Оқулық Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА мүшесі, э.ғ. д., профессор С. С. Сатубалдин «Алматыкітап баспасы»


-тарау. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы  9



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет6/13
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17287
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
52157 157357 13
Бухгалтерлік есеп
1-тарауБухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы 

9

есеп шоттарын пайдаланды: касса, тауар, алынуға тиісті құжаттар, 

төлемге арналған құ жаттар, шығындар мен пайда. Ол барлық осы 

есепті бір регистр Басты Журналда біріктірді.

XVIII ғ. ортасында Англияда өндірістік шығындарды есептеу 

жүйесі қалыптасты. Бухгалтерлік және өндірістің табиғи-құндық 

есеп  техникасын  жете  баяндаған,  математика  мұғалімі  Джеймс 

Додсон  (1750)  жаңа  бағыттың  негізін  қалаушыға  айналды.  Де-

генмен,  оның  есебінің  мақсаты  –  дайындалған  бұйымға  кеткен 

шығындар емес, оны қай шебер дайындағанда қанша ақы табуға 

болатындығы жөніндегі қорытынды еді. 

Әрбір  бөліс  бойынша  нәтижелілікті  есептеуге  назар  аудар-

ғандардың бірі – философия профессоры Роберт Гамильтон (1788). 

Зығыр  өндірісін  жете  зерттеген  ол  үш  бөлісті:  шіру,  тоқу  және 

ағартудың әрқайсысы бойынша пайда мен шығынды анықтауды 

бөліп көрсетті. Бұл өнеркәсіпті: бөлістің бар болғаны жөн бе, әлде 

сатып  алынатын  жартылай  өнімдерді  пайдаланып,  неғұрлым 

көп кіріс әкелетіндерін қалдырған дұрыс па деген шешімге же-

телейді.

Ф.В. Кронхейльм (1818) өндірістік есептің алғашқы теоретигі 

болды. Ол есепті екіге бөлді: өндірістік және бухгалтерлік. Өн-

дірістік  есептер  тек  заттай  ғана  бейнеленді;  ал  бухгалтерлік 

қалыптасқан дәстүрлі жүйемен ұсынылды. «Өндіріс» есебіндегі 

дебет сальдосы әлі бітпеген өндірісті көрсетті. Алайда ол матери-

алдар бірлігі калькуляциясы туралы ойға әлі келе қойған жоқ еді.

Алғаш  алгоритм  машинасын  жасаушы,  астроном  және  ұлы 

математик Чарльз Бэббидж (1832) әрбір өндірістік процесс бойын-

ша  шыққан  шығынды  есептеуді,  бұзылған  жабдықты  жөндеуге 

байланысты негізгі құрал-жабдықтың тозуы мен шығын сомасын 

анықтауды бірінші болып түсіндіріп жазған болатын.

XIX ғ. ортасынан бастап Еуропаның әртүрлі елдерінде бух-

галтерлік  есеп  тәжірибені  қорытатын,  сонымен  бірге  оны  же-

тілдіретін ғылым ретінде дами түсті. Үш атақты итальян мектебі 

дүниеге келді.





жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет