ОқУ Әдістемелік кешені пәні «Қыпшақтану»



жүктеу 1.31 Mb.
бет4/60
Дата19.06.2022
өлшемі1.31 Mb.
#20643
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
6 Лекция Кыпшактану
Дәріс. Тіл біліміне кіріспе

Ұлы Дала елі, Қазақстан территориясында ежелгі және орта ғасырларда мемлекеттілік үрдісі академик Б.Көмековтың айтуынша, үздіксіз және сабақтастық сипатта болды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін 18 көшпелі мемлекет тарих сахнасынан бірі кетіп, бірі келіп, сабақтастық сипатта өмір сүрді. Сақ қоғамы алғашқы мемлекеттіліктің үлгісі еді. Сақ қоғамында басталған мемлекеттік үрдіс ішкі Азияда (б.з.д.ІІІ ғ.) ғұн қоғамының дамып, алғашық көшпелілер империясын құруға әкеп соқты. Одан әрі Орталық Азиядағы түптүріктік мемлекеттік құрылымдар жалғасын тапты. Кейін сақ тайпаларның мұрагерлері үйсіндер мен қаңлылар мемлекет құрып, елдік дәстүрді жалғастырды. VІ ғасырда Түрік қағанаты дүниеге келді.Қазақстан аумағы Түрік қағанатының саяси және мәдени ықпалында болды. Соынң нәтижесінде Қазастан территориясында мемлекеттіліктің жаңа белесі басталды. Осы тұста көне түркі жауы кең тарады.

Батыс Түрік қағанатының ыдырауына байланысты Қазақстан территориясында үш мемлекетік бірлестік пайда болды. Олар: Сырдария мен Арал теңізі маңында Оғыз мемлекеті, Жетісуда Қарлұқ мемлекеті, ал Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда Кимек қағанаты дүниеге келді.

Осы аталған ІХ-Х ғасырлардағы этносяси бірлестіктер Түрік қағанаттарының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастырды. ХІ ғасырдың басында саяси алауыздықтың әсерінен Кимек қағанаты құлады. Тарих сахнасына Кимек мемлекетінің мұрагері ретінде қыпшақтар шықты. ХІ-ХІІ ғасырларда Қазақстан территориясында Қыпшақ хандығы құрылды. Көне түріктік және көшпелі мемлекеттік дәстүрлер ұстанған қыпшақ дәуірі басталды.


Сонымен қатар ІХ-Х ғасырларда тарих сахнасында оғыздардың да үлкен орны болды. Олар Солтүстік Каспий, Сырдарияның төменгі ағысы, Арал теңізі маңайын жайлады. Бірақ ХІ ғасырдағы қыпшақ тайпаларының өсіп, өркендеп, билік басына келуі оғыздарды ығыстырып, басқа да түрлі тайпалардың қыпшақ одағына сіңіп, ортақ қыпшақ тілінде сөйлеуіне мәжбүр қылды. С.Г.Агаджанов былай дейді: “В конце Х-первой половине ХІ в. в политических рамках державы сырдарьинских ябгу происходит интенсивный процесс формирования огузской народности, он стимулировался распадом старых кровнородственных связей, образованиям новых территориально-хозяйственных объединений и становлением раннефеодальных отношений. Однако данный процесс не получили своего завершения и был прерван гибелью огузского государства в середине ХІ в. в результате кипчакского движения (Агаджанов С.Т. К этнической истории огузов Средней Азии и Казахстана // Проблемы современной тюркологии. —Алма-Ата, 1980. -С. 35-37).
Басында Қимақ қағанатының құрамында өмір сүріп, кейін дара тайпа болып бөлінген қыпшақтар ХІ ғасырдан бастап Ә.Құрышжановтың сөзімен айтқанда “тарих сахнасының авансценасына” шығады. Орта ғасырлық қыпшақтар тарихын арнайы зерттеген С.М.Ақынжанов: “әр түрлі тарихи деректерге қарағанда, Қазақстан даласының солтүстік аймақтарында ХІ-ХІІ ғасырларда түркі тайпаларының басында хан билігі бар қыпшақтар конфедерациясы қалыптасты” - деп тұжырымдады (Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекого Казахстана. —Алматы: Гылым, 1995). Қыпшақтар ұлан байтақ территорияны игеріп Балқаш көлінің жағалауларындағы жазық далалардан бастап Солтүстік Кавказ таулары мен Қырым қырқаларына дейінгі аралықты мекендеді. Мафазат әл-гузз (оғыздар даласы) атауының орнына Дешті-қыпшақ (қыпшақтар даласы) атауы пайда болды. Барлық Дешті Қыпшақ кеңістігнде қыпшақтарға бағынышты тарихи-этнографиялық бірлестік пайда болды. ХІІ ғасырда түрік халықтарының ішінде ең көп таралғаын қыпшақтар болды. Қыпшақ одағына кірген түркі тайпалары қыпшақтанып, олардың тілдері қыпшақ тілінің ығында қалып, қыпшақ тілі тұтас мемлекеттік, тіпті халықаралық тіл деңгейіне көтерілді. Қыпшақ тайпалары Қытай қорғанынан бастап Шығыс Түркістан, Алтай таулары, Орта Азия, Еділ аймағы, Алтын Орда, одан әрі Европаға дейін тарады.

Аса үлкен аймақты қамтыған Қыпшақ хандығы Шығыс Қыпшақ (Қазақстан жері) және Батыс Қыпшақ деген екі этнотериториялық бірлестікке бөлінді. Олардың арасын Едділ өзені бөліп жатты. Қыпшақтардың этноәлеуметтік қауымдастығын хандар билігі басқарды. Хандар Ербөрілі рулық әулетінен болып тұрды. Бұдан басқа тархандар, басқақтар, бектер, байлар сияқты билеуші ақсүйектік топтар болды. Шығыс Дешті Қыпшақтың құрамына 16 тайпа енді. ХІ-ХІІ ғасырлар Шығыс Қыпшақ хандығындағы этностық үрдістердің дамуы әсерінен қазақ халқының этностық негізі қаланды.

Кейін монғол үстемдігі кезінде құрылған Алтын Орда қыпшақтардың негізгі отаны болды. Дешті Қыпшақтағы саяси билік Шыңғыс хан ұрпақтарының қолына көшті. Дегенмен моңғол және қыпшақ мәдениетіінң тартысында түркі мәдениеті жеңді. Тілдегі, діндегі, жазңдағы, әдет-ғұрыптағы қыпшақтардың руханыи дәстүрлері мен мәдениеті моңғол мәдениетінен басым түсті. Моңғол ақсүйектері біртіндеп түрік-қыпшақ ортасына сіңісті. Бұл жерде М. Аджидің “Дешт-и-кипчак при новом монголском правителе получил и новое имя – Золотая Орда, …которая, как это ни парадоксально, целиком и полностью держалась на кипчаках” деген сөзінің маңызы зор.

Алтын Орда мемлекеті дүниежүзілік тарихта, әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар іргелі де қуатты мемлекет еді. Бұл солтүстік-шығыста Бұлғар облысы, Еділдің орта және төменгі жағалауын, оңтүстікте Қырым, Кавказдың Дербентке дейінгі, тіпті одан да арғы далаларды, шығыста батыс Сібір мен Сырдарияның төменгі жағалауын алып жатқан кең байтақ ел болатын. Әуелде Жошы ұлысы ретінде дүниеге келген Алтын Орда Бату хан (1227-1255), кейін Берке хан (1257-1266) тұсында дәуірлеп, Мөңке Темір хан (1266-1280), Өзбек хан (1312-1342) мен Жәнібек хан (1342-1357) тұсында Еуразияның кеңжазира даласында билік құрған қаһарлы мемлекетке айналды. Алтын Орданың нағыз гүлденген кезеңі – Берке хан мен Өзбек ханның билік жүргізген дәуірі. Берке ханның ислам дінін қабылдауы мемлекеттің дамуына игі әсер етті. Беркенің сарайына мемлекеттің төрт бұрышынан ғалымдар, ақындар, суретшілер келе бастайды. Қала мәдениеті өркендейді. Бұл жайында Э.Н.Наджип былай деп жазды: “Алтын Ордада болған араб, парсы тарихшыларының айтуына қарағанда Алтын Ордада көптеген білімпаздар, ғалымдар, жазушылар, ақындар өмір сүріп, ғылыми шығармашылық жұмыспен айналысқан. Қазіргі табылып жатқан материалдық және рухани мәдениет мұралары Алтын Орданың жоғары мәдениетін көрсетеді». ХІV ғасырдың бірінші жартысында бүкіл елге мұсылман діні кеңінен жайылды. Өзбек хан қалалар, мешіттер, медреселер салуға көңіл бөлді. Алтын Орда сауда жолында орналасқан ең мәдениетті мемлекетке айналды. Алтын Орда мемлекетінің территориясын мекендеген халықтардың этникалық құрамы туралы әр түрлі мәліметтер бар. Түркітанушы П.М.Мелиоранский “Араб филолог о турецком языке” деген еңбегінде: “Золотая Орда состояла из смеси различных турецких и монгольских племен” деп көрсеткен. Белгілі ғалым Ә.Құрышжанов тарихи деректерге сүйене отырып, Алтын Орда халқының дені қыпшақ рулары болған деген қорытындыға келеді. Сол қыпшақтар қазақ халқының жеке этникалық топ болып қалыптасып, дербес ұлт ретінде тарих дастарханынан өзіне лайық орын алуына, сондай-ақ қарақалпақ, башқұрт, татар, ноғай, қырым татарлары, қарашай, балқар, құмық, қарайым, алтай, қырғыз халықтарының ұлт болып қалыптасуына игі ықпалын тигізді.


Қыпшақтардың этномәдени жағдайлары мен мемлекеттік құрылымдары Ақ Орда мемлекетінде де көрініс тапты, Ақ Орда Қазақстан территориясында моңғол шапқыншылығынан кейінгі қыпшақ мемлекеттік құрылымы негізінде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылым болды. Ал билігі жергілікті халық ортасына сіңіп, қыпшақтанған Шыңғыс ұрпақтарының қолында еді. Ақ Орда қазақ хандығының бастауы болды.

жүктеу 1.31 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет