Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»



жүктеу 27.55 Kb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата04.05.2017
өлшемі27.55 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

 
Қазақтардың  ең  бір  қадірлеп-құрметтейтін  дәстүрі  - 
өлген  ата-баба  әруақтарына  табыну.  Өлген  ата-баба  әруаққа 
айналып,  тірілердің  зор  құрметіне  ие  болады.  Олар  тірі 
ұрпақтарының  әдет-ғұрып  заңдарын,  кәде-қаумет,  салттарын 
сақтап  жүрулерін  талап  етеді.  Ата-баба  әруағына  қарсы 
болғандарға  олар  әр  түрлі  ауруларды  мал-жанына  әкеледі, 
құрғақшылыққа  душар  етіп,  бірде-бір  тамшы  жаңбыр 
жаудырмайды,  қажет  болса,  әйелдерді  бала  табудан  махрұм 
етіп,  ұрпағын  өсірмейді  деп  ойлайды.  Өлімін  күтіп,  төрінен 
көрі  жақын  қалған  қарттарды  аса  құрмет  тұтып,  ақсақал, 
отағасы  деп  сыйлайды...  Сондықтан  да  қазақтар  ата-анасын 
өте  құрмет  тұтады.  Өлгендеріне  шаң  жуытпайды,  әруаққа 
айналдырады.  Әрине,  мұндай  құрметке  кез  келген  қарт  ие 
бола  бермейді.  Әр  рудан  оза  шауып,  ақыл-парасатымен, 
істеген ісімен ел құрметіне бөленгендер ғана үлкен құрметке 
ие болады. Қазақтар былай қарағанда, момақан көрінгенімен, 
егерде  өзінің  жеке  отбасының  намысына  тиетіндей  бірдеңе 
істелінсе,  онда  қазақтар  шыдай  алмайды,  қажет  болса, 
намысқа шыдамай өлуге дейін барады.  
 
Ислам  дінінің адамзат  баласына  келуі  ол  адамды  дұрыс 
бағытқа  бастап,  Ислам  дініне  қарама-қайшы  нанымдары 
алыстатты. Халық арасында әлі күнге дейін айтылатын әруақ 
қолдасын  деген  сөз  бар.  Ислам  діні  әруақты  жоққа 
шығармайды  қайта  шаһидтердің  мәңгі  тірі  екенін  Құранда 
дәлелдейді:  «Алла  жолында  өлтіргендерді  (шаһидтері)  өлі 

 
 
81 
 
демеңдер, 
олар 
тірі, 
бірақ 
сендер 
сезіп 
біле 
алмайсыңдар».
145
  Алла Тағала бізді тек бір Өзіне құлшылық 
етуге  шақырды,  Өзіне  ешкімді  серік  қосуға  болмайтынын 
қатаң 
ескертті. 
Өйткені 
мәңгі 
тірі, 
ұйықтамайды, 
қалғымайды,  барлық  нәрсеге  құдіреті  жетеді,  Оның  «бол» 
дегені болады. Оның бірнеше көркем сипаттары бар, оны біз 
оқып  білуіміз  қажет.  Жалпы  адам  баласының  бойында 
Исламды  мойындайтын  туа  біткен  асыл  қасиетіміз  бар.  Тек 
кейбір  сенім-нанымдар  оның  сол  қасиетінен  адастырады. 
Сондықтан  да  барлық  ісіміз  бір  Алла  разылығы  үшін  болса 
адаспайды.  Олай  болса  біз  әруақ  мәселесінде  тек  Алланың 
көрсеткен  бағытымен  жүріп,  одан  артық  асып  кетпеуіміз 
қажет, яғни ол дегеніміз марқұмды зиярат жасап, дұға етуіміз. 
Олай 
ету 
Пайғамбарымыздың 
асыл 
хадистерімен 
дәлелденген.  Пайғамбарымыз  айтады:  «Сендерді  қабірге 
барудан  тыйған  болатынмын,  ал  енді  барып  зиярат  етіңдер, 
өйткені,  онда  көздеріңе  жас  келіп,  жүректерің  елжіреп, 
ақыретті еске түсіріңдер».
146
  
Қазіргі 
жағдайдағы 
халыққа 
біздердің 
– 
дін 
мамандарының  Исламды  дұрыстап  жеткізуіне  көптеп  көңіл 
бөлуіміз  қажет.  Санамызға  неше  жылдан  бері  кеңестің 
идеологиясы  сіңіп  содан  әлі  құтыла  алмай  жатқан  жайымыз 
бар.  
 
Ежелден-ақ  қазақ  халқы  үйленуге  мән-маңыз  берген. 
«Отбасы  –  ошақ  қасы»  деп,  отбасына  ерекше  мән  бере 
отырып,  сол  «отбасы  –  ошақ  қасының»  беріктігін  көздеген. 
Әрдайым «отбасы» - берік әрі тату-тәтті болса, сол отбасынан 
өрбитін  ұрпақтар  да  жақсы  болып  өсетінін  жете  білген.  О 
бастан  дұрыс таңдалған  жанұя  бұзыла  қоймайды.  «Отбасы  – 
ошақ  қасын»  бүлдіргендер,  кіші  Отанын  сақтай  алмағандар 
қоғамдық  теріс  пікірге  ұшырағандар  болып  табылады. 
Сондықтан  да  революцияға  дейінгі  қазақ  отбасыларының 
арасында  бұзылғандары  өте  сирек  кездеседі.  Оның  себеп-
                                                
145
 Бақара сүресі, 2/154 аят 
146
 Абдолла ибн Мухаммад. «Үкім хадистер», 1994 ж 3 бөлім, «Қабірді зиярат ету рұқсат» бөлімі 2 хадис. 

 
 
82 
 
салдары  өте  көп.  Қазақ  отбасы  тек  қана  ер,  әйел  және 
балаларын  ғана  емес,  үлкен  әулеттен  (патронимия)  тұрған, 
яғни әкесі мен анасы, үйленген ұлдары, қажет болса үйленген 
немере-шөбересі,  былайша  айтқанда,  «ата-бабалары»  бір 
болып,  оларды  үлкен  атасы  басқарған.  Әрине  бұл 
Пайғамбарымыздың  мына  асыл  хадисіне  сай  келетіні 
байқалып  тұр:  «Сендер  барлығың  алдындағы  қойларына 
жауап беретін шопан сияқтысыңдар ер-азамат өз отбасы үшін 
жауапты».
147
  
 
Оларды  бірігуге  итермелеген  жалпы  экономикалық 
мүдделері  ғана  емес, сол  секілді  қандастық-туыстық,  намыс-
бірлігі  деп  ұғуымыз  керек.  Мұндай  үлкен  әулет  бірге  тамақ 
ішкен,  отбасындағы  маңызды  мәселені  бәрі  бірге  шешкен. 
Рас,  енші  алып,  бөлек  отау  тіккенімен,  енші  алып  бөлінген 
ұлдары ата ақылынан тыс кете алмай, әке нұсқауымен жүріп 
отырған.  
 
Барлық  тұрмыстық  мәселелерді  (мысалы,  өлім-жітім, 
көші-қон, қонақ күту, т.б.) әке шешкен. Өйткені үйлену оңай 
болғанымен,  үй  болу  оңай  емес,  отбасы  беріктігі,  дәулетті, 
көңіл-күйінің  жақсы  болуы  бәрі  сол  «отбасы  –  ошақ 
қасынан». Сол отбасыға деген сүйіспеншілік, туысқанға деген 
мейірбандық,  туысқандардың  өзара  мақсат-міндеттерін 
айқындап, 
олардың 
жауапкершілігін, 
ұйымшылдығын 
арттырған.  Мұндай  отбасы  оңайлықпен  күйремеген,  қайта 
ауызбіршілігі 
нығайып, 
біріне-бірі 
сүйеніш 
болып, 
босағалары  мықты  болған.  Жалпы  Ислам  діні  ағайын-
туыспен тығыз қарым-қатынаста болу мәселесіне ерекше мән 
береді.  Бұл  жөнінде  Құранда  және  Пайғамбар  сүннетінде 
көптеген нақты дәлелдер бар. Пайғамбар: «Кімде-кім өмірінің 
ұзақтығын,  дүниесінің  берекеті  артуын  қаласа  туысқан 
ағайынмен байланысын үзбесін деген».
148
  
 
Үлкен  отбасы  болғаннан  соң,  әрине,  оның  мүшелері 
арасындағы  мақсат-мүдделері  бір-біріне  келіп  жатуы  мүмкін 
                                                
147
 Бұхари 853 хадис. 
148
 Мутафақун алайхи. 

 
 
83 
 
ғой.  Бірақ  мұндай  кереғарлық  мақсат  мүддесінен  асып  кете 
алмаған,  әрі  таласты  мәселелерді  бәрі  ақылдасып  кеңесіп 
шешіп  отырған.  Өйткені  «келісіп  пішілген  тон  келте 
болмайды», «алтау ала болса – ауыздағы кетеді, төртеу түгел 
болса - төбедегі келеді» деген ұлағатты сөздердің түпкі мәнісі 
зор.  Әрине, мұндай  нақыл  сөздерді әрбір  қазақ  жете  түсініп, 
сол  нұсқаумен  амал  еткен.  Ал  Құран  кітабы  осы  көріністі 
былай  сипаттайды:  «Олардың  істері  әр  уақыт  кеңеспен 
жүзеге асқан».
149
  
 
Рулық қоғамның алғашқы бастамасынан-ақ пайда болып, 
әрі  қоғамда  жиі  ұшырасып  отырған  «қанға  –  қан,  жанға  – 
жан» дәстүрі, яғни «құн» алу. «Бір құмалақ, бір қарын майды 
шірітеді»  дегендей,  қоғам  болғаннан  соң  «бір  биеден  ала  да 
туады,  құла  да  туады»,  яғни  қоғам  ішінде  жақсылары  да, 
жамандары да болады. Үлкен отбасына келтірген намыс – сол 
отбасының  кісісін  өлтіру,  жесірін  алу,  малын  ұрлау,  т.б. 
қылмыстар сол үлкен отбасы түгіл, бүкіл руға жағылған күйе. 
Сондықтан  да  бүкіл  ру  қажет  болса  «өз  ұраны» 
шақырылғанда,  атқа  мінбеу,  сойыл  ұстамау  ездік  саналған. 
Қайсы  ру  болмасын  намысын  қолдан  бермеген.  Заң 
органдарының 
күштеу 
аппараты 
болмаған 
заманда 
қылмыскердің  жазасын  тек  қана  осындай  жолмен  қайтару 
бірден-бір  дұрыс  жол  еді.  Қазіргі  кезде  көптеген 
зерттеушілеріміз  «құн»,  «қанды  кек»  қайтару  мәселесіне 
тосырқай  қарап,  жылы  лебізін  білдірмеуі  өкінішті.  Күштеу 
аппараты  жоқ  қоғамда  бұлай  істеу,  кісіні  өлтіру  ниеті  бар 
адамды  қылмыс  істер  алдында  мың  рет  ойлануды,  егер 
қылмыс  істеп,  кісі  өлтірсе  тек  өзіне  ғана  емес,  бүкіл 
туысқандарына  келетін  кесірін  пайымдауды  талап  етеді.  Бұл 
қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолы, еді. 
 
Егер  «қанды  қол»  кісі  өлтірсе,  не  өзі  өледі,  не  бүкіл 
туыстары  болып  «құн»  төлейді,  бұл  оңай  шаруа  емес,  оның 
үстіне  «бүлінген  елден  бүлдірген  алма»  деп,
150
  ондай  рудан 
                                                
149
 Шура сүресі, 38 аят 
150
 Н. Өсербаев, Ж. Естаев. Ислам және қазақтардың әдет-ғұрыптары. Алматы 1992 ж. 145-б. 

 
 
84 
 
басқалар  шеттеп,  «қанды  қолдарын»  беттеріне  басқан,  қыз 
беріп, қыз алмауға тырысқан. Ал Құранның «Бақара сүресінің 
178-179  аяттарында  есе  қайтару  (қысас)  мәселесі  жөнінде 
айтылады:  «Ей,  мүміндер!  Сендерге  қысас  (есе  қайтару) 
парыз  етілді:  Азатқа  азат,  құлға  құл,  әйелге  әйел 
(өлтіріледі). Дегенмен оған туыс жағынан кешірілсе, оның 
ережеге  үйлесуі  екінші  жақтың  да  оған  дұрыс  төлеуі 
қажет.  (егер  қыса  кешіріліп,  құнға  тоқтаса,  алушының 
орынсыз  егеске  қысас  істемеуі,  берушінің  де  дұрыс 
орындауы  керек.)  Міне  осы,  Раббылары  жағынан 
жеңілдік және мәрхамет. Ал кімде-кім бұдан кейін шектен 
шықса,  (кек  сақтаса)  ол  үшін  ақыретте  күйзелтуші  азап 
бар. Ей, ақыл иелері! Сендер үшін қысаста (кісі өлтіргенді 
өлтіруде) тіршілік бар. Әрине сақсынарсыңдар».  
 
Дегенмен,  қазақ  қоғамында  кісі  өлімі  болып  тұрған.  Ол 
ру  аралық  қақтығыстарда,  жер  дауында,  жесір  дауында,  мал 
дауында,  барымтада  кездесіп  отырған.  Ал  жеке  адамдардың 
қылмыстық ниетпен кісі өлтіріп, тонап-талауы кездеспеген.  
 
Қазақ 
отбасының 
басында 
әке 
тұратындықтан, 
туысқандық  қатынастар  әке  жағынан  басталып,  «жеті  атаға» 
дейінгі  аралықтағы  туыстар  (жеті  ата  –  200  жыл  шамасын 
қамтиды)  «қандастар»,  «аталастар»  саналған.  Немере-
шөбереге  дейін  –    «ата  баласы»,  ал  жеті  атаға  дейін  – 
аталастар,  онан  әрі  –  туысқан-руластар,  одан  әрі  – 
тайпаластар,  одан  әрі  –  жүздестер  саналған.  Ең  жоғарғы 
бірігуі  –  Үш  Жүз  –  қазақ,  ең  жоғарғы  түркі  тайпасының 
бірігуі – «Алаш» балалары (олар: Алты Алаш – қазақ, өзбек, 
ноғай, қырғыз, қарақалпақ және башқұрт). 
 
Ал  әйел  жағынан  туыстық  «құда»,  «нағашы»,  «жиен» 
секілді жақындықтардан құралады... 
 
Отбасында  әке  рөлі  күшті  болған.  Сондықтан  да 
қазақтар пәленшенің баласы, пәленшенің ауылы деп, сол әке 
атымен  атаған,  бөлек  үй  болғанымен,  өз  атымен  атамаған. 
Ислам  діні  ер  азаматтың  және  әкенің  орнына  ерекше  мән 
берген.  

 
 
85 
 
 
Себебі  ол  отбасы  үшін  Алланың  алдында  жауапты. 
Сондықтан  да  ол  барлық  сырттағы  адал  табыс  табу  т.с.с. 
істерге  жауапты  екені  айтылады.  «Еркектер  әйелдерді 
билеуші.  Өйткені  Алла,  бірін-бірінен  артық  қылды. 
Сондай-ақ  олар  малдарынан  да  пайдаландырады. 
(Әйелдерге мәһәр, нафақа береді.) Ал енді жақсы әйелдер 
бой  ұсынушылар,  Алла  қоруға  бұйырған  көмескі 
нәрселерді  (абыройын)  қорғаушылар.  Ал  сондай-ақ 
әйелдердің  бас  тартуларынан  сезіктенсіңдер,  сонда 
оларды  насихаттаңдар  және  оларды  төсектеріңде  тастап 
қойыңдар. (Одан болмаса) оларды сабаңдар. Ал егер олар 
сендерге  бой  ұсынса,  онда  олардың  зиянына  бір  жол 
іздемеңдер. Расында Алла өте жоғары, тым ірі».
151
  
 
«Әкеге қарап – ұл өсер, шешеге қарап - қыз өсер», «Ата 
ұлы  –  құл»,  «Атасыз  ұл  –  жетесіз  құл»  деген  мақал-
мәтелдерден,  сол  секілді,  «әкесінің  үстінен  ұлы  арыз  айта 
алмаған»,  деген  заңдардан  біз  атаның  қоғамдық  тұрмыста 
алатын орнын жақсы түсінеміз. 
 
Қазақтарда  ұлдардың  үлкені  мен  кішілерінің  қарым-
қатынасы  әке  мен  бала  қарым-қатынасындай.  Үлкенді 
сыйлау,  оны  тыңдау  –  қазақтардың  мықты  ұстанған  жолы. 
Үлкенді  құрметтеп,  сыйлағандарды  тәртіпті,  көргенді 
санаған. Әрине, бұлар өздері ертең үлкен болып, қартайғанда 
соңғылары  да  өздеріне  дәл  осындай  құрмет  көрсететінін 
жақсы  түсінген.  «Әкеңе  не  жасасаң,  алдыңа  сол  келеді»  деп 
халық  текке  айтпаған.  Шариғат  бұл  жағдайды  да  аттап 
өтпеген.  Оған  Пайғамбарымыздың  мына  хадисі  дәлел 
болады:  «Үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  көрсетпеген  бізден 
емес» делінген.
152
  
 
Алайда  қазақтар  балаларына  аса  мейірімді,  оларды 
ешқашан  ұрып-соқпаған.  Жалпы  бұл  әдет  Шығыс 
халықтарына 
жақын, 
етене 
мінез-құлық. 
Ағылшын 
зерттеушісі  Э.У.  Ләйн  көптеген  жылдар  бойы  Египетте 
                                                
151
 Ниса сүресі, 34 аят 
152
 Әбу Дауд және Термези жеткізген. 

 
 
86 
 
тұрып,  бұдан  150  жыл  алдын  өзі  көріп,  әбден  біліп  жазған 
сөзін  айтсақ  дұрыс  болар  деп  ойлаймыз.  Ол:  «Египеттіктер 
балаларын  қаншама  еркелетіп,  еркімен  жіберсе  де,  олар  өз 
әке-шешесіне  шектен  тыс  ізетпен  қарап,  құрметтейді. 
Мұсылмандар  әке-шешесіне  бағынбаған  балаларды  пұтқа 
табынушылар,  адам  өлтірушілер,  біреуге  ойнастық  етті  деп 
жалған  куә  болушылар,  әйел  қаза  болғанына  қарамай  сол 
секілді жетім-жесірдің мал-мүлкін талан-таражға салушылар, 
сүтқорлықшылар  және  дінсіздермен  күрес  жүргізуден  бас 
тартушылар іспетті санап, өте ауыр қылмысқа жатқызған»,
153
 
– деп жазады.  
 
«Баланы-жастан, 
әйелді-бастан» 
дегендей, 
бала 
тәрбиесіне  қазақтар  үлкен  мән  берген.  Тәрбие  білімнен 
жоғары  қойылған.  «Егер  әкесі  пияз,  атасы  сарымсақ  болса, 
ұлында  қандай  хош  иіс  болмақ?»  -  деп  арабтар  айтқандай, 
бала  «ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі».  Қазағымыздың 
көптеген әдет-ғұрыптары Исламмен біте қайнасып жатқанын 
байқайсың.  Тағы  бір  мысал:  Пайғамбар:  «Балаларыңа 
мейірімді  болыңдар»,  деді  сонда  бір  кісі:  «Иә,  Расулуллаһ, 
менің  он  ұлым  бар,  мен  үйге  кірсем  қорқып  отырмайды, 
олардың  біреуінің  бетінен  сүймеппін.  Сонда  Пайғамбар: 
«Кімде  мейірім  болмаса,  оларға  Алланың  мейірімі 
болмайды», - деді.
154
 Тағы бір хадисте: Балаң жетіге келгенде 
намазды, білімді үйретіңдер ал он жасқа келгенде тыңдамаса 
ұрып  үйретіңдер»
155
  –  деген.  Үлкен  отбасы  шаруашылыққа 
өте  тиімді,  жұмыс  қолы  мәселесін  шешуге  пайдадан  басқа 
зияны жоқ еді.  
 
Ұлын  үйлендірерде  ата-анасы  «құда»  болар  жұртын 
таңдап,  сынап  барып  «құда  түскен».  «Құда  түсу»  қалың 
малсыз  болмаған.  Көптеген  зерттеушілеріміз  «қалың  мал» 
институтын 
кертартпа 
деп 
бағалайды. 
Біз 
бұған 
қосылмаймыз.  Шығыстанушы  кеңес  ғалымы  А.М.  Васильев: 
                                                
153
 Бартольд В.В. Двенадцать лекции по истории турецких народов Средней Азии// Соч. Т. 5. 
154
 Мутафақун алайхи. 
155
 Албани дұрыс жинағында дұрыс хадис деген. 

 
 
87 
 
«Қалыңмалды  тек  қана  қыздарды  сатып  алу  деп  қарамау 
керек. Қалыңмал ертеңгі күні ажырасқан жағдайда өмір сүру 
үшін не әке-шешесінде, не өзінде қалатын нәрсе. Оның үстіне 
оның  бір  бөлігі  той  өткізу,  жасау  жасау,  т.б.  жаратылады», 
деп  анығын  көрсетеді.
156
 
Сайып  келгенде  қазақтар 
қалыңмалды  қыздың  өзіне  жаратқан.  Қалың  мал  алып  қыз 
әкесі байымаған. Қалыңмал беріп алыс-беріс жасаған. Алғаш 
жігіт  жағы  әкелсе,  қыз  жағы  да  дәл  сондай  етіп  ілулерін, 
киіттерін  қайтарған.  Қазіргі  кезде  бояуды  қою  жағып, 
үйленушілер бейне бір қызға белшесінен батып, кіріптарлық 
халге  түседі  деген  пікірді  қалыптастырған.  Содан  барып, 
қалыңмал  сияқты  жоралардың  бәрі  де  өз  ретінде,  әркімнің 
шама-шарқына  орай,  бай  кедейлігіне  байланысты  өтелген. 
Қалыңмал  мәселесі  Құран  және  Пайғамбар  сүннетімен 
дәлелденген,  демек  шариғат  қалыңдық  жағын  құптаған. 
Анығында бұл қызға беретін дүние және ол оның жеке мүлкі 
деп есептелінеді. Оны қалай жұмсаса да өзі біледі.  
 
Қазақтар  өз  қандастарынан,  жақын-туыстарынан  қыз 
алмаған.  Әсіресе  жеті  атаға  дейін  қыз  алуға  мүлдем  қарсы 
болған. Олар әрдайым алыстан, қан араласпаған рудан алған. 
Бұл медициналық, адамгершілік тұрғыдан алып қарағанда өте 
дұрыс жол. Оның үстіне «қарға тамырлы қазақ» туыстыруға, 
біріне-бірін  жақын  етуді  көздеген.  Көптеген  Шығыс 
халықтары  бұл  жөнінен  қазақтарға  теңесе  алмайды.  Шығыс 
халықтарын  былай  қойғанда,  өз  туыстарымыз  –  түркі 
халықтары  арасында  немерелес  туыстары  өзара  қыз  беріп, 
қыз алысатын дәстүр бар. Қазақ – қыздың түріне, сұлулығына 
емес, алдымен ақылына, тәлім-тәрбиесіне қараған. «Шешесін 
көріп  –  қызын  ал»,  «Қатын  алма,  қайын  ал»  деп,  көргенді 
жердің қызын алуға тырысқан. Сондықтан да қазақтар өздері 
араласып,  көріп  жүрген  жерге  құда  түсіп,  ұлдарын 
үйлендірген.  Ұлдары  бұған  қарсылық  көрсетпеген.  Өйткені 
әке-шешесі, 
туысқандары 
кәмелетке 
енді 
жеткен 
                                                
156
 А.М. Васиильев Шығармалары Т. 3 – Москва 1981 ж. 

 
 
88 
 
жасөспірімнен гөрі көп нәрсені білген, түсінген. Одан ұлдары 
опық  жемеген.  Кейбір  зерттеушілердің  артығырақ  айтса  да: 
«Қазақтар үйленбейді,  үйлендіреді»  деп  айтуы,  міне,  осыдан 
туындайды.  Тіпті  Пайғамбарымыз  үйленуге  байланысты 
мынадай  хадис  айтады;  қызға  үйленуде  мына  шарттар 
болсын, оның діні яғни ислами тәрбие, мінезі, көркі, шыққан 
тегі  егер  осы  шарттар  қыздың  бойында  табылса  нұр  үстіне 
нұр  ал  болмаған  жағдайда  дінінің  міндетті  болуын 
өсиеттеген.  Мұндай  ақылдасып,  ойланып  үйлендірілген  ұл, 
жанұяның  шырқын  бұза  алмаған.  Бұрын  қазақ  бабамыз 
жанұяның  шырқын  бұзбауға  ерекше  мән  берген.  «Қайта 
шапқан  жау  жаман,  қайтып  келген  қыз  жаман»  деп,  ерінен 
ажырасқан әйелдерге, «қатын жібергіш» деп ұлдарға қазақтар 
жатырқай  қарап,  ондай  болуға  жол  бермеген.  «Пәленшенің 
баласынан  да  қызынан  да  үлгі  алма!»  деген  сөзден  аулақ 
болуға  тырысқан.  Қазақ  қыздары  көрікті,  қара  көз,  қара 
шашты,  мығым  әрі  еңбексүйгіш  болып  келеді.  Оны  біз  таза 
ауа, ағарған ішуден, кішкентайынан еңбекке араласуынан деп 
білеміз.  Ал  енді  шариғатқа  үңілсек  осының  қайнар  көзінің 
Исламда  жатқанын  аңғаруға  болады,  шариғат  қызды  жеті 
атадан кейін ал деп айтпаса да, қалыңдықтың неғұрлым алыс 
болғаны  абзал  делінген.  Ұрпақтың  денсаулығына  әсері  бар. 
Ал  енді  ата  ананың  қызды  айттырып  алуы  бұл  да  нағыз 
шариғаттан  алынған  деуге  болады.  Шындығында  көпті 
көрген  әке-шешенің  баласына  қыз  таңдауында  үлкен  өнеге 
бар, өйткені ешқандай ата-ана өзінің баласына жаман келінді 
таңдамайтындығы  белгілі.  Осы  жолмен  некелескендердің 
ішінде  бірен-сараны  болмаса,  тіпті  жоқ  десек  те  болады.  Ал 
қазіргі  қоғамда  бәріміз  де  хабардармыз,  статистикалық 
мәлімет  бойынша  үйленгендердің  50%    жуығы  ажырасып 
жатады.  Солардың  қалай  үйленгеніне  қарасақ  сүйдім-күйдім 
деп, бірнеше жылдар бойы бір-бірін танып үйленген соң, көп 
кешікпей  ажырасып  жатады.  Сонда  олардың  әлгі  өшпес 
махаббаты  қайда  қалды  деген  ой  еріксіз  келетіні  хақ. 
Сондықтан  шариғат  та,  дәстүр  де  бізге  ауадай  қажет. 

 
 
89 
 
Қазақтар басқа халықтарға, олардың дініне қарамай сирек те 
болса  үйленген.  Мұндай  жәйттер  қалмақтармен  екі  арадағы 
жаугершілік  кезінде  жиі  ұшырасты.  Кейін  шариғат  заңы 
әсерінен  қазақтар  қыздарын  діні  басқаға  тұрмысқа  беруге 
тыйым  салған.  Рас,  шариғат  заңында  мұсылман  адам 
христиан,  еврей  т.б.  Алладан  кітап  түскендерге  үйленуге 
рұқсат  етіп,  тек  мәжусилік  діндегілерге  (анимистикаларға) 
үйленуге рұқсат етпейді. Егер олар Исламды мойындап кірсе 
рұқсат.  Мұсылманға  тұрмысқа  шыққан  мұсылман  емес 
әйелдер  өз  дінінде  қала  беруге  ерікті,  бірақ  одан  туған 
балалар  мұсылман  болып  есептелген.  Ал  мұсылман 
әйелдердің  кәпірлерге  тұрмысқа  шығуына  рұқсат  жоқ. 
Қазақтар да осы жолды ұстанған. Егер тұрмысқа шықса, онда 
өлім  жазасына  кесілгенін  біз  қазақтардың  әдет-ғұрып 
заңдарынан  жақсы  білеміз.  Ал  бұл  жағдай  шариғатпен 
дәлелденген.  Өйткені  біз  өз  қыздарымызды  Аллаты 
мойындамағандарға  қалай  береміз?  Ертең  одан  туылған 
балалар да сол жолмен тәрбиеленбейтініне кім кепіл.  
 
Пайғамбарымыз  өз  хадисінде:  Кімде-кімнің  жағдайы 
келсе  (ол  физиологиялық  немесе  материалдық  болсын), 
тездетіп  үйлендіріңдер»  деген.
157
  Оның  көп  пайдасы  бар.  Ал 
қызды  жақсы  діндар  жігіт  сұрап  келсе,  ұзатыңдар  деген 
хадистері  дәстүріміздің  қаншалықты  Исламға  жақын  екенін 
көрсетіп  тұр.  Тағы  бір  хадисте  «салихалы  жарға  үйлену  ол 
діннің  жартысы»,  -  дейді.
158
  Жоғарыда  айтып  өткеніміздей 
ерте  үйленудің  өзіндік  пайдалары  бар,  себебі  қоғамымызға 
қыздардың  Исламға  жат  киінуі  т.с.с.  әрекеттер  адамның 
харамға  баруына  жол  ашпайтынына  кім  кепіл.  Кейбір 
жігіттер қазір де үйленбеймін, әлі ерте деп біраз жасқа дейін 
жүріп  алады.  Кейіннен  таңдап  жүріп  артынан  үйлене  алмай 
жатады.  Қыздарымыз  да  солай,  үйленетін  кезде  алдымен 
оқуды  бітірейін,  кейін  тағы  ғылымды  жалғастырайын, 
жұмысқа тұрып жағдайымды жасап алайын, тұрмысқа сосын 
                                                
157
 Бұл хадисті екі ұлы имам дұрыс деген 
158
 Хаким жеткізген, бірақ иснады әлсіз. 

 
 
90 
 
шығам  деп  жасының  біраз  ұлғайып  қалғанын  байқамай 
қалады.  Осыдан  қазірде  қоғамда  статистикалық  есеп 
бойынша  бір  еркекке  4-5  қыздан  келіп  отыр.  Әрине,  бұл 
ойландыратын жағдай. Ислам діні білімге, ғылымға, дәрежеге 
қарсы  емес,  дегенмен  бәрін  де  өз  уақытысында  орындағаны 
дұрыс.  
 
Жоғарыда  айтып  өткеніміздей  қазақтар  ажырасу  үшін 
үйленбеген. Шариғатта мүлдем ажырасудың 17 формасы бар. 
Бұлардың ішінде «талақ», яғни «мен сені тастадым» деп талақ 
айту  ең  қиын  жағдай.  Ислам  діні  ажырасуды  яғни  талақты 
құптамаған,  бірақ  тыйым  да  салмаған.  Пайғамбарымыз 
айтқандай «ол Алланың алдында ең жек көретін іс» деген.
159
  
 
Қазақтарда  күйеуінен  ажырасқан  әйелге  баласы 
берілмеген.  Өйткені  әйел  басқа  рудан  саналады.  Сондай-ақ 
балалар әкенің мирасқоры болғандықтан деп ұғуымыз керек. 
Шариғатта  да  егер  әйел  ажырасса  бала  күйеудің  қолында 
қалады.  Өйткені  балалардың  нәфақасын  тауып  беру  әкеге 
міндеттелген.  
 
Қазақ қыздары үшін «келін» болып түскен алғашқы жыл, 
өте ауыр да қиын болған. Олар жат жұртқа келіп, жыл бойына 
тіпті,  екі-үш  балалы  болғанынша  бүкіл  руластары  сынап 
отырған.  Кейде  жаңа  түскен  келінді  келген  қонақтарға  дейін 
сынаған.  Әрине,  мұндай  сынаудың  тәрбиелік  мәні  ерекше 
екенін  айтқымыз  келеді.  Жас  келін  бет  алды  тайраңдамау, 
«отау  иесі»  болғанын,  өзінің  үйінде  алған  өнегесі  мен 
тәрбиесін көрсете отырып, ене мен жеңгелерінен әдептілікті, 
қонақ  күтуді  әрі  үй  шаруасын,  туған-туысқандарға,  үлкен-
кішіге  қарым-қатынасын,  жалпы  айтқанда,  күнделікті 
тұрмыс-тіршілікте  өзін  ұстап,  әдепті  болуды,  сыпайылықты 
үйренеді. Осы орайда айта кететін бір жайт бар. Сол келініміз 
қазағымыздың  салт-дәстүрімен  иіліп,  үлкендердің  батасын 
алу  мақсатында  сәлем  салып  жататыны  бар.  Бірақ  осы 
көріністі  кейбір  бауырларымыз  шариғатты  дұрыс  түсінбей, 
                                                
159
 Хадис шариф. 

 
 
91 
 
асығыс  шешім  қабылдап  халық  арасында  Аллаға  серік 
қосылды  деп  айтып  жатады.  Пайғамбарымыздың:  «Әрбір 
амал  адамның  ниетіне  байланысты»
160
  деген  хадисін  қайда 
қоямыз?! Сондықтан үлкендердің алдында ізет көрсету және 
Аллақа 
серік 
қосу 
бұл 
екінші 
мәселе, 
екеуінің 
айырмашылығы  жер  мен  көктей  деп  айтуға  болады.  Осы 
орайда  белгілі  дінтанушы  Қайрат  Жолдыбайдың  «Дін  мен 
Діл»  кітабынан  дәлелдер  келтіре  кетейін.  «Құрмет  ниетімен 
сәлем салу Исламда харамға, яки Алла Тағалаға серік қосуға 
жатпайды.  Бұл  қазақтың  әдет-ғұрпына  жатады,  діни  міндет 
емес.  Қазақ  келіндерінің  ешбірі  табыну  мақсатында  сәлем 
салмайтыны баршаға мәлім. Ендеше ғасырлардан бері Ислам 
дінін  жетік  білген  ғұламалардың  көз  алдында  жалғасын 
тауып  келе  жатқан  бұл  әдетті  ширкке  балап,  елдің  шырқын 
бұзу әсте дұрыс емес».
161
  
 
Қазақтар  ұлын  да,  қызын  да  мәпелеп,  бар  мейірімін 
аямаған.  Қазақтарда  «әйелдер  босанатын  үй»  болмағаны 
көпке  мәлім.  Оның  есесіне  әрбір  қазақ  әйелі  «босандыру» 
шарттарын,  жолдарын,  қиын-қыстау  жағдайларын  жақсы 
біліп,  босанушыларға  үлкен  жәрдем  көрсете  алған. 
Сондықтан  да  «босану»  қазақ  әйелдеріне  аса  қиындық 
келтірмеген.  
 
Жаңа  туылған  балаға  ат  қою  да  көбіне  ақылдасып 
шешілген.  Дегенмен  ұл  балаға  әкесі,  қыз  балаға  шешесі  не 
әпкелері  ат  қойған.  Азан  шақырып  ат  қою  рәсімінде 
Пайғамбарымыздың  өзінің  немерелері  Хасан  мен  Хусейн 
(Алла  оларға  разы  болсын)  оң  құлағына  азан  шақырып,  сол 
құлағына  қомад  түсірген  рәсімін  орындап  келеді.  Исламға 
дейін  бала  есімдерін,  Исламнан  кейін  оның  әсерінен 
қойылған есімдерден оңай ажыратуға болады. Арабша мәнді 
аттардың 
бәрі 
Ислам 
әсерінен 
енген. 
Дегенмен 
Пайғамбарымыз  өзінің  хадисінде  балаларыңа  жақсы  ат 
                                                
160
 Бұхари және Мүслим жеткізген дұрыстар жинағында. 
161
 Қайрат Жолдыбайұлы, «Дін мен Діл», Алматы 2011, 187 бет. 

 
 
92 
 
қойыңдар, 
өйткені 
олар 
сол 
аттарымен 
қияметте 
шақырылатын болады», - деген.  
 
Болашақ  ұрпағының  денсаулығы  жайлы,  ұрпағының 
ұлағатты  болуы  жайлы  некелеспей  тұрып-ақ  ойланған.  Сол 
себепті  де  тым  әріден,  алыс  рулардан  қыз  алған.  Қазақтарда 
нәсілдік  –  генетикалық  сырқаттың  болмауы  осыдан  болса 
керек. Қазақтарда құда болатын жағының жұқпалы ауру бар-
жоғына не ақыл-есі дұрыстығына ерекше мән берген.  
 
Аяғы  ауыр  әйелдерге  барлық  жағдай  жасалған.  Жерік 
асын  қайдан  болсын  тауып  берген.  Ауыр  жүк  көтертпеген. 
Қазақтарда 
алкоголь, 
доңыз 
еті 
т.с.с. 
мүлдем 
пайдаланылмаған.  Анығында  бұл  нәрселер  қай  заман 
болмасын жақсылық алып келмеген, қайта ағарған ішіп, таза 
салиқалы дені сау қоғам қалыптастырған. Ал ішімдікті  Алла 
Тағала Құранда, Пайғамбар хадистерінде харамдаған.  
 
«Ей, мүміндер! Арақ, құмар, тігілген тастар (пұттар) 

жүктеу 27.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет