I БӨЛІМ. Бухгалтерлік
есептің принциптері
6
Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез
келген бух галтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап,
бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті ше-
шеді:
1)
есепті барынша ақпаратты,
әрі дәл жасау;
2) оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
3) шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде
ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа
шығарып, болғыз байтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің,
қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен де-
биторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшы-
лықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан
әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза бол-
мауының себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес.
Оның пайда болуының алғы шарты – адамдар арасындағы эко-
номикалық қатынастардың дамуы.
Бухгалтерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай
кезеңдерге бөлуге болады:
Ежелгі дүние;
Ортағасырлық;
Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
Ғылымның пайда болуы. XIX ғ. екінші жартысы.
XX ғ. – бухгалтерлік есептің үдемелі (интенсивті) дамуы.