Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



жүктеу 1.18 Mb.
Pdf просмотр
бет13/13
Дата12.09.2017
өлшемі1.18 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Адам. Қоғам. Құқық
Пәнді  оқытудың мақсаты – дүниетаным құрылымы,  негізгі  элементтері
және  тарихи  түрлері,  философияның адам  мен қоғам өміріндегі  ролі,  адамның
әлемге  деген  танымдық  қатынасы, қоғамдық  қарым-қатынас  жүйесі  мен
құқықтық реттеудегі  адамның орны  туралы  жүйелі  білім қалыптастыру.
Азаматтық  ұстаным, өз  Отанына  деген  сүйіспеншілігі  мен құрметпен қарауын
тәрбиелеу.
Пәнді оқытудың міндеттері:
1) оқушылардың қоғамдық даму заңдылығы мен ұғымын қалыптастыру;
2) ақыл-ой  мәдениеті  ретінде  философия  түсінігін,  философиялық
сұрақтар мен жауаптардың ерекшеліктерін түсіндіру;
3) әлемді  сезімдік  және  рационалдық тану  арасындағы  байланыстарды,
діни  және
ғылыми  таным  мен  философия,  антропология  арасындағы

106
байланыстарды анықтау;
4) адам құндылығы, құқығы  мен  бостандығы  туралы  білім  беру,  оларға
баға бере білуге үйрету;
5) жоғарғы  моралдық сапаларды,  белсенді  азаматтық  ұстанымдар  мен
патриоттық сезімді,  адам  мен  табиғатқа  деген  философиялық көзқарасты
қалыптастыру;
6) этникалық
және  тұлғааралық  қатынастарда  төзімділікті  сақтауға
тәрбиелеу;
7) қоғамдық дамудың заңдарын  білу  негізінде құқықтық және  саяси
мәдениетке тәрбиелеу;
8) заң ілімдері,  экономикалық теория,  саясаттану, әлеуметтану  негіздері,
жеке және көпшілік құқықтың заңнамалық нормалары туралы білім беру;
9) ғылыми және құқықтық терминологияны қолдана білуге үйрету;
10) оқушылардың сыни тұрғыда ойлай білуін дамыту;
11)
зерттеу әдістерінің
көмегімен  барлық мәселелерді  шеше  білу
қабілетін қалыптастыру.
Оқу жүктемесінің көлемі:
қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат
жаратылыстану-математикалық бағыт:
10 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;
11 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.
Өзін-өзі тану
Адамның жеке  тұлғалық  әлеуетін  мақсатты  түрде  және  кеңінен  ашуға
бағытталған  рухани-адамгершілік  білім  беру ұлттық білім  беру  жүйесін
дамытудың басты бағыты болып отыр. Жеке тұлғаның психологиялық, рухани,
тәндік, әлеуметтік  және  шығармашылық дамуының  үйлесімділігіне қол
жеткізуге  мүмкіндік  беретін  рухани-адамгершілік  тәрбие  білім  беру  жүйесінде
өзін-өзі тану пәні арқылы жүзеге асады.
Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы
және өзіндік қайталанбас  жеке  даралығын  пайымдауы  арқылы  табиғи
қабілеттіліктері  мен  жасампаздық  әлеуетін  ашуға  бағытталған  мақсатты  білім
беру үдерісін ұйымдастыруды  көздейді. Өзін-өзі  тану  пәнінің оқу-әдістемелік
құралдары  оқушылардың  қоғамға  және өз-өзіне қызмет  етуіне  бағытталып,
олардың жасампаздық белсенділігін  танытуға  мүмкіндік  беретін өмірлік
маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.
Өзін-өзі тану бойынша білім берудің негізгі мақсат-мүдделері:
1) адамның  өзіндік  бейімділіктерін  ашу  және  оның темпераментін,  мінез-
құлқын, қабілеттерін  ескере  отырып,  оны  жеке  тұлға  ретінде,  іс-әрекет
субъектісі әрі жеке дара субъект ретінде дамыту;
2) оқушылардың өзіне, қоршаған ортаға және бүкіл адамзатқа деген қарым-
қатынасын
айқындайтын  адамгершілік  мінез-құлықтарының,
әлеуметтік
маңызы бар бағдарларының негізін қалыптастыру;

107
3) қоғамға қызмет етуге  бағытталған  мәселелерді  шешуде  жеке  тұлға
құндылықтарын,  алған  білімдерін  іс  жүзінде  шығармашылықпен қолдану
дағдыларын қалыптастыру.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
1) өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
2) түрлі  мәселелерді  адамгершілік қағидаларға  сәйкес  сындарлы  түрде
шешу;
3) өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
4) адамдарға  көмек  көрсету,  туыстарына  және  жақындарына  мейірімді,
қамқор болу;
5) өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы
болу;
6) жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
7) өз ойын,  сөзі  мен  ісін  адамгершілік  тұрғысынан  таңдауға  дайын  болу
және оған жауапты болу;
8) қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
Өзін-өзі  тану  пәнінің  құрамы  мен құрылымы  аталған  міндеттерді
орындауға  бағытталып,  10-11-сыныптарға  білім  берудің базалық мазмұнын
анықтайды.
Өзін-өзі  тануды  жеке  міндетті  пән  ретінде  оқыту  оқу  жоспарының
инвариантты  бөлімінде  10-11-сыныптарда  аптасына  1  сағаттан, әрбір  сыныпта
бір жылға барлығы 34 сағаттық оқу жүктемесі көлемінде жүзеге асырылады.
3.5 «Технология» білім саласы
Технология
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның
қажеттіліктерін, қазіргі  заманғы  педагогикалық  ғылымының жетістіктерін
ескере отырып белгіленген.
Оқу 
курсының
мақсаты

техника  мен  технология  саласында
оқушылардың заманауи өндірісінде  алған  білімі  жүйесінің нәтижелілігіне
бағытталған  функционалдық сауаттылығын қамтамасыздандыру,  сонымен
қатар,  технологиялық ойлау қабілетін,  болмысқа  деген  шығармашылық
көзқарасын дамыту.
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған:
- техника,  технология  және  заманауи өндіріс  негіздерінен  жүйеленген
білімді қалыптастыру;
- құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін
іске  асыру  бойынша  жалпы  еңбектік,  жалпы өндірістік  және  арнайы
икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
- технологиялық ойлау қабілетін  және  еңбекке  деген  шығармашылық
көзқарасын дамыту;
- оқып  жүрген  технологиялармен  байланысты  мамандықтар әлемі,  еңбек
нарығындағы  олардың талап  етілуі  туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің
өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

108
- еңбек ету  және  кәсіби  іс-әрекеті үрдісінде  эстетикалық, адамгершілік,
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;
- оқушылардың  Қазақстан  халықтарының  ұлттық мәдениетіне,  салт-
дәстүрлеріне деген құрмет  көзқарасын қалыптастыру.
«Технология»  пәнін оқыту  барысында  барлық төрт  компоненттер  кіреді
азаматтардың  әлеуметтік  тәжірбиесі:  біліп  тану  саласының тәжірбиесі  (түрлі
облыс  ақиқат  туралы  білімі),  танымал әдістер  саласының тәжірбие  барысында
орындау, шығармашылық саласының тәжірбиесі және тәжірбие эмоциональды-
құндылықтар қатынас  объектілеріне  және  адам  саласының  құралдарымен.  Бұл
барлық компонентер оқу курсының мазмұнында бар.
Соған  байланысты  10-11  сынып ұлдарға  келесі  бөлімдер  бойынша
тақырыптар беріледі:
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті
қорғау
2. Ауылшаруашылық өндірісіндегітехника
және технология
3.  Ағашты  және  ағаш  материалдарды
қолмен 
және
механикалық 
өңдеу
технологиясы
4.  Металды қол  және механикалық  өңдеу
технологиясы
5. 
Сәндік
қолданбалы
өнерінің
элементтерімен 
көркем
материалдардыөңдеу технологиясы.
6.
Электротехника
және
электрониканегіздері
7. Үй  мәдениеті. Үй  шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар
8. Шығармашылық жобалау саласы
9. Қазіргі  заман өндірісі  және  техникалық
кәсіби білім
1.
Қауіпсіздік  техникасы  және  еңбекті
қорғау
2.  Ағашты  және  ағаш  материалдарды
қолмен 
және 
механикалық 
өңдеу
технологиясы
3.  Металды қол  және механикалық  өңдеу
технологиясы
4. 
Сәндік
қолданбалы
өнерінің
элементтерімен 
көркем
материалдардыөңдеу технологиясы.
5.
Электротехника
және
электрониканегіздері
6. Үй  мәдениеті. Үй  шаруашылығындағы
жөндеу жұмыстар
7. Шығармашылық жобалау саласы
8. Қазіргі  заман өндірісі  және  техникалық
кәсіби білім
«Қазіргі  заман өндірісі  және  техникалық кәсіби  білім»  жаңа  бөлім,  оқу
барысында  тұлғалық  қасиеттер  және  мамандық таңдау, қазіргі  заман  талабы,
кәсіптік  саласы,  жоғарғы  оқу  орындары  және  жоғарғы  білімді  алып  меңгеру
жолдарын оқыту кіреді.
Ұйымдастыру  пішіндері  технологиялық дайындау  оқушының дамыту
деңгейі  анықталу  және әдістерді қолдану,  олардың оқуына  еңбекке, қызмет
көрсету саласына дайындығы.
Сабақ өткізу  барысында қазіргі  заман оқыту  технологияларын қолданады,
пішіндер,
ұйымдастыру
әдістері  және  оқу
үрдістерін
қадағалау  және
оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстары,  «Технология»  пәнін  оқыту
барысында ерекше сапалыларын іске асыру дидактикалық талаптар.
Басым әдістер  жаттығу,  практикалық-оқу  жұмыстары,  жобалау әдістері
болып  келеді.  Жыл
қортындысы  бойынша
ұсынылған,  жасалуы  және

109
жобаларын қорғау.  Жобалардың көбі – дербес.  Сонымен қатар  жоба  топ
оқушыларымен орындалуына рұқсат беріледі.
10-11  сынып  оқушыларымен  кәсібибағытты  апта өткізу  барысында
мақсатқа  лайықтылық,  қалыптастыруға  дайындық кәсіби  шешім қабылдау,
тренинг  сабақтар өткізу,  сонымен қатар  санасезімімен қажеттілік  «өңдеу»
негізгі  және қосымша  (ықтималды)  варианттарды  таңдау  пішін  жұмысқа  тұру
немесе  білім  беру  саласының траекториясы, әмбебап қаблеттерінің дамуы,
керекті кәсіптік мобилділік үшін және бәсекеші қаблеттілік.
Мемлекеттік  бағдарламаны  іске  асыру ҚР  «Мәдени  мұра»  барлық
бөлімдері  арқылы  іске  асырылады,  бірақ негізгі  тірек  «Сәндік қолданбалы
өнерінің элементтерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы» бөліміне
жасалынады.
Көркем мәдениеттің бастапқы қағидаларға, «Технология» пәнінің мазмұны
мүмкіндіктері  алдынала қарастырылған  жалпы  адамдық және ұлттық мәдени
құндылықтарын қалыптастыру үшін, өзқұндылығы  ретінде  еңбек  арасында
қарастырылады, өмір саласының негізі ретінде.
Соған  байланысты  10-11  сыныптарындағы қыз  балаларға  келесі  бөлімдер
бойынша тақырыптар беріледі:
Ауыл мектептерінде
Қала мектептерінде
1. Тағам әзірлеу технологиясы
2. Құрастыру,  моделдеу  және  иық, бел
өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін
тігіп өндіру
3. Жобаны қорғау
1. Тағам әзірлеу технологиясы
2. Құрастыру,  моделдеу  және  иық, бел
өнімдерін өндіру. Қазақтың халық киімін
тігіп өндіру
3. Жобаны қорғау
Қаладағы,  ауылдағы  және  шағынжинақты  мектептерінде  сыныптардың
толықтандыруына қарамастан ұл мен қыз топтарына бөлінуі іске асырылады.
«Технология»  пәні  10-11  сыныптарында  екі  бағытта  жүргізіледі,  сағаттың
саныжылына 34 сағатты құрайды, аптасына 1 сағат.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын  талаптар  арқылы  оқыту
нәтижелері айқындалып, оқушыларды негізгі мектеп курсы бойынша жағымды
(ойдағыдай, дұрыс) аттестациялануының міндетті шарты болып табылады.
Оқушылардың дайындық деңгейі үш аспектілері ескеріле отырып: пәндік,
тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.
3.6  «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру
Оқу  пәні  ретінде  дене  шынықтыру  жалпы  білім  беретін  мектепте  маңызды
роль  атқарады,  жалпыадамзат  мәдениеті  саласында  белсенді  шығармашылық
түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту мақсаты:
- қимыл-қозғалыс  негіздерін  игеру  арқылы  оқушылардың дене  мәдениетін
қалыптастыру;

110
- физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;
- салауатты өмір  салтын ұйымдастыруда  дене  тәрбиесі құралдарын
шығармашылық жолмен қолдану.
Оқыту міндеттері:
- денсаулықты  нығайту,  ағзаның  қызметтік  мүмкіндіктерін  арттыру  және
негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;
-
базалық
спорт  түрлерінің
техника-тактикалық
іс-қимыл
әдістерін
жетілдіру;
- өз  денсаулықтарына  ықтиярлықпен қарау,  денсаулықты  сақтау  мен
нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;
- дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және
салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;
- тұлғаны  оң  қасиеттерге  тәрбиелеу,  оқу  және  жарыс әрекеттерінде
ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.
Оқу  бағдарламасы  екі  бөлімнен  тұрады:  «Дене  шынықтыру  туралы  білім»
(ақпараттық
компонент),  «Денені  жетілдіру  және  шеберлік»  (әрекеттік
компонент).
Бағдарламалық талаптарды  ескеріп, әрбір  оқушының жеке  мүмкіндіктері
мен  жыныстық даму  ерекшеліктерін  бағамдай  отырып,  мұғалім өздігінен  жеке
талаптар қойып (қорытынды  тапсырмалар),  талаптардың  өзіндік  шкаласын
құруына  және  сол  бойынша  оқушылардың жылдық  үлгерімдерін  бағалауына
болады.  Осындай өзіндік  жол  дене  шынықтыру  мұғаліміне  оқыту-үйретудің
барлық кезеңдерінде оқушылардың даму деңгейлерінің жеке жас ерекшеліктерін
ескере отырып, сабақ үлгерімдерін шынайы бағалауға мүмкіндік береді.
Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:
– мұғалім өз  тәжірибесіне  сүйеніп,  балалармен  нақты  жағдайдағы  жұмыс
дағдысына  байланысты ұсынылып  отырылған  бағдарламаның  қай  бөлімін
болмасын өзінің материалдарымен  толықтыруға  (немесе  түзетулер  енгізуге)
құқылы. Оқушыларға қойылатын негізгі талап қалай болса да тәжірибеде жүзеге
асуы тиіс;
– қай  сыныпта  болмасын  балалардың даярлығы  мен  сабақтың нақты
жағдайына қарай мұғалім өз жұмысын ұйымдастырады;

оқушылардың
тактикалық
ойлануын  дамытуға,  дене
қасиеттерін
тәрбиелеуге қозғалыс  ойындарының  әсерін  есептей  отырып,  ең оңтайлы
қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;
– оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау
- сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

дене  тәрбиесі  сабақтарының
тиімділігі  екі  параметр  бойынша
бағаланады:  а)  жекелеген  бақылау  нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің
таңдауы 
бойынша 
(Президент 
сынамалары 
нормативтерін 
орындау
нәтижелері).
«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық
мәнінде  жүргізуге  мүмкіндігі  жоқ республиканың аймақтарында  оларды
алмастыру ұсынылады.  Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі

111
бойынша  бұл  сабақтар  тиісінше  дала  жарысымен  (кросс  дайындығымен)  және
гимнастикамен  (ырғақты,  атлетикалық, кәсіби-қолданбалы)  алмастырылуы
мүмкін.
Оқушылардың
денсаулығын 
нығайту 
мақсатында 
оқу 
жылында
«Денсаулық күнін» 3-4 рет өткізу ұсынылады.
Типтік оқу жоспарына сәйкес пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
10-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты;
11-сыныпта – аптасына 3 сағаттан, оқу жылында 102 сағатты құрайды.
Алғашқы әскери дайындық
Алғашқы
әскери 
дайындық
меншік 
түрі 
мен 
ведомствалық
бағыныштылығына
қарамастан,  барлық
типтегі  жалпы  білім  беретін
мектептерде,  орта  арнаулы  оқу  орындарында  (колледждерде),  кәсіптік-
техникалық мектептерде әскерге  шақырылуға  дейінгі  және әскерге  шақырылу
жасындағы  білім  алушы  жастардың
міндетті  оқытылатын  пәні  болып
табылады.
Алғашқы әскери  даярлау  теориялық және  практикалық сабақтарда  іске
асырылады.  Теориялық сабақтар  оқытудың дидактикалық материалдарын,
техникалық  құралдар  мен  инновациялық  әдістерді қолдана  отырып әңгімелеу
және  сұхбаттасу  түрінде өткізіледі.  Практикалық сабақтар қарулану  және
әскери-техникалық мүлікті, құралдарды  және өзге  де  жабдықтарды қолдана
отырып оқу материалын игеруге бағытталған.
Оқу  пәнінің мақсаттары – Қазақстан  Республикасы Қарулы  Күштерінде
қызмет  ету  туралы  түсінігін  және әскери  іс  негіздері  бойынша  оқушылардың
білімдерін қалыптастыру; оқушылардың өмірлік қабілеттері мен дағдыларының
дамуын қалыптастыруға ықпал ету.
Оқу пәнінің негізгі міндеттері:
•  оқушыларды Қазақстан  Республикасы Қарулы  Күштерінде қызмет  ету
үшін  алғашқы әскери  дайындықтың теориялық тиянақты  білімдері  негізінде,
практикалық дағдыларды меңгере алатындай жағдайда даярлау;
• оқушыларды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметі туралы
біртұтас түсінігінің өзара үйлесімді жүйесін қалыптастыру.
Оқу  пәнінің мазмұны  мен құрылымы  кіріспе  сабақ,  әскери  істің негіздері
бойынша  тараулар,  азаматтық  қорғаныс  және  медициналық білім  негіздерінен
тұрады.
Оқушылардың практикалық дағдылары  мен  біліктіліктерін  шыңдау  және
жетілдіру,  сонымен қатар әскери  істі  оқу-үйренуге  деген қызығушылықтарын
арттыру  мақсатында  оқу  жылының соңында  спорттық-қорғаныс  сауықтыру
лагерлерінде, әскери  бөлім  (ӘБ)  базаларында  (ӘБ  басшылығымен  келісе
отырып)  10-сынып ұлдарымен  30  сағат  көлеміндегі  бескүндік  далалық оқу
жиыны өткізіледі. Далалық оқу  жиындары  алғашқы әскери  дайындық курсын
өту  бағдарламасының міндетті  кезеңі  болып  табылады.  Ол  жергілікті  атқару
органдарымен ұйымдастырылады.
11-сынып  оқушыларының
АӘД  пәні  бойынша  нормативтер  мен

112
практикалық жаттығуларды  орындауларын  бағалау  мақсатында,  оқу  жылының
соңында  4  сағат  көлеміндегі
қорытынды  тексеру  сабақтары  (сынақ)
қарастырылған.
10-сыныпта өткізілетін әскери топография сабақтарында оқушыларға басқа
(бөтен)  жерлерде  картасыз  бағдарлау,  сол  ауданда өзінің орналасқан  орнын
анықтау  және  азимут  бойынша  жүру  бағытын  компастың көмегімен  және
компассыз  табуды үйренеді.  Ал,  11-сыныпта  оқушылар  азаматтық  қорғаныс
және  медициналық білім  негіздері  сабақтарында  бейбіт  уақытта  және  соғыс
кездерінде,  табиғи  апаттар,  ірі  көлемдегі  зілзалалар  және  жаудың  қазіргі
заманғы қырып-жою қаруларын қолданған  кезде Қазақстан  Республикасының
халқын қорғау  бойынша  іске  асырылатын  іс-шаралар үйретіледі.  Сонымен
қатар  төтенше  жағдайлар  пайда  болған  аудандарда  және  зақымдану
ошақтарында қалпына  келтіру  жұмыстарын  жүргізу,  сондай-ақ жарақаттанған
адамдарға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету ережелерімен танысады.
Әрбір  оқу  орнында  алғашқы әскери  дайындықты  оқытудың оқу  жылына
есептелген күнтізбе-тақырыптық жоспары құрылады. Сонымен қатар әрбір оқу
орнында меншіктік түрі мен формасына қарамастан АӘД бойынша келесі оқу-
материал  базасы құрылады  және  жетілдіріліп  отырады: қамтамасыз  ету
табеліне  сәйкес  көрнекі құралдармен  және  АӘД  оқытудың техникалық
құралдарымен  жабдықталған оқу  бөлмесі; алғашқы әскери дайындық, тіршілік
қауіпсіздігінің
негіздері  және  азаматтық  қорғаныс  бойынша
арнайы
жабдықтарды сақтауға арналған бөлме; саптық дайындық бойынша сабақ өткізу
алаңы;  рота  бойынша  күндізгі  кезекшінің міндеттерін  іс  жүзінде үйрететін
орын;  сақшының міндеттерін үйретуге  арналған  орын;  тактикалық алаң;
кедергілерден өту  жолының кешені; ату  тирі; әскери  және  еңбек  даңқының
бұрышы.
Оқу  орындарын қару  және өзге  де әскери-техникалық  құралдармен,  оқу
құралдарымен қамтамасыз ету оқу орнының есебінен іске асырылады.
Типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  алғашқы әскери  дайындық пәнінің оқу
жүктемесі:
10-сыныпта – аптасына  1  сағат  инварианттық компонент  есебінен  және
1 сағат вариативтік компонент есебінен, оқу жылында 68 сағатты;
11-сыныпта – аптасына  1  сағат  инварианттық компонент  есебінен  және
1 сағат вариативтік компонент есебінен, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
4 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері
2013-2014  оқу  жылында  шағын  жинақты  мектеп  оқыту
үдерісін
ұйымдастыруда  Білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған
мемлекеттік  бағдарламасын,  жалпы  білім  беретін  мектептер  туралы
нормативтік құжаттарды  және  «Шағын  жинақты  мектеп  және  тірек  мектебі
(ресурстық орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесін» басшылыққа алады.
Шағын  жинақты  мектеп  параллель  сыныптардың болмауы,  сыныптар

113
санының аз  болуы  және  бір  сыныптағы  оқушылардың жас  шамалары әртүрлі
болуына  байланысты өз қызметін ұйымдастыру  формалары  мен әдістерін
таңдауына құқылы.
Шағын  жинақты  мектептің қызметін ұйымдастыруда  мынадай қағидалар
ескеріледі:
біріктірілген  сыныптарда  бірпәндік,  біртақырыптық  ұстанымдарға
негізделген кіріктіре оқытуды ұйымдастыру;
біріктірілген  сыныптардағы  сабақтың дидактикалық кезеңдерін  тиімді
үйлестіретін икемді сабақ кестесін құру;
кіші және жоғары сынып оқушыларымен өздігінен жұмыстарды өткізуге
мүмкіндік беретіндей сабақ жоспарларын ұйымдастыру;
оқу үдерісін әрбір  оқушы  тұлғасына  психодиагностикалық сараптау,
оның даму динамикасына байқау жасау, соның негізінде тиісті түзетулер енгізу
арқылы ұйымдастыру;
әрбір  білім  алушы үшін  оқытудың  өзіндік  траекториясын  белгілеп,
даралап және саралап оқытуға жағдай жасау;
білім  беру  процесінің технологиясы  мен  мазмұнының икемділігін,
вариативтілігін жүзеге асыру;
әрбір  оқушының  өзін-өзі  көрсете  білу, өздігінен  білім  алу қабілетін
дамыту;
білім  берудің дамытушылық, шығармашылық және  инновациялық
сипаты;
шағын 
жинақты 
мектептің
мәдени 
орталықтардан 
шалғай
орналасқандығын  ескере  отырып,  мектептегі  тәрбиелеу  және  дамыту
жұмыстарын басты назарға алу;
шағын  жинақты  мектеп жағдайында  оқытудың ерекшеліктеріне  сәйкес
тиімді  педагогикалық және  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
қолдану.
Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас және
әр жастағыларды  бiрiктiру. Әртүрлі  жастағы  оқушылары  бар  сыныптарды
ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, өйткенi ол балалардың
ауыспалы  жұптарда  жұмыс  iстеуіне,  жоғарғы  сынып  оқушыларының  өзiндiк
жұмыстарын ұйымдастыруға,  сөйтiп  көбiрек  көңiл бөлудi  керек  ететiн  төменгі
сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.
Мектептiң бастауыш білім деңгейінде оқушыларды сыныптық-құрамдарға
бiрiктiрудiң мынадай  нұсқалары  болуы  мүмкiн:  сыныптарды  біріктірудің
аралас  түрі:  2+3,  3+4;
әртүрлі  жастағы  оқушыларды  біріктіру:  2+4,  1+3.
Сыныптарды  біріктіру  кезінде әр  жастағыларды  біріктіру  оңтайлы  болып
табылады,  себебі  бұл  сыныптарда  оқушылардың жас  ерекшеліктері  мен  оқу
бағдарламаларының айырмашылықтары  елеулі,  сондықтан  оларды  бір  сынып
ішінде, бір-біріне кедергісіз бөліп оқыту мүмкіндігі жоғары.
1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан
оқушылардың оқу әрекетiне  бейiмделуі,  талаптануы,  зейіні  тұрақтануы  мен
ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.

114
Екі немесе үш сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы, 2+3+4),
сабақтың белгiлi  бiр  бөлiгiн әрбiр  сыныппен  жеке өткiзу үшiн  жағдай  жасау
мақсатында сабақтың жылжымалы кестесiн қолданған дұрыс.
Мектептiң негiзгi  орта  және  жалпы  орта  білім  деңгейінде  сыныптарды
бiрiктiру әр  сыныптағы оқушылар  санына  байланысты.  Оқушылар  санының аз
болуы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте біріктірген дұрыс: 5+6; 6+7;
7+8,  6+8.  Мұндай  бiрiктiруде  бірпәндік ұстанымға  негізделген  пән  ішіндегі
мазмұны ұқсас  тақырыптарды  кіріктіре  оқытуға  болады.  Мысалы: қазақ тілі,
әдебиет, биология, тарих, география пәндері бойынша пәнішілік кiрiктiре оқыту
ұсынылады.
Біріктірілген  сыныптарда  пәнішілік  кіріктіре  оқыту  мұғалімдер  мен
оқушылар үшін төмендегідей тиімділіктерді көрсетеді:
- оқушылар әртүрлі  сыныпта  оқығанымен,  олардың назарын  бір  пәннің
мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;
- әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;
- өзіндік  жұмыстарды  оқушылардың жас  ерекшелігіне қарай  деңгейлеп
беруге жағдай жасалады;
- оқушылардың бір-біріне  көмектесіп, ұжымдық  қарым-қатынасқа  түсуіне
мүмкіндік беріледі;
- оқушылардың бірін-бірі  тексеруін, өзін-өзі  тексеруін  және  бағалауын
жүзеге асырылады;
- үлкен  сынып  оқушысы  төменгі  сыныптың жұмысын  тексеріп  бағалау
арқылы өз білімін іс жүзінде қолдануына мүмкіндік туады.
Пәнішілік  кіріктіре  оқыту  мүмкін  болмаған  жағдайда  пәнаралық кіріктіре
оқыту  мүмкiндiгі  бар  (мысалы: әдебиет  пен  тарих,  тарих  пен  география,
биология мен химия, математика мен информатика).
9,  11-сыныптар  бiтiрушi  сыныптар  болғандықтан,  олардағы  бала  саны  аз
болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытылмайды.
Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық
материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн  уақыт мөлшерi
сақталуы керек:
жазу сабағы бойынша 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;
математика  сабағы  бойынша  2-сыныпта  15  минуттан,  3-сыныпта
20 минуттан аспауы тиiс.
Шағын 
жинақты 
мектепте 
оқу
үдерісін
ұйымдастыруда 
тиімді
педагогикалық технологиялар  (деңгейлеп,  саралап  оқыту, ұжымдық оқыту,
дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-
коммуникациялық технология және т.б.) қолданылады.
Деңгейлеп  оқыту  оқушылардың жас  және  білім  деңгейі  ерекшеліктерін
ескере  отырып,  деңгейлік  тапсырмалар  беру  арқылы  олардың танымдық
белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ұжымдық оқыту әдісі  динамикалық жұптар құра  отырып,  оқушылар
арасында  танымдық  қарым-қатынасын,  оқушылардың бірін-бірі  оқытуын
ұйымдастыру  болып  табылады. Ұжымдық оқыту әдісі  балалардың  қарым-

115
қатынасы  тапшылығын  азайтуға,  ауылдық жерлерде  оқушылардың аздығы
жағдайында  оқушылардың монологтік  және  диалогтік  сөйлеу қабілеттерін
дамытуға  жағдай  жасап,  мұғалімнің жалпы  сыныппен  жұмысын  азайтып,
жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.
Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін
қамтамасыз  ететін,  мағыналық  қисынды  байланыстар  негізінде  білімдік
ұғымдарды  біріктіру  жүйесі.  Бұл  технология  оқу  пәндері  және  салалас  пәндер
блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы
аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.
Дамыта  оқыту  технологиясының  әдіс-тәсілдерін  кең  қолдану - әр
оқушының
жан-жақты  дамуына
жағдай  жасау  арқылы
белсенді  тұлға
тәрбиелеу.
Шағын  жинақты  мектеп  жағдайында  ақпараттық-коммуникациялық
технологияны қолдану  арқылы  білім  беру, ғылым  мен  мәдениет  және  т.б.
салаларда  ақпараттардың
халықаралық
дереккөздерін,  электрондық
оқу
материалдарын  пайдаланады,  тірек  мектебімен  (ресурстық
орталықпен)
байланыс  орната  отырып,  сессияаралық кезеңде  олардың білім қорларын
пайдаланады, қашықтан оқытуды жүзеге асырады.
Жақын  орналасқан  шағын  жинақты  мектептерді  біріктіретін,  білім  беру
ұйымы 
болып 
табылатын 
тірек 
мектептер 
(ресурстық
орталықтар)
оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай туғызады. Тірек мектептер
(ресурстық орталықтар) базасында  шағын  жинақты  мектеп  оқушылары үш  рет
(оқу  жылының басында,  ортасында  жəне  соңында)  он  күннен  (сессия)  білім
алады əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық
кезеңде  шағын  жинақты  мектептерде  оқыту  тірек  мектеп  мұғалімдерінің
қатысуымен  жəне қашықта  оқыту  технологияларының көмегімен жүргізіледі.
Тірек  мектептердің  қорларын қолдану  негізінде  білім  сапасы,  мектептердің
педагогикалық өзара қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу жүйесі дамытылады.
5 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері
Қазіргі  кезде  Байқоңыр қаласының мектептері  айрықша  жағдайда,  атап
айтқанда,  Ресей  Федерациясының Білім  министрлігіне қарасты  мекемелердің
басшылығымен  жұмыс  істеп  жатыр. Қазақстан  Республикасының азаматтары
болып  табылатын  оқушылар құрамын  ескере  отырып, ҚР  Білім  және ғылым
министрлігі  төмендегі  оқу  пәндерін қазақ тілінде  оқытатын  мектептерде
Федералдық базистік оқу жоспарының аймақтық компоненті есебінен оқытуды
ұсынады:
- қазақ тілі 1-11-сыныптар;
- қазақ әдебиеті 5-11-сыныптар;
- Қазақстан тарихы 5-11-сыныптар;
- Қазақстан географиясы 8-9-сыныптар.
Жалпы білім беретін басқа оқу пәндері бойынша, мұғалімдер күнтізбелік-

116
тақырыптық
жоспарын,  сабақ
жоспарларын
құруда,  оқу  материалын
дайындағанда  оқушылардың  Қазақстан  Республикасының ерекшеліктеріне
байланысты  танымдық-ақпараттық материалдарымен  танысуына,  игеруіне
мүмкіндік жасаулары тиіс.

117
Мазмұны
Кіріспе ………………………………………………………………………..
3
1 Бастауыш білім беру деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ........
7
1.1
1.2
1.3
1.4
1.5
1.6
1.7
«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….................................
«Математика» білім саласы ……………….........................................
«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................
«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................
«Өнер» білім саласы ……………….....................................................
«Технология» білім саласы ………………..........................................
«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................
7
22
25
26
28
30
31
2 Негізгі орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері …..........
32
2.1
2.2
2.3
2.4
2.5
2.6
2.7
«Тіл және әдебиет» білім саласы ………………................................
«Математика және информатика» білім саласы ………………........
«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................
«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................
«Өнер» білім саласы ……………….....................................................
«Технология» білім саласы ………………..........................................
«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................
32
44
50
61
67
70
74
3 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері ……......
76
3.1
3.2
3.3
3.4
3.5
3.6
«Тіл және әдебиет» білім саласы ……………….................................
«Математика және информатика» білім саласы ………………........
«Жаратылыстану» білім саласы ………………..................................
«Адам және қоғам» білім саласы ………………................................
«Технология» білім саласы ………………..........................................
«Дене шынықтыру» білім саласы ………………................................
76
89
95
102
106
109
4 Шағын жинақты мектептерде оқыту ерекшеліктері ………………........
112
5 Байқоңыр қаласындағы мектептерде оқытудың ерекшеліктері ……......
115

118
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының
жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым
негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Әдістемелік нұсқау хат
Басуға 24.06.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84
1/
16
. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.
Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 7,5.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК
010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург»ІСО, 13-қабат.

Каталог: files -> blogs
blogs -> Сборник текстов на казахском, русском, английском
blogs -> А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова
blogs -> А. Райымбергенов
blogs -> «Абайтану»
blogs -> «Абайтану»
blogs -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Адам жəне қоғам»
blogs -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

жүктеу 1.18 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет