Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің



жүктеу 17.13 Kb.
Pdf просмотр
бет15/16
Дата09.01.2017
өлшемі17.13 Kb.
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Берілген тақыптарға әңгіме құрастырыңыздар.
2. Жай және күрделі жоспар құрыңыздар.
3. Жоспардың қай бөліктерін өздеріңіздегі бар білімді пайдалана аласыз­
дар? Қай бөліктеріне арнайы дайындық қажет?
4. Қай тақырыпқа арнайы, қайсысына көпшілікке арналған материалдар­
ды пайдалансыздар? Неге?
164-жаттығу.
ХХІ ғасырда айқын сезіле бастаған да, ашық айтылып та жүрген 
жаһандау үрдісінің демеушісі АҚШ­та, оның тіл саласындағы 
ұстанған саясаты –  ерте ме, кеш пе, әйтеуір, жер жүзіне ағылшын 
тілінің үстемдігін жүргізу. Бұл процесс ғылым мен техника, эко­
номика, мәдениет, т.б. саласымен қабаттаса, бүкіл Азия елдерінің 
де көбіне ене бастады. Қазақ өмірі де одан тыс қалып отырған 
жоқ. Басқа ұлттарға, әсіресе қалыптасып тұрақтанған елдерге 
бұл процестің әсері өзгеше болса да, мемлекеттік тілдің жағдайы 

204
өзімізге белгілі қазақ еліне тигізер әсері игілікті бола қоймайтын 
сияқты. Біз үшін, біздің тіліміз үшін, бұл жаһандау қазақ атам 
айтқандай: «Кедейді қарақшы кезеңде күтіп алып бір тонаса, ойпат­
та жатып алып екі тонайды» дегеннің керін келтіретін сияқты.
Қазақ  тілі  орыс  тілінің  өктемдік  әсерінен  құтыла  алмай 
отырғанында,  ағылшын  тіліне  қақпасын  ашуға  мәжбүр.  Ал 
ағылшын тіліне лап қойған жастар қазақ тілі тұрмақ, орыс тілінің 
өзіне селқос қарайтын болды. Міне, жаһанданудың тілімізге тигі­
зер әсері.
Ендігі мақсат: жаһанданудың тайқазанында ең болмаса «қазақ» 
болып қайнау үшін қолдан келетін айла­амалды ойластыруымыз 
керек.
Қорыта келгенде айтарым: мемлекеттік тілімізді аман сақтап, 
тұрақтандырып, ілгері дамыту үшін қазақ баласына, бәрімізге 
ұлттық сана, азаматтық биік тұғыр, мемлекеттік идеология қа­
жет­ақ.
Ана тіліміздің атқаратын қызметтері қандай? Әдетте, оның не­
гізгі қызметін  адамдар арасындағы қарым­қатынас құралы деп 
санайды. Алайда, оның басқа да сан алуан қызмет атқаратыны 
қарапайым жұрт біле бермейді. Мәселен, көркем шығарма тілі 
адамға эстетикалық ләззат сыйласа, тілдің жинақтаушылық қызметі 
халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани­мәдени байлығын, 
салт­дәстүр, әдет­ғұрпын, танымдық қасиеттерін бойында сақтап, 
ұрпақтан­ұрпаққа, атадан балаға мұра етіп жалғастыратын қасиетке 
ие. Ол ғана емес, тіл –  қорған, тіл –  қару, өнер алды – қызыл тіл, 
тіл –   ұлттың жаны мен мәні, т.т. Сонымен қатар: тіл – елдің 
елдігінің кепілі, ұлтты ұйыстыратын ұйытқы.
Осылардың әрқайсысы жеке­дара философиялық ұғымдар. Өз 
тілінен айырылған ел – ел емес, ұлт – ұлт емес. Өйткені, этностың 
ұлт санатына қосылуы үшін қажетті де міндетті шарттарына: ортақ 
табиғи орта, ортақ күнкөріс көздері, ортақ тіл, ортақ психология 
жататыны белгілі. Сондықтан да қазақ халқы бүгінгі жержүзілік 
жаһандану процесінде біртұтас ұлт болып қалуы үшін ана тілінің 
тас түйін етіп ұйытыратын ұйытқы болар құдіреті күшіне сүйенуі 
керек деп білеміз. 
(Ә. Қайдар)

205
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Жаһанданудың тілге әсері туралы мәтінде не айтылған?
2. Орыс және ағылшын тілдерін білудің пайдасы қандай? Зияны бар ма?
3. «Ұлттық сана», «азаматтық биік тұғыр», «мемлекеттік идеология» тір­
кестерін қалай түсінесіздер?
4. Тілдің эстетикалық, жинақтаулық қызметі туралы не білесіздер?
5. «Тіл – қорған», «тіл – қару», «өнер алды – қызық тіл», «тіл – жаны мен 
мәні» деген ғалым пікірін таратыңыздар.
6. «Жаһандану және қазақ тіл» тақырыбына баяндама әзірлеңіздер.
7. Мәтіндегі қарамен жазылған сөйлемді қалай түсінесіздер?
165-жаттығу. Кестені толтырыңыздар.

Қорытынды түрі
Қолданған сөздер 
мен тіркестер
Тақырып 
1
Жалпылама 
қорытынды.
«Сонымен», «Ендеше»
2
Тыңдаушыларды 
нақты бір іске 
жұмылдыру.
«Біріншіден», 
«Екіншіден»
3
Тыңдаушыларға 
алғыс айту.
«Тыңдаған дарыңызға»
«Көңіл 
қойғанда рыңызға» 
4
Юмормен аяқтау.
«Бірде Қожанасырдан 
сұрапты»
5
Мадақтау, көңіл 
көтерумен аяқтау.
«Сіздерге үміт артуға 
болатынына сенемін»
166-жаттығу.
Жұмбақтың шешілуі
Ұзақ жолдан шаршап келе жатқан бір жігіт бір ауылға келіп 
түседі. Үй иесі ақсақалды қария екен. Сәлем беріп, үйге кірген 
жігітке қария:

206
– Сәлемші болсаң, жоғары шық, мысығым! – дейді. Жігіт іш­
тей «мысығы» несі деп ойлайды да, қисайып жатып көзі ілініп ке­
теді. Бір уақыттар шамасында әлгі қария:
– Тұр, арыстаным, тамақ дайын болды– дейді жігітке. 
Жолаушы бұл сөзіне де таңданып, ештеңе демей, тамақ ішіліп 
болған соң жүруге әзірленеді. Кетерінде ақсақал жігітке:
– Жолың болсын, жыршым!– дейді.
Қарияның жұмбақ сөзіне таңданып, түсінбеген жігіт аң­таң 
болып кете барады. Еліне жеткен соң көпті көрген көнекөз бір 
қарияға келіп, осы жайларды айтады.
– Е, балам, түсінбеген екенсің, –  дейді бұған өз аулындағы 
қария. –  Ол ақсақалдың саған айтқандары мыналар еді. Біріншісі, 
тосын қонақ алғаш рет үйге келгенде «қалай қарсы алар екен» 
деп жалтақтай келеді. Саған «жоғары шық, мысығым» дегені сол. 
Екіншісі, қонақ келген соң үй иесі ұялады, «қонақтың көңілін, 
жай­күйін қалай тапсам екен» дейді. Саған «тұр, арыстаным» де­
гені сол еді. Ал үшіншісі, қонақ аттанып кеткен соң, көрген сый­
сияпатын қай жерде, қалай айтса да өз еркінде. Ақсақалдың саған 
«жолың болсын, жыршым» дегені сол еді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Қонақты мысыққа, арыстанға, жыршыға теңеуде қандай ұлттық си­
пат бар?
2. Қонақ жайында қандай мақал­мәтел, нақыл сөздер білесіздер?
Пікір алмасу және оның ерекшеліктері
Адамдар арасында пікір алшақтығы, түрлілігі  пікірлесуге, ой 
бөлісуге, талдауға негіз болады. Айтыс – қазақ халқының ежел­
ден қалыптасқан өлеңмен суырып салып айтатын сөз сайысы, жыр 
жарысы. Айтыс – түрлі ой­пікірлер толқыға түсуі, әр пікір, ойды 
айтушының өзін қорғай алуы. Айтыс көпшілік алдында немесе 
екеуара немесе топтар арасында өтуі мүмкін. 
Пікіралмасу көпшіліктің шындықты, негізгі ойды анықтаудағы 
айтысы. Пікіралмасу – көпшілік­ғылыми немесе саяси айтыс. 

207
Пікіралмасудың нәтижесі – ортақ пікірге келу, сондықтан да 
қатысушылар бір пікірге тоқтамаса да, өзара түсіністік, келісім 
болады.
– Пікіралмасу –   пікірталастың бір түрі;
– қатысушылардың мүдделері ортақ болады;
– пікіралмасуда ортақ шешімге, пікірге тоқтайды;
– қатысушылардың барлығы өз ойларын айта алады, тең 
құқылы;
– регламент қатысушылармен келісе отырып белгіленеді.
Пікір алмасуда есте ұстайтын талаптар.
1. Мүмкіндігінше өз пікірін әдеп ережелері шеңберінде жет­
кізу.
2. Қызуқандылыққа, сабырсыздыққа жол бермеу.
3. Өзің терең білмейтін, тақырып жайында айтысу дұрыс 
емес.
4. Пікір алмасу кезінде өз пікірінің дұрыс еместігіне көз жет­
кізген кезде, бұрыстығын мойындау.
5. Айтыс – өзі ойының дұрыстығын дәлелдеуден гөрі шындықты 
анықтау екенін ұмытпау.
167-жаттығу. 
Серікбай алғашқы қымсынып қалған қалпынан жазыла ал­
май, бөгелектеп тұрып, сөз бастады. Бірақ сөзі бұрынғы ойдағы 
дайындаған сөзі емес, жуасып, жұмсақталғандай кібіртік еді. Өзі 
де ырза бола алған жоқ. Тізектетіп, әуел бастан­ақ елді алдына 
сала:
– Елдің жауап беруі қиын болып тұр. Елге ауыр тиіп тұр... 
Көптің өзі біледі! Жұрттың ісі.. Жұрт өз аузымен айтсын. Бала 
бересіңдер ме? –  деп, елге қарай бұрылып дауыстап жіберді.
Жұрт бір ауыздан:
–  Жоқ! Жоқ! – деп, шу­шу етті. Маңайдан түйілген көп қабақ, 
тістескен жақ, ашу мен қанын ішіне тартқан жүздер, ұлықтарды 
оңды­солды шаншып, шошытып өткендей болды.

208
Жұрт жаңағы Серікбай сұрағымен шу­шу еткенде, Тұрлы­
ғожаның бойына ел ұранымен бірге тасқындап кернеп кел-
ген ашу қаны білінгендей болып еді; ол ел тоқтай бергенде, 
Серікбайдың қолын қағып қалып:
– Тоқта, олай емес, – деп, ашулы шатынаған көзбен Ақжелкеге 
қадалып тұрып, ойдағы сөзін желілеп, кие жөнелді. Даусы барлық 
топқа түгел естілгендей, зор ашулы саңқ­саңқ етті. Даусының 
зілді қаттылығының өзімен­ақ ұлықты бетке былшылдатып 
ұрып тұрғандай болды. Бұның даусы шыққаннан­ақ, елдің айы­
зы қанып, әр жерде суық жымыңдаған жүздер көрінді. Ұлық та 
тесірейе қарап, түйіліп, тісін басты.
Тұрлығожа алғашқы сөзден­ақ өзінің даусын да, түсін де еркін 
билеп алып, жатық бастады.
– «Хан әділінен тайса, қарашысы бұзылады» деген. Бұл күнге 
шейін бізді билеп келген патша мына жарлықты шығарамын деп 
елге екі сөз айтты. Әділінен тайды. Біз ақ патшаға қарағалы елу 
жыл толған жоқ, елу жылға шейін солдат алмақшы емес еді. Одан 
танды, бұл­бір, – деп, оң қолы мен сол қолының бармағын басты.
– Бір сом жиырма тиыннан артық түтіннен рамат алмақшы 
емес еді, биылғы жыл жиырма бір мен қырық бестің арасына кел­
геннен алым алды, артық алды. Бұл­екі. Жерді алды, қонысты 
алды. Ел күн көріп отырған суды алды. Бұл­үш. Өз жеремізді 
өзімізге сатты.. Біз өгей бала есепті болдық....ұлықтың, әділмін 
деген патшаның бір сөзінде тұрмай, екі айтқанына ел көптен бері 
назары болатын. Бүгін мына солдат деген сөзді шығарып, тағы 
жалған сөз сөйледі. Бұл күнге шейін түзелер, оңдалар деп күтіп 
келіп еді, енді түзелмейтініне көз жетті. Елдің шыдамын тауыс­
ты. Бұдан арғыға шыдай алмаймыз. Бала бере алмаймыз, рас па, 
халық? – деп еді.
– Рас, рас, бере алмаймыз!.. – деп, мың­мыңдаған жиын бір де 
бірі қалмай, дүр­дүр етті. Айғайы жер жарғандай қылып аспанға 
шығарды.
...Оның түсінде әлі де таймаған ажар, қайтпаған қажырлы 
ашу бар еді. Жұрт айғайы басыла бергенде:
– Патша бала алмасын; мал алсын, егер, тіпті, қоймай бала ала­
мын десе, мына қолына қазір жабдық берсін. Ұрыста ор қазып 

209
шепке ұсталып, қойша қырылғанша, жастығын ала жататын бол­
сын. Астына ат, қолына қару берілсін. Жұрт осыны тілейді, – деп, 
сөзін бітірді.
Бұдан қалған сөзді Айтбай айта бастап еді, бірақ оның даусы 
кібіртіктеп ақырын шығып сөйледі. Жұрт Тұрлығожадан қалған 
сөзге құлақ салғысы келмегендей, жан­жақтан қаптап, жабырла­
сып сөйлеп, ду­ду етіп, Айтбай сөзін ешкімге де естіртпеді. Барлық 
жиын кеңсені қоралай қамап тұрған айналаның барлығынан 
Тұрлығожа айтқан сөздерді неше алуан қылып айғайлап, шулап, 
дамылсыз айтып жатты. Бірақ бұл кездегі сөздерді ешкім де түгел 
естіп, түгел ұққан жоқ. Әсіресе, ұлықтар естіген жоқ. 
(М.Әуезов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мәтіндегі сөйлеушілер сөздеріне баға беріңіздер.
2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашыңыздар.
3.  Тұрлықожа  сөзінің  қисынды,  әрі  тегеурінді,  көңілге  қонымды 
шығуының себебі не? 
Ойталқы
Ойталқы – қоғамдық маңызды мәселені талқылау. Ойталқының 
басқа таластарынан ерекшелігі талқылауға түскен мәселенің 
қойылысы, мақсаты түрпкі нәтижесі, т.б. сипаттарынан  танылады. 
– Ойталқы  –  жиылған топқа талқылауға ұсынылар сөз таласы.
– Ұсыналар тақырып алдын ала белгіленеді.
– Түрлі көзқарастарды талдай отырып, оң шешім мүмкіндіктерін 
табу.
– Ортақ шешімге келу міндетті емес.
– Ғылыми және қоғамдық тақырып талданады.
– Бірнеше адам баяндама, хабарлама да жасауына болады.
– Ғылыми тақырыпты, көркем шығарманы талқылау, «Дөңгелек 
үстел», т.б.
– Қатысушылар саны үш­төрттен он бес, жиырмаға дейін болу 
мүмкін.

210
Диспуттың басты сипаты сөз таласы емес, белгілі бір мәселені 
талдау, талқылау екенін есте ұстаған жөн. Сөз таласынан, айтыс­
тан талқылаудың айырмашылығы қатысушылар өз пікірлерін, 
көзқарастарын айтады, әрі жаңа мәліметтер, тың ойлар алады. 
Ойталқыда өз ойының дұрыстығын, екінші біреудің пікірінің 
бұрыстығын дәлелдеудің қажеттігі жоқ. Сөз таласы, пікіртала­
сы сияқты белгілі бір мәселені талқылауда түрлі көзқарастарды 
ортаға салу. Қатысушы жақтар өз көзқарас, ойларын, пікір­
лерін дәлелдейді. Бірақ қарсы жақты сынамайды. Сөз таласының 
мақсаты да неғұрлым ыңғайлы, қолайлы, маңызды мәселені ашу. 
Анықталған мәселені кейінде толықтыру, әрі қарай зерттей түсу 
міндеті қойылады. Көпшілікпен талдау дебат немесе жарыссөз 
болуы мүмкін.
Дебат – қоғамдық мәні бап мәселеге қатысты түрлі көзқа­
растарды көпшілікпен талдау.
Жарыссөз –  ғылыми, саяси, есеп­беру баяндамасына қосымша 
талдау.
168-жаттығу. Берілген тақырыптарға дебат ұйымдасты рыңыздар. 
1. «Ренжіспей өмір сүруге бола ма?
2. «Әрқашан шындықты ғана айту қажет пе?
Дебат өткізуге дайындық
1. Аталған тақырыптардың бір таңдап алу.
2. Көзқарастарды  сәйкес келтіру.
3. Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
Мысалы: 
1. «Ренжіспей өмір сүруге болады»
2. «Керіссіз де келісімнің жолы бар».
Тезистерге қойылар талап:
 – тақырыпқа сәйкес келуі;
 – тұжырымды, нақ, анық, бере білу;
– неғұрлым қысқа болуы

211
– тыңдаушыларға түсініктілігі;
– қорғай алатындай ыңғайлылығы.
4. Дебатқа қатысушылардың бір­біріне сыпай түрде «сіз» 
үлгісінде тілдесу.
5. Регламент сақтау.
6. Қарсылас сөзін бөлмей, соңына дейін тыңдау.
7. Қарсыласқа сұрақтарына жауап берген соң, алғыс айту.
8.  Егер  қарсылас  сұрағына  жауап  бере  алмаса,  соңында 
қорытынды өзде жауап беруді ұмытпау.
9. Қарсылас сөзінің соңын көрермендермен бірге қолпаштап 
отыру (қол шапалақтау).
10. Соңында өз топ мүшелерінің, қарсыластарының қолын 
алып, алғыс айту.
179-жаттығу. Қазіргі жасөспірімдер мен жастар мәселесі, олардың 
қоғамға берері жайында дебатты қалай ұйымдастырар едіңіздер?
1. Тақырыбын қалай деген жөн?
2. Қатысушылар кімдер болады?
3. Қандай тезистер алынғаны дұрыс?
4. Сауалнама жүргізген жағдайда кімдерге сұрақ беруге бола­
ды? Қандай сұрақтар қойылуы керек?
5. Дайындалуға материалдарды қайдан алуға болады?
– Газет­журналдардан;
– теледидар, радиодан;
– сауалнамадан;
– көркем әдебиеттерден.
6. Дебат қорытындысын шығаруға кімдер төрелік етуі керек?
Пікірсайыс
Пікірсайыс – өз аты айтып тұрғандай пікірлер, идеялар сайысы. 
Пікірсайыстың басты ерекшелігі – қатысушылардың бір жағының 
жеңіп, мақсатқа жетуі, яғни бір ғана идея, пікірдің дәлелденуі.
– Пікірсайыс көбіне қоғамдық­әлеуметтік тақырыптарға арна­
лады.

212
– Адамгершілік қасиеттерді сақтау, рухани құндылықтарды 
қорғау, адам құқығын жоғары қою, ізгілікті дәріптеу, т.б. мәселелер 
төңірегінде ұйымдастырылады.
– Әр шешен, әр қатысушы өз ойын, пікірін дәлелдей білуі ке­
рек.
– Өз ұстанымының маңыздылығына, мәніне қатысушылар мен 
тыңдаушылар көзін жеткізе алуы  қажет.
– Айтар уәжін ғылыми, әлеуметтік жағынан негіздемесінің 
сенімді әрі нақты болуына назар салу.
– Пікірсайыс кезінде әдеп ережелерін ұмытпау.
–  Шешеннің  азаматтық  ұстанымы  мен  ұлтты  сүю,  елді 
құрметтеу.
– Қоғам, көпшілік мүддесін қорғау.
– Пікірсайыстың қамтитын ауқымы кең материалдары мол 
болу.
– Пікірсайыс қоғамдық партиялар, жекелеген қайраткерлер ара­
сында өтеді.
– Сот ісінде ақтаушы мен прокурор, айыптаушы мен куә, т.б. 
арасында да жүруі мүмкін.
– Пікірсайыста шешеннің сөзі, өзін­өзі ұстауы, ойын  ұтымды 
жеткізуі, дәлелінің нақтылығы қажет.
170-жаттығу. 
Тоқсабаның сөзден тосылуы
Атақты Тоқсаба шешен жолаушылап келе жатып, бір ауылдың 
сыртында қозы баққан сегіз жасар балаға жолығып:
– Балам, бұл қозы кімдікі? – деп сұрапты.
– Ата, бұл қозы – қойдікі.
–  Әкең аты жоқ па еді, шырағым, – десе.
– Әкемнің қара аты да, торы аты да, сары аты да, құла аты да 
бар, – депті.
Шешен ішінен «мынау бір қиқар бала екен..» деп ойланып 
қалады. Таутекенің мүйізінен жасаған сылдырмақты шақшасын 
ердің басына қағып­қағып насыбай атады. Сонда бала тұрып:

213
– Ата, шақшаңыз ненің мүйізі, – депті.
Балаға іштей қиястанған Тоқсаба:
– Бұл –  біздің елдің қоянының мүйізі, – депті.
Шешеннің өтірігін естіген бала лып етіп:
– «Елі азғанның жері тозған» деген рас екен­ау. Біздің ел қоянның 
мүйізінен шаңырақ иеді. Сіздің елдікі шақшаға ғана жарапты ғой, – 
депті. Тоқсаба тойтарма сөзге қарсы түк дей алмапты 
(«Ел аузынан»).
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Тоқсаба сұрағына неге бала қияс жауап берді деп ойлайсыздар?
2. Бала сұрақ жауабы мен Тоқсаба сұрақ жауабының ұқсастығы бар ма?
3. Тоқсаба шешен неге сөзден тосылды?
4. Әңгімені пікірсайыс деуге бола ма? Ойларыңды дәлелдеңіздер.
171-жаттығу. «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет 
пе?» деген тақырыпта пікірсайыс өткізіңіздер.
1. Көзқарастары сәйкес келмейтін екі топ құру.
2. Дәлелдейтін тезистерін анықтау.
Мысалы: «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапттау 
қажет». «Үздік оқу, үлгілі тәртіп үшін ақшалай марапаттау қажет 
емес».
Жарнама
Біздің күнделікті өмірде жарнамаға мән бере қарауымызға тура 
келеді. Соңғы мәліметтер бойынша, жарнама теледидарда радио, 
газет­журнал т.б. көп беріледі.  Жарнама  не үшін керек деген 
сұраққа жауап іздеп көрелік.
1. Тауар өндіруші өз өнімінің сапасы, басқадан ерекшелігі, 
қалай, қайдан алуға болатыны туралы мәлімет береді.
2. Қызмет көрсету түрін, сапасы, артықшылығы жайында ай­
тып, жұртшылықтың назарын аударады.
3. Саяси партия сайлау алдында ұсынар адамы жайында, оның 
істеген істері мен болашақ елге тигізер пайдасы жайында айтады.

214
Тауар 
Сапасы, ерекшелігі, 
сатылатын нүктелері.
Сатып алуға 
ұсыныс жасау
Қызмет 
көрсету
Сапасы, артықшылығы, 
мекен жайы
Аталған қызмет 
көрсету үлгісін 
таңдау
Жеке тұлға 
Атқарған істері, болашақ 
жоспары
Сайлауда дауыс 
беру
Жарнама  мен  ақпарат  беру,  мәлімет  таратудың  арасында 
ұқсастық та бар. Мысалы концертке келу, экскурсияға шығу, көр­
меге шақыру, т.б. сияқты әрі ақпараттық және жарнамалық үлгілер 
кездеседі. Жарнама болу үшін ең бастысы ақпарат беру және жар­
намалап отырған істің тыңдаушыға керек екеніне сендіру мақсаты 
қойылады. Осындай ерекшелігіне қарай жарнаманы:
1) хабарландыру – жарнама;
2) аңдатпа – жарнама;
3) хабарлама – жарнама деп бөлуге болады.
Ақпарат пен жарнаманың айырмашылығы
Ақпарат 
Жарнама 
Өткен, өтетін оқиға (немесе 
зат) жайында айтады
Өтетін оқиға (немесе зат) 
жайында айтады
Неғұрлым жан­жақты 
мол мәлімет беру
Нақты, кең көлемде айту 
міндетті емес
Бейнелеп, суреттеу 
міндетті емес 
Көркем, бейнелі назар 
аударатындай
Хабарлама, ақпарат беру
Сатып алу, пайдалану, қолдау
172-жаттығу. «Менің тауарымды сатып алыңдар» ойыны.
1. Ұялы телефон, сумка, қалам, т.б. заттарын сату үшін жарна­
малау. 2. 3­4 студент шығып, әркім өз заттарын кезек­кезек қатар­
қатар тұрып жарнамалайды. 

215
3. Ойын соңында кімнің жарнамасы жақсы шықса (заты өткені), 
жеңіске жетеді.
173-жаттығу.  Жарнама жазыңыздар.
 – Балалар кітаптарын шығаратын баспа ашылғаны туралы. 
 – Соңғы көрген көркем фильм.
– Өз оқу орындарыңызды.
– Өз мамандықтарыңызды.
Айтыс
Өз пікірін, ойын, көзқарасын жеткізуде пікірталас түрлерінің 
ішіндегі ең көркемі, нағыз сөз шеберінің ғана қолынан келер өнер 
туындысы –  айтыс. Айтыс:
– ой жарысы;
– сөз жарысы;
– көркем сурет кестесі;
– қолма­қол тауып айта алу шеберлігі;
– қоғам, ел мүддесін өлеңмен жеткізуші.
Қазақ еліндегі айтыс, оның ерекшелігі туралы әдебиеттен 
өздеріңіз де оқыдыңыздар. Халыққа танымал айтыс ақындары 
ән мен жырдың шеберлері ғана емес, ел тілегін, жұрт құқын 
айтқаннан соң, ел еркелері де – солар. Айтыстың пікірталастьың 
бір түрі ретінде ерекшелігін тарата кетейік. Айтыстағы ақындар 
жыр додасына шығар алдында қандай да бір мақсат­ мүддені 
арқалап шығары сөзсіз.
Айтыс – пікірталастың бір түрі.
1. Айтысушы – ақынның қорғайтын өз мүддесінің болуы.
2. Қарсылас – ақынды сөзбен сынауы.
3. Өз көзқарастарын қорғауы.
4. Сөз орамдарын қорғану құралы ретінде қолдануы.

216
5. Өзін­өзі мәдениетті ұстау, әдеп ережелерін сақтаудың мәні.
6. Ұтқыр ой, шешен тілді қолдануға ұмтылыс.
7. Қоғамдық­әлеуметтік, саяси мәселелердің көтерілуі.
Айтыс қай кезде болсын шаршы топ алдында өтеді. Көптің, 
халықтың алдында сынға түсуде нағыз жүйрік топ қана жеңері 
сөзсіз. Шын талант халық қолдауынан қуат алып, шабыттана 
түседі. Айтыс – қазақ үшін өнер мектебі. Халықтың жай­күйі, 
қоғамдық­әлеуметтік мәселелер – айтыс тақырыптары. Қазақ 
тарихындағы Шөже, Біржан, Сүйінбай, Түбек, Кемпірбай, Қалихан 
т.б. ақындардың жалғасы Ә. Беркенова, С. Құсанбаев, Д. Кәпұлы, 
Р. Зайытов, Б. Шойбеков, т.б.
Пікірталасқа қажет білім мен білік негіздері
Пікірталас – шешеннің сыналар орны. Ең бастысы – шешеннің 
аудиторияны қызықтыруы. Ол үшін  шешен аудитория ерекшелігін 
жақсы білуі, әрі соның сипатына қарай әрекет етуі қажет.
Аудиторияның түрлері
Жасына 
қарай
Дайындық 
деңгейіне 
қарай
Кәсіби 
белгісіне 
қарай
Көлеміне 
қарай
Гендерлік 
белгісіне 
қарай
Ұлттық 
белгісіне 
қарай
Балалар 
Жақсы дайын­
далған
Нақты 
ғылым 
өкілдері
Үлкен 
Ерлер 
Түрлі 
ұлттар
Орта 
жастағы
Орта 
дайындық дең­
гейінде
Гумани­
тарлық 
Орта ша 
Әйел дер 
Бір ғана 
ұлт 
өкілдері
Үлкен дер 
Дайын дығы 
төмен
Оқу­
шылар, 
жұмыс­
шылар
Шағын 
Шешен үшін әр аудиторияға түрлі дайындық қажет. Пікір­
таластың түр­түріне қарай шешен мен аудитория қатынасы құралы 
да әр түрлі. Шешеннің міндеті – сол ортаға қарай сөйлеу тілін, 
тақырып ауқымын, сөйлеу әдебін, қозғалыс, көзқарас, ым­ишара, 

217
киім кию ерекшеліктерін дұрыс таңдау. Пікірталас мәдениетін иге­
ру шешеннің өз­өзімен көп жұмыс істеуін қажет етеді. Шешеннің 
терең білімді, әдепті де мәдениетті болуы шарт. Басқалардан білім, 
мәдениет, тың ойымен ерекшелене алатын шешен ғана көпшілікті 
өзіне қарата алады. Пікірталасқа қатысушылардың, жалпы бүгінгі 
қоғамдағы жұртшылықтың кез келген ақпараттан хабардар, 
білімнің әр саласынан мағлұматтары бар екенін де ұмытпаған 
жөн. Тыңдаушылардың білетін материалдарын қайталап берген­
нен оларды бір ортаға ұйыту қиын. Жұртшылыққа таныс мате­
риалда салыстыру, салғастыру, қатар қою, талдау әдістерімен қайта 
жаңғырта білу – шешен шеберлігі.
Пікірталастың қай түріне де дайындық тақырып таңдаудан, 
тақырыпты талдаудан басталады.

жүктеу 17.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет