Өз заманында өмірдің қиын шылығын кешіп, ашаршылық



жүктеу 56.17 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.09.2017
өлшемі56.17 Kb.

Өз заманында өмірдің  қиын-

шылығын кешіп, ашаршылық 

дәмін татып, зұлым соғыстың зар-

дабын шеккен бабаларымыз аз 

болған жоқ. Сол  қиыншылықта-

рға  қарамастан, ештеңеге 

мойымай өскелең  ұрпаққа 

ұлағатты тәлім-тәрбие беріп, 

оң жолын сілтеп, үлгі-өне-

гесін көрсетіп, үлкен із  қал-

дырған әкелеріміз жеткілікті. 

Менің әңгімемнің өзегі 

Ұлы Отан соғысына  қаты-

сушы, бейбітшілік уақытын-

да бар өмірін білім саласы-

на, балаларды оқытуға ар-

наған  Б е к қ о ж и н Асан 

Мәлкенұлы туралы болмақ. 

Бұл кісі менің әкем, дәлірек 

айтқанда әкемнің жалғыз 

ағасы. 

Асан Мәлкенұлы (азан 



шақырып  қойған есімі Әбіл-

Асан) 1918 жылдың наурыз 

айында  Қарағанды облысы, 

Жаңаарқа ауданы,  қазіргі 

Ақтау ауыл округінің Беста-

мақ деген  қыстағында дүни-

еге келген. Бабаларымыздың 

тарихи отаны  қазрігі Шет 

ауданының Ортау және Жа-

ңаарқа ауданының Ақтау ауылдық 

округтерінің тура шекарасында ор-

н а л а с қ а н . Ол жерді «Ақтау 

бекінісі», «Мектеп» деп те атайды. 

Ақтау бекінісі деп атаған себебі, 

Ресей патшалығының отаршыл-

дығы уақытында сол жерде бекініс 

бой көтерген. Алайда, Кенесары-

Наурызбай, Ағыбай батырлар  қала-

шықты бірнеше рет шабуылдап, 

тас-талқанын шығарған екен. Ол 

жайлы Ілияс  Е с е н б е р л и н н і ң 

«Көшпенділер» трилогиясында 

жақсы жазылған және Жаңаарқа 

ауданындағы мұражайда сол оқиға 

макетте анық көрсетіліп, кейбір 

тарихи жәдігерлері сақталған. Ол 

жерден мейлінше толық мағлұмат 

алуға болады. Әкеміз Арқа 

өңіріндегі ең алғашқы мектепте 

төртжылдық білім алып шығады. 

Ел арасында түрлі деңгейдегі 

дау-дамайды шешуге атсалысып, 

билігімен көзге түсіп жүрген Бек-

қожа әкелері 1929 жылы  қайтыс 

болады. Ағайын-туыс, жекжатта-

ры жан-жақтан: «Бидің баласысың-

дар, сендерге кеңес үкіметі күн 

көрсетпейді, басқа жаққа кетің-

дер» - деп әкелерімізге ақыл-ке-

ңес айтып, ауылдан  қашып шығуға 

қол  ұшын береді. Содан үлкен 

әкеміз Бекқожаның бауыры Ілияс, 

үлкен шешеміз, яғни әжеміз 

Күлшім, менің әкем  Қазкен (шын 

есімі Әбіл-Ғазым), тағы бірнеше 

ағайындар Ақтау өңірінен солтүстік 

жаққа бет алып, Ақмола  қаласы-

н ы ң  м а ң ы н д а ғ ы  Қызылжар 

ауылына барып ат басын тірейді. 

Сол кеткеннен әрі  қарай Макин-

ка елді мекенінде, Көкшетау ма-

ң а й ы н д а бірер жыл тұрып, 

Солтүстік  Қазақстан облысының 

Совет, Ленин аудандарына  қоныс 

тебеді. Екі ағайынды да мектеп-

тен онжылдық білім алып шыға-

ды. Ол уақытта онжылдық білім 

қазіргі жоғарғы білім дәрежесімен 

тең болды емес пе! Аралағаш, 

Қараағаш ауылдарының мектеп-

терінде ағасы математикадан, ал 

інісі денешынықтыру пәнінен 

сабақ берген. 

1941 жылы алғашқылардың 

бірі болып Асан әкем (кішкен-

тайымыздан Ата деп кеткенбіз) 

қан майданға аттанады. Інісі 

Қазкен керісінше Кеңес Одағы 

мен  Қытай елінің шекарасы-

на,  Қырғызстан Республика-

сының Ош облысына әскери 

борышын өтеуге жіберіледі. 

Жасынан зерек, білімі 

ұшқыр Асан әкеміз ІІ-Бело-

рус майданының дивизия шта-

бында рота командирінің сая-

си-тәрбие жөніндегі орынбаса-

ры болады. Сан-қилы шай-

қастарға  қатысып, майданда 

шыңдалады. Майданда көрсет-

кен ерліктері үшін «Қызыл 

Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» 

ордендерімен, «Ерлігі үшін», 

«Германияны жеңгені үшін» 

медальдарымен наградталды. 

1942 жылы ақпан айында 

Могилев  қаласының түбіндегі 

шайқаста ауыр жарақат алады. 

Әскери госпитальда ем алып жат-

қан кезінде неміс басқыншылары 

қоршауға алып, сол жердегінің бар-

лығы фашистердің тұтқынына ал-

ынған. Ащы тағдырдың жазуымен 

әкеміз көппен бірге Германияға ай-

далып, концлагерьге  қамалады. 

Концлагерьдің жақсысы бола ма, 

ол жерде біраз зардап шегеді. 


Қайнаған азаптың ішінде жүрсе де 

астыртын комсомол ячейкасын басқа-

рып, сырт жақпен байланыс жасайды. 

Тек 1945 жылы Кеңестер Одағының 

Армиясы оларды тұтқыннан азат етеді. 

Соғыстан аман-есен оралған соң 

әкеміз бұрынғы  ұстаздық  қызметіне 

кіріседі. Бас кезінде концлагерьде бол-

ғанының біраз зардабын шегеді. Құқық 

орындары қайта-қайта шақырып терге-

удің астына алады екен. Әбүйір болған-

да майданға  қатысқан әскери полкы-

ның  құжаттары табылады, оның шы-

нында да немістердің қоршауында қал-

ғаны жөнінде растайтын айқын дәйек-

тері шығады. Сонымен Асан атамыз 

қудалаудан біржолата  құтылады. Ол 

кісінің аузынан талай естідім, концлагерь-

лерде болған көп адамдар әскери штаб-

тарының  құжаттары немістердің бом-

былауының астында  қалып, өртеніп, 

жермен жексен болып кеткендіктен Ке-

ңес үкіметінің жаңа жазасына бостан-

босқа тартылған екен. Негізі атамыз ол 

жақта болғанын көп айта бермейтін. 

Солтүстік Қазақстан облысы, Совет 

ауданының аудан орталығы Смирнов-

та, кейін Арал-Ағаш селосының мектеп-

терінде математикадан сабақ беріп, 

еңбектен  қол үзбей жоғары білім ала-

ды. 1953 жылы Коммунистік партия 

қатарына өтеді. Мектепте мамандығы-

нан тыс  қоғамдық жұмыс-тарға белсе-

не араласып көпшіліктің көзіне де түседі. 

Басында директордың тәрбие 

жөніндегі, кейіннен оқу ісі жөнідегі орын-

басары  қызметтерін атқарады. 

Ағайындылар есін жинаған соң енді 

елге қайтудың қамын, жолдарын ойла-

стыра бастайды. Бірінші болып 1955 

жылы менің әкем Қазкен Жаңаарқаның 

басына көшіп келеді. Келген беттен 

аудандық денешынықтыру және спорт 

бөлімінің төрағасы болып тағайындала-

ды. 

Бірер жылдан кейін Асан атамыз да 



елге оралады. Жаңаарқа аудандық 

білім беру бөлімінің жолдамасымен 

Көктіңкөлі сегізжылдық мектебіне ма-

тематика пәнінен мұғалім болып жібер-

іледі. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз 

еліңде ұлтан бол» дегендей, жай ұстаз-

дықтан бастаған әкеміз өзін жан-жақ-

ты көрсете бастайды. Сабақтан тыс 

уақытында оқушылар арасында радио, 

фото үйірмелер ашады, оларға бар 

өнерін үйретеді. Мектептегі әріптестері, 

оқушылары арасында бедел жинайды. 

Ақадыр кентінде әкеміздің Шерәлиев 

Алдияр деген шәкірті тұрады. Жастай-

ынан радио, теледидар, тоңазытқыш, 

тағы басқа тұрмыстық техниканы жөнде-

уде алдына жан салмайтын шебер. 

Қазіргі уақытта заманға сай компью-

терлік техниканы жөндеуді де өте жақ-

сы меңгерген. «Осы жетістіктерім ұста-

зым Асан Мәлкенұлының үйірмесіне 

қатысқанымның пайдасы!» деп жиі ай-

тып жүреді. 

Жалпы атамыздан білім алған 

біршама шәкірттері үлкен биіктерден 

көріне білді. Шоқаманов Юрий  Қазақ-

стан Республикасының Статистика 

жөніндегі Агенттігі төрағасының бірінші 

орынбасары болса, Медеубаев Сағын-

тай Ақадыр аудандық ішкі істер 

бөлімінде, Қарағанды облыстық депар-

таментінде, Ішкі істер Министрлігінде 

жауапты  қызметтерде болды. Ақадыр 

кентінде милиция органының ардагері 

Махмұтов Имлис (марқұм болған) 

тұрды. Бір күні мен кездейсоқ ол кісінің 

Солтүстік  Қазақстан облысынан екенін 

біліп  қалдым. Әкелерімнің сол жақта 

тұрғанын айтып едім, «Ой, ол кісілер 

маған мектепте сабақ берген» - демесі 

бар ма! Сөйтсем әкелеріміз, біреуі ма-

тематикадан, екіншісі дене шынықтыру-

дан ол кісіге солтүстікте жүргенде 

сабақ берген екен. Бірақ осы тосын жа-

ңалықты білгенде әкейлер дүниеден 

қайтқан болатын. Имлис Махмұтұлы 

Ақшатау кенттік полиция бөлімшесінің, 

аудандық паспорт бөлімінің, Ақадыр 

аудандық ішкі істер бөліміне  қарасты 

тергеу бөлімінің басшысы, аудандық 

ішкі істер бөлімі бастығының орынба-

сары  қызметтерін атқарды. Екінің бірі 

жете алмайтын «Қазақ ССР-ің Үздік тер-

геушісі» төсбелгісімен марапатталған 

құқық  қорғау саласының білікті мама-

ны болған. 

Асан әкеміз  қызмет атқарған, бас-

шылық жасаған ұжымдарда қол астын-

да еңбек еткен әріптестерінің оны ұстаз, 

тәлімгер ретінде санайтындары баршы-

лық. Олар  қазіргі уақытта жазушылы-

ғымен аты шығып жүрген Ілиясов Төлеу-

хан, еліміздің спортына, оның ішінде 

қазақ күресіне еңбегі сіңген, жазушы-

лық, ақындық өнері бар Асқартегі Тай-

төлеу, теміржол саласында үлкен  қыз-

метте жүрген Қилыбаев Мертай, атақты 

механизатор, «Құрмет белгісі» орденінің 

иегері Поник Иван, Ақадыр, Тоқырауын 

аудандық партия комитеттерінің бірінші 

хатшысы болған Колбасин Иван... Тізе 

берсем, әрі  қарай табыла береді. 

Қажырлы еңбегінің, үлкен  ұйымда-

стырушылық  қабілетінің арқасында 

әкеміз Көктіңкөлі орта мектебі дирек-

торының оқу ісіндегі орынбасары, кейі-

ннен сол мектептің директоры лауазы-

мына  ұсынылды. Арасында Жаңаарқа 

аудандық партия комитетінің жолдама-

сымен Бидайық орта мектебінің дирек-

торы, сонсоң Көктіңкөлі орта мектебінің 

басшылығына  қайтадан  қайтып келіп, 

зейнеткерлікке шыққанға дейін қызмет 

атқарды. Әкеміздің еңбегі үкіметтің на-

зарынан тыс қалмады. Қазақ ССР-І Жо-

ғарғы Кеңесінің  Құрмет грамотасымен, 

«Кеңес Одағының Білім саласының 

үздігі», «Қазақ ССР-нің Үздік ағартушы-

сы» төсбелгілерімен, бірнеше облыс, 

аудан басшыларының  Құрмет грамота-

ларымен марапатталды. 

Асан Мәлкенұлы  қайда болмасын 

тұрған жерінде ауылдастарының, кең-

шар басшыларының зор беделіне ие 

болған аса сыйлы адамы, үйінен  қонақ 

шықпайтын, би түсетін киелі, өнегелі 

шаңырақтың иесі болды. 

Әкеміздің тағы бір үлкен  қасиеті -

оның бауырмалдығы, туған-туысқа де-

ген жанашырлығы. Әрбір демалыс, ме-

реке күндері үйде отырмайтын. Туысқ-

анның басым бөлігі Жаңаарқада бол-

ғандықтан отбасын көлікке мінгізіп, сол 

жаққа тартып кететін. Өзінен үлкен-кіші 

ағайындары, бізге әке болып келетін 

Мұхамеджан, Мағзұм, Үкібас,  Қаратай, 

Дүкенбай, Өксікбай, Өсербай, Өскенбай, 

Мұхамедқали, тағы басқа туысқандар 

өз үйлерінде  құшақ жая  қарсы алушы 

еді. Мал сойылып,  қымыз, шай ішіліп, 

қарта ойналып әкелеріміз, жеңгелеріміз 

шат-шадыман думанға бөленетін. Келесі 

кезекте Көктіңкөлі ауылында думанды 

кеш жалғасын тауып жатушы еді. Осы 

ұйымшылдық ағайын-туыс арасында 

қиын сәттерде бір-біріне  қол  ұшын бе-

руге, демеп жіберуге үлкен септігін 

тигізіп жататын. 

Арасында бала болсақ та, біз де 

жүретінбіз. Туған-туысымызбен етене 

араласып, оң-солымызды айыратын 

тәрбие алып шықтық десем артық айт-

қандық емес. Асан атамыз ашық мінезді, 

кімді болсын аузына қарататын, қай та-

қырыпта болсын әңгімені өрбітетін абыз 

адам болды. Шежірені, еліміздің тари-

хын шерткенде алдына жан салмайтын. 

«Мұғалімнің білмейтіні жоқ» деген осы-

дан шыққан болар! 

Әкеміздің Сары-Ағаш санаторийін-

де атақты  қолбасшы Бауыржан Мо-

мышұлымен бірге түскен суреті бар. 

«Елдің барлығы Баукеңді  қатал, жаны-

на адам жолатпайды дегені шындыққа 

жанаспайды. Мен ол кісімен бірге де-

малдым,  қарапайым, кеңпейіл жақсы 

адам» деп отыратын. Сонда әкеміз ол 

кісімен де жақсы тіл табыса алғанға 

ұқсайды. 

Менің әкем  Қазкен ағасын «Әтәй» 

деп, оған қарсы шығып, алдына көлде-

нең келіп көрген емес. Ағасын  қатты 

сыйлап, оны пір санайтын. Әкемізге бір 

сұрақпен барсақ: «Әтәйім біледі, содан 

сұраңдар!» - деп соған сілтеп жіберетін. 

Мен ол кісінің жанында көп жүрдім, 

қолым қалт етсе әңгімесін, ақыл-кеңесін, 

әсіресе ру-еліміздің тарихын, шежіресін 

жақсы тыңдайтынмын. Екі үйдің бала-

сының ақылшысы,  қамқоршысы сол 

Асан әкеміз болды. Содан болар, бүгінгі 

күні менен кейінгі тете інім Өмірзақ қажы 

дін саласында  Қарағанды облысының 

бас имамы  қызметін атқарып жүрсе, 

Юржан бауырым Жаңаарқа ауданы 

әкімінің орынбасары болып  қызмет 

етеді. Мен де елден қалыспай ұзақ жыл-

дар бойы мемлекеттің жауапты қызмет-

терінен кенде болған емеспін. Біздің осы 

жетістіктеріміз сол әкеміздің берген 

тәлім-тәрбиесі, жеке басының үлгі-өне-

гесі деп санаймын. 

Міне, Ұлы Отан соғысының ардагері, 

білікті, әрі  ұлағатты  ұстаз, өзінің өске-

лең  ұрпағына ғана емес, барша елге 

өнеге болған әкеміз Бекқожин Асан 

Мәлкенұлының  қысқаша өмірбаяны 

осындай! 



Шет шұғыласы. - 2015. - 9 сәуір ( №14 ). - 3, 4 б . 

жүктеу 56.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет