Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



жүктеу 1.53 Mb.
бет49/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік

ДСҰ-ның да ауылы алыс емес


Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі бойынша жұмыстарының ақыры көріне бастағандай. Жуырда онлайн-конференция барысында Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов еліміздің ДСҰ-ға енудің соңғы сатыларында тұрғанын айтқан болатын. Ресми мамандардың айтуынша, 2012 жылдың алғашқы жартысында-ақ ДСҰ-ға мүше мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз мүмкін. Бұл жағдай еліміздің сауда-экономикалық саясатына айтарлықтай өзгерістер алып келері анық.

ДСҰ не береді?

Дегенмен Қазақстанның экономика­лық ықпалдастық істері жөніндегі ми­нистрі Жанар Айтжанова айтпақшы, ДСҰ-ның есігінің алдында тұрсақ та, оған қатысты қандай да бір сенімді болжам айту өте қиын іс болып кетті. Себебі бұл мәселенің талқыланып келе жатқанына 15 жылға жуықтады. Ресми органдардың хабарлауынша, ДСҰ-ға ену бойынша жұмыстарында алға жылжу бар. Жанар Айтжанова Вашингтонда берген баспасөз мәлімдемесі барысында: «Дәл қазір қазақстандық билік бірқатар техникалық мәселе бойынша жұмыс істеуде. Әзірге ауыл шаруашылығы субсидиясы, мал шаруашылығындағы санитария сынды мәселелер ғана толықтыруды қажет етіп тұр, ал негізгі мәселелер бойынша қиын­дықтар жоқ», – дегенді айтқан болатын.

Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс-тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Яғни ол Қазақстанға да жағымды жағынан әсер етуі тиіс. Мәселен, қазақстандық өнімдер әлемдік нарықта әділетті бағаланатын болады. Қазіргі жағдайда Қазақстанның сыртқы сауда айналымының 50 пайызын ДСҰ-ға мүше мемлекеттер жасайды. Демек, Қазақстан аталған ұйым қатарына енген жағдайда түрлі жаңа жеңілдіктерді пайдалана отырып, артық шығындарды айналып өте алады.

ДСҰ-ға ену Қазақстанға тек экономикалық емес, саяси-әлеуметтік жағынан да пайдалы болуы мүмкін. Қазір қазақстандықтардың арасында Кедендік одаққа, оның талаптарына наразылық білдірушілер аз емес. Бұл біріншіден, «Ресейдің ықпал аймағында қалып қойдық» деген пікірмен байланысты. Жуырда сырттан әкелінетін көліктер салығының еселеп артуы қазақстан­дықтардың шамына тимей қоймады. Әрине, ел тұрғындары мұның себебін Кедендік одақтан көреді. Ал Қазақстан ДСҰ-ға енген жағдайда Кедендік одақтың негізгі ықпалы әлсірейтіндігіне байла­нысты бұл халықтың әлеуметтік көңіл күйіне де жағымды әсер беруі – заңдылық. Себебі Кедендік одақ пен ДСҰ талаптары сай келмеген жағдайда ДСҰ нормалары биік тұратыны жөнінде келісім бар екенін жуырда Премьер-министр Кәрім Мәсімов те айтқан болатын. Осыдан біраз жыл бұрын сарапшылар қауымы еліміздің ДСҰ-ға ену жоспарын түрлі ұстанымдар бойынша жиі сынға алып отырды. Ал енді Кедендік одақтың мүшесіне айналған соң, ДСҰ тартымдылығы артып жатқан секілді. Себебі бір кездері қарсылық білдірген сарапшылардың көбі қазір ДСҰ-ға тез­детіп ену қажеттігін айтуда.




жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет