Оқулық Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА мүшесі, э.ғ. д., профессор С. С. Сатубалдин «Алматыкітап баспасы»


-тарау. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы  7



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет4/13
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17287
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
52157 157357 13
Бухгалтерлік есеп
1-тарауБухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы 

7

Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлері-

нің түрлеріне байланысты. 

Алғашқы  сауда  операциялары  б.з.д.  3200  ж.  саз  кестелер-

де (таблицаларда) тіркелді (бұл есептегі жүйелік тіркеуді алдын 

ала  белгіледі).  Ертедегі  Мысырдағы  (Египеттегі)  папирустар 

хронологиялық  тіркеудің  дамуына  жол  ашты.  Осыдан  бес  мың 

жыл  бұрын  есеп  жүргізу  үшін  піл  сүйегінен  жасалған  кестелер 

қолданылды.  Ерте  замандағы  Үндістанда  сапты  аяқтар  шот-ре-

гистр  ретінде  пайдаланылды,  оларға  уақ  тастар  –  бастапқы  құ-

жаттар (картотека бейнесі тәрізді) салынатын. Греция мен Римде 

балауыз кестелер, мыс тақталар, кенеп, пергамент (май мен ылғал 

өткізбейтін  жылтыр  қағаз),  папирус  пайдаланылды.  Галлияда 

керамикалық тас тақталар мен қыш сынықтары, Перуде жіптер 

қолданылды. Кейіннен кодекс-кітаптар пайда болды.

Қытайда  бухгалтерлік  есепті  жүргізудің  елеулі  ерек ше лік-

теріне 8000 жыл толды. 

Адамзат  тарихындағы  бірінші  рет  ірі  еңбек  бөлінісі  –  жал-

пы жер иеленушілер қауымынан мал бағушылардың бөлініп шы-

ғ уы – тұрақты сипатқа ие болған шын мәніндегі экономикалық  

айырбасты тудырды.

Адамзат тарихындағы екінші ірі еңбек бөлінісі – айырбасты 

одан сайын дамытуға жағдай жасады. Өнімнің біраз бөлігі ең ал-

дымен  айырбас  үшін  өндіріле  бастады,  яғни  тауарға  айналды. 

Мұ ның  бәрі  айырбастың  баламалығы  ұғымын  қалыптастыруға 

және құн өлшемінің пайда болуына мүмкіндік берді.

Үшінші ірі еңбек бөлінісі – көпестер тобы бөлініп шыққанда 

болды. Сауда айқын қоғамдық сипатқа ие болғандықтан, шаруа-

шылық қызмет деректерін бейнелейтін бухгалтерлік теорияның 

пайда болуы мен дамуына жол ашты. 

Бухгалтерлік  есеп  ғылым  ретінде  сауданың  арқасында  шық-

ты. Осылайша 1458 ж. көпес  Бенедетто  Котрульидің  «Сауда  жә-

не  нағыз  көпес  туралы»  деген  бірінші  кітабында  бухгалтерлік 

есептің ғылым ретінде пайда болып, қалыптасуы қарастырылды. 

Тараулардың  бірі  «Сауда  кітабын  жүргізу  тәртібі  туралы»  деп 




жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет