УДК 657 (075)
ББК 65.052 я7
Оқулық Қазақстан Республикасының заңнамаларымен,
нормативтік базаларындағы соңғы өзгерістерді ескере отырып,
сондай-ақ типтік шоттар жоспарындағы өзгертулерге сәйкес өңделген.
Кітап авторлардың редакциясымен шығарылды.
ISBN 978-601-01-0737-3
© Назарова В.Л., Жапбар ханова М.С., 2012
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2012
Осы еңбекті немесе оның бөліктерін авторлардың келісімінсіз таратуға және авторлық құқық жөніндегі
нормаларға қайшы келетін басқа да әрекеттерге тыйым салынады әрі заң бойынша жазаланады.
Кіріспе
3
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бух
галтерлік есептің рөлі мен мәні артуда. Басқару мен нарықтық
экономиканың дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзір
леуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы ісқимылын
анықтап, бәсекелессубъектіні айқындауға, сондайақ субъектілердің
қаржы лық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы
ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары
болып табылады.
Бухгалтерлік есеп – экономикалық білім жүйесіндегі негізгі пән
дердің бірі, әрі оны мамандығым деп таңдағандар үшін аса маңызды. Ол
шаруашылық жүргізуші кез келген субъект қызметінде жетекші орын
алады. Бухгалтерлік есептің мәліметтері негізінде бүкіл шаруашылық
қызметтің ісәрекеті сипатталып, оның табысы немесе шығыны есеп
ке алынады, қаржылық жағдайы ашып көрсетіледі. Бухгалтерлік есеп
субъектілердің меншігін сақтауды бақылауға және басқару шешімдерін
қабылдауға қажетті ақпаратты жинақтайды.
Қазіргі заман бухгалтерлері – бухгалтерлік есеп ауқымында алған
терең кәсіби білімі арқылы экономикалық талдау мен аудит дағдыларын
игеруі, сондайақ өндіріс процестерін басқара білуі тиіс. Ол Қазақстан
Республикасының азаматтық құқықтары мен заңнамаларды есеп
ке ала отырып, әртүрлі экономикалық шешімдер қабылдап, ұйымның
келешектегі қызметін жоспарлай білуі тиіс.
Бұл оқулық Қазақстан Республикасы бухгалтерлеріне, магис
транттарына, экономи калық жоғары оқу орындарының студент
теріне төмендегі тақырып тарды оқып түсінуге мүмкіндік береді:
– бухгалтерлік есепті ұйымдастыру жүйесін;
– бухгалтерлік терминологиясын;
– есеп пен қаржылық есеп берудің негізі принциптерін;
– бухгалтерлік есептің стандарттары мен қаржылық есеп берудің
халық аралық стандарттары ұсынған талаптарға сәйкес
бухгалтерлік есеп әдістемелігі мен оның ұйымдастырылуын;
– қаржылық есеп беруді пайдаланушылар және оларды шаруа
шылық қызметі туралы сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету
тәртібін;
Кіріспе
4
– шаруашылық қызметін жүзеге асыру барысында субъектілер дің
ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарын
қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуін;
– бухгалтерлік есептің экономиканы басқару жүйесіндегі рөлін;
– бухгалтерлік есептің бақылауақпараттық рөлін.
Оқулықта баяндалған материалдармен қатар нормативті құ
жаттар, алғашқы құжаттардың нысандары мен типтік бухгалтерлік
жазулардың үлгілері берілген, оларды оқу мақсатында да, қаржылық
және өндірістік қызметте де қолдануға болады.
Оқулық 3 бөлімнен 17 тараудан тұрады және жаңа оқу жоспары
бойынша, 2008 ж. 1 қаңтарда енгізілген бухгалтерлік есептің типтік
шоттар жоспарына сәйкес жасалған.
Бірінші бөлімде – бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыпта
с уы мен дамуы, бухгалтерлік есептің мәні мен мазмұны, оны ұйымдас
тыру принциптері, бухгалтерлік есепті құжаттық ресімдеу, қаржы лық
есеп беру мен бухгалтерлік есеп тұжырым дамасы қарастырылады.
Екінші бөлімде – қаржылық есептің негізгі мәселелері, ағымдағы
активтер; ақша қаражаттары мен олардың баламалары; ағымдағы ак
тивтер: алынуға тиісті шоттар мен басқадай дебиторлық қарыздар;
тауарлыматериалдық қорлар есебі; негізгі құралдар есебі; негізгі
құралдарды жалға алу есебі; материалдық емес активтер, оларды
ұс тау және тозу есебі; меншікті капитал есебі; инвестиция есебі,
дебиторлық қарыздар есебі; міндеттемелер мен қарыздар бойынша
шығындар есебі; жұмысшылармен және қызметкерлермен еңбекақы
бойынша есеп айырысулардың есебі; меншікті капитал есебі, қаржылық
есеп беруді жасау мен ұсыну жолдары жазылған.
Үшінші бөлімде басқарушылық есептің негізгі мәселелері бух
галтерлік есеп жүйесінің элементі ретінде қаралған.
Поделитесь с Вашими друзьями: |