Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



жүктеу 1.53 Mb.
бет35/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік
БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) БҰҰ жүйесінің жетекші ұйымы болып табылады, ол балалардың аман қалуын, олардың қорғалуы мен дамуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешумен айналысады. ЮНИСЕФ Қазақстан Республикасындағы өзінің жұмысын 1992 жылы бастады, негізінен денсаулық сақтау саласында (сақтандыру, жұқпалы іш аурулары және тұмау аурулары) шұғыл көмек көрсетуді насихаттайды. 1994 жылы Қазақстанда ЮНИСЕФ-тің Өкілдігі ашыл-ғаннан кейін Қордың тұрақты бағдарламалары бойынша жұмыс басталды.

Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы ынтымақтастықтың бес негізгі бағыты бар, олар: ана мен баланың денсаулығын сақтау, ана мен баланың тамақтануы, бастауыш білім, сумен қамтамасыз ету мен санитария, балалардың мүдделерін қорғау. Бағдарламаның міндеттері ана мен баланың өлімін азайту және ел халқының тамақтану жағдайын жақсарту. Бағдарламаның негізгі күш-жігері "АСПЕРА" жобасында көрініс тапқан, Арал теңізі экологиялық апат аймағындағы жұмысқа бағытталған. Бағдарламаның нәтижелерінің бірі ретінде бала өлімі деңгейінің тұрақты түрде азаюын айтуға болады, бұл көрсеткіш 1000 тірі туған балаға қатысты алатын болсақ, 1993 жылы 28-і шетінесе, 1999 жылы 21-ге кеміді, сондай-ақ балалардың өмірінің алғашқы жылында сақтандыру дәрі-дәрмегі егілген балалар 98-99 пайызға артты, мұның өзі басқарылатын жұқпалы аурулармен ауыратындардың санын елеулі түрде қысқартуға мүмкіндік берді.

1994 жылғы ақпанда Президент Н.Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына сапары шеңберінде Бала құқығы туралы конвенцияға қол қойылды, бұл біздің еліміз қатысушысы болған тұңғыш көп жақты халықаралық шарт еді. 1998 жылдан бастап Қазақстан ЮНИСЕФ-тің Атқару Кеңесінің мүшелігіне өтті, мұның өзі БҰҰ-ның осы беделді мамандандырылған мекемесімен ынтымақтастықты кеңейтуге қосымша серпін берді.


жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет