Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



жүктеу 1.53 Mb.
бет6/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік
Мемлекеттің егемен теңдігі принципі, әр мемлекет халықаралық қатынастардың басқа қатысушыларының егемендігін құрметтеуі, яғни басқа мемлекеттердің тарапынан ешқандай араласусыз өз аумағы шегінде өздерінің заң шығарушылық, атқарушылық және сот билігін жүзеге асыру құқығын құрметтеуге, сондай-ақ өзінің сыртқы саясатын дербес жүргізуге міндетті екендігін білдіреді. БҰҰ Жарғысының 2-бабының 1-тармағында: "Ұйым оның барлық мүшелерінің егемен теңдігі принципіне негізделген" деп жазылған. Осы принцип мемлекеттердің Қазақстан Республикасы қатысатын көпжақты және екіжақты келісімдерінде бекітілген.

1970 жылғы Декларацияға сәйкес егемен теңдігі ұғымына мынадай элементтер кіреді:

мемлекет заң жағынан тепе-тең;



әр мемлекет толық егемендікке тән құқықтарды пайдаланады;

әр мемлекет басқа мемлекеттердің құқықтық субъектілігін құрметтеуге міндетті;

мемлекеттің аумақтық тұтастығына және саяси тәуелсіздігіне қол сұғылмайды;



әр мемлекеттің өзінің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жүйелерін еркін таңдауына және дамытуына құқығы бар;

әр мемлекет өзінің халықаралық міндеттемесін толық және абыроймен орындауға және басқа мемлекеттермен бейбітшілікте өмір сүруге міндетті.

Күш қолданбау және күшпен қауіп төндірмеу принципі, ең алдымен басқыншылық соғысқа тыйым салуды көздейді. Осы принцип сондай- ақ мемлекеттің басқа мемлекеттің шекарасын бұзу мақсатында немесе оны мемлекеттік шекараға қатысты даулар мен мәселелерді шешу құралы ретінде қолданбау міндеттін білдіреді. Күш қолданбау принципінің нормативтік мазмұнына, мыналар:

халықаралық құқық нормаларын бұза отырып басқа мемлекеттің аумағын басып алуға тыйым салу;



күш қолдануға байланысты қуғын-сүргін актілеріне тыйым салу;

мемлекеттің өз аумағын үшінші мемлекетке қарсы басқыншылық соғыс жүргізуге пайдалануы үшін басқа мемлекетке беру;

басқа мемлекеттегі азамат соғысына немесе террористік актілерді ұйымдастыру, дем беру, көмек көрсету немесе қатысу;



басқа мемлекеттің аумағына басып кіру үшін қарулы қарақшылар мен тұрақты күштерді, атап айтқанда жалдамалыларды ұйымдастыру немесе ұйымдастыруға қолдау көрсету жатады.

Мемлекеттік шекараның мызғымастығы принципі — ол шекараның орналасу жағдайын өзгертуге, қандай да болсын аумақтық көзалартушылыққа бағытталған біржақты іс-әрекеттер мен талаптардан бас тарту. Осы принциптің басты мазмұны үш элементпен: 1)қазіргі шекараны халықаралық құқыққа сәйкес белгіленген заң тұрғысынан тану; 2) осы кезде және болашақта қандай да болсын аумақтық көзалартушылықтан бас тарту; 3) осы шекараларға, күшпен қауіп төндіру немесе оны қолдануды қоса алғанда кез келген өзге де қол сұғушылықтан бас тарту элементтерінен тұрады.

Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу принципі мемлекеттің өзінің халықаралық дауларын бейбіт құралдармен, халықаралық бейбітшілікке қауіпсіздік пен әділеттілікке қауіп төнбейтіндей етіп шешу тиіс екендігін білдіреді. Дауға қатысушы тараптар дауды келіссөздер, тексерулер жүргізу, бітістіру, келістіру, төрелік жолдармен, соттың араласуымен, аймақтық органдарға жүгіну жолымен немесе келісімдер немесе өз қалаулары бойынша өзге де бейбіт құралдармен шешуге күш салуы тиіс.

Ішкі іске араласпау принципі шын мәнінде басқа мемлекеттің ішкі құзыретіне жататын істерге араласуға қандай да болсын мемлекеттің құқығы жоқтығын білдіреді. Ішкі саяси жағдай мәселелерін тек мемлекеттің өзі ғана шеше алады. Сондықтан халықаралық құқық мемлекеттің ішкі саясат мәселелерін реттемейді. Бірақ ол мемлекет кез келген мәселені өзінің ішкі құзыретіне жатқыза алады деген сөз емес. Басқа мемлекеттің мүддесін қозғайтын мәселелерді тек мемлекетаралық келісімдер негізінде ғана шешуге болады. Мемлекет өзіне алатын халықаралық міндеттеме осындай мәселелерді шешудің дұрыс әдісіне негіз болып табылады. Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясында халықаралық құқық принциптері мен нормаларын құрметтеу сезімі баянды етілген. Осыған қоса, олар ол жүргізетін саясаттың негізі ретінде көрсетілген (Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред. басқарған Ғ.Сапарғалиев. – Алматы: «Жеті жарғы», 1999. 49-52-бб.).



жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет