Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы «Әлеуметтік бастамалар орталығЫ»


дүре  соғыңдар,  егер  Аллақа,  ақырет  күніне  сенсеңдер



жүктеу 27.55 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата04.05.2017
өлшемі27.55 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

дүре  соғыңдар,  егер  Аллақа,  ақырет  күніне  сенсеңдер, 
оларға  жұмсақтықтарын  ұстамасын.  Әрі  екеуінің 
жазасын мүміндерден бір тобы көріп тұрсын».  Осы жерде 
Алла  әйел  затын  бірініші  айтып  отыр.  Неге  десеңіз  көбінесе 
зинақорлыққа 
себеп 
әйелден 
болады. 
Әрине 
егер 
қарындастарымыз  ұятты  жерлерін  көрсетпесе  ер-азаматтың 
көзінде шахуат болмайды. Бұл зинақорлыққа жол берілмейді. 
Ал  егер  олай  болмаса  күнә  істер  көбейіп  зинақорлық  етек 
алады.  Мысалға  алатын  болсақ,  ашық-шашық  қызға  көзі 
түскен  еркек  қалайда  онымен  жақындасуға  тырысады,  тіпті 
зорлау  әрекетін  де  жасайды.  Ал  енді  үсті-басын  жауып 
жүрген қарындастарымызға ер-азаматтар тиісу былай тұрсын, 
қайта құрметпен қарайтын болады. Барлығымыздың үйімізде 
әйел заты бар, мейлі ол жұбайымыз, қызымыз т.с.с. оларға әр 

 
 
105 
 
уақыт  Алла  разы  болатын  істерді  айтып  отыруымыз  қажет. 
Ер-азамат  сол  үшін  де  жауапты  Алланың  алдында.  Осы 
орайда елге сыйлы ағаларымыздан, жастардың имандылыққа 
бет бұру үрдісі мен орамал туралы ойларын назарларыңызға 
ұсынып отырмыз.  
 
 
Өмірзақ  АЙТБАЙҰЛЫ,  Халықаралық  «Қазақ  тілі» 
қоғамының президенті, академик: 
 
Дін мен ділді үйлестіре білейік 
- Кім не айтса да, мен жастарымыздың иманға бет бұруын 
–  үлкен  олжа  деп  түсінемін.  Ұяты  бар  адамның  жүрегінде 
иманы болатыны данышпан Абай дәл айтып өткен. Ұяты жоқ 
адамның  бойында  иман  тұрмайды  деген  сөз  содан  шыққан. 
Шошынсақ,  имансыз  адамнан  шошиық.  Имансыз  адамнан 
неше  түрлі  опасыздық  күтуге  болады. 
«Құдайдан 
қорықпағаннан  қорық»  демекші,  имансыз  адамнан  еш 
уақытта  жақсылық  күтуге  болмайды.  Қазақ  жастарының 
Жаратушыға жалбарынып, жақсылыққа ұмтылысын Алланың 
шексіз  сыйына  балаймын.  Мен  оны  қолдап,  қуаттаймын. 
Мұндай  жастарды  қолдамасақ,  әбестік  болады.  Оған 
қуануымыз керек.  
 
Қаракөз қарындастарымыздың етек-жеңін жиып, әуретті 
жерін  жауып  жүруі  –  атам  қазақтың  дәстүрінде  бар  жақсы 
қасиет.  Балиғатқа  толған  қыздарымыз  өздерінің  жас 
ерекшеліктеріне  қарай  шариғат  талабына  сай  киінген.  Осы 
дәстүр  ұмытыла  бастап,  қайтадан  жаңғырып,  жастар 
арасында  көрініс  бергеннен  кейін  кейбір  адамдар  оларға 
шошына  қарайтын  болды.  Етек-жеңін  қымтап,  әуретін 
жапқан  қыздарға  үрке  қарап,  жақтырмайтын  жағдайлар 
кездесуде.  Ондай  көзқарастағы  адамадрды  да  түсінуге 
болатын  шығар.  Өйткені  жетпіс  жылдық  тауқымет 
тамырымзға  балта  шауып,  дініміз  бен  дәстүрімізден  айыра 
жаздады.  

 
 
106 
 
 
Орамал  тағу  мәселесін  сөз  еткенде,  мен  мына  нәрсені 
баса айтқым келеді. Мәселе – киім мен орамалды үйлесіммен 
кие  білуде.  Өзіне  жарасып  тұрса,  оның  несіне  қарсы 
шығамыз?  Шынтуайтында,  қазақтың  салт-дәстүрі  Исламның 
талаптарына  сәйкес  келеді.  Сондықтан  жабық  киіну  қазаққа 
жат емес. Дініміз бен дәстүріміздің үйлесім табуынан болар, 
қазақ халқы Исламды тез қабылдап, шариғаттың шарттарына 
сәйкес өмір сүрді. Сүре де береді.  
 
Мәмбет  Қойгелдиев,  тарих  ғылымдарының  докторы, 
профессор: 
 
 
 
«Витрниалық» мәдениетке ұрынбайық 
 
-  Екі  дүниенің  бақытына  жетелейтін  имандылықты 
өмірінің  негізі  етіп  алған  адамдарды  әсіресе  жастардың 
шошитын дәнеңе жоқ. Аллаға сиыну, Оған құлшылық қылу -  
жұмыр  басты  пендеге  тән  қасиет  қой.  Өз  басым  мұны 
қасиетсіздік деп түсінбеймін. Егер жастар саналы түрде дінге 
бет  бұрып  жатса,  бұл-жақсылықтың  нышаны  дер  едім.  Мен 
оларды құрметтеген болар едім. Қарасаңыз, Батыстан келген 
тобырлық мәдениеттің ықпалы барған сайын күшейіп келеді. 
Осындай  жағдайда  жүректегі  иман  адам  жаны  мен  санасын 
сақтап  қалудың  бірден-бір  кепілдігі  деп  ойлаймын.  Ал  қыз-
келіншектердің орамал тағып жүруіне келсек, менің ойымша, 
бұл  көшеде  жартылай  жалаңаш  жүрген  қыздарға  қатысты 
қоғамдық қарсы құбылыс. Кеудені ашып, санын жалтыратып, 
кім  көрінген  еркектің  нәпсісін  қоздыру,  қоздырып  қана 
қоймай, оны жаман жолға итермелеу-қайбір жақсылық дейсіз. 
Бұл-қазақтың  салты  мен  санасында  жоқ  нәрсе.  Мен  мұны 
еуропалық,  батыстық  мәдениеттің  ықпалы  деп  есептеймін. 
Меніңше, әйел болсын, сұлу тәнін жауып жүру, әуретті жерін 
көрсетпеу  –  табиғи  құбылыс.  Бір  кездері  Еуропада 
«витриналық  мәдениет»  деген  болды.  Қазір  де  бар.  Бұл 
нарықтық  қоғамға  тән  құбылыс  болды.  Бұл  –  адам  тәнін 
саудаға  салған  көрініс  тапты.  Сол  кезде  бар  тәнін  көрсетіп 

 
 
107 
 
жүру қатты белең алды. Сөйтіп өзінің тәнін базардағы тауар 
ретінде  көрсетті.  Бұл  –  батыстық  мәдениетке  тән  құбылыс. 
Сондықтан мен қазақ қыздарының осындай қылыққа баруын 
қоштамаймын.  Әйел  затының  етек-жеңін  қымтап  жүруі  – 
адам  табиғатына  тән  нәрсе.  Адам  шама  келгенше,  ақылға 
қонымды,  үйлесімді  киінгенге  не  жетсін?!  Біле  білсек,  ол  да 
сұлулық  қой.  Алла  берген  тәнің  мен  жаныңды  қорғаштап, 
оны  үйлесіммен  алып  жүрсең,  ол  –  ақылдықтың,  үлкен 
мәдениеттіліктің көрінісі болмақ. 
 
 
Қорытынды 
 
 
 
«Қазақтар шала мұсылман болды», «қазақтарды тәңірлік 
пен  қатар  жүрген  қос  дінділік  болды»  деген  пікірлер 
отаршылдық пен тоталитаризм барысындағы астыртын саясат 
пен жалаң біржақты материалистік дүниетанымның танылуы 
нәтижесіндегі  негізсіз  тұжырымдар  екендігін  ескеру  керек. 
Ислам  ұлттық  бірегейлікке  ешқандай  қатер  төндірмейді, 
керісінше,  оны  бекіте  түседі.  Қасиетті  Құрандағы  «Ей,  адам 
баласы!  Шүбәсіз  сендерді  бір  ер,  бір  әйелден  (Адам 
Хауадан)  жараттық.  Сондай-ақ  бір-біріңді  тануларың 
үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық. Шынында Алланың 
қасында  ең  ардақтыларың  тақуаларың.  Шәксіз  Алла 
толық  білуші,  әр  нәрседен  хабар  алушы»
169
  деген 
мағынадағы аяттар осыған меңзейді.  
 
Қорыта  келгенде  Ислам  дінінің  кітабы  «Құран  Кәрім», 
өткен  мен  қазіргі  уақыт  сабақтастығын  жүзеге  асырды,  онда 
көптеген  халықтардың  тарихы  мен  тағдыры  тоғысты,  терең 
тарихи  тамырлары,  уақыт  пен  кеңістік  аясындағы  әр  түрлі 
халықтар  тұрмысындағы  ұқсастықтары  ашылып,  адам, 
қоғамның  пайда  болуының  алыс-жақын  түп-тамырлары 
зерттелді:  Құранның  уақыт  өтсе  де  маңызы  кемімейтін 
қасиеті де осында. Ислам діні көптеген халықтардың рухани 
                                                
169
 Хұжұрат сүресі, 49/13 аят. 

 
 
108 
 
табиғатына сай келді. 1500 жылғы Ислам тарихы, Мұхаммед 
Пайғамбардың  өмірі,  оған  дейінгі  Пайғамбарлар  тарихы 
осыған дәлел.  
 
Дәстүрлі  Исламда  құықтық  үкім  берудің  қайнар  көзінің 
бірі  «шариғаттан  бұрынғы  шариғаттар»  деп  аталады.  Бұл 
қайнар  көз  бойынша  көне  діндердің  құндылықтары  Хақ 
діннің  қағида  ұстындарымен  қабысып  жатса,  онда  ол 
құндылықтарды 
ұстануға 
толықтай 
рұқсат 
беріледі. 
Исламның  терең  тарихы  бар  көне  Қазақстан  жеріне  келуі 
мәдениетінің  дамуына,  қоғамымыздың  өзіндік  санасы  мен 
рухани дүниесіне игі ықпал еткені баршаға аян.  
 
Мұсылмен  мәдениетінің  артықшылығы  тек  рухани 
салада ғана көрініс тапқан жоқ. Діни наным-сенімге, этикаға, 
философияға  және  Қазақстандағы  ғылым  мен  мәдениетті 
дамытуға  зор  ықпалын  тигізді.  Сонымен  қатар  қазақ  жеріне 
Ислам дінінің таралуын, қазақ халқына тигізген оң әсерілерін 
қазақтың  төл  салт-дәстүрімен  байланысуы,  қазақ  халқының 
отбасылық  өмірінде  Ислам  уағыздарының  адамгершілікке 
толы қасиеттер мен тәлім-тәрбиенің ұқсастығының молдығын 
барынша ашып көрсеттік деген ойдамыз.  
 
Атамыз қазақ «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. 
Бала  шыр  етіп  жарық  дүниеге  келген  күннен  имандылықты 
бойына  сіңіру,  мектепте  де,  жоғарғы  оқу  орындарында  да 
мұны талассыз жүргізіп отыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі 
екенін айтқымыз келеді.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
109 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
 
1.
 
Мұхаммед  Асад,  «Ислам  түрлі  жолдарың  алдында».  Білім 
орталығы. Бейрут. 
2.
 
Сайд  Құтуб,  «Ислам  және  өркениет  мәселелері».  Шығыс 
орталығы. Каир және Бейрут 
3.
 
Ижаж  Қатиб.  «Хадис  негіздері».  Мұнара  орталығы  Жидда 
қаласы. 
4.
 
Мұхаммед  Ибн-Ахмад  Сарахси,  «Сарахси  негіздері».  Білім 
орталығы. 
5.
 
Алекс Каррил, «Адам ол түсініксіз». Білім орталығы. Бейрут. 
6.
 
Әбу  Бакір  Жазаири,  «Жеңіл  құран  аудармасы».  Ғасыр 
кітапханасы. Бейрут. 
7.
 
Қатиб  Қазуини, «Шешендік білімін анықтау».  Әлемдік кітап 
мекемесі. 
8.
 
Ибн Касир, «Бастама және соңы» Білім кітапханасы. 
9.
 
Бәдірдин 
Мұхаммед 
Абдуллаһ 
Заракши, 
«Құран 
ғылымындағы дәлел». Пікір орталығы. Бейрут. 
10.
 
Мустафа Халиди және Омар Фаррух, «Араб мемлекеттеріндегі 
отарлау және христиандандыру». Ғасыр кітапханасы. 
11.
 
Имам  бухари,  «Дұрыс  хадистер  жинағы»  Ибн  Кафир 
орталығы. 
12.
 
Имам  Муслим,  «Дұрыс  хадистер жинағы».  Араби  мұраларды 
жандандыру орталығы. Бейрут. 
13.
 
Әбу  Дауд.  «сұнаны  Имам  Әбу  Дауд»,  Мухамад  Мухиддин 
пікір орталығы. 
14.
 
Әбу  Иса  Мухаммед  әл-Термизи,  «Термизи  сунаны»  Ғылыми 
кітаптар орталығы. 
15.
 
Абуллаһ  ибн  Абдурахман,  «Дарина  сүннеті»,  дарини  араб 
кітаптар орталығы. Бейрут. 
16.
 
Абуллаһ  Балказир,  «Жаһандану  және  мәдениет  ерекшелігі» 
Араб келешегі журналы №229 наурыз айы. 
17.
 
Д.Әбуссаттар  Сайд,  «Ой  сана  соғысы  және  олардың  Исламға 
деген дұшпандық әрекеттері». Ансар Орталығы. Каир. 
18.
 
Ибн Манзур, «Араб тілі», Сайдар орталығы. Бейрут. 
19.
 
Док.  Мухамад  Рашад  Салим,  «Ислам  мәдениетіне  кіріспе». 
Қалам орталығы. Кувейт. 

 
 
110 
 
20.
 
Аднан Зарзур, «Құран және Хадис ілімдеріне кіріспе». Ислам 
баспа кітапханасы. Ливан. 
21.
 
Мухамад  Кутуб,  «Мұсылмандық  және  жаһандану»  Шығыс 
орталығы. Каир. 
22.
 
Ибн Ахмад Ибн Хамдал, «Ахмад Муснады», Ғасыр орталығы, 
Бейрут. 
23.
 
Док  Али  Карани,  «Ислам  мәдениетін  түсіну»,  Улмукура 
университеті 13 том, 21 номер. 
24.
 
Гафуров Б. Г. Таджики. Древнейшая, древняя и средневековая 
история. Москва, 1972 ж. 316-б. 
25.
 
Н.Өсербаев,  Ж.Естаев.  «Ислам  және  қазақтардың  әдет 
ғұрыптары». Алматы. 1992 ж. 135-б. 
26.
 
Орынбеков  М.С.  «Қазақ  сенімдерінің  бастаулары».  Алматы. 
2002 ж. 120-б. 
27.
 
Бортольд  В.В.  «Двенадцать  лекции  по  истории  турецких 
народов», Средней Азии. 
28.
 
А.М. Васильев Шығармалары Т.З-Москва 1981 ж. 
29.
 
Жолдыбайұлы Қайрат «Дін мен діл» Алматы 2011, 187 бет 
30.
 
Нұртазина  Назира  Дәітбекқызы,  «Қазақ  мәдениеті  және 
Ислам», - Алматы 2002 ж. 
31.
 
Нұралы  Өсерұлы,  «Ислам  және  Қазақстан».  //Руханият.  – 
Алматы 2003 ж. 
32.
 
Ислам және Қазақстан.//Руханият. – Алматы 2003 ж. 701-б. 
33.
 
Искакова А. Ислам дінінің жақсылық жамандық және өмірлік 
мақсат туралы ұғымдарына сын. – Алматы 1976 ж. 
34.
 
Шүлемаева Қ. «Ислам дінінің топтық және әлеуметтік мәні». – 
Алматы 1970 ж. 
35.
 
Доржанов С.Б. «Ислам және қазіргі кезең» - Алматы 1985 ж. 
36.
 
Қазақ Совет энциклопедиясы, 5-т. – Алматы, 1974. – 301-б. 
37.
 
Всемирная  история  в  иллюстрациях:  Средние  века.  История 
мира  от  походов  нармандов  до  путешествие  Клумба.  Т.4.-
М.,1994.- 9-б.  
38.
 
Тарихшылар хейети, Доғуштан гунумузе бүйүк Ислам тарихи, 
ІІІ том, 315-б. Станбул 1999 жыл. 
39.
 
М.Ф.Рифаъи,  (аудар:  Палтөре  Ы.М.).  Ислам  мәдениеті,  34 
бетте. «Дәуір» баспасы, Алматы, 2007 жыл. 
 

 
 
111 
 
МАЗМҰНЫ 
 
 
Ислам мәдениетіне кіріспе.................................................................3 
Ислам мәдениетінің ерекшеліктері.................................................10 
Ислам мәдениетінің қайнар көздері................................................18 
1)
 
Құран.................................................................................18 
2)
 
Пайғамбадың сүннеті......................................................23 
3)
 
Ыждахаттылық.................................................................28 
Ислам мәдениетінің салалары..........................................................30 
Ғибадат...............................................................................................50 
Адамгершілік пен мінез-құлық........................................................53 
Қазіргі ғасырдың ислам мәдениетіне тосқауылдары.....................63 
Жаһандану..........................................................................................70 
Қазақ жерінде исламның таралуы...................................................76 
Қазақ салт-дәстүрінің ислам дінінен алатын орны........................79 
Ислам және Қазақстан......................................................................94 
Қорытынды......................................................................................107 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
112 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тапсырыс № 3. Таралымы 5000 дана 
Кітап «Нұр-Капитал»  ЖШС баспаханасында басылды 
Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, н/ү  
 
 
Жеке сайты: centre-uko.kz 
Байланыс телефондары: 36-54-47 
Электронды пошта: csi_uko_kz@mail.ru  
Сенім телефоны: 36 54 49 
8771 050 13 03 
Әлеуметтік бастамалар орталығының мекен-жайы: Шымкент қаласы,  
Мәделі қожа көшесі, н/с 5 қабат, 3 одақ, 510 кабинет 
 


жүктеу 27.55 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет