Оқулық Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА мүшесі, э.ғ. д., профессор С. С. Сатубалдин «Алматыкітап баспасы»


I БӨЛІМ. Бухгалтерлік есептің принциптері 8



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет5/13
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17287
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
52157 157357 13
Бухгалтерлік есеп
I БӨЛІМ. Бухгалтерлік есептің принциптері

8

аталады. Ал 1494 ж. итальяндық белгілі математик, монах Луки 

Пачоли (1445–1517) жазған «Есептер мен жазбалар туралы трак-

тат»  атты  бухгалтерлік  есеп  жөніндегі  алғашқы  кітап  басылып 

шықты. Италияда, Францияда, Германияда, Англияда ол бірнеше 

ғасыр бойы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі басшылық ретінде 

пайдаланылады.  Екі  жақты  жазу  тәсілі  (мұның  жәрдемімен  ма-

териалдарды, дайын өнімді, негізгі қаражат пен тағы басқа құн-

дылықтарды сақтауға қойылған бақылау жүзеге асты) әлі күнге 

дейін өзінің мәнін жоғалтқан жоқ.

Луки Пачолиден кейінгі көрнекті автор – Жак Савари (1622 – 

1690). Ол «Нағыз көпес туралы» жұмысын жариялады, шоттарды 

синтетикалық және аналитикалық деп бөлді, сауда калькуляция-

сын  түсіндірді,  мүліктік  (өзіндік  құны  бойынша  бағалау)  және 

конкурстық  (ағымдағы  бағалар  бойынша  бағалау)  баланстар-

ды жіктеді, соңғысына меншік иесінің жеке мүлкі де кіреді. Ол 

басқару есебін құрушылардың бірі болып саналады.

Матье де ла Порт Саваридің мықты бәсекелесі болды. Оның 

еңбегі мынада, ол шоттарды үш топқа жіктеді:

меншік  иесі  –  экономикалық  қызмет  атқарады  (капитал 

• 

қозғалысы);



мүліктік (материалдық) – арнайы шаруашылық қызме тін 

• 

орындайды (кәсіпорын ішіндегі ресурстарды басқару);



жеке (корреспонденттік) – заңдық қызмет атқарады (үшін-

• 

ші субъект үшін бөгде тұлғамен есеп айырысулар).



Бухгалтерлік  терминология  әлі  белгіленбесе  де,  ол  өзінің 

кітабын бухгалтерлік терминдермен толықтырады.

1796  жылы  Бристолда  Эдвард  Томастың  «Есеп  жүргізудің 

ағылшындық жүйесі» кітабын шығарды. Оның орнына тек есеп-

тік  регистрді  ғана  емес,  алғаш  рет  бухгалтерлік  есепті  түгел 

қамтитын теориясын қарастыратын Дегранж жүйелеп баяндаған 

«америкалық үлгі» келді. Дегранж есептің екі мақсатын көздеді: 

уақыттың кез келген сәтінде есептердің жағдайын айқындау және 

субъектінің меншікті капиталы мөлшерін анықтау. Бұл үшін ол бес 




жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет