Оқулық Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА мүшесі, э.ғ. д., профессор С. С. Сатубалдин «Алматыкітап баспасы»


I БӨЛІМ. Бухгалтерлік есептің принциптері 14



жүктеу 0.63 Mb.
Pdf просмотр
бет11/13
Дата15.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17287
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
52157 157357 13
Бухгалтерлік есеп
I БӨЛІМ. Бухгалтерлік есептің принциптері

14

40-50 жылдары бухгалтерлік есепте оперативті-бухгалтерлік 

(сальдолық)  тәсіл  мен  есептің  журналдық-ордерлік  формасы 

қол даныла  бастады.  50-жылдардың  ортасынан  экономикалық 

ақпаратты өңдеу үшін қолданылатын есептегіш техниканың жап-

пай тарауы басталды.

60-жылдардың ортасында бухгалтерлік есеп дамуының жа-

ңа  кезеңі  болып  өтті.  Мұның  негізгі  жолдары  орталықтандыру  

мен есепті механикаландыру еді.

Жоғарыда  айтылғандарға  сүйене  келе,  бухгалтерлік  есеп 

жүйесінің дамуын мынадай кезеңдерге бөлуге болады:

Мүліктілік  (пайда  болған  сәттен  бастап  XIII  ғ.  дейін).  Тек 

қана тауарлар, жабдықтар (таразылар, кіртастар, сөрелер және т.б.) 

есепке алынды. Айналымдағы монеталардың сан алуандығы әр 

түрдің есебін ұйымдастыруды талап етті және де тек қана заттай 

өлшеуіш (тауарлар – ұзындық, салмақ, көлем, ақша – сол типтегі 

монета саны бойынша есептелді, тауар сату кезінде тауарлар зат-

тай өлшеуіш бойынша кіріске енгізілді, төленген ақша монета са-

ны бойынша, ал сату негізінде – керісінше есептен шығарылды).



Интегралды (XIII – XVII ғғ.) – есепте ақшалай өлшем қолдана 

бастады. Әуелі монетаның сан түрі сол жердегі кең таралған мо-

нетаның біріне аударылатын коэффициентке қайта есептеліп, со-

нан соң тауарлар да тек қана заттық емес, ақшалай өлшеуішпен 

де  есептеле  бастады.  Осылайша  есептің  екі:  заттай  және  ақша-

лай сызбасы бөлініп шықты. Осы кезеңде екі жақты жазу пайда  

болды.

Синтетикалық  (XVII–XIX  ғғ.).  Есеп  объектілерінің  көп тігі, 

тауарлық  номенкла тураны  саралау  (дифференциация),  шаруа-

шылық қызметі көлемінің өсуі синтетикалық шоттардың бөлініп 

шығуын тудырды және соған орай барлық шоттарды синтетика-

лық және талдамалы деп бөледі. Осының арқасында шаруашылық 

қызметті  талдауға  жағдайлар  жасалды.  Есеп  сызбасының  (схе-

ма)  үштен  бір  бөлігі  –  тауарлар  ақшалай  өлшеммен  ескерілетін 

құндық (соманың) есебі пайда болды.





жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет