Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa 2 Состав экспертной группы Булатбаева Кулжанат Нурымжановна



жүктеу 0.5 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата25.04.2017
өлшемі0.5 Mb.
түріОтчет
1   2   3   4

 

СТАНДАРТ    2  -  БІЛІМ  БЕРУ  БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ 

МАЗМҰНЫ 

 

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 



әдебиеті»  мамандығында  жүргізілетін  пәндер  тізімі  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті  білім беру стандарттары талаптарына сәйкес 3 модульден тұрады: 

жалпы білімдік модуль (ЖБМ); базалық модуль  (БМ); кәсіптендіру модулі 

(КМ). 


Пәндерді  оқытудың  логикалық  жүйелілігі  пәндердің  типтік,  оқу-

жұмыс  бағдарламасы  және  элективті  пәндер  каталогы  негізінде 

пререквизиттер  мен  постреквизиттер  жүйесімен  анықталған.  Студенттің 

оқу  жұмысы  әр  оқу  жылының  семестрлеріне  теңдей  бөлінген.  Оқу 

жоспарының  міндетті  компоненттері  бойынша  білім  беру  бағдарламасы 

мазмұны ҚР МЖМБС талабына сәйкес. Оқу-жұмыс жоспарының мазмұны 

мен  құрылымы  типтік  оқу  жоспары  мен  элективті  пәндер  каталогына 

сәйкес.  Таңдау  компоненттері  жұмыс  берушілер  ұсыныстары  негізінде  

енгізілген.  Мамандықтың  (МОӘК)  және  пәндердің  (ПОӘК)  оқу-

әдістемелік  кешендері  толық  және  білім  алушыларға  қолжетімді.  

Бағдарламада  студенттердің  тұлғалық  дамуына  ықпал  ететін,  арнайы 

құзыреттіліктерді

 

қалыптастыратын, шығармашылық қабілетін дамытушы 



компоненттер бар.

  


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

13 

 

Бағдарламаның  стратегиялық  мақсатын  жүзеге  асыру  барысында 



бакалавриаттың қысқартылған бағдарламасы негізінде қашықтықтан оқыту 

технологиясы енгізілген. 

Модульдік  оқу  жоспарында  білім  алушының  бір  курстан  екінші 

курсқа  өту  үшін  белгілі  кредит  жүйесін  жинауы  қажет.  Трансферт  және 

несиелік  жинақтау  жүйесі  (ECTS)  арқылы  студенттің  білім  беру 

траекториясы,  оқу  пәндері  (кредиті  мен  бағаларын  қоса  алғанда) 

салыстырылып,  қажет  болған  жағдайда  қайта  сынақтан  өткізілуде.  осы 

мәселе қарастырылған. 



Айғақтар: 

Студенттер  контингенті  тұрақты  түрде  кәсіби  бағдар  жұмысы 

атқарылатындығын көрсетіп отыр.  

ББ 


бойынша 

мамандарды 

дайындау 

оқытудың 

кредиттік 

технологиясы бойынша нормативтік құжаттар негізінде  іске асырылады.  

Студентке  оқытудың  кредиттік  технологиясы  жайлы  практикалық 

ақпарат  беретін  ақпараттық-  анықтамалықтың  электрондық  нұсқасы 

университет  сайтында,  сонымен  қатар,  оқу  үдерісін  қамтамасыз  ететін 

ақпараттық жүйедегі әр студенттің жеке парағында берілген. 

Элективті  пәндер  бойынша  Д.Нұрпейісова  атындағы  гимназиядан, 

№65  Ы.Алтынсарин  атындағы  мектеп-гимназиядан,  №80  жалпы  орта 

мектептен,  №7  Қ.Сыпатаев  атындағы  мектеп-лицейден  және  т.б.  түскен 

ұсыныстар бар. 



Ұтымды жақтары: 

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  мамандығы  бойынша  бакалавриаттық  білім  беру  бағдарламасы 

ғылыми, теориялық және кәсіби, әлеуметтік құзыреттіліктерге бағытталған 

тәжірибелік  талаптарға  сай  құрылған.  Білім  беру  бағдарламасы  оқу 

жоспарын  құруға,  білім  беру  бағдарламасы  мазмұнын  модульдік 

қағидаларға  сәйкес  жоспарлауға,  кредитті  есептеу  жүйесіне  сәйкес  білім 

беру 


технологияларын 

пайдалануға 

негізделген 

оқу 


үдерісін 

ұйымдастырудың кредиттік-модульдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.   

Кафедрада оқу пәндері қазіргі заман талабына сай оқу-дидактикалық 

материалдармен,  яғни    электрондық  дәрістер,  презентациялар,  белсенді 

үлестірме материал, аудио және видеоматериалдармен қамтамасыз етілген. 

Компьютерлік  ақпараттық  технологиялардың  дамуы  оқу  үрдісінің  сапасы 

мен белсенділігін арттыруға жаңа материалдар жасауға мүмкіндік береді. 

Кафедрада  жүргізілетін  барлық  пәндер  бойынша  оқу-әдістемелік 

кешендер  құрастырылған.    Студенттер  силлабустар  мен  қажетті 

әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  етілген.  Барлық  оқу-әдістемелік 

материалдар  мен  дәрістердің  электрондық  нұсқалары,  электрондық 

оқулықтар, тест жинақтары университет кітапханасында жинақталған.  



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

14 

 

Білім  берудің  модульдік  бағдарламасы  жалпы  білім  беру,  базалық, 



кәсіптік  циклдар  бойынша  құрастырылған,  мазмұны    осы  заманғы 

мамандарды оқыту жоспарына қойылатын талаптарға сәйкес. 

Оқытудың  сапасын  жетілдіру  үшін  СМЖ  үдерісі  бойынша 

мониторингтің үнемі өткізілуі. Жасалуы.  

Модульдік  оқыту  технологиясына  өту  негізінде    сессиядағы 

емтихандар  санының  азаюы  және  студенттердің  емтиханға  дайындалу 

уақытының көбеюі;  

Қаражаттандырылатын  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  қатысуға 

мүмкіндіктің берілуі. 

Ескерту:  

Білім беру бағдарламасының оқу – жұмыс жоспарына тұтынушылар 

мен  студенттердің  сұранысы  негізінде  енгізілген  элективті  пәндер  қазақ 

тілі мен әдебиетінің теориялық мәселелерін қарастырады.  Оқытудың жаңа 

технологияларына  негізделген  элективті  пәндер  оқу  –  жұмыс  жоспарына 

енгізілмеген. 



Ұсыныс: 

 «5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» 

Білім 


беру 

бағдарламасы 

болашақ 

педагогтарды 

дайындайтындықтан  ҚР  мен  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  білім  беру 

салалары  мен  еңбек  нарығының  сұраныстарына    сай,  тұтынушылардың 

талабы мен студенттердің жеке мүдделерін қанағаттандыратын оқытудың 

жаңа технологияларына негізделген және болашақ маманның ақпараттық-

коммуникациялық  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыратын  элективті 

пәндерді  оқу  үдерісіне  енгізу  арқылы  кәсіптендіру  пәндерінің  сапасын 

арттыру керек.   

 

 



СТАНДАРТ 3 – СТУДЕНТТЕР 

 

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 



әдебиеті»  мамандығына  білім  беру  бағдарламасын  іске  асыру  Тіл  білімі, 

Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасына жүктелген.  

Студенттер  континенті: барлығы - 21 (барлығы грант) (күндізгі -18), 

күндізгі қысқартылған – 3. 

Оқытуғa  деген  жaңaшa  көзқaрac  cтудент  тұлғacын  aлдыңғы  қaтaрғa 

қояды. Сондықтан  бағдарламаның жүзеге асырылуы олардың мүдделеріне 

негізделген.  Оқыту үдеріcі оқытушы мен cтудент aрacындaғы cыйлacтық 

пен  ынтымaққa,  бірлеcкен  қызметке  құрылған.    Білім  беру  ортасы 

студенттің  тұлғалық,  еркіндікке  ұмтылу,  дара  тұлғалық  пен  кәсіби  өсуге, 

өз  бетінше  жұмыс  жасауға  дағдылануға  ұмтылуы,  өзін  сыйлауы  сияқты 

сапалық қасиеттерін қалыптастырып, дамытуға жұмыс жасайды. 


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

15 

 

Ағымдық  бақылау    нәтижесінде  студент  емтиханға  жіберу 



рейтингісін анықтайтын балл жинайды. Бұл екі  аптада бір рет жүргізіліп, 

оған баға қойылып отырады. Межелік бақылау 8 және 15 апталарда жүзеге 

асырылады.  Бақылау  қорытындылары  электронды  журналға  қойылады, 

бұл игерілген білімді бақылаудың ашықтығын қамтамасыз етеді. Емтихан 

бағасы  мен    межелік  бақылау  нәтижесі  біріктіріліп,  қорытынды  баға 

қойылады.   

Студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру  мен 

дамытудың негізгі мақсаты жоғары кәсіби білімі бар мамандардың ғылыми 

дайындық деңгейін көтеру, ЖОО-ның, еліміздегі басқа да мекемелері мен 

ұйымдарының  педагогикалық  және  ғылыми  кадрларын  толықтыру  үшін 

ғылыми-техникалық  үдерістің,  экономикалық  ойлар  мен  мәдени дамудың 

жаңаша  жетістіктерінің  негізінде  талантты  жастарды  анықтау  болып 

табылады.  Осы бағытта мамандықта оң істер іске асырылған.  

Студенттердің  ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  жүзеге  асыру  қажетті 

деңгейде  орындалу  үстінде.  Зерттеу  жұмысының  қортындысы  дөңгелек 

үстел,  конференция,  ғылыми  семинарларда    баяндалып,  басылымдарда 

жарияланып отырған.  

Кәсіби  іс-тәжірибе  жоғары  білім  беру  бағдарламасының  міндетті 

компоненті  болып  табылады.  «5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын 

мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының бағдарламасындағы 

іс-тәжірибенің  оқу,  педагогикалық  және  диплом  алды  іс-тәжірибе 

түрлерінің  мерзімі  мен  мазмұны  мамандықтың  оқу-жұмыс  бағдарламасы 

және  іс-тәжірибе    бағдарламасы  негізінде  анықталады.  Іс-тәжірибенің 

барлық түрлері  кредит өлшемімен  бағаланады. «5В012100-Қазақ тілінде 

оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында оқитын 

студенттердің  іс-тәжірибелерін  ұйымдастыру  және  өткізу  деңгейі  мен 

сапасы маман даярлаудың мақсаты мен  талаптарына сай жүргізіледі.  

Айғақтар: 

Студенттің жеке білім беру траекториясын анықтайтын оқу жоспары 

әрбір оқу жылына мамандықтың типтік оқу жоспары мен элективті пәндер 

каталогы негізінде құрастырылған. 

Бакалавриат  бағдарламасы  бойынша  бір  академиялық  семестрде 

күндізгі  бөлім  студенттері  талапқа  сай  18-22  кредитті,  сырттай  бөлім 

студенттері  9-12  кредитті,  қашықтықтан  оқыту  бөлімі  студенттері  12-15 

кредитті меңгереді.  

Модуль  бойынша  кредиттерді  бөлуде  білім  алушының  еңбек 

сыйымдылығы  ескерілген.    Еңбек  сыйымдылығын  есептеу  үшін  

мониторингтер жүргізіліп, оның нәтижесі талқыланғандығы айқындалды. 

Студенттердің  ағымдық  білім  сапасын  қадағалайтын    ішкі 

мониторинг  жүйесі  бар.  Нәтижесі  кафедра  отырыстарында  талқыланып, 

кемшіліктерді жою бағытында жұмыстар жүргізіліп отырған.  



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

16 

 

Институтта  аралық,  ағымдық,  межелік,  қорытынды  бақылау 



бағалары автоматтандырылған ақпараттық жүйе PLATONUS Web-сайтына 

ендірілген,  студенттердің    ата-аналары  үлгерім  нәтижелерімен    хабардар 

болып отырады.  

Шымкент  қаласындағы  Д.Нұрпейісова  атындағы  гимназия,  №65 

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназия,   №80 жалпы орта мектеп, №7 

Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицеймен мектептермен студенттерді кәсіби 

мамандыққа  баулу,  іс-тәжірибені    өткізу  мақсатымен  келісім-шарт 

жасалынған.  Іс-тәжірибе  жетекшілігіне  тәжірибелі,  кәсіби  біліктілігі 

жоғары  мамандар  тағайындалған.    Мамандық  бойынша  іс-тәжірибе 

бағдарламалары мен  әдістемелік нұсқаулар әзірленген.  

Институтта мониторинг рәсімін жасау әдістемесі, өлшем құралдары, 

білімді бағалау шкаласы мен ішкі нормативтері сәйкестендіріліп жасалған 

ағымдық үлгерім, оқу пәндерінің өткізілу сапасы және де білім алушылар 

мен  жұмыс  берушілердің  білікті  маман  даярлауда  берілген  білімге 

қанағаттануына  қатысты  мониторинг  өткізіліп  отыратындығы  бөлім 

басшыларымен сұхбаттасу кезінде анықталды.

 

Білім  алушылармен  сұхбат  кезінде  санитарлық-эпидемиялық 



нормаға сай  жатақхана және асханамен қамтамасыз етілгендігі анықталды. 

Ұтымды жақтары: 

Студенттер  білім  беру  бағдарламасының  негізгі  тұтынушылары 

болғандықтан оқыту үдерісін қамтамасыз етуде олардың мүдделері бірінші 

қатарға  қойылған.  

Электрондық  журналдың  енгізілуі    оқу  процесі  мен    студенттің 

өзіндік жұмысын әлдеқайда белсендірлендірді. 

Студенттердің жан –жақты дамуына мүмкіндіктердің молдығы (өткізілетін 

іс – шаралар, әр түрлі жарыстар, олимпиадалар, конкурстар). 



 

 

СТАНДАРТ 4 - БІЛІМ БЕРУ НӘТИЖЕЛІЛІГІ, ТИІМДІЛІГІ  

 

Еңбек  нарығындағы  тұтынушылардың  сұранысына  сәйкес  кафедра 

білім  беру  нәтижелілігіне  баға  бере  отырып,  тұтынушылардың  қажетін 

өтеуде  жетістіктерге  қол  жеткізу  үшін  білім    беруді    жетілдірудің  жаңа 

жолдарын енгізу бағытында жұмыс жасау үстінде. 

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры дәрежесін алған түлектер 

педагогикалық білім беру ұйымдарында, ғылыми зерттеу орталықтарында, 

мәдени  мекемелерде,  баспа  орындарында,  ұйымдастыру  –  басқару 

жүйесінде,  мемлекеттік  органдардың  іс  -  қағаздары  мен  құжаттау 

бөлімдерінде қызмет атқарып жатыр.     

Талапкерлерді  конкурс  негізінде  іріктеу  талаптарының  деңгейі, 

түлектердің  білім  беру  стандарты  талаптарын  орындау  дәрежесі, 


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

17 

 

түлектердің еңбек нарығындағы сұранысқа ие болуы, жұмыс берушілердің 



пікірлері Білім беру бағдарламасының  нәтижелілігін  көрсетеді. 

Студенттердің  құзіреттілігі  және  білімді  бағалаудың  нәтижесі 

мамандыққа қатысты ғана емес, пәнге қатысты  бағаланатындығы белгілі. 

Модульдік білім бағдарламасында әр пәнді игеруде алатын құзіреттіліктері 

анық  жазылған  және  осы  бағытта  үнемі  жетілдіру  жұмыстары  жүргізіліп 

отырады.  басшылыққа алынады.  



Айғақтар: 

Білім  беру  нәтижелілігі  көрсеткіштерін  бағалайтын  түлектердің 

еңбек  нарығындағы  сұранысқа  ие  болуын  дәлелдейтін  құжаттар  мен 

жұмыс берушілердің сұраныстары кафедрада жинақталған. 

Мамандардың  дайындық  сапасын  жақсарту  мақсатында  жұмыс 

берушілермен  қарым  –  қатынас  орныққан,  жұмыс  берушілер  білім 

бағдарламасын  құрастыру  үдерісіне  қатысып,  өз  ұсыныстарын  жасайды, 

бұл жұмыс берушілермен сұхбат кезінде және қажетті құжаттар негізінде 

анықталды.  

Жұмыс  берушілер    тарапынан  берілген  оң  мінездемелер 

бітірушілердің дайындық сапасына қанағаттанғандығын білдіреді . 

Бітірушілермен сұхбат барысында білім сапасын көтеру мақсатында 

білім  беру  бағдарламасымен  тұрақты  байланыстың  орнатылғандығын 

байқадық. 



Ұтымды жақтары: 

          Кәсіби  білім  берудегі  нәтижелілік  еңбек  нарығындағы  ЖОО 

түлектерінің  сұранысы  арқылы  көрінеді.  Мұндай  нәтижеге  қоғамдағы 

әлеуметтік  сұранысқа  және  жұмыс  беруші  талаптарына  сай  болуы  үшін 

түлектерге  түйіндеме  әзірлеуге  және  басқа  құжаттар  жүргізу  бойынша 

шеберлік  сыныптары,  жұмыс  берушілермен  ұтымды  сұхбат  жүргізу  үшін 

оқыту семинарлары, оқытушылардың белгіленген ережелер мен сапасына 

сай  іс-тәжірибе  өтуі  үшін  жұмыс  берушілермен  келіссөз  жүргізу  арқылы 

жеткен.    

Студенттердің  аралық  аттестациясы,  жұмыс  берушінің  пікірі,  жұмысқа 

орналастыру 

жайлы 


талдау 

жасау, 


студенттер 

практикасының 

қорытындысы,  ағымдағы  үлгерім,  мемлекеттік  аттестация,  оқыту  сапасы, 

оқытушының  кәсіптік  өсуі  бағытында  сауалнама  жүрзіліп  отырған.  

Мониторингісі  шығарылып,  кафедра  отырыстарында  талдау  жасалынған 

Хаттамалары тіркелген.  

   

СТАНДАРТ 5 – ПРОФЕССОР- ОҚЫТУШЫ  ҚҰРАМЫ 

 

Оқытушы-профессорлар  құрамы  «Жоғары  оқу  орындарындағы 



оқытушы-профессорлар  құрамының  және  ғылыми  қызметкерлердің 

қызметін  конкурс  арқылы  ауыстыру  Ережелерімен»,  Қазақстан 

Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2012  жылдың  17 


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

18 

 

ақпанындағы № 230 бұйрығына сәйкес, сонымен бірге Білім және ғылым 



министрлігінің  2009  жылдың  13  шілдесіндегі  №  338  бұйрығымен 

өзгертіліп, бекітілген «Педагогикалық қызметкерлер мен соларға теңелетін 

тұлғалар  қызметінің  типтік  біліктілігі  сипаттамасымен»  қалыптасады. 

ОПҚ-ның ғылыми дәрежесі мен атағы  білім беру бағдарламасына  сәйкес. 

Мамандардың  кадрлық  әлеуеті  оқытушылардың  ғылыми  және 

педагогикалық біліктілігі  орта    жасын,  практикалық  тәжірибесін,  іскерлік 

белсенділігін,  қызмет  сапасын  бірге  есептегенде  өз  қызметіне  даярлығын 

айқын көрсетеді.  

Барлық  пәндер  бойынша  білікті  оқытушылар  құрамының 

жеткіліктілігі  білім  алушыларға    пән  оқытушыларын  таңдауға  мүмкіндік 

береді. 

Айғақтар: 

Білім  беру  бағдарламасы  аясында  ОПҚ-ның  оқу  жүктемелері  мен 

кафедра  бойынша    оқу  пәндерінің  бекітілуін,  оқу  -  әдістемелік,  ғылыми 

ізденіс  және  кураторлық  жұмысты  қамтыған  жеке  жұмыс  жоспары  мен 

есебін айғақтайтын құжаттар бар. 

ЖОО  білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асыратын  оқытушылардың 

оқу және ғылыми қызметтерінің арақатынас тепе - теңдігі сақталған.  

Оқу-әдістемелік  бірлестігінің  жылдық  жоспарлары,  өткізілген    

отырыстардың хаттамалары кафедрада сақталған.  

Оқытушы-профессорлар      құрамы    шығарған  оқу  құралы  мен  оқу-

әдістемелік құралдары жайлы мәлімет кестемен берілген. 

ББ-на  қызмет  көрсететін    ПОҚ  жайлы  толық  мәлімет  беретін 

түйіндеме дайындалған. 

ПОҚ –ның жарияланған ғылыми басылымдары (елде және шет елде) 

кафедрада жинақталған. 

ПОҚ  құзыреттілігіне  жалпы  баға  беретін    құжаттар  (ашық  сабақ, 

өзара сабаққа қатысу, студенттер сауалнамасы және т.б.) кафедрада   бар.            

Ұтымды жақтары: 

            Кадрлық  құрам  үлесіндегі  кафедра  имиджінің  басымдығы,  ғылым 

докторлары мен кандидаттарының жеткіліктілігі. 

            Кафедраның ОПҚ-ның оқу жүктемелері институт ректоры бекіткен 

Ф7.01-71 Профессор-оқытушылар құрамының жылдық жүктеме мөлшеріне 

негізделіп  ғылым  докторлары  үшін  22  кредит,  660-700  сағат,  ғылым 

кандидаты  және  доценттер  үшін  25  кредит,  750  сағат,  магистр,  аға 

оқытушы, оқытушы үшін 30 кредит, 900 сағат (25-30 кредит) бөлінген.  

Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша есептік кезеңде маман даярлаушы 

кафедра  оқытушылары  тарапынан  жалпы  көлемі  295,25  б.т.  құрайтын  1 

оқулық,  12  оқу  құралы,  2  көркем  әдебиет,  21  оқу-әдістемелік  құрал  мен 

нұсқаулықтар жарық көрген.  

           Аккредитациялау және мониторинг бөлімінің басшылығымен әр оқу 

жылында  ОПҚ-ның  қызмет  сапасын  бақылау  мақсатында  мониторинг 



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

19 

 

жүргізіледі.  Қызметкерлердің  жұмысқа  қанағаттанушылығы  жөнінде 



сауалнама  және  «Оқытушы  студент  көзімен»    сауалнамасы    тұрақты 

алынады.  Оқытушылардың  кәсіби  деңгейін  анықтау  мақсатындағы 

мониторингтердің,  білім  берудің  сапасын  көтеру  мақсатында  жүргізілген 

сауалнамалар білім беру үдерісінің сапасын арттырары анық.   

«Тіл  білімі»  кафедрасының  доценті  ф.ғ.к.  Омар  Базаркүл  

Қалтайқызының    117-12  оқу  тобында    «Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі»  

пәнінен  өткізген  «Фонетиканы  оқыту  әдістемесі»  (дәріс),  филология 

ғылымдарының  кандидаты,  аға  оқытушы  Омаров  Тоғатай  Қалтайұлының 

117-12  оқу  тобында  «Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі»  пәнінен  өткізген 

«Көркем  шығарманы  талдау  және  оның  түрлері»  (дәріс),    филология 

ғылымдарының  кандидаты,  аға  оқытушы  Сапарбаева  Қарлығаш 

Жылқыбайқызы,  121-12  оқу  тобында  «Кеңес  дәуіріндегі  қазақ  әдебиеті» 

пәнінен  өткізген  «Жүсіпбек  Аймауытовтың  өмір  мен  шығармашылығы» 

(дәріс),  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  аға  оқытушы  Бегалиева 

Рауан  Нармаханқызының    «Қазіргі  қазақ  тілінің  лексикологиясы  мен 

фразеологиясы»  пәнінен  өткізген    «Қазақ  тілі  сөздік  құрамының  актив 

және  пассив  қабаттары.  Көнерген  сөздер,  кең  тарамаған  неологизмдер, 

диалектизмдер,    кәсіби  сөздер,  термин  сөздер»  (практикалық  сабақ) 

сабақтарына  қатыстық.

 

Сабақ  өткізушілер  сабақтарында  оқытудың  жаңа 



технологиясын  қолданды.  Мысалы,  мәселе  мен  жағдаятты  модельдеу, 

топтық  оқу,  кейс-стади,  жобалай,  сатылай,  даралай,  проблемалық  оқыту, 

ойға шабуыл секілді белсенді және интерактивті әдістер.

                                                                             

ПОҚ –ның халықаралық және республикалық ғылыми - практикалық 

конференцияға  белсене  қатысып,  төрт  оқу  жылында    213  ғылыми  мақала 

оның ішінде ЖАК бекіткен басылымдарда 11 ғылыми мақала жариялаған.  

Ұсыныстар: 

          «5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  білім  беру  бағдарламасындағы    «Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі» 

мен  «Қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі»    пәндерін  педагогика  саласы 

бойынша  диссертациялық  еңбек  қорғаған  кафедрадағы  маманнның 

жүргізгендігі әдістемелік тұрғыдан оң нәтиже берері анық. 



                                                

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         

СТАНДАРТ  6  -  МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ  БАЗА  ЖӘНЕ 

АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР 

 

ОҚМПИ  қаржы  саясаты  оқу  бағдарламасының  сапалы  болуын 

көздейді.  Институт  студенттері,  оқытушылар  ақпараттық  ресурстармен, 

кітапхана қорымен, маманданған жұмыс бөлмелерімен қамтамасыз етілген. 

Электронды  залда  интернет  жүйесіне  еніп,  жұмыс  жасауға  мүмкіндік 

жасалған.  ОҚМПИ-да  қолданушыларға  қызмет  көрсетудің  инновациялық 

моделі  іске  қосылған.  Бағдарламалық  қамсыздандыру  ретінде  «КАБИС» 


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

20 

 

бағдарламасы қолданылады, ол 2 модуль ішінде  барлық кітапханалардағы 



үрдіске  қызмет  көрсетеді:  «Комплекттеуші»,  «Катализатор»,  «Оқырман», 

«Кітаппен  қамту»,  «Кітап  беру»,  «Әкімшілік».  Пайдаланушыларға 

заманауи  анықтама  –  библиографиялық  аппарат  берілген:  «Электронды 

каталог,  мақалалардың  электронды  тізбесі,  авторефераттар  мен 

диссертациялардың  электронды  тізбесі».  Каталогпен  жұмыстың  екі  түрі 

жүргізіледі:  электронды  және  дәстүрлі  (карточкамен).  Электронды 

каталогтің  жалпы  көлемі  5643  библиографиялық  жазылым.  Электронды 

каталог 9 мәліметтер базасынан тұрады: «Кітаптар», «Мақалалар», «Газет-

журналдар»,    «ОҚМПИ  ПОҚ  еңбектері»,    «Сирек  кітаптар»,  

«Электрондық қор»,  «ОҚМПИ басылымдары»,  «Оқырмандар»,  «ОҚО». 

2011-2012,  2012-2013  оқу  жылдарында  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті» 

мамандығының  оқу  үдерісі  филология  факультетіне  қарасты  Ғ.Іляев 

көшесінде  орналасқан  А  корпусында  жүргізілген.  2014  жылдың  наурыз 

айынан  бастап  бұл  корпустың  апатты  жағдайда  тұрғандығы  ескеріліп, 

ғимарат  бұзылды.  Оның  орнына  жаңа  оқу  ғимараты  бой  көтеруде.  Қазір 

мамандыққа қатысты пәндер бойынша оқу үдерісі бас ғимараттағы арнайы 

256, 258, 260, 325, 327,  329 дәрісханаларында  жалғасуда. Институт қорын 

қажеттілігіне  қарай  дұрыс  жұмсап,  оның  көлемін  ұлғайту  мүмкіндіктері 

жайлы  мәселе  үнемі  қарастырылып  отырады.  Кафедра  инфрақұрылымы 

бас  корпустағы  №221  аудиторияны  (60  орындық)  №329  аудиторияны  (32 

орындық) қамтиды. Институт инфрақұрылымы 22 компьютерлік сыныпты, 

11 интерактивті тақталы кабинетті қамтиды. Компьютерлік сыныптар жаңа 

құралдармен жабдықталған. 

ҚР  жоғарғы  оқу  орындары  Ассоциациясымен  Республикалық  ЖОО 

аралық  электрондық  кітапхананың  ресурстарына  қол  жетімділік  туралы 

келісімшарт жасасқан. Келісім шартқа сәйкес оқытушылар мен студенттер 

кітапхана қорын пайдалана алады.  

Компьютер  паркінде  оқыту  бағдарламасына  сәйкес  келетін,  оқу 

үрдісінде  кафедрада  пайдаланып  жүрген  5  компьютер  бар.  24 

компьютерлік сынып, 34 мультимедиялық компьютерлік сынып бар, оның 

16-сы  интерактивті  тақтамен  қамтамасыз  етілген.  Оқу  үдерісінде  512 

компьютер  қолданылып,  оның  400  жаңа  үлгіде  және  интернет  жүйесіне 

қосылған. Оқыту бағдарламасы шеңберінде  материалдық-техникалық база 

үнемі  жаңартылып,  жетілдіріліп,  кеңейтіліп отырады. 

Білім  беру  бағдарламасының  нәтижелі,  толыққанды  орындалуы  үшін 

университет  материалдық-техникалық  базасын,  кітапханалық  қорын  және 

ақпараттық  ресурстарды  үнемі  толықтырып,  заманауи  талаптарға  сай 

жаңалап отырады. 

Кітапхананың ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз 

ету үшін кітапханадағы барлық оқулықтар мен ғылыми әдебиеттер, әдеби 

кітаптар  қоры    электрондық    каталогтар  жүйесіне    енгізілген.  Ұлттық 

кітапханамен,    ғылыми  орталықтандырылған  кітапханалармен,  басқа  да 



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

21 

 

ЖОО  кітапханаларымен  интернет  жүйесі  арқылы  бірыңғай  желіге 



қосылған.  Сонымен  қатар,  әр  түрлі  форматтағы  құжаттарға  еркін  қол 

жеткізу  (кітаптар,  мерзімдік  басылымдар,  аудио,  бейне  материалдар,  CД-

RОМ-дар,  деректер  қоры,  соның  ішінде  интернет  деректер  қоры, 

электрондық оқулықтар және т.б. және СД-RОМ арқылы оқулықтарды, оқу 

құралдары  мен  энциклопедияларды,  сөздіктер  мен  анықтамаларды, 

бейнефильмдерді көруге мүмкіндік береді.  

Ақпараттық-ағарту  корпоративті  желісінің  құрылымы  жұлдыз 

тәріздес,  орталығында:  Интернет  пайдаланушылар  сервері,        Интернет-

қосымшалар  (пошта  сервері,  қашықтықтан  оқыту  сервері,    сервер 

автоматтандырылған  ақпараттық  жүйе  (АИС),  оқу-ағарту  портал  сервері, 

ЖОО  ақпараттық  жүйе  сервері,  әлеуметтік  жүйе  сервері,    кітапхана 

сервері, т.б.). Желіні қорғау NAT (Network Address Translation) қосу және 

DLink  құрылғысына  пакеттер  фильтрациясын  жасау  арқылы  жүзеге 

асырылады.  

Электронды  және  магнитті  тасымалдаушылар  көздерінің  болуы 

нормативтік  талаптарға  сай.  Мағлұматтармен  алмасу  үшін  қызметкерлер 

ішкі  электрондық    почтаны  және  қызметтік  құжаттармен  сол  уақытта 

алмасуға  мүмкіндік  беретін  электронды  құжаттарға  арналған  Lotus 

бағдарламасын қолданады.  

Студенттер халықаралық  және республикалық  ресурстарды  қолдана 

алады.    Оқу  материалдары,  бағдарлама  құралдары,    оқу  әдебиеті  мен 

қосымша  ресурстар,  жабдықтар    білім  алушылардың  барлығы  үшін 

қолжетімді.  Қордың  тәжірибелік  комплектеу  тәжірибесі  «Мемлекеттік 

сатып  алулар  туралы»  ҚР  Заңына  сәйкес  негізделген.  Кафедраның 

материалдық-техникалық 

базасы 


үнемі 

жаңаланып, 

жетілдіріліп, 

кеңейтіліп  отырады.  Кафедра  меңгерушісінің  сұранымына    сәйкес,  үнемі 

жаңа  жабдықтарды  сатып  алу  және    ескілерді    жөндеу  жұмыстары 

жүргізіліп отырады.  



Айғақтар: 

ЖОО  -ның  ақпараттық  қамтылуы  мен  Кітапхана  қорының 

толықтырылу динамикасы кесте арқылы берілген. 

Институт  жыл  сайын  ақпараттық  ресурстарға,  компьютерлерге, 

зертханалық  базаларды  жабдықтау  құралдарына  университеттің  жалпы 

қаржы  көлемінен  қаржы  бөлуді  көбейтіп  отырғандығы  қаржы  бөлімінің 

жоспары мен есебінде көрсетілген.  

Институт  ПОҚ  және  студенттері  арасында  жүргізілген  сауалнама 

нәтижелері бойынша білім алушылардың контингентіне сай соңғы үлгідегі 

компьютерлер  санының  артқаны,  шет  тілдеріндегі  оқу  және  ғылыми 

әдебиеттердің қоры ұлғайғандығы байқалды.  

Ақпараттармен толыққанды қамтамасыз ету мақсатында, сондай – ақ 

кітаппен қамтамасыз етудің көрсеткішін жоғарылату мақсатында институт 

А.С.Пушкин  атындағы  облыстық  әмбебап  кітапханасымен  және 



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

22 

 

М.Горький  атындағы  орталық  балалар  кітапханасымен  келісімшарт 



жасасқан. 

Ұтымды жақтары:  

Аудиторияларды,  оқу  және  ғылыми  лабароторияларды  (соның 

ішінде  виртуальды),  компьютерлік  сыныптарды,  оқу  залдарын,  ғылыми- 

әдістемелік  кабинеттерді  аралаған  кезде  олардың  жетілікті  деңгейде 

қамтамасыз етілгенін көрдік.  

Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық  институтында 

зертханалық  құрал-жабдықтар,  мерзімді  баспа,  ақпараттық  ресурстар, 

компьютерлер  алуға  бөлінетін  қаржы  құралдарының  жыл  сайын 

динамикалық артуын байқауға болады. 

Институтте  компьютерлік  бағдарламалармен  қамтамасыз  ету  жыл 

сайын  бір  рет  жаңартылып  отырады.  Университет    қызметінің      барлық 

бағыттары  лицензиялық бағдарламамен қамтылған.  Оқу бөлмелері жиһаз, 

компьютерлік  техника,  дәстүрлі  және  интерактивті  тақталермен, 

көрнекілік  стендтермен  қамтылған.      Компьютерлік  сынып  (301  ауд.)   

Microsoft  Office  (Word,  Excel,  Power  Point,  Corel  Draw),  Internet  Explorer 

және  т.б.  бағдарламалар  салынған  10  компьютермен  қамтылған.  Барлық 

компьтерлер желімен байланысып, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және 

бейнелік ақпарат жолдауға мүмкіндік береді.  

АСУУП  ақпараттық  желісінде  Web  -  порталдың  болуы  оқу  үрдісін 

кешенді  басқаруға  қол  жеткізеді.  Web-сайт  университеттің  құрылымдық 

қызметтерінің  барлық  бағыттарын:  университет  миссиясын,  мақсаттары 

мен  міндеттерін,  ғылыми,  тәрбие  жұмыстарын  қамтиды.  Бүгінгі  күні 

ақпараттық ағындарды оңтайландыру шарасы қолға алынуда. Электронды 

және  магнитті    тасымалдағыштардағы  оқу-әдістемелік  әдебиет  қоры 

электронды  басылымдардан  CD  бейне  және  аудио  кассеталарға   

орналастырылады  Студенттерге  көмек  ретінде  кеңес,  анықтамалар, 

кітапханалық тізім беруге нұсқаулықтар құрылған.    

Интернет  желісіне  шығу  мүмкіндігінің  болуы,  студенттердің 

халықаралық және республикалық ресурстарды қолдана алатындығы. 

Ұсыныстар: 

         «5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  мамандығының  базалық,  кәсіби  және  таңдау  пәндері  бойынша 

жаңа оқу-әдістемелік, ғылыми әдебиеттер қоры толықтырылсын. 

 

СТАНДАРТ 7 – АҚПАРАТТЫҚ  БАСҚАРУ 


Каталог: images -> otchety -> Specialized Accreditation -> 2015 rus
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa сарапшылар тобының ҚҰрамы
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa 3 Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa
Specialized Accreditation -> Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі- iqaa
Specialized Accreditation -> Состав внешней экспертной группы
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa 3 Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa

жүктеу 0.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет