1-тарау. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы
15
Методологиялық (XIX ғ. бірінші жартысы). Бухгалтерлік есеп-
тің негізінде тек тауарлар мен ақша ғана жатпай, меншік иесі мен
материалды жағынан жауапты тұлғалар арасындағы құқықтық
қатынастар да болатынын жете түсінді.
Коллациондық (XIX ғ. ортасы). Мамандар шаруашылық про-
цеске (коллация – бөліске түсетін мүлік, статистикалық мәлімет)
қатысатын тұлғалардың іс-әрекетін өзара бақылайтын есептік
тәсілдер жасай бастады. Бір желі арқылы өзара байланысқан
дәйектерді тіркеуді қарастыратын желілік жазба пайда болды.
Механикалық (XIX ғ. соңы). Механизацияның, әсіресе касса-
лық аппараттардың пайда болуы коллацияны қарапайымдан ды-
рады және есеп қызметкерлерінің еңбек өнімділігін арттырады.
Операциялық (XIX ғ. соңы – XX ғ. басы). Түскен тауарлар
көптеген ғасыр бойы сатып алынған бағасы бойынша, ал олар-
ды есептен шығару сату бағалары бойынша жүргізілді. Ал
сату бағалары тауарлардың түскен кезіндегі бағасынан жоғары
болғандықтан, қаржылық нәтижені көрсететін кредиттік сальдо
түріндегі айырма пайда болатын. Сондықтан кейіннен «Тауар-
лар» шотындағы есеп сатып алынған бағамен жүргізіледі, са-
тылған құндылықтар «Өткізілді» деген жаңа шоттың дебетінде
есептен шығарылды, кейінгісі кассаға түскен ақшалай түсім со-
масына кредитке жатқызылады. Осыған орай «Тауарлар» шоты
таза материалдық болып шықты.
Бұдан шығатын қорытынды, әрбір кейінгі жалғасатын ке зең
алдындағысын теріске шығармайды, шығармашылық жағынан
байытады, бухгалтерлік есептің шаруашылық процестерін бас-
қару құралы ретіндегі мүмкіндіктерін кеңейтті.
Нарықтық қатынастардың қазіргі жағдайларында бухгал-
терлік есептің негізгі мақсаты әртүрлі деңгейдегі басқару
шешімдерін әзірлеу, негіздеу, қабылдауға, бәсекелес-субъектіні
айқындауға және тағы басқаларға қажет субъектінің шаруашылық
және қаржылық қызметі туралы сапалы және дер кезіндегі ақ-
паратты қалыптастыру болып табылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |