Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



жүктеу 1.53 Mb.
бет14/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік
Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының шарттық-құқықтық негізін 40-тан астам шарттар мен келісімдер құрайды. Олардың ішінде Достық және ынтымақтастық туралы шартты; Азаматтық алудың жеңілдетілген тәртібі туралы келісімді және Консулдық конвенцияны; БР аумағында жұмыс істейтін ҚР азаматтарының және ҚР аумағында жұмыс істейтін БР азаматтарының еңбек қызметі және оларды әлеуметтік қорғау туралы келісімді; Еркін сауда-саттық туралы келісімді, сондай-ақ 1999-2008 жылдар кезеңіне арналған ұзақ мерзімді экономикалық ынтымақтастық туралы шартты бөліп айтуға болады.

Екі мемлекет те іс жүзінде бір мезгілде ядролық мұрадан бас тартты. Қазақстан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім білдіру жөніндегі кеңесті шақыруға бастамашы болса, Беларусь Шығыс және Орталық Еуропада ядролық қарудан азат аймақ құру туралы идеяны ұсынды.

Екі елдің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы экономикалық және гуманитарлық салалардағы интеграцияны тереңдету туралы 1996 жылғы 29 наурыздағы шарттың ережелеріне сәйкес құрылады. Қазақстан мен Беларусь арасында алып тастауларсыз және шектеулерсіз тұрақты негіздегі еркін сауда-саттық режимі жұмыс істейді.

Дегенмен, экономикалық ынтымақтастықтың деңгейі әлі де жоғары емес. Бірлескен кәсіпорындарды, қаржылық-өнеркәсіптік топтарды құруға қатысты екі мемлекеттің мүдделілігіне қарамастан географиялық алшақтыққа және көліктік шығыстарға байланысты бұл мәселелер тиісті шешімін таппай келеді. Сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жәй-күйіне екі елдің экономикалық үлгілерінің әр типтілігі елеулі ықпал етуде. Беларусьтағы экономиканы басқарудың орталықтандырылған жүйесі біздің еліміздегі қазіргі бар практикадан мүлде ерекшеленеді. Сонымен бірге Қазақстан мен Беларусь арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды зерттеу сауда айналымын ұлғайтуға төмендегідей факторлардың кедергі келтіріп отырғанын көрсетеді, олар:

  • қазақстандық және беларусьтық тауарлардың Ресей арқылы транзитіне жоғары төлем алынуы (шамамен бір тонна жүк үшін 40-50 доллар);

  • шаруашылық жүргізуші субъектілердің өзара төлем төлемеуі;

  • төлем-есеп айырысу тетігінің жеткілікті түрде тиімді болмауы, мұндай есеп айырысу еркін өтімді валютада ғана төлем жүргізуге мүмкіндік береді;

  • Бірлескен кәсіпорындар тиімділігінің төмендігі.

Сауда-экономикалық саладағы жағдайларды жақсарту мақсатында тараптар Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мемлекетаралық бағдарламасының жобасын әзірлеу орынды деп таниды. Қазақстандық мұнайды БР-да одан әрі өңдеу үшін оны алыс-беріс шикізат шартымен Беларусь тарапының сатып алуына, сондай-ақ БР-ға мұнай тасымалдау квотасын ұлғайтуға қатысты мәселелер пысықталуда.

1998 жылғы сәуірде екі елдің Үкіметтері мен Ұлттық Банктері арасындағы "Қазақстандық теңге мен Беларусь рублінің өзара өтімділігін қамтамасыз ету және олардың бағамдарын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы" келісім күшіне енді. Қазақстан мен Беларусь үкіметтері мемлекет-аралық есеп-айырысуларды реттеу жөнінде комиссия құрды.

1998 қаңтарда қол қойылған есеп айырысу принциптері туралы келісім әзірге жұмыс істемейді, өйткені онда валютаны, сондай-ақ АҚШ долларына қатысты беларусьтық рубльдің бағамын реттеудің әкімшілік әдістеріне байланысты ұлттық валютада есеп айырысуды белгілеу туралы ереже жоқ.

Әзірге екі жақты сауданың көлемі өте төмен. 2000 жылы ол 60 млн. долларды құрады. Сауда айналымын ұлғайту үшін қазақстандық және беларусьтық тауарлардың Ресей Федерациясы арқылы транзитіне ақы төлеудің шарттары туралы мәселені бірінші кезекте шешу қажет. Кеден Одағының шеңберінде немесе үш жақты Келісімнің (Қазақстан, Ресей, Беларусь) негізінде қазақстандық және беларусьтық тауарлар үшін жеңілдікті тарифті немесе Ресейішілік тарифтерді қолдануды белгілейтін келісімге қол қою анағұрлым ұтымды жол болып табылады.

Екі жақты қарым-қатынастың экономикалық құрамдас бөліктері төмендегідей іс-қимылға бағытталған келісілген шараларды қабылдауды көздейді;

  • Еуразиялық Экономикалық Қоғамдастықтың шеңберінде екі мемлекеттің өзара тиімді іс-қимылы;

  • екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ұйымдық-құқықтық, төлем жүргізу - есеп айырысу тетіктерін жетілдіру;

  • еркін сауда-саттық режимін нақты іске асыру;

  • Қазақстандағы экономикалық жобаларды (БелАЗ үлгісіндегі карьерлік самосвалдарды, көп жүк тиеуге есептелген МАЗ машиналарын, астық жинау комбайндарын құрастыру жөніндегі бірлескен кәсіпорындар) мемлекеттік қолдау;

  • Қазақстандық өнімдердің Беларусь және еуропалық рыноктарға, ал беларусьтық өнімдерді Қазақстан мен Азия рыноктарына шығару мақсатында екі елдің өнеркәсіптік әлеуетін, көлік және коммуникациялар құрылымын ұтымды пайдаланудың біртұтас жүйесін жасасу;

• ғылым мен техника жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаларды, сондай-ақ бірегей ғылыми объектілер мен құрылыстарды тепе-теңдік негізде пайдалануды іске асыру;

  • екі елдің аумағындағы шағын және орта бизнесті, сондай-ақ лизингтік компанияларды мемлекеттік қолдау;

  • ұлттық валюталардың өзара өтімділігін қамтамасыз ету;

• екі ел арасындағы сауда-саттық көлемін ұлғайту.

Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуде жақсы перспективалар бар. Қазақстанда 160 мыңнан астам этникалық беларустар тұрады. 1992 жылдан бастап Алматыда "Беларусь" мәдени орталығы құрылған. Батыс Қазақстанда ана тілі ретінде беларусь тілін оқытып-үйрететін сынып ашылды, беларусьтық жексенбілік мектебі жұмыс істейді.




жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет