Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай диагностика жүргізудің жолдары



жүктеу 14.49 Kb.
Дата30.04.2022
өлшемі14.49 Kb.
#19493
АБ Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай диагностика жүргізудің жолдары.
«Сауат ашу» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне қарай диагностика жүргізудің жолдары.
Оқыту мен білім беру процесіндегі ең маңызды бөліктердің бірі оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай олардың қызығушылығы мен қабылдауы, ойлауы мен сөйлеуі әртүрлі болады. Сондықтан, оларды оқыту құралдары да, тәсілдері де әртүрлі болады. Бұл модульде біз ең алдымен баланың танымдық даму деңгейін анықтап алуымыз қажет. Яғни, баланың оқу және белгілі бір мәселелерді шешу дағдыларын, сонымен қатар оның сөз сөйлеуін, ойлауын, зейінін, тапқырлық және шығармашылық қабілеттерінің қандай дәрежеде екендігін анықтап, оның ары қарай дамуына ықпал етуіміз керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың мінез – құлықтарында айырмашылықтар болады. Мінез – құлықты психология ғылымы зерттейтіні баршаға мәлім. Бірақ сол үлкен саланың бихевиористикалық бағыты адамдар мінез – құлығының қоғаммен өзара байланысын зерттеп зерделеу үшін пайдаланылады.
«Мұғалімдерге арналған нұсқаулыққа» сүйенетін болсақ, бихевиоризмнің негізін салушы Джон Б. Уотсон болған. Ол зертханалық эксперименттерге сүйене отырып тәжірибе жүргізген. Соның нәтижесінде «түрткі – реакция» моделі жасалды. Бұл модельде жеке тұлға қоршаған ортаға қарай іс – әрекет ететін түрткі жасаушы ретінде қарастырылған. Кейін келе Эдвард Л. Торндайк және Скиннер секілді зерттеушілер осы модельді негізге ала отырып бұл көзқарасты ары қарай дамытты. Осы теорияға сүйенетін болсақ, адамның іс – әрекеттерін ынталандыру үшін оларға қолдау көрсетіп, көтермелеу және жат мінез – құлықтан арылту үшін оны тоқтату немесе жаза қолдану керек екендігі айтылған
Пиаже, Джин Пиагет, Мария Монтессори және Лев Выготский секілді ғалымдар балалардың танымы ерте жастан дамитынын атап айтқан. Олардың айтуы бойынша кішкентай балалар өзін қоршаған орта мен адамдардан оқып, үйренеді. Осы арқылы балалардың танымын ерте жастан бастап-ақ дамытуға болады. Балалардың зейіні әр жаста әртүрлі болатындығын Хаген және Хейл (1973ж) зерттеп, анықтады. Олар зерттеуінде бірнеше ашықхат суреттерін пайдаланып, оларды 5-6 және 14-15 жастағы балаларға көрсетті. Онда екі сурет қолданылды, бірақ оның біреуін ғана есте сақтау қажет еді. 14-15 жастағы балалар қажетті суретті есте сақтаған, ал 5-6 жастағы балалар керісінше есте сақтауға қажет болмаған суретке көбірек зейінін аударған. Бұдан шығатын қорытынды, ересек балалар зейінін дұрыс әрі тиімдірек пайдаланады, ал кіші жастағы балалар оны толық түсіне алмағандықтан зейінін бір нәрсеге шоғырландыра алмайды. Демек мұғалім оқыту процесінде тапсырмаларды тартымды, қызықты және оқушыларға лайықты етіп жасау қажет. Аткинсон мен Шифрин (1968) қысқа және ұзақ мерзімді есте сақтауды өздерінің зерттеулерінде анықтады. Олардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ, қысқа мерзімді жады адамның жадында негізгі орын алады. Ұзақ мерзімді жады негізгі үш компоненттерден тұрады. Олар: рәсімді жады, эпизодтық жады және семантикалық жады. Рәсімдік жады адамдардың іс – әрекеттерді қалай орындау қажет екендігін үйренгенін есте сақтайтын «қойма» болса, эпизодтық жадыға көзбен көрген, сезім мүшелерімен келген мәліметтерді есте сақтау кіреді, ал семантикалық жадыға келер болсақ, ол адамның естеліктерін, өмірінде орыналған эпизодьары мен оқиғаларын, идеяларын, пікірлерін және жалпы тұжырымдамаларын есте сақтау үшін қолданады. Жоғарыда айтылған бихевиористикалық көзқарастарға сүйенетін болсақ, балалардың тілді фрагментін ғана айтады. Уақыт өте келе ол сөздерді толық айтуға, сөйлемдер құрауға үйренеді. Жасы ұлғайған сайын балалардың сөздік қоры артады. Демек осы жағдайларды ескере отырып біз әртүрлі жастағы балаларда кездесетін кедергілерді анықтап, оларды шешудің тиімді жолдарын қарастыра отырып оқыту үдерісін іске асырамыз. Ол үшін мұғалім жоспар жасап, оны орындау үшін қолайлы тәсілдерді таңдап, оны дұрыс, әрі ұтымды пайдалана білуі керек. Сол кезде оқыту процесінде мұғалім жақсы нәтижеге қол жеткізе алады деп ойламын. Ал оқушы болса, өзіне лайықты әрі қажетті деңгейде білім ала алады.
жүктеу 14.49 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет