Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және гылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/31
Дата25.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

беріктігі 40% дейін төмендейді. 
Мақта  талшығы  қызады,  тұтанады  және  жақсы  жанады,  жану  кезінде 
жалынды  өшіретін  болса  200°С  жоғары  температурада  талшық  балқиды 
және ол тұнық-қоңыр түске боялады. 
Мақта  талшығы  күн  сәулесінің  әсерінен  әлсірейді,  өңделмеген  ма- 
таларды 940 сағат бойы тікелей күн сәулесімен жарықтандырғанда. олардың 
беріктігі 40 % дейін төмендейді. 
Мақта  талшығы  қызады,  тұтанады  және  жақсы  жанады.  Егер  жану 
кезінде  жалынды  өшіретін  болса,  онда  жанып  жатқан  соңы  бықсып 
түтінденеді, түтіні ашық түсті болып келеді, жанған қағаздың иісі шығады. 
Сілтінің  әсері.  Мақтаның  талшығы  сілтінің  әсеріне  төзімді.  Суық 
күйдіргіш  сілтімен  (күйдіргіш)  өңдеу  мақта  талшығының  құрылымы 
өзгереді, ол - ісінеді және өзінің иілгіштігін жоғалтады. Мақта матасын суық 
күйдіргіш сілтілі натрмен өңдеу арқылы тазалау мерсерлеу деп аталады. 
Мерсерлеу  матаға  жылтырлық,  үлкен  беріктік  қасиетін  береді  және 
бояуға қабілеттілігін жоғарылатады. 
Мақта  матасын  күйдіргіш  сілті  ерітіндісінде  ауаны  жіберу  арқылы 
қайнату  кезінде  мақта  талшығының  целлюлозасы  ауа  оттегісімен 
қышқылданады және оның беріктігі азаяды. Сол үшін күйдіргішпен 
12 

 
Сурет 1.4 - Мақта талшығының жалпы көрінісі 
ішкиімді  жуғанда  қайнату  жабық  ыдыста  орындалады,  ал  ішкиімді 
қайнатқаннан кейін бірден дұрыстап шаю керек. 
Бейорганикалық  және  минералды  қышқылдар  (тұз,  күкіртті.  азотты)  - 
сұйытылған  ерітіндіде  мақта  талшықтарын  бұзады.  Концентрацияланған 
қышқылдар мақта талшықтарын ерітуі және шала күйдіруі мүмкін. 
13 

Зығыр.  Зығыр  өсімдігінің  сабағының  қабығының  қабатынан  алы- 
натын  талшықты  зығыр  талшығы  деп  аталады.  Бұл  бір  жылдық  шөптік 
өсімдік. Сабақта талшықтық қабат көлбеу жата орналасады. Оның биіктігі 1 
метрге дейін жетеді. Зығырдың екі түрі өседі, олар - 1.5-су- ретте көрсетілген 
талшық алынатын салалы зығыр, тұқым алынатын бұйра шашты зығыр. 
Зығыр талшығының құрылысы. Зығыр сабағының құрылысы 
1.6-
 
суретте 
көрсетілген. 
Зығыр 
талшығы 
сабақта 

қабықшамен  және  3  ағашпен,  өзара  жабысқан  2  қабықты  шоғыр  көлденең 
жата орналасады. 
Сабақтың  қабықты  қабатынан  бөлінген  зығырлы  техникалык 
талшықтар  қарапайым  талшықтармен  (өте  ұсаққа  бөлінбейтін  даралық) 
бірге  жабысқан  жұқа  будалы  болып  келеді,  бұл  құрылыс  1.6-суретте 
көрсетілген. 
Қарапайым талшықтардың ұштары бойлық, жұқа, үшкірленген пішінді, 
жабық құбырлы және иілген қалың түрімен сипатталады, ол 
1.7-
 
суретте 
көрсетілген. 
Техникалық  талшықтар  иірімжіп  иіретін  және  мата  өндіретін  талшық 
болып табылады. 
Зығыр мақта сияқты негізінен целлюлозадан (80 %) тұрады. Бұдан басқа 
техникалық  зығыр  талшықты  дөрекілендіретін,  ауырлататын  және  оған 
тұрақты ашық-сұр немесе тұнық сұр түс беретін жабысқақтан тұрады. 
Зығыр  талшығының  қасиеті.  Техникалық  зығыр  талшығының 
ұзындыгы 400-700мм шекте, ал қарапайым талшықтың ұзындығы - 20- 30мм 
ауытқиды. 
Техникалық  талшықтың  жіңішкелілігі  өте  әртүрлі,  ол  қарапайым 
талшықтың  жіңішкелігіне  және  олардың  бумадағы  санына  байланы-  сты. 
Қарапайым  талшықтың  жіңішкелігі  мақта  талшығына  жақын.  0,015-0,025 
мм болып келеді. 
Зығырдың  қарапайым  талшығының  мықтылыгы  10  г  үзілу  күшімен 
анықталады. Оның үзілу ұзындығы  - 60-62 км және мықтылық шегі 80-120 
кг/мм
2
.  Техникалық  талшықтың  мықтылығы  200  г  үзілмелі  жүктемемен 
анықталады, оның үзілу ұзындығы - 40 км, ал беріктік шегі - 50-60 кг/мм
2
 
Үзілу кезіндегі зығыр талшығының ұзаруы - 1,5-2,5%. 
Ылгал  тартқыштыгы  -  зығыр  талшығының  бағалы  қасиеті.  Ол  үшін 
қалыпты  ылғалдылық  12  %.  Зығыр  талшығы  ылғалды  тез  сіңіреді  және 
оны тез береді, яғни кебеді. 
Ылғалдың әсері. Ылғалды жағдайда зығырдың қарапайым талшығының 
мықтылығы  мақта  талшығынікі  секілді  болады.  Бұл  судың  әсерімен 
жабысқақ  -  пектиналық  -  заттар  бумада  жұмсарады  және  қарапайым 
талшықтардың  арасындағы  байланыстар  әлсірейді,  буманың  беріктігінің 
әлсіреуін тудырады. 
14 

Зығыр  талшықтары  мақта  талшығы  секілді  қызу  температура-  сын 
көтере алады және сілтілерден бұзылмайды, ал қышқылдардан бұзылады. 
Зығыр  талшықтары  мақта  талшықтарына  қарағанда  күн  сәулесінің 
әсеріне  төзімдірек  болады.  Өңделмеген  матадағы  зығыр  талшығының 
мықтылығы 990 сағат бойы  тікелей күн сәулесінің  жарығын түсірген кезде 
50 % төмендейді. 
 

II 
III 
IV 
Сурет 1.5 - 1 - салалы зығыр; 2 және 3 аралық зығыр; 4 - бұйра-зығыр. 
15 

Сурет 1.6 - Зығыр талшығының жалпы қүрылымы 
Б¥ТАҒЫ ТҮҚЫМДЫ 
ҚАУАШАҚ 
САБАҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІНДІСІ  
ҚАРАПАЙЫМ ТАЛШЫҚТЫҢ БӨЛІГІ 
ҚАРАПАЙЫМ ТАЛШЫҚ 


 
1-қабығы, 2-қабықты бума, 3-ағашы 
 
Сурет 1.7 - Зығыр талшығының құрылысының сызбасы және 
микроскоппен қарағандағы талшық 
Жаққан кезде зығыр талшығы мақта секілді жанады. 
Зығыр  қалың  қабырғалы,  тар  құбырлы,  жабық  ұшты  болып  келеді, 
талшықтың  беттігі  біркелкі  және  тегіс,  нәтижесінде  мақта  матасына 
қарағанда зығыр матасы аз кірленеді  және  жеңіл  жуылады. Зығырдың бұл 
қасиеті ішкиімдік жаймалар үшін өте құнды. Зығыр талшықтары ылғалды 
тарту кезінде басқа тоқыма талшықтарына қарағанда, ылғалды тез сіңіреді 
және  береді, ол  - мақта матасына қарағанда мықты, салы-  стырмалы  үзілу 
күші  60  сН/текс,  үзілу  кезінде  ұзаруы  2-3  %  құрайды.  Зығыр  талшығында 
лингиннің құрамы оны жарықтың, ауарайының, 
17 
2-6313 

микроорганизмдердің  әсеріне  төзімдірек  етеді.  Талшықтың  термиялық 
бұзылуы  160°С  температурага  дейін  болмайды.  Зыгыр  талшыгының 
химиялық қасиеті мақтаға ұқсас, ол сілтінің әсеріне төзімді, бірақ қышқылға 
төзімсіз. Зығыр матасының табиғи әдемі, жібекті жылтыр- лы сыртқы түріне 
байланысты мерсерлеуге ұшырамайды. 
Бір  жағынан  төмен  серпімділігіне  бола,  зығыр  талшығы  тез  мы- 
жылады,  ағартылуы  және  боялуы  қиындайды.Жоғары  гигиеналық  және 
мықтылық қасиетінің арқасында зығыр талшығынан іш киімдік, жаймалық 
мата (дене іш киімі, төсек, дастархан жаймасы), жаздық костюмдік-көйлектік 
маталар  алынады.  Зығыр  матасының  жарты-  сы  басқа  талшықтардың 
қоспасынан  өндіріледі,  көптеген  бөлігі  негізі  бойынша  мақта  иірімжіпті 
жартылай  зығырлы  жаймалық  ма-  таларда  қолданылады.  Зығыр 
талшығынан  кенептен  тоқылған  мата,  өртке  арналған  қолғаптар,  баулар, 
аяқ  киім-дік  жіптер,  ал  зығырдың  қалдығынан  өте  дөрекі  маталар,  ол  - 
қаптық, брезенттер, жайғақтар өндіріледі. 
Жаңазеландиялық зығыр өсімдіктің жапырағынан қосылған, талшықты 
материал. Бұл зығыр түрінің отаны Жаңа Зеландия, соны- мен қатар, қазіргі 
уақытта ол Австралияда, Үндістанда, Оңтүстік Аме- рикада, Ресейде, Сочида 
және Сухумда кеңінен таралған. 
Жаңазеландиялық зыгыр өсімдігі тропикалық белбеуге қарағанда біркелкі. 
Оны  егу үшін кеппеген  ылғалды, бірақ батпақ емес  топырақ қажет. Зығыр 
тамырдың  ұшы  мен  тұқымнан  ажыратылып  алынады,  ол  жай  өседі. 
Тамырдан 1,2м ұзындыққа жететін және көлемді енді, көптеген жапырақтар 
алынады.  Жапырақтың  розеткасының  ортасынан  сары  гүлдердің  бір  жақ 
шоқтарынан  шыққан,  гүлді  тілше  пайда  болады.  Зығырдың  гүлді  сабағы 
әрбір  үш  жыл  сайын  шығады.  Талшық  арқан  және  дөрекі  мата  дайындау 
үшін қолданылады. Зығырдың техникалық ұзындығы 1 м жетеді. 
Олар  кендір  мен  зығырға  қарағанда  берік,  сары  түсті,  бірақ  сынғыш 
және  тез  үзіледі.  Тұқымдық  қауашақтың,  гүлдің  және  қарапайым 
талшықтардың жалпы көрнісі 1.8-суретте көрсетілген. 
Зеландияның  зығыр  талшығының  техникалық  талшығы  1,75  м 
ұзындыққа дейін жетеді. 
Кендірдің  қарапайым  талшығының  құрылысы  зығыр  талшығының 
құрылысына  ұқсас,  көлденең  қимада  қарапайым  талшықтар  сопақша 
пішінді  және  кең  құбырлы,  ұшы  қосарланған  болып  келеді.  Химиялық 
қатынаста  кендір  талшықтары  сыртқы  ағаштық  зат  -  бастозаны  қолдану 
арқылы целлюлозаны құрайды. 
Кендір  бір  жылдық  шөпті  өсімдіктен  алынады.  Орташа  орыстық 
сораның  сабағының  ұзындығы  1-2м,  оңтүстіктікі  -  4м.  Сораны  бастапқы 
өңдеу  зығырды  өңдеуге  ұқсас.  Зығырмен  салыстырғанда  кендір  талшығы 
дөрекілеу және беріктігі аз. Ұзын кендір талшығынан арқан, қысқалардан  - 
кендір жіп, ораушы және қапты маталар өндіріледі. 
18 

 
Сурет 1.8 - Жаңа Зеландиялық зығыр 
Кендір  киім,  желкен  және  арқан  дайындау  үшін  қолданылатын 
талшықты  материал.  Кендір  зығырға  қарағанда  ағартылуы  қиын.  Бұл 
талшықтан өндірілген судың әсеріне түсетін арқандар, торлар, кендір жіптер, 
өртке арналған қолғаптар өте маңызды қасиет шіруге жай ұшырайды. 
Кенеп  және  джут.  Жөке  мен  құлқайыр  тұқымдасқа  жататын,  бір 
жылдық кенеп пен  джут өсімдігінен алынады. Кенеп пен джуттың негізінде 
қаптық  және  ыдыстық  маталар  өндіріледі.  Сипағанда  құрғақ,  бірақ  ылғал 
тартқыштығы жоғары болуынан кендірден жасалған қаптар үлкен ылғалды 
қасиетімен сипатталатын, тауарды сақтау және тасу үшін қолданылады. 
ХІХ  ғасырдың  60-шы  жылдарында  кенепті  өсіруден  Солтүстік  Иран 
атақты  бола  бастады,  сондай-ақ,  Кавказда,  Орта  Азияда  кеңінен  таралды. 
Кенеп  өсімдіктің  сабағынан  алынған  талшықты  материал.  Ке-  неп  иран 
тілінен ауда-рылған, ол «иірімжіп» деген мағына береді. Ке- неп биіктігі 1,5 
метрге  жететін,  бір  жылдық  шөпті  өсімдік.  Гүлдері  өте  қысқа  гүл  аяғында 
отырған,  ол  жоғарғы  жапырақтың  қуысында  үштен  немесе  біреуден 
орналасқан. Гүл жапырағының негізінде күңгірт- қызыл дақты, сары түсті, 
қауашағы  өткір  ұшты,  сопақша  пішінді,  ағаш  тәріздес,  кенеп  1.9-суретте 
көрсетілген. 
Джут  -  үнді  сөзінен  аударылғанда  -  «ораушы  қап»  деген  мағынаны 
білдіреді.  Джуттың  отаны  Үндістанның  Танга,  Брамаптры  және  Мигра 
өзендерінің аймағы болып  саналады,  сондай-ақ, ол Африкада, Амери- када, 
Қытайда, Египетте және Ташкент ықшам аудандарында өсіріледі. Джут - бір 
жылдық шөпті өсімдік.  Оның  сабағының биіктігі  - 3-5м  және қалыңдығы  - 
25-35  мм.  Жапырағы  сопақша  өткір,  ірі-тісті,  гүлі  ұсақ,  сары.  Джут  тұзды 
көлемі  үлкен,  жақсы  тыңайтылған,  тасқын  су-  мен  суарылған  топырақты 
жақсы көреді. Джут талшығының ұзындығы 
19 

ю 
о
 
 
ЖАЛПЫ ТҮРІ 

 
 
ҚАБЫҚТЫ
 
БУМАНЫҢ КӨЛДЕНЕҢ 
КЕСІНДІСІ
 
Сурет 1.9 - Кенеп 

1,5
 
- 2,5 м.  Талшықтың көлденең қимасы әртүрлі  пішінді,  жақсы  жа- нады, 
зығыр  мен  кендірге  қарағанда,  беріктігі  орташа,  қалыпты  ылғалдылығы  - 
13,5%.  Ол  жиһаздық  материалдарды,  қапты  өңдеу  үшін  қолданылады, 
талшықтың  түсі  ақ  сары  түстен  күңгірт-қызыл  түске  дейін.  1.10-суретте 
джуттың техникалық талшығының көлденең бойлық түрі көрсетілген. 
Қалақай - ащы күйдіретін өсімдік, оның сабағынан талшықты материал 
алынады,  ол  техникалық  материалдар  дайындау  үшін  қолданылады.  1.11-
суретте  қалақай  талшығының  жалпы  түрі  және  көлденең  қимасы 
көрсетілген. Қалақай - биіктігі 1,5 м, көп қабатты шөпті өсімдік. Жапырағы 
сопақша,  үшкірленген.  Қалақайдың  техникалық  талшығы  өте  берік  болып 
келеді, ол жақсы боялады, оның талшықтарының ұштары локатор тәрізді. 
Талшықтық  материал  рами  өсімдіктің  сабағынан  алынады.  Ол 
Қытайды, Жапонияда,  Мексикада, Колумбияда  және Бразилияда  өседі  және 
жылына сабақтың 2-3 жинағын беретін, тек жылы әрі ылғалды ауа-райында 
дамиды. 
Рами - тармақталған шөпті қалақайдың бір түрі, биіктігі 1,5 - 2,5 м. Түсі 
жасылдау, ашық  және күңгірт-қоңыр, өте  жоғары беріктікпен сипатталады, 
ылғалдылығы  6,5%,  талшықтан  арқандар,  жіптер  және  торлар 
дайындалады. 
Сизаль  -  өте  қысқа  сабақты  және  ұзын  етті  жасыл  жапырақты, 
айырылған  қалпақты  көп  жылдық  өсімдік.  Отаны  тропикалық  және 
субтропикалық  Америка  болып  саналады,  сонымен  қатар,  Мексикада, 
Флоридада,  Кубада,  Перуда  және  Үндістанда  кезкелген  құрғақ  тасты 
топырақта өседі. Жапырағының ұзындығы 1,5 м, ені  8-14  см,  жылы- на үш 
рет жиналады. Жалпы суреті мен көлденең қимасы 1.12-суретте көрсетілген. 
Алоэ - өсімдіктің жапырағынан алынатын талшықты материал. Ота- ны 
Оңтүстік  Африка,  Америка  және  Үндіс-танның  ыстық  аймақтарында 
өсіріледі. Алоэ - көп жылдық өсімдік, оның сабағының биіктігі 30-50 см дейін 
жетеді.  Көп  қабатты  жапырағы  түбіне  жиналған  және  1.13-суретте 
көрсетілгендей  бірінен  соң  бірі  орналасқан.  Жапырағы  етті  және  шеті  тісті, 
өсімдіктің  ұшы  үшкірленген.  Жапырақтың  ұзындығы  40-50  см,  ені  7-8  см. 
Ұзын  көп  қабатты  гүлдермен  гүлденеді.  Техникалық  талшығының 
ұзындығы  20-50  см.  Талшық  мықты  және  дөрекі,  ылғалдылығы  8  %, 
жіптерді, арқанды және қапты өндіруде қолданылады. 
Банандар  жер  бетіндегі  шөпті  өсімдіктерінің  бірі,  ол  1.14-сурет-  те 
көрсетілген. Бананның көптеген түрі бар, оның ішінде екі түрі көп кездеседі, 
олар: 
жеуге жарайтын банандар; 
жеуге жарамсыз банандар. 
Бананның екінші  түрі иірілетін талшық ретінде қолданылады, олардың 
жапырақтары бір-біріне жақын орналасады, олар өз 
21 

ТАЛШЫҚТЫҢ
 
ЭЛЕМЕНТІ
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТЫҢ
 
КӨЛДЕНЕҢ 
КЕСІНДІСІ
 
Б¥ТАҚ
 
 
 
 
 
¥ШЫ
 
 
ҚАРАПАЙЫМ
 
ТАЛШЫҚТАР
 
Суреті.10 - Джуттың жалпы көрінісі 

ЕРКЕК
 
¥РҒАШЫ
 
ҚАРАПАЙЫМ
 
ТАЛШЫҚТАР
 
САБАҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ 
КЕСІНДІСІ
 
ТАЛШЫҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІНДІСІ
 
¥ШТАРЫ
 
Сурет 1.11 - Күйдіргіш қалақайдың қүрылысы 

 
ЖАЛПЫ ТҮРІ
 
Сурет 1.12 - Сизальдің жалпы құрылысы 


 
Сурет 1.13 - Алоэнің жалпы құрылысы 

0\ 
[
И
 

 
і
 
 
 
I
 
ь
»
 
 
 
!<

 
 
.
 
і *
 
 
1
 
 
 
 

 
1
м
 
 
ІІ
 
ҚАРАПАИЫ
М
 
ТАЛШЫҚ
 
ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛШЫҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ 
КЕСІНДІСІ
 
ҚАРАПАИЫМ
 
ТАЛШЫҚ
 
ҚАБЫҚТЫ
 
БУМА
 
ЖАЛҒАН ДІҢГЕК БӨЛІГІНІҢ КӨЛДЕНЕҢ КЕСІНДІСІ
 
ЖАЛҒАН ДІҢГЕК
 
ОРТАСЫ
 
ЖАЛПЫ ТҮРІ
 
Сурет 1.14 - Бананның жалпы қүрылысы 

бұтақтарымен  жанасып  тұрады.  Тех-никалық  талшықтары  берік  және 
ұзындау,  ұзындығы  2,5  м.  Түсі  өте  қатты  жылтырлы  сары  және  қоңыр. 
Бананды техникалық материалдар дайындауда қолданылады. 
Кендір  өсімдік  сабағының  қабығынан  алынған  талшықты  матери-  ал. 
Орта  Азия  мен  Қазақстанда  өсіріледі.  Кендір  -  тамыры  қыстайтын  және 
сабағы қыста қататын, жартылай түпті көп жылдық өсімдік. Сабақтары 230-
240 м. 
1.2.2.
 
ЖАНУАР ТЕГІНЕН АЛЫНҒАН ТАЛШЫҚТАР 
1.2.3.
 
Қой тұқымдары 
Қойлардың  шығуы.  Қойлар  өте  ерте  кезеңнен  қолға  үйретілген. 
Археологиялық  және  басқа  да  зерттеулерден  алынған  мәліметтер  бойынша 
қойлар біздің эрамызға  дейінгі 6-7 мың  жыл бұрын қолға үйретілген. Қолға 
үйретудің  мүмкін  ошағы  болып  Оңтүстік  Сібір,  Орта  Азия,  Кіші  Азия 
табылады.  Қойлар  ұсақ  қоректенетін,  шайнай-тын,  тұяқты  және  қой 
тұқымына  жатады.  Зоологиялық  топтастыру  бойын-  ша  жақыны  ешкі 
болып табылады. 
Қойлардың  тұқымының  мүмкін  басталуының  бірыңғай  мәліметі  жоқ. 
Биологиялық  тұрғыдан  үй  қойларына  жақын  жабайы  қойлардың  алуан 
түрлілігінің  көп  болуымен  байланыстырылады.  Үй  қойларының  ата  тегіне 
муфлон, архар және аргали жатады. Ол 1.15-суретте көрсетілген. 
Муфлондар  Жерорта  теңізінде  және  Кіші  Азия  жағалауларында  және 
аралдарында  мекендейді.  Қой  шаруашылығындағы  негізгі  өндіріс  болып, 
белгілі бір өнім алу мақсатындағы нақты климатты ортада 
 
Сурет 1.15- Жабайы қой муфлон 
27 

адамдардың  білімді  еңбегінің  және  талабының  арқасында  асыл  тұқым-  ды 
алу табылады. 
Табиғатта  жаратылған  1-2  жабайы  тұқымды  түрлерінен  адамзат  осы 
уақытқа  дейін  600  тұқымды  қой  түрлерін  өндірді.  Тәуелсіз  мемле-  кеттер 
достығы (ТМД) елдерінде өндірістің барлық бағытында қойдың 60 тұқымын 
өндірді.  Соның  ішіндегі  22-биязы  жүнді,  15  -  жартылай  би-  язы  жүнді,  4 
жартылай қылшықты, қалғаны - қылшықты (қылшықты, тондық). 
Биязы  жүнді  қойлардың  бірнеше  ерекшеліктері  бар.  Олардың  жүнінің 
қалыңдығы орташа есеппен 15-25 мкм, түбіті қалың ақ жүннен тұрады. Осы 
тұқымдас  қойлар  үшін  биязы  жүн  басының  көз  сызығына  дейін  және 
төменірек,  сондай-ақ  тұяқ  ұшына  дейін  жауып  тұрады.  Бұл  малдардың 
мойын бөлігінде, дене бөлігінде және құйрық ұшында қатпарланып білінетін 
артық  былғарысы  бар.  Биязы  жүнді  тұқымдас  қойларды  зоологиялық 
топтастыру бойынша ұзын арық құйрықтыға жатқызады. 
Будандастыру  арқылы  алынған  биязы  жүнді  қой  тұ-қымдары  өзара 
өнімділігімен  және  дене  бітімінің  ерекше-лігімен  ажыратылады.  Оларды 
жүнді-етті, жүнді, және етті-жүнді деп бөледі. Бұлай бөлудің негізі жүннің және 
еттің өнімділігіне, сондай-ақ олардың шығу тегіне бағытталған. 
Жүнді-етті  тұқымдар

Бұл  тұқымдастың  қойлары  кейбір  шығу 
ортақтығымен  сипатталады.  Көп  жағдайда  олар  жергілікті  меринос 
қойларымен  американдық  рамбулье  тұқымын  будандастыру  арқылы 
өндіріледі.  Бұл  тұқымдас  ірі  мал,  жақсы  дене  бітімді,  жүні  сапалы  болып 
келеді. Соңғы жылдары жүнді-етті тұқымдардың бағытын А және Б то- бына 
жіктеу  қабылданған.  А  тобына  жататын  тұқымдастар:  асканилік, 
кавказдық, алтайлық және солтүстік кавказдық меринос; Б тобына жататын 
тұқымдастар:  Забайкальдық,  Қырғызстандық,  Красноярлық,  Оңтүстік 
Қазақстандық меринос және Оңтүстік Оралдық. 
Асканилік 
тұқым. 
1925-1934 
жылдар 
аралығында 
академик 
М.Ф.Ивановпен  Аскании-Новада,  ең  жақсы  жергілікті  меринос  қойларын 
дене  бітімі  ірі,  қалың  қысқа  жүнді  американдық  рамбулье  қойларымен 
будандастыру  арқылы  өндірілген.  Жергілікті  украиналық  мериностар  аз 
қатпарлы, ұзын жүнді, олар құрғақ климатқа жақсы бейімделген. 
М.Ф.Ивановтың алдында аса  ірі  салмағы 60 кг  жететін  жүнді өнімділігі 
жоғары және жетерліктей етті пішінді қой тұқымын алу міндеті тұрды және 
бұл  мақсатқа  өте  қысқа  мерзім  ішінде  12  жылда  жетті.  Асканилік  қойлар 
әлемдегі меринос түқымдарының ішіндегі ең ірісі болып табылады. Ол 1.16-
суретте көрсетілген және биік жүнімен еттілігінің сәйкестігімен сипатталады. 
Қойлардың  салмағы  123-130  кг  жетеді,  үрғашысының  салмағы  62-65  кг, 
қырқылған жүннің салмағы 16-17 кг,таза жүннің шығуы 38-42 %. 
28 

 
Сурет 1.16- Асканилік қойлар 
Алтай  тұқымы

Бұл  тұқым  1936-1948  жылдар  аралығында  Алтай 
өлкесінде Г.Р. Литовченко, Н.А. Васильева, Ф.Я. Вовченко, С.С. Крым- ский 
басқаруымен  буданастыру  арқылы  алынған.  Материал  ретінде  Сібірге 
әкелінген  жергілікті  жаңа  кавказдық  және  мазевтік  мериностар 
пайдаланылды.  Бұл  мериностар  ұсақ  болып  келеді.  Үлкен  малдардың 
ұргашысының салмағы 37 кг, қырқылған  жүннің салмағы  - 4,6 кг. Ал таза 
күйінде 1,2-1,4 кг құрайды. Жүні ұзын  және өте майлытерлі. Сібірдің қатаң 
суығында  тұқымдастарды  жетілдіру  қиындатады.  Қатты  аяз  кездерінде 
майлытерлі  жүндер  малдардың  үстіне  жабысып,  қатып,  нәтижесінде  жиі 
өлетін  болды.  Бұл  қойларды  1927-1930  жылдары  американдық  рамбулье 
тұқымдарымен  будандастыра  бастады,  алынған  шатыстарды  кавказдық 
және  австралиялық  биязы  жүнді  тұқымдас  қойлармен  будандастырды. 
Нәтижесінде өте ірі денелі және жүнді өнімділігі жоғары малдар алынды. Ол 
1.17-суретте көрсетілген. 
 
Сурет 1.17- Алтай тұқымы 
29 

Қойлардың тірі кезеңдегі салмағы 115-120 кг, ұрғашысынікі 
60-62  кг,  қырқылған  жүннің  салмағы  18-20  кг.  Бұл  тұқымдас  қойларды 
Украина,  Беларусс,  Қазақстан,  Қырғызстан,  Сібірде,  Ресейдің  еуропа 
бөлігінде өсіреді. 
Бұл  тұқымның  қойлары  терісінің  артықтығымен  және  жүнді 
өнімділігімен  ерекшеленеді.  Артық  тері  мойын  бөлігінде,  көкірегінде  екі-үш 
қатпар  ретінде  білінеді,  денесінде  былғарысының  аздаған  қатпары 
байқалады. Қойлардың өте мығым спиральді  мүйізді  және тоқал ұрғашысы 
болады. Тұқымдары сапалы, ақ және ашық кремді түсті, майлытерлі қалың 
және ұзын жүнімен сипатталады, жүні біркелкі және сапалы. 
Бұл  тұқымдардың  генетикалық  ерекшелігі  жергілікті  мазаевтік  және 
жаңа  кавказдық  қойларды,  сондай-ақ  1927  жылы  Австралиядан  әкелінген 
жүнді  мериностарды  будандастыру  арқылы  өндірген.  Ал-  тай  тұқымының 
малдары  далалы  және  Дагестанның,  Калмақ,  Астра-  хан,  Ставраполь 
жерлерінде өсірілуге  бейімделген. Жүнді өнімділігіне келе-сі  тұқымдастарды 
жатқызуға 
болады: 
грознейлік, 
ставрапольдік, 
сальскилік 
және 
азербайджандық таулы меринос. 
Грознендік  тұқымы.  1929-1950  жылдар  аралығында  Дагестан  өлкесінде 
«Червленые буруны» будандастыру заводында А.А. Дыл- кина, А.Я.Панкова 
және  басқалардың  көмегімен  мазаевтік  және  жаңа  кавказдық  биязы  жүнді 
қойларды  австралиялық  тұқымдас  қойлармен  будандасты-ру  арқылы 
алынған.  Тұқымды  жетілдірудің  негізгі  мақсаты  австралиялық  меринос 
секілді,  бірақ  өте  ірі  жартылай  дала-  лы  жайылымдарға  бейімді,  жүні  биік, 
биязы мал алу болды. 
Грознендік  тұқымдас  қойлардың  австралиялық  қойлардан  ерекшелігі 
салмағының  ауырлығы,  денесінің  ірілігі,  және  өнімділігі.  Денесі  жинақы, 
мүйізі  жақсы  дамыған,  терілерінің  артықшылығы  мой-  нында,  көкірегінде, 
денесінде, құйрық ұшында байқалады. Грознендік тұқымдас қой 1.18-суретте 
көрсетілген. 
 
30 
Сурет 1.18 - Грознендік тұқымдас қой 

Қойдың  салмағы  орташа  есеппен  90кг,  ұрғашы  қойдың  салмағы  48-50 
кг, қырқылған жүннің салмағы 15-18 кг, таза жүннің салмағы 48-50 %. 
Қазақстандық  бязы  жүнді  тұқымы.  Қазақстан  шаруашылығында  1931-
1946 жылдар кезеңінде В.А.Бальмонта және басқалардың басқаруы жолымен 
жергілікті,  құйрықты  қылшық  жүнді  қойларды  пре-  кос  тұқымды 
қойлармен қарапайым өндірістік будандастыру арқылы жетілдірілді. Келесі 
будандастыру рамбулье тұқымымен жүргізілді. Қойдың таза салмағы 100-115 
кг,  ұрғашысынікі  55-60  кг  дейін  жетеді.  Қойлардың  қырқылған  жүннінің 
салмағы  7-10  кг,  таза  жүнінің  шығуы  48-50%,  жүні  өте  сапалы. 
Ұрғашысының  өнімділігі  -125-140  %.  Казақстандық  биязы  жүнді  тұқымы 
Казақстанның  оңтүстік-шығысында  кең  тараған.  Ең  жақсы  отарлар 
Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан  және  Талдықорған  аймақтарында 
дамыған. 
Қазақстандық архар меринос. Бұл тұқым 1934-1950 жылдары өндірілген. 
Ол  әлемдегі  жалғыз  жабайы  қойларды  үй  қойларымен  гибридизациялау 
арқылы  алынған  тұқым.  Зерттеуді  ХХ  ғасырдың  басында  М.Ф.  Иванов 
Аскании-Новада 
құрып, 
мериностарды 
жа- 
байы 
муфлондармен 
гибридизациялау  жұмысында  дәлелдеп  көрсетті,  осының  нәтижесінде  тау 
мериносы  өндірілді.  Архар  мериносты  шығару  туралы  жұмыстар 
Кырғызстанда  Я.Я.  Лустың  ықпалы  бойын-  ша  және  И.С.  Бутарин,  А. 
Исенжулов, А. Жандеркин іске асырды. Бұл жұмыс Қазақстандағы Алатауға 
ауыстырылды.  Мұнда  биязы  жүнды  ұрғашыларды  гибридті  қойлармен 
будандастырып, ал будандасқан ұрғашыларды перекос тұқымды қойлармен 
будандастырылған.  Алынған  1-3  кезеңдегі  гибридті  қойларды  3  кезеңдегі 
гибридті ұрғашылармен ұрықтандырылған. Алынған өнімнен қажетті түрін 
таңдап  алды.  Архармеринос  таулы  жағдайға  төзімді  мығым  денелі,  тез 
қозғалатын, көкірегі көтеріңкі және аяғы созылған жануар, ол 1.19-су- ретте 
көрсетілген. 
 
Сурет 1.19 - Архар меринос 
31 

Қойдың таза салмағы 100-110 кг, ұрғашы қойдыңкі 60-65 кг дейін жетеді. 
Қойлардың қырқылған жүннінің салмағы - 7-10 кг, таза жүнінің шығуы -50-
55%,жүні сапалы,ұрғашы қойдың өнімділігі 130-140 %. 
Бұл  тұқымның  қойлары  Алматы,  Шығыс  Қазақстан,  Қарағанды  және 
Павлодар аймақтарында өсіреді. 
1.2.4.
 
Жүн 
Жүн  -  кейбір  жануарлардың  тері  жамылғысының  мүйіз  тәрізді 
құрылымы  дене  түгі.  Тоқыма  өнеркәсібінде  қойдың,  түйенің,  ешкінің, 
сиырдың жүні және қоянның түбіті кең қолданылады. 
Негізгі  қой  өсіретін  Қазақстан,  Украина,  Өзбекстан,  Қырғызстан, 
Түркменстан, Азербайджан және Ресей ТМД елдері болып табылады. 
Жұқа  және  жартылай  жұқа  жүнен  таза  түрде  (мақта,  вискозды,  ка- 
пронды,  зығыр,  нитронды)  талшықтар  қоспаларымен  камвольды  және 
киімдік,  костюмдік,  пальтолық  маталар,  мата  емес  төсемелер,  тоқыма 
бұйымдар,  орамалдар,  жамылғылар;  жартылай  қылшықты  және 
қылшықты  дөрекі  жүнен  суконды  пальтолы  маталар,  киіз  етіктер  және 
киіздер жасап шығарыланады.. 
Түйе жүндері. Түйенің екі түрі бар: бір өркешті, екі өркешті. Түйенің бұл 
екі түріде жұқа нәзік және ұзын түктерден тұратын аралас жүндері бар және 
жүнінде  дөрекі  қылшықтарда  кездеседі.  Түйелердің  жүндері  түлеу  кезінде 
таралады. Түйе жүнінің жалпы құрылысы 1.20-суретте көрсетілген. 
Түйе малына  жақын мал Оңтүстік Америкада мекендейтін  - лама. пако 
немесе  альпако,  гунако  және  вигонь  жануарларынан  түйе  жүніне  ұқсас 
жүндер алынады, өнеркәсіпте бұл жүннің түрлері аз дамыған. 
Қалпына келтірілген жүн. Тоқыма өнеркәсібінде арзан шұға ма- таларды 
жасағанда, қоспаның құрамына, малды қырыққанда алынған жүннен басқа 
зауыттық және қалпына келтірілген жүндер қолданылады. Зауыттық жүн - 
мүйізді ірі қараның терісінен алынған жүн. Қалпына келтірілген жүн - бұрын 
пайдалануда  болған,  жүн  матадан  тігілген  ескі  киімдер  және  кескен 
қиықтарды  талшықтарға  ажыратқанда  алынады.  Қалпына  келтірілген 
жүннің  талшықтары  қысқа,  себебі  бұрын  киімді  киіп  жүргенде  немесе 
қиқымды өңдегенде үзіліп және қысқартылған. Сиыр, ешкі және ат жүндері 
былғары  зауыттарында  теріден  сыпыры-  лып  алынғаннан  кейін,  қой 
жүндеріне  қоспа  түрінде  пайдаланылады  және  өте  қысқа,  дөрекі  болып 
келеді. Ешкілердің тұқымдары өте көп. Олардың ішіндегі ең жақсы материал 
беретін  екі  түрі  бар:  ангор  және  кашемир.  Ангор  ешкісінің  аталуы  Кіші 
Азиядағы  Ангор  қаласына  сәйкес  қойылған.  Ангор  жүні  жұқа,  аз 
бұйраланған, және ұзын (150 мм дейін) болып келеді. Кашемир ешкісінің жүні 
аралас түкті жабын- нан, түбіттен және дөрекі шаштан тұрады. Жүні ұзын (70 
мм дейін), 
32 

 
3
-6313
 
 
 
ТҮЙЕ
 
ШТАПЕЛДІ ЖҮННІҢ ДИАГРАММАСЫ
 
 
КӨШІРМЕ
 
ТҮБІТ ТАЛШЫҒЫ
 
ҚЫЛШЫҚ
 
ТАЛШЫГЫ
 
ЖАЛ
 
ҮШІНШІ
 
СОРТЖҮНІ
 
ЖҮННІҢ
 
КӨЛДЕНЕҢ КЕСІНДІСІ
 
^ЖҮННІҢ ¥РШЫҚ ТӨРІЗДІ 
ЖАСУШАСЫ
 
Сурет 1.20 - Түйе жүнінің жалпы қүрылысы 
и> 

жылтыр  және аз бұйраланған. Ешкі түбіттерін негізінен орамалдар,  тоқыма 
бұйымдар және көйлекті-костюмдерді, пальтоларды өндіру үшін қолданады, 
түйе  жүнін  жылы  жамылғыларды  және  ұлттық  бұйымдарды  жасау  үшін 
қажет. 
Қойларды  қырқу.  Қой  шаруашылығындағы  жауапты  шаралардың  бірі  - 
бұл  қойларды  қырқу  болып  табылады.  Бірыңғай  жүнді  қойларды  әдетте 
жылына  бір-екі  рет  жылыған  мерзімде  қырқылады.  Бұл  олардың  түлемей 
тұруына  байланысты.  Жүні  бірқалыпсыз  қойлар  көбінесе  көктемде  және 
күзде қырқылады. Сібірдің кейбір аудандарында қыс ерте түсетіндіктен және 
қойлар  жыл  бойы  жайылымда  болатындықтан,  оларды  тек  көктемде  ғана 
қырқады. 
Романовтық  қойларды  жылына  3-4  рет  қырқады.  Жүнді  қырықпас 
бұрын,  орындаудың  жоспарын  құрады.  Оған  қажетті  жабдықтарды, 
қырықтықтарды  жөнге  келтіріп,  жұмысқа  дайындығын  тексереді. 
Өнеркәсіптің  қойды  қырқатын  пунктерге  екі  модификациялы  Бқ  және 
қырқатын  машиналары  шығарады:  иілмелі  білікті  (МСО-77Б)  және 
қозғағышты  (МСУ-200).  Жүнді  қырқу  үшін  электрлі  қырқатын  жабдықтар 
ЭСА-1,  ЭСА-6/200,  ЭСА-12-Г,  МСО-77Б  және  ЭСА-12/200,  МСУ-200 
қолданылады. 
Бірінші өткен жылы туған жас төлді, содан кейін ұрғашыларды, соңыда 
қойларды  қырқады.  Шаруашылықта  биязы  жүнді  және  қылшық  жүнді 
қойлар болса, онда табиғи түлеу кезінде жүнінің са- пасы төмендейтіндіктен, 
алдымен  қылшық  жүнді  қойлар  қырқылады.  Оларды  қырқып  болған  соң, 
қырқу  бөлімін  тазалайды.  Қырқу  кезінде  малдарды  12  сағат  бойы  аш 
ұстайды, қойларды кесіп кетпеуін және қырқу сапасын қатаң қадағалайды. 
1.2.5.
 
Жүн талшығының құрылымы 
Жүн  талшығы  (түк)  түбірден  және  сабақшадан  тұрады.  Түбір  терінің 
астында  жатады.  Сабақша  тері  жамылғының  сыртында  болады  және 
кератин  деген  белоктан  тұрады.  Түктің  сабақшасы  үш  қабаттан  тұрады: 
қабыршақты, қабықты және өзекті, ол 1.21-суретте көрсетілген. 
Қабыршақты  қабат  (кутикула)  түкті  қоршаған  мүйіз  тәрізді 
қабыршақтан  тұрады.  Талшықтың  түріне  байланысты  қабыршақтардың 
формасы сақина, жартылай сақина немесе пластинка тәріздес болып келеді. 
Қабыршақты қабат түкті бұзылудан сақтайды, оның жылтыл- дауы мен киіз 
болып ұйысу қабілетіне әсер етеді. 
Қабықты  қабат  түктің  тұрқын  құратын  ұршық  тәрізді  клеткалардан 
тұрады,  шаштың  мықтылығын,  серпімділігін  және  басқа  да  қасиетін 
анықтайтын негізгі қабат. 
Өзекті  қабат  талшықтың  ортасында  орналасқан  және  ауа  толған 
клеткалардан тұрады. Жуандығы мен құрылымына байланысты жүн 
34 

талшықтарының кеилесідей типтері болады: түбіт, ауыспалы және өлі шаш, 
қылшық. 
Түбіт  -  қабыршақты  және  қабықты  қабаттан  тұратын  жіңішке  ирек 
талшық. Биязы жүнді қойдың барлық жүн жамылғысы және қылшық жүнді 
қойлардың  теріге  жақын  жамылғысы  түбіт  болып  келеді.  Қабыршақты 
қабат сақина немесе жартылай сақина формалы болып келеді. 
Қылшық  -  түбітке  қарағанда  дөрекілеу,  әлдеқайда  жуан  және  ирек  емес. 
Ол үш қабаттан тұрады: пластинка тәріздес қабыршақтардан тұратын қабат, 
қабықты  қабат  және  тұтас  өзек.  Жартылай  қылшық  жүнді  және  қылшық 
жүнді қойлардың жүн жамылғысы қылшықтан тұрады. 
Аралық жүн - түбіт пен қылшықтың ортасы. Будан тұқымдас қойлардың 
барлық  жүн  жамылғысы  ауыспалы  түкті.  Аралық  түк  те  үш  қабаттан: 
қабыршақты, қабықты қабаттан және үзілмелі өзектен тұрады. 
 
Сурет 1.21 - Жүннің қылшықты және түбітті 
талшықтарының құрылымы: 
1-қабыршақты цабат, 2- цабыцты қабат, 3- өзекті қабат 
Өлі  түк  -  нашар  боялатын,  өңдегенде  оңай  сыналатын  дөрекі,  тік  және 
қатты  талшық.  Ол  қылшық  жүнді  қойлардың  кейбір  тұқымдарында 
кездеседі.  Өлі  түк  үш  қабаттан  қабыршақты,  жұқа  қабықты  және 
талшықтың барлық көлденеңін алатын жалпақ өзектен тұрады. 
Қойдан  қырқып  алынған  тұтас  жүн  .жабагы деп  аталады.  Қойдың  жүн 
жамылғысын  құрайтын  талшықтың  түріне  байланысты,  жүн  де  келесі 
түрлерге бөлінеді: түбіт талшықтан тұратын биязы жүн (25 мкм дейін); оны 
биязы  жүнді  қойлардан  алады  да,  жоғарғы  сапалы  камволь  және  шұға 
маталарды тоқуға пайдаланады: 
Жартылай  биязы  жүн  (25-34  мкм)  -  түбіт  талшығы  мен  аралық  жүннен 
тұрады;  қойдың  будан  тұқымынан  алып,  костюмдік  және  пальтолық 
камволь маталар тоқу үшін пайдаланады; 
35 

Жартылай дөрекі жүн (35-40 мкм), қылшық пен аралық түктен тұрады; 
қойдың  будан  тұқымынан  алып  костюм  және  пальто  үшін  жар-  тылай 
қылшықты шұға маталарды дайындауға пайдаланады; 
Дөрекі жүн (40 мкм жоғары) - құрамында талшықтың барлық түрі бар; 
оны  қылшық  жүнді  қойдан  алып,  ірі  шұға  мата  алуға  пайдалана-  ды.  Жіп 
иіру  үшін  жүн  талшығының  ұзындығы  мен  бұралаңдығының  маңызы  өте 
зор. 
Жүн  талшығының  ұзындығы  20-450  мм  аралығында  мықтылығы 
ұзындығына байланысты қысқа талшықты 
55 мм дейін, ұзын талшықты - 45 мм артық болып бөлінеді, жүннің түк 
түрлері 1.22-суретте көрсетілген. 
Жүннің  ирелеңдігі  талшықтың  1  см  ұзындығына  келетін  ирелеңдігімен 
сипатталады.  Талшық  неғұрлым  жіңішке  болған  сайын,  иірілуі  жоғары 
болады. 
Биік  ирелең  қысқа  талшықты  жүн  жуан  әрі  үлпілдеген  шұғалық  жіп 
иіруге пайдаланылады. 
Жүн  талшығының  жуандығы  талшықтың  түріне  байланысты  және 
оның иірілген жіп пен матаның қасиетіне ықпалы зор. Түбіттің жүні 30 мкм, 
қылшықтыкі 50-90 мкм, өлі шаштыкі 50-100 мкм. 
Жүн  талшықтарының  мықтылығы  оныңжуандығы  менқұрылымына 
байланысты.  Мысалы,  өлі  жүн  -  жуан,  бірақ  осал  талшық.  Жіңішкелігі  20 
мкм түбіт талшықтар 7 сН дейінгі үзу салмағымен сипатталады, жіңішкелігі 
50  мкм  қылшық  талшықтар  -  30  сН  дейін.  Талшықтардың  салыстырмалы 
үзу  салмағы  10,8-13,5  сН/текс.  Жуан  жүнге  қарағанда  жіңішке  жүн  төзімді. 
Себебі жуан талшықтардың өзегінде ауа бар, ал ол талшықты жуан қылып 
көрсеткенмен  мықтылығын  арттырмайды,  құрғақ  талшықтардың  үзілер 
кездегі ұзаруы 40%. 
Толық  ұзарудың  көп  үлесі  (7  %  дейін)  серпімді  және  жоғары 
эластикалық деформациялы, соның әсерінен жүн матадан істелген бұйымдар 
онша қыртыстанбайды, формасын жақсы сақтайды. 
Биязы жүнді қойдың жүні ақ түсті, ептеп ақсары. Қылшықты және ұяң 
жүннің түсі - сұр, қызғылыт, қара. 
Жүннің  жылтыры  қабыршақтардың  мөлшері  мен  формасына  бай- 
ланысты. Ірі, тығыз қабыршақтар жүнді солғын етіп көрсетеді. 
Киізденуі - жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі 
жүннің киізденуі жоғары болады. 
Қалыпты  жағдайда  биязы  жүннің  бойындағы  ылғалы  18%,  қылшық 
жүндікі  -15  %.  Басқа  талшықтарға  қарағанда  жүннің  гигроскопиялық 
қасиеті  жоғары,  ылғалды  аз  тартады  және  аз  шығарады.  Жылу  мен 
ылғалдың әсерінен жүн талшығы 60 % дейін ұзара алады. Жүннің қасиетін 
ескере  отырып,  оған  үтіктеу,  созу,  декатирлеу  сияқты  опера-  циялар 
жасалынады. 
Киімді  химиялық  тазартудан  өткізгенге  қолданылатын  барлық 
органикалық еріткіштердің әсеріне жүн төзімді. 
36 

ҮШІНШІ
 
СОРТ ЖҮНІ
 
ӨЛІ
 
ШАШ ТАЛШЫҒЫ
 
ЕКІНШІ
 
 
=1
 
5
 
V
 
Г'
 
с
 
 
 
Ғ
 

 
 
 
 
г
 
Е
 
л-
 
Е
 
і
 
_
 
п
 
 
г 
1
 
і
 
\
 

;
 
Е
 
 
.1 
Ь)
 
ТҮБІТ ТАЛШЫҒЫ
 
СОРТ ЖҮНІ
 
ВОЛО
ИНО 
ОСТИ 
БІРІНШІ СОРТЖҮНІ
 
 
ШАШ ТАЛШЫҒЫ
 
и> 
<

Сурет 1.22 - Түк түрлері 

Жүнді  амфотерлік  қасиеттері  бар,  яғни  қышқылдармен,  сілтілермен  де 
әрекеттесе алады. 
Қайнатқанда  жүн  күйдіргіш  натрдың  2%  ерітіндісінде  ериді. 
Сұйытылған  қышқылдың  (10  %  дейін)  әсерінен  жүннің  мықтылығы 
біршама  артады.  Концентрациялы  азот  қышықылының  әсерінен  жүн 
сарғаяды, концентрациялы  азот қышқылының әсерінен күйеді. 110°С,  одан 
да  жоғары  температурада  құрғақ  жүн  талшықтары  өзінің  мықтылығын 
жоғалтады. 
Өсімдік  талшықтарына  қарағанда  жарық  пен  ауа  райы  әсеріне  жүннің 
төзімділігі  айтарлықтай  жоғары.  1120  сағат  тікелей  түскен  күн  сәулесінен 
жүн талшықтарының мықтылығы 45 % кемиді. 
Жүн  жанғанда  талшықтар  жалында  піседі,  жалыннан  жанғаны 
басылғанда,  ұшында  күйген  қара  түйіршік  пайда  болып,  күйген 
қауырсынның иісі сезіледі. 
1.2.6.
 
Табиғи жібек 
Табиғи  жібек  -  жібек  құрты  шығаратын  өте  жіңішке  жіптер.  Табиғи 
жібек өзінің қасиеттері және өзіндік құнына байланысты - өте бағалы тоқыма 
шикізаты.  Оны  жібек  құртының  піллә  орамасынан  алады.  Тұт  ағашының 
жібек  құртының  жібегі  кең  таралған  және  бағалы,  ол  әлемдік  жібек 
өндірісінің 90 % құрайды. 
Жібек  жібін  алу  үшін  (3000)  жыл  бұрын  тұт  ағашының  жібек  құртын 
пайдаланған, 
отаны 
Қытай 
халқы 
болып 
саналады. 
Жібек 
шаруашылығымен  негізінен  ТМД  елдерінің  Орта  Азия  республикала-  ры, 
Кавказ, Украина және Молдова елдері айналысады. 
Жібек  талшығы  -  кейбір  құрттардың  жібек  шығаратын  ерекше 
бездерінен  бөлінетін  өнім.  Тұт  ағашының  жібек  құртынан  алынатын  жібек 
өндіріс үшін маңызды. 
Тұт  ағашының  жібек  құртын  арнайы  жібек  шаруашылығында  өсіреді. 
Жібек  құрты  өзінің  даму  жолында  төрт  кезеңнен  өтеді:жұмыртқа  (грена), 
қырықбуын,  қуыршақ  және  көбелек.  Қырықбуындарын  тұт  ағашының 
жапырақтарымен  тамақтандыру  кезеңінде  олардың  денесінде  ақуыздық 
айналым  жүреді.  Асқазан  сөлінің  ферменттерінің  арқасында  тұт  ағашының 
ақуызы  бөлек  аминқышқылдарға  бөлінеді,  олар  қырықбуындардың 
ағзасының  жасушаларымен  сіңеді.  Ағзада  аминқышқылдарының  синтезі 
және молекулаларының қайта құры- луы, бір аминқышқылының басқасына 
айналуы жүреді. Айналым нәтижесінде қырықбуындардың денесінде туылуы 
уақыты  келгенде  толық  жиынтықты  түрлі  аминқышқылды  сұйық  зат,  ол 
табиғи жібектің негізгі жоғары молекулалы бірігуіне керекті - фибрион және 
жібек негізмі - серицин жиналады. Піллә жібі - фибрион (75%) және серицин 
(25%) белоктарынан тұрады. 
38 

Пілләнің  пайда  болуы  кезінде  қырықбуын  ауаға  шыққанда  қататын, 
жібек  бөлетін  жолдары  арқылы  екі  жіңішке  жібек  шығарады.  Бір  уақытта 
жібекті  бірге  негізмдейтін  серицин  бөлінеді.  Жіп  құрау  уақытында  фибрион 
макромолекулалары  агрегатталады  және  талшықтың  молекулярлық 
құрылымын құрады, 20-30 макромолекула- лар микрофибрилға біріктіріледі, 
олар өз кезегінде фибрилл құрайды. 
Жүн 
кератинінен 
фибрионның 
макромолекулаларының 
айырмашылығы  -  кішкене  бұтақты  және  бүйір  шынжырларының  саны 
талшықтың  ортақ  салмағынан  19%  жоғары  болмауы  керек.  Фибрионның 
молекулярлы құрылымы жүн кератинімен салыстырғанда жоғары дәренегіз 
және  кристалды  болады.  Серицинге  қарағанда  фи-  брион  төзімді  белок, 
сабын-сода  ерітіндісімен  қайнатқанда  фибрион  ерімейді,  ал  серицин  негізмі 
еріп кетеді. 
Микрофибраның  аморфты  аудандарында  микрофибриллалар  мен 
фибриллалар арасында  талшықтың ортақ ауданынының 10-15% құрайтын 
микросынулар, қуыстар, тығызсыздықтар болады. Жібек құрайтын фибрилл 
талшығы  өз  осінің  бойымен  орналасады.Серицин  өзінің  аминқышқылды 
құрамына  байланысты  фибрионға  өте  ұқсас,  макромолекулаларының 
айырмашылығы оралу әдісінде. Серициннің фибрионнан кристалдылығы аз. 
Жібектің  піллә  жібі  серицинмен  бірге  негізмденген  қарапайым  500-1500  м 
ұзындыққа  дейін  жетеді.  Пілләнің  үстіңгі  және  астыңғы  қабаттары 
тарқатылмайды, сондықтан тарқатылған жіптің орташа ұзындығы 600-900м. 
Қарапайым  жіптердің  көлденең  қиындасы  бұрыштары  домаланған 
үшбұрышты  немесе  овал  формасында  болады  және  кесе-көлденең  ені  10-12 
мкм.  Қырықбуын  жіптердің  шығуына  байланысты  оларды  қабаттап 
жинайды, ол се- рицинмен негізмденген жабық қабық-піллә құрайды. Піллә 
ішінде  қырықбуын  пайда  болып,  15-17  күннен  кейін  қуыршақ  көбелекке 
айналады.  Сондықтан  пілләларды  бұйралана  бастауынан  8-9  күнде  жинап, 
алғашқы өңдеуге жіберіледі, жібектің алыну үдерісі 1.23- суретте көрсетілген. 
Тұт ағашы немесе жібек ағашы қырықбуын жапырақ-тарымен қоректенетін 
өсімдік.  Тұт  ағашы  20м  биіктікке  дейін  жететін  үлкен  ағаш.  Бір  тұт 
ағашынан  алынатын  жапырақтар  саны  оның  өлшеміне,  жасына 
байланысты  және  5-80  кг  дейін  жетеді.  Тұт  ағашының  жемістерін  жеуге 
болады.  Тұт  ағашынан  басқа  қырықбуындар  солтүстікте  өсетін  скорцонера 
жапырақтарымен, басқа да өсімдіктердің жапырақтарымен қоректене алады. 
Қырықбуын  өсіру  таза  әрі  желдетіліп  тұратын  ғимаратта  жүргізіледі. 
Ғимарат 
температу- 
расы 
тұрақты 
қадағаланып 
отырылады. 
Қырықбуындар  үшін  арнайы  қабаттар  орналастырылады.  Қабаттардағы 
сөрелері қырықбуын жа- сына байланысты әр түрлі диаметрдегі тесіктері бар 
қағаз беттерімен  (алынбалы) рамкалы  болады. Алынғышқа балғын,  жақсы 
туралған жапырақтар салынады. Қырықбуындар жапырақтарды қатты ла- 
стайды және алынғыштарға жиі тазалау жүріп тұруы керек, тазалау 
39 

келесі  жолмен  жүргізіледі:  балғын  жапырақты  алынғыштарды  ескі 
жапырақтарға  қояды,  қырықбуындар  балғын  көк  шөпке  жорғалап  жыл- 
жиды,  ластанған  рамкалы  алынғыштар  алынады.  Жібектің  алғашқы 
өңдеуінің  мақсаты  -  піллә  жібек  жібін  тарқатып  орап  алу  керек.  Орап  алу 
арнайы  піллә  орау  автоматтарында  4-9  пілләлардың  бірнеше  жіп-  терінің 
ұшы  қосылып  ұршыққа  оралады  және  шикізатты  жібек  деп  аталады. 
Шикізатты  жібекте  26-33%  серициннан  тұрады,  бірақ  келесі  өңдеу  кезінде 
оның  құрамы  дайын  маталарда  4-5%  азаяды.  Көбінесе  жібек  шикізатының 
қалыңдығы 1,556-2,33 текс болады. Пілләларды жинастырып, тарқатқаннан 
қалған қалдықтардың түрлері - шатасқан қалдықтар, піллә қабыршағының 
қалдықтары, бүлінген қалдықтар бо- лып табылады. 
Табиғи жібек қасиеттері. Піллә жіптерінің ұзындығы өте ұзын, ол 1000-
1500 м және одан да жоғары болады. 
Піллә  жібінің  жуандығы  көптеген  текті  пілләларда,  сондай-ақ  бір  текті 
және  тура  сол пілләнің  өзінде  ауытқулар болады. Кесе-көлденең қимасында 
піллә жіптері 20-30 мк тең, шамамен мақта талшығынан бір жарым есе көп. 
Мықтылығы.  Піллә  жібі  10г  күшті,  бірнеше  жіптерден  тұратын 
шикізатты  жібек  жіптерінің санына  байланысты 35-110 г күште үзіледі, бұл 
мықтылық шегіне 35-45 кг/мм
2
 және үзілу ұзындығына сәйкес келеді. Ылғал 
кезінде шикізатты жібектің 5-10% мықтылығы төмендейді. 
Жібектің  ұзаруы  үзілгенде  20%  құрайды,  ал  ылғал  кезінде  ұзару  15-20 
көбейеді.  Ұзару  кезінде  жібектің  серпімділігі  жоғары  болып  келеді.  Жылжу. 
Жіңішке  және  тегіс  жібек  жібі  оңай  жылжиды  және  төгіледі,  өйткені  мата 
сетінегіш  келетіндіктен,  бұл  тігін  бұйымдарын  дайындаудағы  кері  қасиет 
болып табылады. 
Гигроскопиялық  қасиеті.  Жібектегі  ылғалдың  дұрыс  мөлшері  11%. 
Жібек  жүн  сияқты  ауадан  30%  дейін  ылғалды  сорады.  Ылғалданған  жібек 
жүнге қарағанда тез кебеді, артық ылғалдан тез арылады. Бұл қасиет жақсы, 
өйткені  ол  жібек  маталарындағы  гигиеналық  қасиеттер  үшін  жақсы  әсер 
етеді. Ылғал жібекті ұзақ сақтағанда көгеріп кетеді. Жүнмен салыстырғанда 
жібек күйеге толық қарсы тұрады. 
Ысыту  жібекті  қатты  және  әлсіз  етеді,  осының  нәтижесінде  ол 
мықтылығынан  және  басқа  да  қасиеттерінен  айырылады.  Жібек 
талшықтары  күн  сәулесіне  мақта  мен  жүн  талшықтарына  қарағанда 
сезімтал  болып  келеді.  Жібектің  200  сағ  күн  сәулесінде  күюі,  оның 
мықтылығын 50% төмендетеді. 
Күйдіргенде жібек талшығы жүн сияқты ақырын жанады және ұшында 
кішкене  күйік  пайда  болады,  жанғанда  күйген  қауырсын  иісі  тарайды. 
Органикалық емес қышқылдар (қойытылған күкіртті) жібек талшықтарын 
бұзады,  ал  тұзды  ерітінді  ерітіп  жібереді.  Қышқылдардың  әлсіз  ерітінділері 
жібектің боялуын жақсартады. 
40 

 
 
 
ІРЕНЛ 
•• 
ПІПӘ1ЛР 
 
КЕСШГЕНППІӘ 


см» -Ч»И ійэи СЛяЛ 
КЫРЫКБУЫННЫҢ ДЛМУЫ 
КЫРЫКБУЫН 
КУЫРШЛКТЛР
 
злкымдллглн ппіаілр 
1.-1 Сурет ЖІБЕК 
ЖІБІНЩАЛЫНУ ҮДЕРІСІ 
ТЛЛШЫКТЛР
 

Қайнатқанда ащы сілтілі әлсіз ерітінділер жібек талшығын бұзады. Ащы 
сілтілердің  әлсіз  суық  ерітінділері  талшықтың  ісінуін  тудырады  және 
олардың мықтылығын азайтады. 
Жабайы  жібек  құртының  жібегі  талшықтардан  тұрады,  олар  тұт 
ағашының  жібек  құртынан  үш  есе  жуан.  Оның  жібегі  дөрекі  және 
қалыңдығы бойынша біркелкі емес, бірақ мықтылығы жоғары. Бұл жібекті 
тығыз  жібек  мата  өндірісінде  және  кейбір  арнайы  маталар  үшін 
қолданылады.  Кең  таралған  талшықтардың  микроскопиясы  1.24-су-  ретте 
көрсетілген. 
Асбест  -  бұл  отқа  төзімді,  электр  және  жылу  сақтағыш  қасиеттері  бар, 
техникалық мақсаттарға қолданылатын минералды табиғи талшық. 
 
Сурет 1.24 - Кең таралған талшықтар микроскопиясы:1- мақта, 2- зығыр, 
3- пенька, 4-джут, 5- кенеп, 6- рами, 7- кендір, 8- жүн, 9- табиғи жібек. 
Асбест  тау  тегі  ретінде  Канада,  ТМД,  Оңтүстік  Америка,  АҚШ  және 
Италияда кездеседі. Асбестті талшықтық құрамдас минералдардан алынады. 
Қазіргі кезде өндіріс мақсатында дұрыс талшықтық құрамы бар минералдар 
пайдаланылады, олар хритозил және крокидолит. 
Асбест  талшықтарының  бағалылығы  -  өте  жоғары  темпе-  ратураларға 
шыдамдылығында.  «Асбест»  сөзі  грек  тілінен  «жанбай-  тын»  деген  мағына 
береді.  Асбестті  100  С  қыздырған  кезде  өзінің  10%,200С  қыздырған  кезде 
өзінің  35%  өзінің  қасиеттерін  өзгертпейді.  Тек  қана  600  С  асбест  химиялық 
түрін  өзгерте  бастайды.  Асбесттің  балқу  нүктесі  1500  С,  талшығынан  түрлі 
заттар жасалынады, мысалы: 
42 

өртке  қарсы  мақсатта  қорғағыш  жаймалар,  ыстық  цехта  жұмыс  істейтін 
жұмысшылырға  арналған  киімдер,  қолғаптар,  автомобиль,  трактор  және 
көтергіштер  үшін  тежегіштік  таспалар,  турбогенератор  жасауға  арналған 
маталар. Асбест талшықтары 1.25, 1.26-суретте көрсетілген. 
 
Сурет 1.25 - Асбест 
 
Сурет 1.26 - Асбест талшығы 
1.2.7.
 
Химиялық талшықтардың құрылымы, қасиеттері және 
алыну үдерістері 
Тоқыма  өндірісінде  соңғы  жылдары  таза  табиғи  талшықтардан  басқа 
химиялық  талшықтар  көп  қолданылады.  Келешекте  саланың  хи- 
мияландыру  үрдісі  өсе  түсетіні  анық,  сол  себепті  тоқыма  өндірісінде 
химиялық талшықтардың үлесі арта береді. Табиғи талшықтарға қарағанда 
химиялық  талшықтар  көп  қасиеттері  бойынша  бірқалыпты  болады,  ал 
кейбір  қасиеттерін,  мысалы,  ұзындығын,  сызықтық  тығыздығын, 
мықтылығын  реттеуге  мүмкіндік  бар.  Сонымен  қатар  химиялық 
талшықтарды  өндіру  климаттық  жағдайларға  байланы-  сты  емес. 
Жекелеген  талшықтарды  өндіру  өнімділігі  өте  жоғары,  шикізат  қорлары 
жеткілікті,  әрі  арзан  және  табиғи  талшықтармен  салыстырғанда  оларды 
өндіру көлемі егістікке  тәуелді емес. Жасан-  ды талшықтар алу мүмкіндігін 
бірінші  болып  XVI  ғасырда  ағылшын  Р.Гук  айтқан,  бірақ  өнеркәсіпте 
жасанды  жібек  XIX  ғасырда  ғана  алы-  на  бастады.  Целлюлозалық 
талшықтардың  ішінде  ең  бірінші  нитрат-  ты  жібек  (1890  ж.),  кейін  -  мыс-
аммиакты және вискозалы жібектер 
43 

алынады.  Вискозды  жібек  шығару  жөніндегі  бірінші  зауыт  Ресейде  1909 
жылы, Мәскеу ауданында Мытищи қаласында салынды.1940- шы жылдары 
синтетикалық  талшықтар  өндіріле  бастады.  Кейін  өте  тез  дамып,  қазіргі 
уақытта  барлық  мемлекеттерде  бұл  сала  жоғары  дамыған.  Химиялық 
талшықтар  үздіксіз  қарапайым  жіптер,  кейіннен  талшықтарды  штапельдік 
түрде өндіреді. Штапельді талшықтарды, үздіксіз жіптерді өндіргенде қысқа 
бөліктерге  кесіп  шығарады.  Қазіргі  уақытта  химиялық  талшықтардың 
басым  бөлігі  штапель  түрінде  өндіріледі.  Осыған  байланысты  өндіріс 
үнемділігі  жоғары  және  штапельдерді  әртүрлі  талшықтармен  қоспалар 
дайындауға  тиімді.  Химиялық  талшықтар  жасанды  және  синтетикалық 
полимерлерден зауытта өндіріледі. Жасанды полимерлер табиғи полимерлік 
заттар- дан химиялық  жолмен алынады. Оларға табиғи целлюлоза  жатады, 
жоғары  сапалы  ағаш  целлюлозасынан  немесе  тазартылған  мақта  цел- 
люлозасынан  жасанды  талшықтар  (вискоза,  мыс-аммиакты,  полиноз-  ды) 
алынады. Химиялық талшықтарды өндірудің жалпы принциптері бойынша 
сұйық  немесе  балқыған  полимерді  фильерлер  арқылы  өткізіп,  химиялық 
немесе физикалық әдіспен қатты  түрге айналды- рады. Химиялық  жіптерді 
және  штапель  талшықтарды  қалыптастыру  сұлбасы  1.2.  сызбада 
көрсетілген. Химиялық талшықтар өндірісінің толық циклі келесі кезеңдерге 
бөлінеді:  шикізатты  алу,  алдын-ала  дайындау,  иіру  ерітіндісін  немесе 
балқымасын алу, талшықтарды қалыптастыру, өңдеу (қоспаларды ажырату, 
майлау) және текстильдік өңдеу (созу, кесу, ширату, орау). 
Иіретін ерітінді және балқыма 
Ағызуға қысып топтау 
Фильтрлеу 
Үздіксіз ағындардың ағып шығуы 
Ағындардың қарапайым жіптерге айналуы 
Барлық жіптерді жалпы 
Жіптерді  бір  собыққа  орау 
шираққа біріктіру 
Ү 
Ширақты кесу 
Ширату 
4- ‘ 
Ширатылған құрама жіп 
 
Сызба 1.2 - Химиялық жіптерді және штапельденген талшықтарды 
қалыптастыру сұлбасы 
44 

 
 

 

.10 

а 
б 
в 
Сурет 1.27 - Химиялық талшықтарды қалыптастыру тәсілдері 
а) 1-насос, 2- науа, 3- фильера, 4- білікшелер, 5- бобина. 
б) 1-фильера, 2-ерітінді агыны, 3- щахта, 4-білікше, 
5- бобина. 
в)  1- бункер, 2-балқыту торы, 3- тор тесікшелері, 4-фильера. 
5- ағынды камера, 6-шахта, 7,8,9 - білікшелер, 10-бобина. 
Химиялық 
талшықтарды 
қалыптастыру 
келесідей 
тәсілдермен 
орындалады: полимер ерітіндісінен ылғалды тәсілмен, полимер ерітіндісінен 
құрғақ тәсілмен, полимер балқымасынан және жібітілген полимер тәсілімен. 
Бірінші 
тәсілмен 
вискозалық, 
мыс-аммиакты 
талшықтарды 
қалыптастырады,  1.27а  -суретте  көрсетілгендей  вискоза  ерітіндісі  фи-  льера 
арқылы насоспен иіру машинасына беріледі, ары қарай ерітінді фильераның 
тесіктерінен  басып  шығарылып,  күкірт  қышқылының  және  тұздардың 
ертіндісі  құйылған  тұндырғыш  науаға  (2)  келіп  түседі.  Науада  күкірт 
қышқылының  әсерінен  вискоза  ерітіндісі  целлюлозаның  гидратына 
айналады  және  жіңішке иілгіш  жіптер пайда  болады. Жіптер  білікшелерден 
(4)  өтіп,  бобинаға  (5)  оралады.  Құрғақ  тәсіл  (1.27б-  сурет)  ацетат 
талшықтарын  қалыптастыруға  қолданылады.  Фильерадан  (1)  шыққан 
ерітіндінің ағындары (2) ыстық ауаның әсерінен қатаяды. Жіптер шахтада (3) 
қалыптасып, роликпен майланып, бобинаға (5) оралады. 
Балқымадан қалыптастыру (1.27в-сурет) синтетикалық талшықтар үшін 
жиі қолданылады. Капрон жіптерін капролактамнан (полиа- 
45 

мидтен) қалыптастыру үшін оның ұнтақтарын бункерден (1) ыстық балқыту 
торына (2) түсіреді. Ыстық балқыма фильера арқылы фильераға қысыммен 
жіберіліп,  оның  тесіктерінен  өткізіледі.  Ағындар  камерада  ауамен 
салқындату арқылы қатаяды. Содан кейін буланды- ру шахтасынан (6) өтіп, 
білікшеден  майланады  да  бобинаға  оралады.  Штапельді  талшықтар 
өндіргенде фильера бірнеше мың тесіктерден тұрады: 1200-5000 немесе 12000-
15000, ал үздіксіз жіптер өндіргенде олардың саны 100-200 жетеді. 
Мақта  талшықтарымен  араластыруға  химиялық  талшықтарды  қысқа 
штапельдер  түрінде  қолдану  керек.  Аралас  жіптерден  тоқылған  мата, 
трикотаж бұйымдарының тұтыну қасиеттері жоғары болады. Құрама жіптер 
көбінесе фасонды немесе текстурленген жіптер түрінде жиі қолданылады. 
Қазіргі  уақытта  мақта  мата  өндірісінде  химиялық  талшықтардың 
модификацияланған  түрлері  -  полинозды,  жоғары  модульді  вискоза 
талшықтары (ВВМ). 
1.1-
 
кестеде  химиялық  талшықтардың  физика-механикалық 
қасиеттері  орташа  талшықты  және  жіңішке  талшықты  мақтамен  салы- 
стырмалы түрде көрсетілген. 
Мақта-мата  өндірісінде  жасанды  талшықтардан  жиі  қолданылатын 
вискозалық  талшықтар.  Вискозалық  талшықтар  ағаш  целлюлозасы-  нан 
алынады.  Ағаш  целлюлозасы  ағаш  өңдеу  зауыттардан  үлкен  кар-  тон 
қағаздар  қалпында  түседі.  Картон  алдын-ала  кептіріледі,  оның 
ылғалдылығы 6-8% болуы керек. Кептірілген картон үгітіледі және қоспасы 
18% натрий сілтісінде №ОН өңделеді. Осындай өңделген ағаш целлюлозасы 
сілтілік  целлюлозаға  айналады.  Кейін  оның  құрамынан  артық  сұйық  сілті 
сығылады  және  температурасы  25-30
о
С  шамасында  12-24  сағат  бос 
сақталады.  Осындай  уақыт  ішінде  сілтілік  целлюло-  за  ауадағы  оттегімен 
қосылып, тотығады. Сақтау үрдісі кейде жетілу үрдісі деп аталады. Осы үрдіс 
кезінде  алынған  сілтілік  целлюлоза  қою  қалпына  келеді.  Сілтілік 
целлюлозаның  арнаулы  ерітіндісін  дайындау  үшін  оны  күкірті  көміртегі 
газымен өңдейді: 

іі 

6
Н1
0
О
5
*КаОН]+пС:82 ^ ^ДО^д
п
+пҚ 
і 
8№ 
Сілтілік целлюлоза Целлюлозаның ксантогенаты 
Целлюлоза  ретінде  алынған  целлюлозаның  ксантогенаты  виско-  за 
талшығын  алатын  ерітінді  болып  табылады.  Бұл  ерітінді  вискоза  ерітіндісі 
деп аталады. Ерітіндінің құрамында 7,5% целлюлоза, 7,5% сілті, қалғаны су 
болып келеді. Алынған вискоза ерітіндісі тазарту- 
46 

дан  өтеді,  құрамындагы  ауа  көпіршектерінен  арылады.Ерітінді  қысым 
күшімен  арнаулы  түтікшелерден  жіберіліп,  фильерадан  сығылып  өтеді. 
Фильерден шыққан сұйық полимер ерітіндінің ағыны арнаулы науаға келіп 
түседі. Науаның құрамында мынандай ертінділер бар: бір литрде Н
2


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет