Оқулары–10: Мемлекеттің индустриалды–инновациялық саясатын құрудағы бәсекеге қабілетті кадрларды дайындау келешегі мен ғылымның рөлі



жүктеу 38.74 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.02.2017
өлшемі38.74 Kb.
#3349

С.Сейфуллиннің 

120


жылдығына 

арналған


«Сейфуллин 

оқулары–10:

Мемлекеттің

индустриалды–инновациялық саясатын құрудағы  бәсекеге қабілетті  кадрларды  дайындау

келешегі  мен ғылымның рөлі»  атты Халықаралық  ғылыми-теориялық конференциясының

материалдары

=

Материалы



Международной

научно-теоретической 

конференции

«Сейфуллинские чтения–10: Новые перспективы подготовки конкурентоспособных кадров и

роль науки в формировании индустриально-инновационной политики страны», посвященная

120-летию со дня рождения С.Сейфуллина– 2014. – Т.І, ч.3. – Б.18-20



ТЕХНИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ  ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТ ТІЛІН КӘСІПТІК

БАҒДАР ДЕҢГЕЙІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жумадиллаева  О.А.

Қазіргі заманда  маманның кәсіптік  дайындық деңгейін  айқындайтын

міндетті компоненттердің бірі шет тілін меңгеру болып табылады. Сондықтан

техникалық жоғары  орындарында  шет  тілін  оқыту  кәсіптік  бағытта  және

коммуникативті  бағдар  сипатында  жүргізіледі. Қазіргі  уақытта  халықаралық

іскерлік  байланыстар,  компьютерлік  желілер  шетелдік

әріптестермен

байланысуға  орасан  зор  мүмкіндіктер  береді,  осыған  байланысты  шет  тілін

меңгерген  мамандарға  сұраныс  та  артып  келеді.  Сонымен қатар,  шет  тілін

меңгеру жоғары мансапқа жетудің бірден-бір шарты. С.Сейфуллин атындағы

Қазақ агротехникалық университетіндегі көптілді оқыту топтарында кәсіптік

бағдар деңгейінде шет тілін оқыту мамандыққа байланысты 2-ші, немесе 3-ші

курста  жүргізіледі.  Студенттер  негізгі  кәсіби  мамандығын  игерумен қатар,

шет  тілін  жоғары  деңгейде  меңгеруге  талпынады.  Жоғары  оқу  орнындағы

курс мектеп курсын ары қарай жалғастырады, сондықтан университетте шет

тілін оқыту сабақтастық пен үйлесімділік талаптарына сай ұйымдастырылады.

Дәлірек  айтқанда,  шет  тілін  оқыту  бұл  кезеңде  жоғары  сапалы  деңгейде

жалғастырылуы  тиіс,  яғни,  сөйлеу,  тыңдалым,  оқылым  және  жазылым

процестері барысында тілдік тәсілдерді қолдану дағдылары меңгеріледі, яғни

коммуникативті  ептілік қалыптастырылады,  демек,  студенттің  әлеуметтік

және 

кәсіптік 



салада 

адамгершілік 

тұрғыда

өзін-өзі 



билеу 

және


шығармашылық үшін қажетті білім мен шеберлікті игеруі жүзеге асырылады.

Техникалық жоғары  оқу  орнында  шет  тілін  оқыту  дәстүрлі  түрде

мамандыққа  байланысты  арнайы  мәтіндерді  оқып,  түсініп  аударумен ғана

шектелетін. Қазіргі  жағдайда  кәсіптік  тақырыптарға әңгіме құру, ғылыми

пікір-талас ұйымдастыру дағдыларын дамытуға көбірек көңіл бөлінеді. Оқыту

барысында  ауызша  сөз  дегеніміз  материалды  тыңдап  немесе  оқып,  түсіну

және ауызша немесе жазбаша түрде нәтижелі етіп қайта орындау. Тыңдалған

материалды  жазу  және  жазылған  мәтінді  ауызша  сөз әрекеті  ретінде

пайдалануды оқу аудиториясы жағдайында жүзеге асыруға болады. Шет тілі

білімді қалыптастыру құралы ғана емес, ол ең алдымен, қарым-қатынас, оның

ішінде  кәсіптік  деңгейдегі қарым-қатынас құралына  айналып  келеді,  осыған

сәйкес, ол кәсіптік біліктілік көрсеткіші болып саналады.

Шет  тілін  оқыту  жоғары  білімді  маманды қалыптастыру  процесінің

құрамдас бөлігі. Қазіргі заманның маманы өзінің күнделікті өмірі мен кәсіби

қызметінің  әлеуметтік  шартты  салаларында қарым-қатынас құралы  ретінде

кем  дегенде  бір  шет  тілін  жатық білуі  тиіс.  Ал,  бұл үшін,  жоғары  оқу

орынында  шет  тілін  оқыту  барысында  шет  тілінде  сөйлеу,  ойлау,


коммуникативтік әрекеттердегі негізгі білім, шеберлік пен дағдыдан тұратын

берік  негіз қалануы қажет,  сонымен қатар,  оқуды  бітіргеннен  кейін қажет

болатын өз бетінше жұмыс істеу мен шет тілін қолданудың әдіс-тәсілдерін де

үйрету қажет.  Шетел  тілін  кәсіптік  бағдар  бойынша  оқыту қазіргі  кезеңде

білім беруді жаңартудың басым бағыты болып танылады.

Шет  тілінде қарым-қатынас  жасау  мамандардың кәсіптік қызметтерінің

маңызды  компоненті  болып  саналады,  осыған  байланысты,  техникалық

жоғарғы  оқу  орнындағы  «Шет  тілі»  пәнінің

ролі

әлдеқайда



өсті.

Педагогикалық және ғылыми-әдістемелік  дерек  көздеріне  жасалған  талдау

көрсеткендей,  шет  тілін    техникалық жоғарғы  оқу  орнында  оқытудың

алуан-түрлі әдістемелік  бағыттары  мен  технологиялары  бар. Қазіргі  кезеңде

көптілді оқыту топтарына қойылатын міндет тек шет тілінде қарым-қатынас

жасау  дағдыларын  меңгерумен ғана  шектелмейді,  сонымен қатар, үш  тілді

(қазақ, орыс,  ағылшын  тілдерін)  меңгере  отырып,  таңдалып  алынған

мамандық бойынша  арнайы  білім  алу  міндеті қойылған.  Шет  тілін  оқып

үйренуге  деген  ынталану,  ең алдымен,  шет  тілін  жетік  білетін  жоғары

дәрежелі  маман  боламын  деген  студенттің кәсіби  деңгейдегі  талабынан

туындайды.  Сондықтан,  техникалық жоғарғы  оқу  орнында  оқытылатын  шет

тілінің ең маңызды  ерекшелігінің бірі – оның оқу  мақсаты  мен  білім  беру

мазмұнында көрсетілген кәсіптік бағдарлы сипаты.

Университетте  шет  тілін  кәсіптік  бағдар  деңгейінде  оқыту  дегеніміз

студентті  кез-келген  жағдайда  шет  тілінде  кәсіптік  деңгейде  тілдесуге

мүмкіндік  беретін  біліктілікпен қамтамасыз  ету.  Кәсіптік  бағдар  деңгейінің

мазмұны осы  мақсатпен  айқындалады. Осы деңгей  көлемінде  мамандық тілі

оқытылады.  Бұл,  біріншіден,  жалпытілдік  лексикалық-грамматикалық

компоненттерді  меңгеру  аясында  арнайы  терминдер  жиынтығын жинақтау;

екіншіден, 

сөйлеудің 

ғылыми 


стилін 

сипаттайтын 

грамматикалық

(синтаксистік)  ерекшеліктерді  белсенді  түрде  меңгеру.  Бұл  жерде

студенттердің таңдап алған мамандықтарына байланысты тіл ерекшеліктеріне

баса  көңіл  аудару қажет. Үшіншіден,  студенттерге жазбаша  және  ауызша

ғылыми тілді құрылымдау принциптерін, яғни, түсінік беру, саралау, синтез,

дәлелдеу  және  пікірсайыс  тәсілдерін үйрету.  Осы  жерде  тақырыпты  түсіну,

мәтіннен өзекті  сөздерді  анықтау,  сөздердің анықтамаларын  дұрыс  таңдап

алу,  жалғаулықтардың ролін  айқындау  сияқты  жаттығулар  маңызды  роль

атқарады.  Студент  ақпарат  көздерімен  жұмыс  істеу  дағдыларын  меңгеруі

қажет,  яғни,  мәтіннің негізгі  ойын,  берілген  пікірдің логикалық негізін

анықтау,  ақпараттың  әр  түрін  іріктеп  алу  (схемамен  жұмыс  істеу), мәтіннің

мазмұнын қысқаша түрде беру және осы дағдыларды ауызша айтып бере алу.

Негізгі  мамандықты  есепке  ала  отырып  оқыту  төмендегі  бағыттарда

жүзеге  асырылады:  арнайы  мәтіндермен  жұмыс  істеу,  ауызша  сөйлеу

дағдысын  дамыту  мақсатында  арнайы  тақырыптарды  оқып

үйрену,


мамандыққа  байланысты  белсенді  сөздермен  жұмыс  және  студенттерді

грамматикалық

және  лексикалық

материалмен

қамтамасыз  ету

үшін


оқытушылардың мамандыққа  байланысты  оқу құралын  шығаруы.  Сонымен

қатар,    техникалық жоғары  оқу  орнында  шет  тілін  оқытуда  елтануға

байланысты  материалдарды  кеңінен қолдану қажет,  себебі  бұл,  біріншіден,

пәнаралық байланысты қамтамасыз  етеді,  яғни,  шет  тілін  оқыту  практикасы



мен  басқа  пәндер  бағдарламаларының арасындағы  байланысты  нақты

айқындайды,  екіншіден,  студенттің терең кәсіптік  білім  алуына  жағымды

әсерін тигізеді.

Студент  тілін  (мысалы,  ағылшын  тілін) үйреніп  жатқан  елде  мәтінмен

жұмыс  істеудің  қандай  түрлері  бар  екендігін  білуі қажет,  көп  жағдайда,

мысалы,  ақпаратты қысқартып  беру  түрлеріне  (аңдатпа,  түйіндеме,  реферат,

т.б.) қойылатын  талаптар қазақ, орыс  және  ағылшын  тілдерінде  мүлдем

өзгеше.  Сондықтан  студент  болашақ кәсіби  еңбек  барысында,  мысалы,

шетелдік әріптесімен  тең дәрежеде  тілдесуге  мүмкіндік  беретін,  шет  тіліне

байланысты қажетті  біліммен қамтамасыз  етілуі  тиіс,  және  ол  алып  жатқан

білімі оқу жоспарының тек бір бөлігі ғана емес, келешекте кәсіптік еңбегіне

қажет екендігін ұғынуы керек, бұл студенттің шет тілін оқып үйренуге деген

ынтасын арттырады.

Кәсіптік  бағдар  деңгейіндегі  шет  тілі  курсының негізін  тақырыптық

принципке  негізделген  түпнұсқалық мәтіндер құрайды.  Оларға  берілген

деңгейге қажетті дағдылар мен шеберлікті дамытуға бағытталған жаттығулар

жиынтығы  беріледі.  Ал  лексикалық-грамматикалық

сипатта  берілетін

жаттығулар (сөз жасау, кірме сөздер, синонимдерді, антонимдерді, терминдік

баламаларды  табу  және  т.б.)  мамандыққа  байланысты  арнайы  сөз қорын

жинақтауға бағытталған.

Мәтінге  берілетін  жаттығулар  (маңызды  сөздердің, жалғаулықтардың

негізгі  ойын  айқындау,  оқудың түрлері  және  т.б.)  студенттің ауызша  және

жазбаша  түрде  мазмұнды  пікір  беру  дағдысын қалыптастыруға  мүмкіндік

береді.  Ақпаратты құрылымдау  студенттің белгілі  бір  ережелер  мен

критерийлер негізінде ақпарат көздерімен өз бетінше ғылыми жұмыс жүргізу

дағдыларын қалыптастырады  және  осы  арқылы  студент  түсінік  беру,

дәлелдеу, пікірталас ұйымдастыру сияқты т.б. дағдыларды меңгереді.

Қорытындылай келгенде,  жоғарыда  атап  көрсетілгендей,  техникалық

жоғары  оқу  орнында  шет  тілін  кәсіптік  бағдар  деңгейінде  оқыту  барысында

кәсіптік  бағдар  біліктілігін құрайтын  материалдар  сипаты,  осыған  сәйкес

жаттығулар жиынтығы өзгереді.

Әдебиеттер тізімі

1. Пассов Е.И. Новая концепция иноязычного образования. // Е.И. Пассов

– М., 2000, с.16

2. 


Профессионально-ориетированный 

подход 


к 

преподаванию

иностранных

языков 


в 

техническом 

университете 

// 


Материалы

научно-практической конференции – Ростов н/Д, 2000. – с. 80-82.




жүктеу 38.74 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет