ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы хабаршы



жүктеу 5.22 Kb.
Pdf просмотр
бет1/42
Дата30.05.2017
өлшемі5.22 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

 
 
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ  
2(71)-2015 ж.  
 
 
 
                                                                                                         
 
 
 
 
                                                                          
 
 
 
 
                                                                       
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      “VESTNIK” 
 of the
 
South-Kazakhstan state pharmaceutical academy 
 
REPUBLICAN SCIENTIFIC JOURNAL 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      №3(72),  2015 

 
 
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ  
2(71)-2015 ж.  
 
 
 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА 
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ  ХАБАРШЫСЫ 
 
№ 3(72), 2015 
 
 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛ         
Р
Р
Е
Е
С
С
П
П
У
У
Б
Б
Л
Л
И
И
К
К
А
А
Н
Н
С
С
К
К
И
И
Й
Й
 
 
 
 
 
 
Н
Н
А
А
У
У
Ч
Ч
Н
Н
Ы
Ы
Й
Й
 
 
 
 
 
 
Ж
Ж
У
У
Р
Р
Н
Н
А
А
Л
Л 
“VESTNIK” 
 
 of the South-Kazakhstan state pharmaceutical academy 
REPUBLICAN SCIENTIFIC JOURNAL 
 
Основан с мая 1998 г. 
 
 
 
 
Учредитель: 
«Республиканское государственное 
предприятие на праве хозяйственного 
ведения  «Южно-Казахстанская 
государственная фармацевтическая 
академия» 
 
Журнал зарегистрирован  
Министерством связи и информации 
Республики Казахстан 
Регистрационное свидетельство 
№11321-ж от 24.02.2011 года. 
ISSN 1562-2967 
 
«Вестник ЮКГФА» зарегистрирован в 
Международном центре по 
регистрации сериальных изданий 
ISSN(ЮНЕСКО, г.Париж,Франция), 
присвоен международный номер ISSN 
2306-6822 
 
Журнал индексируется в КазБЦ; в 
международной базе данных 
Information Service, for Physics, 
Electronics and Computing (InspecDirect) 
 
Адрес редакции: 
160019 Республика Казахстан, 
г. Шымкент, пл. Аль-Фараби, 1 
Тел.: 8(725-2) 40-22-08, 40-82-22(5113) 
Факс:  40-82-19 
 
Е-.Маil:   medacadem@rambler.ru 
Тираж 300 экз. Журнал отпечатан в         
типографии ОФ «Серпилис», 
г. Шымкент. 
 
 
 
 
 
 
 
Главный  редактор 
 
Сексенбаев Б.Д, доктор мед. наук, профессор,  
академик КазНАЕН 
Заместитель главного редактора 
Нурмашев Б.К.., кандидат медицинских наук 
                    
 
 
Редактор научного журнала 
Шаймерденова Р.А., член Союзов журналистов СССР и                                            
Казахстана 
Редакционная коллегия: 
Анартаева М.У., доктор мед.наук, доцент 
Булешов М.А., доктор мед наук, профессор 
Дущанова Г.А., доктор мед.наук, профессор 
Махатов Б.К., доктор фарм.наук, профессор,  
академик КазНАЕН 
Ордабаева С.К., доктор фарм,наук,профессор 
Орманов Н.Ж., доктор мед.наук, профессор 
Оспанова С.А., доктор мед.наук, профессор 
Патсаев А.К., доктор химических наук, профессор 
Сагиндыкова Б.А., доктор фарм.наук, профессор 
Сисабеков. К.Е., доктор мед. наук, профессор 
Шертаева К.Д., доктор фарм.наук, профессор 
 
Редакционный совет: 
Азизов И.К., д.фарм. н., профессор (г. Ташкент, Узбекистан) 
Галимзянов Х.М.,д.м.н., профессор (г. Астрахань, Россия) 
Gasparyan Armen Y., MD, PhD, FESC,  
Associated Professor (Dudley, UK) 
   Гладух Е.В., д.фарм.н., профессор (г.Харьков, Украина) 
Исупов С.Д., д.фарм.н., профессор (г. Душанбе,                   
Таджикистан) 
Дроздова И.Л., д.фарм.н., профессор (г.Курск, Россия) 
Корчевский А. Phd, Doctor of Science(г.Колумбия, США) 
Костенко Н.В., д.м.н., профессор (г. Астрахань, Россия) 
Маркарян А.А., д.фарм.н., профессор (г. Москва, Россия) 
Попков В.А., д.фарм.н., профессор (г. Москва, Россия) 
Тихонов А.И., д.фарм.н., профессор (г. Харьков, Украина) 
Чолпонбаев К.С., д.фарм.н., проф. (г. Бишкек, Кыргызстан 
Nannette Turner,Phd.MPH(г.Колумбия, США) 
Шнитовска М.,Prof.,,Phd.,M.Pharm (г.Гданьск, 
РеспубликаПольша)

 
 
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ  3(72)-2015 ж.  
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ СОВРЕМЕННОЙ ФТИЗИАТРИИ» 
НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ С МЕЖДУНАРОДНЫМ   
УЧАСТИЕМ, ПОСВЯЩЕННАЯ 90-ЛЕТИЮ 
ПРОТИВОТУБЕРКУЛЕЗНОЙ СЛУЖБЫ ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ 
ОБЛАСТИ 
              
26-27 ноября 2015 года, Шымкент, Республика Казахстан 
ДЕПАРТАМЕНТ УПРАВЛЕНИЯ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ ЮЖНО-
КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ, ОБЛАСТНОЙ 
ПРОТИВОТУБЕРКУЛЕЗНЫЙ ДИСПАНСЕР И ЮЖНО-
КАЗАХСТАНСКАЯ ГОСУДАРСТВЕННАЯ ФАРМАЦЕВТИЧЕСКАЯ 
АКАДЕМИЯ 
 
 
 
 
 
 

 
 
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ  3(72)-2015 ж.  
 
 
 

 
 
Әбілдаев Тлеухан Шілдебайұлы – м.ғ.д., профессор 
Туберкулез проблемаларының Ұлттық орталығы, ҚР ДСӘД министрлігі, Алматы қаласы, info@ncpt.kz   
 
ҰЛТТЫҚ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ  9 АЙЫ ІШІНДЕГІ 
ЖЕТІСТІКТЕРІ 
 
ТҮЙІН 
 
 
Қазақстанда  азаматтардың  денсаулығын  қорғау,  соның  ішінде  туберкулез  ауруына  шалдыққан 
науқастарды  тиімді  емдеу    маңызды  мемлекеттік  мәселе  болып  табылады.    Қорытынды:  Қазақстан  
Республикасындағы  туберкулезге  қарсы  күрес  жүргізу  стратегиясы  Президентіміздің  2014  жылдың  11-
қарашасындағы  «Нұрлы  жол  –  болашаққа  бастар  жол»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауы;  Қазақстан 
Республикасында  денсаулық  сақтау  саласын  дамытудың  2011-2015  жылдарға  арналған  «Саламатты 
Қазақстан»  бағдарламасы;  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2014  жылдың  31-мамырындағы  №  597 
Қаулысымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасында  туберкулезге  қарсы  күрес  жүргізудің  2014-2020 
жылдарға  арналған  Кешендік  жоспары»;  осы  Кешендік  жоспарды  іске  асыру  шараларының  2014-2016 
жылдарға  арналған  Жол  картасы;  туберкулез  (ТБ),  көптеген    дәрілерге  төзімді  туберкулез  (КДТ  ТБ)  және 
дәрілерге  ауқымды  төзімді  туберкулез  (ДАТ  ТБ)  ауыртпашылығын  төмендетуге  бағытталған  нормативті 
актілерге  негізделген.  Бұл  құжаттарда  қойылған  басты  мақсат  –  туберкулез  ауруы  бойынша 
эпидемиологиялық  жағдайды  жақсарту,  яғни  туберкулезбен  сырқаттану  және  өлім-жітім  көрсеткіштерін 
төмендету. 
 
Кілт сөздер: Жол картасы,  Кешендік жоспары,  көптеген  дәрілерге төзімді туберкулез,  сырқаттану 
көрсеткіші,  өлім-жітім көрсеткіші. 
 
 
Туберкулез  ауруымен  күресуге  бағытталған  кешенді  шараларды  іске  асыру  бойынша  барлық 
сабақтас  құрылымдардың  қарқынды  және  бағытты  жұмысының  нәтижесінде  соңғы  5    жыл  ішінде 
туберкулез ауруымен сырқаттану көрсеткіші 1,4 есе, ал өлім-жітім көрсеткіші  -  2,2 есе азайды. 2014-2015 
жылдардың 9 айы  ішіндегі  мәліметтерді салыстыратын болсақ, елімізде   туберкулез ауруымен сырқаттану 
көрсеткішінің    11,3%-ға,  яғни  100  мың  тұрғын  халыққа  шаққанда  67,3-тен    59,7-ге  дейін,  ал  туберкулез 
салдарынан өлім-жітім көрсеткішінің4,4-тен 3,5-ға дейін (21,2%) төмендегіні анықталып отыр (көрсеткіштер 
жылдық экстраполяция әдісімен есептелген).      
 
Материал және тәсілдер: көрсеткіштер жылдық экстраполяция әдісімен есептелген. 2015 жылдың 9 
айлық көрсеткіштер сарапталынған. Оңтүстік Қазақстан облысы басқа облыстармен салыстырғанда үздіктер 
қатарында:  2014  жылы  сырқаттану    көрсеткіші  республикалық  көрсеткіштен  төмен  және  100  мың  тұрғын 
халыққа  шаққанда    56,5  болса,    өлім-жітім  көрсеткіші  3,8  болды,  ал  2015  жылдың  9  айының  нәтижесі 
бойынша осы көрсеткіштер 47,7 және 2,7 тең болды. Туберкулез бойынша  ең маңызды көрсеткіштердің бірі 
–  туберкулез ауруы алғаш рет анықталған науқастар арасындағы көптеген дәрілерге төзімді туберкулездің  
жиілігі  облыс  бойынша  2014  жылы  10,6%  құрады  және  бұл  көрсеткіш  республика  бойынша  ең  төмен 
деңгейде.  Қызылорда  (75,9),  Ақмола  (75,7),  Солтүстік  Қазақстан  (75,6),  Атырау  (74,9),  Қостанай  (68,7),  
Қарағанды (68,3), Ақтөбе (65,7),Манғыстау (62,4),  Шығыс Қазақстан (60,8),  Павлодар (60,3)  облыстарында 
сырқаттану көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары (59,7) болып қалуда.  
           Елімізде  2015  жылдың  өткен  үш  тоқсаны  ішінде  2014  жылмен  салыстырғанда  балалардың 
туберкулезбен науқастану көрсеткіші 11,7%-ға, яғни  7,7-ден 6,8-ге дейін, ал жасөспірімдер арасында 6,2%-
ға,   58,0-ден 54,4-ке дейін төмендеді (100  мың балалар/жасөспірімдерге шаққанда).  
           Балалардың туберкулезбен сырқаттану көрсеткіші Манғыстау (10,9), Қарағанды (10,8), Алматы (9,9), 
Қызылорда  (9,8),  Ақмола  (9,0),  Ақтөбе  (8,6)  облыстары  мен  Астана  қаласында  (10,6)  республикалық 
деңгейден  жоғары  болса,  Атырау  (152,6),  Ақтөбе  (127,3),  Манғыстау  (110,3),    Қызылорда  (97,8),  Батыс 
Қазақстан  (63,3)  облыстары  мен  Астана  қаласында  (88,6)  жасөспірімдер    туберкулез  ауруына  жиі 
шалдығады.   
 
2015  жылдың  9  айының  қорытындысы  бойынша  Ақмола,  Ақтөбе,  Қарағанды,  Павлодар 
облыстарында  балалардың,  ал    Актөбе,    Атырау,  Манғыстау,  Оңтүстік  Қазақстан  облыстары  мен  Астана 
қаласында жасөспірімдердің  туберкулезбен сырқаттану көрсеткішінің жоғарлағаны анықталды.  
        
Елімізде  туберкулез  ауруы  бойынша  эпидемиологиялық  жағдайдың  жақсарғанын  аурудың  кеш 
анықталған  түрлерінің  азаюы  (2014  жылдың  9  айы  ішінде    22  науқаста  туберкулез  кеш  анықталса,  2015 
жылы  –  15 жағдай), балалардың туберкулезді менингитке  шалдығу жағдайының тіркелмеуі   (былтыр  –  1, 
биыл - 0), сонымен қатар 1 жасқа дейінгі балалар арасында туберкулездің сирегірек анықталуы (2014 жылы - 
9, 2015 жылы - 5 жағдай) айғақтайды.    

 
 
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ  3(72)-2015 ж.  
 
 
 

Қарағанды  (6,9),  Қостанай  (5,2),    Шығыс  Қазақстан  (4,8),  Қызылорда  (4,5),    Павлодар  (4,4),  Ақмола  (4,0) 
облыстарында өлім-жітім көрсеткіші республикалық деңгейден жоғары (100 мың тұрғын халыққа шаққанда 
3,5). 
          
2014-2015 жылдардың алғашқы 9 айының ішінде туберкулез ауруы алғаш рет анықталған науқастар 
санын  салыстыратын болсақ, олардың 8708-ден 7835-ке дейін, ал туберкулезге қарсы күрес мекемелерінде 
диспансерлік  есепте  тұрған  белсенді  туберкулезі  бар  науқастар  санының  23103-тен  20655-ке  дейін 
азайғанын көреміз.   
          
Эпидемиологиялық  көрсеткіштердің  нақтылығы  ресми  түрде    дәлелденген  және  де  туберкулезге 
шалдыққан  науқастардың  Ұлттық  электрондық  регистрінің  мәліметтеріне  негізделген.  Бұл    регистр 
еліміздегі туберкулез ауруының  барлық жағдайларының (алғаш рет анықталған және қайталанған) дәлме-
дәл  дерекқоры  болып  саналады.  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  және  Әлеуметтік  даму 
Министрлігінің  бастамасы  бойынша  2015  жылдың  ақпан  айының  17-  19  жұлдыздары  аралығында 
Дүниежүзілік  Денсаулық  сақтау  ұйымы  (ДДҰ)  сарапшыларының  Қазақстанда  туберкулез  ауруын 
эпидемиологиялық  қадағалауды  бағалау  бойынша    Миссиясы  жүргізілді.    Осы  Миссия  барысында 
Қазақстандағы  туберкулез  ауруын  анықтау,  емдеу  және  тіркеу  әдістерінің  қол  жетімділігі  мен  сапасы 
бағаланды.  ДДҰ  сарапшылары  еліміздегі  туберкулез  ауруын  есепке  алу  және  есеп  беру  бойынша 
ақпараттық жүйесінің жұмысын шынайы және сапалы деп бағалады. 
 
«Қазақстан  Республикасында  туберкулезге  қарсы  күрес  жүргізудің  2014-2020  жылдарға  арналған 
Кешендік  жоспары»  іс-шаралары  іске  асырылып,  ҚР  ТПҰО  мен  облыстардың,  Астана,  Алматы 
қалаларының  денсаулық  сақтау  басқармасы  арасындағы  туберкулезге  қарсы  күрес    саласында  халыққа  
көмек көрсету  туралы  Меморандум индикаторларының  орындалуы бақылануда.  
            2015  жылдың  9  айы  ішінде  туберкулезбен  сырқаттануды  төмендету  бойынша  Республикалық 
штабтың  9  мәжілісінде  туберкулез  ауруының  өзекті  мәселелері  қарастырылып,  нақты  шешімдер 
қабылданды.  Кешендік  жоспар  шараларын  іске  асыру  аясында  және  2015  жылдың  мамыр  айының  19-
жұлдызындағы  Республикалық  штаб  мәжілісінің  шешімін  орындау  мақсатында  2015  жылдың    15-16-
маусымында  халықаралық  ұйымдар  өкілдерінің  қатысуымен  аймақтардың  туберкулезге  қарсы  күресу 
қызметі және бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) саласының туберкулезге қарсы шараларды 
іске  асыруға  қатысы  бар  100  маманы  үшін  семинар-кеңес  өткізіліп,  2014-2015  жылдары  бекітілген  ҚР 
ДСӘДМ туберкулезге қатысты бұйрықтарының негізгі қағидалары түсіндірілді.   
  
Сонымен  қатар,  туберкулез  мәселелері  туралы  дұрыс  ақпарат  таратып,  халықтың    туберкулезге 
деген  қате  көзқарасын  өзгерту  мақсатында  журналисттер  арасында  кеңес  өткізіліп,  «БАҚ-дағы  туберкулез 
мәселелері» атты тренинг, Қазақстандық пресс-клубта пресс-конференция жүргізілді.   
 
Туберкулез  ауруын  ерте  анықтау,  алдын  алу  сұрақтары  бойынша  Алматы  қаласының  босанатын 
әйелдерге  дәрігерлік  жәрдем  беретін  мекемелері  мамандарына  арнап  «Босанатын  әйелдерге  дәрігерлік 
жәрдем  беретін  мекемелердің  туберкулезге  қарсы  күрес  Бағдарламасындағы  орны»  атты  Дөңгелек  үстел 
өткізілді.  
 
Республика  бойынша  ТПҰО  және  облыстық  туберкулезге  қарсы  күрес  ұйымдары  (ТҚҰ)  оқу 
орталықтарында  2015  жылдың  9  айы  ішінде  БМСК,  ТҚҰ,  ҚР  ІІМ  қылмыстық  атқару  жүйесі,  СПИД 
орталықтарының 5148 маманы «Туберкулезді анықтау»,   «КДТ ТБ анықтаудың заманауи әдістері», «БМСК 
жүйесінде туберкулез және көптеген дәрілерге төзімді туберкулезді уақытылы анықтау», «ТҚҰ туберкулезді 
зертханалық анықтау әдістері», «Ересектер мен балалардағы дәрілерге төзімді туберкулездің менеджменті», 
«Туберкулезге  қарсы  қолданылатын  дәрілердің  менеджменті»,  «Пилоттық  аймақтарда  науқастарға 
психологиялық  және  әлеуметтік  қолдау  көрсете  отырып,    амбулаторлық  емді  қолдану»,  «Қазақстан 
Республикасының  туберкулезге  шалдыққан  науқастарды  тіркеудің  Ұлттық  регистрі  порталымен  жұмыс 
істеу», «Бақылау және бағалау» атты семинарларында туберкулездің өзекті мәселелері бойынша білімдерін 
жетілдірді.             
 
Елімізде  ТҚҰ  төсек орын қорын оңтайландыруға,  төсектерді  қысқарту  және оларды  шипажайлық, 
күндізгі  стационар,  оңалту  және  паллиативті  емдеу  орындарына  қайта  бейіндеуге  бағытталған  шаралар 
жалғасуда.  Республика бойынша 10270 төсек орны бар 85 ТҚҰ жұмыс жасауда.  2015 жылдың артта қалған 
мерзімі ішінде 11 аймақта  690 төсек орын қысқартылды (Ақмола-53, Ақтөбе-40, Алматы-130, Атырау-115, 
Шығыс  Қазақстан-70,  Қарағанды-60,  Қостанай-37,  Манғыстау-25,  Павлодар-70,  Солтүстік  Қазақстан-50, 
Оңтүстік Қазақстан облысы-40),  бұл көрсеткіш жалпы төсек орын қорының  6,7%  құрайды.   
 
Материалдық  базасы  төмен  және  төсек  орнын  қолдану  тиімсіз    болуына  байланысты  төсек  орын 
саны 185 болатын 5 аурухана жабылды   (Ақтөбе облысындағы 40 орындық Шалқар, Алматы обласындағы 
50 орындық Атырау облысындағы 30 орындық  Қызылқоға, Маңғыстау облысындағы 25 орындық Бейнеу, 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы 40 орындық Шардара ауруханалары), олардағы туберкулезге шалдыққан 
науқастарға  амбулаторлық  көмек  көрсететін  диспансерлік  бөлімшелер  қызметін  жалғастыруда.      Бұл 
ауруханалардың  жабылуы  нәтижесінде  үнемделген  қаржы  (284 799,6  мың  теңге)  реактивтер  мен 
зертханалық  шығын  материалдарын  сатып  алуға,  ТҚҰ  инфекциялық  бақылау  жүйесін  күшейтуге, 
науқастарға  әлеуметтік  қолдау  көрсетуге,  бақылай  және  бағалау  (БжБ)  топтарын  жинақтауға,  тегін 

 
 
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ  3(72)-2015 ж.  
 
 
 

медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында  қажетті дәрілерді сатып алуға, Диаскинтест сатып 
алуға, халықты ақпараттандыруға, мекемені тарату комиссиясына төлемақы ретінде  жұмсалды.  
Стационарды  алмастыратын  технологияның  бір  түрі  –  күндізгі  стационарларды  дамыту  үрдісі  жалғасуда. 
2015  жылдың  9  айының    қорытындысы  бойынша  елімізде  432  орындық  11  күндізгі  стационар  жұмыс 
жасауда (Ақмола-90, Атырау-10,  ШҚО-22, Жамбыл-94, БҚО-8,   Қарағанды-72, Қызылорда-40, Павлодар-
40, Манғыстау облысы-10, Алматы қаласы-40, Астана қаласы -6 төсек орынды). 
            Кешендік  жоспар  шараларын  іске  асыру  аясында  8  аймақта  ТҚҰ  ұйымдастыру-құқықтық  түрі 
өзгертіліп,    шаруашылық  жүргізу    құқығына  ие  болды  (Ақтөбе,  ШҚО,  БҚО,  Қарағанды,  Қызылорда, 
Қостанай, СҚО және Алматы қаласында). 
             ТҚҰ инфекциялық бақылау жүйесін  күшейту Бағдарламаның өзекті мәселесі, ұлттық саясаттың бір 
бөлігі  және  халық  арасында  туберкулездің  таралуы  қаупін  барынша  азайтуға  бағытталған.  Әрине, 
инфекциялық  бақылау  жүйесін  құру  туберкулезбен  күресу  қызметін  дамытуға  бөлінген  бюджетке  тікелей 
байланысты.  2015  жылдың  9  айында  ТҚҰ  күрделі  жөндеу  жұмыстарына  253659,8    мың  теңге,    ағымдағы 
жөндеу  жұмыстарына  78344,0  мың    теңге  бөлінді.  Көптеген  ТҚҰ-да  бактерия  бөлуші  науқастар 
жатқызылатын    бөлімшелері  мен  қауіп-қатер  жоғары  бөлмелерде,  әсіресе  КДТ/ДАТ ТБ,  мәжбүрлеп  емдеу 
және  паллиативті  емдеу  бөлімшелері,  бактериологиялық  зертханалар,  бронхоскопия  жасау  бөлмелерінде,  
ағымдық-ауа  тартқыш  желдеткіштер  мен  механикалық  желдеткіштер  орнатылған.  ТҚҰ  134  серуендеу 
алаңының 101 (75,4%)   қоршалған.       
            Идарадан  тыс  күзетпен  ТҚҰ  97%,  соның  ішінде  арнайы  мәжбүрлеп  емдеу  және  паллиативті  емдеу 
бөлімшелерінің  97%  тәуіліктік  күзет  орындарымен    қамтамасыз  етілген.    Инфекциялық  бақылау 
талаптарына сай келетін қоршау ТҚҰ 72,9%-да бар.   
Инфекциялық  бақылау  шараларының  тиімділігі  мен  сапасын  ТҚҰ  қызметркерлері  арасында  туберкулезге 
шалдығудың  жаңа  жағдайларының  тіркелмеуі  және  сырқаттану  көрсеткішінің  төмендеуі  дәлелдейді.  2015 
жылдың 9 айы ішінде республика бойынша ТҚҰ 13 қызметкерінің туберкулезге шалдыққаны анықталды да, 
сырқаттану  көрсеткіші  100  мың  қызметкерлерге  шаққанда  79,1  болды,  ал  былтырғы  жылы  бұл  көрсеткіш 
103,1 деңгейінде болған. ТҚҰ  материалды-техникалық базаларының инфекциялық бақылау стандарттарына 
сәйкестендіру шаралары толассыз жүргізіледі және оның толыққанды орындалуы үнемі қадағалауда болады.  
Кешендік жоспар шараларын іске асыру аясында, сонымен қатар Ақмола облысында жүргізілген пилоттық 
жоба  нәтижесінде  ТБ/КДТ  ТБ  шалдыққан  науқастарды  психологиялық  әлеуметтік  қолдай  отырып,  
амбулаторлық  жағдайда  емдеу  тиімділігін  ескере  отырып,  осындай  пилоттық  жоба  еліміздің  тағы  4 
аймағында іске асырылуда: Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорд а облыстары мен Астана қаласында. 
          Туберкулез ауруына шалдығу  қаупі жоғары топтар арасында ауруды   уақытылы анықтау мақсатында 
республика  бойынша  6689004  адамды  флюорографиялық  әдіспен  тексеру  жоспарланған  және  9  ай  ішінде 
6690000  адам  тексерілуден  өтіп,  олардың  5948-де  активті  туберкулез  анықталып,  диспансерлік  есепке 
алынды.  
 
Туберкулез  ауруының  жұқпалы  түрін  бактериоскопиялық  анықтау  көрсеткіші  2014  жылмен 
салыстырғанда  3,5%-дан  3,9%-ға  дейін  жоғарылады,  алайда  ДДҰ  стандартынан  (5-10%)  төмен  деңгейде, 
әсіресе Шығыс Қазақстан (2,1%) және Қостанай (2,3%) облыстарында. Аталмыш облыстарда бұл көрсеткіш 
БМСК жүйесінде өткізілген семинарлар, бақылау сапарларына қарамастан төмен деңгейде сақталуда.  
ТБ және КДТ ТБ анықтаудың заманауи инновациялық зертханалық әдістерін  қолданысқа енгізу туберкулез 
ауруын  уақытылы  анықтап,  нәтижелі  емдеу  әдісін  бірден  тағайындауға  мүмкіндік  береді.  2015  жылдың  3 
тоқсаны  ішінде  дәрілерге  сезімталдықты  анықтау  тестімен  науқастардың  98%    қамтылып,  5664  науқаста 
КДТ ТБ анықталды, олардың 1762 туберкулез ауруына алғаш рет шалдыққандар.        
             ҚР  ДСӘДМ  22.08.2014  жылғы  №19  бұйрығын  тыңғылықты  орындау,  туберкулезге  қарсы 
қолданылатын  бірінші  және  екінші  қатардағы  дәрілермен  үздіксіз  қамтамасыз  ету  аурудың  сезімталдығы 
сақталған және  дәрілерге төзімді түрлеріне шалдыққан науқастар арасындағы ем тиімділігін жоғарылатуға 
мүмкіндік  берді.  Яғни,  бұл  көрсеткіштер  87,2%  және  74,7%    тең  болды  (ДДҰ  стандарты    85%    және  75% 
сәйкес). 
 
КДТ  ТБ  шалдыққан  науқастардың  99,3%  туберкулезге  қарсы  қолданылатын  екінші  қатардағы 
дәрілермен қамтылған (ДДҰ стандарты -85%).           
Аймақтарда ДАТ ТБ шалдыққан науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын үшінші қатардағы дәрілермен 
қамтамасыз етілуде. 2015 жылдың 9 айы ішінде ДАТ ТБ шалдыққан науқастардың 95,4% үшінші қатардағы 
дәрілермен  қамтамсыз  етілген,  яғни  736  науқас  туберкулезге  қарсы  қолданылатын  үшінші  қатардағы 
дәрілермен  емделуде.  
              Туберкулезге  шалдыққан  науқастарға  әлеуметтік  қолдау  көрсету  туберкулезге  қарсы  күресу 
шаралары  кешенінің маңызды бір бөлігі болып саналады және  науқастардың емді үзбей қабылдауға  деген 
ұстанымдылығын  арттыруға  бағытталған.  Облыстардың  атқарушы  органдарының  қолдауымен 
амбулаторлық жағдайда ем қабылдап  жүрген науқастарға  әлеуметтік қолдау көрсету үшін бөлінген қаржы 
мөлшері  2014  жылмен  салыстырғанда  390,589  млн  теңгеден  507,319  млн  теңгеге  дейін  артты.  Қызылорда 

 
 
ОҢТҮСТІК  ҚАЗАҚСТАН  МЕМЛЕКЕТТІК  ФАРМАЦЕВТИКА  АКАДЕМИЯСЫ ХАБАРШЫ  3(72)-2015 ж.  
 
 
 

облысы  (89,345  млн  теңге),  Астана  қаласы  (57,120  млн  теңге),  Ақмола  (55,888  млн  теңге),  Павлодар  (50,0 
млн теңге), Ақтөбе (45,1 млн теңге)  облыстарын үздіктер қатарында ерекше атап өткеніміз абзал.  
    
Республикамызда  кең  көлемді  ақпараттандыру-сауаттандыру  жұмысы  жүргізілуде  және  оның 
сапасы    ҚР  ТПҰО  «Халық  арасында  санитарлық  ағарту  жұмысын  жетілдіру  туралы»  бұйрығына  сәйкес 
тұрақты түрде бақыланады.  
 
2015  жылдың  9  айы  ішінде  елімізде    туберкулез  ауруының  әртүрлі  аспектілерін  қамтыған  107 
дөңгелек үстел, пікірталас өткізіліп, оларға 6121 адам қатысты, бизнес құрылымдардың өкілдеріне арнап 20 
дөңгелек үстел өткізілді. 
 
Туберкулез  мәселелеріне  арналған    халықаралық  «FighTBack»  журналы  жалпы  тиражы  2000  дана 
болып  басылып  шығарылды  да,  бизнес  құрылымдарына  таратылды.  Бизнес  құрылымдарын  ерекше  атап 
отырған себебіміз, Дүниежүзілік экономикалық форум бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық индексін анықтау 
кезінде  «Туберкулездің  бизнеске  орта  мерзімді  ықпалы»  («Business  impact  of  tuberculosis»)    факторын 
есептейді  және  ол  үшін  бизнес  құрылымдардың  (кіші  және  ірі  компаниялардың)  атқарушы  директорлары 
немесе  орынбасарларынан  сауалнама  алады.  Бизнес  құрылымдар  кездейсоқ  іріктеу  әдісімен  анықталады. 
Бұл  сауалнамада  келесі  сұрақ  бар:  Сіздің  пікіріңізше,  сіздің  компанияның  жұмысына  жуырдағы  бес  жыл 
ішінде  туберкулез  ауруы    қаншалықты  ықпал  етуі  мүмкін  (өлім  жағдайына,  еңбек  ету  мүмкіндігінен 
айырылу, медициналық және жерлеу шығындары, өнімділік және жұмысқа шықпау, қызметкерлерді жалдау 
және  оқытуға  қажетті  шығындарға,  табысқа  әсері).  Сауалнама  нәтижесін  Дүниежүзілік  экономикалық 
форум  мүшелерінің  өздері  бағалайды.  Дүниежүзілік  экономикалық  форумның  2015  жылы  жариялаған 
есебіне сәйкес Қазақстан бұл көрсеткіш бойынша 140 мемлекеттің ішінде 107 орынға ие болды.  Сондықтан 
бұл бағытта белсенді жұмыс атқару керек. 
          
Туберкулез  мәселелері  228  Пресс-конференцияларда  талқыланды,  олардың  екеуі  Ұлттық  деңгейде 
өткізілді. Айына 2 рет ТҚҰ және БМСК мекемелерінде «Ашық есік күндері» өткізіледі. Өткен уақыт ішінде 
кең  көлемді  158  акция  өткізіліп,  оған  500 000-нан  астам  адам  қатысты.  Барлық  облыс  орталықтарында 
туберкулез сұрақтарына арналған бейнероликтер прокатқа шығарылды, жарнамалық баннерлерде, қоғамдық 
көліктерде,  аэропорт,  теміржол  вокзалдарында  туберкулез  бойынша  ақпараттық  плакаттар  ілінді. 
Фтизиатрияның  өзекті  мәселелеріне  арналған  482  ақпараттық  мақала  Ғаламтор  желісінде  жарық  көрсе, 
республикалық газет-журналдарда 384 мақала басылып шықты. Теледидар арқылы туберкулез мәселелеріне 
арналған 107 хабар көрсетіліп, радиодан – 81 дәріс оқылды.  
 
Туберкулез  сұрақтарына  арналған  ақпараттық-сауаттандыру  материалдары  879764  дана  көлемінде 
басылып  шықты,  «Туберкулез  ауруы  Қазақстандағы  бизнестің  дамуына  қауіп  төндірмейді»  атты 
жадынаманың 1000 данасы бизнес құрылымдар өкілдері арасында таратылды.   
 
Туберкулез  сұрақтары  бойынша  халықтың  әртүрлі  топтарына  арналған  ақпараттық-сауаттандыру 
материалдарының топтамасы жасалды да, 500 дана DVD-тасымалдаушыларда таратылды.  
 
2015  жылдың  9  айының  қорытындысын  сараптайтын  болсақ,  негізгі  эпидемиологиялық 
көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалады және 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» 
мемлекеттік Бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 31-мамырындағы № 597 
Қаулысымен  бекітілген  «Қазақстан  Республикасында  туберкулезге  қарсы  күрес  жүргізудің  2014-2020 
жылдарға  арналған  Кешендік  жоспарының»  -    межелік  көрсеткіштеріне    толығымен  қол  жеткізетінімізге 
сеніміміз мол.  


жүктеу 5.22 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет