1-тарау. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы
13
Кальмеспен қатар Иоган Фридрих Шер жұмыс істеді, олар
өнеркәсіп өндірісінің көпшілігін үшке біріктіреді:
бір өнімдік бір бөлістіктер;
•
бір өнімдік көп бөлінетіндер;
•
параллель циклді және кейіннен жинастырушы өндіріс.
•
Осылайша ескі камералды бухгалтерия XII ғ. бастап XVIII ғ.
ортасына дейін билік етті. Оның мәні ақшалай қаражаттың, әдет-
те кассаның кіріс, шығыстарын есептеуге негізделген.
Жаңа камералды бухгалтерия, сайып келгенде, кірістер мен
шығыстардың әрбір түрі нақты белгілі бір бапты бейнелейді және
бухгалтер шаруагер сияқты өзінде бар «қаржылық жоспарды»,
талдаушылық, мамандану, толықтық және біртұтастық прин-
циптеріне құрылатын бюджетті қалай сақтайтынын бақы лайды
дегенге тоқтады. Камералды бухгалтерияның ірі теоритигі Ио-
сиф Шрот болды. Ол әкімшілікті «билікті» бір-бірінен тәуелсіз:
заң шығарушылық, атқару, бақылау деп үш түрге бөлді. Сметаны
ол шаруашылық әкімшілігін бақылау тәсілі деп санады.
Фридрих Гюгли (1833–1902) есептің: жай; камералды; қосар-
лы; константты төрт жүйесін есептеп шығарды және біріктірді.
Ол бухгалтерияның әкімшіліктің және материалды жауапты
адам дардың есептерін, құндылықтардың сақталуын тексеретін
ба қылаушылық рөлін атап көрсетті.
Гюглидің идеялары барлық халық шаруашылығының біртұ-
тас жүйесін құруға бағытталады.
Социализм кезінде бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда тү-
бегейлі өзгерістер жасауға себепші болған жаңа қоғамдық қа-
тынастар қалыптасты. Есеп бүкіл мемлекет ауқымы бойын-
ша реттелді. Барлық бас бухгалтерлер бірдей құқықтар мен
міндеттерді, барлығы бірдей ережелерді, есептердің бірыңғай
жос парларын басшылыққа алды, халық шаруашылығының әр бір
жеке саласына арналып жасалған нұсқаулар қолданылды.
30-жылдардан бастап шаруашылық және шаруашылық ішкі
есептер дамыды.
Поделитесь с Вашими друзьями: |