ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім Қараша 2015 жыл


Химия-биология пән бірлестік



жүктеу 0.54 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата15.02.2017
өлшемі0.54 Mb.
1   2   3   4   5   6

Химия-биология пән бірлестік

жетекшісі Махмутова Г.С

Тәжірибе. Жоспар. Бағдарлама.

А й н а с ы

 10

Білім

2015-2016 оқу жылында физика-информатика пән

бірлестігі «Физика және информатика сабақтарында

сын  тұрғысынан  ойлау  әдістері  мен  тәсілдерін

қолдану  арқылы  оқушы  тұлғасын  дамыту»    деген

тақырып  аясында  жұмыс  жүргізіп  келеді.    Қазіргі

таңда  физика  және  информатика  бірлістігінде

барлығы  8 мұғалім жұмыс жасап жатыр.

Қазіргі  білім  мен  ғылымға  көп  көңіл  бөлініп

отырған заман  ұстаздар  қауымынан көп ізденуді,

үнемі оқып, білімін жетілдіруді, жан-жақтылықты

талап етіп отыр. Осыған байланысты физика және

информатика  пәні    мұғалімдерінің  білімдерін

жетілдіру,  жаңа  технологиялар  мен  білім

саласындағы  жаңа  енгізілімдермен  таныстыру

мақсатында Облыстық және Республикалық  білім

жетілдіру  институтында  әр  түрлі  бағыттағы  білім

жетілдіру оқу сатылары өткізіліп отырылды. Соның

ішінде  Қазақстан  Республикасы  педагог

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстары

бойынша  барлығы  6-  мұғалім    деңгейлік

бағдарламаларымен  білімін  жетілдіре  отырып,

мектеп шеңберінде өзгеріс енгізуіне ықпал етуде.

Осы  оқу  жылының    19-24  қазан  аралығында

мектеп-лицейдің  оқу  жоспарына  сәйкес  физика

және информатика апталығы болып өтті.

Апталықтың мақсаты: бірлестік мұғалімдерінің іс-

тәжірибесін  насихаттау,  мұғалімнің  кәсіби

шеберлігінің шыңдалып өсуіне, жан-жақты жетілуіне

бағыт-бағдар  беру,  жан-жақты  дамыған,  өзіндік

танымдық дағдылары қалыптасқан, шығармашыл

қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу жұмысының озық

әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану  және мұғалімдерге

әдістемелік көмек көрсету;

Апталыққа  байланысты  қабырға  газеттері

шығарылды.  Барлық  пән  мұғалімдері  өз  әдіс  –

тәсіліне,  еңбек  өтіліні  сай  ашық  сабақ  үлгілерін

тиісті  дәрежесінде өткізді.  Апталық өз  деңгейінде

өтті, жоспар ланған іс шаралар және ашық сабақтар

жоспарланған  уақытында  өтті.Апталықта  барлық

сыныптар  қабірға  газеттерін  шығарды.  Өте

мазмұнды,  көрнекі  түрде  шығарылған  қабырға

газеттері шығарылды. Өте мазмұнды және тақырыпқа

сай қабырға газеттерін  8"б»,  9"б» , 10"б» сыныптары

шығарды. Апталықта жоспарланған барлық ашық

сабақтар өз уақытында өтті. Бірлестік мұғалімдері

апталыққа  үлкен  дайындықпен  келгенін  айтуға

болады.


Апталықта  барлық  мұғалімдер  оқытудың

тиімділігін  арттыру  үшін  қазіргі  таңда  жиі

қолданылып жүрген инновациялық технологияларды

қолданды.  Кембридждік  оқытудың  жаңа  әдіс-

тәсілдері жеті модульді практикалық түрде қолдану

арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізді.

Апталықта физика пәні мұғалімі: Сүйеуова Ш.Б,

информатика пәні мұғалімдері Алдамжарова Ж.Ә,

Бекенова З Т, Григорьева И. А,  Абдукаримова А.О.

сабақтарынан  қазіргі  таңда  оқытудың  тиімділігін

арттыру  үшін  Кембридждік  оқытудың  жаңа  әдіс-

тәсілдерін практикалық түрде қолдану арқылы, оның

артықшылықтарына  көз  жеткізді.Сабақтарда

оқушылардың топты бағалауы, өзін-өзі бағалауы, өз

ойын ашық жеткізе білу дағдысының  қалыптасып,

жаңа бағыт алғанын көруге болады.

Информатика  пәні  мұғалімдері  Алдмамжарова

Ж.Ә, Бекенова З.Т, Абдукаримова А.О. сабақтары өте

жақсы ұйымдастырылған, мұғалімдер Кембридждік

оқытудың  әдіс-тәсілдерін  қолдана  отырып,  сабақтың  әр

кезеңін  ұтымды  ұйымдастыра  білсе,  физика  пәні  мұғалімі

Сүйеуова  Ш.Б.  сабағында  оқушыларға    физикалық

тәжірибелерді  көрсете  отырып,  пәнге  қызығушылығын

арттырды және сабақта оқушылардың әртүрлі проблемалық

сұрақтарға нақты физикалық тілмен жауап беру  және деңгейлік

тапсырмалар орындау дағдысының қалыптасқанын байқатты.

Мектеп-лицейдің директоры Абдыкалыкова М.Н. апталық

«жоғары деңгейде» өтті деген қорытынды жасады, бірақ әлі де

болса, бірлестік мұғалімдерінің кез-келген сабаққа аса жоғары

дайындықпен  келу  керектігін  назардан  тыс  қалдырмауын

ескертіп айтты және мұғалімдерге «Оқушылардың оқуға деген

ынтасын  көтеруде  танымдық  тұрғыда    көп  жұмыстар

атқарылуы тиіс, сондықтан уақытпен санаспай дайындалу

мәселесін көтерді», қосымша дайындықтарға  дұрыс келмейтін

оқушыларға талап қою мәселесін көтерді, физикадан қосымша

дайындық жүргізуді жүйелендіру керектігін айтты.



Физика және информатика бірлестігі жетекшісі

Сүйеуова Шолпан Бахытханқызы

«Жас  ғалым»  физика  және  информатика  бірлестігі  апталығы

Тәжірибе. Жоспар. Бағдарлама.

11

А й н а с ы

Білім

Күрең 


күздің 

қазан 


айы

аяқталып,оқушылардың  көптен  күткен

демалысы да келді. 1- тоқсанда мектеп тіршілігі

қарбалас  болды.  Оқушылар  үшін  мектептің

қоғамдық  жұмысына  араласуы  басты  назарда

болып  келеді.  Лицейімізде  жылда  өзінің

белсенділігін  көрсетіп  келе  жатқан  мектеп

парламенті 

бар. 

Мектеп 


парламенті

оқушылардың 

көшбасшылық 

қасиетін


арттырып,  оқушылардың  қоғамға  араласуына

септігін  тигізеді.  Мектеп  парламентінің

құрылғанына да біраз жылдар болды. Осы жылдар

ішінде парламент құрамында оқуда озат, спортта

шебер,белсенді оқушылар жұмыс істеді. Биылғы

жылы  да  осы  дәстүрімізден  танбай  белсенді

жастарды  парламент  құрамына  қабылдадық.

Лицей парламентінің негізгі құрамы президент және 8

кеңесшіден  тұрады.  Қалған  оқушылар  кеңесшілерге

көмектеседі.  Ал  парламент  мақсатына  келер  болсақ,

оқушылар  арасында  бәсекелестікті  арттырып,

оқушыларды  жақсы  тәртіпке  тәрбиелеп,  лицей

абыройын арттыру. Сонымен оқушылар парламентінің

президенті болып,  мен, яғни, 9 «б» сынып оқушысы

Аппазов  Алмас  сайланды.  Одан  басқа  8  кеңесші

Мектеп  парламенті

сайланды. Бірнешеуін атап өтсем оқу кеңесшісі болып 9

«б»  сынып  оқушысы  Нурмухаммедова  Малика,ақпарат

кеңесшісі болып 9 «а» сынып оқушысы

Қанибекова Айдана, мәдениет кеңесшісі

болып 9 «б» сынып оқушысы Талғатбек

Арайлым  сайланды,  тәртіп  кеңесшісі,

ішкі байланыстар кеңесшісі, әлеум еттік

тәжірибелер кеңесшісі сынды кеңесшілер

өз  орындарына  жайғасты.  Парламент

жұмысының өткен жылына көз тастасақ

мектепте  оқушылардың  сұранысы

бойынша «Қыз сыны», «Жігіт сұлтаны»,

Абай  оқулары,  ұлттық  валюта  күніне

байланысты  слайдтар шеруі, мектепшілік

пікірсайыс  турнирлері,  Қарттар  үйіне

оқушылар  концерті  сынды  іс-шаралар

ұйымдастырылды. Енді осы жылға қойған

мақсатымыз  өткен  жылы  болған  үлгілі

істерді  жалғастырып,  спорттық  сайыстар,  «Бонус.kz.»

бағдарламасын дамытып, оқушылардың құқығын қорғау

мақсатын  сауалнамалар  алу  жоспарланып  отыр.  Айта

кететін жайт 1-тоқсанда өткен қалалық семинарда мектеп

парламенті  өз  тыныс-тіршілігін  күллі  қалаға  көрсетті.

Алдағы уақытта мектеп өміріне табыстар, сәтті қадамдар

тіліеймін.

9 «б» сынып  оқушысы Аппазов Алмас

Оқушылардың  психологиялық

бейімделуін,  пән  мұғалімдерімен

қарым-қатынасын, қызығушылығын,

психологиялық бейімделігін зерттеу

мақсатында  зерттеу  жұмыстары

жүргізілді.  №3  мектеп-лицейдің  5-

сынып оқушыларының бейімделуіне

бақылау, 

зерттеу 


жұмыстары

жүргізілді. Бақылау сабаққа қатысу,

оқушылармен 

сөйлесу,


мұғалімдердің  пікірін  тыңдау,

сауалнамалар арқылы болды. Сабаққа

қатысу  барысында,  оқушылардың

ойлау  іс-әрекетінің  белсенділігі,

зейін қойып тыңдау, ақыл-ой және

танымдық  қабілеттерінің  жақсы

екендігі  көрініп  тұр.  5-сыныптарда

беріліп  жатқан  оқу  материалының

психологиялық  сапасы,  түсіндіру,

нақтылық,  талдап  қорытындылау

талапқа сай. Сабақтың әр кезеңінде

оқушылардың  есте  сақтау,  сұраққа

жауап  беру  дағдылары  жақсы.

Оқушылардың мұғаліммен қатынасы,

сабақтағы мінез-құлықтары, мұғалім

тілін  түсінуі  жоғары  деп  айтуға

болады. Жалпы 5-сынып оқушылары

мұғалім ұсынған іс-әрекеттің қандай

қиын  түрі  болса  да  сол  талапқа

бейімделген. 

 

 

5-сынып



оқушыларының  орта  буынға  өту

кезіндегі  бейімделуін  зерттеу  тек

сабақтарына ғана қатысып қоймай,

олардың өздерімен, ата-аналарымен

және  де  пән  мұғалімдерімен  біріге

отырып  сауалнамалар  алынды.

Сауалнаманың  қорытындысын

мониторинг  арқылы  көрсеттік.

Сауалнама қорытындысы да жаман

5- сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі

көрсеткіш  көрсеткен  жоқ.  Балалар

үйге 


берілген 

тапсырманы

жауапкершілікпен  орындайды,  бір

сатыға  болса  да  есейгендіктері

байқалады,  пән  мұғалімдеріне

үйренісіп , жаңадан қосылған жаңа

пәндерді  жақсы  меңгеріп  кеткен.

Әрбір 


ата-ана 

баласына


жауапкершілік артып, балаларының

есейгендіктерін, 

берілген

тапсырманы 

бұрын 

ата-ана


көмектесіп  отыратындықтарын

айтса, қазіргі орта буынға өткелі бері

балада  ілгерілеушілік,  өз  бетімен

жұмыс  жасауға  бейімделушілік

басымырақ  екенін  сауалнамада

берген  жауаптарынан  байқауға

болады.  Балаларда  білуге  деген

құштарлық, үйренуге деген талпыныс

басым және сабақ өткізу өте қызық

екендігін  пән  мұғалімдерімен  жеке

сөйлескен кезде аңғарылды.

 №3 мектеп лицей  психологы



Абдрасилова Салима

1991 жылдың мамыр айының 20-да КСРО халыққа Білім беру жөніндегі

Мемлекетті ккомитеті «Әлеуметтік педагог» мамандығынбекітті. Әлеуметтік

педагогтың негізгі қызметі – адамды өмірге, қоғамға бейімдеу. Мектептегі

әлеуметтік педагогтың басты мақсаты – оқушының әлеуметпен жан-жақты

қарым-қатынас ортасын құру. Білім беру жүйесіндегі әлеуметтік педагогтың

көптеген  қызметінің  бір  саласы  –  отбасымен  жұмыс  болып  табылады.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік педагогтың іс-әрекеті отбасындағы немесе

тәлім-тәрбие мекемелеріндегі көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс істеуге

бағытталған.  Әр  баланың  әлеуметтік  тұрмыстық  жағдайын  терең  зерттеу

оларды келешек қорғап, қамқорлыққа алуға септігін тигізеді. Сондықтан

мектепте  оқушылардың  әлеуметтік  паспорты  жасалады.  Осы  әлеуметтік

паспорт бойынша аз қамтылған, көпбалалы отбасы, жетім, толық емес отбасы,

жұмыссыз  отбасы  есепке  алынады.  Сонымен  қатар  мүмкіндігі  шектеулі

мүгедек  оқушылар  да  назардан  тыс  қалмауы  керек.  Білім  мекемесіндегі

әлеуметтік  педагог  мұндай  балаларға  жоспарлы  түрде  материалдық  және

рухани көмек ұйымдастырады.

Әлеуметтік паспортты жинақтау кезінде, 1560 толық отбасы, 194 толық

емес отбасынан шыққан, 15 өгей әкемен, 8 өгей шешемен тұратын оқушылар

анықталды. Көпбалалы отбасынан шыққан оқушылар саны 230, ал 43 оқушы

аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққандығы анықталды.

Қазіргі кезде елімізде экономикалық және әлеуметтік қиындықтар орын

алғаны бәрімізге белгілі. Халықтың басым көпшілігі жұмыссыз болғандықтан

әлеуметтік тұрмыс жағдайы төмен отбасылар бар. Әлеуметтік тұрмыс жағдайы

Әлеуметтік педагог есебі

Мектеп өмірінен


А й н а с ы

 12

Білім

баланың  білім  мен  тәрбие  алуына  ықпалын  тигізеді.

Мектептегі әлеуметтік педагог баланың өскен ортасы,

жанұясы,  қарым-қатынаста  болатын  жолдастары,

сыныптастары туралы сараптап оқу жылына жоспарын

жасайды. Жоспар жасауда көптеген талапқа сай құжаттар

басшылыққа алынады.

Әлеуметтік  тұрмысы  нашар  отбасына  жұртшылық

назарын  аудару  мақсатында  «Мектепке  жол»

республикалық  акциясы  кең  көлемде  өткізіліп,  аз

қамтылған, жетім, көп балалы отбасыларынан шыққан

35 оқушыға материалдық көмек көрсетілді.

Жоғарыда атап өткенімдей сынып жетекшілермен біріге

отырып, оқушылардың жалпы әлеуметтік материалдық

жағдайына  талдау,  зерттеу  жұмыстары  жүргізіліп  аз

қамтамасыз етілген оқушылардың құжаттары нормаға сай

жинақталады.

Биылғы  оқу жылында  аз  қамтамасыз етілген  оқушы

саны-43. Оның ішінде толық емес отбасынан шыққан-

19,  тұрмысы  төмен-10,  жетім  және  ата  анасының

қамқорлығынсыз қалған 1 және 13 көпбалалы оқушылар

бар.


Бұл оқушылардың барлығы тегін ыстық тамақ берілуде.

Сонымен қатар, осы оқушыларға жалпыға міндетті оқу

қоры  есебінен  қысқы  куртка,  етік,  спорттық  костюм,

спорттық аяқ киім, портфель берілді.



 Әлеуметтік педагог Байзунова Ляззат

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын

белсенді  әрекетті,  жан-жақты  болуды  талап  етеді.

Өйткені, адамның қоғамдағы алатын орны, атқаратын

қызметі, сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.

Ал ертеңгі күннің егесі болар бүгінгі өскелең ұрпақты жан-

жақты болуға тәрбиелейтін ұстаздар қауымының алдына

да заман талабы бірталай талаптар қойып отыр. Ұстаз бен

оқушы арасындағы қарым-қатынастың басым бөлігі сабақ

үстінде жүретіндіктен, ең алдымен ұстаздар қауымы сол

білім  беру  үдерісінде  оқушыларды  жан-жақтылыққа,

функционалдық  сауаттылыққа  тәрбиелей  білулері,

тәрбиелеудің жолдарын білулері қажет. Бұл, әрине, оңай

шаруа емес. Әрбір сабаққа түбегейлі дайындалуды, сабақ

барысында тек сабақтың білімділік мақсатын орындап

қана  қоймай,  сонымен  қатар  оқушының  қабілетін,

танымын  ашып,  жетілдіруге  мүмкіндік  беретін  жұмыс

түрлерін ұтымды тауып, пайдалана білуді де қажет етеді.

Мұғалім өзінің әрбір іс-әрекетін жоспарлап, нәтижесін

талдап, сарапқа салып, артықшылығы мен кемшілігін

таразылағанда ғана нәтижелі жұмыс болатыны белгілі.

Бұл орайда қазіргі әрбір педагог «зерттеуші мұғалімге»

айналуы тиіс.

Үстіміздегі  жылдың  қараша  айында  №3  мектеп-

лицейінің  акт  залында  оқу-тәрбие  жоспарына  сәйкес

мектеп  мұғалімдерінің  осы  бағыттағы  іс-әрекеттерін

бақылау,  насихаттау  және  озық  тәжірибелерді

ынталандыру, тәжірибе алмасу мақсатында мектепішілік

«Зерттеуші мұғалім - 2015» байқауы болып өтті. Байқауға

әр пән бірлестігінен бір мұғалімнен қатысты. Байқау 3

кезеңнен тұрды:

· «Білім берудегі менің инновациям»  (ең ұтымды өткен

сабағының понарамасы) (7-10 мин).

·Зерттеп   жүрген  проблемалық  тақырыптар бойынша  

жұмысы,  нәтижесі.  (7-10  минут);

·Жағдаяттар (әділ-қазылар алқасы қатысушыға мектеп



Мектепішілік «Зерттеуші мұғалім-2015» байқауы

өміріне байланысты жағдаяттар ұсынады. Педагог сол

жағдаяттардан қалай шығатынын шебер көрсете алуы тиіс

– 3-5 минут);

Байқау барысына  мектеп әкімшілігі  және кәсіподақ

ұйымының төрайымы қазылық етіп, өз бағаларын беріп

отырды. Нәтижесінде бастауыш сынып мұғалімі Оразбек

Айнұр, ағылшын тілі пәні мұғалімі Жусупова Ардақ, қазақ

тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі   Мырзағұлова Гаухар алғыс

хатпен марапатталып, кәсіподақ ұйымының атынан кеңсе

заттарын иеленді. Ал понарамалық сабақтары мен зерттеу

жұмыстарын  презентациялауда  және  жағдаяттардан

шығуда  алғырлық  танытып,  өздерінің  әрбір  іске

шығармашылықпен  келе  алатындықтарын  дәлелдей

білген ұстаздарымыз: математика пәні мұғалімі Әбдиев

Ержеңіс 3-орынды, информатика пәні мұғалімі Бекенова

Зульфия  2-орынды,  тарих  пәні  мұғалімі  Аленова

Сандуғаш 1-орынды қанжығаларына байлады. Оза шауып,

төске өрлеген бұл ұстаздарымыз мектеп дирекциясының

мақтау қағазымен марапатталып, құнды сыйлықтарға ие

болды.  Өзгеге  үлгі  болар  осындай  ұстаздарымыздың

еңбектерін  ұжым  ішінде  жариялай  отырып,  басқа

ұстаздарымыздың ойына қозғау салып, идеяларын еселей

түстік, еңбектеріне серпін бердік деген ойдамыз. Алдағы

уақытта  да  әрбір  ісіне  ыждағаттылықпен  қарап,

шаршамай-талмай еңбектенер,  шәкірттерінен қажыр-

қайратын аямай еңбектенер  ұстаздарымыздың қатары

толыға түссін! Барлықтарыңызға  төзімділік, денсаулық,

шығармашылық шабыт, сарқылмас жаңа идеялар нөпірін

тілеймін!



Мулдагалиева А.С. директордың бастауыш

сыныптар ісі жөніндегі орынбасары.

Мектеп өмірінен

13

А й н а с ы

Білім

Облыстық тіс емдеу емханасына қарасты №3 мектеп

лицейіндегі  стоматологиялық  кабинеті  01.09.2014

жылдан    бастап  мектеп  оқушыларына  тегін

стоматологиялық  көмек  көрсетеді.  Қазақстан

Республикасының  денсаулық  сақтау  министрлігінің

бұйрықтары  бойынша  жұмыстар  жургізіледі.  Мектеп

директоры және облыстық тіс емдеу емханасының бас

дәрігері  келісімімен  оқушыларға  ауыз  қуысының

гигиенасы, тіс тазалау реттіліктері үйретіліп, тісжегінің

(кариес) алдын-алу және оның асқынбауы мақсатында

жұмыстар  жүргізіледі.  Тіс  емдеу  кабинеті  заманауи

қондырғылармен 

және 


құрал-жабдықтармен

жабдықталған. 

Мектеп

оқушыларының 



жас

ерекшеліктеріне  және  тісжегінің

қарқындылығына  байланысты

емдеу және сауықтыру жұмыстарын

жүргізу.  Мектеп  бойынша  емді

қажет ететіндер 81,1%

а) 6-8 жас (6-шы тістерді сақтау)

б)  11-12  жас  (тіс  жақ  бет

сүйектерінің  дамитын  кезі  және

алғашқы 7-ші тістерді сақтау)

в)  15-18  жас  (жасөспірімдердің

әскерге  шақырылуына  дайындық,  ауыз  қуысын

сауықтыру)

Бүгінгі күні тіс жегісі (кариес) адамдар арасында аса

кең  тараған  кесел  болып  табылады.  Қамқор  ата-

аналардың өз балаларының тістерін сау етуге және тіс

ауруынан  құтылуына  көмектесуі  қажет.  Бұл  үшін  тіс

жегісінің алдын алуға жете көңіл бөлген жөн. Кариесті

болдырмау туралы қамқорлықты анасының жүктілігі мен

ана сүтімен қоректендіру кезінде бастауға болады. Бар

болғаны 1мг фторы бар  арнайы таблеткаларды қабылдап,

«екі  қоянды  бір  оқпен  атып  алудың»  сәті  түседі:  бір

жағынан  ұрықта мықты тіс қалыптасса, басқа жағынан-

әйел организмі фторды жоғалтпайды.

Мектеп борын жеуден гөрі көбірек кальций тұтынған

дұрыс. Бұл қажетті зат сүтте, ірімшікте және айранда  мол

болады.  Бала  жарық дуниеге  келгеннен  кейін  гигиена

сақтау маңызды. Ең бастысы балаңызға білместіктен өз

бактериянызды бермеңіз. Көбіне бұл микробтар тілмен

жаланған қасық немесе емізік арқылы беріледі. Жерге

түскен емізікті жалап тазартудың  орнына сумен шайған

немес қайнатқан дұрыс.

Өмір бойы жарқыраған күлкі

Балада  кариес  әдетте  2-3  жастан  бастап  білінеді.

Баладағы  болашақ  тіндер  құрылымының    бұзылуы

анасындағы ревмотизм,гипертония ар түрлі  эндокриндік,

жұқпалы  аурулардың,  оған  қоса  кейбір  зиянды

әдеттердің, мысалы шылым қорлықтың  асерінен пайда

болуы мүмкін.

Баладағы алғашқы кариесті өз бетінше байқау өте қиын.

Оны  тек  стоматолог  дарігер  мұқият  қарап  барып  таба

алады. Баланың тіс жегісі ересек адамдарға қарағанда аса

қарқынды дамиды.

Тіс  жегісінің  алдын-  алуды  отбасы  тағамын  сауатты

ұйымдастыру  қажет.  Баланың  ас  мәзірінде  сүт

тағамдарындағы  кальцийдің    болғаны

жөн.

Д  витамині  арқылы    кальций  денеге



жақсы  сіңеді.  Ол  үшін  балық  тағамын

тұтыну,  күн  астында  серуендеу  керек.

Фтор тіс пасталарында болады.

Татті  тағамдар  тісті  бұзады  шірітеді.

Қанттың орнына баланың жас жеміспен

көкөністі көбірек жегені дұрыс.

Сонымен бірге ата-аналардың  баланы

қоректендіретін 

немесе

тыныштандыратын  бөтелкенің де  бала



тісіне қауіп төндіретінін білгені жөн. Мұны «бөтелкелік

тіс жегісі »  деп атайды. Тіспен қызыл иек айналасында

бөтелкедегі  қанты  бар  сұйықтың  (сүт,  бала

қоспасы,шырын)  су  құю  қажет.  Емізікті  балға  немесе

сиропқа  батыруға  болмайды.  Одан  басқа  балаға  әрбір

тамақ берілген соң тісі мен иегін даке тампонымен сүрту

керек.  Тіс  жегісіне  қарсы  сенімді  құрал  жақсы  тіс

пастасымен бірге тіс щеткасы.  Бала сүт тістері шыққаннан

бастап күнделікті бұл құралдарды пайдалануы тиіс.

Баланы ең кемі жылына екі рет стоматолог дәрігерге

қарату, басталып келе жатқан тіс жегісін және басқада

дерттерді ерте аңғаруға жол ашады.   Сондай-ақ дәрігер

олардың емін дер кезінде жасайды.

Көп жағдайда ата-ана баласының тісін емдеуге келісім

бермей жатады. Осы жағдайды пайдалана отырып ата-

ана  назарына    айтқымыз  келетіні  тісжегіні  (кариес)

уақытылы  емделмесе    асқынып  кетеді  де  оны  емдеу

қыйындай береді. Сондықтан  болашағымыз  балалардың

дені сау болсын десеңіздер ауыз қуысының жақсы таза

болуына,  тіс жегіні емдеуге бірге ат салысайық.



тіс емдеу  Кенбаев Ш.Ш.

Қазіргі білім саласында болып жатқан үлкен жаңашыл

бастамалардың бірі мұғалімдердің  үш айлық деңгейлік

курстардан өтуі болып отыр.Үшінші   деңгей мұғалімдері

сыныптағы оқу үдерісімен,екінші   деңгей мұғалімдері

коучинг,  тәлімгерлік  оқудағы  іс-әрекетті  зерттеуді,

бірінші   деңгей мұғалімдері мектептің даму жоспары мен

көшбасшылықты жүзеге асырады. Жалпы алғанда осы

деңгей мұғалімдері арасындағы өзара кәсіби байланыс

пен  ынтымақтастық  әріптестік  шеберінде  іске

асырылады.  Бірінші    деңгей  ұстаздары  көшбасшы

мұғалімдер қатарында болғандықтан үлкен жауапкершілік

жүгін көтереді. 2015жылдың 10 тамызынан 11 қыркүйегіне

дейін  бірінші деңгей мұғалімдерінің алғашқы «Бетпе-

бет» кезеңінен  педагогикалық шеберлік  орталығынан

өттік.    Екінші    «Мектептегі  тәжірибе»    кезеңі  14

қыркүйектен  26  қазанға  дейін  №3мектеп-лицей

базасында  өтті.  Алдымен  ынталы  топ  құрып    ортақ



Өздігінен  білім  алу  басты  талап

мақсатта    деңгейлік  курстан  өткен    мұғалімдерден

шығармашылық  зерттеу  тобы  құрылды.Білім  ордасы

басшысымен  кездесіп  мектептің  қазіргі  ахуалымен

танысқаннан  кейін    аудит  жүргізіп,дерек  көздерін

жинауда педагогикалық хаттама көшірмелері,оқушы,ата-

ана,мұғалімдерден 

алынған 


сауалнамалардың

қорытындыларын саралап мектепті даму жоспарының

басымдығын  анықтадым.Зерттеу  тақырыбым    «  Сын

тұрғысынан  ойлау  арқылы  топтық  жұмысты

қалыптастырудағы  ерекшіліктер»  .  Осы  тақырыпты

алудағы  басты мақсатым  оқушылар арасындағы  өзара

ынтымақтасты  жаңа  деңгейге  көтеретін  дағдыларды

қалыптастыру,өз ойларын,пікірлерін еркін жеткізе білуге

жұмылдыру және басты мәселе үш қатар принципінде

парталарды қозғамай  топтық жұмысты жүргізуді жүзеге

асыру.Біздің  мектеп Назарбаев зияткерлік мектебінің

базалық  мектебі болғандықтан   оқушылардың  топтық



Каталог: gazeta -> 2015-2016
gazeta -> 15 апреля в зкгу им. Махамбета Утемисова прошло ежегодное распределение выпускников
gazeta -> 5 апреля состоялась пресс конференция с участием ректора зкгу им. М. Утемисова
gazeta -> Год Ассамблеи народа Казахстана дружба и согласие навсегда
gazeta -> Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан болады
gazeta -> Приезд высокого гостя 27 февраля с рабочим визитом в Уральск
gazeta -> Ұлылардың мұрасы да, мұраты да, атақ-даңқы да, мерейтойы да – кейінгіге үлгі. Ал үлгіге қарап ұрпақ өседі
2015-2016 -> ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім айнасы қАҢтар 2016
2015-2016 -> ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім желтоқсан 2015 жыл айнасы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ақуалда,өсім реформалар даму»

жүктеу 0.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет