Оқулық Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА мүшесі, э.ғ. д., профессор С. С. Сатубалдин «Алматыкітап баспасы»


I БӨЛІМ. Бухгалтерлік есептің принциптері 12



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет9/13
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17287
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
52157 157357 13
Бухгалтерлік есеп
I БӨЛІМ. Бухгалтерлік есептің принциптері

12

ше)  және  жанама  (жалпы)  шығындардан  тұрады.  Өткізу  бағасы 

осылардың деңгейінен төмен болмауы керек. 

Есептің  үш  түрінің  доктринасын  Э.  Леоте  мен  А.  Гильбо 

ұсынды.  Есеп  жүргізу  доктринасы  арнайы  логика  әзірлеумен, 

объектілерді  сыныптаумен  және  т.б.  байланысты;  әлеуметтік  – 

таптық  мүдделерді  салыстырады;  экономикалық  –  есептік  ақ-

парат  көмегімен  шаруашылық  процестерін  басқаруды  жүзеге 

асыруға мүмкіндік береді. Олар әлемдік бухгалтерлік әдебиетте 

бухгалтерлік есептің таза экономикалық бағытын құрды.

Неміс мектебінде есепті екі циклға: саудалық және өндірістік 

бухгалтерияға  нақты  бөлу  жүруде.  Эйген  Шмаленбах  (1873–

1955)  саудалық  бухгалтерия  –  борыштар  мен  міндеттемелерді, 

ал өндірістік-шаруашылықтың ішкі процестері (көбіне, төрт бө-

лім  атап  бөлінеді  –  жалақыны,  материалдарды,  өзіндік  құнды, 

нәтижені есептеу) бақылайды деп көрсетеді. 

XIX  ғ.  соңы  мен  XX  ғ.  басында  өндірістің  өсуіне  және  ак-

ционерлік қоғамдардың пайда болуына байланысты баланс жүр­



гізу  бағыты  дүниеге  келді.  Оның  дүниеге  келуіне  құқықтық 

арнайы  саласын  –  баланстық  құқықты  жасаған  заңгерлердің 

іс-әрекеті;  балансты  бухгалтерияның  іргесін  қалаушы  негізгі 

тұжырымдама  ретінде  насихаттау;  акционерлерді  негізгі  есепті 

форма  тетігі  –  баланспен  таныстыру  қажеттігі  себепші  болды. 

Балансқа мынандай талаптар қойыла бастады: дәлдік; толықтық; 

айқындық; шынайылық; сабақтастық; баланс тұтастығы. Герма-

нияда  баланс-бруттоны  (бөлінбеген  пайданы  көрсете  отырып) 

және  баланс-неттоны  (бөлінген  пайда  көрсетіліп,  жасалған)  бір-

бірінен ажыратып тани бастады.

Өндірістік  есептің  теориясы  мен  калькуляциясын  Альберт 

Кальмес жасады. Оның идеяларының ықпалы зор болды, әсіресе 

Германияда және революцияға дейінгі Ресейде Р.Я. Вейцман мен 

Н.Г. Филимонов олардың идеяларын қайталады, ал А.П. Руданов-

ский қалыпты (нормативті) бағаларды пайдалануға байланысты 

Кальместің идеяларын қайта өңдеп, дамытты.





жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет