Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



жүктеу 1.53 Mb.
бет44/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік
2. Қазақстан және ТҮРІКСОЙ.
Түріксой – түркі халықтарының өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын халықаралық ұйым. Бұл ұйым мемлекетаралық мәдени байланыстарды ұйымдастыруға және нығайтуға бағытталған. 1993 ж. 12 шілдеде Алматыда Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Түрікменстан мемлекеттерінің Мәдениет министрлерінің кездесуіндегі өзара келісімшарт негізінде құрылды. Кейіннен бұл келісімшартқа Татарстан, Башқортостан және Солтүстік Кипр Түрік мемлекеттері қосылды. Түркі тектес халықтардың жеті мемлекеті мүше болған халықаралық Түріксой ұйымының орталығы – Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында орналасқан. Түркі халықтары өнері мен мәдениетін дамытуға ықпал жасайтын ынтымақтастықтың ресми тілі – түркі тілі.

Түріксой саясаттан тыс халықаралық ұйым ретінде ынтымақтастықтың барлық мүшелеріне мемлекеттерінің саяси бағдар өзгешелігіне қарамастан мәдени байланыс саласында тең құқықты қамтамасыз етеді. Түріксой өзінің қызметі, мақсаты мен міндеті, жұмыс істеу принциптері жағынан ЮНЕСКО құрылымына жақын. Негізгі мақсаты: түркі тілдес мемлекеттердің және халықтар мен қауымдардың мәдениет пен өнер саласындағы мәдениетін дамыту, түркі әлемінің мәдени құндылықтарын тану, зерттеу, сақтау және толықтыру, оларды әлемдік кеңістікте насихаттау; тарихи, саяси және географиялық жағдай салдарынан әлсіреген байланысты дамыту; ортақ мәдени кеңістік қалыптастыру; түркі әлемінің ортақ мәдени құндылықтарын, тарихи, мәдени және архитектуралық ескерткіштерін анықтау және жүйелеу, оларды сақтау шараларын қарастыру; түркі халықтарының ұлттық мәдениеттерінің дамуына ықпал ету, олардың тума, табиғи ерекшеліктерін сақтау; түбі бір түркі тілдерін жақындастыру; тұтас тілдік орта қалыптастыру, ортақ әліпби жасау, латын графикасына көшу мәселелерін қолға алу; гуманитарлық салада әлемдік интеграциялық процестерді ескере отырып, түркі тілдері мен мәдениетінің қуат-күшін жасөспірімдерге тәрбие беру ісін де көрсету; түркі тілдес мемлекеттердің мәдениеті мен өнері жөнінде халықаралық ақпарат орталығын кұру, т.б. Түріксой халықаралық ұйымы құрылғаннан бері көптеген ғылыми-мәдени, т.б. жұмыстар жүргізілді. Түркі тілдес елдердің жазушылары Анкарада 1-халықаралық конференция өткізді (1993). 1994 ж. Анкара қаласында М.Физулидің туғанына 500 жыл толуы мерекеленді. Түркі тілді мемлекеттердің халықтық-қолданбалы өнерінің халықаралық көрмесі Қазақстанда (1994) ұйымдастырылды. 1994 - 96 ж. Солт. Кипрде Түріксойға мүше елдер әншілерінің қатысуымен опера күндсрі, 1993-1994 ж. Ашғабатта дәстүрлі және халық музыкасының халықараралық фестивалі өтті. 1994-1995 ж. Анкара қаласында барлық түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесі бірге тойланды. Әлемге әйгілі "Манас" эпосының 1000 жылдығы, Абайдың 150 жылдығы тойланды. Ғылыми конференциялар, кездесулер ұйымдастырылды. Анкара қаласында 1995 ж. 23 - 30 қазан аралығында түркі тілдес елдердің фольклорлық өнерінің халықаралық 1-фестивалі өтіп, ал 1996 жылдың 15 - 19 ақпанында Түріксой Париж қ-нда өткен "Эксполанг — 96" халықаралық көрмесіне қатысты. 2000 жылдың 14 шілдесінде Уфа қ-нда Түріксойдың кезекті мәжілісі өтті. Түріксой тұтас түркі дүниесіне ортақ көптеген ғылыми-мәдени жұмыстар жүргізуде. Соның бір қыры, түркі халықтарына ортақ рухани байлықтарды жариялау. Түріксой "Манас" эпосын (қырғыз, түрік тілдерінде), Абай шығармаларын (қазақ, түрік тілдерінде), "Алтайдан Пунаға дейінгі түрік мотивінің бірлігі" кітабын, "Түрікмен поэзиясының антологиясын", "Башқұрт халық эпосын", "Орал батырды", "Башқұрт-түрік сөздігін", "Түркі елдерінің архитектуралық ескерткіштері" кітабын, татардың халық эпосы "Едігені" басып шығарды. "Қорқыт Ата" энциклопедиясы, т.б. көптеген еңбектер Түріксой бағдарламасы бойынша дайындалды. Түріксой "Түркі әлемі" атты безендірілген журналды Түркия Республикасы Мәдениет министрлігімен бірлесіп үш айда бір рет шығарып тұрады (Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. 8-том. – Алматы, 2006. 601-602-бб.).

Н. Назарбаев Анталияда өткен түркітілдес мемлекеттер басшыларының ҮІІІ саммитінде «Біз ұлттық-рухани сипатымызға жаһандану үрдісінің төндіріп отырған қаупіне ТҮРКСОЙ аясында бірлесе қарсы тұра аламыз» дегенді (Жас қазақ, 21 қараша 2008).

ТҮРІКСОЙ ұйымы барлық түркі тілдес елдермен тығыз байланыс орнатқан. 2008 жылы оның жаңа Бас хатшылығына Қазақстан өкілі Д. Қасейінов тағайындалды.

жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет