Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»


және  бал  ашатын  оқтар  лас,  шайтанның  істерінен.  Одан



жүктеу 27.55 Kb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата04.05.2017
өлшемі27.55 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

және  бал  ашатын  оқтар  лас,  шайтанның  істерінен.  Одан 
сақтаныңдар,  құтыласыңдар.
162
  Пайғамбарымыз:  «Арақ 
ішу, ол – барлық пәленің кілті», - деген. Осы аят пен хадисте 
терең  мағыналар  жатқанын  байқауға  болады.  Бұл  да  кешегі 
кеңестік  кезеңнің  салдары,  біздерге  үйреткен  жағымсыз 
қасиеттерден  арыла  алмай  келеміз.  Солардың  қаншалықты 
зиян  екенін  өмірден  көріп  жатсақ  та  тыйылмаймыз.  Қанша 
отбасылар  осының  салдарынан  ажырасып  жатыр.  Темір 
тордың 
ар 
жағына 
барып 
көрсеңіз, 
қаншама 
қандастарымыздың  басым  көпшілігі  осының  салдарынан 
бәлеге ұрынуда. Күнәлар көп жағдайда білместіктен, ақылды 
дұрыс  қолданбаудан  болып  жатады.  Ал  сол  ақылды 
адастыратындардың  басында  харам  тағамдар  мен  ішімдіктер 
тұрады.  Қазіргі  күні  ата-анасы  балаларының  жанында,  тіпті 
кейбіреулері  өз  балаларымен  ішіп  жүргеніне  куә  болып 
жүрміз.  Осыны  көрген  балалардан  ертең  не  күтуге  болады?! 
Той жасап, қонақ шақырамыз, сөйтіп дастарханды неше түрлі 
                                                
162
 Маида сүресі, 90 аят 

 
 
93 
 
харам 
сусындармен 
толтырамыз. 
Алланың 
атын 
араластырып,  қолымызға  шөлмектерді  толтырып  тілек 
айтамыз.  Дастарханымыз  бен  ішкеніміз  харам  болса, 
тілектеріміз  қалай  қабыл  болады?!  Пайғамбар  хадисінде 
айтады: «Бір кісі Аллаға құлшылықпен жалынады, тіпті, өзіне 
қарауға шамасы келмей қиналады. Оның дұғасы қалай қабыл 
болады,  егер  де  ішкені  харам,  жегені  харам,  кигені  харам 
болса»  деп  сахабаларды  ойландырады.
163
  Кейде  адам,  мен 
ішпеймін  тек  сатамын  деп  ақталғысы  келуі  мүмкін.  Оларға 
жауабымыз:  Ол  да  харамға  жатады.  Әлгі  хадисіміз  соған 
дәлел.  Харамды  сатып,  таза  киім  киеді.  Ол  да  харамға 
жатады.  Егер  Алла  бір  нәрсені  харам  етсе  демек  онда  зиян 
бар  деп  тыйылуымыз  керек,  ал  рұқсат  берсе  қолдануымыз 
керек. Доңыздың еті де солай. 
  Қазақ  жас  балаларды  еңбекке  үйретуді  ерте  жастан 
бастаған.  Үш-төрт  жасынан  қыз  шешесіне,  бала  әкесіне 
жақын  жүріп,  солардың  кәсібіне  әуестене  бастайды.  Шешесі 
қызына үй тіршілігіне қажетті нәрселерді: тігіншілікті, тамақ 
даярлауды, қонақ күтуді т.б. үйреткен.  
 
Қазақтар 
спорттық 
жаттығуларға 
кішкентайынан 
жаттығып,  жас  балалар  атқа  шауып,  секіріп,  күресіп,  көкпар 
тартып дегендей, шынығып өскен. Н. А. Добролюбов: «Бірде-
бір  неміс  гимнасшыларының  грециялықтардан  басқа  үлгі-
өнегелері  болмағандықтан,  бізге  мұнда  қырғыз  даласына 
келмеуі  өкінішті-ақ.  Мұнда  олимпиядалық  ойын  түрлері: 
күрес,  сырыққа  өрмелеу,  жүгіру,  т.б.  гүлденіп  өскен»,  -  деп 
текке  мақтамаған.  О  бастан  қазақтардың  сүйікті  ойындары: 
атпен  шабу,  садақ  ату,  қазақша  күрес,  жарыс,  аңшылық,  т.б. 
жақсы  дамыған.  Осының  бәрі  баланың  жастайынан 
шынығып,  мықты  болып  өсуіне,  былайша  айтқанда,  дене 
тәрбиесіне  зор  мән  берілген.  Жаз  бойы  бай,  кедей  демей 
жалаңаяқ жүгірген.  
                                                
163
 Мүслим жеткізген. 

 
 
94 
 
 
Ал Пайғамбарымыз тәрбие мәселесінде өзінің хадисінде 
балаларға  күрес,  садақ  ату,  жүзуді  үйретіңдер  деп 
өсиеттеген.
164
  Ендігі  бір  хадисте  «күшті  мұсылман  Алланың 
алдында барлық істе әлсіз мұсылманнан жақсы» деген.
165
  
 
Баланы 
сүндетке 
отырғызу 
сонау 
Ибраһим 
Пайғамбардың  заманынан  бері  жалғасып  келеді.  Баланы 
сүндетке  отырғызу  жайлы  Құранда  ештеңе  айтылмаса  да 
Пайғамбарымыз бұл амалды қияметке дейін жалғасады деген. 
Кейін  бұл  дәстүрді  Ислам  қабылдап,  өз  жорасына 
айналдырған.  Сүндетке  отырғызу  тойы  біздің  қазақтарда 
ағайын туғандардың қатысуымен атқарылып, оған көп қаржы 
жұмсалады.  Рас,  қазір  медициналық  мекемелерде  балаларды 
сүндетке  отырғызып  жүр.  Біз  бұл  істі  қолдап-қуаттаймыз. 
Сүндетке отырғызу медициналық тұрғыдан пайдалы екенінде 
дау жоқ. Сондықтан сүндетке отырғызудан бас тартпай, қайта 
оған халықтық сипат беру қажет.  
 
ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН 
 
 
1. Қазіргі Қазақстандағы Ислам дінінің жағдайы 
 
Біздің  қазақ  халқы  –  мұсылман,  діні  –  Ислам  екендігін 
үнемі  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  биік  мінбелерден  тектен-
текке  айтып  жүрген  жоқ.  Сан  ғасырлар  бойы  исламдық 
жолды ұстанған ата-бабаларымыз осы дінге лайықтап өз әдет-
ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімін қалыптастырған, әрі оны 
ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып отырған.  
 
Өкінішке  орай,  кешегі  «қызыл  империя»  ата-
бабаларымыз  қасиет  тұтқан,  түпкі  табиғи  болмысына 
айналдырған  Ислам  дінін  мансұқтап,  ұрпақтарына  құбыжық 
еткен  атеистік  тәрбие  асыл  дініміздің  алтын  діңгегінен 
ажыратып,  мәңгүрт  ете  жаздады.  Құдайға  шүкір,  қазір 
тәуелсіздігіміз  өз  қолымызда,  егеменді  елміз.  Халқымыз 
                                                
164
 Байхақи ибн Омардан жеткізген. 
165
 Имам Мүслим дұрыс хадистер жинағында жеткізген. 

 
 
95 
 
Ислам  дінімен  қайта  қауышып,  көпшілік  имандылыққа  бой 
ұруда.  
 
Қазіргі  жаһандану  дәуірінде  «Бәле  қайда?  Бассаң  аяқ 
астында»  дегендей,  бізді  сақтануға  шақыратын  мәселелер 
жетерлік.  Еліміздегі  экономикалық  қиындық  көптеген 
келеңсіз  жәйіттердің  бой  көтеруіне  жол  ашып  берді.  Бір 
формациядан  екінші  формацияға  өту,  әрине,  көптеген 
қиындықтарды  қоса  әкеледі.  Бұл  қиындықтардан  рухани 
біртұтастық  қиналдырмай  алып  шығаруы  хақ.  Ал,  рухани 
күйзеліске  ұшырау,  әртүрлі  жіктерге  бөліп,  дағдарысқа 
ұшыратады.  Қазіргі  Қазақстан  халқы  рухани  дағдарысты 
басынан  кешіруде.  Алпауыт  империялар  ең  алдымен 
жаһандану дәуірінде кез келген елдің рухани бірлігіне нұқсан 
келтіруді  тектен  текке  көздемейді.  Рухани  тұтастығынан 
айырылған елді көнбіс етіп алу ежелден келе жатқан дәстүр.  
 
Әсіресе,  ұйқыдан  енді  оянған  нәрестедей  қазақ  халқын 
азғыру, соңына ерту оңайдың оңайы. Тәуелсіздігімізден бергі 
он  жыл  ішінде  жарты  миллиондай  қара  көздеріміз  басқа 
діннің шылауында кетуі осыны айғақтайды. Дәл осылай үнсіз 
кете беретін болсақ, алдағы жылдарда қазақтың тең жартысы 
өзге діндерге өтуі ғажап емес.
166
 
 
Сондықтан әлі де кеш емес, мемлекеттік тұрғыдан маңыз 
беріп,  дін  саясатына  ерекше  көңіл  бөлу,  мемлекеттің  басым 
көпшілігі  мұсылмандардың  (Қазақстан  Республикасында 
қазір  мұсылмандар  ресми  дерек  бойынша  76  %)  мүддесін, 
ауыз  бірлігін  сақтайтын  заңды  қабылдау,  исламдық  әдеп 
мектептері 
мен 
жоғарғы 
оқу 
орындарына 
оқыту, 
миссионерлік  іс-әрекеттерге  тыйым  салу  қажет.  «Иегово 
куәгерлері»  үстіміздегі  жылы  Украинада  конференция 
өткізіп,  оған  Қазақстаннан  барған  500  делегаттың  350-і 
өзіміздің  қара  көздер  екені  көп  нәрсені  білдірсе  керек. 
Қаншама  қара  көздеріміз  «кришна»  дініне  еніп,  мінез-
құлықтары  адамдық  сипаттан  алшақтап  кеткенін  де  жақсы 
                                                
166
 Нұралы Өсерұлы, «Ислам және Қазақстан», Руханият, Алматы 2003 жыл.  

 
 
96 
 
білеміз.  Ислам  дінін  үгіт–насихат  етушілерден  гөрі  өзге 
діндерге  насихаттаушылар  көп.  Олар  қалалардағы  көше-
көшелерді,  тіпті  ауыл-аудандарды  аралап,  тегін  діни 
кітаптарын  таратып,  жұртты  азғырып  жүр.  Қайта,  міне  осы 
миссионерлердің  өзі  адам  құқығын  бұзып,  отбастарымызға 
ылаң  салуда.  Қазір  Республикамызда  екі  мыңнан  астам  діни 
секталар  мен  ағымдар  білгенін  істеп  жатыр.  Олардың 
қатарында  Ислам  атын  жамылған  және  «Ахмадия»  секілді 
теріс жолдағы ағымдар да бар.  
 
Біздің  қазақ  сан  ғасырлар  бойы  Ислам  дінінің  «Имам 
Ағзам» деп аталатын Ханафилік жолды ғана ұстанып келген. 
Бұл  жол  нағыз  демократиялық,  суниттік  жол.  Ханафилер 
өзінің 
терең 
ізденістерімен, 
ізгілікті 
сипаттарымен 
ерекшеленеді. Мұны жақсы біле білген ата-бабаларымыз осы 
ағымды  YIII  ғасырдан  бері нық ұстап, арасына  жік  түсірмей 
келген  еді.  Осы  орайда  айта  кетерлік  тағы  бір  жайт, 
Пайғамбарымыз  ең  жақсы  заман  менің  кезеңім  одан  кейін 
менен  кейінгі  сахабалар  ғасыры,  кейін  одан  кейінгі  деп 
анықтап  кетті.  Енді  айтылған  уақыттарға  түсінік  беретін 
болсақ  Пайғамбарымыз  заманының  жақсы  болуын  былай 
айта  аламыз.  Қандай  да  бір  діни  мәселеде  түсінбеушілік 
туындаса олар тез арада Пайғамбарымызға келіп тиісті толық 
жауабын  алып  отырған.  Сахабалардың  заманында  да  солай 
болды.  Табиғиндер  уақытысында  неге  түрлі  пікірлер  шыға 
бастады.  Имам  Әбу  Ханифа  осыны  терең  түсініп  өзінің 
ыждахаттылығымен  танылды.  Дұрыс  хадистермен  фәтуа 
шығарып  отырды.  Қазірде  кейбіреулер  Имам  Әбу  Ханифа 
туралы  әңгіме  айтқысы  келеді.  Оларға  айтарымыз,  сол  кісі 
сияқты еңбектер жазса бұлай әңгіме айтпас еді.  Әрине 
Әбу 
Ханифа өзінің жолымен жүруді насихаттамаған. Оның айтқан 
сөздерінің  барлығы  Құран,  сүннет,  сахабалардың  сөздеріне 
негізделген.  Бұл  имам  жөнінде  қаншама  атақты  ғұламалар 
жақсы пікірлерін білдірген.  
 
Атамыз қазақ «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. 
Бала шыр  етіп  дүниеге  келген  күннен  имандылықты  бойына 

 
 
97 
 
сіңіру,  мектепте  де,  жоғарғы  оқу  орындарында  да  мұны 
талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.  
 
Бұл  көкейкесті  мәселелерді  шешуге  мемлекетіміз  де, 
діни  басқармамыз  да,  бүкіл  мұсылмандар  да  атсалысып,  бір 
жағадан  бас,  бір  жеңнен  қол  шығару  керек.  Қазақстанды 
мекендейтін мұсылмандар 76 % астам. Әрине, бұл үлкен күш. 
Бәріміз  осы  күшті  біріктірсек,  адамгершілік,  әділеттік, 
имандылық  жолын  тез  қалпына  келтірер  едік.  Өйткені, 
құқықтық-демократиялық  мемлекеттің  қайнар  көзі  де  осы 
Исламда, ата-баба қағида-ережелерінде жатыр. Парламентіміз 
заңдарды  құрастырып,  бекітіп,  қабылдап  отырғанда  осы 
жайттарды  көзінен  таса  қалдырмаулары  тиіс.  Барша 
өркениетті  елдер  өздерінің  түп-тамырларына,  өткеніне 
сүйенеді.  Жапония,  АҚШ,  Қытай,  Ағылшындар,  Немістер, 
Үнділер  де  дәл  солай,  қазіргі  заңдары  өткенінен  нәр  алған. 
Ал,  біздердің  заңымыз  сырттан  әкелінгендіктен,  қаншама 
сұлу, әдемі көрінгенімен дінімізге, руханиятымызға сіңбейді. 
Сол  үшін  де  заңдарымыз  көпшілік  көңілінен  шықпай  жүр. 
Оған бірер мысалдар келтіре кетейін: 
 
-  Біріншіден,  ата-бабаларымыз  кез  келген  іс-әрекет,  ой-
ниетті  адал-арамға,  жақсы-жаманға,  обал-сауапқа,  дұрыс-
бұрысқа  бөлген.  Бірін-жақсы,  екіншісін-күнә  дейді.  Күнә 
нәрселер  адам  баласына  зиян  келтіреді.  Сондықтан  да  ондай 
іс-әрекеттер  қылмыс,  жөнсіз  жасалып,  кез  келген  қоғам 
мүшесі ондай әрекеттерден аулақ жүрген; 
 
-  Екіншіден,  күнә  жасаушылардың  болмауын  қоғамның 
өзі  қадағалап,  бола  қалған  жағдайда  оның  шығу  себебін 
анықтап, оның жайылып кетпеу жағы қарастырылады;  
 
-  Үшіншіден,  күнә  жасаушы  міндетті  түрде  жазасын 
тартуы,  жасаған  күнәсіне  өкініш  білдіруі,  екінші  рет 
істемеуге  шешім  қабылдауы  және  қылмыс  пен  күнәнің 
кешірілуі назарда ұсталады;  
 
- Төртіншіден, мұны жүзеге асырушы билер, ақсақалдар 
және  билік  басындағылар  жақсы  біліп  қана  қоймай,  оларды 
жаман жолдан қайтарып, имандылыққа жетелеген;  

 
 
98 
 
 
-  Бесіншіден,  кез  келген  қылмысты  іс,  дау-дамай 
жариялы  түрде,  халық  алдында  өткен.  Сөйтіп,  жазаның 
әділдігі  өзгелер  алдында  анықталып,  оның  үстіне  өзгелерге 
сабақ, үлгі (сот шешімдері) болған.
167
  
 
Өкінішке 
орай, 
осындай 
нағыз 
демократиялық 
принциптердің  қолданысқа  енбей  отырғаны  жасырын  емес. 
Ал  осы  принциптерді  мықты  ұстанған  мұсылман  елдеріне 
түрмелер  бос,  қаңырап  тұр.  Осы  жерде  бір  мысалды  айтпай 
кетпеуге  болмайды.  Бірде  бір  отбасы  Біріккен  Араб 
Әмірліктеріне  іс  сапармен  келді.  Сол  адамның  жүрек  жарды 
сөзін  айтайын.  Не  деген  керемет  халық,  момын,  мейірімді, 
ашушаң  емес,  танысын  -танымасын  амандасып,  жымыңдап 
жылы  жүз  танытады.  Өздерінің  қаражаттарын  жоғалтып, 
артынан  ешқандай  өзгеріссіз  қайта  иеленгендерің  таң  қалып 
айтты.  Тағы  да  көшеде  түннің  ортасы  болса  да  тып-тыныш, 
ешкіммен  ешкімнің  ісі  жоқ,  өмір  сүріп  жатқан  халық  деп 
ағынан  жарылды.  Бұның  бәрі  әрине  салыстырмалы  түрде 
еліміздегі  жағдаймен  байланыстыруда.  Сонда  мен  айттым: 
бұл жерде таң қалатын ешнәрсе жоқ, бәріміз бір адам атадан, 
анамыз  Хауадан  тарағанбыз.  Жаратылысымыз  бәрі  бір, 
ешқандай  өзгеріс  жоқ.  Бірақ  өзгеріс  мына  жүректе  деп 
имандылық  жөнінде  әңгіме  өрбіді.  Батыс  мемлекеттері 
сияқты  аспанмен  астасқан  үйлер,  алып  зауыттармен  емес, 
әрине  ол  да  керек,  бірақ  тарихта  біз  өз  қанымызға  сіңген 
имани  мәдениетімен  қалатынымызды  айтқым  келеді.  Осы 
орайда  мемлекет  тарапынан  Ислам  мәдениетін,  ілімін 
дамытуда Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен арнайы қор 
құрылып  діни  мәдени  құндылықтарымызды  жандандырып 
жатқанын мақтанышпен қалай айтпасқа?!  
Құран  кітабы  адам  баласының  әлсіз  жаратылғанын  тез 
адасушылыққа  жол  беретіні  жөнінде  көптеген  аяттар 
келтіреді.  Елімізде  жүргізіліп  жатқан  құқықтық  реформалар 
нәтижелі  болуы  –  имандылық  пен  әділеттілікте  жатыр.  Ал, 
                                                
167
 Нұралы Өсерұлы, «Ислам және Қазақстан», 701-б. Руханият, Алматы 2003 жыл. 

 
 
99 
 
имандылық  пен  әділеттілік  тек  Ислам  діні  мен  ата-
бабаларымыздың  біздерге  қасиеттеп  қалдырған  әдет-ғұрып, 
салт-дәстүрлерінде  жатыр.  Мұны  мықтап  қолға  алмасақ, 
бармақ тістеуге де шамамыз келмей қалары анық.  
 
«Бірініші байлық  - денсаулық,  
 
Екінші байлық – ақ жаулық,  
 
Үшінші байлық – он саулық» 
 
(Халық нақылынан) 
 
«Құдайдан  қорықпағаннан  қорық»  деген  даналық  сөз 
бар.  Алайда  соңғы  кездері  қоғамдық  көзқарас  басқаша. 
Керісінше 
Құдайдан 
қорыққаннан 
қорқуға 
үндейтін 
көзқарастардың  кең  насихатталуы  оқырмандардың  арасында 
пікір  қайшылығын  тудыруда.  Қалыпты  –  қауіптіге,  қауіпті  – 
қалыптыға  айналады.  Соның  дәлелі  болар,  қоғамда  әйел 
адамның 
етек-жеңін 
қымтап 
жүруі, 
жартылай 
жалаңаштанудан  да  тұрпайы  көрініс  табуда.  Қоғамда  заман 
талабына ілесудің өлшемі – «жалаңаштану» сияқты көзқарас 
қалыптасты. Ал орамал тағып, ұзын киім киіп жүрген жандар 
замана  көшіне  ілесе  алмай,  қатардан  қалып  кеткен  ескішіл 
адамдардай  бағалануда.  Бүгінде  әйел  баласы  бейне  бір  зат 
секілді,  әркімнің  ойына  келген  арам  ойыншық  болуы 
өкінішті-ақ.  Мысалы  әйелдің  жалаңаш  тәні  өзгелердің 
назарын 
тарту 
үшін 
кәсіпкерлердің 
тауарларын 
жарнамалайтын  жарнама  құралына  айналды.  Әйтпесе  газет 
жарнамасында,  көліктің  дөңгелегінің  жанында  жалаңаш 
тәнімен тұрған әйелдің оған қандай қатысы бар дерсің?!  
 
Керісінше  орамал  таққан  қыздардың  қоғамдық  ортада 
«отырса  –  опақ,  тұрса  –  сопақ»  көрініп  жатқан  жайы  бар. 
Жатырқап,  жақтырмай  қарайды.  Мұның  астарында  не  сыр 
бар? 
 
 
Орамал - өзге діндерге де жат емес  
 
Әуретті  жабу  –  тек  Исламға  тән  құбылыс  емес.  Бұл 
Алланың  әйел  азаматтарына  міндеттеген  киім  үлгісі.  Ол 
жөнінде  Құранда  «Нұр»  сүресінде  баяндалады.  Киім  киюдің 

 
 
100 
 
бұл үлгісі яһуди (еврей) мен христиан дінінде, мәдениті тым 
бұрыннан  басталатын  кәріс,  жапон  секілді  елдерде  де  бар. 
Мысалы  Менахем  Брейер  («Йешива»  университетінің 
профессоры)  яһуди  дінінің  талабы  бойынша  әйелдердің 
міндетті түрде орамал тағу керектігін айта келе, бір интернет 
басылымында  танымал  равиннің  мынандай  сөздерін 
келтіріпті:  «Еврей  қыздарына  орамалсыз  сыртқа  шығу 
жараспайды,  әйелдерінің  орамалсыз  жүруіне  рұқсат  еткен 
еркектерді  қарғыс  атсын,  еркектерге  ұнау  үшін  басын  ашып 
жүрген әйелдер жоқшылық әкеледі...» 
 
Әйелдің  орамалсыз  жалаңбас  жүруі,  жалаңаш  жүрумен 
тең  саналғындықтан,  яһуди  дін  өкілдері  мұндай  жағдайда 
оның  жанында  дұға  қылуға,  ғибадат  жасауға  тыйым  салады. 
Олардың көзқарасы бойынша, орамал - әйелдің абыройы мен 
беделін,  әлеуметтік  жағдайын  білдіретін  дін  белгісі. 
Сондықтан  төменгі  таптағы  әйелдер  жоғарғы  таптағы 
әйелдердің қатарында көріну үшін орамал тағуға тырысатын. 
Орамал  тағуды  тектіліктің  нышанына  балаған  жәйттер 
кезінде Израильде зинақор әйелдердің орамал тағуына рұқсат 
бермегеніне  қарт  тарихтың  өзі  куә.  Еуропадағы  еврей 
әйелдері  XIX  ғасырға  дейін  басынан  орамалын  тастамаған. 
Батыста  жалаңбас  жүру  күштеп  енгізілгеннен  кейін  еврей 
әйелдері оның орнына парик киген. Яһуди дінінің «hassidism» 
бағытын  ұсатнушылар  орамалға  балама  ретінде  әлгі  күнге 
дейін парик киюде.  
 
Ал  христан  дінінде  орамал  тағу  мәселесіне  келсек, 
котолик  шіркеуіндегі  монах  әйелдердің  1000  жылдан  бері 
орамалын  тастамай  киіп  келе  жатқаны  белгілі.  Христиан 
дінінің  Тертуллиян  есімді  ғалымы  бойжеткендердің  шашын 
бүркемелеуге  байланысты  баяндамасында  былай  дейді: 
«Бойжеткендер,  көшеде  жүргенде  бастарыңа  орамал 
тағыңдар, шіркеуде, бөгде адамдардың жанында бастарыңды 
ашық ұстамаңдар...»  
 
Еуропа  елдерінде  орамал  тартқан  әйелдердің  қоғамдық 
жұмыстарға белсене араласуы – мұсылманша киінуі қызметке 

 
 
101 
 
кедергі  еместігін  дәлелдеуде.  Бір  мысал:  Ұлыбритания  тегі 
пәкістандық  мұсылман  әйел  баронесса  Саида  Варси  осы 
елдегі  консерваторлар  партиясының  әкімшілік  төрайымы 
және  министр  болып  тағайындалды.  Оны  бұл  лауазымға 
Ұлыбританияның  премьер-министрі,  консерваторлардың 
көшбасшысы  Дэвид  Кэмерон  тағайындады.  ВВС  ақпарат 
агенттігінің  хабарлауынша,  баронесса  Варси  –  Ұлыбритания 
министрлер  кабинетінің  құрамына  енген  тұңғыш  мұсылман 
әйелі.  
 
Медицина мамандары да орамалды мойындауда   
 
Орамал  тағудың  физиологиялық  тұрғыдан  да  әйелдерге 
пайдасы  көп.  Мұны  медицина  саласының  мамандары 
мойындауда.  Медицина  ғылымының  докторы,  профессор 
Қарлығаш  Тоғызбаева  бұл  жайлы  былай  дейді:  «...Ер  адам 
көбіне көктен, әйелдер жерден қуат алады. Сондықтан болар, 
әйелдің  шашы  магнит  тәрізді  ауадағы  кір-лас  қуатты 
жинағыш  келеді.  Бұл  да  оның,  әсіресе,  бас  ауруына 
ұшырауына  әсер  етеді.  Ашық-шашық  жүрген  әйел  көктен 
өзіне  емес,  артық  қуатты  алады,  сөйтіп  оның  бойында 
еркектерге  тән  гистостерон  гормоны  пайда  болады. 
Нәтижесінде,  ағзаның  гормональды  бұзылуы  етек  алып, 
жыныс  органдарындағы  қатерлі  ісік,  т.б.  ауруларға  жол 
береді.  Ал  баланың  бітуі  мен  тууына  аса  қажет  әйелге  тән 
экстрогенес гормондарының керекті мөлшерде қалыптасуына 
ықпал  ететін  жерден  келетін  қуат,  ұзын,  кең  көйлек  арқылы 
әйел денесіне молынан, еркін өтеді. Тар шалбар осындай аса 
маңызды  процеске  кедергі  жасайды.  Осы  процестер  дұрыс 
жүзеге  аспағандықтан,  қоғамда  жантүршігерлік  түрлі 
оқиғалардың 
(лесбиянкалар, 
гомосексуалистер, 
трансвеститтер, т.б.) орын алуына себеп болуы мүмкін. Күшті 
феминистік  қозғалыстар  салтанат  құрған  Батыста  бедеу 
әйелдер  мен  еркектердің  көбеюі,  сөйтіп  моралдық 
азғындаудың  шыңына  жетпеген  ТМД  елдерінен  бала асырап 

 
 
102 
 
алу өзекті мәселеге айналуы тегін емес».
168
 Құмарлық  сезімі 
қозған 
кезде 
адам 
ақыл-есінен 
белгілі 
мөлшерде 
айрылатынын  медицина  саласының  мамандары  дәлелдеуде. 
Құмарлық сезімі артып, нәпсісі қозған адам ақылға, заңға, ар-
ожданға  да  ырық  бермейді.  Сондықтан  еркектердің  осы  бір 
осал  тұстарын  түрткілемеу  үшін  әйел  адамдар  ашық-шашық 
киінбеуі керек. «Есті қыз етегін қымтап ұстайды» деген дана 
сөз де босқа айтылмаса керек. Еуропадағы «Queens» әйелдер 
бюросының  мәліметтеріне  сүйенсек,  Канадада  әр  6  минут 
сайын  1  зорлау  оқиғасы  тіркелетін  көрінеді.  Онда  әрбір  үш 
әйелдің  біреуі  өмірінің  бір  кезеңінде  зорлау  оқиғасына  тап 
болады. Демек бірінші ұятты жерге көз түседі, одан кейін ол 
«іске» көшеді...  
 
«Кимешекті Ислам құптайды» 
 
Елу  жылдық  еңбек  өтілі  бар  профессор  Мәкен 
Молдабаевамен 
тілдескенімізде, 
университетке 
қысқа 
белдемшемен  келетін  студенттерді  дәрістен  шығарып 
жіберетін  кездері  де  болатынын  айтып  қалды.  «Бұл  туралы 
өздеріне қатты батырып та айтамын»,  - дейді педогог Мәкен 
Молдабаева. Бірі тыңдайды, ал кейбірі өзіңе айбат көрсетеді. 
Өздерінің  анасымен  жасты  ұстазға  дауыс  көтергенін 
қайтерсіз?  «Ұяты  жоқтың  –  иманы  жоқ»  деген  сөздің  рас 
екеніне  сол  кезде  көзім  жетті.  Ал  орамал  тағып,  иманын 
сақтаған  қыздардан  байқағаным,  оларда  адамдармен  қарым–
қатынаста  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізеттілік,  өтірік  айтпау, 
сөзінде  тұру  секілді  адамгершілік  қасиеттер  басым.  Қазақ 
жерінің  әр  аймағының  ауа-райына  тән  әйелдердің  кимешегі 
әр  түрлі  болған,  сондай-ақ,  ол  жас  ерекшеліктеріне  қарай 
түрлі  үлгіде  тігілген.  Ата-бабаларымыз  Құран  қағидасына 
қарсы  шықпаған.  Керісінше,  оны  ғұрпымен  сабақтастырып, 
ою-өрнегімен  көркемдеп,  өзінің төл  киім үлгісіне  айналдыра 
білген. Бүгінгі таңда да Құран өлшемдеріне әр заман талабы 
                                                
168
 
«Мұсылман» журналы, № 1, қаңтар, 24-бет, 2004 жыл.
 
 

 
 
103 
 
мен  ұлттық  түсінігімізге  сай  әртүрлі  киім  үлгілерін  неге 
тікпеске?  Кимешекті  неге  кимеске?  Осылай  істер  болсақ, 
бәлкім  арабтың  киімі»  деген  қасаң  көзқарастан  арылар  ма 
едік?! Демек тарихты қалай ақтарсақ та қазақ жеріндегі әйел 
заты ұятты жерін жауып жүрген. Бойжеткен қыздарымыздың 
өзіне жарасқан сәукелесі, апаларымыздың киген кимешектері 
қандай  керемет,  барлығы  шариғатқа  негізделген.  Өкіншке 
орай қазір түрлі байланыс жүйесінің тармақтары санымызды 
улап  батыстың  мәдениетімен  неше  түрлі  жағымсыз  көрініс 
кіріп  жатқаны  жүрегімізді  ауыртады.  Батыстың  біз  тілін 
үйренейік,  ғылым  ашудағы  жаңалық  ізденістерін  үйренейік, 
бірақ  мінез-құлықпен  барынша  еліктей  беруге  болмайды. 
Батыстың  жаңалықтарына  қызығамыз-ау  бірақ  тарихта 
барлық  ғылыми  жаңалықтардың  атасы  Ислам  ғалымдары 
екенін білсе ғой халқымыз! Ал енді Хиджап мәселесіне қайта 
оралсақ. Мені исламтанушы маман ретінде таң қалдыратыны, 
қазіргі қоғамда қолданыста жүрген жаңа сөздер мысалы ахи, 
хиджап,  ниқап  т.с.с.  Бұл  сөздер  арабтың  күнделікті 
қолданатын  сөздері  және  Пайғамбарымыз  басқа  ұлттың 
халқы арабша сөйлеспеңдер істерің қабыл болмайды демеген. 
Олай  болса  еліктемей  өзіміздің  ана  тілімізді  дұрыстап 
жетілдірсек  сол  сауап.  Ахи  ол  бауыр,  хиджап  ол  орамал, 
ниқап  ол  паранжа  бұл  сөздер  бізге  таңсық  емес.  Осындай 
сөздерден  қазақ  даласына  Ислам  тәуелсіздіктен  кейін  кіре 
бастаған  көрінеді.  Әрине  халық  арасында  қазір  ренжулі  сөз 
бар,  біздің  ата-бабамыз  бұрын  айға  қарап  келген  бе  деп 
айтулары  дұрыс-ақ.  Бұл  жағдайға  байланысты  Құран 
аяттарында  мысалдар  бар.  Мүшріктерге  дінге  кіріңдер 
дегенде  олар  «ата-баба  жолын  тастамаймыз»  деген.  Ол 
жағдай  мен  біздің  ата-баба  жолын  мүлде  салыстыруға 
келмейді.  Өйткені  ол  кезде  жахилиет  яғни  надандық 
кезеңінде  дін  жаңадан  келді.  Содан  Алла  олардың  ата-баба 
жолын  сынады.  Ал  бізде  қалай?  Жоғарыда  айтқанымыздай 
қазақ  елі  Ислам  құндылықтарымен  VII-VIII  ғасырдан 
сусындап  келеді,  тек  кейінгі  жетпіс  жылда  алыстағанымыз 

 
 
104 
 
бар,  оның  өзіндік  себептері  бар.  Әрине  бұл  деген  мүлдем 
бәрін жойып тастауға болады деген сөз емес. Демек негіз бар. 
Ислам  діні  бабаларымыздың  шамандық  сенімдерін  сынап, 
қараңғылықтан  нұрлы  жолға  шығарады.  Енді  тақырыпқа 
көшсек,  әйелге  орамал  парыз  дедік.  Құранды  оқитын 
болсаңыз,  онда  әйел  заты  ұятты  жерлерін  қөрсетпей  жауып 
жүрсін  деген,  тек  өздігінен  көрінетін  жері  басқа,  оны 
ғұламалар  бір  ауыздан  беті-қолы  деген.  Әрі  қарай  қалай 
жабасыз,  өзіңіз  білесіз.  Шариғат  белгілі  киімнің  жобасын 
айтпаған.  Сондықтан  да  осы  ұғымды  терең  түсінген  ата-
бабаларымыз  сәукеле-кимешек  кигізген.  Осы  орайда 
кейбіреулеріміздің  арабқа  еліктеп  қара  киінудің,  түрікке 
немесе  басқаға  еліктеудің  қажеті  жоқ.  Өзіміздің  шариғатқа 
сай  екенін  айтқым  келеді.  Әр  ел  өзінің  ұлттық  болмысын 
сақтай отырып киім киінуі қажет және шариғатқа сай болуы 
керек. Қыстың суық кездері әйтеуір күн суықтан ба әйелдер, 
қыз  балалар  жабық  жүреді,  ал  қалай  күн  жылиды  тәндерін 
көрсетумен жарысқа түсетін сияқты. Пайғамбарымыздың бұл 
жөнінде қатаң ескертулері бар. Сондықтан да Құранда «Нұр» 
сүресі,  2  -  аятта  зинақор  әйел  мен  еркекті  жүз  дүре  ұрып 
сабаңдар  деген  бар.  «Зинашы  әйел  мен  ердің  әрбірін  жүз 

жүктеу 27.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет