ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



жүктеу 1.31 Mb.
бет7/60
Дата19.06.2022
өлшемі1.31 Mb.
#20643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60
6 Лекция Кыпшактану
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе
Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.Алтын Орда мемлекетінің қандай астаналары болды?
2. Сарайшық қаласы қай жерде орналасқан?
3. Сыр бойында қандай көне қалар орны бар?
4. Сығанақ туралы қандай зерттеулерді білесің?
5. ХХ ғасырдағы Қазақ елінің астаналары.


Дәріс №-5.Қыпшақтардың шаруашылығы, наным-сенімі және әскери өнері

Қыпшақтар бүгінгі Қазақстан территориясын ежелден мекен еткен. Олар Есіл мен Тобыл, Нұра, Елек пен Сарысу өзендері бойын жайлаған. Көптеген қыпшақ тайпалары Маңғыстау мен Үстіртті қыстап, Жем, Сағыз, Ойыл, Қобда, Жайық өзендерінің бойындағы жайлауларына көшетін. Каспий теңізінің солтүстік жағалауынан жаздыгүні Еділ, Бала жоне Үлкен өзендерінің аңғарлары мен Оңтүстік Орал тауының етегіне көшіп баратын. Қыпшақтардың тарихи қалыптасқан көшу жолдары болған. Қыпшақ тайпаларының бірқатар рулары Арал өнірі мен Сырдария бойындағы аймақта қыстап, жаз кезінде солтүстікке, Қазақстанның орталық аудандарына кетіп отырған. Мәселен, Ертіс бойын қимақтар мекендесе, Жайық пен Еділ арасында куман тайпаларынын едәуір топтары қоныстанған еді. Қыпшақтармен бірге Батыс Қазақстанда оғыз жэне печенег тайпаларынын қалған топтары мекендеді, ал шығыста наймандар, керейлер мен арғындар көшіп жүрді. Қазақстанның оңтүстігін көшпелі және жартылай көшпелі имек, қарлұқ, жікіл, ұран, қай тайпаларынын өкілдері мекен етті.


Қыпшақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қыпшақтар төрт түліктің бәрін (жылқы, қой, сиыр, түйе) өсірген. Дегенмен көшіп, қонуға ыңғайлы, жазы-қысы жайылуға бейім жылқы мен қой өсірудің зор маңызы болды. Әсіресе көшпелі жұрты үшін мінсең көлік, ішсең қымыз, жесең ет жылқы малының рөлі зор болды. «Ат-ер қанаты» деп дәріптелді. Қыпшақ жылқылары қуса жетер, қашса құтылар желден жүйрік жануарлар болды. Қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды, киіз басылды. Көшіп, қонуға ыңғайлы киіз үйде тұрды. Қыпшақтар қойдың екі тұқымын, ұзақ көшуге бейімді шағын құйрықты және төзімді, құйрықты қойлар өсірген.
Дешті Қыпшақта, Алтын Орда мемлекетінде хандар ресми ислам дінін қабылдаған тұстар болған. Дегенмен, қыпшақтар мұсылмандықпен қатар бұрынғы наным-сенімдерінен түгел бас тарта қойған жоқ. Тәңірлік, шамандықпен мидай араласқан мұсылмандықты тұтынды. Қыпшақ нәсілді жұрт өмірге фетешизмді (тасқа, аңға, ағашқа табыну), сосын табуды, ең соңы ата-баба аруағын бәрінен жоғары қою нанымын әкелген жұрт. Мұхаммед (с.ғ.с.): «Маған табынған халық сорлы» деп, жан иесі адамға емес, жалғыз Аллаға табынуды өз үмметіне қатаң уағыз еткен. Бірақ Дешті Қыпшақта бұл талап толық орындалмады.
Байырғы қыпшақтардың бүгінгі заңды мұрагері қазақ жұрты да мұсылмандықпен қатар ежелгі наным-сенімдерін әлі сақтап келеді. Қазақ отбасы үшін ата-баба аруағы мен от қашанда киелі болып саналады.
Қыпшақтардың әскери өнері тек Еуразия кеңістігінде ғана емес, әлемге аты шықты. Бұл мәселемен ғылыми тұрғыда В.Бережинский, А.Кушумбаев, Б.Худяков сияқты ғалымдар зерттеді. Қыпшақтардың соғыс өнері көшпелі дәстүрден туындап, өмір сүру дағдысымен үйлесімді болды. Барлық әскер негізінен атты әскер еді. Қыпшақтарда әрбір еркек жауынгер болды, қажет болса бойжеткен қызар мен әйелдер де ат үстінде табылатын. Жауынгердің бес қаруы болды. Олар:садақ. найза, қылыш, шоқпар, айбалта. Садақпен атады, қылышпен кеседі, найзамен шаншиды, айбалтамен шабады, шоқпармен соғады. Сонымен қатар жауды тұтқынға түсіру үшін арқанды пайдаланған. Оқтан сақтану үшін берен сауыт, жұқа кіреуке, торғауыт сауыттар киген.
Соғыс көбіне жекпе-жекпен басталған. Жекпе-жек ұрыс алдындағы батырлардың жеке айқасы. Жекпе-жектің нәтижесі соғыс тағдырына ықпал ететін болған.
Қыпшақтар шаубылды жеңіл атты әскермен бастап, айналып жүріп, қашықтан оқ жаудырған. Сосын әді кейін шегінген. Қашқан қарсыласты қуамыз деп негізгі топтан бөлініп, артына түскендерді қайта шабуылдап тоз-тозын шығаратын болған. Еуропа рыцарлары қыпшақтарды менсінбей осы тәсілдің құрбаны болғаны тарихтан белгілі. Бұл тәсілді қазақтар «көз алдау», «қоян қашты» деп те атайды. Кейде көз алдау үшін, көп көрініп жауды қорқыту үшін, әскер алдына үйір-үйір жылқы айдайтын да болған, немесе ат үстіне адам кейіпдегі қуыршақтар отырғызатын. Сонымен қатар қыпшақтар тосқауыл әдісін жақсы пайдаланған. Азғантай топ жеңілген боп қашып келіп, тұра қуған жау негізгі күштің тосқауылына тап болатын. Бұл әдісті тарихта 1097 жылы қыпшақ қолбасшылары Боняк пен Алтын-оба венгерлерге қарсы пайдаланып жеңіске жеткен. А.Кушкумбаевтың пікірінше, бұл қарапайым көщпелі жұрттың тәсілі.
Қыпшақтар жаудың сыртына өтіп айналдыра қоршап алып біртіндеп қыса түсу, бөлінген жау топтарын жеке-жеке қоршап алып, жою әдісін де тиімді пайдаланған. Мәселен, Тугоркан Киев князы Святопол басқарған рус әскерін осы тәсілмен жеңген болатын. Қазақтар бұл тәсілді «ай қораланды» деп атап, жоңғарларға қарсы күресте пайдаланғаны белгілі.
Күтпеген жерден шабуыл жасау - нәтижеге қол жеткізудің кепілі. 1068 жылы қыпшақтар Альте өзені бойында рустарға жеті қараңғы түнде шабуыл жасап, тоз-тозын шығарып жеңгенін тарихтан хабардармыз.
Жаудың тылынан шабуыл жасау. Қазақтар бұны «тұлғама» деп те атаған. Бабыр өзінің қолжазбаларында бұл әдісті Дешты-қыпшақ халқының соғыстағы ұлы өнері деп бағалаған. Ал жау жағы басым болса, қорғанысқа көшуде арбаларды пайдаланған. Өгіз, түйе терісі жабылған арбаларды дөңгелентіп бекініс жасап, арбаның тасасында тұрып, жауына оқ жаудыратын болған. Арбалардың арасында өздері білетін жолдармен шабуылға да шығатын.
Арқан салу әдісін де керек кезінде қыпшақтар жақсы пайдаланған. Бір соғыста княз Игор Святославич пен оның ұлы Владимир, басқа да рус ақсүйектері осы әдіспен атттан құлатылып тұтқынға түскен болатын.
Қыпшақтар көшпелі жұрт болғасын да әскерлері өте тездігі мен шапшаңдығымен ерекшеленді. Олардың соғыс тәсілін майдан барысына қарай тез өзгертіп отыратын ұтқырлығы талай жеңістерді әкелді, аспан астында өмір сүруге мүмкіндік берді.


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1.Орта ғасырларда қыпшақтар қандай шаруашылықпен айналысты?
2. Қыпшақтардың негізгі азық, сусындары туралы не білесің?
3. Қыпшақтар исламға дейін қандай діни сенімде болды?
4. Абу Ханифа мазһабы туралы не айтар едің?
5. Қыпшақтардың соғыс өнері туралы қандай деректер бар?



жүктеу 1.31 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   60




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет