Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



жүктеу 1.53 Mb.
бет1/62
Дата08.02.2022
өлшемі1.53 Mb.
#17070
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2
Дисс.-Қазақстан-және-Халықаралық-қауіпсіздік

«Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер

1 – лекция. 1 сағат.

Кіріспе

1. Пәннің мәні, мақсаты, міндеті және ерекшелігі.



2. Пәннің деректері, оқулықтар мен әдебиеттер.
«ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» жалпы курсы пәнінің бір бөлігі болып табылады. Бұл пән тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі кезеңге дейінгі кезеңді қамтиды. Сондықтан да бұл курстың хронологиялық шеңбері 1991-2018 жылдар. Пән Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бастап қалыптаса бастаған сыртқы саясаты, жүргізген сырткы саясатының концепциялары мен стратегиялык бағыты, саяси дипломатия саласындағы өзгерістері жөніндегі мәселелерді қарастырады. Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі халықаралық қауымдастыққа кіруі мен қазіргі кезеңдегі сыртқы саяси қатынастардың ерекшеліктері қарастырылады.

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықта алатын орны мен рөлін айқындау, жас тәуелсіз мемлекетіміздің сыртқы саяси қатынасының қалыптасу процесін оқып-үйрену, оларды қазіргі кезеңдегі сыртқы қарым-қатынас деңгейінде объективті талдау.

Курстың міндеті:

  • Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі даму процесін қарастыру;

  • ҚР -ның сыртқы саясаттағы жетекші бағыттарын көрсету;

  • ҚР -ның дүниежүзілік қауымдастыққа кіруін көрсету.

Сыртқы саясат – бір мемлекеттің өзге мемлекеттермен саяси, экономикалық, әскери және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынасының жиынтығы. Мемлекеттің қауіпсіздігі, аумағының біртұтастығы, сырт мемлекеттермен дұрыс қарым-қатынас жасауы сол елдің сыртқы саясатына тікелей байланысты. Дегенмен де әлемдік қауымдастықтың мәселелері жекелеген елдердің өзара қарым-қатынасымен шектелмейді. Экологиялық қауіпсіздік, азық-түлік мәселесі, бейбітшілікті сақтау, халықаралық лаңкестікпен күрес, қуат көздерін сақтау, ядролық қауіпсіздік сияқты әлемге ортақ мәселелер бар. Сондықтан мемлекеттердің үстінен сыртқы саясаттарына ықпал ететін БҰҰ, ЕЭО (ЕЭС), Солтүстік Атлантикалық Блок (НАТО), ШЫҰ (ШОС), т.б. мультиұйымдар қызмет етеді.

Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясат жүргізу арқылы әлемнің 145 мемлекетімен қатынас орнатты (2006 ж.). БҰҰ, ЮНЕСКО, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдарға мүше болу және елдің бейбіт, ашық және пәрменді сыртқы саясатының арқасында әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналды.

Бүгінде елімізде 75 елшілік пен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істеуде. Осыдан-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы атқарып отырған белсенді қызметі мен беделін аңғаруға болады. Бұл туралы Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялардың басшыларымен кездесуі барысында Елбасы Н. Назарбаев айтты. Сондай-ақ Елбасы биылғы жылы (2008 ж.) тек Астананың өзінде ғана шет елдің 12 елшілігі ашылғандығын тілге тиек етті. Олардың 5-еуі елімізде алғаш ашылып отырса, 7-еуі елордаға Алматыдан қоныс аударған. Тәуелсіз Қазақстан әрдайым сыртқы байланыстарды нығайтуға, халықаралық ұйымдармен тығыз бірлесіп жұмыс істеуге мүдделілік танытып келеді /Алматы ақшамы, 13.ХІІ.2008).

Сыртқы саясаттың негізгі бағыттары: шекара қауіпсіздігі, қорғаныс, сыртқы экономикалық байланыс, сыртқы сауда, мәдени байланыстар, ақпарат алмасу, ғылыми-техникалық байланыстар, инвестициялық қызмет, т.б. Әлем елдерінің ашық қоғам орнатуы арқасында адамдардың қозғалысы жылдамдады. Туризм, спорт, сұлулар байқауы, мультұлттық концерттер, беймемлекеттік ұйымдар байланысы секілді күрделі халықаралық қатынастарды реттейтін де, тәртібіне жауап беретін де мемлекеттің сыртқы саясаты.

19-20 ғасырларда мемлекеттер тәуелсіздіктерін нығайтуға, жерлерін кеңейтуге, басқа елдердің байлықтарын басып алуға ұмтылды. Сол себепті қуатты елдер агрессорлық, тартысты сыртқы саясат жүргізді, нәтижесінде екі рет дүниежүзілік соғыс болды. Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Ресейдің әлемдік үстемдікке ұмтылуы қыруар материалдық және адам шығынына соқтырды. 20 ғасырдың соңынан бастап мемлекеттер агрессорлық саясаттан бас тартып, тек қорғаныс саясатына көшті. Өйткені қазір соғыстан гөрі өзге елдерді экономикалық, шикізаттық, ақпараттық тәуелділікке түсіру анағұрлым тиімді. Өзара тең, пайдалы қатынас, сауда, инвестиция, ғылыми ақпараттар арқылы жүргізілген сыртқы саясат елді зор игіліктерге жеткізеді. Сондықтан сыртқы саясаттың бүгінгі басымдықтары диалог, келіссөз, консенсус, келісім және қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу болып табылады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық Заңының «Қазақстан Республикасы – дүниежүзілік қоғамдастықтың мүшесі» деп аталатын 5-тарауында былай делінеді:

13-баб. Қазақстан Республикасы халықаралық хұқтың субъектісі болып табылады, дипломатиялық және консулдық өкілдіктер алмасады, халықаралық ұйымдарға, ұжымдық қауіпсіздік жүйесіне кіруіне және олардың қызметіне қатысуына болады.

14-баб. Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешеді.

«Дипломатия жаршысы – Дипломатический курьер» журналы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жалғыз ресми баспа басылымы болып табылады. Ол елдің сыртқы саяси қызметінің өзекті проблемалары мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелеріне арналған. Тоқсанаралық көркемделген түрлі-түсті басылым, Мемлекет басшысының, Сыртқы істер министрінің сапарларын, сөйлеген сөздері мен сұхбаттарын, шетелдік елдер мен халықаралық ұйымдар басшыларының біздің елімізге жасаған сапарларын хронологиялық реттілікте беретін ресми бөлімнен құралады.

«Дипломатия жаршысы – Дипломатический курьер» журналының беттерінде Қазақстан Республикасың бүгінгі кезеңдегі екі жақты және көп жақты байланыстарына қатысты материалдар, елдің дипкорпусы саласындағы жаңа тағайындаулар туралы Президент Жарлықтары, сондай-ақ Сенім грамоталарын тапсыру мен елшілерді марапаттау туралы хабарлар жарияланады. «Қазақстан дипломатиясының тарихы» бөлімі ерекше қызығушылық туғызары анық, бұнда оқырман Қазақстанның сыртқы саясаты мен дипломатиясының қалыптасу тарихымен танысады, «Дипломат – Тұлға» рубрикасы ҚР дипломатиялық қызметінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жатқан белгілі дипломаттарға арналған. Журнал беттерінде, сонымен қатар, халықаралық өмірдің аса өзекті проблемаларына қатысты жетекші қазақстандық және шетелдік ғалымдардың, саясаткерлер мен қоғамдық қайраткерлердің талдау мақалалары жарияланады. «Жаңа жарияланымдар мен рецензиялар» беті сыртқы саясат пен халықаралық өмірге қатысты жарық көрген жаңа монографиялар, оқулық қуралдар мен жинақтар туралы хабардар етеді.

700 дана тиражбен шығарыла отырып, ол Қазақстандағы 68 шетелдік елшіліктер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктеріне, сондай-ақ Қазақстанның шетелдегі 138 елшілігі мен консулдықтарына, ұлттық мағынадағы жетекші жоғарғы оку орындары мен ғылыми мекемелеріне таратылады. Халықаралық сахнада елдің сыртқы саяси бейнесін ұйымдастыру және нығайту ісінде, әлемдік қоғамдастыққа кеңінен интеграциялану жағдайында елдің имидждік саясатына белгілі үлес қоса отырып, ол елдің мемлекеттік, қоғамдық органдары, тұтас алғанда дипломатиялық корпус жұмысында қажетті басылым болып табылады.


жүктеу 1.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет