Оқулықта когнитивтік лингвистика пәні, оның зерттеу нысаны, мақсаты



жүктеу 453.14 Kb.

бет1/5
Дата10.09.2017
өлшемі453.14 Kb.
түріОқулық
  1   2   3   4   5

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Э.М.Самекбаева 

КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКА 

Электронды құрал 

  

 



         «Когнитивтік лингвистика» (Филология: қазақ тілі  6М020500 «5B011700-

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  және  «5B012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын 

мектептердегі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті»    мамандықтарына  арналған  оқулық)  – 

Электронды құрал. – Семей.:2015 ж. 

Оқулықта  когнитивтік  лингвистика  пәні,  оның  зерттеу  нысаны,  мақсаты 

мен  міндеттері,  қалыптасу    тарихы,  басқа  ғылым  салаларымен  байланысы, 

қазақ  тіл  біліміндегі  және  шетел  тіл  біліміндегі  көрінісі    туралы  мәселелер 

берілген.                Сондай-ақ, когнитивтік лингвистиканың басты мәселелері – 

концепт ұғымы, концепт және концептуалдық құрылым, тілдік тұлға, дүниенің 

тілдік  бейнесі,  концептуалды  метафора,  танымдық  фразеологизмдер,  соның 

ішінде,    этнографиялық  фразеологизмдердің  когнитивтік  аспектісі,  тілдің 

танымдық  құрылымының  мифтік  негіздері    туралы  ғылыми  талдамалар 

ұсынылған. 

     Оқулық студенттерге, магистранттарға, осы салада дәріс беретін 

оқытушыларға, ғылыми ізденушілерге арналады. 

 

 


 

Э. М. Самекбаева 

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент 

 

      Семей педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен 

әдебиеті»  мамандығы  бойынша    бітірген  (1988  ж.).  Семей  педагогикалық 

институтының  оқытушысы  (1992-1994  жж.),  Абылайхан  атындағы  Қазақ 

мемлекеттік    халықаралық  қатынастар  және  Әлем  тілдер  университетінің 

аспиранты  (1994-1997жж.),  ҚР  ҰҒА    А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 

институтының  мамандандырылған  Ғылыми  кеңесінде  «Көркем  әдебиет 

тіліндегі  фразеологиялық  компаративтер»  деген  тақырыпта  кандидаттық 

диссертация  қорғады  (1997  ж.,  14  қараша,  ғылыми  жетекшісі  ф.ғ.д.  ҚР 

Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  профессор  Б.Қалиев),  Қазақстан  білім 

беру ісінің үздігі  (2000ж), 2001 ж. тіл білімі саласы бойынша доцент,  

Қазақстан 

білім беру ісінің үздігі (2000ж),  

Семей мемлекеттік педагогикалық институтына 

еңбегі сіңген медалінің иегері  

(2009 ж).

  

1992-2015  жж.  университеттің  қазақ  тілі  теориясы  мен  әдістемесі 

кафедрасында  доценттік қызметте еңбек етіп келеді.  

Ғылыми  жұмысының  негізгі  бағыттары  -  Көркем  әдебиет  тілі, 

лингвостилистика,    тіл  мәдениеті,қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы, 

фразеологиясы, қазақ  тілінің  поэтикасы,  когнитивтік  лингвистика,  тілді  оқыту 

әдістемесі  мәселелерімен шұғылданып жүр. 

 Басты  ғылыми  еңбектері:  100-ге  тарта  ғылыми    мақалалары  мен 

«М.Мағауин  шығармаларындағы  фразеологиялық  компаративтер»  (2000  ж.) 

атты ғылыми басылымы, «Қазақ тілі лексикологиясы бойынша лабораториялық 

жұмыстар»  (2001  ж.)  атты  әдістемелік  құралы,  ф.ғ.д.,  профессор  Б.Қалиевпен 

бірге  «Қазіргі  қазақ  тілі    синтаксисі  бойынша  сырттай  оқитын  студенттерге 

арналған» (2001 ж.) көмекші құралы жарық көрді. 



 

 

 

 

 

 

 

 

Алғы сөз 

 

      Қазіргі  таңда  антропоцентрлік  бағыт  аясында  тілді  «өз  ішінде  және  өзі 

үшін» қарастыратын зерттеулер жеткіліксіз болып, оны тіл мен танымның, тіл 

мен  адамның,  тіл  мен  ойдың,  тіл  мен  сананың,  тіл  мен  мәдениеттің,  тіл  мен 

қоғамның бірлігінде зерттеу қажеттігі туып деп отыр. 

      Тіл – ойлаудың құралы, ал ойлау, яғни таным  – шындық дүниенің бейнесі. 

Бұл  ғалам  бейнесінің  тілден  көрініс  табуы.  Тіл  өз  халқының  мәдениетін, 

өркениетін,  әлеуметтік  құрылысын,  дүниетанымын  бейнелеп  қоймай,  келер 

ұрпақты  қалыптастыруда  маңызды  және  шешуші  рөл  атқарады.  Адам 

баласының таным түсінігі толысқан сайын санада қалыптасқан ұғымды таныту 

деңгейі  де  кеңейе  түсетіні  белгілі.  Ақиқат  дүниенің  кез  –  келген  үзігінің 

денотаты  мен  жағдаяттары  тіл  арқылы  санада  таңбаланып  сақталады  және 

жұмсалады.  

       Тілді когнитивтік бағытта зерттеуші ғалымдардың пікірлері «тіл мен таным 

арақатынасы  адамға  қатысты  мәселені  шешумен  түйінделеді»  деген 

қорытындыға  әкеледі.  Лингвистердің  басты  мақсаты  –  тілдік  құбылыстардың 

табиғатын жүйелі зерттеуді дамыту. Бұл бағыттың негізгі арқауы тілді сол тілде 

сөйлеуші халықтың рухани дүниесінің қалыптасуымен тығыз байланыста қарау 

болып  табылады.    Когнитивтік  лингвистиканың  жеке  пән  ретінде  жоғары  оқу 

орындарында  оқытылуы  оның  жалпы  тіл  білімі  мәселелерімен  де,  сондай–ақ 

жеке  тіл  білімі  мәселелерімен  тығыз  байланысты  жеке  ғылым  саласы  ретінде 

танылуымен  байланысты.  Қазіргі  таңда  когнитивтік  лингвистиканың 

тұжырымдамасы,  өзіндік  ерекшеліктері,  ғылыми  аспектілері,  ғаламның  тілдік 

бейнесі мәселесі бойынша оқу - әдістемелік құралдағы дәріс курсының мәтінін 

құрастыруда  жалпы  тіл  білімінде  ұлттық  тілді    онтологиялық  зерттеудің 

түпқазығын  зерттеген  ғалымдар  –  В.Ф.Гумбольдт,  И.Гендер,  Г.Пауль, 

Г.Штейнталь, А.А.Потебня, Э.Сепир, Б.Уорф зерттеулері мен орыс ғалымдары 

М.Минский,  В.А. Маслова, Е.С. Кубрякова, Ю.Н. Караулов,   И.В. Черемисина, 

т.  б.қазақ  лингвистері    Ж.Манкеева,  Г.Смағұлова,    Қ.  Жаманбаева, 

Б.Тілеубердиев, 

Э. 

Оразалиева, 



А.Б. 

Әмірбековалардың 

ғылыми 

тұжырымдарына сүйендік. 



   

 Бұл әдістемелік кешеннің негізгі мақсаты – студенттерге  тіл біліміндегі 

танымдық  теорияның  ғылыми  негіздерін  меңгерту  арқылы    олардың  ойлау 

қабілетін,  қоршаған  ортаны  зерттеп  –  тану  қасиетін,  өзіндік  ой  –  пікірін 

дәлелдеп жеткізе білу дағдысын жетілдіру, олардың дүниетанымын кеңейту. 

 

 



 

 

 



 

 

 



   

   №1- тақырып:  Когнитивтік лингвистика-жеке ғылым саласы  

Негізгі сұрақтары: 

1.

 



Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері. 

2. Когнитивтік лингвистиканың  жеке ғылым саласы  ретінде қалыптасуы мен 

дамуы, өзіндік ерекшеліктері. 

3.  Когнитивтік лингвистикаға қатысты ғалымдардың пікірлері, тұжырымдары. 

 

1.Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, мақсаты мен   

міндеттері 

     Когнитивтік  ғылымның  негізгі  пәні  –  адам  санасы  мен  оның   

технологиялық  ойлауы.Бұл  пәнаралық  ғылым  адам  санасының  белгілі  бір 

жақтарын,  ең  алдымен  оның  жүйелі  түрде  ойлауымен  және  дүниені  тану 

үдерістерімен байланысын зерттеуге арналған.  

Когнитивтік  лингвистика  –  тілдің  танымдық  теориясы  мен  танымдық 

қызметін  зерттеп,  адамзат    білімінің  түзілуі  мен  оның  қызмет  болмысын 

қарастырады. 

        Когнитивті  лингвистиканың  зерттеу  нысанына  сондай-ақ  концептілер 

жатады.  Олар  концептілік  жүйе  құрап,  өзіндік  белгілермен  ерекшеленетін 

концептуальды кеңістікті құрайды.  

     


Когнитивтік  лингвистика  когнитивтік  құрылымдарды  қарастырумен 

қатар, адам санасында тілдік және тілдік емес білімдер жүйесінің құрылымын, 

сондай – ақ тілдік және тілдік емес ақпараттарды игеру, өңдеу, қолдану тәрізді 

әрекеттердің  жүзеге  асуын  қарастырады.  Тілдік  таңба  арқылы  кодқа  салынған 

ақпаратты ашып  немесе ақпараттарды кодка салу тәрізді әрекеттер когнитивтік 

лингвистиканың құзырына жатады.  



      2. Когнитивтік лингвистиканың  жеке  ғылым саласы  ретінде                                                                  

қалыптасуы   мен дамуы, өзіндік ерекшеліктері 

Тіл  біліміндегі  жаңа  ғылыми  бағыттардың  қайнар  көзі,  шығу  арнасы 

Еуропада    В.Гумьболдтың  линго-философиялық  тұжырымдамаларынан,  ал 

Америкада Ф.Боас, Э.Сепир, Б.Л.Уорфтардың көзқарастарынан бастау алады.  

Ресейлік филологиялық және тілтанымдық  дәстүрді жалғастырушы 

Н.И.Толстой, Н.Топоров,В.В.Иванов, В.А.Аврорин, В.Н.Телия, В.В.Воробьев, 

А.Вежбицкая, Е.М.Верещагин,В.Г.Костоморов, Ю.С.Степанов, 

А.Д.Арутюнова,  В.М аслова т.б ғалымдардың зерттеулерінде ақиқат шындық 

болмыс,  халық  тарихы,  ел  тарихы,  дүниетаным,  рухани  және  материалдық 

мәдениеттің  құрамдас  бөліктерін  құраушы  ұлттық  құндылықтар  жүйесі  тіл 

құрылымының  танымдық  астарымен,таңбалық  сипатымен,тілдік  бірліктердің 

ұлттық-мәдени семантикасымен тығыз байланыста сарапталады. 

Когнитивтік  лингвистика  когнитивтік  құрылымдарды  және  адамға 

қатысты    үдерістерді,  яғни  жүйелі  сипаттау  және  адамның  тілді  қабылдауын 

түсіндіру  механизмін  және  осы  механизмдердің  құрылу  ұстанымдарын 

қарастырады. 



 

 

3.Когнитивтік лингвистикаға қатысты ғалымдардың пікірлері, 

тұжырымдары 

        Когнитивтік 

лингвистика  лингвистикалық  зерттеулердің  шеңберін 

маңызды  түрде  күшейте  түсетін  қазіргі  антропоцентристік  парадигмалар 

шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды [6, 9]. 

        А.Маслова 

когнитивтік  лингвистика  нәтижеге  жету  үшін  оның 

міндеттеріне  ғаламды  тану,  ғалам  туралы  ақпарат  алу,  қайта  өңдеу,  білімді 

концептілеу,  концептілер  жүйесін  суреттеу,  ғаламның  тілдік  бейнесі 

мәселелерін жатқызады [ 6,25]. 

  Е.С.Кубрякова когнитивтік лингвистика міндеттерін « есте сақтау, 

елестету, қабылдау, ойлау арқылы тілдік үдерістердің, тілдік бірліктердің және 

категориялардың арақатынасын зерттеу ретінде анықтап сипаттайды [10 ,32].

 

Когнитивтік лингвистиканың пәні – тіл мен сөйлеуде пайда болған нақты 



тұжырымдарды ( концептілерді)  білдіретін тілдік құралдарды ( cөз, сөз 

тіркесі, мәтіндерді)  зерттеу[11,93]. 

 

                            Сұрақтар мен тапсырмалар: 



1. Когнитивті лингвистиканың зерттеу нысанына, мақсаты мен міндеттеріне не 

жатады? 


2.Когнитивтік  лингвистиканың    жеке  ғылым  саласы    ретінде  қалыптасуы  мен 

дамуының  өзіндік ерекшеліктерін неден көреміз? 

3. Когнитивтік лингвистикадағы адамның рөлі мен маңызы қандай? 

4. Когнитивтік лингвистика пәнін зерттеу нысанын айқындауға қатысты 

қатысты ғалымдардың пікірлері мен көзқарастары қандай ? 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер: 

1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері. – А.,1998 

2.Кибрик  А.А.  Когнитивные  иследования  по  дискурсу.//  Вопросы 

языкознания,1994. – №5-126-139 

  3.  Кубрякова  Е.С,  Демьянков  В.З,  Панкрац  Ю.Г,  Лузина  Л.Г.Краткий  словарь 

когнитивных терминов // Под общей ред. Е.С.Кубряковой. – М.: Наука., 1996.  

4.Манкеева  Ж.  Қазақ  тілін  зерттеудің  когнитивтік  негіздері.Тілтаным.,  2004, 

№1 


5.Маслова В.А.  Когнитивная лингвистика. – М., 2003. 

 

№2- тақырып:  Когнитивтік  лингвистиканың  зерттелу 

тарихы 

Негізгі сұрақтары: 

1.  Когнитивтік    лингвистиканың      пайда  болуының  алғышарттары,  даму 

кезеңдері.   

2. Тіл біліміндегі жаңа бағыттардың қалыптаса бастауы. 

 Кейбір тілдік теориялардың (Н.Хомский) тоқырауға  ұшырау себептері.  

       3. Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен    

 

зерттеулерге шолу. 



 

 

 

1. Когнитивтік  лингвистиканың   пайда болуының  алғышарттары,  даму 

кезеңдері 

 

Когнитивті  лингвистика  бірнеше  факторлардың  әсер  етуінен  пайда 



болды. Когнитивті лингвистиканың пайда болуына когнитивті психологияның 

да әсері болды. (Тіл біліміндегі психология жайында ХІХ ғ. А.А Потебня , 

Г.  Штейнталь,В.  Вундттың  еңбегі  бар).  Когнитивті  психология  бұл  кезеңде 

психолингвистика объектісі тұрғысында қарастырылды.  

Когнитивті 

лингвистиканың 

 

пайда 


болуына 

лингвистикалық 

семантиканың  да  әсері  болды.    Кейбір  зерттеуші  ғалымдар  когнитивті 

лингвистиканы «семантиканың негізінен туындаған» деп топшылайды.  

        Когнитивті  лингвистиканың  даму  кезендерін  АҚШ-ғы  «когнитивті 

грамматиканың»  пайда  болуынан  да,  сондай  –ақ  Ресей  жеріндегі  «когнитивті 

семантика»терминімен байланысты деген көзқарастар т.б.  

      Когнитивтік лингвистика алғашқыда нейролингвистика (жасанды интеллект 

және  компьютерлік  ғалымдар)  аясында  зерттелген.  Зерттеу  барысында 

ғалымдар оның адамзат баласының дүниетанымын, парасат -  пайымын, ойлау 

деңгейін, тілдік бейнесін де қарастыратындығына көз жеткізген  болатын.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

        2. Тіл біліміндегі жаңа бағыттардың қалыптаса бастауы. 



Кейбір тілдік теориялардың (Н.Хомский) тоқырауға  ұшырау себептері.  

       Н.Хомский  тіл  мен  таным  үдерістерінің  тоғыса  байланысуын  талдай  келе, 

бұл  қандай  қандай  ілімдер  жиынтығы?  Бұл  ілімдер  жүйесі  адам  санасында 

қалай  пайда  болды?  –  деген  сұрақтарға  жауап  іздейді.  Н.Хомский  негізін 

қалаған фразалар мен сөйлемдерді құрастырудағы морфемаларды тіркестірудің 

жалпы  ережелері  тіл  біліміне  маңызды  өзгерістер  әкелген құнды  тұжырымдар 

қатарында бағаланып, универсалды, кейде генеративті грамматика деп аталды. 

       Н.Хомскийдің грамматикасы адамның тіл туралы білімін оқып  – үйренуге, 

оның  тіл  үйрену  қабілетін  зерделеуге  арналды.  Ол  адамзат  психикасының  туа 

біткен  құрылымына  қайта  оралу  негізінде  тілді  қатаң  алгоритмдік  жүйе  деп 

қарастырды. 

 

Е.М.Панина:  Лингвистикалық    универсалийді    зерттеудегі    рационализм  



мен  эмпиризм  атты   мақаласында  универсалий  табиғатын  зерделеу бүгінгі  

күні екі  бағыттың  жүзеге  асуы арқылы  дамып  отыр  деп  атап  көрсетеді. 

Олар:1) рационалистік  бағыт;   2)эмпирикалық  бағыт. 

          Біріншісі    Н.Хомский    негізін    қалаған      генеративті    лингвистика  

аясында    қалыптасса,  екіншісі    табиғи    тілдердің    типологиясын      зерттеу  

барысында    негізделді.  Лингвистикалық    рационализмнің    маңызды  

алғышарттарын    адамның  сөйлеу  әрекетін    түсіндіруге      мүмкіндік    беретін  

адамзат    психикасының    туа    біткен    құрылымына    қайта    оралу,  тілді    қатаң  

алгоритмдік  жүйе    деп    қарастыру,  қажеттілікті    тіл    туралы    білімді   

жинақтаудың      өзегі    ретінде    тану,  дедуктивті    әдіс    пен    тілдік    талдаудың  

формальді  сипатын  қолдану  сияқты  мәселелер  құраса, эмпиризм  үшін  кез  

келген    туа    біткен    білімдерді    мойындамау,  керісінше,  зерттеу    нысаны  

ретінде  нақты  тілдік  тәжирибелер  негізінде  айғақталған  фактілерге  зейін  

қою, сөйтіп, индуктивті әдіске  сүйену   тән    болып  келеді деген  қорытынды  

жасады. (15,18)   


    3.   Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен   

зерттеулерге шолу 

 

 «Когнитивті 



грамматика»  термині  1975  ж.  Дж.Лакофф  пен 

Г.Томпсонның  «Когнитивтік  грамматиканы  ұсынамыз»  атты  мақаласында 

қолданылған. 1987 ж. Р.Лангакердің  алғаш «Когнитивті грамматика негіздері» 

атты еңбегінің І томы жарыққа шықты.  

ХХ ғ. 90 ж. басында шетелдік когнитивтік лингвистика жеке дара зерттеу 

бағдарламалары, сәл ғана байланысы бар немесе мүлдем байланысы жоқ  

салалардың қатынас бірліктерін зерттейді. Бұл зерттеу бағдарламалары 

бойынша Дж.Лаккоф, Р.Лангакер, Т.Ван-Дейк, Дж.Хейман т.б. жұмыс жасады.  

1990  ж.  орта  шеніңде  Еуропада  алғаш  рет  когнитивті  лингвистика 

оқулықтары  шыға  бастады.  Ф.Унгерер  мен  Х.И  Шмидтің  «Когнитивті 

грамматикаға  кіріспе»,(1996  ж),  Б.  Хайне  «Грамматиканың  когнитивті 

негіздері»  (1997 ж.). 

Орыс  тіл  білімінде  когнитивті  грамматика    ұғымы  В.И  Герасимованың 

(1985 ж) мақаласында беріледі.  

Оның  қалыптасуына  маңызды  үлес  қосқан  еңбектер  В.  Виноградовтың  

«Программа  понимающая  русский  язык».  (1976  -1972  ж.ж),  Р.  Шенканның 

бірлесіп жазған «Обработка концептуальной информации»-  (1975-1980 ж,ж ),  

жазылған  т.б.  еңбектер  маңызды  рөл  атқарды.  Кеңес  одағы  кезінде  «Новое  в 

зарубежной  лингвистики»  еңбегінің  ХХІІІ  жарыққа  шықты.  Бұл  еңбек  тілдің 

когнитивті аспектілеріне арналып жазылған . 

                                  Сұрақтар мен тапсырмалар: 

    1.Когнитивті лингвистиканың зерттелу тарихы туралы не білеміз? 

2. Когнитивтік  лингвистиканың   пайда болуының алғышарттары, даму    

кезеңдері жайлы не білеміз?  

3. Кейбір тілдік теориялардың (Н.Хомский) тоқырауға  ұшырау себептері    

неден көрінеді:  

           4. Когнитивтік лингвистика бағытына қатысты алғашқы еңбектер мен    

 

 



зерттеулерге шолу. 

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер: 

1.Жаманбаева Қ.Ә.Тіл қолданысының когнитивтік негіздері.-А.,19987 

2.Кибрик  А.А.  Когнитивные  иследования  по  дискурсу.//  Вопросы 

языкознания,1994.-№5. 

  3.  Кубрякова  Е.С,  Демьянков  В.З,  Панкрац  Ю.Г,  Лузина  Л.Г.Краткий  словарь 

когнитивных терминов // Под общей ред. Е.С.Кубряковой. – М.: Наука., 1996.  

4.Ларин Б.Эстетика слова и язык писателя.-Л.,1974. 

5.Манкеева  Ж.  Қазақ  тілін  зерттеудің  когнитивтік  негіздері.Тілтаным., 

2004.№1. 

6.Маслова В.А.  Когнитивная лингвистика.-М,. 2003. 

7.Маслова В.А.  Лингвокультурология.-М., 2001. 

8. Chomsky N. Aspects of the Theory of Syntax.- Cambridge, MA:M. I.Press6 1965. 

9.Минский М.  Фреймы для представления знаний.-М., 1979. 


10.Бабушкин  А.К  Типы  концептов  в  лексико  –  фразеологический  семантике 

языка  их  личная  и  национальная  специфика.  Дис...  док  филиал,  наук. 

Воронеж, 1998. 

11. Демьянков В.З. Когнитивизм, когниция, язык и лингвистическая теория. // 

    Язык и структуры представления знаний. – М.,1992.  

  12.Кубрякова Е.С. Размышления о судьбах когнитивной лингвистики на рубеже 

       веков // Вопросы филологии. – 2001. - №7.  

13.Попова  З.Д.,  Стернин  И.А.  Понятие  смысла  в  современной  лингвистике. 

Воронеж, 2001. 

14. Ребер А. Большой толковый психологический словарь. Т.1.М.,2003. 

15.Панина  Е.М.  Рационализм  и  импиризм  в  исследованиях  лингвистичесқих 

универсалий  //  Вестник  Московского  университета.Серия7.философия 

.№5,2001. 

 

№3-тақырып:    Когнитивті  лингвистиканың  қазақ  тіл  біліміндегі 



алатын орны. 

                                              Негізгі сұрақтары:  

1.  Ахмет  Байтұрсыновтың  таным  негіздеріне  қатысты  ой  тұжырымдары 

мен көзқарастары.                                                                                                                            

2.  Мағжан  Жұмабаевтың  тіл,ой,сана  арқылы  адамзаттың  даму  үдерісін 

сипаттауы.                                                                                                                                            

3.  Құдайберген  Жұбановтың  тіл  адамды,  өмірді  зерттеп  танудың 

көрсеткіші екендігі жөніндегі пікірлері.                                                                                                     

4.Қазіргі  кездегі  когнитивтік  лингвистиканың  дамуы  жайлы  ғылыми 

еңбектерге шолу. 

                                                                                                                                  

1.Ахмет  Байтұрсыновтың  таным  негіздеріне  қатысты  ой  тұжырымдары 

мен көзқарастары.                                                                               

Ахмет  Байтұрсынов  қазақ  тілінің  мүмкіндігін  жаңа  арнаға  бағыттаумен 

қатар, жалпы тілдік құралдарын танымдық сатыларын адамның физиологиялық 

болмысымен, ұлттық халықтың дәстүрімен ұштастыра білді. Орынборда  

1914 ж. шыққан «Тіл құрал»  атты еңбегінде «Тіл – адамның адамдық белгісінің 

зоры,  жұмсайтын  қаруының  бірі...»  дей  келе,  «Тіл  –  құрал»  деген  қандай  жат 

көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, өйткені бұл – қазақта 

бұрын  болмаған  жаңа  зат  деген  автордың  пікірін  тіл  –  ойлау  –  таным  – 

мәдениет  арасындағы  байланыс  мәселесіне  қатысты  ой-тұжырымдарының 

бастамасы деуге болады.  

          А.Байтұрсынұлы сөзді қолданудағы  тұлғаның танымында болатын 

обьективті үдеріс өзектендіруді  анық байқаған:  Сөздің дұрыс, таза, анық,  дәл 

айтылуының үстінде талғау сөздің көрнекті болуын да керек қылады. Адамға 

дерексіз заттан гөрі деректі зат түсініктірек , жансыз заттың  күйінен жанды 

заттың күйі танысырақ.  Сондықтан адам сөйлегенде, сөзі толық түсінікті 

болуы үшін, дерексіз заттарды деректі затша, пернесіз заттарды пернелі затша 

қалыптайды.Жансыз затты жанды заттай ғамалдайды. 


2.Мағжан  Жұмабаевтың тіл, ой, сана арқылы адамзаттың даму үрдісін 

сипаттауы. 

  XX  ғасырдың  20-30  жылдарында  педагогика,  психология  саласында  өзінің 

соны да сындарлы пікірлерімен көрінген ағартушы, ақын, жазушы, аудармашы 

Мағжан    Жұмабаевтың  орны  ерекше.  Ағартушы    Мағжан  Жұмабаев 

«Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілі», «Сауатты бол» т.б. оқулықтарын 

жазды.  


Мағжан «Тәрбиядан мақсұт – адамды һәм сол адамның ұлтын, аса барлық 

адамзат  дүниесін  бақытты  қылу  ұлт  мүшесі  әрбір  адам  бақытты  болса,  ұлты 

бақытты»  деп  бала  тәрбиесі  мен  ұлт  мәселесін,  ұлт  тағдырын  алға  тартып 

отырады.  Жан,  яғни  псхихика  құбылыстары,  соларға  негізделген  бала 

тәрбиелеудің жолдары, ғылыми негіздеріне де тоқталады. 

Жан  көріністерін  былайша  топ–топқа  бөледі:  білу  яки  ақыл  көріністері, 

ішкі  сезім,  яки  көңіл  көріністері,  һәм  қайрат  көріністері.  Біз  бір  заттың  яки 

көріністің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы байламды, яки 

айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, қуанамыз. Бұл – ішкі сезім 

ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат 

ісі». Ғалым «суреттеулерді жоғалтпай сақтай білуі ес деп аталады». Осылай деп 

есті төмендегі түрлерге бөледі: 1) көру есі, 2) есту есі; 3) қозғалту есі яки мотор 

есі.  Осы  естің  түрлері  сөйлеу  әрекетінің  механизмдерінің  бірлігі:  қысқа 

мерзімдік  (оперативтік)  және  ұзақ  мерзімдік  есте  сақтау  қабілеті, 

ықтималдылық, болжау, ұғыну, ойлау тұрғысынан түсіндіріледі. 



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал