Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Каспийдің балықтарына дейін «білімді»



жүктеу 1.53 Mb.
бет58/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік
Каспийдің балықтарына дейін «білімді»

Каспийдің балықтары да ақылды. Олар ұрық шашатын кезде теңіздің солтүстік батысына үймелейді де, қайтарда сол барған жолымен кері жөңкиді. Теңіздің оңтүстік жағалауы терең болғандықтан, балық атаулының дені сонда тіршілік етеді. Сондықтан жағалаудағы кейбір елдер балықтан көбірек басып қалу үшін олардың ұрық шашып, үйірімен көшетін маусымын аңдып отырады. «Көшке» тұтқиылдан шапқан кезде, қармақ қарулы, ау ауыр тартып кетеді. Бұл қарақшылар назарынан да тыс қалып отырған жоқ. Сондықтан теңізшілер қырағылығына қоса, қоғамның белсенділігі де қажет. Айталық, Иран дінбасылары бір кезде Каспийдегі «ұзын мұрын» балығын сақтау үшін оны жеуді харам деп таныған пәтуа шығарды. Кейін «ұзын мұрынның» тұқымы қалпына келгенде, оны қайтадан халал ғылып жариялаған кездері болған… Ал итбалықтар әруағы бізді әлі де әуреге салып келе жатқан жоқ па?..



Дипломатиялық шегініс шептен тайдырмасын

Премьер кезінде Нұрлан Балғымбаевтың көршілес Иран еліне сапарлағаны бар. «Каспий теңізі» деп заулатып отырған біздің делегация келіссөздердің бірінде бір сәт сылқ етіп «Хазар теңізі» дегенге ойысып кеткенде, ирандықтар қуанып кетті де, біз қайран қалдық. Ирандықтарға емес, өзіміздің делегацияға. Өйткені ирандықтар мұны дипломатиялық жеңіс ретінде бағалап жатты. Ал біздікілер басқа бір мәселеде артықшылыққа бару үшін шегініс жасады ма екен, кім білсін…


Білетініміз, Каспий – қазақтың қарашығы. Сондықтан жағалау елдері барлығы бірігіп бүгінгі майлы бұрғылаудан гөрі ондағы байлықты сақтау жағын қарастырғаны абзал.

Қуанышбек ҚАРИ

жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет