Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»



жүктеу 27.55 Kb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата04.05.2017
өлшемі27.55 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3)  Ой-сана  соғысының  алаңдары.  Батыс  елі  өздерінің 
ой-сана  соғысын  бірнеше  алаңда  жүргізді.  Соның  ішінде  біз 
негізгі  алаңдарға  тоқталамыз.  Олар  білім  алаңы  және 
мәдениет алаңы.  
  А)  Білім  алаңы  –  Батыс  отаршылары  білімнің,  жеке 
адамды  қалыптастыруда  оның  ой  санасына,  әдетіне,  салт-
дәстүріне тигізетін әсері мол екенін түсінді. Өйткені білімнің 
рухы,  ол  –  сенімнің,  пікірдің,  өмірге  және  жаратылысқа 
көзқарасының  көлеңкесі  екенін  білді.  Сондықтан  да  білім 
жүйесі  ол  әрбір  жеке  дербес  азаматқа  қажет.  Сондықтан  да 
отарлаушылар – мұсылман мемлекеттерінде білімге үстемдік 
жасауды  қолға  алды.  Сөйтіп  оны  батыстық  жүйесіне 
үйлестірді.  Сол  арқылы  олар  мұсылмандардың  пікірін, 
сенімін,  әдетін,  өмірге  деген  көзқарасын  өзгертті.  Олар 
өздерінің  бағыттарында  тек  қана  мектеп,  университтерде 
(шетелдік)  тіпті  олар  бастапқы  кезеңде,  сол  мектептер  мен 
университеттерде  христиан  бағытын  үйрете  бастады.  Міне, 
осылайша  Батыстың  білім  беру  жүйесі  арқылы  ой-сана 
соғысы  өз  дегеніне  жетіп  отырды.  Осылайша  Ислам  әлемі 
Батыс  еліне  еліктей  бастады.  Тіпті  Батыстың  көрген 
қиындықтарын айтып мысалға алатын болды. Және Батыстың 
өркениетін өз елдерінде қайталай бастады.  
                                                
131
 Ахмадтың Муснад кітабында 22450-ші болып жазылған. 
132
 Ой-сана күресі және оның бағыттары кітабы, 59-61 бет.  

 
 
70 
 
  Ә)  Мәдениет  алаңы  –  ой-сана  соғысының  мәдениет 
саласындағы  түрлері  өте  көп  болды.  Сіздерге  соның  екеуін 
ұсынамыз.  
  1.  Ой-сана  соғысы  кітап  басуда,  мақала  шығаруда 
ерекше  көрініс  тапты.  Осылайша  ғылыми  еңбектерін 
жарыққа  шығарды.  Бұл  еңбектер  Еуропаның  құрметтейтін 
құндылықтары  еді.  Әрине  олар  осы  мақалаларды  жазып 
шығару  үшін  отандық,  ислами  газеттердің  беттерін 
пайдаланды. 
  2.  Діни  күмәнді  нәрселерді  қозғау  және  Исламға  кір 
жағу.  Өздерінің  негізгі  мақсаттарына  жету  үшін  ой-сана 
күрескерлері  бірқатар  ұйымдармен,  мамандармен  жұмыс 
істеді,  оның  ішінде  саясатшылар,  экономистер,  христианға 
шақырушылар, 
шығыстанушылар, 
христиан 
дінінің 
тармақтары  өзара  бірнеше  тармақтарға  бөлінгенімен, 
мұсылмандарға  қарсы  бірігіп  те  кетті.  Сондықтан  да 
христианға 
шақырушы 
жұмыс 
істесе, 
оларға 
шығыстанушылар  да  қосылып  отырды.  Отаршылдар  оларға 
арқа  сүйеді,  сөйтіп  күмәнді  істерді  жарнамалап,  Исламға 
жала жауып отырды. 
 
ЖАҺАНДАНУ 
 
  1. Жаһандану туралы түсінік  
 
Жаһандану  сөзі  –  ағылшын  тілінен  аударғанда 
(Globalization)
133
 
яғни 
ғаламшар. 
Бұл 
жөнінде 
зерттеушілердің 
арасында 
көптеген 
түсініктер 
және 
анықтамалар  бар.  Белгілі  бір  мақсатпен  қарағандар  да  бар. 
Сондай  мақсаттың  бірі  әлбетте  әлемді  америкаландыру, 
Американың үстемдігін әлем шарына жүргізу. Бұл сөз АҚШ-
тың  бұрынғы  презденті  Рузвельттің  аузымен  айтылған. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  өзінің  зардабын  қалдырғанын 
білеміз.  Еуропа  жерін  дүр  сілкіндіріп,  оның  ішкі  құрылымы 
                                                
133
 Мустафа Мүслим және Фатхи Зуғби, «Ислам мәдениеті», 356 бет. 

 
 
71 
 
қирады. 
Банк 
жүйесі 
құлдырады 
т.б. 
Сондай-ақ 
ізденушілердің  арасында  былай  деп  айтқандар  болды: 
«Жаһандану  дегеніміз  –  жаңалықтар  мен  өркениеттердің 
белгілі бір мақсатта немесе мақсатсыз, әлем халқын бір халық 
ретінде бағыттауға күш салуы».
134
 Ал кейбіреулер жаһандану 
ұғымын  былай  деді:  «Бұл  анық  бір  бағыт  өзінің  мақсатын 
экономикада,  қоғамда,  саясатта,  мәдениетте,  мінез-құлықта 
ешқандай  шекарасыз  жәйттерді  ескермей  немесе  белгілі 
өкіметтік келісімдерсіз жүзеге асыру».
135
  
 
Егер  бәсекелесетін  жағдай  болса,  әрине  ол  дұрыс  емес. 
Өйткені  экономикалық  үстемдік  етуі  бұл  іске  басқалардың 
көмегінсіз  жүзеге  аспайды.  Демек  белгілі  бір  қауымның 
өзінің  сенетін  діні,  құрмет  ететін  мінез-құлқы,  мәдениеті, 
өзінің  жеке  элементтерін  құрайды.  Бұл  жағдайда  тек 
экономикаға үстемдік ету оңайлықпен жүзеге аспайды. Тіпті, 
жан-жақты 
шектеулер 
қойсаң 
да. 
Олар 
өздерінің 
құндылықтарын  құрметтей  отырып,  өздерін  қарсыласуға 
икемдейді.  Тіпті  ұзақ  уақыт  болса  да  олар  еркіндікке 
ұмтылып  бағады.  Демек  экономикаға  үстемдік  ету  үшін 
олардың ұлттық болмысын жоғалтып, өздерінің қарсыластық 
сезімдерін  құрту  керек.  Сонымен  бірге  оларды  ой-сана, 
сенімдерін  айыру  қажет.  Сол  кезде  ғана  оларға  үстемдік 
жасауға мүмкіндік болады» – деді.
136
   
 
2. Жаһандану кеңістігінің алатын орны  
 
А)  Экономикалық  жаһандану  –  жаңа  экономикалық 
байланыс  желісі  әлемдік  болып  отыр.  Оның  табиғаты  және 
болмысында  саяси  географиялық  шекара  болмайды.  Өзара 
байланыс  жүйесі  мен  басқаруында  да  жағдай  осылай.  Оның 
ақпарат  тарату  желісінде  адамдар  қай  уақытта  да,  бірнеше 
түрлі заттарды пайдалану, қызмет көрсету мүмкіншіліктеріне 
ие  болады.  Өйткені  экономика  жүйесі  күшейіп,  өркендеп 
тығыз байланыста болып келеді. Бұлардың барлығы білім мен 
                                                
134
 Мухаммед Атраш. «Араб және жаһандану мақсат не?» «Араб келешегі» журналы №172 бет. 
135
 Саид Ясин, «Жаһандану түсінігі», «Араб келешегі» журналы №228. 
136
 Мухаммад Қутуб, «Мұсылмандар және жаһандану», Шығыс орталығы. 13-14 бет. 

 
 
72 
 
мағлұматтарға негізделеді. Сондықтан да көптеген ұлттардан 
әр түрлі компаниялар шыға бастады. Бұл компаниялар өнімге 
үлкен  қосымша  құн  қойып  ерекшеленеді.  Бұлардың 
инвестиция  салу  әрекеттері  ауқымды,  бірнеше  дамыған 
дамушы  елдерді  қамтиды.  Және  осы  компаниялар  жаңа 
технологияны  монополиялап  жатқанымен  де  ерекшеленеді. 
Олардың  орталықтары  дамыған  үлкен  индустриалды 
мемлекеттерде  орналасқан.  Мысалы:  АҚШ,  Еуропа  елдері, 
Япония.  Осы  компаниялар  әлем  бойынша  шетелдік 
инвестициялардың  80%-  на  тікелей  жауапты.  Соның  ішінде 
алып  15  компания  әлемнің  жеті  үлкен  индустриалды 
мемлекеттердің барлық өнімдеріне қадағалау жасайды.
137
  
 
 
Ә) Мәдени жаһандану 
 
Жаһандану  жүйесі  мәдениет  саласында  көптеген 
мағлұматтар  таратып  жағдай  жасады.  Оның  жеңіл  және 
шапшаң  түрде  қоғамдарға  тарап  жатқанын  білеміз.  Осы 
арқылы  олар  әлемдік  мәдениетті  қалыптастыруға  тырысады. 
Жаһанадану  жүйесінің  байланысы,  көбінесе  телевидение, 
спутниктік  байланыс  арқылы  және  одан  да  тереңірек 
интернет  желісімен  жүргізілуде.  Бұл  желі  барлық  адам 
баласын  байланыстырып  отырады.  Әлемдік  жаһандану 
мәдениеті  дегеніміз  құндылықтарды  біріктіру.  Соның  ішінде 
отбасы  және  әйел  мәселесінде,  біз  ықшамдалған  түрде 
жаһандану  мәдениетін  шекарасыз  түсіндіріп  береміз.  Оның 
біріктіру құралдары хабарландырулар мен техникалар.
138
  
 
Жаһанданудың  бұл  бөлігі  жалпы  халық  ішінде,  Ислам 
халқының ішінде арнайы жүргізіліп келеді.  
 
Б)  Қоғамдағы  жаһандану.  Жаһандану  жүйесі  өзінің 
мақсатын орындау бағытында ешқандай шекараны бөлмейді. 
Оған  ешқандай  заң  тыйым  салмайды.  Ешқандай  ұятты 
білмейді.  Олардың  негізгі  мақсаты  отбасына  бағытталған. 
Әрине  осы  мақсаттың  артында  екі  жақты  байланысты 
                                                
137
 Шауқи Әбу Шаира, Интихар фаузи қарни ишрин кітабы. 56 бет. 
138
 Др. Абдолла Фаттах, «Ислам мәдениеті жаһандану заманында» мақаласы. «Сахифату ихрам» газеті. 

 
 
73 
 
байқаймыз.  Ол  ер  мен  әйел  арасындағы  неке,  осы  арқылы 
отбасы  өздерінің  ұлдарын,  қыздарын,  жаман  нәрселерден 
сақтайды.  Өйткені  олар  өмірдің  қызығы  емес  пе?  Ал 
жаһандану  жүйесі  бұрын  да,  қазір  де  осы  қасиеттерді  жою 
және  келтіруге  бағытталған.  Осы  арқылы  отбасыларға 
үстемдік құру. Сондықтан да халықтарға, әйелдерге арналған 
конференцияларды Қытайда, Каирде, Афинада өткізіп жатты. 
Бұл  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  ұйымдастыруымен  20 
ғасырда  құрылды.  Осы  конференцияларда  әйелді  барлық 
шектеулерден бостандыққа шығару мәселелері қаралды және 
еркек  пен  еркектің  немесе  әйел  мен  әйелдің  тұрмыс 
құруларына рұқсат  беруін  талап  етті.  Сондай-ақ  әйел  адамға 
да  еркек  адам  сияқты  ажырасуға  мүмкіншілік  беруін  талап 
етті.  Түсік  жасауға  да  рұқсат  берді.  Сондай-ақ  әйелдерге 
бірнеше ермен тұрмыс құруға рұқсат беруін талап етті. Олар 
жасөспірім  қыз-жігіттердің  арасында  ойнастық  жасауға 
рұқсат беруін сұрады. Сонымен бірге 18 ге толмай тұрмысқа 
шыққан қызды заң бойынша жазалауды талап етті.
139
  Демек, 
осы  түсініктерден  кейін  олардың  мақсаты  Ислам  елдеріне 
бағытталып  жатқанын  байқауға  болады.  Өйткені,  кеңес 
үкіметі  құлаған  соң,  жаһандану  жүйесін  қадағалайтын  әрі 
тыйым  салушы,  немесе  басқарушы  болғамағандықтан  олар 
өздерінің  өтірікке  бейімделген  неше  түрлі  жолдарын  Ислам 
елдеріне енгізді. 
 
3. Жаһандану жүйесіне қарама-қарсы жолдар немесе 
бағыттар.  
 
Жаһандануға  қарсы  бірнеше  жолдар  бар.  Соның  ішінде 
ең маңыздыларын ұсынып отырмыз.  
 
А) Ислам сенімін нығайту. Шын мәнінде Ислам сенімі 
өзінің  қанағаттанарлық  және  тартымдылық  жақтарымен 
жүрегімізге,  көңілімізге  тыныштық  береді.  Ақылымыз  бен 
бойымыздағы  туа  біткен  қасиетке  қайшы  келмейді.  Өйткені 
                                                
139
 Мустафа Мүслим және Фатхи Зуғби, «Ислам мәдениеті», 362 бет. 

 
 
74 
 
исламдық мінез-құлық осылардан туындап отыр. Сол арқылы 
оның дәрежесі көтеріліп, оған ерекше күш қуат береді.  
 
Исламның  ерекшеліктерінің  бірі  ол  адам  баласының 
бойындағы  тума  қасиеттерге  сай  келуі.  Біз  дүниеге  келген 
әрбір  сәби  тума  қасиетімен  дүниеге  келетінін  білеміз.  Ол 
қасиетті  Алла  берген.  Осы  қасиеттің  жоғалуы  сыртқы  әсер 
етуші,  жоқ  қылушы  себептерден  болады.  Тума  қасиет 
дегеніміз  –  ол  тек  ақыл  немесе  сезіміміз  емес.  Бәлкім  ол 
екеуінің  қосындысы.  Егер  екеуі  кездесіп  бір-біріне  қарама 
қайшы  келмесе,  онда  тума  қасиеттің  дұрыстығын  білеміз, 
өйткені  Алла  Тағала  осылай  қалаған.
140
  Сондай-ақ  дұрыс 
сенім  ол  әрбір  кезеңнің  орташа  бағытын  ұстануы  және 
Алланың оған берген құқықтарын білуі. Сонымен қатар әке-
шешесінің,  жеке  адамдардың,  үмметтердің,  туысқандардың 
құқықтарын  білсе  Алла  Тағала  оның  өмір  сүру  үлгісін 
жеңілдетеді.  Өйткені  жер  бетіндегі  барлық  жақсылық  ол 
Алладан. Оған өмірдегі бұрыс түсініктерді дұрыс түсіндіреді. 
Сондықтан  да  ең  бірінші  кезекте  жаһандануға  қарсы  тұру 
үшін  Алланың  және  Пайғамбардың  дұрыс  сенімін  кеңінен 
насихаттауымыз керек.  
 
Ә)  Отбасын  сақтау.  Жаһанданудың  бірден  бір 
мақсаттарының  бірі  -отбасына  кері  әсер  тигізу.  Сол  арқылы 
отбасында  бүлінушілік  туындаған  сәтте  олар  өздерінің 
қоғамдағы  негізгі  мақсаттарын  жүзеге  асырады.  Яғни 
Батыстың жүйесі бойынша. Бұл жөнінде біз жоғарыда айтып 
өттік.  
 
Отбасы  деген  не?  Отбасы  деген  араб  тілінде  ер 
азаматтың  қауымы,  сол  арқылы  ол  күшейеді,  ал  терминдік 
мағынада  тілдік  мағынаға  жақын,  ер-азамат  деген  ұғымды 
білдіреді.
141
  Отбасы  сөзі  өте  кең  ауқымды  қамтиды.  Ол 
ағайындарды,  әкенің  ағайындыларын  және  солардың 
балаларын қамтиды. Сөйтіп олар бір қауым болып кейін өрісі 
кеңіп  тайпаға  айналады.  Ең  алғашқы  қауым  әйел  мен 
                                                
140
 Махмуд Салихтың аудармасы, «Ілім имандылыққа шақырды» кітабының кіріспесі. 
141
 Жамал дин Мухаммад, «Лисан араб», 4 том 20 бет. 

 
 
75 
 
күйеуден  басталғаны  Құранда  айтылады.  Осы  аятты  оқып 
адам  баласы,  терең  ойланып,  Алланың  құдіреті  мен 
даналығын  түсінеді.  «Сендерге,  оған  тұрақтауларың  үшін 
өз  жыныстарыңнан  жұбайлар  жаратып,  араларыңа 
сүйіспеншілік,  мейірімділік  пайда  қылғандығы  да  оның 
белгілерінен.  Сөз  жоқ,  осыларда  ойланған  елге  белгілер 
бар».
142
  Бұл жерде Құран біздерді ер мен әйелдің арасындағы 
байланысты  білуге  шақырады.  Демек  ер  мен  әйел  отбасын 
шынайы махаббат, тыныштық,  достық,  сенімділікпен  құрып, 
олар  бір-бірін  толықтырып  отырғанын  сезеді.
143
  Осындай 
достық,  тыныштықпен  құрылған  қоғамда  көркем  мінез, 
әдептілік,  адамгершілік  сипаттар  пайда  болады.  Сол  арқылы 
олар  өмірдегі  неше  түрлі  жаман  нәрселерден  өздерін 
сақтайды. Және олар өздерінің құндылықтарын сақтай біледі. 
Кейіннен  осы  қалыптасқан  дәстүрді  өздерінен  кейінгі 
ұрпақтарға  тапсырады.  Олар  да  алдыңғылардың  мінез-
құлықтарынан ғибрат алады.  
 
Егер  біз  дұрыс  отбасын  құруды  қаласақ,  қоғамымызда 
Алла  пен  Оның  Пайғамбары  айтқандай  Алланың  әмірлеріне 
баса  мән  беруіміз  қажет.  Осылайша  қоғамдағы  жаман 
әрекеттерден  тыйыламыз.  Ал  жақсылық  істеу  арқылы  біздер 
дүниеде оның жемісін көріп, ақыретте сауапқа кенелеміз.  
 
Б)  Білімге  көңіл  бөлу.  Жаһандану  жүйесі  ол  өздерінің 
әрекеттерін  тек  материалдық  тұрғыда  шектеген  жоқ.  Олар 
білім  жүйесімен  де  ықпал  етті.  Бұған  көптеген  қаражат 
жұмсады.  Өздерінің  мақсаттары  үшін  арнайы  мамандар 
дайындады.  Әрине  Батыс  өркениетінің  пайдалы  жақтарына 
біз күмән келтірмейміз. Олар ғылымда, технологияда, зерттеу 
саласында  алдыңғы  қатарда  тұрады.  Құранда:  «Кім  дүние 
тіршілігін  әрі  оның  зейнетін  қаласа,  дүниеде  олардың 
еңбектерін  толық  береміз;  сондай-ақ  олар  кемшілікке 
ұшыратылмайды» - деген емес пе?!. («Һүд» сүресі, 15 аят). 
Десек  те  осындай  өркениеттерге  ие  бола  тұра,  олардың 
                                                
142
 Рум сүресі, 21 аят 
143
 Уахба Зухайли. «Мұсылман мінезі», 78 бет. 

 
 
76 
 
қоғамында мінез-құлықтың бұзылуы, рухани азғындық, түрлі 
ұлттар  мен  ұлыстардың  бөлінуі,  харам  нәрселерге  рұқсат 
берілуі,  жер  бетінде  себепсіз  зұлымдық  көрсетілуі,  өздерінің 
үстемдігімен  басқаларды  қорлауы  өркениетке  зиянын 
тигізеді.
144
 Тіпті қанша жыл өмір сүрсе де.  
Сондықтан да біздің үмметті дұрыс жолға бастау үшін ең 
басты  нәрсе  білімге  көңіл  бөлуіміз  керек.  Жаһандану 
жүйесінде  білім  беру  мәселесі  үлкен  проблемалардың  бірі 
болып  есептеледі.  Өйткені  білікті,  ғылыми  құндылықтарды 
терең  меңгерген  мұғалімдер  қажет.  Білімге  қаражат  салу, 
немесе білімді инвестициялау ол стратегиялық жоспар екенін 
білуіміз қажет.  
 
ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ 
 
 Қазақ жеріне Исламның таралуы және оның тигізген 
әсері 
Араб  қолбасшысы  Кутәйб  ибн  Мүслим  әскері 
Қазақстанның  оңтүстігіне  714  ж.  VШ  ғ.  кірді.  Қазақстан 
тұрғындарының  исламдануы  осы  кезден  басталады.  Осы 
кезде  Мауереннахрдағы  бауырластарына  үнемі  қол  ұшын 
беріп отыратын Түркеш қағанаты Орта Азиядағы арабтардың 
жаулап  алған  жерлеріне  үлкен  қауіп  төндірді,  себебі  олар 
Шаш (Ташкент) пен Ферғананың, Самарқанд пен Бұхараның 
автохтонды  тұрғындарын  қолдап  отыру  үшін  әскер  жіберіп 
отырды.  Испиджабта  (Сайрам)  жоғарғы  түркештердің 
қолбасшысы  Әбу  Мырзақым  (Сүзеген)  қаған  араб 
экспансиясына  сәтті  тойтарыс  берді.  Басында  арабтар 
Оңтүстік  Қазақстаннан  кетуге  мәжбүр  болды.  737  ж.  қарай 
түркеш  атты  әскерінің  көмегімен  Мауереннахр  әскері 
жерлерін  шетелдіктерден  тазартты.  Бірақ  таққа  талас 
барысында Сүзегеннің өлтірілуі түркеш мемлекетін әлсіретті, 
сол  себепті  арабтың  аймақ  бастығы  Наср  ибн  Сейяр  осы 
                                                
144
 Мухаммед Қутуб, «Мұсылмандар және жаһандану», 18 бет 

 
 
77 
 
жылдан  бастап  Орта  Азиядағы  араб  билігін  қалпына  келтіре 
бастады.  
Б.  Ғафуров:  «714  ж.  Кутәйб  Шашқа  қайтадан  шабуыл 
жасады.  Ол  Шашты  өз  ордасына  айналдырып,  Испиджап 
бағытында  жорыққа  аттанды.  Кутәйбті  бұл  қаланың  сауда 
орталығы  екендігі  емес,  оның  стратегиялық  маңызы 
қызықтырады:  Испиджабты  алып,  Кутәйб  Орта  Азиялық 
одақтастарына көмекке ұмтылған түркі әскерінің жолын қиып 
тастауға  талпынды»,  -  деп  жазды.  Жорыққа  сарбаздарымен 
бірге  миссионерлер  де  қатысты,  алайда  арабтардың  шегінуі 
дін  уағыздаушыларына  жаңа  дінді  таратуға  мүмкіндік 
бермеді.  Бұл  аймақта  көптеген  конфессиялардың  болғаны 
белгілі.  Әсіресе,  зәрдүстілік  қомақты  орын  алды.  Бірақ 
Исламның  таралуына  байланысты  зәрдүстілік  қудалауға 
ұшырады.  Оның  жазба  әдебиеттері  жойылды.  Басқа 
манихейлік,  будда,  христиан  діндері  де  осындай  жағдайға 
душар болды.  
Ұзақ  дәуірлер  бойына  қазақ  тайпалары  арасында  әдет-
ғұрыптардың  нормалары  қоғамның  бірден-бір  заң  реттегіші 
рөлін  атқарды.  Оның  да  себептері  бар  еді.  Әуелі,  қазақ 
қоғамы  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  байланысты 
басқалардан  томаға  -    тұйық  өмір  сүрді.  Сол  себепті  де  тек 
қазақи,  өзіндік  идеологияны  өз  ішіне  алды.  Екіншіден,  әдет-
ғұрып заң нормалары тек үстем тапқа ғана емес, жалпы қазақ 
қоғамына  тиістілік  сипатына  ие  болды.  Өйткені  туыс-
туыстарымен  ру-ру  болып  көшіп-қонған  қазақтарда  «ру-
намысы»  күштірек  еді.  Бұл  төменгі  таптың  «өз  туыстары» 
үстем тапқа қарсылығын тежеп отырды.  
Арабтар  Мауереннахрды  Әбдімәлік  ибн  Маруан  (685-
705)  тұсында  ғана  жаулап  алуға  қолы  жетті.  Хорасан 
билеушісі  Кутәйб  ибн  Мүслим  ішкі  қырқыстардан  әбден 
әлсіреген  Орта  Азияға  қоныстанған  түркі  тайпаларын  басып 
алды.  Сөйтіп,  705  жылдың  өзінде-ақ  бүкіл  Азияны  уысында 
ұстады.  Балхты  басып  алған  Кутәйб  ибн  Мүслим  Бұхарға 
ұмтылды.  Соғдылар  мен  түркі  тайпалары  арасына  от  салу 

 
 
78 
 
нәтижесінде 
Бұхарды 
алды. 
Ауыр 
шайқастан 
соң 
соғдылықтар астанасы Самарқанд қолға түсті.  
Наршаһидің  жазуынша,  Кутәйбтің  әскері  Бұхарды 
бірнеше  қайтара  басып  алғанымен,  арабтар  кете  салысымен 
жергілікті халық Ислам дінінен безіп, өз ата-бабаса ұстанған 
дінге көше берген. Төртінші рет Кутәйб әзер дегенде қаланы 
алып,  қалаға  сол  қаланың  тұрғындарының  жартысына  жуық 
мөлшердегі  арабтарды  әкеліп  қоныстандырды.  Солардың 
күшімен  Ислам  дінін  енгізіп,  бұрынғы  табынатын  пұттарын 
талқандап,  оның  орнына  мешіттер  салдырған.  «Кімде-кім 
мешітке келсе, оларға ол (Кутәйб) екі дирһам береді» деп жар 
салдырды.  Соның  өзінде  де  жергілікті  халықтан  қорыққан 
арабтар  мешітке  қару-жарағымен  келуге  мәжбүр  болған. 
Міне,  осыдан  кейін  кең  далада  емін-еркін  көшіп-қонған 
қазіргі  Қазақстан  территориясындағы  түркі  тайпалары 
арасынан  Ислам  дінін  тарату  үшін  миссионерлер  ағылды. 
Олар  көшпенді  халыққа  күштемей-ақ  Ислам  дінін  енгізу 
жағын  қарастырды.  Оларға  қазіргі  қазақ  халқын  құраған 
тайпалар ұстанған дін, Исламға көп жағынан кереғар еместей 
болып көрінді 
Әйтсе  де,  ұзақ  дәуірлер  бойы  Ислам  діні  қазақтардың 
ежелгі  әдет-ғұрыптарын  ығыстыра  алмады.  Қайта  олармен 
санасуларына  тура  келді.  Өз  ата-баба  дәстүрлерін  көбірек 
ұстанған  қазақтарды  дінсіздер  деп  атады.  Оларға  қарсы 
«ғазауат»  соғысына  шақырулары  да  сондықтан.  Бұл  қазақи, 
өзіндік  сипатқа  ие  дәстүрдің  ұзақ  дәуірді  иеленген  тарихы 
бар. Олардың гүлденген, күйзелген дәуірлері де бар. Мұндай 
жайт дүние жүзі халықтарының кез келгендерінің бастарында 
бар. 
Қазақтардың  өзіндік  ерекшелік  пен  сипатқа  ие  болған 
елді  басқару  формалары,  экономикалық  жүйесі,  рухани 
қажеттілігін  қанағаттандырарлық  өнері,  заңдары  мен  мінез-
құлықтық  кодекстері  болған.  Ұзақ  дәуірлер  бойы  жазба 
мәдениеті  мардымсыз  дамыған  қазақтардың  (өйткені 
көшпенді тұрмыс кешу мектептер ұстауға мүмкіндік бермеді) 

 
 
79 
 
ауызекі шығармашылық дәстүрі күшті дамыған. Әсіресе жас 
ұрпақты  тәрбиелейтін  үлгі-насихат  жырлары,  мақал-
мәтелдері  қандай  мол,  әрі  қандай  терең  еді  десеңізші!  Бұлар 
тек  құрғақ  ақыл-кеңес  емес,  нәрлі  де  мазмұнды  ғибраттар. 
Бұлар праволық нормалар мен моралдық, саяси, мінез-құлық, 
т.б. тәртіптерді де өз ішіне жан-жақты қамтиды. 
 
ҚАЗАҚ САЛТ-ДӘСТҮРІНІҢ 
ИСЛАМ ДІНІНЕН АЛАТЫН ОРНЫ 
 
Қазақ  даласына  Ислам  діні  VII-VIII  ғасырлардың 
аралығында  арабтардың  Орта  Азияны  бағындыруының 
нәтежесінде  кіре  бастағанына  тарихтың  өзі  куә.  Шын 
мәнінде,  Ислам  діні  Қазақстанға  күштеп  енгізілген  жоқ. 
Қазақстанда  сол  дәуірде  қалыптаса  бастаған  феодалдық 
қатынастарға  Ислам  дінінің  кері  әсері  болмай,  қайта  ол 
феодалдық  қарым-қатынастарды  жандандыра  түсетінін  көре 
білген феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра түсетінін 
көре  білген  феодалдық  үстем  тап  иелері,  Ислам  дінін  қуана 
қарсы  алды.  Өйткені  бұрыннан  келе  жатқан  шаман  сенімі 
феодалдардың талап-тілегін, мақсат-мүддесін қанағаттандыра 
алмады.  Ал  Ислам  діні,  халықты  рхани  жағынан  да,  саяси 
жағынан да мығым ұстай алатын мемлекеттік дін бола алды. 
Әбу  Ханифа  жол  салған  суниттік  мәзһаб,  басқаларына 
қарағанда,  қолайлы,  халықтардың  әдет-ғұрпы  заңдарын 
ескергендіктен қазақ тайпаларына да өте тиімді болды. 
Рәтбек қажы Нысанбайұлы ҚМДБ-ның бұрынғы мүфтиі: 
-
 
Ислам  дінінде  дәстүр  туралы  «Усулу-фиқх»  деген 
ілім  бар.  Яғни  «Діннің  негізі»  деп  аталатын  кітапта  былай 
дейді:  «Әрбір  халықтағы  әдет-ғұрып,  салт-сана  шариғатқа 
қайшы, 
қарсы 
келмейтін 
болса, 
шариғат 
үкіміне 
қалдырылады».  Сондықтан  да  қазақтардың  әдет-ғұрпы  өз 
кезегнде Ислам діні, шариғат заңдарын кері итеріп тастамай, 
қайта  феодалдық  қарым-қатынастың  жандануына  игі  әсер 
ететін  шариғат  заңдарын  қабылдап  алды.  Сөйтіп,  екі  наным 

 
 
80 
 
ұзақ  жылдар  бойы  бір-біріне  зиян  келтірмей,  қатар  өмір 
сүреді.  Сол  себептен  де  қазақтардың  әдет-ғұрпы  өзінің 
бұрынғы  болмысын  сақтап  қалды.  Билер  қазақтардың 
қоғамдық маңызы зор мәселелернің көпшілігін ежелден келе 
жатқан  бұрынғы  ата-бабалары,  әдет-ұрып  заңдары  бойынша 
талқылап  шешті.  Ал  өз  кезегінде  арабтар  да  қазақ 
тайпаларының  тілін,  әдет-ғұрпын,  сенімдерін,  праволық 
нормаларын,  мәдени  жетістіктерін  лақтырып  тастамай, 
санасуына  тура  келді.  Бұлардың  бәрін  Исламға  қайшы 
келмейтіндей етіп, қырын жатқызуға тырысты. 

жүктеу 27.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет