Оқу-әдістемелік жұмысы Колледждің әдістемелік мәселесі



жүктеу 154.66 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.05.2017
өлшемі154.66 Kb.

Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің  

  оқу-әдістемелік жұмысы 

 

Колледждің әдістемелік мәселесі 

Колледждің  әдістемелік  және  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде  ҚР  «Білім 

туралы» Заңы, кәсіптік және техникалық білім берудің нормативтік-құқықтық құжаттары, 

жарғысы мен колледж ережесі басшылыққа алынды. 

Колледж  осы  оқу  жылында  «Сапалы  білім  беру  мен  тәрбиелеу  арқылы  заман 

талабына  сай  инновациялық  оқу  технологиялары  элементтерін  пайдалана  отырып 

кәсіби  маман  даярлау»  проблемасын  жүзеге  асыру  мақсатында  жұмыс  жүргізілуде. 

Әдістемелік  кабинеттің  негізгі  мақсаты  инновациялық  оқу  технологиялары  элементтерін 

енгізу бағытында педагогикалық шеберлікті үздіксіз жетілдіру жүйесін құру, сапалы білім 

беруді  ұйымдастыру,  оқытушылардың  ғылыми  потенциалын  көтеру,  колледж 

оқытушыларының біліктілігін жетілдіру жүйесін құру және дамыту мәселесі қолға алынды. 

 «Қазіргі  кезеңде  жаңа  педагогикалық  технологиялар  негізінде  оқытушының  кәсіптік 

құндылық  сапасын    қалыптастыру»  секілді  жаңа  заман  талабын  орындау  мақсатында 

колледжде  4  пән  циклдық  комиссиялары  жұмыс  жүргізді.  Олар:  Әлеуметтік  –

гуманитарлық  пәндер  циклдык  комиссиясы  меңгерушісі  -  Ш.Т  Абушарипова, 

Жаратылыстану-математика  пәндер  ЦК  меңгерушісі-  Ш.К.  Турлыбекова,  Өнеркәсіптік-

коммуналдық  ЦК  меңгерушісі-  Б.М.Бүйембаев,  Техникалық  біріктірілген  мамандықтар 

ЦК меңгерушісі-Н.М. Маукулова, Әр ПЦК өз алдарына мақсат қойып, айқындалған бағыт 

бойынша жұмыс жасауда. 

Педагогика  ғылымындағы,  пән  әдістемелеріндегі  жаңалықтарды  шығармашылықпен 

сабақта  қолдану,  сабақты  өмір  талабына  сай  етіп  құру,  оқушы  белсенділігін  арттыру 

тұрғысында  ПЦК мүшелері  жұмыла еңбек етуде.  

Колледждің  оқу-тәрбиелік  процесінің  негізгі  мақсаты  –  бәсекеге  қабілетті  кәсіби 

мамандарды  дайындау,  олардың  өз  пікірі  бар,  қоғамда  демократиялық  қатынасты  жасай 

алатын,  өндірістің  даму  динамикасын  байқап  отыратын  әлемдегі  жаңалықтар  мен 

өзгерістерден  кеш  қалмай,  алдыға  ұмтыла  білетін  мамандар  болуы  керек.  Осы 

қасиеттердің  көбісі  өндірісте  тәжірибелік  оқытудың  өту  деңгейіне  байланысты.  Білікті 

мамандарды дайындау барысында оқу процесінің өндіріспен интеграциясы міндетті бөлігі 

болып  табылады.  Әлеуметтік  серіктестік  жүйесінде  колледжде  жасалған  жеке  келісім 

шарттарға сәйкес келесі ірі кәсіпорындар: АО «Азия-электрик», ТОО ТК «Метакон» ТОО 

«Жетысу  Газ»,    ТОО  мащиностроительный  «Мирас»,  ТОО  «Алакол  Плант»,  ТОО  «АБК 

Қайнар» т.б.. Кәсіптік технологиялық тәжірибелерді  өткізу кезінде колледж білімгерлері 

өзінің бәсекеге қабілетті, білімгер маман екенін көрсете алуда. 

  

Әдістемелік жұмыс нәтижесі 

Жоспарға  сай  пәндер  циклдық  комиссияның  онкүндіктері  өз  дәрежесінде  өткізілді. 

Барлық  пән  әдістемелік  комиссия  жоспарларына  сәйкес  онкүндіктер,  ашық  сабақтар 

өткізіліп, талдау жасалды. 

Талдықорған  өнеркәсіптік  индустрия 

және  жаңа  технологиялар  колледжінде  2016 

жылдың  29  наурызында  Тәуелсіздіктің  25 

жылдығына 

орай 

«Терең 

білім–

тәуелсіздігіміздің  тірегі»  атты  облыстық 

әдістемелік  кабинетпен  келісіліп,  жалпы 

бiлiм  беретiн  пәндері  және  мамандықтар 

бойынша облыстық 

олимпиада 

өткізілді. 

Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру 

мақсатында  «Терең  білім–тәуелсіздігіміздің 

тірегі»  атты  жалпы  бiлiм  беретiн  пәндері  және  мамандықтар  бойынша облыстық 

олимпиада  өткізілді.  Олимпиада  қала  мектептері,  облыс  колледждері  мен  қала 

автомектептері  арасында  жеті  секцияға  бөлініп  (Казақстан  тарихы,  қазақ  тілі,  орыс  тілі, 


физика, химия, автокөлік жөндеу және электргазбен дәнекерлеу мамандықтары бойынша) 

өткізілді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп оқушыларына 10 және 11 сынып 

бағдарламасын  негізге  ала  отырып  тапсырмалар  дайындалды,  ал  колледж  білім 

алушыларының  тапсырмасы  мамандықтарына  сай  2-3  курс  бағдарламасын  қамтылды. 

Мамандықтар  бойынша  бірінші  кезең  теориялық  білімін  тексеру  болса,  екінші  кезеңде 

мамандық  бойынша  шеберлігі  анықталды.  Олимпиадаға  облыстың  әр  аймағынан  

оқушылар  мен  білім  алушылар  қатысты.  Олимпиадаға  қатысушылар  мен  жетекшілері 

олимпиада  жұмысын  жоғары  бағалап,  өз  ризашылықтарын  білдіріп,  ұжымға 

шығармашылық табыстар тіледі.  

2016 жылдың қаңтар айының 25-29 аралығында «Инновациялық технологиялар - 



кәсіби  мамандарды  сапалы  дайындаудың  негізгі  жағдайы»  тақырыбында  қаңтар 

педагогикалық оқулары өткізілді. 



Педагогикалық  оқулар  мақсаты:  Колледж  оқытушылары  мен  өндіріс 

шеберлерінің  ақпараттық  технологияны  тиімді  пайдалана  отырып,  жаңа  форматтағы 

педагогтардың  шеберлігін  шыңдау,  техникалық  және  кәсіптік  білім  беру  мазмұнын 

заманауиландыру  жолында  білікті  мамандар  қалыптастыруға  жаңаша  тұрғыдан  талдау 

жасай отырып тәжірибе алмасу. 

Қысқы  педагогикалық  оқылымның  алдын  ала  ережесі  мен  бағдарламасы  жасалып 

бекітілді.  Елімізде  білім  беру  жүйесінде  болып  жатқан  түрлі  өзгерістерге  сын  көзбен 

қарау,  жаңаша  қарауды  талап  етеді.  Оның  ішінде  болашақ  ұрпаққа  білім  беруде  оқу 

әрекетін  қалыптастыруда  инновациялық  әдіс  –тәсілдерді  қолдану  көзделеді.  Сол  орайда 

қысқы  педагогикалық  оқылым  «Инновациялық  технологиялар  -  кәсіби  мамандарды 



сапалы дайындаудың негізгі жағдайы» тақырыбында екі секцияға бөлініп өткізілді: 

1-секция 



«Жаңа 

технологялық 

әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы білім 

алушы  мен  оқытушы  арасындағы 

байланысты  дамыту»  (жалпы  білім 

беретін  және  арнайы  пән  оқытушылары) 

Жетекшісі: Топаев О.С. –директордың оқу 

тәрбие  жөніндегі  орынбасары,  хатшысы: 

Қошқарбаева А.Е. 

2-секция 

«Оқу 

өндірістік 

сабақтарындағы 

кәсіби 

шеберлікті 

жетілдірудің 

тиімді 

жолдары» 

(өндірістік  оқыту  шеберлері)  Жетекшісі:  Долаев  Т.Е.  -директордың  өндірістік  оқыту 

жұмысы жөніндегі орынбасары, хатшысы: Дәуідова Г.С. 

Пленарлық мәжіліс директордың оқу тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Топаев 

О.С.  құттықтау  сөзінен  басталды.  Мәжілісте  өз  баяндамасын  арнайы  пән  оқытушысы 

Ерназарова  Ж.Е.  "Лекция  Визуализация"  тақырыбында  оқыды.  Ол  тақырыпты  аша 

отырып,  білім  алушылардың  кәзіргі  жағдайда  ойлау,  есте  сақтау,  қиын  мәселелердің 

шешімін  тез  табуға,  өз  бетімен  шешудің  жолдарымен  таныстырды.  Сонымен  бірге 

«Жиһаз»  мамандықтарына  арналған  кәсіби  орыс  тілінен  оқу-әдістемелік  құралының 

шығарылуына  байланысты  Еркимбаева  Г.Б.  тұсау  кесері  өткізілді.  Ол  өз 

презентациясында  кәсіби  орыс  тілінен  мамандық  бойынша  әдістемелік  құралдардың 

тапшы  екендігін  ескере  отырып,  білім  алушыларға  кәсіби  терминологияны  меңгеруіне 

көмек ретінде шығарылғаны айтылды. Оқу-әдістемелік құралдың тұсау кесеріне «Жетісу» 

телекомпаниясы 

шақырылып, 

колледж 


кітапханашылары 

Г.Б.Еркимбаеваның 

кітаптарының көрмесін ұйымдастырды. 

Колледж әдістемелік кеңесінің жоспарына сай 2015 жылдың 26 қарашасында  «Оқу 

процессінде  сыни  тұрғыдан  ойлау  стратегияларын  қолданудың  тиімділігі»  тақырыбында 

семинар-тренинг түрінде әдістемелік кеңес өткізілді. Теориялық бөлімінде «Тарих пәнінде 



сыни  тұрғыдан  ойлау  технология  эементтерін  тиімді  пайдалану»  тақырыбында 

Л.Т.Адамбекова,  «Применение  методов  критического  мышления  на  уроках  русского 

языка» тақырыбында Г.А.Қрғабақова, «Сыни тұрғыдан ойлау технология мүмкіндіктерін 

ағылшын  тілі  пәні  сабағында  қолдану»  тақырыбында  Ж.Ж.Аманкулова  баяндамаларын 

оқыды.  Практикалық  бөлімінде  «Колледждегі  білім  алушыларымен  ғылыми-  ізденіс 

жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында тренинг жүргізді. Іс-тәжірибемен бөлісу бөлімінде 

біліктілігін көтерген оқытушылар мен өндіріс шеберлерінің Г.С.Дәуідова, Б.Н.Батырбаев, 

Е.А.Мамбетаев, Н.М. Қабылбеков есептері қарастырылды.  

«Арнайы  пәндер  сабақтарында  кәсіби  шеберлікті  жетілдірудің  тиімді  жолдары» 

тақырыбына  арнайы  пәндер  оқытушыларының  және  өндірістік  оқыту  шеберлерінің 

қатысуымен  семинар  өткізілді.  Мақсаты:  арнайы  пән  сабақтарында  сабақ  беру  сапасын, 

пәнаралық  байланысты  арттыру.  Сонымен  қатар  орыс  тілі  және  әдебиеті  пәнінің 

оқытушысы  Г.Б.  Еркимбаеваның  «Инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдану  арқылы,  білім 

алушылардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту»  тақырыбында  өз  іс-тәжірибесімен 

бөлісті.  

 2016  жылдың  наурыз  айында  колледждің  әдістемелік  кеңесі  «Оқытудың 

инновациялық  технологияларының  элементтерін  пайдаланып,  білім  алушылардың 

танымдық  қызығушылығын  арттыру»  тақырыбына  семинар-тренинг  түрінде  өткізілді. 

«Заманауи  технологияларды  пайдалану  арқылы  білім  алушылардың  танымдық  іс-

әрекеттерін белсендіру» атты тақырыпта химия пәнінің оқытушылары  Г.О.Жакупбекова 

мен Л.Б.Орманова баяндама оқыды. Ал практикалық бөлімінде колледж психологы А.Т. 

Тасжурекова  «Педагогтың  кәсіби  мәдениет  этикасы»  тақырыбында  тренинг  жүргізді. 

Семинар 

соңында 


аттестацияланатын 

оқытушылар 

мен 

өндірістік 



оқыту 

шеберлерінің инновациялры тыңдалды.  

«Тіл  мерекесі»  апталығы  2015  жылдың 

21  қыркүйек  пен  29  қыркүйек  аралығында 

өткізілді. «Тіл мерекесі» апталығының алдыға 

қойып  жұмыс  істеген  мақсаты:  «Білім 

алушылардың 

тілдерге 

деген 

қызығушылықтарын  арттырып,  бойларына 



патриоттық  сезімді  халықтың  мәдени  мұрасы 

арқылы  қалыптастыру.  Білім  алушыларға 

тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру».  

Жоспар бойынша апталықтың салтанатты ашылу рәсімі Г.А. Қрғабақова Смагулова 

А.С.тапсырылды.  Апталықтың  ашылу  рәсімі  барысында  106-  топта  оқитын  білім 

алушыларды  белсене  қатыстыра  отырып,  білім  алушылардың  тілдерге  деген 

қызығушылықтарын арттыру мақсаты жүзеге тиімді асырылды.  

Шоқан Уалихановтың 180 жылдығына арналған «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты 

шығармалар  байқауы  22.09-    28.09.2015  аралығында  өткізілді.  Жауапты  оқытушылар: 

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушылары Ш.Т.Абушарипова, Г.М. Хабарова, орыс тілі 

мен  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы  Р.К.Меренкулова,  ағылшын  тілі  пәнінің  оқытушысы 

А.С.Смагулова.  Байқаудың  мақсаты:  халқымыздың  алғашқы  зерттеушісі,  саяхатшы-

географ  Шоқан  Уәлихановтың  ғылыми-зерттеушілік  еңбектерінің  таралуын  насихаттау, 

бүгінгі  ұрпақтарының  Шоқан  мұрасына  қызығушылығын  арттыру,  оқып  –  білуге,  тани 

түсуге  ынталандыру.  Байқауға  шығарма  жазу  тәсілін    игерген    колледждің  16-19  жас 

аралығындағы  білім  алушылары  қатысты.  Байқаудың  жеңімпаздары:  1-орын  Капбарова 

Ханифа  206  топ,  2-орын  Бабешко  Никита  205  топ,  Алпамысов  Азамат  106  топ  білім 

алушылары болып табылды. 

Ағылшын  тілі  пәнінің  оқытушылары  С.М.Бакибаева  мен  Ж.Ж.Аманкулова  Абай 

Құнанбаевтың  170  жылдығына  арналған  «Abai-great  is  the  greatest»  әдеби  кешін  өткізді. 

Әдеби кештің мақсаты: талантты ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт 

жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу 

дағдысын  жетілдіре  отырып,  рухани  танымын  кеңейту.Әдеби  кешке  202  топ  білім 

алушылары белсенді қатысты. 



Тіл  пәндері  онкүндігінің  жабылуы  «Тілдер  фестивалі»  түрінде  өткізілді.  Мақсаты: 

Білім слушылардың  өз ана тілдеріне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, 

таза  сөйлеуге  үйрету,  өз  ұлтына,  еліне  деген  сүйіспеншілігін  ояту.  «Тіл  мерекесі» 

апталығының жабылуы салтанатты түрде жоғары деңгейде өткізілді. 

Әлеуметтік-  гуманитарлық  пәндер  циклдық  комиссия  онкүндігі  2015  жылдың  14 

желтоқсан  мен  24  желтоқсан  аралығында  өткізілді.  ПЦК  онкүндігінің  алдыға  қойып 

жұмыс  істеген  мақсаты:  «Білім  алушылардың  әлеуметтік  гуманитарлық  пәндерге  деген 

қызығушылықтарын арттырып, бойларына патриоттық сезімді халықтың мәдени мұрасы 

арқылы  қалыптастыру».  Онкүндік  жоспары  құрастырылып  бекітілді.  Жоспар  бойынша  

онкүндіктің  салтанатты  ашылу  рәсімін  өткізу  С.Ж.  Рамазанов,  Гүлжан  Мұратхан, 

Ш.Т.Абушариповаға  тапсырылды.  «Ұлы  дала 

ұлағаты» атты тақырыпта өткен онкүндіктің ашылу 

салтанаты өз мақсатына жетті. Онкүндіктің ашылу 

салтанаты  барысында  202-топ  пен  106-  топта 

оқитын  білім  алушылар  белсене  қатысты.  «Ұлы 

дала  ұлағаты»  атты  онкүндіктің  ашылу  салтанаты 

жоғары деңгейде өткізілді.  

Қазақ  тілі  пәнінен  А.О.  Жакупбеков  206  - 

топпен 

«Синтаксистен 



өткен 

тақырыптарға 

сатылай  комплексті  түрде  шолу»  тақырыбында 

ашық  сабақ  өткізді.  Мақсаты:  білім  алушыларға 

синтаксистен  алған  білімдерін  еске  сала  отырып, 

білім  алушыларды  жүйелі  ойлап,  жүйелі  жұмыс 

істеуге  баулу.  Сабақ  сатылай  кешенді  талдау 

технологиясын  қолдана  отырып  өткізілді.  Білім 

алушылар  барлығы  белсенділік  танытып,  синтаксистен  алған  білімдерін  шындай  түсті. 

Оқытушы  сабақтың  барысын  толығымен  сақтап  жүргізді.  Оқытушы  А.О.  Жакупбеков 

алдына қойған мақсаттарына жетті. 

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.А. Қрғабакова «Как стать успешным» 

атты  ашық  топ  сағатын  106-  топ  білім  алушыларымен  өткізді.  Мақсаты:  білім 

алушыларды іскерлік қарым-қатынасқа түсе білуге тәрбиелеу болып табылды. Сыныптан 

тыс  шара  өте  қызқты  өтті.  Оқытушы  мен 

білім  алушылар  арасындағы  байланыс 

жақсы 

қалыптасқан. 



Оқытушы 

Г.А. 


Қрғабакова алға қойған мақсатына жетті. 

Ағылшын 


тілі 

пәнінен 


Ж.Ж 

Аманкулова  15-топ  білім  алушыларымен 

«The  Royal  Family»    тақырыбында  ашық 

сабақ 


өткізді. 

«The 


Royal 

Family» 


тақырыбы  бойынша  білім  алушылардың 

ойлау  және  шығармашылық  қабілеттерін 

дамыту  және  ағылшын  тілін  меңгеруге 

қызығушылықтарын арттыру мақсаты жүзеге асырылды. 

Кәсіби  орыс  тілі  пәнінен  «Волшебный  мир  дерева»  тақырыбында  ашық  сабағын 

оқытушы  Еркимбаева  Г.Б.  өткізді.  Білім  алушылар  «Волшебный  мир  дерева»  сабағы 

барысында  өткен  тақырыпты  жақсы  білетіндерін  дәлелдей  білді.  202-топ  білім 


алушылары  асқан  шеберлікпен  «Волшебный  мир  дерева»  тақырыбына  байланысты 

аңыздарды айтып берді. Оқытушы алдына қойған мақсатына жете білді. 

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы А.С.Смагулова «Цвети, Казахстан, родная земля» 

тақырыбына  сыныптан  тыс  іс-шара  өткізді.  Мақсаты:  Тәуелсіз  Қазақстанға  деген 

сүйіспеншіліктерін  арттырып,  қазақ  ұлтының  мәдениетін  үйреніп  білуге  тәрбиелеу. 

Сыныптан  тыс  іс-шара  сайыс  түрінде  жүргізілді.  Қазақ  елінің  тарихы,  мәдениеті  мен 

музыкасы  туралы  айтылып,  білім  алушылар  Тәуелсіз  Қазақстан  туралы  танымдық 

білімдерін белсене көрсете білді.

 

 

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы  Ш.Т  Абушарипова  2016  жылы-ҚР 



Тәуелсіздігінің  25  жылдығына  орайластырылған  «Мен-қазақстандықпын»  шығармалар 

сайысын    өткізді.  Байқаудың  мақсаты:  2016  жылы-ҚР  Тәуелсіздігінің  25  жылдығына 

орайластырылған  «Мен-қазақстандықпын» шығармалар сайысы Қазақстан патриоттарын 

айқындау мақсатында өткізілді.  Байқауға  шығарма жазу тәсілін игерген колледждің 15-

18  жас  аралығындағы  білім  алушылары  қатысты.  Байқау  жеңімпаздары:  1-орынды  206-

топ  білім  алушысы  М.Тазабекова,  2-орынды  202-топ  білім  алушысы  Л.Агыбаева,  3-

орынды 11-топ білім алушысы  Б.Қайратұлы иеленді. 

Онкүндік  аясында  «Мәңгілік  Ел»  Жалпыұлттық  патриоттық  идеясының 

құндылықтарын  ілгерлетуге  бағытталған  плакаттар  байқауы  өткізілді.  Жауапты 

оқытушылар:  Р.К  Меренкулова.,  Ш.Т  Абушарипова  болып  табылды.  Мақсаты:  Білім 

алушылардың  патриоттық  сезімдерін  арттыру.   Білім  алушылардың    шығармашылық 

әлеуетінің  дамуына  көмектесу.  Байқауға  «Мәңгілік  Ел»  плакаттар  байқауының 

тақырыбына  сай  жұмыстар  қабылданды.  Байқауға  1-2  курс  білім  алушылары  қатысты. 

«Мәңгілік  Ел»  Жалпыұлттық  патриоттық  идеясының  құндылықтарын  ілгерлетуге 

бағытталған плакаттар байқауының жеңімпаздары: 1-орынды 202 топ білім алушылары, 2-

орынды 11 топ білім алушылары, 3 орынды 14 топ білім алушылары иеленді. 

Қазақстан  тарихы  пәнінің  оқытушылары  Л.Т.Адамбекова  мен  Б.Т.Салықов,  А.А. 

Ахметқанова  қазақ  тілі  пәнінің  оқытушысы  Ш.Т.Абушарипова    «Тәуелсіз  елім  тірегім» 

тақырыбында салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиын мақсаты: бабалардың  арманы, 

аналардың тілегі болған бақыт-тәуелсіздіктің екенін айқындау болып табылды. Бұл күнге 

қан  төгіссіз,  бейбіт  түрде  қол  жеткізіп,  елімізді  әлемнің  өркениетті  мемлекеттердің 

қатарына  қосылғанын  білім  алушыларға  жеткізді.  Салтанатты  жиынға  201-  топ  білім 

алушылары мен 21- топ білім алушылары белсенді қатысты. 

Қазақстан  тарихы  пәнінің  оқытушысы    Л.Т.Адамбекова  «Тәуелсіз  елдің  білімді 

ұрпақтары» тақырыбында брейн- ринг өткізді. Брейн- рингке 11-топ, 206-топ, 201-топ, 13 

–топ білім алушылары қатысты. Брейн-ринг 5 бөлімнен тұрды. Брейн-ринг өте қызықты 

өтті. Қатысушылардың белсенділігі жоғары болды.1-орынды 11топ командасы, 2-орынды 

206 топ командасы, 3-орынды 201 топ командасы иеленді. 

Қазақ  әдебиеті  пәнінің  оқытушысы  Г.М.  Хабарова    Абай  Құнанбаевтың  170 

жылдығына  арналған  «Ұлы  даланың  Ұлысы»  тақырыбында  онкүндіктің  жабылуын 

өткізді. Мақсаты: ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, 

өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу болып табылды. Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер 

циклдық комиссия онкүндігінің жабылуы жоғары деңгейде өткізілді.  

2015-2016  оқу  жылының  01.03-  16.03    күндері  аралығында  жаратылыстану-

математика  пәндер  циклдік  комиссиясының  онкүндігі  өткізілді.  Онкүндіктің  өтілу 

жоспары  алдын-ала  құрастырылып,  бекітілді.  Онкүндіктің    барысында    іс-шаралар 

жоспардағы кесте бойынша өтті: «Салауатты өмір салтын ұстанған әлем нақты ғылымдар 

тілінде»  тақырыбында  колледж  мәжіліс  залында  онкүндіктің  ашылу  салтанаты  өткізілді. 

Ашылу салтанатының мағыналы, тартымды, қызықты өтілуіне ат салысқан химия пәнінің 

оқытушысы  Жакупбекова  Г.О.  мен  физика  пәнінің  оқытушысы  Исабекова  Л.К.  Аталған 

іс-шараның  мақсаты:  әр  ғылым  саласы  бойынша  колледждегі  мамандықтар  арасында 

байланыс  орнату.  Бүл  іс-шара  ауызша  журнал  түрінде  өткізілді.  Дене  тәрбиесі  пәнінің 

оқытушысы  Т.Б.Утетляев  «Автослесарь»  мамандығының  дене  тәрбиесі  пәнімен 

байланыстырды.  Ал  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  оқытушысы  М.Н.Жамбырбаев 

газға  қарсы  тұтқыш  киюді  және  Калашников  автоматын  толық  емес  бұзу  және  жинау 

тәсілін 201 топ білім алушысы Меирманов Данияр мен 203 топ білім алушысы Бурдачев 

Вадимның  уақытқа  көрсетуін  көрермендер  назарына  ұсынды.  «Жиһаз  өндірісі»  және 


«Құрылыс»  мамандығының  математика  пәнімен  байланысын  математика  пәнінің 

оқытушысы  М.А.Ерембаева  106  топ  білім 

алушыларымен  көрініс  қою  арқылы  көрсете 

алды.    «Токарь  ісі»  мамандығының  физика 

пәнімен 

байланысын 

физика 

пәнінің 


оқытушысы Л.К.Исабекова 12 топ және 15 топ 

білім алушыларымен «Сила трение в технике» 

сахналық көрінісі арқылы жақсы көрсете алды. 

Өнеркәсіптегі  механикалық  өңдеу,  өлшеу-

бақылау 

құралдары  және  автоматика,  «Техник  -  механик» 

мамандығының  информатика  пәнімен  байланысын 

информатика 

пәнінің 

оқытушылары 

А.И.Қошқарбаева 

мен 


Т.Б.Құрақбаева 

жақсы 


көрсетсе,  «Газбен  қамтамасыз  ету»  мамандығының 

биология және өзін-өзі тану пәндерімен байланысын 

биология 

және 


«Өзін-өзі 

тану» 


пәндерінің 

оқытушысы Ш.К.Турлыбекова 106 және 21 топ білім 

алушыларының  орындауында  «Экология  және 

адамзат»  атты  сахналық  үзіндіні  көрсету  арқылы  көрермендерге  ұсынды.  Ал 

«Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығының химия пәнімен байланысын химия пәнінің 

оқытушысы  Г.О.Жакупбекова  13  топ  блім  алушыларымен  «Қазақстанның  қазба 

байлықтары»  атты  көріністі  ұсынды.  Сонымен  қатар,  білім  алушылар  ән  шырқап,  би 

билеп, аталған шараның көңілді, тартымды өтуіне жағдай жасады.  

 

Онкүндік 



барысында 

дене 


тәрбиесі 

пәнінің 


оқытушысы 

А.Абишевтің 

ұйымдастыруымен  колледждің

 

спорттық  залында  Б.Момышұлының  105  жылдығына 



арналған  Алматы  облысының  колледж  оқытушылары  мен 

өндірістік  оқыту  шеберлері  арасында  теннистен  біріншілік 

өткізілді. Бұл шараның мақсаты: болашақ ұрпаққа жақсы үлгі- 

өнеге  көрсету,  спортқа  деген  қызығушылықты  арттыру, 

белсенділікке 

тәрбиелеу.

 

  Химия 


пәнінің 

оқытушысы 

Орманова  Л.Б.  12 

топ 


білім 

алушыларымен 

«Сплавы.Чугун  и 

сталь» 


тақырыбында 

химия  пәнінен  тартымды  әрі  қызықты  ашық  сабақ  көрсетті. 

Сабақтың құрылымы әдістемелік жағынан дұрыс құрылып, оқыту кезеңдері бекіту сабақ 

типологиясына сәйкес жүргізілді. Сабақ барысында білім алушылар белсенділік танытып, 

пән  бойынша  өз  білімдерін  көрсете  алды.  Оқытудың  инновациялық  әдіс-тәсілдерін  

қолдана отырып оқытушы, білім алушылармен жақсы 

қарым-қатынас орната білді.  

Салауатты  өмір  салтын  ұстану,  денсаулықты 

нығайту  мақсатында  колледждегі  ПЦК  командалары 

арасында  дене  тәрбиесі  пәнінің  оқытушыларының 

ұйымдастыруымен волейболдан турнир өткізлді. 

Информатика пәнінің оқытушылары Құрақбаева 

Т.Б.,  Қошқарбаева  А.И.  «Жасанды  интеллект» 

тақырыбында  21  топ  білім  алушыларымен  сыныптан 

тыс  іс-шара  (білім  алушылар  арасында  пікір-сайыс) 


көрсетті, іс-шараның математика пәнінен ашық сабақ көрсетті. 

11-топ    білім  алушыларымен  дене  тәрбиесі  пәнінің  оқытушысы  Қаптагаев  А.О.  

спорттық залында  «Екеу  ара доп беру»  тақырыбында дене тәрбиесі  пәнінен ашық сабақ 

көрсетті. Ол оқытушы мен білім алушы арасындағы жақсы қарым-қатынасты орната білді. 

Өзара  тәжірибе  алмасу  мақсатында,  ашық  сабаққа  қатысқан  оқытушылар    тарапынан 

ашық сабақтың өтілуіне жақсы баға берілді. 

Колледж

 

мәжіліс  залында  әр  ғылым  саласы  бойынша  колледждегі  мамандықтар 



арасында  байланыс  орнату  мақсатында  «Салауатты  өмір  салтын  ұстанған  әлем  нақты 

ғылымдар  тілінде»  атты  онкүндіктің  жабылу  салтанаты  мен  марапаттау  рәсімі  өтілді. 

Сонымен  қатар «Химия  және  біз»  атты  үйірмеде  жетекшілік  ететін  Орманова  Лаура 

Байгазиевнаның  көрнекі  көрсетуімен  «Ғажайып  жыландар»  және  «Жалындар  кереметі» 

атты  тәжірибе  көрермендерге  ұсынылды.  12,13,15,106  топ  білім  алушылары  математика 

пәнінің  үйірмесінде  жазылған  пәнге  арналған  тақпақтарын  оқыды.Үйірме  жетекшісі 

математика пәнінің оқытушсы Ерембаева Мөлдір Аркабайқызы. 

Турлыбекова Шолпан Кеңесқызы

 

«Табиғатты аялайық» атты тақырыптағы сахналық 



көріністі  көрсетті.  «Жас  физик»  атты  үйірмеде  жетекшілік  ететін

 

Исабекова  Ляззат 



Кенесбековнаның  13,  106  топ  білім  алушыларының  қатысуымен  физика  пәнінің 

ғажайыптары жайлы көріністі ұсынды. 

Онкүндіктің  жабылу  салтанатының    қорытындысы  ретінде,  онкүндік  аясында  іс 

шаралар  мен  байқауларға  қатысып  белсенділік  танытқан  білім  алушылар  марапатталып, 

онкүндіктің өтілуіне атсалысқан оқытушылар мен білім алушыларға алғыс айтылды. 

Өнеркәсіптік коммуналдық қызмет көрсету мамандықтар ПЦК онкүндігі  

ашылу салтанатын арнайы пәндер оқытушысы Ж.Д.Толымбеков дайындап өткізді. 

Жоспар бойынша онкүндікте ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-щаралар өткізіліп 

қорытындысы шығарылды.  

2015-2016  оқу  жылының  15  мен  22  сәуір  аралығында  «Техникалық  біріктірілген 

мамандықтар»  циклдік  комиссиясының  онкүндігі  өтті.  Жоспар  бойынша  онкүндіктің 

салтанатты 

ашылуы 

«Мамандығым 



менің 

болашағым»  тақырыбында  өтті.  Ашылуға  жауапты 

оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері белсене 

қатысып, 

білім 

алушыларды 



ұйымдастырды. 

Онкүндіктің ашылуы өте тартымды, қызықты болды, 

білім  алушылар  әр  мамандықты  толығымен  үлкен 

сүйспеншілікпен аша білді. 

Ж.Е.  Ерназарова  жол  жүру  ережесі  пәнінен 

«Классификация 

автомобильных 

дорог» 


тақырыбында  ашық  сабақ  өткізді.  Сабақтың  мақсаты:  білім  алушыларға  автомобиль 

көліктері  жолдарының  түрлерімен  таныстыру  болатын.  Оқытушы  инновациялық 

технологияларды  тиімді  қолдана  (слайд,  видеоролик)  отырып,  сабақтың  тақырыбын 

бірнеше  мәрте  қайталай  келе  білім  алушылардың 

есте  сақтау  қабілетін,  ойлауын  дамыта  отырып, 

сабақты тартымды өткізді.

 

 

Б.Б.  Енкенов  «3Д  принтерінде  зат  жасап 



шығару»  тақырыбында  сабақтан  тыс  іс-шара 

өткізді.  Сабақта  инновациялық  технологияны 

қолдану  білім  алушылардың  сабаққа  деген 

қызығушылығын  арттырып  қана  қоймайды, 

сонымен 

қатар 


олардың 

танымдық 

қызығушылығын да арттырады.  

Онкүндік  аясында  қаламен  ұштастыра 

отырып  «Нұрлы  жол-болашақ  жолы»  атты 

дөңгелек  үстел  «Ернар»,  «Ақжол»  автомектеп  өкілдерімен  ұйымдастырылып  өткізілді. 

Дөңгел үстелдің мақсаты: білім  алушылардың таңдаған мамандықтарының болашақтағы 

даму  жолындағы  түсінігін  кеңейтіп,  осы  заман  талабына  сай  маман  оқытып  шығаруға 

ықпал  ету.  Дөңгелек  үстел  өте  қарқынды  және  қызықты  өтті.  Дөңгелек  үстел 

ұйымдастырушылары өз мақсаттарына жетті. 



Онкүндік  жоспары  бойынша  «Ең  үздік  автомеханник»  байқауын  оқу  өндіріс 

шеберлері  Бекожанов  Б.Ж.,  Мамбетаев  Е.А. 

автокөлік  жөндеуші  мамандығы  бойынша  оқитын  І 

курс 


білім 

алушылар 

арасында 

слесарьлық 

шеберханада  өткізді.  Байқау  екі  бөлімнен  тұрды, 

бірінші  бөлімде  білім  алушылар  тестпен  жұмыс 

жасаса,  екінші  практикалық  бөлімінде  қатысушылар  

автокөлік  доңғалағын  уақытқа  жылдам  шешіп  қайта 

жинау болды.  

Е.А.  Нюсупов  өндірістік  оқытуда  «Майлау 

жүйесі» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өндірістік 

оқыту  шебері  сабақта  көрнекілік  құралдарды  қолдана  отырып,  тақырыбты  толық  аша 

білді.  Білім  алушылар  сабақтан  көп  әсер  алып  қана 

қоймай  өз  мамандықтарына  деген  қызығушылығы 

артты. 

Сонымен  қатар  өндірістік  оқыту  шеберлері 



Мажибаев  А.Ж.  пен  Байдильдинов  А.Т.  «Токарь» 

мамандықтары  бойынша  «Үздік  токарь»  байқауын 

өткізді. Байқауға №25 топ білім алушылары қатысып 

өз  шеберліктерін  көрсетті.  Байқау  екі  бөлімнен 

тұрды,  бірінші  бөлімде  мамандық  бойынша  өз 

білімдерін 

тексерсе, 

екінші 


бөлімде 

білім 


алушыларберілген  тапсырма  бойынша  станокта  берілген  бұйымдарды  жонып,  жасап 

шықты.  


Электротехника 

және 


электроника 

пәні 


оқытушысы 

Матеев 


Ж.С. 

«Трансформаторлар  туралы  жалпы  түсінік» 

атты  тақырыпта  ашық  сабақ  өткізді.  202  топ 

білім 


алушылары 

ашық 


сабақта 

өз 


белсенділіктерін  көрсете  білді.  Оқытушы 

интерактивті тақтаны қолдана отырып, сабақты 

тартымды өткізді. 

Қараша  айында  2015  жылдың    2-ші 

желтоқсан    мен  11-ші  желтоқсан  аралығында 

«Ұстаз  болу-жүректің  батырлығы,  Ұстаз  болу-

сезімнің  ақындығы»  тақырыбында  «Жас  және 

дарындылар  мектебі»  циклдік  комиссиясының  онкүндігі  өтті.  «Жас  және  дарындылар 

мектебі»  апталығының  өткізілу  мақсаты:  жас  мамандардың  кәсіби  біліктілігін  арттыру, 

шығармашылыққа баулу, кәсіби шеберлігін шындау.

 

 

Жоспар 



бойынша 

2-ші 


желтоқсан 

күні 


апталықтың    салтанатты  ашылу  рәсімі  колледждің 

мәжіліс залында өтті. Ашылу салтанатын ұйыдастырып 

өткізу  жас  мамандар  мектебінің  жетекшісі  Г.М. 

Хабароваға тапсырылды. 

Дене  шынықтыру  пән  оқытушылары  Утеляев 

Талғат  пен  Уальбай  Данель  «Техника  игры  в  защите» 

тақырыбында  ашық  сабақ  өткізді.  Сабақтың  мақсаты: 

өскелең  ұрпақты  салауатты  өмір  салтын  насихаттауға, 

шымырлыққа , төзімділікке тәрбиелеу көзделді.  

1 желтоқсан - Президент күніне орай аранайы пән оқытушысы Дәуідова Гүлнұр «Ел 

таңдаған  -Елбасы»  тақырыбында  13  топта  тәрбие  сағатын  өткізді.  Тәрбие  сағатының 

мақсаты:  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  президенті  Н.Ә  Назарбаевтың  өмірбаяны 

мен дара саясатын білім алушыларға паш ету, үлгі тұту. Сабақ тартымды өтті. 

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне байланысты «Желтоқсан жаңғырығы жадымызда» 

тақырыбында  тарих  пәнінің  оқытушысы  Ахметжанова  Амина  106  топта  ашық  тәрбие 

сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: желтоқсан құрбандарын еске алу, ерліктерін 

мадақтау,  білім  алушылардың  бойына  Отанға,  туған  жерге  деген  патриоттық  тәрбиені 


сіңіру  болып  табылды.  106  топ  білім  алушыларының  қатысуымен  қойылған    сахналық 

көрініс өте әсерлі шықты. Сабақ жоғары бағаланды. 

Өндірістік  шебері  Батырбаев  Бауыржан  «Автомобильді  жалпылай  қарау» 

тақырыбында  сайыс  сабағын  өткізді.  Оған  23  топ  білім  алушылары  мен  13  топ  білім 

алушылары  қатысты.  Сайыстың  мақсаты:  автомобиль  өндірісінің  тарихын,  осы  салады 

болып  жатқан  тың  жаңалықтар  мен  қызықты  оқиғалар  туралы  ақпарат  беру  көзделді. 

Сабақтың  алдына  қойған  мақсаты  толық 

орындалды. 

10.12  күні  өндіріс  шеберлері  Скакбаев 

Асет 


пен 

Байдильдинов 

Алмас 

«Кесу 


құралдары»  тақырыбында  сыныптан  тыс  сабақ 

өтті. Сабақтың мақсаты: білім алушыларға кесу 

құралдары  туралы  ұғымдарын  толықтыра  түсу, 

оның  түрлерімен  және  құрлысымен  таныстыру. 

Тақырып  бойынша  алған  білімдерін  өмірде 

қолдана білуге үйрету болып табылды. 

11.12 күні «Жас және дарындылар мектебінің» 

онкүндігінің  салтанатты  жабылу  рәсімі  өтті.  Оған 

жауапты  колледж  әдіскері  А.Ж.  Абдибекова  мен 

жас  мамандар  жетекшісі  Г.М.  Хабарова  және  жас 

мамандар 

атсалысты. 

Онкүндіктің 

жабылу 


салтанаты  екі  бөлімнен  тұрды.  Негізгі  бөлім 

колледждің  мәжіліс  залында  өтті.  Екінші  бөлім 

спорт залда ПЦК-лар арасында «Көңілді жарыстар» 

ойнымен  жалғасты.  Онкүндіктің  жабылу  салтанаты 

жоғарғы деңгейде өтті. 

«Жас  және  дарындылар  мектебі»  2015-2016 

оқу  жылында  жоспарланған  онкүндік  аясында 

ұйымдастырылған  іс –шаралар толық орындалды.  



Колледж білім алушыларының ғылыми-зерттеу жұмысы  

 2015  жылдың  10  желтоқсаны  күні  Талдықорған  агро-экономикалық  колледжде  

Алматы  облысы  КҒА-ның  аймақтық  ғылыми  -  практикалық  конференциясы  өтті.  Оған 

біздің колледжден 9 ғылыми жұмысына тапсырыс берілген. 

Сол  жұмыстардын  1-уі  І  орын  (205  топ  білім  алушысы  Куликов  Алексейдің 

«Предпускной  подогреватель  двигателя  с  нагревом  тосола»  тақырыбындағы  жұмысы, 

ғылыми жетекшісі: Ерназарова Жанар Ерназаровна); 4-уі ІІ орын (206 топ білім алушысы 

Дейвальд  Екатеринаның  «Некогда  учить»  тақырыбындағы  жұмысы,  ғылыми  жетекшісі: 

Меренкулова  Раушан  Касымгалиевна;  12  білім  топ  алушысы  Ясаулов  Исмаилдың 

«Языковые манипулирование в сфере рекламы и потребитель» тақырыбындағы жұмысы, 

ғылыми  жетекшісі:  Еркимбаева  Гульмира  Бердешовна;  304  топ  білім  алушысы  Ерғали 

Ерзаттың  «Жерлеу  ғұрпы  және  әдет-ғұрып  наным  сенімдері»  ғылыми  жетекшісі: 

Рамазанов  Санат  Жумабекович;  202  топ  білім  алушысы  Ағыбаева  Линара,  21  топ  білім 

алушысы  Қапасов  Ерасыл  «Электроэнергиясын  алудың  тиімді  жолдары»  ғылыми 

жетекшісі:  Исабекова  Лязат  Кенесбековна).  Осы  жүлделі  І,ІІ  орын  алған  5  жұмыс 

Облыстық КҒА-ның ғылыми - практикалық конференциясына қатысуға жолдама алды. 

Қазақстан  Республикасы  Кіші  Ғылым  академиясының  ХХV  облыстық  ғылыми-

практикалық конференциясына қатысу нәтижесі келесідей болды: IІ орын (201 топ білім 

алушысы Жолдасқан Жомарт «Жерлеу ғұрпы және әдет-ғұрып наным сенімдері» ғылыми 

жетекшісі:  Рамазанов  Санат  Жумабекович);  III  дәрежелі  дипломмен  (202  топ  білім 

алушысы  Ағыбаева  Линара  «Электроэнергиясын  алудың  тиімді  жолдары»  ғылыми 

жетекшісі:  Исабекова  Лязат  Кенесбековна);  Мақтау  грамотасымен  (205  топ  білім 

алушысы Куликов Алексейдің «Предпускной подогреватель двигателя с нагревом тосола» 

тақырыбындағы  жұмысы,  ғылыми  жетекшісі:  Ерназарова  Жанар  Ерназаровна);  Ағыс 

хатпен    (206  топ  білім  алушысы  Дейвальд  Екатеринаның  «Некогда  учить» 

тақырыбындағы  жұмысы,  ғылыми  жетекшісі:  Меренкулова  Раушан  Касымгалиевна;  12 

білім топ алушысы Ясаулов Исмаилдың «Языковые манипулирование в сфере рекламы и 


потребитель»  тақырыбындағы  жұмысы,  ғылыми  жетекшісі:  Еркимбаева  Гульмира 

Бердешовна); марапатталды.  

Қазақстан  Республикасы  Кіші  Ғылым  академиясының  ХХV  облыстық  ғылыми-

практикалық конференциясына сырттай 5 білім алушы қатысты: 

13 топ білім алушысы Лапин Тимур «Талдықорған өңіріндегі алманың құрамындағы 

темірдің мөлшерін қағаз хромотографиялық әдіс арқылы анықтау» тақырыбында, ғылыми 

жетекшісі: химия пәнінің оқытушысы Жакупбекова Гульнар Оразалиновна, 206 топ білім 

алушысы  Тазабекова  Маржан  «Вред  духов  на  организм»  тақырыбында,  ғылыми 

жетекшісі:  химия  пәнінің  оқытушысы  Орманова  Лаура  Байгазиевна,  13  топ  білім 

алушысы Сламхан Бексұлтан «Бал арасы – омарта шаруашылығы» тақырыбындағылыми 

жетекшісі: биология пәнінің оқытушысы Турлыбекова Шолпан Кенесовна, 202 топ білім 

алушысы Мырзабаева Алуа «Шоқан еңбектеріндегі зерттелу тарихнамасы» тақырыбында, 

ғылыми 

жетекшісі: 



Гуманитарлық 

пәндер 


оқытушысы 

Адамбекова 

Луиза 

Тохмухамбетовна, 201 топ білім алушысы Сариев Али  «Мерзімді басылым – Жетісудағы 



азамат  соғысының  деректері  (1918-1920  жж.)»  тақырыбында,  ғылыми  жетекшісі: 

гуманитарлық пәндер оқытушысы Жабыкбаева Шолпан Едиловна. 

 

Колледж және оның  оқытушыларының аяқталған оқу жылындағы аудандық, облыстық, 

республикалық  деңгейдегі марапаттары мен мадақтамалары 

1. Еркимбаева Г.Б. «Жас Отан» Талдықорған қаласының жастары филиалының Дипломы, 

2015ж. 

2.Мұратхан Гүлжан Талдықорған қаласы әкімінің «Көшбасшы-2015» жастар сыйлығының 



«Жас ұстаз» номинациясы бойынша Дипломы, 2015ж. 

3.  Хабарова  Г.М.8-Наурыз  халықаралық  әйелдер  күніне  орай  арнаулы  орта  білім  беру 

мекеме  студенттері  арасында  қалалық  «Ана  тілі  аруы»  атты  байқауына  белсене 

қатысқаны үшін Алғыс хат, 2016 ж. 

4.  Меренкулова  Р.К.  «Отаныма  25  игілікті  іс»  Республикалық  интернет-байқауына  

дайындаған үшін Алғыс хат, 2016 ж. 

5. Байболатов О.Е. « ТК Метакон» ЖШС Алғыс хаты,2015ж. 

6.Байболатов О.Е. «Техникалық және кәсіптік білім мен экономиканың өзара байланысы» 

тақырыбында өткен облыстық семинарда тәжірибе таратқаны үшін Сертифика, 2016ж. 

7 Ким В.С. «ТК Метакон» ЖШС Алғыс хаты, 2015ж. 

8.  Д.Б.Уальбай    Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  мен  Мемлекеттік 

Рәміздер  күніне  орай  өткен  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдері  арасындағы 

республикалық  байқауға  қатысқандығын  растайды  және  «Үздік  дене  шынықтыру  пәні 

мұғалімі» төсбелгісімен, 2016ж. 

9.  Д.Б.Уальбай    Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздігінің  25  жылдығы  мен  Мемлекеттік 

Рәміздер  күніне  орай  өткен  дене  шынықтыру  пәні  мұғалімдері  арасындағы 

республикалық байқауда кермеге тартылудан ең үздік нәтиже көрсеткені үшін Дипломы, 

2016ж  


10.  Жакупбекова  Г.О.    Жаңа  буын  өкілдерін  тәрбиелеудегі  еселі  еңбегі  және  тәрбиелік 

ізденісін бағалай отырып Алматы облысы әкімінің Алғысы, 2015ж. 

11.  Оразбаев  Қ.А.  Облыстық  «Үздік  дене  тәрбиесі  оқытушысы-2015»  байқауына 

белсенділік танытып Алғыс хаты, 2015ж  

12. Исабекова Л.К Білім беру мазмұнының жаңару жағдайында жас ұрпаққа сапалы білім 

мен  саналы  тәрбие  берудегі  зор  еңбегі  үшін  АҚ  «  Өрлеу»  біліктілікті  арттыру  ұлттық 

орталығының Мақтау грамотасы, 2015ж  

13.  Сарсенов  Ғ.О.  Өскелең  ұрпақтың  бойына  Отанға    деген  мақтаныш  сезімдерін 

қалыптастыру  бағытында  сіңірген  еңбегі  үшін  Алматы  облысы  Талдықорған  қаласының 

қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген басқармасының Алғысы, 2016ж 

14.  Уальбай  Д.Б  Қазақстан  Республикасы  Тәуелсіздіге  25  жыл  толуына  орай  Алматы 

облысы  оқытушылары  мен  өндірістік  оқыту  шеберлері  арасында  рейтинг  жүйесіндегі 

волейбол біріншілігінде «Үздік қорғаушы» номинациясы, 2016 ж. 


15.«Тәуелсіздік Қазақстанға -25 жыл» ҚР Қарулы Күштерінің құрылуына 24 жыл толуына 

орай  Талдықорған  қаласының  колледждер  арасында  ұйымдастырылған  «Жас  ұлан» 

әскери-спорттық  ойындарында  ІІІ  орынды  Талдықорған  өнеркәсіптік  индустрия  және 

жаңа технологиялар колледжі иеленді 

16.  Абдибекова  А.  Д.  Алматы  облыстық  білім  басқармасы  Облыстық  «Үздік  әдіскер-

2016» байқауына қатысқаны үшін Алғыс хаты, 2016ж 

17. Абдибекова А.Д. «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы Елдің әл-ауқатын 

арттыруға  бағытталған  партияның  бағдарламасын  жүзеге  асыруға  қосқан  сүбелі  үлесі 

үшін  және «Үздік әдіскер-2016» кәсіби байқауында белсенділік танытқаны үшін Алғысы, 

2016ж. 


18. Абдибекова А. Д.  Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясы президиумы 

Талдықорған  өнеркәсіптік  индустрия  және  жаңа  технологиялар  колледжінің  әдіскері  ҚР 

Кіші ғылым академиясының аясында Қазақстанның дарынды жастарымен табысты және 

жемісті жұмысы үшін Құрмет грамотасы, 2016ж. 

19.  Ерназарова  Ж.Е.  Техникалық  және  кәсіптік  оқу  орындарының  арнайы  пән 

оқытушылары  арасында  «Ең  таңдаулы  арнайы  пән  оқытушысы-2016»  облыстық 

байқауында  «Жаңашыл  педагог»  номинациясын  алғаны  үшін  Алматы  облыстық  білім 

басқармасының Грамотасы, 2016ж. 

20.  Абдибекова  А.Д.  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  Ғылым  Министрлігінің 

Алғысымен марапатталды, тамыз 2016ж.  

 

 

Колледж әдіскері:  



Абдибекова А.Ж.  


жүктеу 154.66 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет