Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


қарағанда  мықтылығы  нашар,  себебі  саржалық  айқаспаның  жапқышы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/31
Дата25.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

қарағанда  мықтылығы  нашар,  себебі  саржалық  айқаспаның  жапқышы 
жаймалық  айқаспаға  қарағанда  сопақтау,  ұзындау  келеді.  Матаның 
тығыздығы  төмен  болғандықтан  олар  диа-  гоналы  бойынша  қатты 
созылады. 
Сәтенді  және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде  сопақ, ұзын 
жапқышы  болады,  сондықтан  да  олардың  оң  беті  тегіс  және  жыл-  тыр. 
Сәтеннің  оң  бетінде  арқау  жіптері,  ал  атласта  негіз  жіптері  басым  болады. 
Сәтендік  және  атластық  айқаспалардың  раппортында  кемінде  5  жіп  болуға 
тиіс. 
Бес жіпті сәтенде раппорттағы әр негіз жіп н бетке тек бір-ақ рет шығады, 
төрт арқау жіптің а астынан өтеді. Сондықтан, айқаспалық суретін салғанда 
әр көлденең қатарда бір көзді бояп, төрт көзді ашық қалдыру керек. 
 
Сурет 3.5 - Сәтендік айқаспа 
Сәтендік  айқаспаларда  арқаулық  жапқыштардың  ұзын  болуына 
байланысты өте тығыз мата алуға мүмкіндігі бар. 
Атластық  айқаспа  сәтенге  ұқсас,  бірақ  бесжіптік  атластық  айқаспада 
раппорттағы  әр  негіз  жіп  н  төрт  арқау  жіпті  а  жабады  да  бір  арқау  жіптің 
астына  түседі.  Атластық  айқаспа  маталардың  бет  жағы  негіз  жіптерден 
тұрады.  Бұл  әдіспен:  мақта  түрлерінен  -  сәтен-дубль  және  сәтен-ластик; 
зығырдан  -  костюмдік  -  коломенок;  жібектен  -  креп-сәтен,  корсет  маталар, 
іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар 
тоқылады. Сәтендік  және атластық  айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін 
арттыра- ды. Мұндай маталардың кемшілігі  - сусып, ыдырағыш, төсегенде, 
тіккенде сырғымалы болады. 
3.5. суретте сәтендік айқаспа көрсетілген. 
75 

3.2.2.
 
Майда өрнекті айқаспалар 
Майда  өрнекті  айқаспалардың  класы  екі  топқа  бөлінеді:  қарапайым 
айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар, 
қарапайым  айқаспаларды  алмастыру  және  құрастыру  арқылы  алынатын 
құрама  айқаспалар.  Қарапайымға  қарағанда  майда  өрнекті  айқаспаларда 
негіз мен арқаудың раппорты әртүрлі болады. 
Туынды жаймалық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жата- ды. 
3.6 және 3.7 суреттерде майда өрнекті айқаспасы көрсетілген. 
 
Сурет 3.6 - Рогожка айқаспасы 
 
Сурет 3.7 - Репс айқаспасы 
3.2.3.
 
Күрделі айқаспалар 
Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. 
Оған  қос  бетті,  қос  қабатты,  пике,  түкті,  ілмекті,  қайта  өрілетін  түрлері 
жатады. 
76 

Қос бетті және қос қабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, 
бәйке)  шығарғанда  пайдаланылады.  Түкті  айқаспаның  маталарының  бет 
жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы не- месе жалпақтығы әртүрлі 
суретті жолақ немесе түктен салынған ою- өрнекті болуы мүмкін. 
Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе 
түпкілікті  -  негіз  және  арқау.  Түпкілікті  жүйелерде  жаймалық  немесе 
саржалық айқаспалар болады,  олардың  тығыздығы  жоғары болғандықтын 
түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар - жартылай барқыт 
пен  шибарқыт  -  олардың  түгі  матаны  тоқыма  станогынан  алғаннан  соң 
қиылады, арқаулық жүйеден тұрады. 
Күрделі өрімді айқаспаларға қос бетті, қос қабатты, пике,  түкті,  ілмекті 
және  ажурлы  өрімдер  жатады.  Мұндай  маталар  бірнеше  (үш  және  одан  да 
көп) негіз және арқау жіптерінен өндіріледі. 
Қос  бетті  айқаспалар  -  жіптердің  үш  жүйесінен  құралады,  екі  негіз  бір 
арқау немесе екі арқау, бір негіз әр түрлі боялған жүйені қолдана от- ырып, 
оң және теріс беттерінің түстері әр түрлі матаны алуға болады. 
Қос қабатты айқаспа - бір-бірімен тығыз айқасқан  жіптің 4-5  жүйесінен 
тұрады. Қос қабатты айқаспаның оң және теріс беттері бірдей немесе кұрамы 
әр  түрлі  жіптерден  тұрады.  Оң  және  теріс  беттеріне  әр  түрлі  түсті  жүйе 
қолданылады өйткені  оң  жақ беті тегіс  боялған, ал  теріс беттері меланжды, 
ала,  шақпақ,  «елочка»  болады.  Қос  бетті  және  қос  қабатты  айқаспалардан 
драп, пальтолық маталары, три- ко алынады. 
Пике  айқаспасы  -  жіптің  үш  жүйесінен  тұрады:  матаның  оң  жақ  бетінде 
екі жүйе кездемелі айқаспаны, ал үшіншісін тарта отырып шығыңқы өрнек 
шығарылады.  Пике  айқаспасына  балаларға  арналған  маталар,  көрпелер 
жатады. 
Түкті  айқаспалар  -  жіптің  үш  жүйесінен  құралады:  бір  жүйесі  түкті,  оң 
жақ бетінде кесілген вертикаль түк құралады. Түкті жүйе арқаудан тұрады, 
сонда  түкті  арқаулы  маталарға  мақта  маталары,  жартылай  бар-  хат, 
вельветтер жатады. 
Ілмекті  айқаспа  түкті  айқаспаның  бір  түрі  болып  есептелінеді.  Одан 
орамалға  арналған  түкті  маталар,  халаттар,  төсек  жаймалар  және  жиһаз 
маталары жатады. 
Ажурлы  айқаспа.  Қарапайым  ажурлы  айқаспаларда  екі  негіз  және  бір 
арқау  болады.  Ажурлы  айқаспалардан  блузкалы,  іш  киімдік,  көйлектік 
ажурлы маталар шығарылады. 3.8., 3.9. суреттерде күрделі өрнекті мата өрімі 
және айқаспалар көрсетілген. 
77 

 
Сурет 3.8 - Күрделі өрнекті мата өрімі: а — крепті; б — вафельді; в — көлденең 
сызықты. 
 
Сурет 3.9 - Күрделі өрнекті айқаспа: а-азқабатты, б — екі қабатты, үстінгі 
негізбен байланысқан, а екі қабатты, қысудың көмегімен байланысқан, г — 
қапты. 
3.2.4.
 
Ірі өрнекті айқаспалар 
Ірі өрнекті айқаспа беттік машинасы бар тоқыма станогында тоқылады. 
Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әртүрлі болуы 
78 

мүмкін:  өсімдік  бейнелі  және  геометриялық  оюлар  мен  композиция-  лар, 
сюжетті  және  тақырыптық  суреттер.  Ірі  өрнекті  айқаспалармен  әртүрлі 
маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелен- дер, жапқыштар 
және дастарқандар тоқылады. 
Ірі  өрнекті  айқаспалар  қарапайым  және  күрделі  болып  бөлінеді.  Ірі 
өрнекті  айқаспалар  үлкен  рапортты  болады  және  жаккардты  станокта- 
рында  өндіріледі.  Ірі  өрнекті  айқаспалардың  суреттері;  өлшемі,  фор-  масы, 
колориті бойынша әр түрлі: геометриялық, өсімдік текті өрнек, гүлді өрнекті 
болады. Ірі өрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. 
Қарапайым  ірі  өрнекті  айқаспалар  жіптің  екі  жүйесінен  тұрады  және 
дастархан,  майлық,  зығыр  және  жартылай  зағыр  орамалдар,  со-  нымен 
қатар:  мақта  матасын  (дамаст,  альпак,  дудун,  парча),  көйлектік  (жүн)  және 
кейбір пальтолық маталар жасалынады. 
Күрделі  ірі  өрнекті  айқаспалар үш  және одан  да көп  жіптердің  жүйесінен 
тұрады:  түкті,  ілмекті,  рельефті  болады.  Күрделі  ірі  өрнекті  айқаспадан 
кілем,  гобелен,  жиһаз  маталарын  және  киім  тігуге  арналған  маталар 
тоқылады. 3.10. суретте ірі өрнекті айқаспа көрсетілген. 
 
Сурет 3.10 - Ірі өрнекті айқаспа 
3.2.5.
 
Матаның құрылымдық сипаттамалары 
Матада  жіптердің  орналасу  тығыздығын  оның  100  мм  шарт-  ты 
ұзындығындағы  негіз  (П
н
)  немесе  арқау  (П
а
)  жіптерінің  саны-  мен 
бағаланады.  100  мм  негіз  жіптерімен  арқау  жіптерінің  қатынасы  матаның 
механикалық қасиеттерінің көрсеткіштерінің анизотропия- сын сипаттайтын 
маңызды параметрлері болып саналатын мата ұяшы- ғының формасын және 
өлшемін анықтайды. 
Матаның  талшықты  материалмен  толықтырылуы  тек  қана  оның 
тығыздығымен  ғана  байланысты  емес,  сонымен  қатар  жіптердің 
жуандығына және олардың айқасуына байланысты. 
79 

Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтыруы, Е
н
 және Е
а

%  -  негіз  немесе  арқау  жібінің  есептелген  диаметрлері  бір-  біріне  көрші 
орналасқан  жіптердің  ось  арақашықтығынан  қанша  пайыз  болатынын 
көрсетеді. Олар келесі формуламен анықталынады: 
Е =гі *П , 
н н н 
Е =гі *П, 
а а а 
мұндағы, П
н
 - 
100мм келетін матадағы негіз жіптер саны; П
а
 - 
100мм келетін 
матадағы арқау жіптер саны; <і
ң
, <і
а
 - негіз және арқау жіптерінің есептелген 
диаметрі, мм. 
Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтырылуы Н , Н , % 
-  екі  жүйенің  жіптерінің  басылғандығын  және  қиғаш  орна-  ласуын 
есептемегенде,  көлденең  қималарының  қосындысы  негіз  не-  месе  арқау 
бағытындағы  түзу  сызықты  кесіндінің  ұзындығынан  қанша  пайыз 
болатынын көрсетеді. Ол келесі формуламен анықталынады: 
Н =(гі п с )П /п , 
н 
4
 н н а 
н н' 
Н =(йп+й с )П/п, 
а 
4
 а а ж ж 
а а' 
мұндағы, п
а
, п
н
 - 
рапорттағы арқау және  негіз жіптерінің 
саны;С
н
,  с
а

негіз және арқау 
жіптерінің байланыстырушы өрістерінің  саны %. 
Матаның  көлемдік  толықтырылуы,  Е^  %  матадағы  жіптердің  көлемі, 
матаның барлық көлеміне қатынасымен анықталады. Ол келесі формуламен 
анықталынады: 
Б=5
Т
100/5
Н
 
V Т 
Н, 
мұндағы, 5
Т
 
, 5
Н
- матаның және жіптің көлемдік массасы. 
Матаның беттік толықтырылуы, Е^ ,% матаның ең кіші элементіндегі екі 
жүйенің  жіптерінің  проекциясының  ауданының  сол  элементтің  барлық 
ауданына қатынасымен және ол келесі формуламен анықталынады: 
Е = Е + Е - 0,01Е Е . 
8 
н 
а 
7
 
о  у 
Массалық толықтырылу, Е^, % матаның көлемін талшықпен толығымен 
толықтырылған  жағдайдағы  матаның  максимальді  массасы  және  мата 
жібінің массасының бөлігін көрсетеді, оны келесі формула- мен есептейді: 
Е
т
=5Т100/у, 
мұндағы, ү - талшықтың тығыздығы. 
80 

Матаның  толтырылу  көрсеткіштерін  қолдана  отырып  оның  салыс- 
тырмалы кеуектілік сипаттамаларын есептеуге болады. 
Беттік  кеуектілігі  К  %,  тесіп  өтетін  кеуектердің  ауданының  матаның 
ауданына қатынасын көрсетеді: 
К = 100 - Е . 


Көлемдік кеуектілігі К
у
 , %, жіптердің арасындағы ауа аралықта- рының 
мата көлемінен еншісін сипаттайды: 
К = 100 - Е . 


Жіптер  және  талшықтар  ішіндегі  барлық  кеуек  түрлерінің  жиынтық 
көлемі,  мата  көлемінің  бөлігін  көрсететінін  жалпы  кеуектілік,  К,  % 
сипаттайды: 
К=100-Е 
т 
К
н
  негіз  К
а
  арқау  байланыс  коэффиценттері  мата  элементтерінің  өзара 
байланысын  сипаттайды  және  сызықтық  толтырылудың  сызықтық 
толтыруға қатынасымен анықталады: 
К =Н /Е , 
ж ж ж-- 
К=Н/Е , 
мұндағы, Н
н
, Н
а
- негіз және арқау бойынша сызықтық толтырылу. 
Ала  тоқылған  немесе  тор  маталардың  суреттік  қиғашталуы  өңдеу 
процессіндегі  технологиялық  операциялардың  бұзылуы  нәтижесінде 
анықталынады. 
Суреттің қиғашталуы N % мына формуламен анықталынады: 
^=п*100/В, 
мұндағы,  п-кездеменің  жиегіне  перпендикулярлы  суреттің  сызығының 
максималды ауытқуы; В-матаның ені, см. 
Матаның сызықтық тыгыздыгы М, г/м, үлгінің 1 м ұзындығына келетін 
нүктелік үлгінің массасымен сипатталынады: 
М^=10
3
*т/Ь, 
мұндағы, т-нүктелік сынақ массасы, г; Ь- матаның ұзындығы, м. 
Матаның  беттік  тыгыздыгы  М^  г/м
2
  ауданы  1м
2
  болатын  матаның 
массасымен сипатталынады: 
81 
6-6313 

М=т*10
6
/^В), 
мұндағы, матаның ұзындығы, м; В- матаның ені, см. 
Беттік тыгыздыгын М$р матаның құрылымдық көрсеткіштері бойынша 
есептеуге болады: 
мұндағы, п - матаны өндіру мен өңдеу процессінде оның массасының сынақ 
өзгеруін ескеретін коэффицент. 
Проф. Н. А. Архангельдің белгілеуі бойынша п - матаны өндіру мен өңдеу 
процессінде  оның  массасының  сынақ  өзгеруін  ескеретін  коэф-  фицент  мата 
түріне байланысты. 
Есептеу  мен  сынақ  жүргізуден  алынған  беттік  тығыздық  мәнінің 
ауытқуы  2%  аспауы  керек.  Бұл  беттік  тығыздықтың  ауытқуы  ДМ  келесі 
формуламен анықталынады: 
мұндағы,  М  -  сынақ  жүргізуден  алынған  беттік  тығыздық;  Мр-  есептеу 
жүргізуден алынған беттік тығыздық. 
Тоқыма  өндірісінің  ақауы  жіп  үзілгенде  және  станок  механизмдері 
бұзылғанда  пайда  болады.  Мұндай  ақаулар  матаның  және  тігін 
бұйымдарының сортына әсерін тигізеді. 
Матаның ақауларына төмендегілер жатады: 
-
 
жуықтама - негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі; 
-
 
өткінші аралық - арқаудың бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі; 
-
 
негіздің  шала  өңделгені  -  негіз  кейбір  жерлерде  матаның  бетінде. 
арқаумен айқаспаған түрінде жатады; 
-
 
сүңгіме  -  арқау  жіп  кейбір  жерлерде  матаның  бетінде,  негізбен 
айқаспаған; 
 
Мата 
түрлері 
Мақта мата 
Тарақты 
жүн Жұқа 
шұға 
Дөрекі 
шұға 
1,0

1.25
 
 
1,

1.25
 
 
0,

Зығыр 
ДМ=(М-М
р
)100/М
р
 
3.2.6. Тоқыма өндірісінің ақаулары 
82 

-
 
кем тоқылғаны - арқау жағынан сирек жерлері; 
-
 
жаншыма арқау жағынан тығыз жерлері
-
 
қосарлы жұп - негізгі екі жіп бір жіптей айқасқанда; 
-
 
арқаудың  ыдырауы  -  арқаудағы  қысқа,  жуан  жерлер,  ол  -  арқау  жібі 
бумасымен собықтан түскенде сол бетімен тоқылған жағдайда бо- лады; 
-
 
арқаулық  ілмектер,  ілмек  -  ширатылмалар  арқау  жіп  әлсіз 
тартылғанда болады; 
-
 
кірлену  мен  май  дақтары  -  матаға  немқұрайлы  қарағандықтан  және 
тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады; 
-
 
түрлі  арқау  -  ширатуы  мен  жуандығы  басқа  жіп  салынған  шпульді 
тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ; 
-
 
тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы)  - суреттің кейбір  жерлерінде 
тағайындалған суретке сәйкес келмеуі. 
3.3.
 
ТРИКОТАЖ ӨНДІРІСІ 
Трикотаж  -  бұл  ілмектерден  тұратын,  бойлай  және  көлденең  бағытта 
өзара айқасқан, бір немесе бірнеше жіптерден іліп тоқылған тоқыма бұйымы 
немесе жайма. 
«Трикотаж» ұғымы бұйымдардың кең көлемін қамтиды: жасанды үлбір, 
шұлық-ұйық, іш  және сырт киімі, пальто, кілемдер мен шілтер  және балық 
аулау торлары. 
Трикотаждың құрылымы ілмектердің мөлшері мен форма- сы, олардың 
өзара байланысы  және орналасуымен сипатталынады. Трикотаждың негізгі 
элементі  -  ілмек,  оның  құрылысы  әр  түрлі  болуы  мүмкін,  және  осы  жай 
трикотаждың құрылымы мен қасиетіне маңызды әсер етеді. 
Тағайындалу  мен  шикізаттың  түріне  қарамастан,  трикотаждың  кез 
келген түрі іліп тоқу арқылы алынады. 
Іліп  тоқу  -  бұл  трикотаждан  бірмезгілде  біртіндеп,  бойлай  немесе 
көлденең бағытта ілмектердің құрылуы. 
3.3.1.
 
Трикотаждың түрлері және ілмектердің құрылысы 
Ілмек екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңқадан (2-3-4 жоғарғы 
доға  және  1-2  мен  4-5  таяқшалардан)  және  созылмалардан  (0-1  мен  5-6) 
тұрады.  2-4  жоғарғы  доғаны  инелі
, 
ал  5-7  созылманы  пла-  тиналы  доға  деп 
атайды. 3.11 суретте ілмек құрылысы көрсетілген. 
Трикотажда  тігінен  бір-біріне  тізілген  ілмектерді  ілмекті  бағанша

ал 
горизонталь  бойынша  бір  қатардағы  ілмектерді  -  ілмекті  қатарлар  деп 
атайды. 
83 

 
Сурет 3.11 - Ілмектің құрылысы 
Екі  шектес  ілмекті  бағаншалар  орталықтарының  аралығын  ілмекті 
қадам  деп  атайды  және  А  әрпімен  белгілейді,  ал  екі  ілмекті  қатарлар 
орталықтарының  аралығын  ілмекті  қатар  биіктігі  деп  атап,  В  әрпімен 
белгілейді. 
Іліп  тоқу  әдісі  бойынша  трикотаж  иілмелі  (көлденең  тоқылған)  және 
негізжіптік (бойлай тоқылған) түрлерге бөлінеді. 
Иілмелі  трикотаж  бір,  екі  немесе  одан  артық  бірге  алынған  жіптерден 
құрылады,  олар  бір  жіпжүргізгішке  сабақталып,  бірден  ине-  ге  салынып, 
ілмектер  тоқылынады.  Ілмектер  қатарлары  жіптің  бірізді  иілу  жолымен 
алынады,  бір  қатар  құрылғаннан  кейін  жіп  екіншіге  ауы-  сады,  сонан  соң 
үшіншіге. 
Иілмелі  трикотаж  ілмекті  қатарлар  бойынша  (горизонталь  бағытпен) 
жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (верти- каль 
бағытпен) тез сөгіледі. 
Негізжіптік  трикотаж  бір-біріне  параллель  орналасқан  жіптердің 
жүйесінен (негізжіп) құралынады. 
Ілмекті  қатарды  алу  үшін  бірмезгілде  жіптердің  жүйесі  иіліп,  әр  жіп  өз 
инесіне  салынады.  Сондықтан  ілмекті  қатарда  әр  жіп  бір  (екіден  көп  емес) 
ілмек құрайды, кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады. 
Мұны  орындау  үшін  бір  жіп  кезегімен  екі  шектес  инеге  салынады:  II 
қатардағы  2  инеге  салынған  жіп,  III  қатарда  3  инеге  салынады,  ал  IV 
қатарда  қайтадан  2  инеге  салынады.  3.12,  3.13.  суреттерде  негіз  жіптік 
трикотаждың сұлбасы көрсетілген. 
Сонымен,  негізжіптік  трикотаждың  әр  ілмекті  бағаншасы  көршілес 
бағанамен созылма арқылы бірігеді. 
Негізжіптік  трикотаж  ілмекті  қатар  бойынша  тарқатылмайды  және 
ілмекті бағанша бойымен аз тарқатылады. 
84 

Негізжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда 
біршама ерекшеленеді. Негізжіптік трикотаждың ілмегі таяқшалардан 
(
а-б
), ілмек басы (б-в-г) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін 
созылмалардан (
д-е 
мен 
д
^

1
) тұрады. Тік 
а-б 
мен 
г-д 
бөліктерден 
тұратын ілмектің бөлігін және олардың біріккен 
б-в-г 
доғасын, ілмектің 
қаңқасы 
деп атайды. Көршілес ілмектердің қаңқасы созылмамен
 
бірігеді.
 
1
 


ш 
Сурет 3.12-Негіз жіптік 
трикотаж-дың (оң жағы) ашық 
(ПІ-ІУ қатар) және теріс 
ілмектері (II- қатар) 
Сонымен,  иілмелі  трикотажда  ілмек  қатарын  алу  үшін  бір  жіп 
жеткілікті,  ал  негізжіпте  -  бір  қатарда  қанша  ілмек  құру  қажет  болса, 
соншалықты жіп керек.
 
Қарастырылған  трикотаждың  түрлері 
тегіс 
және 
суретті 
(өрнекті) 
болады.
 
Тегіс 
деп, барлық  ілмектері  түсі, құрылымы,  формасы  бойынша бірдей 
түрін атайды.
 
Суретті  (өрнекті) 
трикотажда  барлық  ілмектері  берілген  бағдар-  лама 
бойынша саны әр түрлі жіптерден, түстері, құрылымы және фор- масы бір 
бірінен өзгеше болу мүмкін.
 
Трикотажды,  матаға  ұқсас  метражды  құбырлы  жайма,  ұзындығы  мен 
ені  белгілі  құбырлы  купон  ретінде  және  формасы  лекалоға  жақын  жазық 
немесе дәл сонымен бірдей түрінде жасалынады.
 
Трикотаж бұйымдарды өндірудің негізгі үш тәсілі бар: 
пішілген, жүйелі, 
жартылай жүйелі.
 
Пішу  тәсілі 
матаға  ұқсас,  тоқылған  трикотаж  жаймасын  пішеді,  яғни 
жаймада  бұйым  бөлшектерінің  контуры  бойынша  пішіп,  содан  кейін  тігу 
арқылы  қажетті  форма  беріледі,  бұл  тәсілде,  пішу  кезінде,  қалдықтардың 
мөлшері 18-23% дейін болады.
 
Жүйелі  тәсілінде 
трикотаж  бұйымдардың  бөлшектері  әдетте  пішуді 
қажет етпейді. Сондықтан бұл тәсіл шикі затты тиімді пайдала-
 
 

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет