Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


оналды  топтары  ретті  орналасқан,  қатты  тартылған  және  қаттылығы



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/31
Дата25.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

оналды  топтары  ретті  орналасқан,  қатты  тартылған  және  қаттылығы 
жоғары болып келеді. Макромолекуладағы қарапайым звеноларының саны 
85-120.  Біздің  елімізде  полимер  балқытпасынан  полиэфирлі  лав-  сан 
талшығын алады. 
Полиамидті  талшықтар  мен  жіптер  сияқты  лавсан  қажет  кезде 
жоғарылатуға болатын мықтылыққа ие. 
Лавсанды  талшықтар  мен  жіптердің  эластикалық  қасиеті  жоғары. 
Талшықты  5-7%  созғанда  олардың  деформациялануы  толығымен  қайта 
орнына  келеді,  сондықтан  лавсанды  жіптерден  жасалған  маталар  аз 
мыжылады және киімнің формасын жақсы сақтайды. 
Үйкеліске  төзімділігі  жағынан  полиэфирлі  талшықтар  тек  по-  лиамид 
талшығынан  төмен,  бірақ  олар  сәулелі  ауа-райының  әсеріне  төзімді, 
қышқылдарға,  тотықтырғышқа  беріктігі  жоғары,  ыстық  сілтілік 
ерітінділерде  бұзылады.  Полиэфир  жіптерінің  термотұрақтылығы  жоғары, 
бұл  көрсеткіш  бойынша  барлық  табиғи  талшықтар  мен  химиялық 
түрлерінен  асып  түседі,  олар  жоғары  температурада  ұзақ  пайдалануға 
шыдамды. 
Полиэфир  талшықтары мен  жіптерінің  ылғал  тартқыштығы өте  төмен, 
сондықтан ылғалды күйде механикалық қасиеттері (мықтылығы,  созылуы, 
мыжылуы, көп ретті деформацияға төзімділігі) өзгермейді. Ылғалды күйдегі 
лавсан  маталарының  жоғары  қалыпсақтағыштығы  осыған  байланысты. 
Лавсанды талшықтардың сыртқы түрі жүнге ұқсас, қолмен сезгенде жұмсақ, 
жылы,  көлемді;  таза  түрінде,  басқа  талшықтармен  қоспа  түрінде 
қолданылады. 
Қазіргі  кезде  күрделі  қырынпішінді,  жіңішке  талшықты,  жібекке  ұқсас 
құрылымы  түрленген  полиэфирлі  жіп  шелон-2  өңделген,  бұл  жіп  жібек 
маталарды  өндіргенде  оларға  аз  отыратын,  аз  мыжылатын  және  жақсы 
гигиеналық қасиеттерін беру үшін қолданылады. 
Полиэфирлі  талшықтардың  қасиеттерін  жақсартудың  негізгі  бағыты, 
әсіресе  штапельдінің,  полимердің  химиялық  түрленуі  бо-  лып  табылады. 
Өндірісте 
политриметилентерфталат 
және 
полибу- 
тилентерфталат 
негізіндегі 
талшықтар 
шығарылады. 
Полиэфирлі 
талшықтармен 
салыстырғанда  бұл  талшықтардың  мықтылығы,  эластикалағы,  үйкеліске 
төзімділігі, көлемділігі мен жұмсақтығы бой- ынша артықшылықтары бар. 
54 

Полиуретанды  жіптер  (еіаяіапе  1іЬе§).  Полиуретандар  -  макро- 
молекулалары  уретанды  топтан  құралған  —Н—СОО  —  гетеротізбекті 
полимерлер  болып  есептеледі.  Уретанды  тобындағы  ауаның  қосымша 
атомының  болуы  тізбектерінің  жоғары  иілгіштігімен  және  полиа-  мидпен 
салыстырғанда  полиуретанның  балқу  темперарурасының  төмендігімен 
негізделеді.  Талшықтарды  дайындауға  қолда-  нылатын  полиуретандар, 
макромолекулалары 
иілгіш 
және 
қатты 
блоктардан 
тұратын 
блоксополимерді  көрсетеді.  Иілгіш  эласти-  калы  блоктар  ретінде  төмен 
молекулярлы  элементарлы  немесе  күрделі  алифатикалық  полиэфирлер,  ал 
қатты  кристалдауыш  блок-  тар  ретінде  полимочевиналы  және  ароматты 
топтар  қызмет  етеді.  Мұндай  макро-молекулалардың  құрылымы 
полиуретанға жоғары эластикалық қасиетін береді. Бастапқы мономерлердің 
сипатын,  жеке  компонентердің  қатынасын  өзгерту  арқылы  полимерлердің 
қасиеттерін  және  олардан  алынатын  талшықтарды  өзгертуге  болады. 
Полиуретандар  негізінде  спандекс,  лайкра,  дорластан  деп  аталған 
синтетикалық  жіптер  жетілдірілген.  Полиуретанды  жіптерді  алу  үдерісінде 
оларды  қалыптастыру  балқытпадан,  сондай-ақ  құрғақ  және  ылғалды 
тәсілдермен ерітіндіде жүргізеді. 
Эластикалық 
полиуретандар 
негізінде 
полиуретанды 
жіптер 
шығарылады,  қалыптастыруды  ылғалды  тәсілмен  жүргізеді.  Полиу- 
ретанды  жіптердің  ерекшеліктері  -  олардың  жоғары  эластикалылығы 
(үзілгенше  созылуы  800  %  дейін  жетуі  мүмкін),  ал  300  %  созылғанда 
эластикалы қайта келу үлесі 92-98 % құрайды. Полиуретанды жіптер тоқыма 
материалдарына жоғары эластикалық, форма тұрақтылық, мы- жылмайтын 
қасиеттер  береді,  олар  үйкеліске  төзімділігі  өте  жоғары  (резиналы  жіпке 
қарағанда 20 есе көп). 
Полиуретанды жіптер сәулелі ауа-райына және химиялық реа- генттерге 
жетерліктей  тұрақты,  бірақ  мықтылығы  жоғары  емес.  Талшықты  150  С 
температураға  дейін  қыздырғанда  термикалық  қасиеті  бұзыла  бастайды, 
жіптері сарғайып, қаттылығы жоғары- лайды. 
Полиуретанды  жіптер эластикалы маталар мен трикотажды  спорт-  тық 
және  медициналық  бұйымдарды  дайындау  үшін  қолданылады.  Олар  басқа 
талшықтардан жасалған жіптер оралатын каркасты өзек ролін атқарады. 
Поливинилспиртті талшықтар (роіууіпуіаісоһоі ІіЬгея). 
Поливинилспиртті  басқа  карботізбекті  талшық  құрайтын  полимер-  лерден 
айырмашылығы  мономерден  синтездеу  арқылы  емес,  винил  спиртінің 
(поливинилацетат)  күрделі  эфирлерін  сабындау  әдісімен  алы-  нады. 
Поливинилді  спирт  -  суда  еритін  полимер,  сондықтан  одан  жіп 
қалыптастырғанда  ылғал  тартқыштығын  азайтатын  жағдай  туғызады, 
жиірек  макромолекулалар  арасында  кесе-көлденең  химиялық  байла-  ныс 
пайда болатын ацетилдеу жүргізеді. 
55 

 
Полимердің  суға  төзімділігінің  жоғарылауына  бүйір  бұтақтар  санының 
азайып, макромолекулалардың 
жоғары деңгейлі 
стереореттілігінің  түзілуі  арқылы  жетуге  болады.  Талшық  түзгіш 
поливинилспирттің  полимеризациялану  деңгейі  1200-1600  құрайды,  бірақ 
алынатын  талшықтар  мен  жіптердің  кейбір  физико-механикалық 
қасиеттерінен байқалатын айтарлықтай 
полидисперсиялық 
қасиеттері  бар.  Полимерде  полимеризациялану  деңгейі  270  болатын 
молекулярлығы төмен фракцияның аздаған мөлшері 
(10-15%)  созылу  және  көп  ретті  бүгілу  кезінде  талшықтардың 
мықтылығы  төмендейді.  Ерітіндіден  жіптерді  қалыптастыруды  ылғалды 
тәсілмен жүргізеді. Қалыптастыру ацетилдеуге байланысты мықтылық және 
суға  төзімді  -  суда  еритіннен  гидрофобтыға  дейін  әр  түрлі  дәренегіз  жіптер 
алынады. 
Поливинилспиртті  талшықтарды  винол  деп  атайды.  Олар  көптеген 
жағымды  қасиеттерге:  мықтылыққа,  үйкеліске,  сәулелі  ауа-райына, 
химиялық  реагенттерге,  көп  ретті  деформацияларға  берік.  Винол 
жетерліктей созылмалы, жоғар жылуға төзімділігімен сипатталады. Жұмсару 
температурасы мен талшықтардың орналаса бастауы 220С басталады. 
Поливинилспритті талшықтарды  барлық синтетикалық  талшықтардан 
ерекшелейтін  -  полимер  макромолекулаларын-  да  гидроксильді  топтар 
санының болуымен негізделетін, жоғары гидрофильділігі. Поливинилспиртті 
талшықтар ылғал тартқыш көрсеткіштері бойынша мақтаға жақын келеді. 
Бұл талшықтар цел- люлозды талшықтарға арналған бояғыштармен жақсы 
боялады.  Олар  кілем,  трикотаж,  мата  өндірісі  үшін,  мақтамен  және  жүнмен 
қоспа түрінде қолданылады. 
Поливинилспиртті  талшықтардың  суда  еритін  түрлері  мата  өндірісінде 
үлдірлі  бұйымдар,  жұқа  маталар,  кеуекті  талшықты  қүрылымды  маталар, 
сондай-ақ  гипюрді  дайындау  кезінде  (табиғи  жібек  орнына)  көмекші 
(жойылатын)  талшықтар  ретінде  қолданады.  Поливинилспиртті  жіптер 
медицинада уақытша хирургиялық тігістерді біріктіру үшін қолданады. 
Полиолефиндік талшықтар (роіуоіейп ііЬге»). Полио- лефин топтарынан 
талшық өндіру үшін орташа және төмен қысымды полипропиленді [—СН
2

СНСН
3
—]  және полиэти- лен [—СН
2
  —  СН
2
—]
п
  қолданады.  Талшық  түзгіш 
полипропилен  макромолекулаларының  полимеризациялану  деңгейі  1900-
5900 
56 

стереоретті (изотактикалық) қүрылымды болып келеді. Төмен  және орташа 
қысымнан 
алынған 
полиэтилен 
бүйір 
тесіктері 
жоқ, 
макромолекулаларының  сызықты  зигзаг  тәрізді  қүрылымды  болып  келеді. 
Мүндай  қүрылымды  полипропилен  мен  полиэтилен  жоғары  тығыздықты, 
ерігіштігі  төмен,  физико-механикалық  қасиеттері  жоғары  (көбінесе  балқу 
және  жүмсару  температурасының  жоғарылығы  мен  мықтылығы)  болып 
келеді.  Полиолефинді  талшықтарды  полимердің  балқытпасы  мен 
ерітіндісінен  тарту  және  термофиксациялау  арқылы  қалыптастыруға 
болады.Полипропиленді  және  полиэтиленді  жіптердің  созылу  кезіндегі 
мықтылығы  және  үзаруы  жоғары.  Бүл  талшықтардың  созылу  кезіндегі 
үзаруының  қайту  бөлігі  5  және  10  %  жалпы  деформацияның  98-95  % 
қүрайды. Полиолефинді талшықтар мен жіптер сілтілер, қышқылдар әсеріне 
жоғары  түрақтылықпен  сипатталынады.  Олардың  үйкеліске  төзімділігі 
полиамидті, әсіресе полипропиленді жіптерге қарағанда төмен. Полиолефинді 
жіптердің  жылуға  түрақтылығы  аз.  Полиэтиленді  жіп  80С  температурада 
өзінің бастапқы мықтылығы- ның аздап 80 % жоғалтады. Жіптердің ылғал 
тартқыштығы 
нөлге 
тең, 
сондықтан 
олардың 
бояу 
полимерге 
қалыптастырудың  алдында  пигмент  қосқанда  ғана  мүмкін  болады.  Бүл 
жіптердің  электрленуі  ылғал  тартқыштығының  төмендігіне  байланысты. 
Полиэтиленді  және  полипропиленді  жіптердің  тығыздығы  өте  төмен, 
сондықтан  олардан  жасалған  бүйымдар  суда  батпайды.  Полиолефинді 
талшықтардың  едәуір  көп  бөлігін  (85%)  полипропиленді  талшықтар 
қүрайды.  Олар  штапельді  талшықтар,  мульти-  және  микрофило-  менттер, 
текстурленген  жіп,  жарықшақтанған  қабыршық  және  та-  спа  түрінде 
шығарылады.  Полипропиленді  талшықтарды  көбінесе  техникалық 
мақсаттар  үшін,  сонымен  қатар  беймата  материалдар  өндірісінде  және 
гидрофильді  талшықтар  (мақталы,  вискозды,  жүнді)  қоспасында  сыртқы 
және спорттық киімдер, аяқ-киім, сәндік материалдар өндірісінде қолданады. 
Спандекс. Спандекс  талшығы басқа  синтетикалық  талшықтарға  үқсас, 
бірақ өзінің физико-механикалық қасиеттері бойынша көрсеткіштері жоғары 
болып келеді. Спандекс жіптерінің салыстыр- малы үзу күші - 6 - 8 сН/текс 
(резеңкеге  қарағанда  екі  есе  көп),  үзілу  кезіндегі  үзаруы  -  600-800  %,  күшті 
алғаннан  кейінгі  эластикалы  қайта  келуі  -  90  %,  ал  1  мин  кейін  ол  95  % 
қүрайды.  Спандекс  жіптерінің  ылғал  тартқыштығы  аз  (1-1,5%),  үйкеліске 
түрақтылығы  және  жылуға  төзімділігі  жоғары,  жақсы  боялады.  Мата, 
трикотаж  және  спорттық,  корсеттік  және  емдік  эластикалы  бүйымдарды 
дайындау  үшін  қолданылады.  1.29  -  Суретте  химиялық  талшықтардың 
бойлық және көлденең кесіндісі көрсетілген. 
1.2-кестеде әр түрлі реагенттерде талшықтардың ерекшелігі көрсетілген. 
57 

 
1.-1 кесте Әр түрлі реагевтгерде талшыктэрдың ерігіпгтігі 
Талшьщ түрі 
Мншы-с 
.иншш
ы 
косяс.
 
С
ІТЛІІ
 
Хнмнлтық реагенттердін атауы 
Кукірм 
КЫШЛГЫ.
7
Ы
 
Гр 
кыжкы
лы 
ЛЫІШчЫЛЫ
1
 
К^мырскс 
К.ЫШ.КЫЛ
Ы 
Сіркг
 
кыиі/гыты 
ФвКОТІ 
Л игтон 
Хпор.-ІСН2СН 
к&чірсумек 
Макта
 
Мерсерленген макта
 
Зығыр
 
Жүн
 
Табнпі  жібек  Вискозды 
талшык 
Мысш-
аммиакты 
галшык 
Ацетатты 
талшық 
Үшацетагты 
талшык 
Капрон  Анид  Лавсан 
Нвтрон Хлорин
 
Р
 
Р 
Р
 
Н
 
Р
 
Р
 
Р
 
п
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
Р
а, 
д 
Р
б
7
г 
Р
б
т
в 
Р
б
,. 
в 
Р
б
 
Н
 
Н
 
Р
а

д 
П
а 
Н
 
Рб
:
 
д 
Рб. 
Е 
Рб
:
Г 
Пб, 
д 
Рб 
Рб
;
 
в 
Рб
т
в 
Рб 
Рб 
Рб
:
 
Е 
Рб
:
В 
Рб, 
Д 
Нб
 
н
 
Қосьпшіа,Кестеде келесі шартгы белгіпер көрсетіпген: 
А-ершейді; 
а-әлсіз ерітіндще: 
П-нашар ериді; 
б-күшіі ерітіндіде; 
Р-еріщ: 
Е-сүыкта: 
Рб
;
 в
 
Рб,в
 
Рб
;
д
 
Пб
 
Рб
 
Р
Е
 
Р
Е
 
Р
Е
 
Рб
 
Ра, в
 
Раг 
Рб
;
 д
 
Нб
 
Н
 
Р
е
 
Р
е
 
Р
е
 
Н
 
Н
 
Р
е
 
Р
е
 
Р
б
 
Р
б
 
Р
г
 
Р
 

Р
г
 
Пб
;
 
г Н
 
На
 
На
 
Рб
 
Р
б
;
г 
Р
б
;
 
г 
Н
 
г-ысытқаңда;
 
д-
қайнатқанда;
 
На
 
На
 
Р
б
 
Р
 
Р
б
 
Р
б
;
 
г
 
Н
 
Н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
р
 
р
 
р
 
р
 
Рг
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
н
 
р
 
н
 
н
 
н
 
н
 
Рб
 
п
 
н
 
н
 
н
 

 
Сурет 1.29 - Химиялық талшықтардың бойлық және көлденең кесіндісі: 
а-
вискозды, б-вискозды матирленген, в- ацетатты және үшацетатты, г- 
полинозды, капрон, лавсан, полипропилен, д-нитрон, е-хлорин, ПВХ, ж- винол. 

2-БӨЛІМ 
ЖІПТЕРДІ ӨНДІРУ ҮДЕРІСТЕРІ 
2.1.
 
ТОҚЫМА ЖІПТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМЫН ИІРУ 
ӨНДІРІСІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Тоқыма иірімжіптер,  жіптер, мата  және басқа  материалдар- ды өндіруге 
қажет  жартылай  өндірілген  шикізат  болып  табылады.  Қолданылатын 
материалдың  түріне  байланысты  жіптерді  өндіру  технологиясының 
сипаттамасы  әртүрлі.  Ұзындығы  шектелген  (мақта,  зығыр,  жүн,  штапельді 
химиялық  талшық,  табиғи  жібек)  талшықтардан  жіптерді  иіру  процесінде 
ширату жолымен алады. Тоқыма жібін иірусіз өндіру басқа өндірісте бірнеше 
қарапайым  және  қүрама  жіптерді  біріктірумен  қалыптастырады.  Қысқа 
талшықтардан  иіру  процессінде  ширатумен  алынған  тоқыма  жіп  иірілген 
немесе жәй жіп деп аталады. Бүл жіпке кең тараған иірімжіп жатады. Жіптің 
қасиеттері  талшықтың  түріне,  иіру  технология-  сына  және  иіру  үрдісінің 
сипатына  байланысты  болады.  Жіп  иіру  процесі  негізінен  келесі 
технологиялық  операциялардан  түрады:  талшықтарды  қопсыту,  тазарту 
және  түту,  араластыру,  тарау,  таспа  алу,  яғни  бір-біріне  паралель 
орналастырылған  талшықтардан  таспа  жасау,  таспаны  жіңішкелету  немесе 
созба  дайындау,  жіп  иіру,  яғни  ширату  нәтижесінде  жіңішкеленген  таспаны 
үздіксіз жіпке айнал- дыру. 
Жоғары  сапалы  жіп  алу  үшін  басты  шарттың  бірі  шикізатты  дүрыс 
таңдау. Мысалы, өте берік талшықтардан мықты жіп өндіруге болады немесе 
үзын  талшықтардан  біркелкі  және  жіңішке  жіптерді,  ал  қысқа 
талшықтардан - жуан, үлпілдек және қүрылымы бос (жеңіл) жіп алы- нады. 
Жіп  иіру  үшін  біртекті,  бірақ  әртүрлі  сапалы  (әртүрлі  сортты)  және 
әртекті  талшықтар  қолданылады.  Талшықтарды  араластыру  бірнеше 
мақсатпен жүргізіледі: тоқыма шикізат ресурстарын тиімді пайдалану, жіпке 
және  матаға  белгілі  қасиеттерді  қамтамасыз  ету  (жүмсақтықты,  беріктігін 
жоғарлату,  серпімділік),  дайын  материалдың  сапасын  жоғалтпай  бағасын 
төмендету  қоспа  жіптің  және  тоқыма  материалдың  жалпы  сапасын 
айқындайды. 
Сондықтан 
талшық 
қүрамы 
техникалық 
шарттар 
көрсеткіштерінің бірі болып саналады және қажетті стандарт- та бекітіледі. 
Дайындалған  қоспа  біркелкі  болуы  үшін  араластырылады,  өйткені 
иірілетін  жіптің  қүрылымы  және  қасиеттік  көрсеткіштері  біркелкі  бо-  луы 
қажет.  Араластыру  технологиясы  процестің  әртүрлі  операцияла-  рында 
орындалады (қопсыту немесе таспа қосу). 
60 

Қопсыту  -  нығыздалған  (престелген)  бумалардан  талшықтарды  босату 
және  дөрекі  қоқыстардан  тазарту  болып  саналады.  Біріншіден  қатты 
нығыздалған 
бумалардан 
тісті 
немесе 
металды 
суырғыштармен 
(қаққыштармен)  талшықтар  жұлынып  алынады,  одан  кейін  қопсыту 
машинасының  жұмыс  органдарының  соққылау  нәтижесінде  бір-бірінен 
ажыратылады. 
Интенсивті  қопсыту  процесі  -  түту  деп  аталады.  Талшықтарды  түту 
машинасында  араластырғанда  майлау,  яғни,  эмульсиялау  талшығын 
өңдейді.  Майлау  талшықтың  электрленуін  азайту,  талшықтардың  бір- 
бірінен ығысуын жеңілдету үшін жүргізеді. 
Түту  машинасынан  талшықтар  жұқа  қабат  -  холстик  түрінде  шығады, 
яғни  талшық  холстикте  әр  түрлі  бағытта  орналасқан  шатасқан  түрде 
болады. 
Тарау  -  процесінде  талшықтар  ағыны  тарау  машинасының  жұмыс 
органдарының  әсерінен  өтеді.  Жұмыс  органдарының  беті  инелі  (кардалық) 
таспамен немесе қатты металды аралы таспамен қапталған. Транспортермен 
талшықты ағын инелі жазықтардың ара- сынан өтеді. 
Гарнитуралардың  әртүрлі  жылдамдық  жүру  (қозғалу)  нәтижесінде 
талшық  жүйкелері  ұсақ  бөлшектерге  бөлініп,  кейіннен  бөлек  талшық 
ажыратылады. 
Тарау нәтижесінде талшықтар қабатынан ұйысқан талшықтар, түйіндер, 
қоқыстар  ажыратылады,  талшық  қабаты  жұқаланады,  холстиктің  жылжу 
бағытымен  талшық  паралель  орналасады.  Одан  ар-  найы  воронкадан  өтіп 
таспа қалыптастырылады. 
Ұзын  мақта,  жүн  талшығы  жіңішке  және  біркелкі  жіп  иіру  үшін  кар- 
далы  тарау  машинасынан  кейін  қосымша  тарақты  тараудан  өткізіледі.  Ол 
үшін,  кардалы  тарау  машинасынан  алынған  16-20  таспаларды  біріктіріп, 
холстик  жасалынады.  Осыдан  кейін  холстик  тарақты  тарау  машинасында 
таралады, түзетіледі, паралелденіп, қысқа талшықтар таралып алынады. 
Тарау процесінен алынған  таспа біркелкі болмайды, талшық  жеткілікті 
түзетілмейді және паралель орналаспайды. Біртегістеу үшін бірнеше таспаны 
қосып,  негізгі  таспаның  жіңішкелігіне  дейін  созады.  Жіптің  жіңішкелігі 
бойынша  біркелкілігі  таспаның  біркелкілігіне  байланысты  болады, 
сондықтан таспаны созу үрдісін 2-3 рет қайталайды. 
Созба  жасау.  Таспалық  машинадан  алынған  біртегістелген  таспа  жуан 
болады,  ал  жіп  алу  үшін  оны  жіңішкелету  қажет.  Созбалық  ма-  шиналарда 
созу  қондырғысының  көмегімен  жіңішкелетіп,  арнайы  жәй  ширату  және 
орау механизмдері арқылы созба дайындалады. 
Таспа  6-30  есе  созылады.  Иірілетін  жіптің  жіңішкелігіне  байланы-  сты 
таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық 
тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады. 
61 

Жіп  иіру. 
Созбаны  берілген  жіптің  сызықтық  тығыздығына  сәйкес 
көрсеткішке  дейін  жіңішкелетіп,  жіпке  ширатып,  арнайы  собыққа  (қағаз 
патрон) орайды.
 
Жіп  иіру  арнайы  иіру  машинасында  орындалады.  Созба  сақинаға 
кигізілген  жүгірткіштің  көмегімен  ширатылып,  бірден  айналып  тұратын 
собыққа  оралады.  Собық  ұршыққа  нығыз  орнатылған.  Сондықтан  мұндай 
тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады.
 
Иіруге  қолданылатын  талшық  түріне  байланысты  сақиналы  тәсіл 
бірнеше түрлі болады.
 
Мақта 
жібі  тарақты,  кардты  және  аппараттық  жіп  иіру  жүйесі  бой- 
ынша алынады.
 
Тарақты 
жүйе бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташа 
және жіңішке  - 15,4 тен 5,8 текске  дейін  - мақта және аралас жіп иіріледі. 
Бұл  тәсіл  бойынша  кардалы  және  тарақты  тарау  қолданылады,  сондықтан 
жіңішке,  біртегіс,  біркелкі  және  берік  жіп  алынады,  мұндай  жіп  жұқа, 
жоғары сапалы мата үшін қолданылады.
 
Кардалы 
тәсіл_бойынша  орташа  және  ұзын  матадан  таза,  химиялық 
талшықтармен  араласқан  түрінде  сызықтық  тығыздығы  83,3-11,8  текс-  ке 
дейін  жіп  иіріледі  және  әртүрлі  маталар  үшін  негізгі  шикізат  болып 
табылады.
 
Аппараттық 
тәсіл  бойынша  жіп  қысқа  талшықты  мақтадан  және  жіп 
иіру  өндірісінің  қалдықтарынан  иіріледі.  Бұл  тәсіл  бойынша  та-  рау 
машинасында  алынған  холстик  арнайы  қондырғының  көмегімен  бөлек 
жолақтарға  бөлініп,  созбаға  жиырылып  жіп  иіру  машинасына  түседі. 
Аппараттық  жіп  жуан  (50-250  текс),  бос,  үлпілдек,  жуандығы  бойынша 
біркелкі емес. Аппараттық жіп кардалық жіппен бірге аз қолданылады.
 
Зығыр талшықтардан 
құрғақ  және ылғалды жіп иіру жүйесі  бой-  ынша 
зығыр және таралған зығырдан жіп иіріледі.
 
Жүн 
жібін_аппараттық  және  тарақты  тәсіл  бойынша  жүн  және  оның 
мақта немесе химиялық талшықпен аралас түрінде иіреді.
 
Аппараттық 
(шұғалық)  тәсілмен  қысқа  жүн  талшық  өндіріледі: 
қопсыту, білікті карданың тарау машинасында 2-3 өтумен тарайды, алынған 
созба жіп иіру машинасына түседі.
 
Апаратты  жіп  -  жоғары  үлпілдек,  жуан:  жұқа  шұғалық  (жіңішке, 
жартылай жіңішке жартылай дөрекі жүннен) - 62,5 -167 текске дейін, дөрекі 
шұға  жіптер  (дөрекі  жүннен)  -143  тен  500  текске  дейін,  ауыр  костюмдік 
және пальтолық маталар үшін қолданылады.
 
Тарақты 
(камволь)  жіп  иіру  жүйесі  бойынша  жіпті  жүннің  ұзын 
талшығынан  (55-200  мм)  иіреді.  Тарау  аппаратында  таспа  біртегістеп 
таралынады.  Тарақты  таспа  (текс)  жіңішкелігі  бойынша  тағыда 
біртегістелініп, жіңішкелетіп жіп иіру машинасына жіберіледі.Тарақты жіп 
біртегіс,  біркелкі  Т-  55,6  -  14,3  текс,  жұқа  көйлектік,  костюмдік  және 
пальтолық материалдар үшін қолданылады.
 
62 
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет