Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



жүктеу 17.13 Kb.

бет7/16
Дата09.01.2017
өлшемі17.13 Kb.
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

71-жаттығу. Мақал­мәтелдерді оқып, ақыл айту, кеңес беру туралы 
халық ойын ашыңыздар.
1. Үйрету – үлкеннен, үйрену – кішіден.
2. Ақымаққа ақыл айтпа.
3. Үгітті ұққанға айт, ақылды жұққанға айт.
4. Алтын алма, ақыл ал.
5. Ұқпасқа айтпа, толмасқа құйма, тоймасқа берме.
72-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріп, өзара сұхбат құрыңыздар.
1. Қазақ халқы қарғыстың ең үлкені «Өзің білме, білгеннің тілін 
алма» дейді. Мән­мағынасы не? Бұны қалай түсінесіздер?
2. Өздеріңіз ақыл­кеңес айта аласыздар ма?
3. Үлкендердің, туған­туыс, мұғалім, жолдастарыңызмен өзде­
ріңізді толғандырған іс, жай туралы кеңес сұрап көрдіңіздер ме?
4. Қалай ойлайсыз, өзің кеңес, ақылды тыңдайсыз ба? Тың­
дамаған кезіңіз болды ма?
73-жаттығу. Берілген қимыл­қозғалыстардың қандай түрлерге жататы­
нын анықтаңыздар.
1. Екі алақанын біріктіріп, қолын жоғары көтеру;
2. Қолын кеуде тұсынан екі жаққа кең жайып, басын ию;
3. Қабырғадағы сағатты көрсету, нұсқау;
4. Қолын сілтеп тұрып кету;
5. Дауысты дыбыстарды созып, қолды да баяу қозғалтып 
үстел үстіне қою;
6. Екі қолын қатты сілкіп, тез­тез сөйлеу.
1. Ақылды болу – үлгілі баланың, болашақ азаматтың, тәрбиелі 
де тәлімді адамның ісі.
2. Ақыл айту, кеңес беру – тыңдаушыны дұрыс іске бағыттау, 
жақсылық жолын көрсету.

87
Сөйлемдегі қосымша құралдар
74-жаттығу. Кесте бойынша үш­үштен мысал жазыңыздар.
Үлгі:
1. Пілдің мұрны мынадай: қолды жоғарыдан төменге, төменнен 
жоғарыға қарай көтереді.
2. «Өте жақсы» немесе «жарайсың» дегенді жұдырықты түйіп, 
бас бармақты көтеріп, қолды алға созады.
75-жаттығу.
Ым­ишара да сөз сияқты бір мағыналы және көп мағыналы бо­
луы мүмкін. Тілде бір мағыналы ым­ишара белгілерінен де көп 
мағыналылар әлдеқайда көп. Қуана, шын ниетпен екі қолмен 
бірдей амандасу бар да, қолдың ұшын ғана беріп, немесе селқос 
қол ұсына сәлемдесу бар. Көп мағыналы ым­ишараға мысал 
келтіріңіздер.
76-жаттығу. Көшіріп жазып, ұлттық дәстүр мен танымды білдіретін ым­
ишараларды топтап жазыңыздар.
1) Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша бір тағ­
зым  мен төсін басып, қатты дауыстап:
– Ассаулаумағалайкұм! .. – деп сәлем берді.
Медреседе жүргенде: «Көшеде қазіретті көрсең, осылайша 
тағзым ету керек» деп халфелер үйретуші еді.
Абай көптен бері ешкімге бүйтіп беріп көрген жоқ. Қарқаралыға 
келгелі Бөжейдің көрінгені осы. Шешесінің жүрердегі сөзі есі­

88
не түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме? Қалайша 
бүйтіп әдеп шығарғанын Абайдың өзі де байқамай қалған­ды. Өзге 
қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайлыққа Бөжей оң на­
зарын салды білем... атының басын тежей беріп:
– Уағалайкүмәссәләм, балам! ... – деп тоқырай қалды (М. Әуе­
зов).
2) Алып денелі Қабанбай атына қарай аяңдады. Дәл осы кез­
де алаңдағы жалғыз ашада байлаулы тұрған Қабанбайдың аты 
шулы «Көкдауыл» атанған қаракөк атын жетелеп Қаратаудың су­
сар бөркін киген сұңғақ бойлы, бота көз аққұба бойжеткен алды­
нан көлденең тарта берді.
– Батырдың жолы болар ма екен, өзім аттандырайыншы, – 
деді маржандай аппақ тісін көрсете күлімсіреп, сөйтті де, тізгінді 
қолына алып, үзеңгісіне аяғын салған жас батырдың қолтығынан 
ұстап жоғары көтере бастады. (І. Есенберлин)
3) – Хан ием, – деді ол есіктен аттай бере тізесін бүгіп. – Оңаша 
айтар жедел хабарым бар.
Хан шабарманды енді таныды:
– Ау, Қияқ батырсың ба?
– Иә, тақсыр.
Хақназар дереу орнынан тұрып, сыртқа қарай бет алды. Сонау 
Қараталда қалған Ақ Ордадан шабарман Қияқ қандай хабар әкелді? 
Оны ханнан басқа ешкім сезген жоқ. 
(І. Есенберлин)
Біз бір­бірімізбен сөйлесу кезінде әңгімелесушіміздің қимыл­
қозғалысына еріксіз назар аударуымызға тура келеді. Беті бұл­
бұл жайнап, көздерін кеңірек ашып қараса көбіне қызығушылық, 
тыңдаушыға айтылғандардың көңілінен шыққанын білдірсе, 
қулана көзін жылмитса – күдік пен сенбестіктің белгісі екенін бай­
қаймыз. Ал егер тыңдаушы жанарын басқа жаққа бұрып әкетсе, 
немқұрайлылық пен құлықсыздық екені белгілі. Әрине, адамның 
әңгімеге көзқарасын тек көз ғана білдіріп қоймайды. Қол сілтесе,  
«Бәрібір, ештеңе өнбейді», «Жағдай өзгермейді» деген сөйлем ор­
нына жүреді.

89
Ым­ишара, қол, бет, көздің түрлі қозғалыстары мен өзгеруі, 
дене қимылдары – қарым­қатынастың қосымша құралдары. Оны 
үйрететін, оқытатын саланы кинесика деп атайды (грек тілін­
де кinesis – қозғалыс). Кинесикада бет­жүз қимылына (мимика), 
қол қозғалыстарына (жестикуляция) эмоцияны білдіруде, ойды 
анықтап көрсетуде ерекше назар аударылады. Қабағы түйіліп, 
бет­жүзі сұрлана түскен қалыптан ашуды байқасақ, бақырайған 
көз, ашылған ауыз таңданысты білдіретінін барлығымыз да жақсы 
білеміз. Сөйлесу кезінде бет­жүз, қол қимылдарын көп пайдалана­
тынымызды өзіміз де байқай бермейміз. Ешкім бізге олардың нені 
анықтап, нендей қызмет атқаратынын түсіндірмесе де, күнделікті 
тұрмыста, қоғамдық ортада кеңінен қолданылады. Бұның түсінікті 
бола түсуіне сөйлемдегі сөз ырғағы, екпін, интонацияның да рөлі 
бар.
Сөйлесу кезінде мұрынын шұқып немесе түймесін ұстап, 
галстугін  жөндеп,  не  болмаса  тырнағын  тазалап  тұрса  т.б. 
бұл – әдепсіздік. Бұндайды механикалық ым-ишара дейді. 
Механикалық ым тыңдаушының назарын аударып, ойын бөліп, 
әңгімелесуге кедергі келтіреді. Оны ырғақты, эмоциялы, сілтеме, 
суреттеме және символдық деп бөледі.
1) Ырғақты: логикалық екпін, сөйлеуде сөздің жылдам немесе 
бояу айтылуына қарай қол қозғалысымен анықталады.
2) Эмоциялы: қозғалыс, көбіне тұрақты сөз тіркестері мен тілді 
көркемдеуші құралдары арқылы: Мысалы: жүрегі ұшып кетіп,  
дыбысы шықпай қолымен басып отыра кетті.
3) Сілтеме: мысалы: «Мына терезені ашыңызшы», дегенді 
терезені нұсқап, қос қолын кеуде тұсынан екі жаққа қарай жай­
са ұғамыз.
4) Суретеме: затты суреттеуде сөз таба алмаған жағдайда не­
месе неғұрлым күшті әсер бергіміз келгенде, қол қозғалысымен 
суретін көрсетеміз.
5) Символдық: мысалы, қолымызды жүрек тұсына қойсақ, 
ыстық ықыласымызды білдіре аламыз.

90
Ойдың түсініктілігі
Ойымыздың түсінікті жетуі таңдап алған сөзімізге қатысты 
екені  белгілі. Тілде сөз өте көп, біз соның барлығын да қолдана 
бермейміз. Олардың ішінде жиі пайдаланатын сөздермен бір­
ге сирек ауызға алынатын да бар. Тілде сөздерді қолданылу ере­
кшеліктеріне қарай: жиі қолданылатын сөздер (актив лекси-
ка), сирек қолданылатын (пассив лексика) болып бөлінеді. 
Алғашқы топқа жалпыхалықтық лексикадағы, барлығымызға 
түсінікті сөздер  (мектеп, қала, көше, кітап, қол, бір, сөз, оқу, айту, 
т.б.), сирек қолданылатын сөздерге диалект сөздер, кәсіби сөздер 
мен терминдер кіреді.
1. Сирек қолданылатын сөздерде халық тұрмысын, шаруашылық, 
кәсібін анықтайтын сөздер көп кездеседі. Оларды этнографиз­
мдер дейді. Бір жерде өмір сүретін, бір тілде сөйлейтін халық 
тіліндегі түрлі ерекшеліктер диалект сөздер деп аталады. Диа­
лект сөздердің басым көпшілігінің әдеби тілде баламалары бо­
лады. Мысалы: шалбар – сым (оңтүстіктің диалект сөзі), денелі 
– жоян (шығыста), орындық – тақ (солтүстік облыстарда). Диа­
лект сөздер ертедегі ру­тайпа тілдерінен көрініс береді. Ендігі бір 
арнасы – көрші ұлттармен араласу арқылы (өзбек, моңғол, орыс, 
қырғыз, т.б.) тілге енген сөздер мен түрлі грамматикалық ерек­
шеліктер. Диалект сөздерді фонетикалық, лексика­семантикалық, 
морфологиялық, синтаксистік өзгешеліктеріне қарай бөледі.
Белгілі  бір  кәсіп,  шаруашылық  саласы  адамдарына  ғана 
түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби 
сөздер деп аталады. Қазақ халқы, негізінен, мал шаруашылығымен 
айналысқан. Дегенмен, тілде еліміздің әр аймақтарының жер 
жағдайына қарай диханшылықпен айналысуына, бау­бақша, 
балық, аңшылықты кәсіп етуіне қарай жалпылама лексикаға 
кірмейтін сөздер бар. Диалект сөздердің әдеби тілде балама­
сы болатын болса, кәсіби сөздерде ондай ерекшелік жоқ. Олар 
шаруашылықтың бір ғана саласына қызмет етеді. Әр жер ерек­
шелігіне қарай халықтың шұғылданатын шаруашылығы да ортақ 
болатындықтан, бұларға аймақтық бірлік тән.

91
Оңтүстік Қазақстандағы жұрт мақта шаруашылығымен айна­
лысқандықтан, олардың тілінде жегене, күнжара, көсек, терім, 
шит, қоза, т.б. сөздер бар. Арал, Каспий маңы қазақтары балық 
шаруашылығымен шұғылданады, олардың тілінде жылым, ықпа, 
сере, торта, азна секілді сөздер ұшырасады. Қазақ халқының 
барлық өңірлерінде қолданылған ұсталық, аңшылық, зергерлік 
т.б. өнерге, кәсіпке байланысты пышқы, шербек, кемпірауыз, 
пәрібі, т.б. сөздері қолданылады.
Терминдер – ғылым, техника, өндіріс, т.б. салаларындағы 
ұғымдар  мен  жеке  сөздердің  атаулары.  Терминдер  тек  тура 
мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі 
тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. 
Бұларда стильдік бояу болмайды.
Термин сөздердің жасалу жолдары
1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, Еуропа тілдерін­
де қалыптасқан үлгісінде: мәтін, квадрат, синоним, тангенс, век-
тор, эпос, поэзия, пьеса т.б. жұмсалады.
2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), 
нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.
3. Сөздерді біріктіру арқылы: төл + құжат (паспорт), ән + ұран 
(гимн) т.б. жаңа термин жасалады.
Сөздің түсініктілігі, ең бастысы, кіммен сөйлесіп немесе кімге 
жазып отырғанына байланысты болады. Жиі қолданылатын сөздер 
жалпыға түсінікті, сондықтан оны қолданудың шет­шекарасы жоқ. 
Сирек қолданылатын сөздердің де қолданылу аймағы үнемі шек­
теулі бола береді деп түсінуге болмайды.
Диалект сөздер – әдеби тілге еніп, тілді байытып та отыратын 
қор. Мысалы, еге сөзін алайық. Еге сөзі Қызылорда облысында ие 
(қожайын) мағынасын беретін диалект сөз. Қазіргі қазақ тілінде­
гі егемен сөзінің жасалуына осы сөз негіз болды. Сондай­ақ жей-
де, ұжым, үшем сөздері де – диалектілік қолданыстан әдеби тіл­
ге өткен сөздер. Сөйлеудің түсініктілігі адамның біліміне, ортасы­
на, кәсібіне, жасына қарай икемделеді. Мысалы, үлкен адамдармен 

92
неғұрлым әлеуметтік тұрмыстық тілде сөйлескен дұрыс болса, ба­
лалар тілі солардың өз таным­түсінігіне лайық болуы шарт.
77-жаттығу. 
Қоңыраугүл
Қоңыраугүл,
Қоңыраугүл,
Қоңыраугүлді
Шайқайды саңырау құр:
 – Қоңыраугүл,
Неге
Шылдырмайсың?
Қоңыраугүл,
Неге
Сылдырламайсың? –
Дейді  саңырауқұр.
Мелшиеді қоңыраугүл. 
(М. Әлімбаев)
Күркіреді күн, күн...
Күркіреді күн, күн...
Терезелер шың­шың.
Жауды жаңбыр топ­топ,
Шелек­шелек, көп­көп!
Жон арқаңды тос­тос,
Күнбағыс, тез­ өс­өс! 
(М.Жаманбалинов)
О-ғып, бұ-ғып
Қағып кетіп кісіні оғып­бұғып,
Шалып кетіп кішіні о­ғып, бұ­ғып,

93
Жыртады ол кітапты о­ғып, бұ­ғып,
Сындырады бұтақты о­ғып, бұ­ғып,
Жолдасынан көшіріп о­ғып, бұ­ғып.
Оны қайта өшіріп о­ғып, бұ­ғып.
Жұмыс десе қашады о­ғып, бұ­ғып,
Тақтада алдында сасады о­ғып, бұ­ғып. 
(Б.Кірісбаев)
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Балалар өлеңдеріндегі сөзді түсінікті беру ерекшелігіне:
а) бір сөздің бірнеше қайталануы;
ә) қимыл­қозғалыстың өзгермелілігі;
б) сөздердің көркемдігіне талдау жасаңыздар.
2. Өлеңдерді кішкене іні­қарыңдастарыңызға оқып беріңіздер. 
78-жаттығу. 1. Мәтінді 3 сыныптың оқушысына түсінікті тілде қалай 
айтуға болады?  2. Термин сөздерді көшіріп жазыңыздар.
Дербес лексикалық мағыналарын жоғалтқан түбірлерден жасал­
ған аң­құс, жануарлар мен жәндіктер, сондай­ақ өсімдік атаулары 
біріктіріліп жазылады (бұл бұрыннан қалыптасқан ереже болатын). 
Осы қатарға екінші сыңары ағаш (ағашы), бақа, балық, бүлдірген, 
гүл, жапырақ, жеміс, жидек, көк, қат, қурай, құрт, құс, от (оты), та­
мыр, томар, шешек деген сөздер болып келген өсімдік, аң­құс атта­
ры да жатқызылды, өйткені жоғарыда көрсетілген сөздер нақты бір 
өсімдіктің, аң­құстың, жәндіктің атаулары емес, жалпы атаулар, 
сондықтан өзінің алдындағы сөзбен бірігіп қана белгілі бір нақты 
атауға айналып тұр: қарағаш, барқытағаш, тасағаш, астықағаш (ы), 
тасбақа, құрбақа, итбүлдірген, қойбүлдірген, қарақат, қызылқат, 
қазоты, балықот (ы), айланшөп, т.б. Ал ағаш, гүл сияқты сөздермен 
келген күрделі атулардың бірінші сыңары сол өсімдіктің, ағаштың 
атауын жеке тұрып та білдіретін болса, бөлек жазылады. Бұл рет­
те ағаш, гүл сөздері көбінесе тәуелдік жалғаулы болып келеді. 

94
Мысалы: алма ағашы, өрік ағашы, жаңғақ ағашы, райхан гүл, ас­
тра гүлі.
Орыс тіліндегі жіңішке ль дыбысына аяқталатын көп буын­
ды сөздерге дауыссыз дыбыстардан басталатын қазақ тілі қосым­
шаларының буын үндестігі бойынша (соңғы буынның жуан­
жіңішкелігіне қарай) жалғанып, дауысты дыбыстардан басталатын 
тәуелдік жалғаулары буын үндестігін сақтамай, әрдайым жіңішке 
жалғанатындығы түзетіліп көрсетілді. Мысалы: медаль, медальға, 
медальдар, медальдық, медалі; фестиваль, фестивальға, фестиваль­
дар, фестивальдық, фестивалі; магистраль, магистральға, магист­
ральдан, магистралі («Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі»).
79-жаттығу. Сөздердің қай ғылым термині екенін анықтаңыздар.
Жоба, сарқырама, бәсеке, экономикалық байланыс, ынты­
мақтастық, сұраныс, меже, қосу, ішкі сауда айналымы, суарма­
лы жер, көркемдік ізденісғ жалғау, кейіпкер, метафора, фонети­
ка, аңыз, қаржы, төбе, карта, күн, кепіл беру, инфрақұрылым, же­
кеменшік, сөйлем, роман, инвестиция, көл, есептік көрсеткіш, 
теңдеу,  стоматолог.
экономика
әдебиет
тіл
география
басқа ғылымдар
80-жаттығу. Кестеге толтырыңыздар.
Қай аймақта қолданылады?
Тақ (орындық), там (бейіт), жаян (үлкен), сым (шалбар), борми 
(жүгері), бәреңгі (картоп), шақай (аяқ киім), шыңар (сырт, дала, 
көше), ақман (шай шығаратын кішкене шәугім), шемішке, әңгелек, 
атыз, шөміш, сәні, леген, шырпы, бақыр.
шығыс
солтүстік
оңтүстік
батыс

95
81-жаттығу. Қолданылатын орны мен кімдерге айтылатындығына тал­
дау жасаңыздар.
1. Есікті жабуға бола ма?
2. Мынандай қапырықта қалай отырсың?
3. Салқын ғой. Есікті жабамыз ба?
4. Өтінемін, есікті жапшы!
5. Біз есікті жапсақ қалай болады?
6. Қайырымдылық жасап, есікті жапшы!
7. Есікті жапқың келмей ме?
8. Жапшы есікті!
9. Қой, есікті жабайық! 
Сөз әсерлілігі
Сөйлеу мен жазудағы басты назарда ұстар қағидалардың бірі 
– сөздің әсерлі жетуі. Сөздің әсерлілігі сөйлеушінің дауысы­
на, сөйлеу мәнеріне, сөздерді дұрыс таңдап ала білуіне байла­
нысты. Дауыстың түрлі болуына қарай біз көңіл­күй жағдайын, 
сөйлеушінің ойға, іске қатынасын анықтай аламыз. Көптеген 
мамандық иелері үшін дауыс басты рөл де атқарады. Сөздің дәл, 
орнымен қолданылуымен қоса, көркем де әдемі сөздерді таңдап 
алғанымен орынсыз дыбысты, сөзді көтеру, созу немесе ақырын 
айту сөздің, ойдың әсерін төмендетіп қана қоймай, тыңдаушыны 
жалықтырып та жібереді. Екпіні, кідірісі дұрыс қойылған, жағдайға 
лайық сөздер дұрыс таңдап алынған әңгіме, сұхбат кез келген жаз­
баша үлгідегі мәтін тыңдаушы үшін де, оқушы үшін де әсерлі бо­
латыны сөзсіз. Сөздің әсерлілігінің екінші жағы – сөздің тура 
мағынасымен бірге суреттеп, бейнелеп, ауыстырып айту.
Сөз мағынасының басқа мағынаға ауысуы
Метафора тәсілі – сөз мағынасын салыстыру, жақындату негізінде 
астарлы тың мағына жасау. 
Мысалы: «Өзім – Күнмін, өзім – от» (Мағжан).
Осындағы  «күнмін»,  «от»  метафора  тәсілі  арқылы  ауыспалы 
мағынаға ие болған.

96
Метонимия – зат, құбылыс атауларының екінші бір зат құбылысқа 
шектестігі, ұласпалылығы негізінде жұмсалуы.
Мысалы: Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер, Құйма құлаққа айтсаң, 
құйып алар (Мақал). 
Ақпа  құлақ  «ұғымсыз»  мағынасын,  құйма  құлақ  «ұғымтал»
«зерек» мағынасын беріп тұр.
Синекдоха – жалпының орнына жалқы, бүтіннің орнына бөлшек 
немесе керісінше қолданылатын мағына. 
Мысалы: Көп қорқытады, терең батырады. Мақалда көп «халық»
«ел» мағынасын береді.
Ауыспалы мағына метафора, метонимия, синекдоха, эпитет, 
теңеу т.б. бейнелеу тәсілдері арқылы беріледі. Ойды неғұрлым кең, 
тыңдаушы, оқушыға тегеуінді әсер беретін ауыспалы мағынадағы 
сөздерді тым қоюлататын, суретсөзге әсіре еліктеп кетуге де бол­
майды.
Қорыта келсек, сөздің әсерлі жеткізу сөзді мәнерлеп айтуға қа­
жет: екпін, дауыс кідірісі, дауыс күші, дыбыстың айтылу ерек­
шелігіне, тілде бейнелеу құралдарын: метафора, метонимия, сине­
кдоха, эпитет, теңеуді орнымен қолдану, жағдайға қарай сөздерді 
дәл тауып, қолдануға байланысты.
82-жаттығу. Мәнерлеп оқыңыздар. 
1. ...Ашынам арзан ағайға,
Ашынам арзан жеңгейге.
Ашынам, қайта басылам,
Басылам­дағы тасынам.
Адамдықтарын алтынмен,
Өлшегендерге ашынам!
Мансапқорлардың қасынан
Шықпайтындарға ашынам!
Жалданып өскен жасынан,
Жағымпаздарға ашынам!

97
Айырылған адал досынан
Алаяқтарға ашынам.
(М. Мақатаев)
2. Өзім бір тұрған заңмын. Орыспен де, қазақпен де сөйлесе ке­
тем. Елде жүрсем де, қалаға барсам да өлмейтін тәріздімін. Адам 
болған, ел билегендердің менен түк артық жері жоқ. Олар білген 
өтірік, өсек, ұрлық­қарлық, қулық­сұмдықты мен де білемін. Олар 
сөйлеген сөзді мен де сөйлей аламын. Қайта мен «какой черт, как 
же, нежоли, неимешь права...» деп орысшаны араластыра соғып 
жіберуге де әмірім келеді. Енді менің ел адамдарынан қорғалайтын 
нем бар? Мен неден тайсалам? Жалғыз кемдігім: қағаз танымай­
тыным ғой. Мендейлер толып жатыр ғой. Әттең дүние! Қолым хат 
білсе, Күршім өзенін теріс ағызар ма едім, әлде қайтер ем... Елі 
құрғырдың аузын бассаң, арты сөйлеп тұрады ғой. Әсіресе, осы бір 
мұғалімі бар болғырлар пәле болды. Мені елден пара алды, дүние 
тартып әкетті, пәлен­түген қылды деп қаладағы оқыған азаматтарға 
дәттеп қойыпты. Сайлау кезінде болыс болайын деп тұрған кезімде 
менің үстімнен жазылған қағаздарды жинап, Мамырбайдың бала­
сы кеңсеге тапсырыпты. Мені бұзақы адам деп, сөйтіп болыстыққа 
сайламай қойғаны. Әй, атаңның аузын... Мамырбайдың ұлы! Әй, 
тірі болсам, бір қылармын деп кете бардым. 
(Ж. Аймауытов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Шығармаларды мәнерлеп оқу кезінде сөз, көркемдік тәсіл, сөйлеудегі  
дыбыстық ерекшеліктерді ескеруге қажет шарттарға назар аударыңыздар. 
Бұларды өлең мен прозалық шығармалардағы өзгешеліктеріне қарай 
талдаңыздар.
2. Кейіпкер эмоциясын білдіретін жеке сөздер мен сөз тіркестерінің 
көркем  шығармадағы  қолданысының  жанрлық  сипаттарына  талдау 
жасаңыздар.
3. Екі мәтін де бірінші жақтан айтылған: кейіпкер ішкі сырын білдіруде­
гі тілдік тәсілдерді көрсетіңіздер.

98
4.  Екі мәтіндегі кейіпкерлер мінез, ұлттық құндылықтарды қадірлеу, 
дәстүрлік ұстаным тұрғысынан екі түрлі: бұл өзгешеліктерді қандай тілдік 
тәсілдермен дәлелдейсіздер.
83-жаттығу. Кестені толтырыңыздар. Әрқайсысына сөйлеммен мысал 
жазыңыздар.

Ақырын 
сөйлеу 
Орташа 
дауыспен айту
Бар дауысымен 
қатты айту
1
құпиялап 
сөйлеу
әңгіме­сұхбат 
құру
ашуланып 
сөйлеу
2
қорқып 
айту
ақпарат, жаңалықты 
хабарлау
қатты қуана 
айғайлау
3
ұяла сөйлеу
ақыл­кеңес беру
ұран шақыру
84-жаттығу. Мәнерлеп оқыңыздар. Көркемдеу тәсілдерін табыңыздар. 
 
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы
Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,
Алдымнан сен бір қашқан марал­дағы,
Қараймын томағымды ашып­жауып,
Тауыңның ақиықшы Оралдағы.
Ертістің құба талы секілденіп,
Алдымнан майысып, шық бұрал­дағы.
Жаудырап екі көзің отырасың,
Тұндырған шай секілді құмандағы.
Көзіме мұнарланып көрінесің,
Түлкідей тура қашқан тұмандағы.
Сен болсаң алқызыл гүл, асыл еркем,
Мен –  бұлбұл сайрап тұрған иран бағы. 
(Ақан сері Қорамсаұлы)

99
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Өлеңдегі кейіпкерді сипаттау мен айтушының ішкі сезімдерін беруде­
гі тілдік тәсілдерді көрсетіңіздер.
2. Сипаттау мен айтушы сезімдерін жеткізу үшін  мәнерлеп оқуда қандай 
өзгерістер қажеттігіне назар аударыңыздар.
85-жаттығу. Сөздің әсерлі жетуіне төмендегі кестеде көрсетілген әр 
бөліктің орны қалай екенін айтып беріңіздер. Әр бөлікті тұтас біріктіретін 
және жеке­жеке ерекшеліктерін ашатын мысалдар келтіріңіздер.
№ Дерек­дәлел
Ойға қатысты түрлі пікірлер
1
Статистистикалық 
– өмірден алынады
Мақал­мәтелдер – 
қағида, ұстанымдар
2
Ғылыми әдебиеттен, 
тарихтан т.б. 
Қанатты сөздер –  
әдет, дәстүр ережелері 
86-жаттығу. Сөйлемді толықтырып жазыңдар.
1. Өзен жағасында жалғыз бөлек тұр. 2. Таң атты.  3. Бөлме іші 
ысып кетті. 4. Асқар қатты қуанды. 5.Алыстан малшылардың қой 
қайырған дауыстары естіледі.
Үлгі: 1. Өзен жағасында жалғыз тал бөлек тұр.
1.1. Өзгеден оқшау тұрған жалғыз тал төңірегіне тәкаппарси 
қарайтындай.
1.2. Мұң басқан жалғыз тал топтасқан ағаштар тұсындағы у­
шуға қызыға, қызғана қарайды.
1.3. Ылғалы мол, күн көзі өзіне ғана еркін жеткенімен жалғыз 
тал тоғайдағы көп ағаштың бірі болмағанына өкінеді.
87-жаттығу
Ол даладағы ойыннан қайтып келе жатып, «жаман ырым» 
анау­мынау дегенге қарамастан, қаннен­қаперсіз өтірік жылауды 
үдетіп: 

100
– Ойбай, баурым Қодар!.. Ойбай Қодар, – деп, санын сабап 
шауып келді. Қодардың өлімі барлық ауылға да, оған да естіл­
ген. Жаңа, кешке жақын, бұлақ басындағы бір тақырға жиналған 
өзі құрбы балаларды бастап осылай ат қоюды көп ойын қылған. 
Тақырдың ортасынан шұқыр қазып, соған бір қу сүйекті әкеп 
бейітше томпайтып көміп қойып, жан­жақтан андыздап ат қойып, 
ұзақ шуласқан.
Ұлжан Абайдың сырқатының үстінде өзін жаңағыдай жаман 
шошытқан Оспан мінезіне қатты ашуланды. Күні бойы батпақ 
кешіп, аяғы әрі былғаныш әрі күс­күс  болған Оспанды:
– Бері келші, әй, балам! Бері келші! – деп, ешбір сыр білдір­
мей, ұрыспай шақырды. Ұрсып, зекіп сөйлесе, Оспан мұндайдағы 
әдетіне басып, қаша жамандасып, қолға түспей қояды. Ол қазір ше­
шесіне қарай тарпылдап жүгіріп, дәл от басынан Абайдың төсегіне 
дейін бір­ақ секіріп, Ұлжанның тізесіне соға дүрс етіп кеп түсті.
Шешесі мұны сол қолынан шап беріп ұстап алып:
– Сен жаңағы ат қойған нәрсені қайдан шығардың? Оның жа­
ман ырым екенін айтпап па едім? Үйде бала ауырып жатқанда, 
өй, итқуар жынды неме? – деп, жұлқып қалып етпетінен салып, 
құйрығына шапалақпен салып­салып жіберді. 
(М.Әуезов)

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал