Оқулық Алматы, 2014 Б. Қ. Қапасова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің


Би, шешен.  Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер



жүктеу 17.13 Kb.
Pdf просмотр
бет13/16
Дата09.01.2017
өлшемі17.13 Kb.
түріОқулық
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Би, шешен
Қазақ тарихындағы белгілі шешендер мен билер
Би – дау жанжалға билік айтушы. Би халықтың әдет­ғұрпын, 
салт­дәстүрін  жақсыбілетін,  сөз  жарысында  шешендігімен, 

175
тапқырлығымен,  даулы  істе  әділдігімен  танылса  ғана  елге 
жаққан, халық қадірлеген жан. Билер – дау­жанжал мен ел ісінің 
қайсысында болсын төрелік айтып, жұрт жайын шешкен адамдар. 
Қазақ қоғамында билер көп жағдайда ханна да жоғары тұратын 
кездері бар. Ханға дегенін орындатқан би­шешендердің тегеуріні –  
халық атынан сөйлеп, адалдық пен ел болашағы, жұрт жақсылығы 
үшін бас тіккенінде.
1. Қазақтың тұңғыш биі деп Майқы биді атайды. Аңыз­әң­
гімелерде Майқы – әділ бітім айтып, шешім шығарған парасат­
ты, ақылды би. «Түгел сөздің түбі – бір, түп атасы – Майқы би» 
деген халық даналығы осыдан шыққан. Ханды ақ киізге көтеріп 
хан сайлағанда Майқы би батасын берген деп ел аңыз етеді. 
Сол кезеңнің дәлеліндей халық есіндегі төмендегідей бір сөз 
қалыпты.
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұңқар туады.
Асылдан асыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақпас туады.
Таздан жарғақпас туады,
Сараңнан бермес туады.
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады.
2. Жанқұтты шешен. Жанқұтты он жеті жасында әкесінің айту­
ымен Сарым елінің беделді биі Шабанбайға бата алуға келеді. Би 
Жанқұттының жайын сұрап білгеннен кейін:
– Шырағым, дүниеде не адал, әлемде не мықты? – деп сұ­
райды. 
Сонда Жанқұтты:
Адал болсаң судай бол,
Су арамды кетіреді.

176
Мықты болсаң жердей бол,
Жер жаһанды көтереді, –
деген екен. Жауабына риза болған Шабанбай бала Жанқұттыны 
бірнеше күн қонақ етіп, кетерінде:
Алдыңа жағам десең – азанды бол,
Ағайынға жағам десең – қазанды бол,
Халқына жағам десең – әділ бол,
Судай таза бол,
Жердей берік бол,
Өмірің ұзақ болсын,
Аймағың суат болсын, –
деп батасын беріп аттандырған екен. 
(«Ел аузынан»)
Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда Абай 
келіп сәлем береді. Ол кезде Абайдың үйленген шағы екен. Абай­
дың тапқырлығын, өлең шығаратындығын естіп жүрген шешен 
баланы қасына отырғызып:
– Шырағым, дүние неге сүйенеді? – деп сұрайды.
Абай:
– Дүние үмітке сүйенеді.
– Көздің көрмесі бола ма?
– Көз қабағын көрмейді.
– Шам жарығының түспесі бола ма?
– Шам жарығы табағына түспейді.
– Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді.
– Тамағына тартпайтын маққұлат бола ма?
– Өз тамағына тартпайтын мақұлат болмайды, – дейді Абай. 
Жауабына риза болған шешен оған өлең түрінде жазып беруін 
сұрайды.
Сонда Абай:
Сіз сұңқар самғай ұшқан қиядағы,
Талпынған мен балапан ұядағы,
Өрнекті өлең сөзбен жауап берсем,

177
Дүниенің жалғыз үміт тиянағы.
Көз көруі жетпейді қабағына,
Шам жарығы түспейді табағына.
Өз сабын болат пышақ өзі кеспес,
Маққұлат тартпай қоймас тамағына, – депті.
Ет желініп, қымыз ішілгеннен кейін Абай:
– Ата, сізден сұрақ сұрауға бола ма? – дейді.
– Е, шырағым, сұрай ғой, – депті Жанқұтты.
– Ата, арзан не, қымбат не, дауасыз не? – депті Абай. 
Жанқұтты:
– Шырағым, арзан –  өтірік, қымбат – шындық, дауасыз – 
кәрілік емес пе,  жанарыңның оты бар екен – ақындығын шығар, 
маңдайың жазық екен – ойлылығың шығар, халқының қалаулы 
азаматы бол, – деп батасын беріпті. 
(«Ел аузынан»)
153-жаттығу.
Отыз жетінші сөз
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша 
бітіргендігінен емес.
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да бо­
лады, өшкені де болады.
Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қыл;  татымсызға  қылған 
болыстық өзі адамды бұзады.
Әкесінің баласы –  адамның дұшпаны.
Адамның баласы – бауырың.
Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі 
боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген 
құлының бірі боласың.
Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға 
асқан, пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, 

178
ендеше көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.
Адам баласын заман өсіреді, кімде­кім жаман болса, оның 
замандасының бәрі – виноват.
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін 
түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың 
бәрі соның басында. Дүниеде бар жаман да – көпте, бірақ қызық 
та, ермек те – көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім аз­
байды?
Сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Мәтінді мәнерлеп оқыңыздар.
2.  Қарасөздегі  ойларды  жинақтап,  ортақ  тақырыпқа,  тақырыпты 
тақырыпшаларға бөліңіздер.
3. Қарасөзде адамның қандай мінездері мен қасиеттері айтылған? Адам 
мінезі мен қоғам, әлеумет туралы Абайдың афоризмдерінің ортақ ой­түйінін 
анықтаңыздар.
4.  Қарасөздегі  ой­түйіндерді  берудегі  көркемдік  тәсілдерді 
көрсетіңіздер.
5. Қарасөзге бүгінгі күн тұрғысынан баға беріңіздер? Не айтар едіңіздер. 
Өз ойларыңызды көркемдеп жазып, мәнерлеп оқыңыздар.
154-жаттығу 
Жақсыдан жаман тумайтыны
Әз Жәнібек бір күні Жиреншеден сұрапты:
– Шешен, хас жақсыдан жаман туа ма? – депті.   
Шешен:
– Тумайды! – депті.
Сонда хан ойлапты: «Өзінің баласы жаманға қосылып кетеді,  
– деп, – соны қорғап отыр­ау!» деп.
Мұнан кейін біраз жылдан соң Жиренше өліпті. Мұнан кейін 
біраз жыл өткен соң, басқа елді шауып келуге жорыққа шығыпты. 
Сонда Жиреншенің баласы шешесіне келіп:

179
– Осы жорыққа мен де барсам, қайтеді? – деп сұрапты. Ше­
шесі баласына:
– Әкеңнің айтып жүрген сөзінен ұққаның бар ма? – депті. Сон­
да баласы айтыпты:
– «Жорыққа барсаң, аттың сырмінезін мін, сырмінезі жоқ бол­
са, жасынан мін!» – деуші еді. – депті.
Сырмінез аттың бәрін мініп қойған. Бір жас атты ұстап мініп, 
бұл да барыпты. Барған ел соғысып, ханның атына оқ тиіп, қолда 
қамауда қалуға қарағанда, басқа батырлардың бәрі қашып кетіп, 
Жиреншенің жаман баласы ханға келіп, атын беріп, өзі қолда 
қалыпты. 
Сонан елге келгеннен соң батырларын жинап алып, Әз Жәнібек 
хан айтқан екен:
– Таудан аққан тас бұлақ
Құймай қоймас теңізге.
Жақсыдан жаман туғанмен,
Тартпай қоймас негізге! – депті.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Әңгіме кім туралы? Аты аталған адамдар туралы не білесіздер?
2. Жәнібек хан Жиреншені қалай сынады?
3. Жиренше шешен не деп жауап берді?
4. Жиреншенің жауабының дұрыстығы қалай дәлелденді?
5. Әңгімеде өзінің басқалардан артықтығын көрсеткен кім деп ойлай­
сыздар.
А) Жиреншені сынаған хан. Себебі хан сол арқылы басқаларға 
Жиреншенің  ақылының қандай екендігін танытқысы келді.
В) Жиренше. Өзінің ақылының тереңдігін көрсетті.
С) Жиреншенің баласы. Жиреншедей елге үлгі болған адамның 
ұлының да ақылды, ер екендігін дәлелдеді
6. Жақсы адам, жаман адам дегенді қалай түсінесіздер. Әңгімеде 
жақсы деп кімді, жаман деп кімді айтады? Қазақ халқы «жақсы адам», 
«жаман адам» дегенде  мінез­қасиеттерді ескереді?
7. Әңгіме соңындағы ханның нақылын таратып айтыздар.
8. «Ата­ана ақылын азамат болар жас ұғар» деген тақырыпта әңгіме 
жазыңыздар.

180
Мақал-мәтелдер. Нақыл сөздер
Шешендік сөздер дегенде мақал­мәтелдерге соқпай өту мүмкін 
емес.
Мақал-мәтелдер – қазақ халқының таланты мен талғамның 
даналығы мен даралығының куәсі. Халық мақал­мәтелдерді 
ғасырлар бойында тәрбие құралы етті. Көшпенді тұрмыс пен дала 
табиғатының қаяр талаптарына ұрпағының сай болуын қалаған 
ел болашағының дені сау, жаны таза болуына көңіл бөлді. Осы 
тұрғыдағы халық пайдаланған жазылмаған заң мақал­мәтелдер 
болды.
Мақал­мәтелдер – авторы белгісіз, халықтық сипат алған 
даналық сөздер. Қазақ мақал­мәтелдерінің тақырыбы ел мен 
жер, оны сүю, қадірлеу, туған жұртты құрмет ету, батырлық пен 
ерлік, еңбек, т.б. сияқты болып келеді. Бұның өзі ел тұрмысы 
мен шаруашылығына не қажет, қандай мұқтаждық болды деген 
сұрақтарға жауап береді.
Мақал­мәтелдердің ерекшелігі – лексика­грамматикалық стиль­
дік сипаттарында. Даяр, жұмсауға қолайлы сөйлемдер ақын­жы­
рау, шешен, би сөздерінде де мақал, нақыл, сілтеме түрінде көп 
кездеседі.
1. Сөздер дыбысталуы жағынан үндес болады.
2. Екі құрамды мақалдардың ұйқасып келуі есте сақтауға жеңіл.
3. Құрамындағы сөздердің көбіне бір, екі морфемадан болуы 
тұтастыра түседі.
4. Ұлттық таным, түсінікті негіз еткен ой бірлігі көңілге қо­
нымды.
5. Синтаксистік тұтастың мазмұн мен пішінді біріктіреді. 
Мақал­мәтелдердің замандар елегінен өтіп өкшеленумен бір­
ге өміршеңдігін тағы да халық тұрмысы мен танымнан табамыз. 
Көшпелі ел әр адамның жұрт алдындағы беделі мен еңбегіне қарай 
мәртебесін де қоя білді. Ортақ мүддені, көзқарастағы ой бірлігін, 
адамгершілік қадір­қасиет нормаларын, моральдік талаптарды да 
мақал­мәтел, нақыл сөздерден табамыз. Нақыл сөздер мен мақал­
мәтелдердің авторлары аты бізге жетпеген шешен, би, ақын, жы­
раулар екені белгілі. Хатқа түспеген сөздердегі автор аты келе­

181
келе ұмытылып, ел сөзі болып кеткен. Мақал­мәтелдерді кейінгі 
заман би, шешен, ақын, жыраулары ел сөзі ретінде пайдаланған. 
Қашанда жеке біреудің сөзінен де көптің атынан айтылған ой­
пікірдің пәрменді болатындығын мақал­мәтелдер дәлелдейді. Ел 
ішінде халық сөзі деп қолданған мақал­мәтел, нақыл сөздер кімге 
де болса тоқтау, бітім болғаны да осыдан.
Нақыл сөздерді кейінгі қаламгерлерден де кездестіреміз «Ел бо­
лам десең, бесігіңді түзе!» (М. Әуезов), «Балам деген жұрт болма­
са, жұртым дейтін бала қайдан болсын» (А. Байтұрсынов), «Отан 
үшін отқа түскін, күймесің» (Б. Момышұлы), т.б. нақыл сөздер ел 
аузында мақалға, ұрпақ тәрбиелер, жұрт тыңдатар халықты ертер 
сөздерге айналған.
Мақал­мәтелдер мен нақыл сөздер:
– рухани байлық көзі;
– тәрбие құралы;
– моральдік талаптар негізі;
– шешендік өнерде қолданар даяр үлгілер ретінде маңызды.
155-жаттығу.
Мақал-мәтелдер
1. Өзін аяған дұшпанға дос.
2. Өмір үшін өлгенше күрес.
3. Тірескеннің тізесін бүктірген ер
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет.
4. Қырағының өзі де, көзі де батыр.
5. Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер.
Бұқсаң – сұқты, 
Тығылсаң – тықты.
Имендесең – езді.
Өлдім дей бергін.
6. Ана үшін аянба – ант ұрады.
7. Тәртіп тән үшін, ынтымақ жан үшін керек

182
8. Елсіз ер бола ма?
9. Біреу батыр болғанша, мың батыр болсын.
10. Мен істедім дегенше, –
Мың істеді десеңші,
Мың істеді дегенше, –
Ер істеді десеңші,
Ер істеді дегенше, –
Ел істеді десеңші,
Мен мыңдікі болмаса, 
Ер елдікі болмаса
Кім істеді дер едің?
11. Шегініп серке болғанша 
Секіріп теке болғын.
12. Айқаймен ала алмайсың, 
Ақылмен, айламен алғын.
13. Көп тұрған су сасиды,
Ойламаған ми сасиды.
14. Өмір сүргің келсе, сүріне істе.
15. Маған деген атақты
Міндет етсең, өзің ал,
Әділдікке бас ұрып, 
У берсең де, маған бал.
16. Ерді ел үшін,
Жігітті жұрт үшін – мақта,
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Қол жайып шын ниетпен берген бата,
Шаршаған жауынгерге бел тірегі.
17. Мақтанбағын мас болып,
Абырой алсаң табысқа
Қоян болма тығылып,
Жау көргенде қамысқа.
Арыстансыма ақырып, 
Данышпансыма ақылдан,
Елемей көзге жалпыны,
Айырылып қалма жақыннан.

183
18. Жанымда жатыр деп ойлап
Қатынның тілін алмағын. 
Бауырым екен деп ойлап 
Жақынның тілін алмағын.
Әділдікке құл болып
Кең толғанып, көп ойлап,
Ақылыңмен билік ет,
Түсініп, сезіп тармағын. 
(Б. Момышұлы)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Б.Момышұлының нақыл сөздерінен қандай ғибрат алдыңыздар?
2. Ел жайлы, ер жайлы, Отан жайлы қандай ой айтылады?
3. Ғибрат сөздердің қазақ нақыл сөздерімен байланысын, мақал­мәтел­
дермен  байланысын,  ұлттық  түсінікпен  сабақтастығын  ашыңыздар. 
Пікірлеріңізді мысалдармен дәлелдеңіздер.
4.  Б.  Момышұлы    ғибрат  сөздері  туралы  өз  толғамдарыңызды 
айтыңыздар.
156-жаттығу.
Үлгілі сөздер
Барлы, Барлы, Барлы тау,
Басы есеннің – малы жау.
Ұйықтамаса, қабақ жау
Ішпей жүрсе, тамақ жау!
Арық атқа – қамшы жау,
Жыртық үйге – тамшы жау!
Ұрысқақ болса, ұлың жау,
Керіскек болса, келін жау!
Кетеген болса, түйең жау,
Тебеген болса, биең жау.
Ұл он беске жеткенше,
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса, доңызың!

184
***
Ақсұңқар, ұшқырмын деп мақтанба,
Алдыңда жаюлы тұрған торлар бар.
Тұлпар, сен жүйрікпін деп мақтанба, 
Алдыңда қазулы саған орлар бар!
Басым көп деп, топтанба,
Малым көп деп, шоқтанба!
Бұрынғылар айтқан екен:
«Мал ұрысы – пенденің ұрысы,
Сөз ұрлаған – құдайдың ұрысы», – деген екен.
Сыбырласып сөйлесудің, сөзді жасырып сөйлескенінің хақында 
айтылған сөз. Бұрынғы заманның жақсылары бүркітше саңқылдап, 
айдай ғаламның көзінде сөйлесуші еді. Бұл заманның қулары: 
«Бері шығып кетші!» – деген пәлеге қалды. «От ішінде мақта, 
Мақтадай құдай сақта!» 
(Мәшһүр­Жүсіп)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Халықтың жаулық туралы ұғымына не алып қосасыздар?
2. «Ақсұңқар ұшқырымен деп мақтанба» деген сөздің мағынасында не 
жатыр деп ойласыздар?
3. Бұрынғы заман кейінгі заман туралы халық не дейді? Адамдар 
танымындағы өзгеріс тілде қандай өзгеріспен көрінеді?
157-жаттығу. 
Мақал-мәтелдер
Үй іші туралы
1. Балаң жаман болса, көрінгеннің мазағы.
2. Бала – ананың бауыр еті.
3. Бала қадірін, балалы болғанда білерсің.

185
4. Талабы жоқ жас ұлың 
    Жалыны жоқ шоқпен тең.
5. Ат болатын тай саяққа үйір, 
    Адам болатын бала қонаққа үйір
Тәлім тәрбие туралы
1. Өз білмегеніңді кісіден сұра,
    Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.
2. Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман
3. Көп біл, аз сөйле
4. Ақылдассаң – шешерсің,
    Ақылдаспасаң, кем кесерсің.
5. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені 
    Сыйлассаң, сыйымды боларсың.
6. Қарағайға қарап тал өсер,
    Қатарына қарап бала өсер.
Адам және оның қасиеттері туралы
1. Атаңның баласы болма,
    Адамның баласы бол.
2. Жақсы адам – елдің ырысы,
    Жақсы жер – жанның тынысы.
3. Адам болатын бала
    Алысқа қарайды.
4. Кісі болар баланың
    Кісімен ісі бар,
    Кісі болмас баланың.
    Кісіменен несі бар?
5. Бірлігі жоқ ел тозады,
    Бірлігі күшті ел озады.
6. Жаман дос – келеді,
    Басыңды күн шалса,
    Қашып құтыла алмайсың.
    Басыңды бұлт алса,

186
    Іздеп таба алмайсың.
7. Биік төбеге шықсаң,
    Көзің ашылады.
    Жақсымен сөйлессең,
    Көңілің ашылады.
8. Жақсы келді дегенше,
    Жарық келді десеңші.
    Жақсылықтың уытын
    Алып келді десеңші.
9. Болат қайнауда шынығады,
    Батыр майданда шынығады.
10. Жүк ауырын нар көтереді,
    Ел ауырын ер көтереді.
11. Еменнің иілгені – сынғаны.
    Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
12. Еңбексіз өмір – сөнген өмір.
13. Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
    Егін екпесең, жерге өкпелеме.
14. Жан қиналмай, жұмыс бітпес,
    Талап қылмай, мұратқа жетпес.
15. Ақыл – тозбайтын тон,
    Білім – таусылмайтын кен.
16. Оқу түбі – тоқу.
Тіл өнері туралы
17. Көп сөз – күміс,
    Аз сөз – алтын.
18. Бас кеспек болса да,
    Тіл кеспек жоқ.
19. Шешеннің сөзі мерген,
    Шебердің көзі мерген.
20. Тоқсан ауыз сөздің
    Тобықтай түйіні бар.
21. Әдептілік, ар­ұят –
    Адамдықтың белгісі.

187
    Тұрпайы мінез, тағы жат –
    Надандықтың белгісі.
22. Ақылсыз адам айқайлай келеді,
    Жан­жағын жайпай келеді.
    Ақылды адам жай­жай келеді, 
    Жан­жағын байқай келеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мақал­мәтелдерден қалағандарыңызды  жаттап алыңыздар.
2. Мағынасын түсініп, қоғам мен тұрмыстан өздеріңіз қалаған 5 
мақалға түсініктеме беріп, халық нақылының қай қоғам үшін де, қай кезең 
үшін де өзектілігін, мәнділігін ашыңыздар.
158-жаттығу.
Сонымен қасына батыр келіп отырған соң:
– Бүгін бес­алты солдат келіп ауылды тінтіп, сені сұрап кетіпті. 
Кешеден бергі сөйлеген сөздердің анау. Осы ұлықты ойыншық деп 
білемісің, осы? Кеше өзіңе ел аман, жұрт тынышта ел бүлдіруші 
осы деп, үш айға абақты кесіп отырған ұлық бүгін мынадай астаң­
кестең үстіне ең алдымен елден бұрын сені торымай кімді тори­
ды деп ойлайсың?!
– Уа, жаным, не қыл дейсің енді?! Кеше ұлық жалғыз мені 
көздеген болса, бүгін бар Албанның баласын қоса көздеп, қоса 
іздейтін болып отыр. Іздеді деп  өле қалайын ба? Ұлыққа қай 
қылығым жағушы, еді менің? Жер үстінде жүрме, үніңді шығарма, 
қатын бол дейді. Соның бәріне бас ие берейін бе? «Басқа ұрса – 
өл, артқа ұрса – көн» дейсің ғой. Өлтірейін десе де жағаласпай, 
қол қусырып өл дейсің ғой. Өйтетін болсам, әкем Саурықтың 
аруағынан садаға кетсем болмай ма? Не айтпақсың? Не қыл дей­
сің? Төрт­бес солдат келіп­кеткен екен, шошығаның сол ма? 
Көрмеген құқайым ба еді?
– Сен болсаң өстесің? Өршеленбесе Ұзақ бола ма? – деп ыза­
лағандай кекетіп:

188
– Сен ұлықпен ерегесімен деп сақалыңның ағына жеттің, кімді 
жеңдің? Неңе қолың жетті? Алты алаштың  баласын қыбыр еткіз­
бей бағындырып, ауыздықтап отырған құрығы ұзын патшаға Ал­
бан ішінен бір тентек шықса, жүк болады деп кім айтты, осы? Тар­
тынатын, ойлайтын шағың бар ма, жоқ па? Өзге болмаса, ертең 
тілеуі бар балаң бар, артыңнан ерген інің бар. Ең болмаса, ертең 
кешегі тентек Ұзақтың баласы, інісі дегізбей көзге түрткі қылмай 
соларды ойласаңшы, ауыл ауылды, ағайынды ойласаңшы,
– Уа, Тұңғаттар, тілеуің құрғыр Тұңғатар, не қыл дейсің? Соны 
айтшы. Күйдірің ғой сен­ақ. Өмір бойы «шөк­шөк» деп­ақ өлтірдің 
ғой сен!.. Айтшы енді, қайтейін мен? Кәне айт енді!
– Айтамын, айтатыным: кешеден сыбыс салып, әр жерден 
байқап жүрмін. Өзіміздің ауылдың балаларын мал шығарсақ, түгел 
амандап алып қалуға болатын көрінеді. Құдайға шүкір, екі­үш ба­
ланы алып қалатын дәулет бар. Өзгенің барғаны барар, бармағаны 
осылай жан сауғалап қалар. Мынау елді босқа желіктіріп құтыртпа,  
тоқтат. Қалмаққа барып жетіспейміз. Мал дүниеден айырыламыз. 
Ата қоныс мекеннен ел ауған деген оңай емес. Ол үлкен апат, 
сұмдық. Ешкімнің де бар Албанды сыйғызатын жері жоқ. Ал­
дымен қыруар малмен өзіміз сыймаймыз. Ұстағанның қолында, 
тістегеннің аузында ата дәулет, қан қазына шашылып, төгіліп кет­
келі отыр. Осы ақылға көн, тоқтат мынау елді.
– Болдың ба, Тұңғатар?
– Иә, болдым. Мен десең, аруақ риза болсын десең, осы сөзге 
бақ... тоқтағын.
Тұңғатардың «аруақ» деген сөзі батырдың бұрын да ашу кернеп 
отырған бойына у құйғандай болды. У құйғандай болды. Кішкене 
суық көзі қанталап, от шашып, шарасынан шыққандай шатынап 
қарсы отырған қажыға қарап:
– Аруақтан садаға кет, кәрі ит! Сені бүйтіп алжытқанша, неге  
алмайды бұл құдай шұнақ? Жоғал көзіме көрінбей, дүниеқор 
арам сирақ. Албан атынан, Саурықтың зәрінен садаға кеткір!... 
Өшір қараңды! Жолама  менің маңыма! Осы жолда өлемін. Бірақ 
сен маған топырақ салушы болма! Өлігімді былғама... кет, кет.. 
қазір қасымнан!... – деп сөзің аяғына тепсініп ақырып жіберді. 
Батырдың қолы қалшылдап, жанындағы пышағына әлденеше рет 
барын қайтты.

189
Інісінің неше алуан қатты сөздеріне бұрын талай рет құлағы 
қанып, бойы үйренсе де, мына жерде Тұңғатар тіктесіп шыдауға 
жарамады.
– Мен арылдым... мен болдым... енді бір­бірімізге жоқпыз... 
мейлің, мейлің, – деп, атына мініп жөнелді.
Ұзақ бойын қалтыратқан ашумен қамшысын таянып, күн 
батысқа, жәрмеңке жаққа қарап, қадалып жалғыз отырып қалды.
Көз алдында асау, тентек өмірде өзінің істеген қылықтары да 
бірі артынан бірі тіркеліп, желіге тізілгендей ырғып өте бастады.
«Аруақ, аруақ», –  дейді­ау, қара бет! Қай аруақты риза қылып 
еді? Маған аруақ осыны қабылдайды дерлік бұның не қасиеті бар 
еді? Тірі туысқан, өлі аруақты күңіренткен қылық осыдан шықпап 
па еді?... – дегенде, бейуақытта ауыр оймен құлазып отырған кәрі 
батырдың көз алдынан өткен дәуірінің бір ауыр қайғысы шұба­
тылып, көлденеңдегендей болды. 
(М.Әуезов)
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Әңгімелесушілердің өз мүдделерін қорғауына баға беріңіздер.
2. Өз пікірлерін қорғауда қандай әдіс­тәсілдерді қолданады?
159-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыңыздар. Қандай ғибрат айтылады?
Ғибратнама
Апырымай, кессем бе екен мен тілімді,
Үйрендім қайдан өнер, көп білімді,
Өткіздім қасірет пен қапалықта
Қызықты ойнап­күлер мезгілімді.
Болдым ғой өнерімді тауысқандай,
Мерт болдым айға шауып арыстандай.
Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,
Шықылдап көзге түстім сауысқандай.
Сөйлеуден тыйылмаған қызыл тілім,
Өттің бе зарлауменен қайран күнім.

190
Түлкінің қызылдығы өзіне сор,
Болғандай, болдың маған өнер­білім!
Айналдым бұлт болып биік тауға.
Іліндім шортан болып жібек ауға.
Тілі жоқ көп мылқаулар тиыш жатыр,
Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға.
Бұл күнде алтын азып, жез болыпты,
Дүниеде жақсы­жаман сөз болыпты.
Гүл іздеп гүлстанда жүрген бұлбұл
Бір күні қаршыға кез келіпті.
Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл:
– Жалғанда ынтызарым – бір қызыл гүл.
Қаршыға, сен де құссың, мен де құспын,
Ақылың сенің менен емес қой мол.
Бектердің оң қолында тұрағымыз,
Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз.
Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,
Табылған әрбір құстан мұрадыңыз.
Татисың қымбат баға, қадір пұлға,
Жүресің патшалармен шығып жолға.
Жазым боп, жазатайым түссең торға,
Түсірмей әкететін қолдан­қолға.
Өткіздім мен әрбір түнді сайрауменен
Басымды тікенекке байлауменен.
Көрем деп қызыл гүлдің ашылғанын,
Ұзын түн зығырданым қайнауменен.
Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,
Көзімше аузы ашылып шашылмайды.
Оянсам ұйықтап кетіп, ашылады,
Қасіретім бір көре алмай басылмайды.
Қаршыға келді, сонда жақындасып,
Бұлбұлмен сөйлесуге жауаптасып:
– Құс ішінде, сен ақымақ, ақылың жоқ,
Бір күнде мың мұратты табар едің.
Қаршыға мұны айтқан сен де ерсің,
Тілегін әр пенденің тәңірім берсін.

191
Табарым мылқау болып мұрат болса,
Болмаған хасыл мұрат кете берсін.
Мұрнынды шошайтасың мақтағанға,
Жүруші ең келемеж боп көк тағанға.
Қолында көрінгеннің болып тұтқын,
Мәз болып жүресің де сақтанғанға.
Бермейді саған етті қанымен,
Бір құстың тоятатпас саныменен.
Өзіңді ертеден­кеш ашықтырар,
Құс көрінсе, алсын деп жаныменен.
Бір ұрттам қан ішерсің, бір құс алсаң,
Сен ақымақ, тамақ үшін болған сарсаң.
Қанатың бола тұра құл болғаннан,
Онан да жақсы емес пе өле қалсаң.
Жаратқан бір құдайға жетер дәтім,
Зарланған ұзақ түндер мінәжатым,
Бітпесе мұрадым  кетсін, барсын,
Ғаламға датан болған «бұлбұл» атым. 
(Мәшһүр­Жүсіп)

жүктеу 17.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет