Шығармашылық мазмұндама

 үшін 2 астрономиялық сағат беріледі. 

14 

 

Шығармашылық 



мазмұндама 

мәтіндері 

мұғалім 

тарапынан 

дайындалып,  оны  мектептің  әдістемелік  бірлестігінде  талқыланып  

бекітіледі.  Бекітілген  материалдарын  методбірлестік  тарапынан  мектеп 

директоры бекітеді. 

Жалпы орта білім беретін мектептердің 9-сыныптарында оқушылардың 

білім 

деңгейі 


дәрежесін 

бағалаудың 

рейтинг 

жүйесі 


бойынша 

шығармашылық 

мазмұндама 

төмендегі 

БДБ 

элементтері 



негізінде 

тексеріледі. 

Шығармашылық 

мазмұндама 

мәтін 

екі 


баға, 

мазмұны 


және 

сауаттылығына (5 \5)  

 

Т\р 


Білім,    дағды,    біліктер

 

Мазмұны

 

Сауат

-

тылығы

 

1. 


Жоспар  тақырыпқа  сай түзілген, мәтін  мазмұны 

дұрыс  баяндалған  болса,  сөз  байлығы,  сөйлем 

құрауы  және  стильдік  жағынан  әдеби  тіл 

талаптарына сай болып, мазмұн және баяндауда 

бір  екі  қатеге  жол  қойылса,  сауаттылықта 

дөрекіболмаған  бір  емлелік  немесе  екі  тыныс 

белгісі қатесі болса, стильдік қатесі болмаса.  

5 балл 


5 балл 

2. 


   Мәтін жоспар негізінде жазылып, сөз таңдауда 

және  бейнелеу  құрылысы    әртүрлі  болса, 

мазмұны  мен  бейнелеуде  кемшілік  болып, 

сауаттылықта  2  емлелік,  2  тыныс  белгісі  және 

екеуеге дейін стильдік қате болса. 

4 балл 


4 балл 

3. 


Тақырып 

толық 


қамтылмаған, 

мазмұнын 

баяндауда  сөз  байлығы,  сөйлем    құрауда 

олқылығы  сезiлiп  тұрса,  үш  стильдiк,  төрт  

емлелiк, үш  тыныс белгi қатесi болса. 

3 балл 


3 балл 

4. 


Тақырып  мазмұны  көп  бұзылған  болса, 

жұмыс  жоспар  негізінде  жазылмаған  болса, 

пікірлерін 

баяндауда 

және 

құрастыруда  



кемшіліктер 

болса, 


пікірлер 

бір-бірімен 

байланыспаса,  сөз  байлығы  тайыз  болып, 

мазмұны  мен  бейнелеуде    5-6-ға дейін  кемшілгі 

болса,    сауаттылығында  7-ге  дейін  емле,  7-ге 

дейін тыныс белгісі, 7-ге дейін стильдік қателер 

болса. 

2 балл 


2 балл 

5. 


“2”балл  бағаланған  мөлшерден  асып  кетсе 

қойылады. 

1 балл 

1 балл 


 

 


15 

 

 



 

 

Шығармашылық мазмұндама үшін мәтін үлгілері



 

 

ЖҮСІП

   БАЛАСАҒҰН 

 

Жүсіп  Баласағұн  он  бірінші  ғасырдың  көрнекті  данышпан  ойшылы, 

есімі мәшһүр ғалымы, аса көрнекті ақыны, белгілі қоғам  қайраткері. 

Жүсіп Баласағұнның есімін әлемдік әдебиет тарихына  мәңгі өшпестей 

етіп  жазып  қалдырған  бірден-бір  әдеби  мұрасы  –  «Құтты  білік»  дастаны. 

Бұл  дастан  қазіргі  түркі  тілдес  халықтардың  орта  ғасырдағы  тарихы, 

қоғамдық-саяси  өмірі,  ғылымы,  әдебиеті  мен  мәдени  дәрежесі,  әдет-ғұрпы, 

наным-сезімі  т.б.  жөнінде  аса  қызықты  әрі  қыруар  мол  деректер  беретін 

көркем туынды. 

Дастанының  негізгі  тақырыбы  –  мемлекетті  дұрыс,  әділ  басқару 

мәселесі.  Дастанның  басты  идеясы  төрт  принципке  негізделіп  жазылған. 

Олар  әділдік,  бақ-дәулет,  ақыл-парасат  және  қанағат.Осы  төрт  принциптің 

рәмзі ретінде төрт қаһарман – Күнтуды патша (әділдік), уәзір Айтолды (бақ-

дәулет),  уәзірдің  баласы  Ұғдүлміш  (ақыл-парасат),  дәруіш  Оғдүрміш 

(қанағат) бейнеленген. 

Дастанның 

әрбір 

тарауы 


белгілі 

бір 


моральдық, 

этикалық, 

философиялық, адамгершілік т.б. мәселелерге арналған. 

Жүсіп  Баласағұн  «Құтты  білік»  дастанында  ел  басқаратын  әкімдерге 

жоғары  талаптар  қояды.  Ақынның  айтуынша,  елді  басқаратын  жандар, 

мейлінше,  әділ,  ақыл-парасаты  жоғары,  өнер  мен  білімге  жетік,  ниеті  түзу, 

сөзі шырын, пейлі кең, кек сақтамайтын адам болуы керек. 

Бұл  дастанда  ел  басқарған  әкімдер  мен  қарапайым  халық  арасындағы 

қарым-қатынас  қандай  болуы  керек  деген  сауалға,  өзінше  жауап  береді. 

Жүсіп  Баласағұн  мемлекетті дұрыс басқару үшін  патшадан бастап, диқанға 

дейін әрбір адам өзінің қоғам алдындағы қызметі мен міндетін жақсы білуі 

керек деген пікір айтады. 

(«Әдебиет» оқулығынан. Жүсіп Баласағұн. ) 

Тапсырма: 

 

1.

 



Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. 

2.

 



Мәтіннің жоспарын құрастырыңдар. 

3.

 



Ел  басқаратын  азаматтар  жөнінде  өз    пікірлеріңді      мәтін  мазмұны 

негізінде баяндап жазыңдар. 



16 

 

КЕПЕШ  КИГЕН ТҰТҚЫН



 

 

...  Ана  –  Бейіттің  өз  тарихы  бар-ды.  Атадан  қалған  аңыз  бойынша, 

әңгіме  өткен  ғасырда  жуан-жуандардың  Сарыөзек  даласын  басып  алуынан 

басталады.  Олар  қолға  түскен  тұтқындарды  адам  айтқысыз  азапқа  салатын 

болған.  Реті  келсе,  жуан-жуандар өз  тұтқындарын  көрші  елдерге  құлдыққа 

сатады  екен,  ал  ондай  тұтқындар  жолы  болған  пенделер  көрінеді,  өйткені 

олар, әйтеуір бір, қашып шығып, сәті түссе, туған еліне оралар екен. Ал енді 

жуан-жуандардың  қолында  құлдықта  қалған  тұтқындардың  күнін  құдай 

көрсетпесін. Жуан-жуандар сондай құрбан құлдардың басына кепеш кигізіп, 

айуан  азаппен  ақыл  есінен  айырады.    Әдетте,  мұндай  азапқа  қолға  түскен 

жас  жауынгерлер  ұшырайтын.  Ең  әуелі  олардың  шашын  бір  қылпық 

қалдырмай, тақырлап тұрып ұстарамен қырып алады. Сол көнді кесіп-кесіп, 

әлі  жып-жылы  буы  бұрқыраған  қалпында  тұтқынның  жап-жаңа  шашы 

алынған  тақыр    басына  қаптай  қойған  кезде,  осы  өзіміздің  қазіргі  заманда 

суға  жүзгіштердің  басына  киіп  алатын  резеңке  шәпке    сияқты  сып-сығар 

желімдей  жабыса  қалады.  Басқа  көн  қаптау  деген  осы  екен.  Мұндай 

сықпытқа  ұшыраған  пенде  не  өліп  кетеді,  не  бұл  азапқа  шыдай  алмай, 

ақылынан  адасып,  өткен-кеткенін  мүлде  ұмытып,  өмір  бақи  мәңгүрт-құлға 

айналады. 

Бір  түйенің  тос  терісінен  бес-алты  кепеш  шығады  екен.  Басына  кепеш 

қапталған  сорлының  мойнынан  ағаш  мойынтұрық    кигізіп  қояды.  Ондағы 

амал: тұтқын пенде басын жерге жеткізе алмауы керек. Осы бір кейіпте әлгі 

тұтқынды  жуан-жуандар  аяқ-қолын тырыстырып  байлап,  шақшиған  күннің 

астына, ассыз-сусыз, айдалаға апарып тастайды... 

(Ш.Айтматов. «Найман-ана» романы.) 

Тапсырмалар:

 

1.

 



Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. 

2.

 



Егемендік  ел,  бейбіт  өмір  туралы  өздеріңнің  еркін  пікірлерің 

негізінде жоспар құрап, мазмұндама жазыңдар. 

 

 

 



ҰРПАҚ

 ТӘРБИЕСІ – КЕЛЕШЕК ТӘРБИЕСІ 

 

Үстіміздегі  жылға  «Дені  сау  ана  және  бала»  деп  айдар  тағылуы 



баршамызға 

аян. 


Өйткені, 

тәуелсіз 

мемлекетіміздің 

өркендеуінде, 

болашағымыздың жарқын болуында кемел ұрпақтың үлесі шексіз. 


17 

 

«Қамқорлық  жасау  –  міндетіміз»  демекші,  жас  ұрпақты  өмірге  деген 



сенім  мен  көзқарас,  минталитетімізге  ықпалдар  мен  ағымдарға  қарсы  тұра 

алатын,  ұлттық  және  жалпы  адамилық  құндылықтарға  құрмет  рухында 

тәрбиелеу – жастар саясатының басты бағыты. 

Қазіргі  өскелең  заман  мектеп  түлектерінің  жан-жақты  сауатты,  өнерлі 

болуын  талап  етеді.  Ертеңгі  болашақ  үшін  талпынып,  білім  алып,  ұстаз 

ұлағаты  тәрбиесімен  сусындап,  «Егеменді  елімнің  ертеңімін»  деп,  мектеп 

қабырғасында  арман  қуып  жүрген  жастар  қаншама  десеңізші?!  Осындай 

талантты, талабы таудай жастарды тәрбиелеп өсіру – бүгінгі күн талабы. 

Тәуелсіз  еліміздің  тірегі  болар  жас  ұрпақтың  дені  сау,  сауатты,  терең 

әрі  жан-жақты  білімі  болса  ғана  шыңдарға  жетері,  халқына  адал  перзент 

болып қызмет етері даусыз. 

Түйіндеп келгенде, тербеле жайқалған көгі бар, мөлдір шалқар көлі бар, 

айнала  қоршаған  асу-асу  таулары,  еркін  тыныстар  ауасы  бар  кең  дархан 

елімізде өмір сүрген тіршілік атаулының тілегі – бейбіт өмір, еркіндік және 

денсаулық.  Біз  салауатты  өмір  салтын  қалаймыз.  Ол  үшін  жеке  бас  және 

қоғамдық  тазалықты  сақтап,  түрлі  зиянды  нәрселерден  аулақ  болып, 

келешекке жарқын үміттермен қарайық! 

Елбасымыз  Ислам  Каримов:  «Кейінгі  жастар  біздерден  де  күштірек, 

біздерден  де  білімді,  сауатты  болуы  керек»,  -  деп  сомдалған  пікір  айтады. 

Сондықтан  да  біз  жастар  қабырғамызды  қайыстырып,  білекті  күшке 

толтырып, білімге қанып, алға қарай ұмтылуымыз жөн. 

Алайда, еліміздің мақтан тұтарлық, бақытты ұл-қыздары болайық! 

(«Нұрлы жол» газетінен. ) 

Тапсырма: 

 

1.

 



Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер. 

2.

 



Мәтін жоспарын құрастырыңдар. 

3.

 



Мәтiнге 

еркiн 


шолу 

жасап, 


өз 

пiкiр-ойларыңды 

бiлдiрiп, 

шығармашылық мазмұндаманы жалғастырыңдар. 



 

 

 

Республикалық білім орталығы

 методисті             Г.Е. Айтбаева 

 

 

18 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал