Отбасын жоспарлау



жүктеу 340.02 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата24.02.2017
өлшемі340.02 Kb.
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

ПРОБЛЕМАЛАРЫ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

АКУШЕРИЯ, ГИНЕКОЛОГИЯ ЖӘНЕ 

ПЕРИНАТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМИ ОРТАЛЫҒЫ

ӘЙЕЛДЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҒЫ.

ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАУ.

(Әдістемелік ұсынымдар)

Алматы 2014

Авторлары: 

м.ғ.д., профессор Т.К.Кудайбергенов, м.ғ.д., профессор Ж.Е.Баттакова, 

м.ғ.д., профессор Т.С.Хайдарова, Х.М.Бикташева, Р.К.Валиев, А.Н.Рыбина

Пікір жазғандар:

м.ғ.д. Ж.У.Султанова

м.ғ.к. А.Р.Аимбетова

Бұл  әдістемелік  ұсынымдар  денсаулық  сақтау  саласының  бастапқы  буын 

қызметкерлеріне ˗ жалпы тәжірибе дәрігерлеріне, отбасылық дәрігерлерге, орта 

буын  медицина  қызметкерлеріне,  әлеуметтік  қызметкерлер,  психологтар  және 

ынталы топтарға арналған. Ұсынымның мақсаты алғашқы буын мамандарының 

жоғарыда аталған топтарын әйелдердің репродуктивті денсаулығы ауруларының 

профилактикасы және отбасын жоспарлау үшін белсенді практикалық құралмен 

қамтамасыз ету болып табылады.

Әдістемелік ұсынымдар Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми 

орталығы  (2014  жылғы  «29»  қаңтардағы  №1  хаттамасының  шешімімен)  мен 

Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  проблемалары  ұлттық  орталығының 

Ғылыми  кеңестерінің  отырысында  қаралып  (2014  жылғы  «10»  ақпандағы  №1 

хаттамасының шешімімен) мақұлданды. 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Сараптау   Кеңесінің 

2014 жылғы 10 маусымдағы №4 шешімімен бекітілген. 


3

Қысқартылған сөздер тізімі:

ҚЖА       –     Қанайналым жүйесінің аурулары 

АИТВ       –     адамның иммун тапшылығы вирусы

БМСК       –     біріншілік медико-санитарлық көмек 

ДҰҰ       –     Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 

ЕХС       –     ерікті хирургиялық стерилизация 

ЖДО       –     жастар денсаулық орталығы 

ЖДТ       –     жалпы дәрігерлік тәжірибе

ЖИА      –     жүректің ишемиялық ауруы

ЖИТС       –     жүре пайда болатын иммундық тапшылық синдромы

ЖЖЖА     –     жыныстық жолмен жұғатын аурулар 

ЖЖЖИ     –     жыныстық жолмен жұғатын инфекциялар

ЖҚБ       –     жеке бас қаупін бағалау 

ЖІС       –     жатырішілік спираль

ИЕА       –     жұқпалы емес аурулар

ҚД  


    –     қантты диабет

ЛАӘ       –     лактациялық аменорея әдісі

ОМҚ       –     орта медициналық қызметкерлер

СӨС       –     салауатты өмір салты

ПК  

    –     профилактикалық консультация 



4

Мазмұны: 

Кіріспе .......................................................................................................................... 5

Негізгі бөлім ................................................................................................................ 6

1 Мәселе 

өзектілігі.

 Репродуктивтік денсаулық медициналық аспектілері. ......... 6

2 Әйелдің репродуктивтік денсаулығы мен гинекологиялық аурулар .................. 7

3 Репродуктивтік денсаулық бұзылысының кешенді профилактикасына 

біріншілік, екіншілік, үшіншілік профилактика кіреді ........................................... 7

4 Жеке бас гигиенасын сақтау ................................................................................ 17

Қорытынды ................................................................................................................ 33

Қолданылған әдебиеттер көзі .................................................................................. 34



5

Кіріспе

Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау  ұйымы  (ДДСҰ)  денсаулықты  аурудың  және 

физикалық  ақаудың  болмағандығымен  ғана  емес,  рухани,  физикалық    және 

әлеуметтік игіліктің күйіне байланысты анықтайды. «Денсаулық»  ұғымы- бірнеше 

шартты  болып  табылады  және  объективті  антропометриялық,  физиологиялық 

және биохимиялық  фактор, климаттық және географиялық шарттардың есебімен, 

жыныстық және  жас ерекшелігі көрсеткішіне қарай анықталады.

«Денсаулық»  ұғымында    репродуктивті  денсаулық  маңызды  болып  табыла-

ды.  Репродуктивті  денсаулықтың  астарында  халықтың  қоныстануы  және  да-

муы  мәселесін  қарастыратын  халықаралық  конференция    бағдарламасының 

ұсыныстарына сәйкес (Кайыр, 1994), репродуктивті жүйенің  ауруға шалдығуы, 

оның  атқаратын  қызметі  үдерісінің    бұзылуымен  ғана  емес,  толық  физикалық 

және әлеуметтік игіліктің күйімен байланысты қарастырылады. «Репродуктивті 

денсаулық» деген ұғым  қанағаттану және қауіпсіз жыныстық қатынас мүмкіндігін 

және қалаған кезде жүкті бола алу қабілетін білдіреді. Бұл ерлер мен әйелдердің 

қауіпсіз,  эффективті,  қолжетімді,  бағасы  да,  тиімділігі  жағынан  да  отбасын 

жоспарлаудың  тиімді  жолдарын,  заңға  қайшы  келмейтіндей  баланың  туылуын 

реттейтін  хабарларды  білуін  қамтамасыз  етеді.  Бұл  сонымен  қатар,  лайықты 

медициналық қызметті пайдалану құқығын, қауіпсіз жүктілік пен босану, дені сау 

ұрпақ әкелу мүмкіндіктерін пайдалануды білдіреді.

Репродуктивті денсаулық жыныстық қатынас саулығын, яғни ләззат ала отырып, 

адамның  толық  қанағаттану  мүмкіндігін  білдіреді,  репродуктивті  денсаулықты 

сақтау-  жекелеген  адам  немесе  отбасының  репродуктивті  денсаулығына  байла-

нысты  қолдау  көрсету,  алдын  алу  және  мәселелерді  шешуге  байланысты  әдіс- 

тәсілдер, медициналық қызметтер.

Нарықтық  өзгерістер  азаматтардың  тұрмысының  күрт  өзгеруіне, 

демографияның  төмендеуіне  және  денсаулықтың  нашарлауына  алып  келді. 

Репродуктивті  денсаулықтың  нашарлауының  салдарынан  Респулика  халық 

санының азаюын сезінді.

Репродуктивті  денсаулық  ˗  мемлекеттің    демографиялық  игілігін 

қамтамасыз  етеді.  Демографиялық  жағдайдың  қалыпты  болуы  өз  кезегінде 

әлеуметтік-  саяси  жағдайдың  үнемі  жақсаруын  қамтамасыз  етеді,  бұл  қоғам 

алдындағы стратегиялық мақсат болып табылады. Репродуктивті денсаулықтың 

қанағаттанарлықсыз  жағдайда    болуы,  демографиялық  үдерістің  нашарла-

уы,  әлеуметтік-  экономикалық,  экологиялық  проблемалардың  шешілмеуі, 

әлеуметтік –психологиялық  күйдің төмендігі, жақсы өзгерістердің болатынына 

деген сенімсіздік бала туылуының төмендеуіне алып келді. Көптеген отбасылық 

жұптар бір баламен немесе ұрпақсыз қалып отыр. Қазіргі жағдайда балаға деген 

қажеттілік, ана немесе әке болу қажеттілігі  басқа қажеттіліктермен қатарласып 

тұр.


6

Негізгі бөлім

1.Мәселенің  өзектілігі.  Репродуктивті    денсаулықтың  медициналық 



аспектілері

Экстрагенитальды    ауруға  шалдығу  және  әйелдің  репродуктивное 

денсаулығы.  Әйелдің  репродуктивті  денсаулығы  оның  жалпы  денсаулығының 

жағдайына  байланысты,  яғни  репродуктивті  жүйеге  емес,  экстрогенитальды 

ауруға шалдығулармен:  қан- тамыр ауруларына, ісік, т. б. ауруларға байланысты. 

Осы  ауруларға  шалдыққандар  жиілігі  экономикасы  дамыған  елдерге  қарағанда 

әлдеқайда көп. Соматиялық денсаулықтың күйі жүктілікке әсер етеді, ал жүктілік 

экстрагенитальды ауруларды күрделендіреді.



Әдістемелік  ұсыныстың  мақсаты:  Аталған  ұсыныстың  мақсаты  ПМСП 

медициналық жұмыскерін нақты әдістемелік көмекпен қамтамасыз ету, аурудың 

алдын  алу  әрекеттерінің  алгоритмдері  арқылы    ерлер  арасында  репродуктивті 

денсаулықтың    жекелеген  факторларын  анықтау  отырып,    Қазақстандағы  

денсаулық сақтау көрсеткішін жоғарылату.

Әйел  денсаулығы  ана  жатырында  жатқан  кездегі  жағдайымен,  нәресте 

кезеңімен, балалық шақ және жасөспірім шағындағы күйімен байланысты екенін 

есте сақтау керек. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, тек 6 пайыз ғана нәресте 

өмірге  дені  сау  болып  келедіекен.  Қыз  бала  репродуктивті  кезеңге  өткен  кездің 

өзінде бірқатар ауруларының бар екені анықталады. Келер ұрпақтың денсаулығын 

ана денсаулығымен, оның бала денсаулығына әсеріне байланысты қарау керек.

Жүктікке дейінгі денсаулық жағдайы мен жүктілік кезеңіндегі  ауыр жағдайлар 

күрделі босанулар мен оперативті емдеулерге алып келеді. Қалыпты босану орта 

есеппен  31  пайыз  ғана,  кейбір  өңірлерде  тіпті  14  пайызды  құрайды.    Сонымен 

қатар,  босану  кезінде  және  босанғаннан  кейін  қан  кетулер  жиілеп  отыр.  Әйел 

денсаулығының нашарлауымен қатар медициналық қызмет сапасының төмендігі 

көрінеді,  медицаналық  мекемелерде    қажетті  дәрі-  дәрмектердің  жетіспеушілігі, 

жабдықтардың  болмауы  орын  алып  отыр.  Яғни  көптеген  стационарлардың 

медициналық жедел жәрдем көрсетуге қауқарсыз екенін көрсетеді. Соңғы кезде 

босанудан кейінгі  күрделі жағдайлар көбейіп отыр. Бұл босанғанға дейінгі сала-

уатты өмір салтына байланысты санитарлық- гигиеналық жағдайларды сақтамау, 

жыныстық қатынас арқылы жұғатын аурулардың салдарынан болып отыр.

Репродуктивті  денсаулықтың  маңызды  көрсеткіші  жүктілікті  аяғына  дейін 

сақтамау  болып  отыр.  Бұл  көп  жағдайда  жүктілікті  жасанды  тоқтату  салда-

рынан  орын  алып  отырған,  көптеген  онжылдықтарға  созылған  өзекті  мәселе. 

Жүктіліктің аяғына дейін сақталмаудың негізгі себептерінің бірі- ерте жыныстық 

қатынасқа  түсу,  бұл  14-17  жасты  құрайды.  Жүктіліктің  жасанды  тоқтатылуы 

бала  тууға  қабілетті  жасқа  қарағанда  дәл  осы  ерте  жаста  жыныстық  қатынасқа 

түскендер арасында 2,5 есе жиі кездеседі. Жүктіліктің аяғына дейін сақталмауы 

соңғы  онжылдықта  экологиялық  және  әлеуметтік-  экономикалық  жағдайлардың 

төмендеуімен де тікелей байланысты. Маңызды себептерінің ішінде әлеуметтік- 


7

экономикалық жағдайлардың да әсері бар. Аяқ астынан жүктіліктің  үзілуі немесе 

ерте  босанып қою,  әсіресе, дұрыс тамақтанбайтын, ауыр жұмыс істейтін әйелдер 

арасында,  заңды  тіркелмеген  некелерде,  әлеуметтік-  тұрмыстық  мәселелері 

шешілмеген отбасыларда жиі кездеседі.

2 Әйелдің репродуктивті денсаулығы және гинекологиялық аурулар  

Әйелдердің  гинекологиялық  ауруларының  көбеюі  алаңдатып  отыр.  Әйелдің 

репродуктивті денсаулығына байланысты мәселелердің бірі жыныс жолдарының 

қабынуларға  қатысты.  Бұл  аурулардың  жиілігі  жоғары.  Тіпті  14-17  жастағы 

қыздардың 10 арасында жыныс жолдарының қабынуы кездеседі. Бұл аурулардың 

көбеюі,  ең  алдымен,  жыныстық  қатынастар  арқылы  жұқпалы  ауруларға  байла-

нысты.  Жыныс  жолдарының  қабынуы  репродуктивті  денсаулыққа,  яғни  жатыр-

дан тыс жүктілік, бедеулік, етеккір циклінің бұзылуы, ісіктердің пайда болуына 

әкеледі.

Әйелдердің арасындағы бедеулік. Репродуктивті  денсаулық күйінің маңызды 

көрсеткіші бедеулік – бала көтеруге қабілетсіздік болып табылады. Бедеуліктің 80 

пайызы әйелдердің жасанды түсік жасату салдарынан болып табылады. Бедеулік 

–  ерлі-  зайыптылардың  патологиясы  болып  табылады.  Отандық  және  шетел 

ғалымдарының  мәліметіне  қарағанда,  дамыған  елдердегі  бедеуліктің  жиілігі  10-

15-тен 18-20-ге дейін  жетеді. 



Жасанды түсік әйелдің репродуктивті денсаулығына әсер ететін фактор 

ретінде. Әйел денсаулығы мен өлімінің негізгі факторы жасанды түсіктің көптігі 

болып саналады, Беларусияда әлі де бала туылуын реттейтін тәсіл болып отыр. 

Жасанды  түсік  операция  кезінде  де,  одан  кейін  де  көптеген  қиындықтар  туды-

рады. Жасанды түсік жыныс жолдарының қабынуына, жүктіліктің аяғына дейін 

жетпеуіне, бедеулікке алып келеді. Соңғы жылдары жасанды түсік айтарлықтай 

азайды.  Алайда  оның  деңгейі  әлі  де  жоғары  және  әйелдің  репродуктивті 

денсаулығына тигізетін әсері көп болып отыр.

Әйел денсаулығының бұзылу факторлары (әсері және алдын алу). Қазақстан 

Респуликасы “Халық денсаулығы туралы және денсаулық сақтау жүйесі” Кодексіне 

ауруды болдырмау және алдын алу, аурудың асқынуын ескертуге байланысты.

3 Әйелдің репродуктивті денсаулығын кешенді алдын алу бірінші, екінші, 

үшіншілік алдын алуды қамтиды

Алғашқы  алдын  алу  түсінігінің  астарында-  ауруға  шалдығудың  алдын  алу 

және - қоршаған ортаның әсерін  жою жолымен немесе нейтрализацялау арқылы 

салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру.  Әйелдің  репродуктивті  жүйесі  және  әйел 

бедеулігінің алдын алуды ерлердің жыныс жолдары ауруларына қоршаған ортаның 

әсері  және  адамның  жеке  өмір  сүру  салтына  байланысты  қарастыру  керек.  Бұл 

ретте профилактикалық іс-шараның жүйесі адамның бүкіл өмірін қамтуы керек.

Әйелдің  репродуктивтіжүйесі  ауру-сырқауының  алдын  алудың  ең  тиімді 

жолы  адам  денсаулығына  қоршаған  ортаның  әсері  және  салауатты  өмір  салтын 


8

сақтауына  байланысты  бағыт  болып  табылады.  Мұнда  амбулаторлық- 

поликникалық  ұйымдардың,  яғни  отбасылық  денсаулық  орталықтары 

(учаскелік терапевттер, учаскелік педиатрлар), алдын алу бөлімдері, әлеуметтік- 

психологиялық көмектердің рөлі күшті.

Сонымен қатар, эндогенді және экзогенді факторларды “Басқаруға болатын ” 

және “Басқаруға болмайтын” деп бөлуге болады. Алғашқы алдын алуға жауапты 

болып мемлекеттік деңгейде, яғни АМСК қызметкерлері, (отбасылық денсаулық 

орталықтары,салауатты өмір салты кабинеттері,әлеуметтік- психологиялық көмек 

бөлімдері) болып табылады.

Бұл  алдын  алудың  арнайы  әдіс-  тәсілдері  бар  (сұрақтар  қою,  тексерулер, 

биохимиялық анализдер, УДЗ, эндоскопиялық, рентгонологиялық, т.б. тәсілдер). 

Екіншілік алдын алуда БСК, онкологиялық аурулар, СД ауруларын ерте анықтауға 

бағытталған скрингтік тексерулер өткізу маңызды.

ҚР ұлттық скрингтік бағдарлама 2008 жылдан бері бар. 2013 жыдан бастап 

ісіктер,  кеуде  обыры,  жатыр  мойны  ісігі  ауруларының  алдын  бағдарламасын 

кеңінен қарастыру қаралған.

Екіншілік  алдын  алу-  (Скрининг-  бұл  бедеулікті  алғашқы  стадиясында 

анықтау және емдеу) бұл бір жылдан астам некеде болып, бедеулік мәселелерімен 

бала  сүйе  алмаған,  нәтижесінде  репродуктивті  орталықтардан  көмек  сұраған 

әйелдерге жүргізіледі.



Үшіншілік алдын алу- науқастың ауруын емдеу және күрделі кезеңдерін бол-

дырмау.  Үшіншілік  алдын  алу  кезінде  АМСК  қызметкерлеріне  теріс  ықпалды 

факторлардың әсерін азайту үшін өзіне- өзі көмектесу, өзін- өзі бақылау, дәрігер 

ұсыныстарын  ұқыпты  тыңдауды  күшейту  үшін  репродуктивті  денсаулық 

мектептерін өткізу маңызды.

Алдын алудың топтары

Әйелдің репродуктивті денсаулығы Мектептерінің мақсатты топтары :

Денсаулық Мектептерінде оқытуға контингент сұрыптау. Учаскелік және жал-

пы тәжірибе дәрігерлерінің скринингтік тексеру нәтижелері бойынша өткізеді:

• 

диспансер тобы IБ (бұдан әрі - Д- IБ) - «шекаралық» күйлермен, қадағалау 



және  профилактикалық  қабаттасушылықта  (ағзаның  функционалды  қызметіне 

ісер етпейтін АД нормасынан аздаған ауытқу);

• 

диспансер тобы  II (бұдан әрі - Д- II) іс жүзінде аман, соңғы бірнеше жыл-



да - өткір және созылмалы ауруға шалдықандар;

• 

диспансер топқа III (бұдан әрі - Д- III) емделуді қажет ететін тұлғалар.



Репродуктивті    жүйесінде  ауытқуы  бар    немесе  бедеулікке    мәселелері  бар 

отбасылық жұптарды арнайы репродукдивті медицина-  бар әйелдердің, репро-

дуктивной    медицинанылық  орталықтарға,  ана  және  бала  институтына  жіберу 

керек.


Алдын  алу  бағдарламаларына  темекі  шегу,  ішімдікке  салыну,  дұрыс 

тамақтанбау,  артық  салмақ  қосу,  әлеуметтік-  психологиялық  көмекке  зәру 



9

әйелдердің    отбасылық  денсаулық  орталықтарына  тартылуына  айрықша  мән 

беру керек. Оның жүзеге асуында бедеуліктің алдын алу ғана емес,  созылмалы  

жұқпалы емес ауруларды да қамтиды.



АМСК  маманы  жұмысының  ерлердің  репродуктивті  жүйесінің  ауры 

дамуының алдын алу моделі. Алдын алу науқастық тек арнайы келгенде ғана емес,  

басқа себептермен келген кезде де (анықтама алу, вакцинацияның, диспансерлік 

қабылдау және т.д.).

Мінез-құлық факторының алдын алуы төрт кезеңнен құралады: Науқастың  

(ОИР)  1)  емделушінің  сұрақа  жауабы,  -  салмақ,  бой,  артериялық  қысымның, 

есептің Кетле өлшемі бойынша көкөніс және жемістердің көлемнің қолданысы 

арқылы  жеке  қауіпті  анықтау.  Дұрыс  тамақтанбау  өзгерісі  дағдысының  бары 

анықталады. Ұзақтығы - 10 минутқа дейін; 

2)  Әңгіме  немесе  ақыл-  кеңес(Б/С),  нешінші  шараларды  ша  емделушінің 

тәртібінің  өзгерісіне  в  жақты  поведенческих  фактордың  төмендет-,  тәртіптің 

көтермелеуінің  при  болмағандық  тәуекелдің  поведенческих  факторларының 

ішіне алады. Кезеңнің длительность - 3 минутқа дейін;

3) профилактикалық кеңес(ПК) толық ұсыныстарды ша тәртіптің өзгерісінің 

ішіне алады, сауығудың жеке бағдарламасының зерттемесімен. Кеңестің длитель-

ность - 5-10 минут.

денсаулықтың(ШЗ)  бір  жұмық  маман  және  отбасылық  денсаулықтың 

орталығының  мамандарымен  жасайтын  4)  мектебі  бойынша  жалғау 

қабаттасушылықтың келесі келудің күнісі мониторинг және қабаттасушылықтың 

мардымдылығының сарапшылығы үшін бекиді. 

Профилактикалық  қабаттасушылықтың  бағдарламасы  ара  қашықтықпен 

біріншінің және екінің арасында топтамалармен - 2 ай қабаттасушылықтың үш 

топтамасынан деген құралады, екінің және үштің арасында - 4 ай болмағандық 

тәуекелдің  және  созылмалы  ауруға  шалдығудың  факторларының  келесі  келу 

кейін бірінші топтаманың арқылы 1 жылды ұсынылады.

Темекі шегудің алдын алуы. ДДСҰ деректеріне қарағанда, әлемде халықтың 

15  жастан  бастап  үштен  бір  бөлігі  темекі  шегеді.  Қазақстанда  ша  деректер-

лер  НЦПФЗОЖ  есебі  бойынша  халықтың  27%  темекі  шегеді.  Балалар  және 

жасөспірімдер  жасөспірім  кезіңінен  бастап  темекі  шегу  бастайды,  11-12  жаста 

-  12,7%  темекі  шегеді.  Темекі  шегу  салдарынан  20-  дан  астам  ауру  түрлеріне  

шалдығып, мезгілсіз өлімге алып келеді. Әйелдің темекі шегуі ұрықтың имплан-

тациясы үдерісін қиындатады. Темекі      шегетін әйелдің  жүктілігі шекпейтін 

әйелге қарағанда ауыр жағдайда өтеді.



Тіркеу  орнының  мақсаты  -    медициналық  көмекке  келген  темекі  шегетін 

әйелдерге  (өміріне  қауіп  төніп  тұрған  жағдайда  басқа)  темекіден  бас  тартуға 

кеңес береді.

Дәрігер бақылауына дейінгі кабинеттің мақсаты - науқасқа әр келген кез-

де қысқаша темекі шегудің зияны туралы, темекіден бас тарту туралы, темекіге 

тәуелділіктен  құтылуға  байланысты  медициналық  көмек  ала  алатыны  туралы 


10

хабардар ету.



Дәрігердің мақсаты:

1) Сұрақ қоя отырып анықтау (Сіз  темекі шегесіз бе?);

2)  Темекі  шекудің  кезеңін  айқындау-(Қанша  жылдан  бері  темекі  шегесіз? 

Күніне  неше  темекі  шегесіз?кезеңінің  ұйғарымі.  Үздіксіз  темекі  шегушінің  

өлшемі - күнделікті ме әлде кейде ме;

3) Фармакологиялық тәуелділікті анықтау(таңертең оянғаннан кейінгі бірінші 

темекіні шегу уақыты) 

4) Хорнаның сауалнамасы арқылы темекі шегу типін анықтау

Темекі шегетін ата- аналардың балалары қандай аурумен ауыратыны туралы 

хабардар ету

Тыныс алу жолдарынының ауруы 2 есе жоғары (тыныс алу жолдары мен брон-

хит ауруы темекі шегетін ата-анаға тікелей байланысты). Сонымен қатар:

- Балалардың  артериялық қысымы жоғарылайды 

-  Аллергиялылық  аурулар күшейеді;

- Өкпе обырының қаупі күшейеді;

- физикалық және ақыл- ес дамуы кешеуілдетеді



Терапевт  емес  дәрігерлердің  мақсаты:  науқасқа  әр  келген  кезде  қысқаша 

темекі шегудің зияны туралы, темекіден бас тарту туралы, темекіге тәуелділіктен 

құтылуға байланысты медициналық көмек ала алатыны туралы хабардар ету.

Темекі шегу

F.17.2 Темекіге тәуелділік

Z72.0 Темекі шегу

Темекі шегудің алдын алу:

1)  Жеке қауіпті анықтау

2)  Темекіге тәуелділік деңгейін бағалау

а.Темекі шегу  жылы

б.Бір күнде шегетін темекі саны

в.Таңертең оянғаннан кейінгі темекі шегу уақыты

г. Темекіден бас тарту тәжірибесі

3) Темекіден бас тартудың алдын алу іс- шаралары:

1. Темекіден бас тартуға байланысты әңгіме

2. Психологиялық қолдау көрсету, диотерапия, физикалық белсенділікке бай-

ланысты     кеңестер беру

3. Темекіден бас тартуға байланысты топтық жұмыстар (Денсаулық мектебі) 

Алкогольдің әдеттен тыс қолданысының алдын алу. Алкогольдік ішімдікке 

салыну  халықтың  денсаулығына  ғана  емес,  қоғамға  да  өз  зиянын  айтарлықтай 

тигізіп отыр. Алкоголь - аурулар мен өлімнің негізгі себептерінің бірі, 6% пайыз 

өлім алкогкольдің еншісінде. НЦПФЗОЖ есебіне қарағанда, Қазақстан халқының 

35,6%  алкогольдік  сусынды  айына  бір  рет,  соның  ішінде  балалар  9,4%%, 

жасөспірімдер  21,3%,  жастар  (18-29  жас)  шамамен  41,8%,  (2007ж.)  қолданады



11

екен.  Психикалық  ауытқулар  мен  аурулар  мен  психо-белсенді  заттарды 

қолдану 2010 жылы 100 000 адамға шаққанда 350,7 адамды құрайды. Психикалық 

аурулардың  81%  алкольді  ішімдікті  пайдалану  салдарынан.  Соның  ішінде 

жасөспірімдердің аталған ауруға шалдығуы 35% өсіп отыр. Алкогольге қатысты 

мәселелердің, әсіресе, әйелдердің, балалар мен жасөспірімдердің арасында өршуі 

алаңдатады. Алкоголь бедеуліктің себебі болып табылады, ағзаға түскеннен кейін 

жүмыртқа клеткаларын улап, бедеулікке алып келуі мүмкін немесе баланың па-

тологиямен  туылуы  мүмкін.  Алкогольді  шамадан  тыс  қолданатын  әйелдердің 

ішінде көптеген түсік тастау, ерте босану, баланың дамымай қалуы, т.б. кездеседі, 

дені сау баланы дүниеге әкеле алмайды. Спиртті ішімдікті үздіксіз қабылдау сек-

суальды  бұзылыстарға,  етеккір  циклінің  бұзылуына,  бала  көтере  алмау  сияқты 

қиындықтарға алып келеді.

АМСК дәрігерлері науқастарға төмендегі жайттарды ескертеді:

1.  Алкоголь туралы жалпы мәліметтер

2.  Қабылдаудың зиянсыз көлемі туралы

3.  Алкогольдің соматикалық, репродуктивті бұзылыстарға әкелетіні

4.  Зиянын төмендетуге болатыны туралы мәліметтер

5.  Тәуелділік пен қауіптің артуы

6.  Тәуелділіктің негізгі белгілері

7.  Барысы мен болжамдар

8.  Терапия түрлері: дәрі- дәрмектер (антидеприсанттар,) психотерапия


жүктеу 340.02 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет