УДК 657 (075)
ББК 65.052 я7
Н 17
Рецензенттері: С.Т. Мыржақыпова –
э.ғ.д.,
профессор;
С.Б. Баймұханова –
э.ғ.к., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің
«Бухгалтерлік есеп және аудит»
кафедрасының доценті;
Ғ.Б. Тәңірбергенова –
э.ғ.к., Экономика және құқық
академиясының доценті.
Н 17
Назарова В. Л., Жапбарханова М. С.
Бухгалтерлік есеп: Оқулық / Авт. В.Л. Назарова, жалпы ред. басқар ған
С.С. Сатубалдин.
– Алматы: Алматыкітап баспасы, 2012. – 624 бет.
ISBN 978-601-01-0737-3
Нарықтық экономика жағдайында басқаруды жетілдіруде бухгалтерлік
есептің рөлі мен мәні артып келеді. Басқару мен нарықтық экономиканың
дамуына, әртүрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен
қабылдауға, субъектінің нарықтағы іс-қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні
айқын дауға, сондай-ақ субъектілердің қаржы лық және шаруашылық қызметі
туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру – бухгалтерлік есептің
басты мақсаттары болып табылады.
Оқулықта мына мәселелер қарастырылған: бухгалтерлік есеп пен қаржы-
лық есеп концепциялары, есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі принциптері;
бухгалтерлік есептің стандарттары мен қаржылық есеп берудің халық аралық
стандарттары, есептеу жүйесі және екі жақты жазба, баланс, есеп-қисап
айналымы, ағымдағы активтер; ақша қаражаттары мен олардың баламалары;
ағымдағы активтер: алынуға тиісті шоттар мен басқадай дебиторлық қарыздар;
тауарлы-материалдық қорлар есебі; негізгі құралдар есебі; негізгі құралдарды
жалға алу есебі; материалдық емес активтер, оларды ұстау және тозу есебі;
меншікті капитал есебі; инвестиция есебі, дебиторлық қарыздар есебі; мін дет-
темелер мен қарыздар бойынша шығындар есебі; жұмысшылармен және қыз-
меткерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі; меншікті капитал есебі,
қаржылық есеп беруді жасау мен ұсыну жолдары.
Бұл оқулық Қазақстан Республикасының бухгалтерлеріне, магистрант-
тарына, экономикалық факультеттер мен экономикалық жоғары оқу орын да-
рының студенттеріне арналған.