Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы



жүктеу 1.53 Mb.
бет36/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік
Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНИДО) өнеркәсіп саласындағы БҰҰ қызметін үйлестіруді жүзеге асыру үшін Бас Ассамблеяның қарарымен 1966 жылы құрылды. 169 ел ЮНИДО-ның мүшелері болып табылады. ЮНИДО дамушы елдерде және өтпелі экономикасы бар елдерде өнеркәсіпті дамыту мәселелерімен шұғылданады.

Қазақстан 1997 жылы ЮНИДО мүшесі атанды. ЮНИДО-ға мүшелікке қабылданғанға дейін осы ұйымның аясында Қазақстанда инвестициялық жобаларды қалыптастырумен және бағалаумен айналысатын, сондай-ақ инвестициялаудың акционерлік емес нысандарының қаржылық, салықтық және құқықтық аспектілеріне талдау жасайтын адамдарды оқыту жөніндегі жобалар жүзеге асырылды. 1995 жылғы қарашада Текелі қаласындағы қорғасын-мырыш комбинатын қайта құрылымдау үлгісінде Қазақстанның шағын қалаларындағы мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құру және шағын сондай-ақ орта бизнестің дамуына жәрдемдесу жөнінде ЮНИДО мен ПРООН-ның бірлескен жобасы қолға алынды. Осы жобаның шеңберінде Алматыда шағын және орта кәсіпорындарды қолдау орталығы ашылды, ол осы уақытқа дейін жұмыс істейді.

Американдық "Шеврон" компаниясының қолдауымен, ЮНИДО-ның сарапшылық қолдауымен және ПРООН-ның үйлестіруімен Атырау қаласында "Бизнесті дамыту орталығын" құру жөніндегі жобаны және шағын бизнес үшін "Қаржылық қаражатты тартудың және пайдаланудың мөлтек несиелік тетігін" құру жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. ЮНИДО-ның қатысуымен Каспий жағалауы мемлекеттері үшін "Каспий экологиялық бағдарламасы" деп аталатын Дүниежүзілік банктің, ПРООН-ның және Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасының бірлескен жобасы орындалатын болады.

ЮНИДО Қазақстан үшін интеграцияланған бағдарламаны әзірлеуді жоспарлап отыр. Онда мынадай бағыттар қамтылады: өнеркәсіптік даму стратегиясы, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, үнемшіл өндіріс.


жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет