Оқушыларды физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту



жүктеу 113.82 Kb.
бет1/5
Дата10.02.2022
өлшемі113.82 Kb.
#17120
  1   2   3   4   5
2-практикалық сабақ-Байтурсын
Топ ымы, мысалдар. Топты арапайым асиеттері Аны тама, Физикада математикалық әдістері (1), Векторлар рісі, МФТ дәрістер, зертханалық жұмыс 2021 2022, Кернеулік векторыны а ыны. Электр рісі графиктік т рде рбір н, 3 тапсырма, Емтихан с ра тары Электрді атомистік т р ыда ы таби аты, Механиканы физикалы негіздері Механика Механика, 3 тапсырма АЖСТ, 1тапсырма Сақина түрлері

Оқушыларды физикалық ойлау және шығармашылық кабілеттерін дамыту


Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту – мектептің білім берудегі басты міндеттердің бірі. Ойлаудың даму проблемасы- ның ерекше мәнділігі білім берудің мақсаты мен міндеттерінің өзгеруімен байланысты. Білімдер, іскерліктер және дағдыларды меңгеру осы дамудың құралдары болып табылады.

Мектеп жағдайындағы белсенді, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру талаптары жөніндегі қоғамның тапсырысы педаго- гикалық қауымдастықтың білім мазмұнына, оқытудың жүйесіне, құралдарына деген көзқарасты өзгертті. Білімнің шығармашылық тәжірибені, әлемге деген эмоционалды-құндылықтық қатынас тәжірибесін беру мектеп оқушысының дамуы үшін үлкен маңызға ие. Сонымен қатар оқушының тұлғалық дамуы үшін оның өзінің оқу-тәрбиелік процесінің объектісінен мұғаліммен белсенді өзара әрекеттесетін субъектіге айналғандығы қажет. Оқушының жеке тұлғасының дамуы, ең алдымен, оның ойлауы- ның дамуын болжайды. Ойлау – бұл объективті болмысты бей- нелеу процесінің, адамзаттың танымның ең жоғары сатысы.

Жалпы айтқанда, мектеп оқушыларының ойлауының дамуы оқытудағы басты міндеттердің бірі болып саналады, мұғалім оны шеше отырып, нақты бір оқу материалында мектеп оқушыларын салыстыруға, талдау жасауға, топтастыруға, жинақтауға үйретеді.

Ғылымдар дамуының тарихы, бірінші кезекте, физиканың дамуы, ғылыми дамудың қалай дамығандығын, байытылған- дығын көрсетеді; көп уақыт бойы жаратылыстануда үстемдік етіп келген метафизикалық ойлаудың орнына біртіндеп диалекти- калық ойлау келеді. ХХ ғ. Физика саласындағы төңкерістер (жаңалықтар) шынайы болмысты тепе-тең бейнелеу үшін диалек- тикалық ойлау заңдарын қолдану қажеттілігін дәлелдей түсті. Әдістемелік әдебиеттерде пайдаланылатын ғылыми ойлауға тән негізгі көріністерді бөліп көрсетейік. Олар, ең алдымен:



    • объектінің диалектикалық қарама-қарсы қасиеттерінің, құбылыстардың бірмезгілде болуы мүмкіндігін түсіну, диалек- тикалық қарама-қайшылықтарға сүйене білу;

    • объект немесе құбылыстың үнемі қозғалыста, дамуда екендігін қарастыра білу;

    • білімнің нақтылығын, оның белгілі бір жағдайларда шындық екенін түсіну;

    • сапалық және сандық өзгерістердің өзара байланыстылығын түсіну;

    • ғылыми білімнің дамуындағы теріске шығаруды көре білу.

Оқушыларда ғылыми ойлаудың дамуының бір маңызды шарты -оларда табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы мен өзара келісімділігі туралы түсініктерінің қалыптасуы болып табылады. Табиғат құбылыстарының өзара байланыстылығы мен өзара келісімділігі жөнінде айтқанда, физикаға оқыту кезінде оқушыларға физикалық құбылыстар мен процестердің ішкі, мәнді өзара келісімділігін көруді және ұғынуға үйрету керектігін естен шығармаған жөн. Мысалы, мынадай құбылыстардың, күннің күркіреуі мен найзағайдың өзара байланыстылығы төмен сынып- тағы оқушыларға да түсінікті. Алайда бұл табиғат құбылыс- тарының қасиеті құбылысты анықтап тұратын мәнді сипаттарды талдау мен салыстыру арқылы ашылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, физикалық құбылыстардың өзара байланыстылығы мен өзара келісімділігі, олардың дамуы мен бағытының сипаты физикада ең алдымен физикалық шамалардың арасындағы байланыспен анықталады. Физика ғылымының басты түсінік- терінің бірі – физикалық объектінің немесе оның әртүрлі қасиеттерінің сапалық әрі сандық (мөлшерлік) әралуандылығын анықтап тұратын физикалық шама ұғымы болып табылады.

Орта мектептің жоғары сыныптарында оқушылар көптеген физикалық шамалармен танысады. Өкінішке орай, бірқатар жағдайларда шаманың физикалық мәні оқушыларға түсініксіз болып қала береді. Мұндай кемшіліктердің себептерінің бірі оқушылардың физикалық шамалардың өздері анықтайтын объектілердің (құбылыстардың) қасиеттерімен байланыстылығын түсінбеулерінде, мұндай байланыстарды талдай алмауларында, яғни берілген физикалық объектінің (құбылыстың) күйінің оны сипаттайтын физикалық шамаларға тәуелділігін көре білмеу- лерінде жатыр.

Механика тарауын оқығанда (жоғары сыныптарда) оқушы- лардың ойлау үлгісінің қалыптасуының, меңгерілген білімдерінің метафизикалық сипаты ерекше анық көрінеді. Бұл тарауда саны өте көп физикалық есептерді шешуді алгоритмдеу кез-келген физикалық жағдайды талдағанда (мысалы, Ньютон заңдарын қарастырғанда) оқушыларды сол немесе басқа бір физикалық объектіге немесе объектілер жүйесіне әсер ететін күштерді және

Ньютонның екінші заңына сәйкес біржақты байланыстарды анықтауларына әкеледі. Одан әрі қарай формальды матема- тикалық айла-амалдар оқушыларды ізделіп отырған есептің шешуіне әкеледі.

Ең алдымен, ұқсас тапсырмаларды шешкенде дәстүрлі шешулер аясынан шығып, сол немесе басқа физикалық параметр- лердің өзгеруі кезінде объектінің алатын мүмкін сипатын талдап, алынған нәтижелерді және олардың физикалық жағдайға анық сәйкестігін анықтап, мүмкін болатын шешімдерді болжау керек. Мысал үшін механика курсында дәстүрлі шешіліп жүрген есепке тоқталайық. Есепте орталық серпімді соққы кезіндегі дененің (материалдық нүктелердің) жағдайы анықталатын болады. Оқушылар өзара әсерлешуші екі дененің біреуі тыныштықта


болып, олардың массалары

m1 мен

m2 және біреуінің жылдам-

дығы берілсе, олардың соқтығысқаннан кейінгі жылдам-

дықтарын ( 1, 2 ) импульс пен энергияның сақталу заңдарын



қолданып анықтайды.

m 2
m 2 m 2

1

m1 2

1 1 2 2

2 2



Осы екі теңдеуді шешіп мен

;

2 -ні анықтайды:



Егер есепті оқушыларда сақталу заңдарын қолдану дағдыларын қалыптастыру көзделсе, онда мұнымен тапсырманың орындалғандығы деп есептеуге болады. Алайда мұндай формальды шешу шын мәнісінде денелердің күйі жөнінде ештеңе айтпайды. Тек өзара әрекеттесуші денелердің массаларының арақатынасын есепте анықталатын нақты жағдайды талдағанда ғана қойылған сұраққа жауап беруі мүмкін. Шын мәнісінде егер денелер массасы тең ( m1 m2 ) болса, онда бұрын қозғалып келе жатқан дененің жылдамдығы соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығы нөлге теңеледі, ал тыныштық күйдегі дене V жылдамдығымен қозғалатын болады. т1 және т2 шама мәндерінің 1>т2 немесе т1<т2) арақатынасына орай денелердің алатын жылдамдықтары бір бағытта немесе қарама-қарсы бағытта болады. Егер денелер массалары бір-бірінен ерекше айырма- шылықта болғанда 1 >> т2 немесе т1 << т2) өзара

әрекеттесуден кейінгі алатын жылдамдықтар төмендегі жағдай- лардағы қозғалысқа сәйкес:

  1. ауыр дененің жылдамдығы өзгермей, ал жеңіл дененің жылдамдығы 2 есе артады;

  2. жеңіл дененің ауыр денеден серпілуі болады.

Келтірілген жағдайлардың барлық әралуандылығы т1 және т2 мәндерінің процесті анықтайтын физикалық шамалардың арақатынасына және V1 және V2 анықтайтын формулаларды талдау нәтижесінде алынды.

Мектеп оқушыларының ғылыми ойлауы жөнінде айтқанда есте сақтарлық нәрсе – бұл физика мұғалімі оқушыларда физика ғылымының әзір тұрған ақиқат қоймасы емес, оларға жету процесі, білмеуден білуге деген қозғалыс екендігін, шектеулі білімнен едәуір дәл, жалпыға ортақтылыққа ұмтылыс екендігін түсінуді шексіз.

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс заманындағы нарықтық катынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, коопе- ратив пен жеке косіпорынның, кәсіпкерлік пен меншіктің әр түрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттігі болашақ кадрлардан жаңалыққа реакциясы жылдам, бақылаушылық ебдейлігі мен стандартты емес ойлау бейімділігі жетілген, тап- қырлық пен ізденімпаздықты, шеберлік және іскерлік қасиеттерді талап етеді. Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор істі мектепттен бастап, жастарға конструкторлық және өнер- тапқыштық шығармашылықтың негізін үйретуіміз керек. Бұған физика сабақтарының мол мүмкіндігін пайдалануымыз тиіс.

Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру олардың физикалық ойлауын дамытудың құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Жас жеткіншектердің шығар- машылық қабілетін дамытудың әдістемесі ғылыми-техникалық шығармашылық процестің заңдылықтарына негізделіп жүргізілуі керек. Жалпы алғанда, шығармашылық процестің құрылымы өзіне тән кезеңдер мен сатылардан, фазалар мен периодтардан тұратындығы П.К.Энгельмейердің, П.М.Якобсонның, Я.АПоно- маревтің, т.б. зерттеулерінен белгілі.

Атақты физик-ғалымдардың (А.Эйнштейн, М.Борн, М.Планк, П.Л.Капица, А.Иоффе, И.Курчатов, С.Королев, т.б.) ғылыми өмір тәжірибесін қорытып, ой-пікірлерін талдап қарасақ, ғылыми- техникалық шығармашылықтың элементтері мынадай цикл түрінде құрылатындығы белгілі: фактілерді жинақтау → гипотеза

ұсыну (абстракты модель құру) идеяны шешу принципін анықтау → теориялық салдарларды қорыту → оларды эксперимент жүзінде тексеріп көру.

Оқушылардың физикалық ұғымдарды түсініп, талдап ұғуы олардың логикалық және диалектикалық ойлауын дамытуға зор ықпал етеді. Академик С.И. Вавилов айтқандай, физикалық ойлауға дағдылану керек, оған көп жаттығу мен үзақ үйренудің нәтижесінде қол жеткізуге болады, бұл физиканы оқытудың ең басты міндеітерінің бірі болуы тиіс.

Физика - табиғат туралы ғылым. Оның басты мақсаты -заттар мен денелердің, құбылыстар мен процестердің негізгі қасиеттерін біліп-тану, табиғат кұбылыстарының заңдылықтарын зерттеу. Сабақта мұндай танымдық процесс оқушылардың физикалық ойлауын дамытуды қажет етеді. Бұл үшін оқыту процесінде анализ және синтез, салыстыру мен аналогия, классификация және жүйелілік (систематизация), абстракция және жинақтап қорытындылау сияқты логикалық ойлау операцияларын пайдала- намыз. Демек, физиканы осындай логикалық талапқа сай оқытып, физика ғылымы негіздерінің логикалық жүйесін ашу арқылы оқушы жастардың физикалық ойлауы дамытылады. Бұл, әрине, алдымен мұғалімнің физикалық білімдер жүйесі мен оның құрылымының ерекшелік сипаттарын білуің қажет етеді.

Оқушылардың физикалық ойлауын дамытуда ең алдымен оларды диалектикалық ойлауға, яғни физикалық құбылыстар сырының қалай ашылғандығына (мысалы, архимед күші, элек- тромагнитгік толқын, радио байланыс, т.т.) үйретіп, әлі шешіл- меген мәселелердің зерттеліп толық білімге айналатындығын (атомның және ядроның құрылысы, ғарыш кемелерін ұшыру, телевизиялық хабар беру, т.т.) түсіндіріп, физикалық заңдылық- тардың өзара байланысын (газ заңдары, уранның тізбекті реакциясы, т.т.) ашып көрсетуіміз қажет.

Мектепте физиканы оқыту кезінде оқушыларда логикалық ойлаудың негізінен мынадай түрлері қалыптастырылып, дамытылуы тиісті:

1.физикалық ойлау; 2.ғылыми-техникалық ойлау; 3.диалектикалық ойлау; 4.индуктивтік ойлау; 5.дедуктивтік ойлау; 6.абстракты ойлау.

Әрине, мұның бәрі бір сабақта немесе бір тарауды оқытумен бітетін іс емес, мұны оқушылардың мектепті бітіргенге дейін дамытылатын қабілеттері деп түсінуіміз тиіс.




  1. жүктеу 113.82 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет