Оқулықтарды оқып, талдап көрдім. 11-сыныптың «Қазақстан тарихы» оқулы ғында ашаршылықтан



жүктеу 0.67 Mb.
Pdf просмотр
бет1/6
Дата16.06.2017
өлшемі0.67 Mb.
#11564
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет      

ЗҰЛМА


Т

АЛЖИР-дегі 

әйелдер

ОЙ-КӨКПАР



Қазақстан Парламенті ел тарихындағы ашаршылық пен репрессияны халыққа қарсы геноцид деп танып, акт қабылдайтын кез жетті ме?

Бұл туралы саясаттанушы Ерлан ҚА РИН бір 

сұхбатында былай дейді:

– Мен 10-11 сыныптардағы орыс және қазақ 

тіліндегі Қазақстан тарихы пәні бо 

йынша 

оқулықтарды оқып, талдап көрдім. 11-сыныптың 

«Қазақстан тарихы» оқулы ғында ашаршылықтан 

300 мың адам өлді деген дерек көрсе тілген. 

Сондай-ақ орыс сыныбына ар нал ған «Қазақстан 

тарихы» оқулы ғында (11-сынып) үлкен бір 

қасірет, қаншама миллион халқымызды жойған 

оқиға бір кішкентай ғана абзацпен берілген. 

Сонда бүтін бір ұлттың трагедиясы бар болғаны 

бір абзацқа сыйып кеткен бе? Сол парақтағы 

тараудың өзі былай аталады: «Кеңестік саясаттың 

олқылық тары». Жаппай ашаршылықты баяғы 

сарын 

мен тек олқылық, кертарт 

палық деп 

қарастыру, адамның өлімі трагедия емес, жай  

ғана қателік секілді. Бұл не? Бұл біздің әлі де 

кеңес өкіметінің түсіндірмесімен отырғаны-

мызды көр сететіндей.

Шынында да, қарап тұрсаңыз, бұл біз дің осынау 

тарихи оқиғаны «геноцид» деп ашық айта алмай, 

оқушыларымызға ақи қатты ашып көрсете алмай 

отырған ды ғымыздан емес пе? Осындай олқылық-

тардың орнын толтыратын уақыт әлдеқа шан жетті 

емес пе? Бізде оқушыны апаратын мұражай жоқ 

болса, оқытатын оқулық жоқ болса, көрсететін 

фильм болмаса, онда біз жас ұрпаққа нені 

жеткіземіз? Ең қауіптісі осы емес пе? Біз бұлай 

немқұрай дылық таныта берсек, болашақ ұрпақтың 

түсінігі қазақ тарихы туралы ұшқары болатыны 

сөзсіз. Сондықтан жастар сол кезең де ел басына 

түскен нәубетті ұмытпас үшін мектеп оқулықтарына 

нәубет тарихы туралы ақпараттарды кеңірек әрі 

ашық насихаттауымыз – міндет. 

ТҮЙТКІЛ

Жалғасы 7-бетте 

ИƏ

ЖОҚ

– Ел тарихындағы ашаршылық 

пен репрессияны халыққа қарсы 

гено цид деп танып, акт қабылдайтын 

кез әлдеқашан жеткен. Оған қоғам 

да, ғылыми орта да дайын отыр деп 

есеп 

теймін. Осы уақытқа дейін 



тарих шыларымыз талай мәселенің 

басын ашып, ақиқатын ақтарып жүр. 

Енді соны заң жүзінде, құжат жүзінде 

қорытындылау біз үшін маңызды 

болар еді. Өзін сыйлайтын кез келген 

халық тарихындағы маңызды сәт-

тер ді ұмыт қалдырмайды. Мысалы, 

Украина – голодоморды, Израиль 

– Холокосты, армяндар түріктердің 

оз бырлығын, тарихи озбырлығын 

ай тудан жасқанбайды. Бізде солақай 

сая саттың кесірінен қазақтың жар-

ты сы қырылғаны айтылып жүр. 

– Ашаршылық пен репрессияны 

ге ноцид ретінде танып, оны заң жү-

зін де қуаттайтын әлдебір құжат керек 

деп айта алмаймын. Егер дәл бүгін 

солай істейтін болсақ, қоғам ның ты-

ныш тығы,  тұрақтылығы  ке те ді.  Түр лі 

көзқарастағы адамдардың ара сында 

араздық пайда болады. Ол тіпті тарих 

ғылымына да пайда әкел мейді. Осы 

күнге дейін құрмет тұтып жүрген 

тарихи тұлғалардың бар лығының 

үстінен күйе жағуға мәжбүр боламыз. 

Себебі оны заңмен бекітетін акт жасау 

үшін ашаршылық пен қуғын-сүргінге 

толыққанды зерт  теу жүргізу керек 

болады. Ал зерт  теу жүргізетін болсақ, 

тарихи қай раткерлеріміздің, қандас-

та ры мыз дың  да  қателіктері  ашыла 

бастай ды. 



АҢДАТПА

Арыстардың ажалына 

қатысты қауесеттер 

қимастықтан туды ма?

Қазақтың аттан 

түскені  – рухынан 

айырылғаны

Сағыныштан 

сарғайды 

алыстағы ағайын...



-бетте

-бетте

-бетте

4

5



7

ДАТ!

Тарихта ойыңа 

не келетін болса, 

соны айта беруге 

болады дегендер 

көбейіп кетті



Дос КӨШІМ,

«Ұлт тағдыры» қоғамдық 

қозғалысының төрағасы:

Марат ШИБҰТОВ, 

Шекаралық әріптестік 

қауымдастығының 

сарапшысы:

-бетте

3

Тарихшылар қауымы ашаршылық пен қуғын-сүргіннің 



қазаққа қарсы жасалған геноцид екенін дәлелдейтін 

деректерді талай келтіріп жүр. Ашаршылық кезінде 

көрші елдерде, тіпті тұрмыс-тіршілігі қазаққа 

барынша ұқсайтын қырғыз бен қарақалпақ 

елінде де қалыпты өмір болып жатқанын кез 

келген дерек пен әдебиеттер қуаттайды. 

Алайда тарихшы мен әдебиетшінің аузынан 

айтылған сөз бөлек, ал оны ресми түрде 

мойындап, саяси баға берген биліктің 

тұжырымы мүлде бөлек нәрсе. Алайда 

қоғамда бұл мәселеге қатысты екі түрлі 

көзқарас бар.

бетте

6

www.аlashainasy.kz



e-mail: info@аlashainasy.kz

Алматы


+28.. +30

о

+14.. +16



о

+30..+32


о

+15..+17


о

Астана


с

с

с



с

ЭКОНОМИКА АЙНАСЫ

147,96

185,65

23,31

12454,83

1054,88

1576,50

4,60

1,25

1293,29

106,94

ДОЛЛАР


ЕВРО

РУБЛЬ


ЮАНЬ

EUR/USD


DJIA

KASE


RTSI

BRENT


GOLD

(ICE)

(NYMEX)

Астана уақытымен 18.00 бойынша

«Әкесі үшін баласы, баласы үшін әкесі жауапты 

емес» деген адамгершілік қағидасын 1937 жылдың 

нәубеті белден бір-ақ басты. Тіпті жау екеш жаудың 

өзі әйел менен бала көрсе, қылышын қынға салса, 

бұл нәубетте бір тамшы да аяушылық болған жоқ 

еді. «Халық жауы» деген ұғымды ғана білетін ол 

саясат, тіпті аяғы ауыр әйелдің де ішін жаруға 

дайын болды. Арыстарымызды атқан соң, артында 

қалған жарын азаптау үшін Арқаның сайын 

даласын азапты түрмеге айналдырып, АЛЖИР деп 

атағанын білеміз. Сол АЛЖИР-де Тұрар Рысқұ лов-

тың жары Әзиза анамыз, Бейімбет Майлиннің жары 

Күнжамал апамыз, Санжар Асфендияровтың жары, 

Темірбек Жүргеновтің жары Дәмеш анамыз, 

жалпы, қаншама Алаш арыстарының үйіндегі 

айдай аналарымыз азапқа салынған еді. 

№92 (774) 

30 мамыр, сәрсенбі

2012 жыл


Талас ОМАРБЕКОВ:

ҚҰПИЯ ҚҰЖАТТАРДА

АШЫЛМАҒАН СЫР КӨП

Бұл жөнінде ҚР Орталық Мемлекеттік мұра ға-

тының 544-қорында сан алуан мә лімет жинақталған. 

Мұрағат мате риал да ры буда-будасымен отқа жа-

ғылған. Қазақ байларын тәркілеуге қатысты 32 іс 

ізім-қайым жоғалған, олардың Ішкі істер ми нистр-

лігінің сұрауы бойынша алдырылып, содан қолды 

болып кетуі де әбден мүмкін. 1929 жылы астана 

Қызылордадан Алма ты ға көшірілген кезде он жәшік 

іс-құжаттар ұр ланған. Орынбордан Қызылордаға 

апара жатқан кезде де жүздеген мұрағат құжаттары 

ғайып болды. Одан кейін де мұрағат қор ла рын дағы 

материалдардың сақталуы қатаң бақы лауға алына 

қоймады. Бұған мұра ғат тық жол көрсеткіштерін 

парақ тағанымызда, біраз құжаттың жа нын дағы 

«изъято» деген ескертулермен көп кездескеніміз 

дәлел.

Кейбір мұрағаттық істердің «жоғалып» кетуі 



олардың кезінде айыптау мате риал дары ретінде 

прокуратура, сот, ішкі істер органдарына, Мем ле-

кет тік қауіпсіздік комитетіне алдырылуына бай ла-

нысты бол са керек. Бұл «құдіретті» құрылым дар дан 

материалдардың бәрі бірдей қайта алын баған. 

1937-38 жылдары елде жүргізілген қуғын-сүргін 

саясатын бірден-бір жүзеге асырушы органдар 

мұра ғат тарының құжаттары осындай дәрежеде 

бол ғаны ойлантады. Әдейі қолдан ұйым дас ты рыл-

ған шара іспетті. 

Мұның бәрі кездейсоқ та болмас, себе бі орталық 

билік кешегі патша заманындағы отар шылдықтың 

озбырлықтарын халық жадында сақтауға мүдделі 

болмады. Ресейдің қазақ халқына «жақсылықтан» 

басқа саясат жүргізбегеніне жас буынды иландыру 

мақсатында  мұрағаттарда  жазалау  экс пе ди ция ла-

ры, қазақ ауылдарын тонау, атып-асу, халықты 

қыр ғынға ұшырату жөніндегі құжаттардың түрлі 

себеп термен қолға беріле бермегендігі аса құпия 

емес. 


Кеңес қоғамындағы өзгерістер 

өткен ғасырдың 20-30-шы жылдары 

қалыптасқан әкімшілік-әміршілдік 

жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі 

бір бөлігін құрбан ету арқылы іске 

асырылды. Бүгінгі Тәуелсіздік заманында 

өткен тарихымызды зерделеп, зейіндеу – 

кезек күттірмейтін іс. Соның ішінде қазақ 

халқының басынан өткен небір зұлматты 

хатқа түсіріп, сақтаған мұрағаттың 

маңызы ерекше. Мұрағаттарда сақталатын 

ақпараттар мемлекеттің қоғамдық-саяси, 

экономикалық-мәдени дамуында ерекше 

орын алатын ұлттық стратегиялық байлық 

болып саналады. Бірақ, өкінішке қарай, 

сол кезеңдегі мұрағат қызметкерлері 

мұрағат қорларының сақталуына 

немқұрайды қарады, соның салдарынан 

қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне 

қатысты біраз құжат жоғалып кетті. 

Қазақты қынадай қырған 

Голощекин геноциді мектептің 

Қазақстан тарихы пәнінде ашық 

жазылған ба? Шынын айта-

тын болсақ, төл тарихымыздағы 

қасіретті жылдар туралы ақ парат-

тар мектеп оқулықтарының өзінде 

мардымсыз жазыл ған. Кеңес 

өкіметі қолдан ұйымдастырған 

ашаршылықта қазақ тар секілді 

көп қырылған украиндер 

бұл трагедиялық кезеңдерді 

халықаралық деңгейге шығарып

басқа елдерге көр сетіп, оны 

мойындауға мәжбүр етіп отырса, 

біз болсақ бұл нәубетті жылдарды 

өскелең ұрпаққа толық жеткізе 

алмай отырмыз.

Серік ЖҰМАБАЕВ

Ашаршылық шындығы мектеп 

оқулықтарына енгізілуі тиіс пе?

Құнды құжаттар неге қолды болды?!

Жалғасы 4-бетте 

Жалғасы 5-бетте 

АЛЖИР ресми түрде 1937 жылы желтоқсанда ашы-

лыпты. Жақсылықтан гөрі зұлматтың жетуі оп-оңай болса 

керек, небары бір айдан кейін, яғни 1938-дің қақаған 

қаңтар айында ол жерге Қазақстанның, қала берді Кеңес 

Одағына қарасты Белоруссия, Кавказ елдері, Орталық 

Азия елдерінің түкпір-түкпірінен вагондарға толтыра 

тиеп әкелінген әйелдер саны 1500-ден асып жығылған. 

Солайша 1937 мен Сталин қайтыс болған 1953 жылға 

дейін осы бір азап лагеріне 18 мыңнан аса әйел қамалған 

екен. Қазақтың «біреу өлмей, біреуге күн жоқ» деген сөзі 

дәл осы жағдайға айтылғандай, себебі Сталиннің бақи-

лық болуымен осы лагерьдегілер өздері қош айтыса бас-

таған жарық дүниеге қайта келген. Яғни сол 1953 жылы 

АЛЖИР жабылып, енді қайтып сол азапты түрмеге әйел 

бала сы н қамамау үшін темір торлар арнайы бұй рық пен 

қира тылыпты. Бірақ сол кездің тарихын ұрпақ жа дында 

сақтап қалу үшін АЛЖИР түрмесінің орнына мұ ра жай 

жасақталған болатын, биыл оған 5 жыл то лып ты.

АНА – ТІПТІ АЛЖИРДЕ ДЕ АНА... 

немесе тұтқын әйелдер немен айналысты? 

Алғашқы жылы тұтқындардың ашық аяз бен аптап 

ыс тықта паналайтын жері болмаған, сонда да мойы-

маған әйелдер қамыс орып, саз илеп, одан саман кір піш 

құйып, өз түрмелерін өздері салып алған. Суықтан, 

аштықтан, ең бастысы, моральдық жағынан шы да ма ған 

көп әйел көз жұмған, жаны қалса да, біршамасы 

ақылынан алжасса керек. Тегінде адам баласы аштыққа 

да, суыққа да шыдайды, ең қиыны – ертеңгі күннің кө-

мескі, болашақтың бұлыңғыр тартуы, яғни бақыттың 

бар лығы кешегі күнде қалып, бүгін отағасы бала-шаға-

ның қайда жүргенін де білмеуден өткен бақыт сыздық 

жоқ болса керек. 

1939 жылдан бастап лагерьде фермалар ашылып, 

егін егу, мал шаруашылығы жүргізіле бастайды. Негізі, 

АЛЖИР тұтқындарының ішінде оқымағаны кемде-кем 

болған, тіпті барлығы дерлік интеллигенция өкілдері 

бол ды. Әрқайсысы сақа маман, қандай шаруа шы лық-

тың болсын ісін дөңгелетіп әкетуге білімі мен әлеуеті 

жететін. Сондай-ақ лагерьде тігін ісі жүргізілді, ондай 

идеяны ұсынған әйелдердің өзі болса керек. Себебі сол 

тұста, яғни ХХ ғасырдың басында қолынан іс тігу кел-

мейтін әйел заты аз болған. Тіпті ұсынысты ауызша 

жасамай, әр әйел өз қолынан келетін бұйымын тігіп, түр-

менің қапасының өзін жәрмеңкеге ұластырып жібер ген. 

Сондықтан әйелдер қауымының бұл ұсы нысы лагерь 

басқармасынан қолдау тауып, тігін фаб ри  касына арнап 

үлкен ғимарат та салынады. Солайша Ға беңнің сөзімен 

айтқанда, «өмір себетін» әйелдер қауы мы темір тордың 

ар жағында отырып, өлі-тірісінің хаба рын білмейтін 

күйеулерін ойлап күңіреніп жата бер мей, белді буып, 

өздерін сол лагерьге жапты демей, жеңіл өнеркәсіп бар 

ма, ауыл шаруашылығы бар ма, қолынан келгеннің 

барлығын жасап, елге пай да әкелуді ойлады. 

Аб

ай ОМАРОВ (к



олла

ж)


№92 (774) 

30.05.2012 жыл, 

сәрсенбі             



www.alashainasy.kz

2

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

САЯСИ БЮРО

 

Ғаламда әрбір жетінші адам аштықта өмір сүреді 



Салтан СӘКЕН

ЫҚПАЛДАСТЫҚ



Қазақстан климаттың өзгеруін бақылайды

Биылдан қалмай Алматыда Орталық Азия аймақтық гляциология 

(мұздықтарды зерттеу) орталығы ашылуы тиіс. Себебі кеше Астанада 

өткен Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық 

комиссияның отырысы аясында осы орталықты құру туралы соңғы 

құжатқа қол қойылды. 

Аталған келісімді білім және ғылым 

министрі Бақытжан Жұмағұлов және 

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ирина Бокова 

рәсімдеді. ЮНЕСКО аясындағы тұңғыш 

Мұз тану орталығын ағымдағы жылдың 

соңына дейін толығымен іске қосу жос пар-

ла нып отыр. ҚР Білім және ғылым министр-

лігі География институтының директоры 

Медеу Ахметқалдың айтуынша, Орталық 

Азия аймақаралық гляциология орталығы 

География институтында ашылады. Қазіргі 

кезде оның құрамында Гляциология ғылы-

ми-зерттеу кешені жұмыс істейді. Орталық 

соның негізінде құрылуы тиіс. «Осы ор та-

лық үшін Азияның талай мемлекеттері кү-

ресті. Бірақ біздің ғалымдар тыңғылықты 

жұмыс істеп, Қазақстанның мүддесін қор-

ғай білді. Біздің жерімізде қысы-жазы жұ-

мыс істейтін арнайы стационар бар. Оның 

да әсері болды деп ойлаймын», – дейді 

М.Ахметқал. 

Жалпы, мұздықтар – бұл климаттың өз-

ге руін көрсететін негізгі индикатор. Ол – 

ғы лыми тұрғыда дәлелденген қағида. Мә-

се лен, шетелдік ғалымдар Антарктида 

мұз дықтарын зерттеудің негізінде жер тем-

пературасының өзгеру барысын ба қы-

лайды. Ондай жұмыстар Орталық Азия 

ай мағында да жүргізіледі. Биыл арнайы 

экспедиция аясында Федченко мұздығын 

бұрғылау жоспарланған. Оның арқасында 

жер температурасы мен атмосферадағы 

газ көлемінің, сондай-ақ бүгінгі климаттың 

қаншалықты өзгергені анықталады. Про-

фе с сор И.Северскийдің айтуынша, Орта-

лық Азия үшін мұздықтардың орны ай рық-

ша зор. Себебі аймақтағы өзендерге 

құйы латын сулардың 85 пайызы осы мұз-

дық тардан келеді. «Демек, Орталық Азия-

дағы судың басым бөлігі – еріген қардың 

үлесінде. Ал болашақта қалай болады? Ол 

сулардың қоры әлі қанша уақытқа жетеді? 

Орталық Азиядағы мұздықтардың жағдайы 

не болмақ? Міне, осы мәселелермен 

ЮНЕСКО-ның қолдауымен Қазақстанда 

ашылатын Орталық Азия аймақтық гля-

цио логия орталығы айналысуы тиіс», – 

дейді ол. 

Ирина БОКОВА, ЮНЕСКО-ның Бас дирек-

торы:

– Орталық Азияның аймақтық гля-

цио логия орталығы – бұл әмбебап 

орта лық. Біздің есебімізге сәйкес, ол 

аймақтық дәрежеде қалмай, болашақта 

әлемдік деңгейге көтеріледі. Себебі 

климаттың өзгеруі, тұрақты даму, сулар-

ды басқару және биоалуандылықты 

сақтау мәселелері бір-бірімен тығыз 

бай ланысты, ол проблемалар бүгінде 

бар ша адамзатты алаңдатып отыр. 

Арман АСҚАР,

Астана

АҚОРДА


Ресей премьері Медведевтің 

Қазақстанға алғашқы жолсапары 

Кеше Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы үкіметінің 

төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты 

өзара қарым-қатынастардың ауқымды 

спектрін, сондай-ақ аймақтық ынты мақ-

тас тықтың өзекті тақырыбын талқылады.

– Құрметті Дмитрий Анатольевич, өз 

атым нан, өз халқымның атынан сіздің 

Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы 

ретінде Қазақстанға алғашқы сапармен 

келгеніңізге шын жүректен қуаныштымын. 

Бұл сіздің екіжақты кездесу аясындағы 

алғашқы шетелдік сапарыңыз және біз оны 

өте жоғары бағалаймыз әрі сізге риза шы-

лы ғымды білдіремін. Ресей мен Қазақстан 

ТМД мен бүкіл әлемге көршілер ара сын-

дағы қарым-қатынастар қандай болуы 

керектігін көрсетіп отыр. Біз 20 жыл ішінде 

абсолютті тең құқылы, тату көршілестік жә-

не одақтастық өзара қарым-қаты нас тар ды 

орнаттық. Мен сіздің президенттігіңіз 

кезін де біз өте маңызды тарихи мәселелерді 

шешкенімізді айтуға тиіспін. Бірыңғай ке-

ден  дік тарифті қабылдадық, Кеден ода-

ғын, Бірыңғай экономикалық кеңістікті 

құр дық, өзге де қажетті шешімдер мен құ-

жат  тарды қабылдадық. Аймақтық кез де-

су лерде біз нақты мәселені шештік. Мен 

сіз дің мол тәжірибеңіз бен біліміңіз осы 

ма ңызды лауазымда – Үкімет басшысы 

ретін де өте тиімді жұмыс істеуге және біздің 

елдеріміз арасындағы дәстүрлі тату қарым-

қатынастардың дамуын жалғастыруға 

мүмкіндік беретініне сенемін. Мен сондай-

ақ сізді «Единая Россия» партиясының төр-

аға сы қызметіне сайлануыңызбен құттық-

тай м ын. Сізге зор денсаулық және табыстар 

тілей мін, – деді Қазақстан Президенті Нұр-

сұл тан  Назарбаев.

– Жақсы дәстүрді бұзуға болмайды деп 

санаймын. Мен Ресей Президенті болып 

сайланғаннан кейін Қазақстанға келдім. 

Енді, міне, өте достас және көршілес елге 

Ресей үкіметінің төрағасы ретіндегі бұл – 

менің алғашқы сапарым. Біз Қазақстанмен 

тату қарым-қатынастамыз, сондай-ақ 

ерек ше стратегиялық серіктеспіз. Мен бұ-

дан соңғы жылдары Сізбен бірге жүргізген 

өзгерістердің нышанын көремін. Біз екі-

жақ ты ынтымақтастықты елеулі түрде алға 

жыл жыттық және өте қуатты ықпалдастық 

бір лестік құрдық деп есептеймін. Мәселен, 

Сіздің 90-жылдары белсенді түрде айт қан-

да рыңыз, ең соңында іске асты және біздің 

де Сізбен бірге осыған қатысымыз бол ға-

нына мен қуаныштымын. Мен біздің екі-

жақ  ты  қарым-қатынастарымыздың  да-

муына, қуатты да мықты болуына және екі 

елдің экономикасының даму факторы 

болуына, сондай-ақ Орталық Азиядағы 

жал пы ахуалды жақсартуына мүмкіндік ту-

ғызу үшін қолдан келгеннің бәрін жасай-

мын, – деп атап өтті Ресей Федерациясы 

үкіметінің төрағасы.

Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды 

аспектісі сауда-экономикалық байланыстар 

болып табылады. Ресей – Қазақстанның ірі 

сауда серіктесі. Қазақстан мен Ресей ара-

сын дағы тауар айналымы 2011 жылдың 

қоры тындысы бойынша 23,9 миллиард 

долларды құрады. Қазақстаннан экспорт 

– 7,7 миллиард долларды, ал Қазақстанға 

импорт 16,2 миллиард долларды құрады. 

2012 жылдың 1-тоқсанында тауар айна-

лы мы 5 миллиард долларды құрап, 2011 

жылдың осы кезеңінен 1,3 пайызға өсті.

Сондай-ақ РФ премьер-министрі Дмит-

рий Медведев ҚР Премьер-министрі Кәрім 

Мәсімовпен кеңейтілген құрамда кездесті. 

Өз кезегінде К. Мәсімов Д.Медведевке РФ 

үкіметінің төрағасы ретінде алғашқы 

сапарын Қазақстанға жасағанына риза шы-

лы ғын  білдірді.

«Біздің бүгінгі келіссөзіміз, сіздің Нұр-

сұлтан Әбішұлымен кездесуіңіз біздің 

қаты настарымызды жақсартуға ықпал етіп, 

екі елдің халықтарына игілік әкеледі деп 

сенемін», – деді К. Мәсімов.

Сталинизм құрбандарын еске алу мен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 

күнінің қандай айырмашылығы бар?

 Қайырбек, Алматы

31 мамыр – Елбасының 1997 жылғы 

Жар лығымен Жалпыұлттық келісім және 

саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу 

күні болып келсе, енді саяси қуғын-сүргін 

және ашаршылық күні болып бекітілді. Ал 

сталинизм және ұлтшылдық құрбандарын 

еске алу күні – Еуропа елдері атап өтетін 

шара. 

2009 жылдың 2 сәуірінде еуропалық 



пар ламент бекіткен арнайы қаулы бойын ша 

23 тамыз сталинизм және ұлт шыл дық құр-

бан дарын еске алу күні болып есеп теледі. 

Ста линизмнің бұқаралық сипат тағы депор-

та ция, кісі өлімі, агрес сиялық саясат сияқты 

жантүршігерлік әре кет тері әшкере болғаннан 

кейін, Еуропа осын д ай қадамға барған 

болатын. Еуро пар ламентте аталған құ жатты 

қабыл дай тын кезде 533 депутат жақ тап 

дауыс берсе, 44-і қарсы шыққан. 33 мандат 

иесі қалыс қалу құқығын пайдаланған.

ЖИЫН


Отырыстың шымылдығын түрген Қай-

рат Мәми: «Сіздердің серіктестік қол дау-

ла рыңыз осы форумның бастамашысы 

бол ған Қазақстан үшін аса маңызды әрі 

құнды. Осыдан 10 жыл бұрын Пре зи ден-

тіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  кон фе с си я ара-

лық саммит өткізу үшін сіздерге шақырту 

салғанда, бұл шараның маңыздылығын 

жүректеріңізбен сезініп, шақыруды қабыл 

алдыңыздар. Міне, содан бері бұл жиын 

бей бітшілікті, адалдық пен әділеттілікті ту 

еткен діндердің толыққанды жаһандық 

диа логіне айналды. Біз бұған қуа ныш ты-

мыз. Сіздердің осы шараға жаппай атса-

лы суларыңыз шараның өзектілігін көр се-

теді. Ең бастысы – ізгілікті адами 

құн  дылықтарға деген мұқтаждықтың арт-

қан дығын айқындайды. БҰҰ-мен және 

басқа да аймақтық діни форумдармен 

ынтымақтасқан Әлем және дәстүрлі діндер 

лидерлерінің съезі адами өркениетті 

дамыту және сақтау жөніндегі жауапты 

және игі миссияға зор үлес қосады деген 

сенімдемін», – деді.

Күн тәртібіне сәйкес, отырыста діни 

лидерлер кеңесінің құрамы, әлемдік және 



Каталог: userdata -> editions -> pdf
pdf -> Қазақтың Мұқағалиы туралы жұртшылық арасында әңгімелер
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда жұ
pdf -> Иә, отандық ғылым ды кө­ тер мейінше, мықты мем ле кет
pdf -> Мен Абайдың ақындық мек тебі өз деңгейінде зерттеліп
pdf -> Бір тілде деп міндеттеген жоқ
pdf -> Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет
pdf -> Қазақстандағы Ұбт-ның қа лып тасқан өзіндік тәртібі
pdf -> Ерғожин ЕрлЕді Дәулет Ерғожиннің сөзіне сенсек, салық органдарында сыбайлас жемқорлықтың дең­ гейі төмендеген. Құқық қорғау орган дарымен бірігіп жасаған жемқорлықтың

жүктеу 0.67 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет