Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa 2 Состав экспертной группы Булатбаева Кулжанат Нурымжановна



жүктеу 0.5 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата25.04.2017
өлшемі0.5 Mb.
түріОтчет
  1   2   3   4

       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

 



 

 

 

       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

Состав экспертной группы 



 

Булатбаева Кулжанат Нурымжановна  



Руководитель группы 

профессор кафедры иностранной филологии ЕНУ имени 

Л.Н. Гумилева, доктор педагогических наук  

 

 

 

Геимбух Елена Юрьевна  



Международный эксперт 

профессор кафедры русского языка и общего языкознания 

Московского городского педагогического университета, 

д.ф.н.  



 

 

Тлеужанова Гульназ Кошкимбаевна  



Эксперт 

заведующая  кафедрой  европейских  и  восточных  языков 

Карагандинского  государственного  университета  им. 

Е.Букетова, к.п.н., доцент кафедры 

 

 

Кыяхметова Шара Асетовна 



Эксперт 

доцент кафедры «Казахский язык» Жетысуского 

государственного университета им. И.Жансугурова, к.ф.н. 

 

 

Макаев Ильяс Толегенович  

Представитель работодателей 

директор школы-лицея №77 имени А.Аскарова г.Шымкент  



 

 

       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

 



Джунусова Сымбат Нургаликызы  

Представитель студенчества

 

студентка группы 2 курса ОП 5В011900  



«Иностранный язык: два иностранных языка» 

 

 

 

 

       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

 



 

 

       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

МАЗМҰНЫ 



1 ТАРАУ 

КІРІСПЕ 

ЖОО-ның  негізгі сипаттамасы .........………...………………………….........6 

 

2 ТАРАУ 

ЭКСПЕРТТІҢ СЫРТҚЫ АУДИТ БОЙЫНША ЕСЕБІ  

КІРІСПЕ...…………………………….....……………………….………….....8 

 

Стандарт 1  

Білім беру бағдарламасының мақсаттары..............................……………...10 



Стандарт 2 

Білім беру бағдарламасының мазмұны ……………........................……….12 



Стандарт 3 

Студенттер........................................................................................................14 



Стандарт 4 

 

Білім беру нәтижелілігі, тиімділігі.................................................................16 



Стандарт 5 

Профессор - оқытушы құрамы.......................................................................17 



Стандарт 6 

Материалдық-техникалық база және ақпараттық ресурс............................19 



Стандарт 7 

Ақпараттық басқару.........................................................................................22 



 

3 ТАРАУ 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................24 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

 1 ТАРАУ 



КІРІСПЕ 

 

Қазақстанның  қазіргі  жоғары  және  ЖОО-дан  кейінгі  білім  беруінде 



Болон  процесі  ұстанымдары  білім  беру  жүйесін  жаңғыртудағы  басты 

бағыттарына  айналды  және  ҚР  2010-2020  жж.  арналған  білім  беруді 

дамытудың мемлекеттік бағдарламасына (ары қарай – ҚР БДМБ) негіз болды. 

Аталған  құжатты  жүзеге  асыру  шеңберінде  ҚР  БДМБ  2011-2015  жылдарға 

арналған  шаралар  жоспарының  (1  кезең)  154-п.-інде  ЖОО-дарының 

аккредитациядан  өтуін  ынталандыру  бойынша,  соның  ішінде  Ұлттық 

реестрге енетін аккредиттелген ұйымдардың аккредиттелген бағдарламалары 

бойынша  мамандар  дайындауға  мемлекеттік  тапсырыс  беру  бойынша 

шаралар әзірлемесі қарастырылған. 

       ҚР  «Білім  туралы»  Заңының  1-б.  42-т.  сәйкес,  мамандандырылған 

аккредитация  –  бұл  білім  беру  ұйымдары  жүзеге  асыратын  жекелеген  білім 

беру 


бағдарламаларының 

сапасын 


бағалау. 

Тәуелсіз 

ұлттық 

мамандандырылған  аккредитациядан  өту  ерекше  маңызға  ие,  өйткені 



қолданыстағы  заңға  сәйкес,  мамандар  дайындауға  мемлекеттік  білім  беру 

тапсырыстарын,  яғни    гранттарды  орналастыру  тек  аккредиттелген  оқу 

орындары  үшін  ғана  қарастырылған.  Сонымен  бірге  аккредиттелген  оқу 

орындары  түлектерге  мемлекет  мақұлдаған  үлгідегі  диплом  беру  құқығына 

ие болады. 

 

ЖОО-ның негізгі сипаттамасы 

 

     Оңтүстік 



Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық  институты 

(ОҚМПИ)  - ҚР-ның оңтүстік аймағындағы басты оқу, ғылыми-әдістемелік 

және мәдени орталық.  

 Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық  институты  білім 

беру  бағдарламасын  бір  деңгейін  (бакалавриат)  жүзеге  асырып  келеді. 

Білім берудің мақсаттары ЖОО-ның мақсат, міндеттеріне сәйкес.  

     Институт  оқытудың  жаңа  технологияларын  қолданысқа  енгізіп 

және ғылыми зерттеулердің базасын ұлғайта отырып, сапалы білім беруді 

іске  асыруда.  Оқу  орнының  қалыптасу  және  даму  тарихы  75  жылды 

қамтиды.  

      ҚР  Министрлер    кабинетінің  2011  жылғы  28  маусымдағы  №722 

Жарлығымен  көне  педагогикалық  институт    қайта  құрылып,  ҚР  БҒМ 

Бақылау  Комитетінде  және  Әділет  министрлігінің  Оңтүстік  Қазақстан 

облысының әділет департаментінде  білім және ғылым саласы бойынша 8 

шілдеде  245-1958-01-РМСК  №110740004288  нөмірімен,  №0142692  Серия 

АБ  мемлекеттік  лицензиясымен  мерзімі  шектеусіз  заңды  тұлға  ретінде 

тіркелген.    Лицензияға  сәйкес  институт  бакалаврдың  23  мамандығы 


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

бойынша  білім  беру  құқығына  ие.  Білім  беру  қазақ,  орыс  және  ағылшын 



тілдерінде жүргізіледі.  

ҚР «Мемлекеттік мүліктер туралы» Заңының негізгі талаптарын жүзеге 

асыру  мақсатында  және  «Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  педагогикалық 

институтының

 

2013-2020 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарына» 



сәйкес  институт  ректоры  О.Аяшевтың

 

басшылығымен  төмендегі  бағыттар 



бойынша жұмыстар жүргізілуде: 

1.

 



Бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие мамандар дайындау

2.

 



Университеттің  ғылыми  әлеуетін  арттыру  және  инновациялық 

жобаларды коммерциализациялау; 

3.

 

 Университеттің қаржылық-экономикалық жағдайын тұрақтандыруды 



қамтамасыз ету; 

4.

 



Университеттің 

инфрақұрылымын 

модернизациялау 

және 


рациональды ресурстарды пайдалану; 

5.

 



Болон үдерісін дамыту; 

6.

 



ПОҚ  және  студенттердің    азаматтық  ұстанымдарының  белсенділігін 

дамыту; 


7.

 

Университеттің әлеуметтік саясаты және әлеуметтік әріптестік; 



8.

 

 Кадрлық менеджментті жүзеге асыру; 



9.

 

Құқық бұзушылық және жемқорлықтың алдын алу. 



    Оқу  орнының  басты  мақсаты  –  білімгерлердің  өз  әлеуетін  көтеруге 

әсер  ете  отырып,  институттың  халықаралық  және  республикалық  деңгейде 

алдыңғы шептен көрінуіне септігін тигізетіндей білім алу біліктілігін дамыту. 

ОҚМПИ  дамытудың  негізгі  басымдығы    -  жоғары  мәдениетке  негізделген 

академиялық  саясат,  кадр  және  қаржы  менеджментінің,  стратегиялық 

жоспардың  жеке моделін қалыптастыру.  

    Қоғамдық  жаһандану  мен  бәсекелестіктің  күшеюіне  байланысты  

қазіргі  күнде  табысқа  жетудің  басты  өлшемдерінің  бірі  ЖОО  арасындағы 

рейтинг пен  аккредитациядан өту болып табылады.  Аймақтағы мемлекеттік 

педагогикалық  оқу орны ретінде  ОҚМПИ - мемлекеттік тапсырыс бойынша 

грант бөлу түріндегі мемлекеттік қолдауға лайық оқу орны. 

   Қоғамдық  жаһандану  мен  бәсекелестіктің  күшеюіне  байланысты  

қазіргі  күнде  табысқа  жетудің  басты  өлшемдерінің  бірі  ЖОО  арасындағы 

рейтингі мен аккредитациядан өту болып табылады.  Аймақтағы мемлекеттік 

педагогикалық  оқу орны ретінде  ОҚМПИ - мемлекеттік тапсырыс бойынша 

грант бөлу түріндегі мемлекеттік қолдауға лайық оқу орны. 

 

 

 

 

 

 

 


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

              2 ТАРАУ 



             ЭКСПЕРТТІҢ СЫРТҚЫ АУДИТ БОЙЫНША ЕСЕБІ 

 

КІРІСПЕ 

 

5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен 

әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дайындау Қазақстан 

Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына 

сәйкес,  №  0142692  мемлекеттік  лицензия  (28.07.2011ж.)  және  №0111670 

мемлекеттік  лицензия  Қосымшасы  (28.07.2011ж.)    негізінде  2011  жылдан 

бері жүзеге асырылуда.

  

  



 «5B012100  –  Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  ББ  мақсаты  мен  міндеттері  Қазақстан  Республикасы  және  

Оңтүстік  Қазақстан  облысының  динамикалық  дамуына  әсер  етуші 

мәдениет  және  өнер,  білім,  экономика,  құқық  саласына  қажетті,  Болон 

декларациясының  принциптеріне  сәйкес  кәсіби  құзыреттілігі  жоғары 

мамандар дайындау болып табылады.  

   «5B012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен 

әдебиеті» білім беру бағдарламасын іске асыру Тіл білімі, Қазақ және әлем 

әдебиеті кафедрасына жүктелген.  

Студенттер  континенті: барлығы - 21 (барлығы грант) (күндізгі -18), 

күндізгі қысқартылған – 3. 

Тіл білімі және Қазақ және әлем әдебиеті кафедраларында білім беру 

бағдарламасы бойынша 20 оқытушы-профессор мен қосалқы қызметкерлер 

еңбек етеді. Оның ішінде –15 ғылым кандидаты, 1 PhD докторы, 2 магистр 

және 2 аға оқытушы бар. Кафедраның ғылыми потенциалы 80%. 

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» білім беру бағдарламасының стратегиялық менеджменті мамандық 

бойынша  білім  берудің  барлық  үдерісін  қамтиды  және  бағдарламаның  ұзақ 

мерзімді жетістігіне әрі тұрақты болуына бағытталған.  ББ қоғам мен еңбек 

нарығы  сұраныстарына  орай  қайта  қаралып  тұрады.  Бағдарлама 

мақсаттарының тиімділігін тәжірибе базалары, жұмыспен қамтамасыз ететін 

аймақтық  ұйымдармен  өзара  келісім  негізінде  енгізілген  элективті  пәндер 

қатары және түлектердің қорытынды бағалары дәлелдейді.

 

Білім  бағдарламасының  сапасын  қамтамасыз  ету  аясындағы  саясат  пен 



мамандарды даярлау барысында білім беру бағдарламасын тұтынушылардың 

талаптарын,  студенттердің  басқару  үдерісіне  араласуын,  білім  беру 

бағдарламасын  жүйелі  түрде  іске  асыру,  білім  сапасын  үнемі  арттырып 

отыру  негізге  алады.  ББ-ны  жетілдіруге  және  сапасын  арттыруға,  білім 

алушылар  мен  жұмыс  берушілердің  талап-тілектеріне  назар  аударуға 

айрықша көңіл бөлінеді. Бұл тұрғыда қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы білім 

бағдарламасын  тәжірибелі,  білікті,  ғылыми  дәрежелері  бар  кадрлармен 

жасақталған. Студенттердің ПОҚ ұсынған пәндерді ғылыми-шығармашылық 



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

 

бейімділігіне,  қызығушылық  бағыттарына  қарай  еркін  таңдауларына  толық 



мүмкіндік бар. Сонымен қатар оқитын пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін 

және  анықтамалық  сипаттағы  т.б.  материалдарды,  іс-тәжірибеден  өту 

барысында  жасалатын  жұмыс  жөніндегі  нұсқаулық  материалдарды,  сондай-

ақ  электронды  кітапхана  ресурстарын  пайдалануға,  өз  беттерінше  ізденуге, 

СОӨЖ 

уақытында 



оқытушылармен 

еркін 


пікір 

алмасуға, 

яғни 

оқытушылардың  ғылыми  әрі  педагогикалық  әлеуетін  тиімді  пайдалануға 



толыққанды жағдай жасалған. 

Білім беру  бағдарламасын  одан  әрі  дамыту  және  жұмыс берушілердің 

негізгі талаптарын орындау мақсатында білім беруді іске асыруды жоспарлау 

және оны жүзеге асыруға қажетті ресурстарды бөлу ОҚМПИ-ның 2010-2014 

жж.  және  2015-2020  жж.  арналған  Стратегиялық  даму  жоспарына  сәйкес 

орындалады. 

Қазақ  және  әлем  әдебиеті  мен  тіл  білімі    кафедралары  ең  байырғы 

ұжымдардың  бiрi  –  оның  тарихы  1937  жылы  құрылған  екi  жылдық 

мұғалiмдiк институты тарихымен ұштасып жатыр. Бастапқы кезеңде орыс 

тiлi  мен  әдебиетi  және  қазақ  тiлi  мен  әдебиетi  мамандары  бiр  кафедрада 

жұмыс  iстеген,  сол  кезде  кафедраны  Қазақстанға  танымал  ұстаз  және 

ғалым Әдiл Ермеков басқарған. 

2012-2013  оқу  жылынан  бастап  қазақ  тілі  және  орыс  тілі 

кафедралары біріктіріліп, Тіл білімі кафедрасы болып қайта құрылды. Осы 

жылы  кафедраны  п.ғ.к.,  аға  оқытушы  Р.Н.Бегалиева  басқарды,  2013-2014 

оқу жылынан бастап кафедра меңгерушілігіне ф.ғ.к., доцент Д.Н.Байғұтова 

тағайындалды. 

5В012100-  Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті  мамандығын  даярлауда  Қ.Сапарбаева,  Д.Байғұтова,  Б.Омар, 

Ұ.Қайырбекова,  Р.Бегалиева,  А.Құрбанов,  Ғ.Танабаев,  Ж.Ибрагимова,   

Қ.Үкібасова,  А.Байғұтова,  А.Пазылова,  Ж.Ергубекова,  Ж.Молданова, 

Қ.С.Алтынбеков, Т.Қ.Омаров, Г.Қалтайқызы еңбек етуде. 

  Кафедра  төмендегі  оқу  орындарымен  халықаралық  деңгейде 

келісімшартқа отырған: Ресей Ғылым академиясының Тіл білімі институты 

психолингвистика  секторы  (Ресей,  Мәскеу  қ.,  қазан  2011  –  желтоқсан 

2014); Ресей Халықтар достығы университеті (Ресей, Мәскеу қ., қазан 2011 

–  желтоқсан  2014);  Ресей  Білім  және  ғылым  министрлігі  мен  Кабардин-

Балкар мемлекеттік университеті, Тверь мемлекеттік университеті (Ресей, 

Тверь қ.) 

  Жоғары  мектептің  талаптарына  және  оқу-әдістемелік,  ғылыми 

деңгейді  жоғарылату  мақсатында  кафедра  оқытушылары    Абай  атындағы 

ҚазҰПУ,  Әл  Фараби  атындағы  ҚазҰУ,  Л.Гумилев  атындағы  Евразия  ҰУ, 

Әуезов  ат.  ОҚМУ,  Е.А.Бөкетаев  атындағы  Қарағанды  мемлекеттік 

университеті  (Қарағанды  қ.),  Сырдария  университеті  (Жетісай  қ.), 

Назарбаев университеті  және Назарбаев зияткерлік мектептерімен ғылыми 

байланыс орнатқан. 



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

10 

 

Мамандандырылған аккредитация стандартарына сәйкестігі   



СТАНДАРТ 1 - БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТТАРЫ 

 

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  білім  беру  бағдарламасының    мақсаттары  Оңтүстік  Қазақстан 

мемлекеттік  педагогикалық  институты  миссиясы,  мақсаттары  мен 

міндеттеріне сәйкес іске асырылады. 

Институт  миссиясы  ұлттық  жоғары  білім  мен  жоғары  білім  беру 

жүйесіндегі  жоғары  оқу  орнының  қызметтері  мен  міндеттерінен  және 

Оңтүстік  Қазақстан  аймағы  экономикасының  қалыптасқан  кластерінің 

ерекше  инфрақұрылымын  дамыту  болашағын  талдаудан  алына  отырып 

анықталады.  Филология  жоғары  мектебінің  мақсаты  -  оңтүстік  өңірде 

филология,  мәдени  және  әлеуметтік  салаларда  заманауи  білім  беру 

стандарттарына сай келетін жоғары кәсіби мамандарды даярлауда алдыңғы 

қатарлы оқыту-ғылыми-зерттеу орталығы болу.  

Шығарушы  кафедраның  мақсаты  филология  және  әлеуметтік 

бағыттар бойынша бәсекелестікке қабілетті, білім беру, мәдени ұйымдарда 

және  басқа  салаларда  кәсіби  қызмет  етуге  дайын  мамандарды  даярлауға 

бағытталған.  

Аталмыш бағдарлама бакалаврларға  әлемдік және ұлттық құндылық 

негіздерін  игертеді,  мораль,  адамгершілік  пен  гуманизация,  жоғары 

азаматтық  жауапкершілігінің  қалыптасуына  ықпал  етеді  және  қарым-

қатынас шеңберінде кәсіби қызметінің мазмұнын толыққанды меңгеруіне, 

мәдени  танымының  қалыптасуы  мен  сапалы  кәсіптік  білім  беруіне 

мүмкіндік жасайды.   

Білім  беру  бағдарламасының  мақсаттары  ашық,  айқын,  білім  беру 

жүйесінің  барлық  бағыттарын  қамтиды.  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  Қаулысымен  бекітілген 

МЖМБС-қа  сай.  Білім  беру  бағдарламасының  негізгі  мақсаты  -  аталған 

стандарт  талаптарының  орындалуын  қамтамасыз  ету  және  тұтынушылар 

талаптарын  қанағаттандырады.  Мақсаттарға  қол  жеткізудің  тиімді 

механизмдері бар және үнемі толықтырулармен өңделіп отырады.  

Білім  бағдарламасының  жалпы  міндеттері:  бәсекеге  қабілетті 

мамандарды  дайындаудың  көпдеңгейлі  жүйесін  ары  қарай  дамыту  және 

жоғары  сатыға  көтеру;  ОПҚ-ның  кәсіби  біліктілігін,  олардың  жаңа 

технологиядарды  меңгеру  деңгейіне  үйлесімді  шарттарды  арттыру; 

магистранттардың  әлемдік  ақпараттық  қорларды  кеңінен  қолдана  алу 

мүмкіндігін  дамыту;  оқу  үдерісін  әдістемелік-инновациялық  тұрғыдан 

қамтамасыз  ету;  студенттердің  ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  нәтижелі 

болуына,  іс-тәжірибе  қажеттіліктің  барлығын  мейлінше  дамыту;  өңірдегі 

оқу  орындарын  білікті,  бәсекеге  қабілетті  мамандармен  қамтамасыз  ету; 

қалалық,  облыстық  білім  ордаларымен  байланыс  жүйесін  құру; 



       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

11 

 

мамандарды  еңбек  шартының  талаптарына  сай,  мақсатты  дайындау 



арқылы  еңбекпен  қамтамасыз  ету;  міндетті  пәндермен  қатар  элективті 

пәндерді  оқу  жоспарына  енгізу  арқылы  білім  беру  бағдарламасының 

сапасын арттыру. 

Аталған 


бағдарлама 

аясында 


тіл 

мен 


әдебиеттің 

жаңа 


парадигмаларын  дамытатын,  Қазақстанның  ғылым  және  білім  беру 

орталықтарында  заманауи  зерттеулер  жүргізуге  ықпал  ететін,  сонымен 

бірге  өз  жұмыс  нәтижесі  үшін  қоғам  мен  мемлекет  алдында 

жауапкершілігін  терең  түсінетін      мамандандырылған  мамандар  даярлау 

жоспарланған. 

Айғақтар: 

Кафедраның  даму  стратегиясы,  мақсат-міндеті,  қызметі  мәселелері 

көрсетілген  мамандық  шығарушы  кафедраның  2012-2016  жылдарға 

арналған стратегиялық  жоспары  (21 тамыз 2012 жылы бекітілген) бар. 

Білім беру бағдарламасы мақсаттарын бағалау  және таңдау пәндерін 

толықтыру  үшін  ОПҚ,  қызметкерлер  мен  білімгерлер,  жұмыс  берушілер 

мен басқа мүдделі тұлғалар арасында сауалнамалар жүргізу арқылы  білім 

беру сапасы жандандырылып отырады.  

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» ББ-на қатысты ақпараттар ЖОО-ның веб-сайтында қолжетімді. 

ПОҚ  және    білім  алушылармен  сұхбат  барысында  олардың 

мамандандырылған  аккредитацияның  мақсат-міндеттерімен  жақсы  таныс 

екендіктері айқындалды.  

Білім  алушылармен  сұхбат  барысында  олардың  эдвайзердің 

көмегімен  мамандықтың  типтік  оқу  жоспары  мен    элективті  пәндер 

каталогы  негізінде  өзінің  білім  алу  траекториясын  анықтап,  жеке  оқу 

жоспарын  (ЖОЖ)  құратындықтары  айқындалды.  Ақпараттық  жүйедегі 

силлабустардың электрондық нұсқасынан студент пәннің пререквизиті мен 

постреквизитін  көре  алады,  бұл    білім  алу  траекториясын  дұрыс  құруға 

негіз болады және пәнді жүргізетін оқытушыны таңдай алады.  

         Іс-тәжірибе  базаларымен    педагогикалық-  іскерлік  жақсы  қарым-

қатынас орнаған. 



Ұтымды жақтары:  

Білім  беру  бағдарламасының  мақсаттары  ашық,  айқын,  білім  беру 

жүйесінің  барлық  бағыттарын  қамтиды.  Білім  беру  бағдарламасының 

мақсаттары 

тұтынушылар 

талаптарын 

қанағаттандырады, 

қоғам, 


экономика,  еңбек  нарығы  қажеттілігін  өтеу  міндеттерін  қамтиды.  

Мақсаттарға  қол  жеткізудің  тиімді  механизмдері  бар.  Білім  беру 

бағдарламасы  бойынша  мамандарды  даярлауда  ұлттық  және  аймақтық 

мүдделер ескерілген.  

Білім  беру  бағдарламасының  айқындығы  мен  дамуы  қоғам, 

экономика,  еңбек  нарығы  сұраныстарына  сәйкес.  Білім  беру 

бағдарламасының  стратегиялық  менеджменті  бакалавриаттық  білім  беру 


       

                  Отчет по внешнему аудиту НКАОКО-IQAA 

12 

 

бағдарламасының  іске  асырылуын  толық  қамтиды,  тиімді,  тұрақты 



болуына бағытталған.  

Білім  беру  бағдарламасы  нормативтік  құжаттар  негізінде  жүйелі 

түрде  ҚР  МЖМБС,  типтік  оқу  жоспары,  жұмыс  оқу  жоспары,  оқу 

бағдарламасы, жұмыс оқу бағдарламасы, силлабус арқылы іске асырылуы.  

Мамандықты  даярлаушы  ПОҚ-тың  жоғары  ғылыми-әдістемелік 

деңгейі,  материалдық-техникалық  база,  кітапхана  қоры  мен  ақпараттық 

қор маман дайындауға толықтай мүмкіндік береді.  

Мемлекеттік  педагогикалық  институт  болғандықтан  арнайы 

гранттың  бөлінуінен  Білім  беру  бағдарламасы  бойынша  студенттер  

қабылдау  тұрақталған.  ББ  түлектерінің  сұранысқа  ие  болуы  және 

мамандықтың  жоғары кадрлық құрамы талапкерлердің келуін қамтамасыз 

етеді.   



Ұсыныс: 

«5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен 

әдебиеті»  білім беру бағдарламасын «Тіл білімі»  және «Қазақ және әлем 

әдебиеті»  кафедраларының  ОПҚ    жүзеге  асырады.  «Қазақ  және  әлем 

әдебиеті»  - шығарушы кафедра. Екі мамандыққа (5В01700-Қазақ тілі мен 

әдебиеті»,  «5В012100-Қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі 

мен әдебиеті» ) қызмет ететін  ОПҚ-ның құрамы және ғылыми әлуеті жеке 

кафедра құруға толық мүмкіндік береді.  



Каталог: images -> otchety -> Specialized Accreditation -> 2015 rus
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa сарапшылар тобының ҚҰрамы
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa 3 Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa
Specialized Accreditation -> Білім сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі- iqaa
Specialized Accreditation -> Состав внешней экспертной группы
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa
2015 rus -> Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa 3 Отчет по внешнему аудиту нкаоко-iqaa

жүктеу 0.5 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет