Логикалықсалдар:бұл фомула бойынша, егер газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы өзгермейтін болса, онда газдың берілген массасы үшін газ қысымы мен көлемінің көбейтіндісі тұрақты болып қалады, яғни рV - const.
Эксперименттік тексеру:алынған қорытынды рV - const Бойль-Мариотт заңы деп аталады, ол 1662 және 1676-жылдары ашылған. Сабақта бұл заң туралы демонстрациялық тәжірибе көрсетіліп, рV - const екендігі дәлелденеді.
Теориялық негізі:молекула-кинетикалық теория тұрғы- сынан модель-гипотеза дәлелденіліп, түсіндіріледі
Кулон және электролиз заңдары, электромагниттік және фотоэффект құбылыстары, т.т. осындай шығармашылық заңды- лықар негізінде айқындалып ашылғандығы түсіндірілуі тиіс.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда, оларға эксперименттік есептер, шығармашылық жаттығулар, зерттеу- шілік лабораториялық жұмыстар, тапқырлыққа баулитын қызық- ты үй тапсырмаларын (бақылау жүргізу, модель жасау, конструк- циялық сұлбалар орындаттыру қажет. Физика сабақтарында және үйірме жұмыстарында ғалымдардың, конструкторлардың, өнер- тапқыштардың, бизнесмендердің өмір жолы мен шығармашылық іс-әрекеті жайлы ұдайы оқып, олардың шығармашылық ерекше- ліктерімен таныстырып отыруды дағдыға айналдырған жөн. Сонда физиканы оқытудың міндеттерінің де дұрыс шешілуіне қолайлы жағдай туғызылатын болады.